Ақпараттық технология



КІРІСПЕ
І DELPHI ОРТАСЫНДА ПРОГРАММАЛАУ
1.1 Delphi.дің негізгі терезелері
1.2 Программа кодының терезесі
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ ХАБАР АЛМАСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Компьютерлік желі ұғымы
2.2 Желіде қолданатын аттармен адрес принциптері
2.3 Желілік басып шығарғышты ортақтастыру
2.4 Чаттар, форумдар, ISQ
2.5 Дельфи тілінде локальді желілерде хабар алмасуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Ақпараттық технология – күшті дамып жатқан бағыттардың бірі. Бүгінгі күнде ғылым және техникалық прогресс нәтижелері адамзат үшін келешекте зерттеу облысында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл бағытта формализация мен байланысты және берілгендердің қойылуы интелектуалды жүйелердің еншісінде. Бұл үшін арнайы модельдер және берілгендерді сипаттау тілдері, әр түрлі типтегі берілгендерді ерекшелеу мәселелері өңделеді. Интелектуалды жүйелер бастапқы мәндері зерттеліп, берілгендерді ажырату және процедура, әдіс тәсілдер құрылады, олардың көмегімен интелектуалды жүйелерде берілгендердің келіп шығу мүмкіндіктері келіп туады. Берілгендердің қойылуының проблемалары интелектуалды жүйелерде тосын жағдайларда актуалды.
Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады және желі арқылы хабар алмасуды ұйымдастыру тақырыптың өзектілігін тудырады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Delphi жүйесінде желі арқылы хабар алмасуды ұйымдастыратын ақпараттық жүйесін құру.
Delphi – де жергілікті және клиент-серверлік берілгендерді жергілікті желіде басқаруға және оны ары қарай демеуге арналған құралдармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, кез келген берілгендермен жұмыс жасауға арналған қолданбалы программаларды құруға да мүмкіндік беруі.
Курстық жұмыстың міндеті. Жергілікті желіде хабар алмасуды ұйымдастыру, берілген мәліметтерді автоматты түрде басқару адресатқа жіберу.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек [1].
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 31 беттен тұрады.
1. Балапанов Е.К., Буребаев Р.М. Операционная система Windows ХР. Лабораторный практикум. Учебное пособие. – Алматы: ИНТ, 2005.
2. Бекишева А.И. Руководство по лабораторным работам Windows. Word. Учебное пособие. – Алматы, Бiлiм, 2000ж.
3. Валединский В.Д. Информатика. Словарь компьютерных терминов. М.: Аквариум, 1997ж.
4. Вендров А.М. CASE-технологии. Современные методы и средства проектирования информационных систем. -М.: Финансы и статистика, 1998. -176 с.
5. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. Работа в сети Internet. – Харьков: Фолио, М.: ООО «Издательство «АСТ», 2000г.
6. Гофман В.Э, Хомоненко А.Д. Delphi 5.- СПБ.: БХВ-Санкт-Петербург, 1999. - 800 с.
7. Гофман В.Э, Хомоненко А.Д.Работа с базами данных в Delphi.- СПБ.: БХВ-Санкт-Петербург, 2000.- 656 с.
8. Грабер М. Введение в SQL. - М.: "ЛОРИ",1996. - 340 с
9. Грошев С.В., Коцюбинский А.О., Комягин В.Б. Современный самоучитель профессиональной работы на компьютере: Практ. пособ. – М.: Триумф, 1998.г
10. Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. - Киев: Диалектика, 1998 г. - 784с.
11. Дж.Борман. Компьютерная энциклопедия для школьников и их родителей. Пер. с англ. – СПб: Питер, 1996г.
12. Дьяконов В.П. Компьютер в быту. – Смоленск: Русич, 1997г.
13. Евсеев Г.А., Пацюк С.Н., Симонович С.В. Вы купили компьютер: Полное руководство для начинающих в вопросах и ответах. – М.: АСТ-ПРЕСС: Инфорком-Пресс, 1999г.
14. Ермеков Н. И др. Информатика. Учебник для 8 класса. – Алматы: Жазушы, 2001г.

15. Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика: Учебник для 7 класса общеобразовательной школы. – Алматы: Атамура, 2003ж.
16. Конопка Р. Создание оригинальных компонент в среде Delphi: Пер. с англ. - К.: НИПФ - “ДиаСофт Лтд.”, 1996. - 512с.
17. Рудалев В.Г., Крыжановская Ю.А., Разработка приложений баз данных в среде Delphi, Часть 1., Воронеж 2002г.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ақпараттық технология – күшті дамып жатқан
бағыттардың бірі. Бүгінгі күнде ғылым және техникалық прогресс нәтижелері
адамзат үшін келешекте зерттеу облысында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге
мүмкіндік береді.
Бұл бағытта формализация мен байланысты және берілгендердің қойылуы
интелектуалды жүйелердің еншісінде. Бұл үшін арнайы модельдер және
берілгендерді сипаттау тілдері, әр түрлі типтегі берілгендерді ерекшелеу
мәселелері өңделеді. Интелектуалды жүйелер бастапқы мәндері зерттеліп,
берілгендерді ажырату және процедура, әдіс тәсілдер құрылады, олардың
көмегімен интелектуалды жүйелерде берілгендердің келіп шығу мүмкіндіктері
келіп туады. Берілгендердің қойылуының проблемалары интелектуалды жүйелерде
тосын жағдайларда актуалды.
Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп
жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қарқынды дамуымен
байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің
қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік:
білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында
қолданылады. Бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шағын
кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру
бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр.
Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта
және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең
ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың
үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі
немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара
байланыстырады және желі арқылы хабар алмасуды ұйымдастыру тақырыптың
өзектілігін тудырады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Delphi жүйесінде желі арқылы хабар алмасуды
ұйымдастыратын ақпараттық жүйесін құру.
Delphi – де жергілікті және клиент-серверлік берілгендерді жергілікті
желіде басқаруға және оны ары қарай демеуге арналған құралдармен қамтамасыз
ету, сонымен қатар, кез келген берілгендермен жұмыс жасауға арналған
қолданбалы программаларды құруға да мүмкіндік беруі.
Курстық жұмыстың міндеті. Жергілікті желіде хабар алмасуды
ұйымдастыру, берілген мәліметтерді автоматты түрде басқару адресатқа
жіберу.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби
қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы
екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows
амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі
қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық
желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде
желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс.
Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш
аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді
кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы
құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі
әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының
атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу
оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Компьютердің аты мен жұмыс
тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ
пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған
терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек [1].
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, 31 беттен тұрады.
І DELPHI ОРТАСЫНДА ПРОГРАММАЛАУ

1.1 Delphi-дің негізгі терезелері

Delphi ортасын – програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін
күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен
сипатталады. Windows терезесi арқылы Delphi-дi iске қосу командасы: Iске
қосу - Программалар - Borland Delphi 6 ( Delphi 6. Экранда Delphi ортасының
төрт терезесi көрiнедi Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен
жауып, экранда орын ауыстыра алады.
Delphi ортасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі: (сурет 1)
1. Негізгі терезе (Project 1)
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)
4. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).

Сурет 1. Delphi 6 – ның негiзгi терезесi.

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге
немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту
және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.Негізгі терезе программаның
жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып
тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады [2].
Бұл терезеде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық
командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады. Delphi-дiң
негiзгi терезесiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және
компоненттер палитрасы енгiзiлген (2-сурет). Негiзгi мәзiр пункттерiне
Delphi-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар панелiне жиi қолданылатын
командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Компоненттер жинағы – Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол
негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға
арналған белгілерден тұрады.
Компонент - деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма
терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын
функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа
бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі. Форма
құрастырушының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows
жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы
координаттық тордың нүктелерімен реттелген (сурет 2).

Сурет 2. Delphi ортасының компоненттер палитрасы.

Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық
терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен
(тақырыбымен) көрiнедi (1-сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн
орналастырып, форманы кеңейту не қысу қиын емес.
Кей жағдайларда экранда форма көрiнбеуi мүмкiн. Оны экранға шығару үшiн
View-Forms командасын беру жеткiлiктi.
Қасиет - айнымалылардың ерекше түрi. Олар объектiнiң түрлi
мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық күйiн анықтайды. Мысалы, форма
қасиеттерiнiң мәндерi - форма тақырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда
орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне
алғашқы сәйкес мәндер меншiктелiп қойылады [3].
Форманы не онда орнатылған компоненттi программа құру үшiн дайындау
оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi
Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi
инспектор терезесiне шығару үшiн сәйкес объектiнi бiр шерту арқылы таңдау
керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы
жазылып қойылады. Мысалы, Delphi iске қосылған кезде форманың ашылған
қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар:
Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға
енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-
сурет). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер – қасиет атаулары, екiншi бағанға
сәйкес жазылғандар – олардың мәндерi.

1.2 Программа кодының терезесі

Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi
ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп
отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы – {SR*DFM} және END қатарлар
аралығы бойынша.
Программа программалық код деп, ол терiлетiн терезе программалық код
терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. (сурет 1)
көрсетiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында
көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
- форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
- код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны шерту.
- F12 клавишiн басу.
Код терезесi ашылғанда, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi.
Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады
(сурет 5).
Суретте көрiнiп тұрғаны – код терезесiне енгiзiлген процедура
дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуiш не
оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн
анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде
барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады (сурет 5).
Delphi-де қосымша дайындау үшiн компоненттiк тәсiл пайдаланылған:
пайдаланушы программаларының кiтапханасы программалау ортасымен бiрге
ұсынылатын, бiр iс-әрекеттi орындайтын (дайын программалар үзiндiлерiнен
тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесiне енгiзiледi.

Сурет 3. Редактор терезесi.

Онда көрiнген процедура дайындамасы Компоненттер палитрасы.
Компоненттiк тәсiлдi пайдаланып программалау.
Компоненттер кiтапханасын визуальды компоненттер кiтапханасы (Visual
Component Library, VCL) деп атайды. Онда көптеген компоненттер жинақталып
(Delphi 6-да олардың саны 200-ден артық), олар 19 түрлi бетке орнатылып
қойылған. Мысалы,
Standard бетiне енгiзiлген кейбiр компоненттер (кесте 1) көрсетiлген.

Кесте 1
Standard бетіне енген компоненттер
Компонент Iс-әрекетi
аталуы
MainMenu Программа мәзiрiн құру
PopupMenu Оң түйменi шерткен кезде бетке шығатын
(контекстiк) мәзiр шығару.
Edit Жолдық мәндi енгiзу, редакциялау.
Label Бiр жолдық мәтiндi шығару.
Button Командалық түйме. Оның оnClick оқиғасын өңдеуiш
процедурасы бiр iс-әрекеттi орындайды.

Additional (Қосымша) бетiне енгiзiлген компоненттер сұхбаттық
терезелердiң көрiнiсiн түрлендiру үшiн пайдаланылады. (сурет 6).
System (Жүйе) бетiне OLE (Байланыстыру және орнату) технологиясы бойынша
берiлгендердi түрлi программалар арасында алмастыратын және т.б. iс-
әрекеттердi орындайтын компоненттер енгiзiлген. Мысалы,
Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу;
PaintBox (Сурет қорабы) – графикалық кескiндер енгiзiлетiн төртбұрышты
облыс құру;

4-сурет. Компоненттер палитрасы. Standard бетiне енгiзiлген
компоненттер

OLEСontainer (OLE Контейнер) – байланыстырылатын және орнатылатын
объектiлердi қабылдау контейнерi;
MediaPlayer – Мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару.
Win32 бетiне енгiзiлген компоненттердiң бiрi – Animate (жандандыру,
қозғалыс әсерiн ұйымдастыру) – қозғалыс әсерiн ұйымдастырады.
Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын
алады.
Samples (Модель) бетiне енгiзiлген компоненттер:
ColorGrid (Түстер торы) – түстер кестесi. Ол 16 түстiк палитрадан
негiзгi және фон түсiн таңдау;
Calendar (Календарь) – ағымдық күн белгiленген ай календарын көрсету
(жылдық календарды Win32 панелiнiң MonthCalendar компонентiн формада орнату
арқылы шығаруға болады), т.б.
Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панелiне қосып қоюы
да мүмкiн.
Delphi-де компоненттер панелiнен формаға түрлi компоненттер орнатып,
олардың оқиғаларын өңдеуiш процедуралар құру визуальды программалаудың
негiзi. Мысалы, берiлгендердi енгiзу және шығару үшiн компоненттер
панелiнiң Standard қосымша бетiндегi мәтiндермен жұмыс iстейтiн TEdit
(енгiзу өрiсi), TLabel (шығару өрiсi) және TButton (командалық түйме)
компоненттерi жиi пайдаланылады.
Формаға Edit1 енгiзу өрiсiн орнатып, оның Text қасиетi арқылы не iске
қосу командасын берген соң оған курсорды енгiзiп, клавиатура арқылы бiр
жолдық мәтiн енгiзуге және оны редакциялауға болады.
Формада орнатылған ТLabel, ТEdit компоненттерiнiң Caption, Text
қасиеттерiнiң мәндерiн программа арқылы динамикалық түрде өзгертуге де
болады. Ол үшiн программада объект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады
да, оның соңына қасиет атауы енгiзiледi. Қасиетке мән меншiктеу тәсiлi
әдеттегiдей. Мысалы:
Label1.Caption:=’Бiз студенттермiз’;
Edit1 өрiсiне енгiзiлген қарапайым мәтiндi (S) Label1 өрiсiне
шығаруға болады. Ол үшiн процедура денесiн мынадай етiп алу жеткiлiктi
(Edit1.Text - Edit1 объектiсiнiң Text қасиетiн программа арқылы орнату
әдiсi):
var s : string;
begin
s := Edit1.Text;
Label1.Caption := s;
end;
Формада TВutton (түйме) компонентiн орнатып, оны программаны
iске қосу түймесi ретiнде пайдалану қиын емес.
Берiлгендер типтерi. TBitBtn, TPanel, TMemo компоненттерi
Автоматты құрылғының не адамның өңдеуiне бейiмделiп дайындалған
сандық, символдық, мәтiндiк т.б. информацияны берiлгендер деп атайды.
Программаны орындау барысында мәнi программа мәтiнiнде көрсетiлген қалпынан
өзгермейтiн шаманы тұрақты деп, мәнi өзгерiп отыратын шаманы айнымалы деп,
айнымалыға берiлген атауды идентификатор деп те атайды.
Delphi-де жиi пайдаланылатын берiлгендер типтерi:

Integer, Real, Char, String, Boolean

(Integer - бүтiн, real – нақты, char - символ, string - жол, boolean -
логикалық).
Айнымалы атауы үшiн тек латын алфавитiнiң әрiптерiн және цифрлар мен
кейбiр басқа символдарды алуға болады, ол үшiн кiлттiк сөздердi алуға және
бос орын (’ ’) символын енгiзуге рұхсат етiлмеген. Атау тек әрiптен
басталуы тиiс.
TBitBtn, TРanel, TMemo компоненттерi компоненттер панелiнiң Standard,
Additional беттерiне орналастырылған.
TМеmo – көп жолдық мәтiндi енгiзуге және шығаруға арналған мәтiндiк
компонент. Оның Lines қасиетi арқылы String List Editor терезесiн шақырып,
көп жолдық мәтiндi енгiзуге болады.
TBitBtn – TButton сияқты командалық түйме. Айырмашылығы – ол формада
орнатылған соң, оның Kind (түрлi бейнелi) қасиетiне мәндер меншiктеу арқылы
оның атқаратын қызметiн алдын-ала тағайындап қоюға болады.
TPanel (панель) – формада орнатылған соң бетiне орнатылған бiрнеше
компоненттердi байланысты бiр топқа бiрiктiрушi (контейнер қызметiн
атқарушы) компонент ретiнде пайдаланылады.
Тармақталу командасы. TRadioButton компонентi
Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу
түрлерi:
1) if P then S қысқа
нұсқа
2) if P then S1 else S2 толық нұсқа
мұндағы P – шарт; S, S1, S2 – орындалуы тиiс сериялар (бiр блоктық
операторлар). Егер блок бiрнеше операторлардан тұрса, олар бiр құрама
оператор ретiнде қарастырылып, begin-end операторлық жақшалардың iшiнде
жазылады:
if P then begin S1 end
else begin S2 end;
Блокқа енгiзiлген оператор тек бiреу болса, оны операторлық
жақшаларға алу мiндеттi емес.
If (егер) командасының орындалуы стандартты Паскальдағы сияқты: егер
шарт орындалса, онда then кiлттiк сөзiнен соң жазылған блок, шарт
орындалмаса, else кiлттiк сөзiнен соң жазылған блок орындалады.
TRadioButton - байланысты ауыстырып қосқыш компонент. Формада оның
кемiнде екеуi орнатылуы тиiс. Олар Checked қасиетi арқылы анықталатын тек
екi күйде болуы мүмкiн: True және False. Проект iске қосылып, көрiнген
формада қай ауыстырып қосқыш шертiлсе (Check қасиетiн True мәнi
меншiктелсе), программада осыған сәйкес программа бөлiмi орындалады.
Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық
терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен
(тақырыбымен) көрiнедi (1-сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн
орналастырып, форманы кеңейту не қысу қиын емес.
Кей жағдайларда экранда форма көрiнбеуi мүмкiн. Оны экранға шығару үшiн
View-Forms командасын беру жеткiлiктi.
Қасиет - айнымалылардың ерекше түрi. Олар объектiнiң түрлi
мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық күйiн анықтайды. Мысалы, форма
қасиеттерiнiң мәндерi - форма тақырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда
орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне
алғашқы сәйкес мәндер меншiктелiп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компоненттi программа құру үшiн дайындау
оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi
Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi
инспектор терезесiне шығару үшiн сәйкес объектiнi бiр шерту арқылы таңдау
керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы
жазылып қойылады. Мысалы, Delphi iске қосылған кезде форманың ашылған
қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар:
Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға
енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (сурет
7). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер – қасиет атаулары, екiншi бағанға сәйкес
жазылғандар – олардың мәндерi [5].

Таңдау командасы. TStaticText, TMaskEdit, TComboBox, TListBox
компоненттерi.

Таңдау командасы – көп сериялы тармақталу командасы. әдетте ол Case
(қорап) операторын пайдаланып құрылады. Оператордың жазылу үлгiсi:
Case өрнек of
1-тiзiм: begin S1 end;
2-тiзiм: begin S2 end;
... ... ... ... ... ... ..
n-тiзiм: begin Sn end;
end;
мұндағы
өрнек – мәнi бойынша сәйкес тiзiм нұсқаулары (S1, S2, ..., Sn)
орындалатын өрнек. Көбiнесе, ол мәнi case операторының алдында енгiзiлетiн
айнымалы түрiнде алынады;
k-тiзiм - сұрыптаушы (таңдаушы) делiнедi Ол үтiр арқылы ажыратылып
жазылатын тұрақтылар тiзiмi (к = 1, 2, ..., n). Тiзiм орнына бiр тұрақтыны не
тұрақтылар аралығын алуға болады. Аралық екi нүкте арқылы ажыратылып
жазылады. Мысалы, 3, 4, 5, 6 тiзiмiн 3 .. 6 аралығымен ауыстыру мүмкiн;
егер айнымалы (х) мәнi (-( ; 2) аралығында алынса, таңдаушыны x2 деп
жазуға болады. Сәйкес тiзiм нұсқаулары орындалып болған соң басқару сase
операторынан соңғы нұсқауға берiледi. Егер өрнек не өрнек орнына жазылған
айнымалы мәнi бiрде-бiр таңдаушыға сәйкес келмесе, case операторы
орындалмай тастап кетiледi.
TMaskEdit - арнайы шаблон (маска) бойынша мәтiн шығару компонентi.
TStaticText - TLabel компонентiне ұқсас мәтiн шығаруға арналған
компонент. Айырмашылығы BorderStyle қасиетiне sbsSunken мәнiн меншiктеу
арқылы басылып тұрған өрiс сияқты көрiнiс бередi.
TComboBox - таңдау үшiн ашылатын тiзiм. Компоненттiң Items қасиетiн
шерткенде ашылатын String List Editor терезесiне тiзiмдi жеке жолдарға
енгiзiп. Проект iске қосылған кезде тiзiмдi көруге болады, программа жұмысы
тiзiмнен таңдалған элементке байланысты өзгеруi мүмкiн.
TListBox - таңдау үшiн шығарылатын тiзiм. TComboBox компонентiне
ұқсас. Айырмашылығы тiзiм толық көрiнiп тұрады (кесте 3).
Мысалы. Таңдау командасын пайдаланып, енгiзiлген екi санның
қосындысын, бiрiншi санның синусын есептейтiн және квадрат түбiрден
шығаратын калькулятор программасын құру [7].
1.1. Жаңа проект құрыңыз;
1.2. Форма бетiне ComboBox1, StaticText1, MaskEdit1, MaskEdit1,
BitBtn1, BitBtn2 компоненттерiн орнатыңыз (11-сурет);

Сурет 5. Калькулятор қосымшасы үшiн дайындалған форма

Әзiрше, Дейiн, Үшiн циклдары. TStringGrid компонентi.
Random функциясы. Const операторы.
Delphi-де циклдердi қолдану тәсiлдерi стандартты Турбо Паскальдағы
сияқты. While (әзiрше), Repeat (дейiн), For (үшiн) циклдiк құрылымдардың
жазылу үлгiлерi: (сурет 12).

Сурет 6. Калькулятор қосымшасы

1) While P do
begin
S
end;
2) Repeat
S
until (not P);
3) For k := k0 to kn do
begin
S
end;
мұндағы Р – шарт; do – орындау (кiлттiк сөз); S – цикл денесi;
until – дейiн (кiлттiк сөз); k – бүтiн типтi есептегiш (цикл параметрi);
k0, kn– есептегiштiң бастапқы, соңғы мәндерi.
Мысал. Жалпы мүшесi ak = 1k2 (k=1, 2, ...) болатын тiзбектiң алғашқы бес
мүшесiнiң қосындысын табу керек (n=5; Sn-?).
1-нұсқа (for циклiн пайдалану):
Procedure TForm1.FormCreate(Sender : TObject);
var s, a : real; k, n : integer; s1 : string;
begin
n := StrToInt(InputBox(’’, ’Мүшелер саны=’, ’’));
s := 0; k := 0;
for k := 1 to n do
begin
a := 1(k*k); s := s+a;
end;
s1:=FloatToStrF(s,ffFixed,7,3); ShowMessage(s1);
end;
2-нұсқа (while циклiн пайдалану):
Procedure TForm1.FormCreate(Sender : TObject);
var s, a : real; k, n : integer; s1 : string;
begin
n := StrToInt(InputBox(’’, ’Мүшелер саны=’, ’’));
s := 0; k := 1;
while k=n do
begin
a := 1(k*k); s := s+a; k := k+1;
end;
s1 := FloatToStrF(s, ffFixed, 7, 3); ShowMessage(s1);
end;
3-нұсқа (repeat циклiн пайдалану):
While циклi денесiн төмендегi циклмен алмастыру:
repeat
a:=1(k*k);
s:=s+a;
k:=k+1;
until kn;
Сonst операторы тұрақтыларды сипаттауда қолданылады. Тұрақтыларды
сипаттау айнымалыларды сипаттау бөлiмiнiң алдында жазылады (кесте 4).
Мысалы,
сonst pi=3.14;
var x : real;
Random(m) - 0..m-1 аралығында кездейсоқ санды тудыратын функция.

TStringGrid – ұяшықтарында кез-келген ұзындықтағы жолдық шамалар
орналасатын кестелiк компонент.

Кесте 4.
Компоненттiң жиi қолданылатын қасиеттерi:

Қасиет Мағынасы
Cells[n,n] nxn өлшемдi кесте ұяшықтарының мәндерi
ColCount Кестенiң баған саны
RowCount Кестенiң жол (қатар) саны
GridLineWidth Кесте сызылатын сызықтың жуандығы
FixedCols Ерекше жолдар саны
FixedRows Ерекше бағандар саны
FixedColor Ерекше жолдар мен бағандар түсi
ColWidths[i] i-бағанның енi
RowHeight[j] j-жолдың биiктiгi

ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ ХАБАР АЛМАСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Компьютерлік желі ұғымы

"Компьютерлік желілер" пәні профильді пәндер блогына жатады да
"Информатика" мамандығын игергенде кәсіби білім, іскерліктерін құрайды.
Кәзіргі қаумда қарқын пайда болып жатқан жаңа технологиялардың барлыгы
компьютер желілерін жобалау, құру мәселелерімен үштасып дамып жатыр.
Адамның қызмет ету салаларында компьютер желілірі әр турлі
мақсаттармен қолданады. Көбіне желіні шашырап жатқан ресурстарды бірге
қолдану үшін қолданады. Бұл мүмкіндік әр түтынушыға қымбат құралдарды сатып
алмай, бірге қолдану арқылы шығынын тиымдайды. Оған қоса түтынушының алыста
орналасқан ресурсқа дейін жол жүру қажеттіліктен айырып, жол шығынын
үнемдейді. Қазіргі компьютерлерҰҚҒ баскару сауалдарында қолданады.
Компьютер желілері басқару процесстерін жылдамдатады. Өйткені орталықтан
қашықтықта орналасқан аумақтардан деректерді тез жинап, тез өңдеп, тез
шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Шағын бизнес оратсында да, мемлекет
масштабында да, мемлекеттік қауыпсыздық деңгейінде де басқару мәселелерін
шешу компьютер желілері арқылы тиымды өтеді. Ғылым ортасында компьютер
бүрынғыдай есеп үшін қолданады. Бұл жерде күрделі, үзақ есептелетін
есептердің шешімін компьютер желілерін қолданып, параллель шешу
алгоритмдері арқылы тездетуге тырысалды. Бір есепті параллель, қатар
компьютерлерде орындау есептің нақтылығын асырады. Бұл мүмкіндіктер спутник
траекториясын есептеу, немесе ядролық отынның ыдырау жылдамдығын анықтау
сияқты өмірлік маңызы бар салаларда қолданады [12].
Алдымыздағы жарты ғасырда ақпараттарды тасымалдау құны қашықтықтан
тәуелсіз болады. Мұның өзі қоғамымыздың дамуына әлектрді ашқандай әсер
қалдырары сөзсіз.
Қазір барлығы Интернет жайлы сөз қозғауда. Бөлшектеп есептеу жайлы да
аз айтылып жүрген жоқ. Казіргі заманғы компьютерлер әлемінде желілерден
өткен маңызды ұғымды табу қиын. Жоғарыда атап өткен екі тақырып та осы
түсінікке негізделген.
Сондықтан да осы көпжақты әлемде адаспау үшін сізге компьютерлік
желілер негіздерін жан-жақты зерттеп білу керек.
Назарларыңызға ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты - осы жолда
оқырмандарға дұрыс бағыт-бағдар беру.
Оқулықта келтірілген түсініктерді толықтай ұғып-түсіну үшін студенттер
ең болмаганда төменгі екі шартты орындаулары керек.
1. Оқуға деген талпыныс болуы шарт.
2. Дербес компьютердің программалық және аппараттық жабдықталуын
біліп, онымен жұмыс істеу тәжірибесі болу керек.
Сонымен қатар:
• Microsoft Windows 98, Microsoft Windows NT, Microsoft Windows XP
сияқты графикалық Операциялық жүйелермен жұмыс тәжірибесі;
• программалық өнімдерді орнатудан хабары болуы;
• файлдық жүйемен, оның ішінде командалық файлдарімен, сонымен қатар
autoexec.bat және config.sys файлдарымен таныс болуы;
• жад, коммуникадиялық қүралдар, дискілік жинақтауыштар тәрізді
аппараттық компоненттерді орната білуі қажет.
Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі
компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған
ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес
компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді
есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір
қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға,
қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас
құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді [13].
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын
компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты
болып бөлінеді.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер,
коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология - оқу процесінің элементі ретінде
Ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен бүгінгі даму деңгейі
Ақпараттық технологиялар кезеңі
Ақпараттық технология және жаңа ақпараттық технология ұғымы
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Жаңа ақпараттық технология
Ақпараттық технологиялардың базалық ішкі жүйелері
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Пәндер