Кеміргіштер, кемірушілер (лат. rodentia)



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кеміруші жануарлардың тіршілігі, мекен ортасы көбеюі олардың пайда.зиянды әрекеттері.
1.1 Организмді жұқпалы аурулардан қорғау және алдын алу шаралары.
1.2 Егеуқұйрыққа қарсы күрес жүргізу қай кезде тиімді?
1.3 Тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіре отырып табиғатты
қорғау.
Қолданылған әдебиеттер.
Кеміргіштер, кемірушілер (лат. Rodentia) – сүтқоректілер класының ең көп тараған отряды.
Қазір олардың дүние жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 2500-дей, ал Қазақстанда 15тұқымдастың(ұшарлар, тиінтәрізділер,құндыздар, жайралар, сазқұндыздары, қарақастар, жалмандар, тышқандар, жалғанқосаяқтар, қосаяқтар, алыпкөртышқандар,атжалмантәрізділер, бұзаубастар, құмтышқандар, қаптесерлер) 82 түрі кездеседі. Кеміргіштер республиканың барлық аймақтарында кең тараған, тек таудағы мәңгі мұз басқан жерлерде ғана кездеспейді. Осыған орай кеміргіштерде маусымдық түлеу қабілеті жақсы жетілген. Дене пішіні, тіршілігі алуан түрлі – 5 см-ден (кішкене қаптесер) 130 см-ге (теңіз доңызы) дейін, ал салмағы 6 г-нан (ергежейлі тышқан) 80 кг-ға (су шошқасы) жетеді. Тері жамылғысы жақсы жетілген, көпшілігінде үлпілдек, кейбіреулерінде тікен тәрізді инелерге (жайра) айналған. Алдыңғы аяқтары 5 не 4 башпайлы, артқысы 3 – 5 башпайлы. Басқа сүтқоректілерден ерекшелігі – екі жұп күрек тістері өте үлкен, қашау тәрізді, ұдайы өсіп, бір-бірімен (асты мен үсті) қайралып, өткірленіп отырады. Күрек тістерінің беткі қабаты қатты эмаль, ал қалған бөлімдері жұмсақтау дентин қабатымен қапталған. Көпшілігі жер үстінде, кейбіреулері жартылай суда (құндыз, ондатр, саз құндызы, су тышқаны), жер астында (алып көртышқан,соқыртышқан, т.б.) және ағаш діңінде (ұшар, тиін) тіршілік етеді. Өздері ін қазады, не басқа жануарлардың індерін пайдаланады, ұя да жасайды, кейде ағаш қуыстарын да баспана ретінде пайдалана береді. Көпшілігі жыл бойы белсенді, кейбір түрлері (сарышұнақтар) құрғақшылық жылдары жаз айларында да қысқа мерзімді ұйқыға, енді біреулері (суыр,сарышұнақ, қосаяқ, қарақас) қысқы ұйқыға кетеді. Өсімдік тектес азықпен қоректенеді, араларында жәндіктер және майда жануарларды қорек ететіндері де бар.
1. Бүркітбай Аяған. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы, 2006 ж.
2. Ә.С Бейсенова, К.Д Каймулдинова. Қазақстанның географиялық атласы «Глобус» Алматы, 2003 ж.
3. В.Н Вехова. Растения и животные, Москва «Мир» 1991 ж.
4. М.С Гиляров. Биологический энциклопедический словарь, Москва 1989 ж.
5. Биология және салауттылық негіздері, 2009 ж
6. Х. Қыдырбаев, А. Бекенов. Қазақстанның хайуанаттар әлемі, «Қазақстан» баспасы Алматы 2001 ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кеміруші жануарлардың тіршілігі, мекен ортасы көбеюі олардың пайда-зиянды әрекеттері.
1.1 Организмді жұқпалы аурулардан қорғау және алдын алу шаралары.
1.2 Егеуқұйрыққа қарсы күрес жүргізу қай кезде тиімді?
1.3 Тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіре отырып табиғатты
қорғау.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Кеміргіштер, кемірушілер (лат. Rodentia) - сүтқоректілер класының ең көп тараған отряды.
Қазір олардың дүние жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 2500-дей, ал Қазақстанда 15тұқымдастың(ұшарлар, тиінтәрізділер,құндыздар, жайралар, сазқұндыздары, қарақастар, жалмандар, тышқандар, жалғанқосаяқтар, қосаяқтар, алыпкөртышқандар,атжалмантәрізділер , бұзаубастар, құмтышқандар, қаптесерлер) 82 түрі кездеседі. Кеміргіштер республиканың барлық аймақтарында кең тараған, тек таудағы мәңгі мұз басқан жерлерде ғана кездеспейді. Осыған орай кеміргіштерде маусымдық түлеу қабілеті жақсы жетілген. Дене пішіні, тіршілігі алуан түрлі - 5 см-ден (кішкене қаптесер) 130 см-ге (теңіз доңызы) дейін, ал салмағы 6 г-нан (ергежейлі тышқан) 80 кг-ға (су шошқасы) жетеді. Тері жамылғысы жақсы жетілген, көпшілігінде үлпілдек, кейбіреулерінде тікен тәрізді инелерге (жайра) айналған. Алдыңғы аяқтары 5 не 4 башпайлы, артқысы 3 - 5 башпайлы. Басқа сүтқоректілерден ерекшелігі - екі жұп күрек тістері өте үлкен, қашау тәрізді, ұдайы өсіп, бір-бірімен (асты мен үсті) қайралып, өткірленіп отырады. Күрек тістерінің беткі қабаты қатты эмаль, ал қалған бөлімдері жұмсақтау дентин қабатымен қапталған. Көпшілігі жер үстінде, кейбіреулері жартылай суда (құндыз, ондатр, саз құндызы, су тышқаны), жер астында (алып көртышқан,соқыртышқан, т.б.) және ағаш діңінде (ұшар, тиін) тіршілік етеді. Өздері ін қазады, не басқа жануарлардың індерін пайдаланады, ұя да жасайды, кейде ағаш қуыстарын да баспана ретінде пайдалана береді. Көпшілігі жыл бойы белсенді, кейбір түрлері (сарышұнақтар) құрғақшылық жылдары жаз айларында да қысқа мерзімді ұйқыға, енді біреулері (суыр,сарышұнақ, қосаяқ, қарақас) қысқы ұйқыға кетеді. Өсімдік тектес азықпен қоректенеді, араларында жәндіктер және майда жануарларды қорек ететіндері де бар. Кейбір кеміргіштер қысқы азық қорын жинайды (борша тышқан, аламан тышқаны,атжалман, қарақас, тиін, т.б.). Кеміргіштердің биологиялық бір ерекшелігі -- жыныстық жағынан тез жетілетіндігі (майдалары 2 - 3 айда, ірілері 1 - 2 жылда), яғни жылына 3 - 4 рет көбейіп, бір өсімде 3 - 15 жас кеміргіштер туады. Қолайлы жылдары кеміргіштер саны өте жылдам өссе (10 - 100 есе), кей жылдары әр түрлі індеттерден жаппай қырылатын кездері де байқалады. Майда кеміргіштер 1,5 - 2 жыл, ірілері (суырлар, құндыз) 4 - 7 жыл тіршілік етеді. Кеміргіштердің табиғатта және адам өмірінде алатын орны өте үлкен. Көптеген түрлері ін қазып топырақ құнарлылығын арттыруға және өсімдік жамылғысын өзгертуге қатысады; шаруашылық мәні зор: тиін, ондатр, суыр, құндыз, т.б. жұмсақ терісі үшін көп ауланады; егістікке, жеміс ағаштарына, жайылымға, орман өсімдіктеріне, азық-түлік қорына көп зиян келтіреді; құмтышқан, суыр, сарышұнақ егеуқұйрықтар оба,туляремия, лейшманиоз, лептоспироз сияқты табиғи ошақты ауруларды айналаға таратады.
Қазақстанда кеміргіштердің 10 түрі (көк суыр, үнді жайрасы, жалман, бесбармақты ергежейлі қосаяқ, Гептнер ергежейлі қосаяғы, үшбармақты ергежейлі қосаяқ, бозтүсті ергежейлі қосаяқ, алып көртышқан, Роборовский атжалманы, сары алақоржын)Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Кеміруші жануарлардың тіршілігі, мекен ортасы көбеюі олардың пайда-зиянды әрекеттері
Қазақстанның қазіргі жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің - 172 аса түрлері бар. Орманды дала зонасында ақ тышқан, далалық жерлердегі тышқандар, саршұнақ, қосаяқтар мкендейді. Кемірушілер -- жертесерлер, дала тышқандары мен алақоржындары, эверсман саршұнақтары көбеюде. Бұл кемірушілер егіндікке көп зиянын тигізуде. Шөлейт зонада дала мен шөл зоналары аралас кездеседі. Орталық Қазақстанның аласа тауларында саны жағынан ерекше көп есептелетін жануарлар - кемірушілер. Шөл зонасының жануарлар дүниесі өзгеше. Олар жазғы қатты ыстық пен құрғақшылыққа өте төзімді. Олардың біразы қолайсыз мезгілдерде ұйқыға кетеді немесе көп жағдайда түнгі тіршілікке бейімделген.
Шығыс Қазақстан облысының шөл, дала, таулы аймақтарында кемірушілердің түрлері: дала тышқандары, саршұнақ, құмтышқандар, ондатр, аламандар, қосаяқ, тоқалтістер, егеуқұйрықтар т.б мекендейді.
Егеуқұйрық [Rattus] - кеміргіштер отряды қаптесерлер тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда 3 түрі: сұр егеуқұйрық, қара егеуқұйрық және түркістан егеуқұйрығы таралған. Сұр егеуқұйрық республикамыздың батыс, солтүстік шығыс аудандарында көбірек кездеседі. Соңғ, ы жылдары басқа облыстарға да тарай бастады. Сұр егеуқұйрықтың денесінің ұзындығы 15-20 см, құйрығы ұзын жіңішке ол сақина тәрізді қабыршақпен қапталған. Тұмсығы сүйір, денесін сұр қоңыр түсті жүн басқан. Егеуқұйрықтар тауда, өзен көл маңында, елді мекендерде, егістік төңірегінде кездеседі. Көбінесе, тұрғын үйлер мен қора-жайларда, азық-түлік қоймаларында тұрақты тіршілік етеді. Жыл бойы қоректенеді. Жемін түнге қарай іздейді.
Қорек талғамайды, етке әуес, көжек, құс, торай аулайды, өсімдік дәні мен қалдығын жейді.
Егеуқұйрықтар -- өте өсімтал. Олар жыныстық жағынан 2-3 айда толық жетіліп, жылына 2-3 реттен көбейе алады. Бау бақша ағаштарының, ауыл шарушылығы мен орман шаруашылығының зиянкестері. Адам мен үй малдарына аса қаіупті аурулар (оба, безгек, сүзек т.б) таратады, сондықтан олар мекендейтін үйлер мен астық қоймаларын мезгіл-мезгіл дератизациялап отыру керек.
Аламан тәрізділер - кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Бұл топқа дене тұрқы 40 см-ден аспайтын кеміргіштер жатады. Аламан тәрізділердің қазба қалдықтары Еуразияда олигоцен дәуірінен сақталған. Олар республикамыздың барлық аудандарына дерлік, далалы орманнан шөл, шөлейтті жерлеріне таулы алқаптар Тарбағатай өңірінде таралған.
Аламан тәрізділердің пішіні дембелше келген,ұршық тәрізді және мойын бөлімі жақсы жетілген. Артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда ұзындау, 5 башпайлы. Аламанның күрек тістері ақсиған (соқыртышқан), құлақ қалқандары, құйрықтары мен аяқтары қысқа, жер қазуға ыңғайлы болып келеді. Өте өсімтал, жылдың жылы маусымдарында тез көбейеді. Олар - ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылықтарының зиянкестері. Түрлі індеттер таратады.
Ондатр (ondatra zibethicus) - кеміргіштер отрядына жататын терісі бағалы аң. Дене тұрқы 35 см-дей, құйрығының ұзындығы 28 см, салмағы 1,5 кг. Құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Түгі қалың да тығыз, қою қоңыр кейде қара түсті. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына жіберілді.
Қазір республиканың барлық өзен-көлдерінде 350 мыңдай ондатра кездеседі. Соның ішінде Алакөл, Сасық көл, Үржар, Емел өзендерінде кездеседі. Қорек талғамайды, негізінен су өсімдіктерімен қоректенеді. Жылына 2-3 рет көбейіп, 25-30- ға дейін ұрпақ бере алады. Көктемде туған жас ондатралар шілде-тамыз айларында көбеюге қатыса береді. Олар туляремия және паратиф ауруларын таратушылар. Терісі үшін көп ауланады.
Құмтышқан - аламандар тұқымдасына жататын тышқандар туысы. Қазақстанның батыс, оңтүстік, шығыс аудандарындағы құмды шөлдерінде кең таралған. Сан мөлшері жыл ерекшелігіне, маусымға байланысты өзгеріп отырады. Құмтышқанның дене тұрқы 15-19 см, салмағы 138-160 гр. Арқа жүнінің түсі қызғылт сұр, бауыры- ақ. Құйрығының ұшында қара сұр шашағы болады. Тек құмды ортада тіршілік етуге бейімделген. Күрек тістерінің алдыңғы жағында 1-2 қатар сары жолағы болады. 60-қа жуық өсімдік түрлерімен, сондай-ақ жәндіктермен (көбею кезінде) қоректенеді.
Тереңдігі 45-75 см-ге дейін ін қазып, көбінесе түнде белсенді тіршілік етеді. Наурыздан қыркүйекке дейін 2-3 рет көбейіп, 25-30 күннен кейін 2-10 - ға дейін балалайды. Ерте көктемде туған тышқандар шілде-тамыз айларында толық жыныстық жағынан жетіледі, жаздың аяғында туғандары тек келесі көктемде ғана көбеюге қатынасады. Жаулары - түнгі жыртқыш құстар мен аңдар. Құмтышқан ағаш бұтағын зақымдап, жер қазып, топырақты кептіріп зиян келтіреді.
Адам үшін өте қауіпті. Құмтышқан денесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кемірушілердің түрлері
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Кеміргіштердің морфологиясы
Приматтар отряды – Primates
Қызылорда облысы жағдайында көлемі 65 га пияз егісінде кездесетін зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштердің биологиясы, таралуы, зияндылығы және олармен күресу шаралары
Кемірушілер
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы
Дератизациялық шаралар және родентицидтер
Пәндер