Құрылыстық конструкцияларын пайдалану



І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

IІ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
2.1 Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру ... .. 5
2.2 Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі ... ... 9

IIІ ЖЕКЕ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ СМЕТАСЫН ЕСЕПТЕУДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУЫН ҚҰРУ ... ... ..
17
3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру және жобалау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
19
3.2 Delphі ортасында бағдарламалық құрылымын сипаттау ... 28
ІV ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38
V ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
Ақпараттық жүйе – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ – ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен тұратын күрделі жүйе.
АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты – нақты объектіні басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу жүйесі жабдықтары мен экономика-математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ні жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару функциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ні жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ні тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі – бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
Құрылыс ел экономикасының дербес саласы болып табылады, ол жаңа құрылысты, жөндеу жұмыстарын, қосымша және түзету бойынша жұмыстарды, жұмыс жүріп жатқан жерде құрама конструкциялардан ғимараттар салу, сондай-ақ уақытша имараттар құрылысын қоса алғанда, ғимараттар және имараттар құрылысы бойынша жалпықұрылыстық және арнайы жұмыстарды білдіреді.
Құрылыстың ерекшелігі бұл сала ұзақ кезеңді өндіріс болып табылатындығында. Осы көрсетілген ерекшелікке байланысты шығарылымға және аралық шығындарды келісу үшін және қосылған құнның нақты шамасын алу үшін шығарылым аяқталуына емес өндіру шамасына қарай есептеледі
Құрылыста өнімінің жалпы шығарылым мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүргізілген, ғимараттар мен имараттардың құрылысы және қалпына келтіруі бойынша жұмыстардың, сондай-ақ жеке құрылыс салушылармен орындалған құрылыс жұмыстарының құны болып табылады. Сала шығарылымы жасырын және бейресми экономика көлемдерін есепке алумен, жаңа құрылыстағы құрылыс-монтаж жұмыстарының, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеудің көлемдерін қамтиды. Объектінің құнын өсірмейтін жөндеу жұмыстары, яғни ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері, ұлттық шоттар жүйесінің анықтамаларына сәйкес құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткішінің құрамына қосуға жатпайды.
Жабдық та, мүкәммал да құрылыс өндірісі үдерісінде қайта өңдеуге ұшырамайтындықтан, және сондықтан құрылыс өнімін сипаттай алмайды, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына сияқты құрылыстың жалпы өніміне құрылыс материалдарының шығындары қосылып, ал жабдықтарға жұмсалған шығындар қосылмайды.
1. Ажиханов Н.Т, Қойшиева Т.Қ. Еспембетова А.М. «ОБЪЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАУ» пәні бойынша лекция жинағы, Тұран баспасы, 2007-80 бет
2. Архангельский А.Я.Программирование в Delphi 7. -М.: ООО Бином-Пресс, 2003 г.
3. Камардинов А. Delphi 5, Алматы, “Ата-мура”, 2002.
4. Карпова Т.С. Базы данных: модели, разработка, реализация. - СПб.: Питер, 2001. - 304с.
5. Кренке Д. Теория и практика построения баз данных: [пер.с англ] / Д. Кренке. - 9 - е изд. - СПб.: Питер, 2005. - 858 с.
6. СНиП-5.04-23.-2002. Нормы проектирования. Строительные конструкции.-Астана, 2003.-118 с.
7. Уваров А.П. «Экономика проектирования промышленных предприятий». Л: Стройиздат, 1990ж.
8. Фаронов В. Программирование баз данных в Delphi 7. Учебный курс : Издательство "Питер"
9. Ящура А. И. Система технического обслуживания и ремонта техники. – М.: Оборониздат, 1973.
10. www.google.kz
11. www.bankreferatov.ru

ЖОСПАР

І 3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

IІ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1 Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру ... .. 5
2.2 Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі ... ... 9

IIІ ЖЕКЕ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ СМЕТАСЫН ЕСЕПТЕУДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУЫН ҚҰРУ ... ... .. 17
3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру және жобалау
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
3.2 Delphі ортасында бағдарламалық құрылымын сипаттау ... 28
ІV ҚОРЫТЫНДЫ 38
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
V ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 40
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...


I КІРІСПЕ

Ақпараттық жүйе – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты
жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ – ақпараттық
жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен тұратын күрделі жүйе.
АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты – нақты объектіні басқару жүйесін
қазіргі заманғы есептеу жүйесі жабдықтары мен экономика-математикалық
әдістермен дамыта түсу. АЖ-ні жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні
басқару функциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды
қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ні жобалау әр түрлі
мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті қажет
ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол
берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ні тұрғызу кезінде тізбектеліп
орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі – бұл жұмысты ұтымды жоспарлау
мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
Құрылыс ел экономикасының дербес саласы болып табылады, ол жаңа
құрылысты, жөндеу жұмыстарын, қосымша және түзету бойынша жұмыстарды, жұмыс
жүріп жатқан жерде құрама конструкциялардан ғимараттар салу, сондай-ақ
уақытша имараттар құрылысын қоса алғанда, ғимараттар және имараттар
құрылысы бойынша жалпықұрылыстық және арнайы жұмыстарды білдіреді.
Құрылыстың ерекшелігі бұл сала ұзақ кезеңді өндіріс болып
табылатындығында. Осы көрсетілген ерекшелікке байланысты шығарылымға және
аралық шығындарды келісу үшін және қосылған құнның нақты шамасын алу үшін
шығарылым аяқталуына емес өндіру шамасына қарай есептеледі
Құрылыста өнімінің жалпы шығарылым мердігерлік немесе шаруашылық
әдіспен жүргізілген, ғимараттар мен имараттардың құрылысы және қалпына
келтіруі бойынша жұмыстардың, сондай-ақ жеке құрылыс салушылармен
орындалған құрылыс жұмыстарының құны болып табылады. Сала шығарылымы
жасырын және бейресми экономика көлемдерін есепке алумен, жаңа құрылыстағы
құрылыс-монтаж жұмыстарының, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеудің
көлемдерін қамтиды. Объектінің құнын өсірмейтін жөндеу жұмыстары, яғни
ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері, ұлттық шоттар жүйесінің
анықтамаларына сәйкес құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткішінің құрамына
қосуға жатпайды.
Жабдық та, мүкәммал да құрылыс өндірісі үдерісінде қайта өңдеуге
ұшырамайтындықтан, және сондықтан құрылыс өнімін сипаттай алмайды, құрылыс-
монтаж жұмыстарының құнына сияқты құрылыстың жалпы өніміне құрылыс
материалдарының шығындары қосылып, ал жабдықтарға жұмсалған шығындар
қосылмайды.
Қосалқы мердігер бас мердігер үшін орындаған жұмыстар құны құрылыс
өнімінің жалпы шығарылымына қосылмайды, бірақ бас мердігер орындаған
жұмыстардың жалпы құнының бөлігі болып табылады.
Көрсетілген статистикалық есептілікті заңды тұлғалар мен олардың
құрылымдық бөлімшелері тапсырады. Егер құрылымдық бөлімшеге бас кәсіпорын
есеп тапсыру бойынша өкілеттік берген болса, онда ол есептілікті өзінің
орналасқан жері бойынша тапсырады. Басқа жағдайда (құрылымдық бөлімшенің
өкілеттілігі жоқ болса) бас кәсіпорын құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде
олардың орналасқан жерін көрсетіп есеп тапсырады.
Осы берілген әдістемелік ұсыныстарда қарастырылған барлық есептеулер
республикалық деңгейде жүзеге асырылады.
Мәліметер қорының қазіргі заманғы технологиясында мәліметтер қорын құру
оның қолданушылардың өзіне рұқсатын қамтамасыз етуді арнайы бағдарламалық
аспаптардың көмегімен орталықтандырылып, жүзеге асады, яғни мәліметтер
қорын басқару жүйесі (МҚБЖ).
XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Сондықтан да біздің
өмірімізбен байланысты кез-келген оқиға, кез-келген дүние
автоматтандырылып, құнды ақпарат көзіне айналып, компьютер деген машинаның
өңделуіне түсіп, жік-жікке бөлінуде. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі үлкен
көлемдегі материалдық және шикізат ресурстарын пайдалануға негізделген
индустриалды экономикадан, негізгі ресурсы ақпарат болып табылатын
информациялық экономикаға өту.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-
ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын
арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып
табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты Заманауи құрылыстық бизнесте ақпараттық
технологиялар мен мамандандырылған программалық жабдықтарды қолдану
ерекшеліктері туралы, құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру.
Жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарау теориялық мәліметке
арналған. Ол Құрылыстық конструкцияларын пайдалану және техникалық жағдайы
деп аталады. 1-ші тарау 2 тақырыпшадан тұрады. Құрылыс саласында жобалық
жұмыстарды ұйымдастыру, Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі
қарастырылады.
Екінші тарауда орындалатын жұмыстың сипаты берілген. Бұл тарау Жеке үй
құрылысының сметасын есептеудің бағдарламалық қамтамасыздандыруын құру деп
аталады. Ол да екі тақырыпшадан тұрады: Мәліметтер базасын ұйымдастыру және
жобалау негіздері, Delphі ортасында бағдарламалық құрылымын сипаттау.
Сонан соң қорытынды, әдебиеттер тізімі беріледі.

ІІ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1. Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру
Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда
құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті
экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай
алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік
сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін
ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән
ерекшеліктері бар. Бұл - құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс
өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі,
капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары
дәрежесі. Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына
қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін
жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.
Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті мамандар мемлекетімізді одан әрі
нығайтып, елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын одан әрі көтеруге қызмет
ететіні сөзсіз.
Өркениетті елдерде технология қарқынды дамуда және біздің елден
бірнеше саты жоғарыда орналасқан. Біздің мақсат олардың соңынан қуып отыру
емес, олардағы озық технологияларды игеріп, оны өндіріске ендіріп, қатар
даму. Еліміздің басты саясатының бірі, әлемдегі елу елдің сапынан орын
алу[3].
 Тұрғын-үй құрылысының, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуы, қалалар мен елді мекендердегі, бұған қоса ірі қалалардағы аз қабатты
құрылыс үлесінің артуы арқылы құрылыс құрылымының өзгеруі, түбегейлі түрде
елді мекендерді өңірлік дамыту, оларды инженерлік жайластыру, әлеуметтік
қызмет көрсетудің жаңа жүйелерін құру мәселелерін қозғады.
Елді мекендер және қонысаралық аумақтар қала құрылысы жобаларының-
аудандық жоспарлаудың сұлбасы мен жобалары, бас жоспарлар, егжей-тегжейін
жоспарлау жобасы және құрылыс ошағы жобалары негізінде дамыды.
Қазіргі уақытта қала құрылысы жобаларын әзірлеудің жаңа әдістемелік
жолдары қалыптасуда.
Нұсқаушы құжаттарға жатқызылған қала құрылысы жобалары аумақты
пайдалануды реттейтін құжат болып қалыптаса бастады. Бұл ретте, негізгі
мақсаты сақталынады, бұл - адамның мекендеуі үшін қолайлы ортаны жасау,
облыстар және қалалар аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
      Құрылыстық ұйымдардың қызмет етуінің болашаққа дамуына болжам жасау,
оларға ұзақ мерзімге бәсекелестік үстемділікті қамтамасыз етеді. Ол, өз
кезегінде, тұрғын үй құрылысы нарығындағы тұрақты жағдайдың қалыптасуына,
өндірістік қуаттардың оңтайлы жұмыспен қамтылуы мен қажетті тиімділік
деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді.
Жұмыста теориялық талдау әдістері, баяндау, салыстыру, сараптау,
модельдеу, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау
әдістері қолданылды.
Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру ортасының
көрсетілімдерін қолдану тиімділігін анықтау және зерттеу процесі
инновациялық болып табылады:
– Құрылыс саласындағы жобалық жұмыстарды ұйымдастыру бағдарламасы
арқылы қалыптастырылды;
- Жобалық жұмыстарды ұйымдастыруда ақпараттық программаларды қолдануда
кездесетін проблемалар анықталды;
Ұсынылатын қағидалар:
- Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастырудағы модельдер мен
оларды құру әдістерін талдау ерекшеліктері анықталды.
- Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру ортасының
көрсетілімдерін пайдалану қажеттілігі анықталды.
- Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру ортасының
көрсетілімдерін қолдану тиімділігі шарттарының мазмұны көрсетілді.
- Құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру ортасының
көрсетілімдерін қолдануға бағытталған жұмыстардың практикалық
қолданудың экономикалық тиімділігін зерттеу нәтижесі талданды.
Жобаларды басқару жүйелері туралы жалпы мағлұмат, құрылыстағы жобаларды
басқару жүйесі, жобаларды басқарудағы типтік маршруттар және процедуралық
жобалар, жоспарлау кезеңінде жобаларды басқару жүйесін қолданудың
артықшылықтары мен кемшіліктері, автоматтандырған басқару жүйелерінің
жабдықталу түрлері, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің математикалық
жабдықталуы, жүйелік және функционалдық-логикалық жобалауды
автоматтандыру, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің бағдарламалық-
техникалық және бағдарламалық-әдістемелік құралдары, автоматтандырылған
жобалау жүйелерінің лингвистикалық қамсыздандыруы, автоматтандырылған
жүйелерді жобалау, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің түрлерін қолдану
ерекшеліктері қарастылған.
Құрылыс саласындағы автоматты басқару жүйелеріндегі күнтізбелік
жоспарлау және желілік модельдер, құрылыс объектілерінің технологиялық
модельдер түрлері, желілік жоспарлау және басқару технологиясы, күнтізбелік
графикті құру және талдау, күнтізбелік жоспарлаудағы ресурстарды рационалды
қолданудың эвристикалық әдістері, жобаларды басқаруды автоматтандыру
құралдары көмегімен жобаны басқару технологиясы MS Project программасында
администрациялау және бағдарламалау көмегімен жобаларды басқару
технологиясы, құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру ортасын
қолдану ерекшеліктері, құрылыс мекемелері үшін сала бойынша басқару
шешімдерін қабылдау, құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру
ортасының көрсетілімдерін қолдануға бағытталған жұмыстардың практикалық
қолданудың экономикалық тиімділігін зерттеу, құрылыс саласында жобалық
жұмыстарды ұйымдастыру ортасын қолданудың тиімділігі жан жақты
көрсетілген[3].
Қорытындыда заманауи құрылыстық бизнесте ақпараттық технологиялар мен
мамандандырылған программалық жабдықтарды қолдану ерекшеліктері туралы,
құрылыс саласында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру ортасының көрсетілімдерін
қолдану тиімділігін арттыруға қажетті шарттар атап көрсетілді.
Құрылыс - материалдық өндірістің аса қуатты өнеркәсіптік саласы.
Күрделі құрылыстың көлемі мен деңгейінен материалдық өндірістің басқа да
салаларының дамуы, елдің экономикалық әлеуеті мен ұлттық табысының өсуі
қамтамасыз етіледі .
Тұрғын үй саласындағы нысандар құрылысы жобалық шешімдер негізінде
жүзеге асады. Жобалық шешім – кең мағынада, ой немесе келешектегі іс-
әрекеттердің жоспары. Тар мағынасында – құрал-жабдықтарды, өнімдерді немесе
қызметтерді жасақтаудағы құжаттар жиыны, сондай-ақ, бірқатар құжаттардың
алдын-ала үлгілері.
Жоба құнын жоспарлау әдістері
Жоба құнын есептеу түрлі тәсілдермен жүргізілуі мүмкін. Мысалы, басқа
жобаларға талдаулар жүргізіп, ұқсас есептеулер арқылы. Немесе, жобаның
негізгі параметрлерінің бағалары арқылы, мысалы, құрылыс материалдары және
жүргізілген жұмыстарға төленетін төлемдер.
Жоба құнын жоғарыдан-төменге принципі негізінде, жобаның жалпы
құнынан бөлек тапсырмалардың құнын анықтау арқылы, жүргізілуі мүмкін.
Немесе төменнен-жоғарыға принципімен, жеке тапсырмалар құнын анықтап,
олардың қосындысы негізінде жобаның жалпы құнын алу арқылы, жүргізілуі
мүмкін.
Еңбек шығындары – бұл адамдар, құрылғылар және құрал-жабдықтар. Еңбек
шығындарының ерекшелігі тапсырмалардың аяқталуымен олар тауысылмайды және
басқа тапсырмаларды орындауда қолданылуы мүмкін.
Материалдық ресурстар – бұл материалдар мен шикізаттар. Олар
тапсырмаларды орындау барысында толық пайдаланылады және басқа
тапсырмаларды орындауға қолданыла алмайды, себебі таусылып қалады.
Жеке ресурстар – бұл жеке адамдар немесе құрылғылар
 Топтық (біріктірілген) ресурстар – бұл бірдей немесе өзара алмастырыла
алатын ресурстар. Мысалы, редакторлар немесе секретарлар. Біріктірілген
ресурстарға кіретін барлық жеке ресурстар бірдей шығынға ие болады және осы
топ үшін анықталған бір ресурстар күнтізбесін қолдануы керек. Олар үшін
жеке тағайындаулар және жеке демалыс күндерін жасауға болмайды.
Фиксацияланған шығындар – бұл тапсырмалармен тікелей байланысқан
шығындар. Мысалы: құрылыс жүргізуге рұқсат алуға кететін шығындар.
 Еңбек ресурстарының шығындары - тапсырмаға тағайындалған әрбір
ресурстың шығындары. Олар жұмыс мерзімімен немесе ресурсты пайдалануға
кететін уақыт шығынына және тағайындалумен байланысты.
Жалпы шығындар – ресурстар мен фиксацияланатын шығындар қосындысы
Еңбек ресурстарының шығындары төмендегі формула арқылы есептеледі.
Ресурстар шығындары - уақыт ресурстар бірлігінің шығындары *
тапсырмаларды орындауға кететін ресурстардың уақыт мөлшері.
Мысалы: егер ресурс сағатына 250 теңге болса, ал уақыт 5 сағатқа
белгіленсе, онда ресурс шығындары 750 теңге болады. 
Егер тапсырмаға бірнеше ресурстар тағайындалса, онда тапсырма шығындары
тағайындаулар шығындарының қосындысына тең болады.
Материалдық ресурстар шығындары тікелей тапсырмалары ұзақтылығына
байланысты емес.
Материалдық ресурстар шығындары - ресурс бірліктерінің саны * ресурс
бірлігінің шығыны.
Мысалы: тұсқағаз метрінің саны тұсқағаз метріне жұмсалатын ақша
Ресурстар кестесінің сануақыт бірлігі форматында ресурстар төлемі
жүктемесін көрсетуге болады:
• Стандартты жүктеме (поле Standart Rate ) – кәдімгі жұмыс уақытындағы
жұмыстар үшін;
• Үстеме жүктемесі (поле Overtime Rate)- үстеме жұмыс уақыттары үшін;
• Қолданылу шығындары (поле Per Use Cost) –жұмыс уақытына байланыссыз
тағайындаулар үшін арнайы шығындар.
Заманауи құрылыстық бизнесте ақпараттық технологиялар мен
мамандандырылған программалық жабдықтар соңғы жылдары мүмкіндігінше кеңінен
қолданылуда. Атап айтар болсақ, бұл жобалық жұмыстарды автоматтандыру
жүйелері (ЖЖБЖ) және георграфиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ), жобалық
құжаттарды басқару жүйелері және сметалық программалық жабдық. Сметалық
жүйелер жұмыс көлеміне, құнына, ресурстарға деген жалпы сұранысына сай
жобаның құнын береді. Алайда олар жұмыстардың күнтізбелік жоспары тәрізді
жобаны сәтті орындауға қажетті ресурстарға қажеттіліктің графигін,
шығындардың күнтізбелік профилін бермейді.
Құрылыс кешені ұжымдарында күнтізбелік жоспарлауға мүмкіндік беретін
программалық жабдықтарға деген сұраныс жоғары. Себебі ресурстарды
максимальді тиімді пайдалана отырып, жобаны уақыт бойынша тиімді жүзеге
асыру сәттілік кепілі.
Құрылыс компанияларының мұндай программалық кешендерге қоятын талаптары
төмендегідей:
• Түрлі иерархиялық деңгейлерді қолдай отырып, жұмыс өндірісінің
күнтізбелік графигін құру;
• Ресурстарға қажеттілік графигін, жобаға жұмсалатын қаржы шығыны
графигін тұрғызу, ресурстық қамсыздандыруды жоспарлау;
• Ресурстардың кең спектрін жоспарлау мүмкіндігі: орындаушылар мен
механизмдерді, сонымен қатар, материалдық ресурстарды;
• Қатаң уақыттық шектеулер және шектеулі ресурстар үшін
жоспарлаудың түрлі нұсқаларын қарау. Осылайша қарау жылдам-
арзан деген мүмкіндігінше сәтті келісімге келуге мүмкіндік
береді;
• Жобаның құндық сипаттамаларын түрлі мерзімдерде оңтайландыру және
басқа ресурстарды тарту арқылы жобаны орындаудың экономды
нұсқасын табу;
• Құрылымдық шығындар статьясына сәйкес түрлі типтегі құрылыс
жұмыстарының объектілеріне шығындарды таратуды талдау;
• Корпоративті ақпараттық жүйелерге интеграциялау, құрылыс
сметаларын жасаушы программаларға, қоймалық, бухгальтерлік
программаларға деректерді импорттау-экспорттау мүмкіндігі.
Осындай есептерді шешу үшін программалық қамсыздандырудың арнайы
кластары қолданылады. Олар - күнтізбелік жоспарлау және жобаларды іске
асыруды бақылау жүйелері немесе басқа сөзбен айтқанда жобаларды басқару
жүйелері.
Яғни, бұл жүйелер жоспарлаудың уақыттық, ресурстық және құндық негізі
процестерін қолдайды және желілік жоспарлау алгоритмдері, критикалық жол
әдісі, көлемді игеру әдісі және т.б. негізінде бақылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстан республикасындағы құрылыс компанияларының
көпшілігі жұмыстарын тиімділендіру мақсатында күнтізбелік жоспарлау
жүйелерін қолданады.

2.2 Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі

Құрылыс ел экономикасының дербес саласы болып табылады, ол жаңа
құрылысты, жөндеу жұмыстарын, қосымша және түзету бойынша жұмыстарды, жұмыс
жүріп жатқан жерде құрама конструкциялардан ғимараттар салу, сондай-ақ
уақытша имараттар құрылысын қоса алғанда, ғимараттар және имараттар
құрылысы бойынша жалпықұрылыстық және арнайы жұмыстарды білдіреді.
Құрылыстың ерекшелігі бұл сала ұзақ кезеңді өндіріс болып
табылатындығында. Осы көрсетілген ерекшелікке байланысты шығарылымға және
аралық шығындарды келісу үшін және қосылған құнның нақты шамасын алу үшін
шығарылым аяқталуына емес өндіру шамасына қарай есептеледі
Құрылыста өнімінің жалпы шығарылым мердігерлік немесе шаруашылық
әдіспен жүргізілген, ғимараттар мен имараттардың құрылысы және қалпына
келтіруі бойынша жұмыстардың, сондай-ақ жеке құрылыс салушылармен
орындалған құрылыс жұмыстарының құны болып табылады. Сала шығарылымы
жасырын және бейресми экономика көлемдерін есепке алумен, жаңа құрылыстағы
құрылыс-монтаж жұмыстарының, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеудің
көлемдерін қамтиды. Объектінің құнын өсірмейтін жөндеу жұмыстары, яғни
ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері, ұлттық шоттар жүйесінің
анықтамаларына сәйкес құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткішінің құрамына
қосуға жатпайды.
Жабдық та, мүкәммал да құрылыс өндірісі үдерісінде қайта өңдеуге
ұшырамайтындықтан, және сондықтан құрылыс өнімін сипаттай алмайды, құрылыс-
монтаж жұмыстарының құнына сияқты құрылыстың жалпы өніміне құрылыс
материалдарының шығындары қосылып, ал жабдықтарға жұмсалған шығындар
қосылмайды.
Қосалқы мердігер бас мердігер үшін орындаған жұмыстар құны құрылыс
өнімінің жалпы шығарылымына қосылмайды, бірақ бас мердігер орындаған
жұмыстардың жалпы құнының бөлігі болып табылады.
Жүргізілетін есептеулерге арналған ақпараттық база құрылыс және
инвестиция салалары бойынша кезеңділігі айлық және жылдық статистикалық
байқаулардың нысандары, үй шаруашылықтарын іріктеме статистикалық
байқаулар, сондай-ақ шығындар мен шығарылымдар және кедендік статистика
кестелерінің деректері болып табылады[3].
Көрсетілген статистикалық есептілікті заңды тұлғалар мен олардың
құрылымдық бөлімшелері тапсырады. Егер құрылымдық бөлімшеге бас кәсіпорын
есеп тапсыру бойынша өкілеттік берген болса, онда ол есептілікті өзінің
орналасқан жері бойынша тапсырады. Басқа жағдайда (құрылымдық бөлімшенің
өкілеттілігі жоқ болса) бас кәсіпорын құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде
олардың орналасқан жерін көрсетіп есеп тапсырады.
Осы берілген әдістемелік ұсыныстарда қарастырылған барлық есептеулер
республикалық деңгейде жүзеге асырылады.
Өнім шығарылымы – бұл экономикадағы белгілі бір кезеңде рыноктық және
рыноктық емес сипаттағы барлық өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен
қызметтердің жиынтық құны.
Бас мердігер – иерархиялық төменірек деңгейдегі орындаушылар – қосалқы
мердігерлердің құрамын қалыптастыратын, олармен ақшалай есеп жүргізетін,
олардан аяқталған жұмыстарды қабылдайтын құрылыс жұмыстарының басты
орындаушысы.
Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) - күрделi құрылысты жүзеге асыруға
қаражат бөлінетін немесе осы мақсатқа меншiктi қаражаты бар және
мердiгерлiк ұйыммен күрделi құрылысты жүзеге асыруға мердiгерлiк шарт
жасасатын ұйым, кәсiпорын немесе мекеме.
Инвестициялық ресурстар –құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары кезінде
пайдаланатын құрылыстық және басқа да материалдар, сондай-ақ машина жасау
өнімі (негізінен азаматтардың жеке пайдаланатын заттары ретінде тұтынылатын
оның жеке түрлерінсіз, мысалы: мотоциклдер, велосипедтер, жеңіл
автокөліктер және с.с.).
Құрылыстағы баға индексі – құрылыс жұмыстарына бағалар деңгейінің сол
уақыттағы өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Құрылысқа жұмсалған
инвестициялардың технологиялық құрылым элементтері бойынша (құрылыс-монтаж
жұмыстары, машиналар мен жабдықтар, күрделі жұмыстар мен шығындар) жалпы
көлеміндегі үлесі бойынша салмақталған баға индекстерін біріктіру жолымен
есептеледі.
Ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу – ғимараттың (құрылыстың)
кейбір бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді немесе
инженерлік-техникалық жабдықты тозуына және бұзылуына байланысты қайта
қалпына келтіру және ұзақ қызмет ететін, үнемді, олардың пайдалану
көрсеткіштерін жақсартатындарға ауыстыру бойынша жұмыстар.
Құрылыс жұмыстарының көлемі – ғимараттар мен имараттарды салу, қайта
құру, кеңейту, күрделі және ағымдағы жөндеу және жабдықты монтаждау бойынша
орындалған жұмыстардың құны.
Мердігер – мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт
бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлға.
Құрылыстың мердігерлік әдісі – құрылыс мердігерлік шарт және (немесе)
мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке
және заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын әдіс. Тапсырыс беруші және
мердігер арасындағы арақатынас екеуара тұжырымдасқан келісім шарт арқылы
реттеледі.
Құрылыс объектілерімен байланысты өзге де күрделі шығындар – құрылыс
сметасына кіретін және оған кірмейтін, бірақ құрылыспен байланысы бар өзге
де шығындар (салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясын, жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындар бөлімшелерінің аппараттарын ұстауға жұмсалған шығындар,
техникалық қадағалау, құрылыспен байланысты жер учаскелерін кесіп беру және
аудару шығындары, құрылыс-монтаж ұйымдарының инфрақұрылымымен байланысты
шығындар, ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге
асыратын жұмыс малын сатып алуға шығындар, салынып жатқан кәсіпорындар үшін
қажет кадрлар дайындауға шығындар).
Жобалау-іздестіру жұмыстары – инженерлік іздестіруді жүргізу,
құрылыстың технико-экономикалық негіздерді әзірлеу, жобаларды дайындау,
жұмыс құжаттамалары, объектілер, ғимараттар, имараттар құрылысын жүзеге
асыру үшін сметалық құжаттама құрастыру бойынша жұмыстар.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ұлғайту – қосымша немесе жаңа
өндірістік қуаттарды құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
аумағында немесе оларға жалғас алаңдарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
(ғимараттардың) жанында қосымша өндірістер салу, сондай-ақ негізгі, қосалқы
және қызмет көрсету мақсатымен жаңа цехтар мен объектілерді салу және жұмыс
істеп тұрған кейбіреулерін кеңейту.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрылымдау – қазір жұмыс істеп
тұрған цехтар мен негізгі, қосалқы және қызмет көрсететін объектілерді
қайта құру, бұл әдетте, негізгі мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды
кеңейтусіз, оның өндірісін жетілдіру мен техникалық-экономикалық деңгейін
көтеруге байланысты және өндірістік қуаттылықты арттыру, сапасын жақсарту,
әрі негізінен жұмыс істеушілер санын көбейтпей еңбек ету мен қоршаған
ортаны қорғауға байланысты жағдайларды жақсарта отырып, өнім
номенклатурасын өзгерту мақсатында кәсіпорынды тұтастай қайта құрып, жан-
жақты жобалау бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ қайта құруға белгілі бір
мақсаттағы бөлек ғимараттар басқа мақсаты болуына байланысты қайта құру
жұмыстары жатады.
Құрылыс қызметі – жаңа объектілерді салу және (немесе) бар
объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендері,
коммуникациялары) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта
жарақтандыру, қайта құру, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), солармен
байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау арқылы
негізгі құралдарды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын
уақытша тоқтатып қою және өз ресурстарын толықтай пайдаланған объектілерді
пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша қызмет.
Құрылыс өнімі - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне
сәйкес қызмет түрі Құрылыс қызметіне жататын шаруашылық жүргізетін
субъектілердің негізгі экономикалық қызмет түрінің нәтижесі. Құрылыс
өндірісі негізінен заттай түр (ғимараттар, имараттар), сондай-ақ қызмет
нысаны (құралдарды монтаждау, күрделі жөндеу) қабылдайды.
Қосалқы мердігер – бас мердігер арнайы жұмыс түрлерін орындау үшін
жұмысқа тартатын құрылыс ұйымы. Мысалы, жер, электромонтаждық,
сантехникалық, өңдеу және с.с. жұмыстар.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – жер жұмыстары және топырақтағы арнайы
жұмыстарды;
үйлер мен ғимараттардың (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар,
тоннельдер және метрополитендер, жол өтпелер, құбырлар, өзге де жасанды
құрылыстар) көтеретін және (немесе) қоршайтын конструкцияларын салуды;
желілік ғимараттарды төсеу бойынша арнайы құрылыстық және монтаждық
жұмыстар;
сыртқы инженерлік желілерді және ғимараттарды, сондай-ақ ішкі
инженерлік желілерді орнату;
конструкциялар мен жабдықтарды өңдеу және қорғау бойынша жұмыстар;
автомобиль және темір жол құрылысы;
технологиялық жабдықтарды монтаждау (бұзу) іске қосу жұмыстарын
қамтитын құрылыс қызметі[3].
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру –
жекелеген өндірістердің, цехтар мен учаскелердің техникалық-экономикалық
деңгейіне озық техника мен технологияны енгізу және өндірісті
автоматтандыру, ескірген және тозған жабдықтарды жаңа, бұрынғыдан
өнімдірегімен айырбастау негізінде арттыру, сондай-ақ жалпы зауыттық
шаруашылық пен қосалқы қызметтерді жетілдіру жөніндегі шаралар кешені.
Жаңа құрылыс – негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы қайта
құрылған кәсіпорындар, ғимараттар және имараттар, сондай-ақ пайдалануға
берілгеннен кейін өз бетінше баланста болатын филиалдар және жекелеген
өндірістер объектілерінің кешенін тұрғызу.
Негізгі қорларды жоюдан болатын шығындар – ғимараттар мен имараттарды,
жабдықтарды және т.б. бұзу бойынша шығындар.
Құрылыстың шаруашылық әдісі– құрылыс салушы немесе инвестордың өз
күшімен жүзеге асыратын құрылыс салу әдісі. Құрылыс салуға қаражаты бар
ұйым, кәсіпорын немесе мекеме, өзінің мұқтажына қажет құрылыс-монтаж
жұмысын мердігерлік ұйымның қатысынсыз өз күшімен орындайды.
Өнімнің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:
- формалдық экономикадағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;
- жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;
- тұрғын және тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар және имараттарды
күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін анықтау;
- бейресми және жасырын қызметі құрылыс жұмыстары көлемін анықтау.

Жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау
Жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі ғимараттар мен
имараттарды салу бойынша мердігерлік және шаруашылық әдіспен және жеке
салушылармен өндірілетін құрылыс-монтаж жұмыстары, жаңарту және техникалық
қайта жарақтандыру, ұлғайту сондай-ақ құрылыс объектілерімен байланысты
өзге де шығындар көлемін жиынтықтау арқылы анықталады.
Жаңа құрылыстағы (Vн) құрылыс жұмыстарының көлемі келесі формула
бойынша есептеледі:

Vн = Vп + Vх + Vи + Зп, (1.1)
мұнда
Vп - мердігерлік әдіспен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының
көлемі;
Vх - шаруашылық әдіспен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының
көлемі;
Vи - жеке құрылысшылармен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының
көлемі;
Зп - құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындар
көлемі;
Жаңа құрылыстағы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі (Vп) келесі
формула бойынша есептеледі:

Vп = v1 + v2, (1.2)
мұнда
v1 - ірі және орта кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған
құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;
v2 - шағын кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-
монтаж жұмыстарының көлемі;

Жұмыстарды мердігерлік шарт бойынша жүзеге асыратын құрылыс
ұйымдарының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі мердігерлік
жұмыстардың көлемі болып табылады. Бұл көрсеткіш құрылыс-монтаж
жұмыстарының (жаңа құрылыс, жаңарту, ұлғайту, техникалық қайта құру және
басқалар) құны қосылатын мердігерлік жұмыстар құнын көрсетеді.
Ірі және орта кәсіпорындар (v1) мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-
монтаж жұмыстарының көлемі бойынша деректер құрылыс ұйымдарымен орындалған
жұмыстар (қызметтер) туралы айлық сайынғы статистикалық байқаулар
деректерінің негізінде қалыптасады.
Шағын кәсіпорындар (v2) мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж
жұмыстары көлемінің ақпараттық негізі қызметкерлерінің саны
50 адамға дейін құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер)
туралы тоқсан сайынғы статистикалық байқаудың деректері болып табылады.
Құрылыс өнімінің шығарылым көлемін анықтауға мүмкіндік беретін шағын
кәсіпорындар туралы ай сайынғы ақпарат жоқ болғандықтан, оның ай сайынғы
есептеулері сараптамалық бағалаулар және жанама есептеулер арқылы
жүргізіледі. Атап айтқанда, шағын кәсіпорындар бойынша айлық жұмыс көлемін
есептеу үшін соңғы тоқсандағы мердігерлік жұмыстар көлемі бойынша деректер
осы тоқсандағы айларға, құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі есебімен
ірі және орта кәсіпорындардың тоқсандық көлемінде әр айдың үлес салмағы
бойынша бөлінеді*.
Шағын кәсіпорындар бойынша есептік айдағы алынған мердігерлік жұмыстар
көлемі, осы кезең бойынша ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша
жұмыстар көлеміне жатады және айлық көрсеткішті қалыптастыру үшін
алгоритмде қолданылатын осы кәсіпорындарға бағалау коэффиценті анықталады
Шаруашылық әдіспен (Vх) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемі
негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы жылдық статистикалық байқау
деректері бойынша анықталады. Айлық көрсеткішті есептеу үшін жылдық
көлемнің 121 бөлігі алынады.
Жеке салушылармен (Vи) орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі туралы
деректер жеке салушылар пайдалануға берген объектілер туралы статистикалық
байқау бойынша анықталады.
Құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындар (Зп) туралы
ақпарат айлық кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы
статистикалық байқау деректері арқылы анықталады. Құрылыс объектісімен
байланысты өзге де күрделі шығындарға тоқтап тұрған объектілер және уақытша
тоқтап тұрған құрылыс бойынша, жойылған құрылыстың негізгі қорлары бойынша
және с.с. шығындар жатады.
Сонымен бірге құрылысты есепке алынатын күрделі салымдар ҰШЖ
түсінігінде негізгі капиталға салынған инвестицияларды қамтитын келесі
шығындарды қамтымайды.
- жобалау-іздестіру жұмыстарға жұмсалған шығындар;
- көп жылдық екпе ағаштар егуге жұмсалған шығындар;
- жұмысқа жегілетін, өнімді және асыл тұқымды мал сатып алуға
жұмсалған шығындар;
- бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған шығындар;
- негізгі қорлардың құнын ұлғайтпайтын шығындар.
Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу үшін қолданылатын өзге
де капиталдық салымдар көлемін есептеу кезінде осы шығындар тізбесіндегі
капиталдық салымдар көлемін алып тастау қажет.
Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша
жұмыстар көлемін анықтау.
Объектінің құнын қымбаттатпайтын жөндеу жұмыстары, яғни ұлттық шоттар
жүйесінің анықтамаларына сәйкес ғимараттар мен имараттардың ағымдағы
жөндеулері құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткіштерінің құрамына қосуға
жатпайды.
Ғимараттар мен ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша құрылыс
жұмыстарының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

Vкр = Vкрп + Vкрх + Vкри, (1.3)
мұнда
Vкрп - мердігерлік әдіспен орындалған ғимараттар мен имараттарды
күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі;
Vкрх - шаруашылық әдіспен орындалған ғимараттар мен имараттарды
күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі;
Vкри - жеке тұрғын үй құрылысы бойынша орындалған күрделі жөндеу
бойынша жұмыстар көлемі.

Мердігерлік әдіспен (Vкрп) орындалған күрделі жөндеу бойынша жұмыстар
көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

Vкрп = v3 + v4, (1.4)
мұнда
v3 - ірі және орта кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған
күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі;
v4 - шағын кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған күрделі
жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі.

Ірі және орта кәсіпорындар (v3) мердігерлік әдіспен орындаған күрделі
жөндеу бойынша жұмыстардың көлемінің деректері құрылыс ұйымы орындаған
жұмыстар (қызметтер) туралы айлық статистикалық байқау деректерінен
қалыптасады.
Шағын кәсіпорындар (v2) мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу
бойынша жұмыстарының көлемі бойынша ақпараттық негізі тоқсандық кезеңдегі
құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы статистикалық
байқауы болып табылады. Шағын кәсіпорындар орындаған күрделі жөндеу бойынша
жұмыстардың көлемін ай сайын есептеу үшін жаңа құрылыста жұмыс көлемін
есептеу қолданылады.
Шаруашылық әдіспен (Vкрх) орындалатын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар
көлемінің көрсеткіштері және жеке тұрғын үй құрылысы (Vкри) бойынша
орындалған жұмыстар көлемі инвестициялық қызмет бойынша және жеке құрылыс
салушылар пайдалануға берген объектілер туралы статистикалық байқау
деректерінен анықталады.
Құрылыс саласындағы бейресми және жасырын қызмет көлемін анықтау
Жалпы шығарылымның бағалауын толықтығына және кешенділігіне қол
жеткізу шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық ресми, сондай-ақ
бақыланбайтын қызметтер түрінің кіруін талап етеді. 1993 жылғы Ұлттық
Шоттар Жүйесінің талаптарына жүгіне отырып жүргізілетін әртүрлі жасырын
экономикалық қызметті есепке алу туралы, құрылыстың жалпы шығарылымының
барлық бағалау есептерінің және түзетулерінің жиынтықтығын көрсету үшін
бейресми экономикаға және жасырын өндіріске бағалау есебі қолданылады.
Бейресми және жасырын қызметінің (Vнс) құрылыс жұмыстарының көлемін
есептеу үшін Жасырын және бейресми қызмет параметрлерін есепке алғандағы
құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар
қолданылады.

ІІІ ЖЕКЕ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ СМЕТАСЫН ЕСЕПТЕУДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУЫН ҚҰРУ.

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің
дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды,
өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға
қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте
деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез
кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге
сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға,
жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер
сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын
басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы
локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс
істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба
құруға мүмкіндік береді .
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер
базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір
мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді
МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар
жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше
компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың
корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle,Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т.б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының
болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ
кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase , Paradox , InterBase .
Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған
форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI
мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде
олардан асып та тұрады.
МББЖ дегеніміз бағдарламалық қамтама. Бұның арқасында қолданушылар
деректер базасын (ДБ) анықтай, құрай және қолдай алады, сонымен қатар оған
қатынасты бақылай алады.

МББЖ ортасының компоненттері
2.1 суретте көрсетілгендей МББЖ ортасынан келесі 5 негізгі компоненттерді
бөлуге болады:

КӨПІР
Компьютер Адам

Сурет 2.1 МББЖ ортасының компоненттері

Аппараттық қамтама. МББЖ мен жұмыс істеу үшін кейбір аппараттық қамтама
керек. Ол өте кең шектрде вариациялана алады – дара дербес компьютерден
және көп компьютерлерден тұратын желілерге дейін. Қолданылып жатқан
аппараттық қамтама қолданылып жатқан МББЖ-ға және организацияның
талаптарына тәуелді. Кейбір МББЖ-лер тек қана нақты аппараттық қамтамаға
немесе құралға орналған, ал басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалармен
және ОЖ-мен жұмыс істей алады. МББЖ мен жұмыс істеу үшін әдетте минимум
оперативтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрама темірбетон бұйымдарымен конструкциясы
Құрылыс құрылымдарын, материалдарды оттан қорғау тәсілдері
Бір қабатты өндірістік ғимараттарды монтаждау әдістері
Қазақстан Республикасында Еуронормаға өту мәселесі
Құрылыстық конструкциялар
Өндірістік ғимарат каркастарын тұрғызу
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бетондық араласпаның қасиеттері
Қайта Жаңғырту құрылыс талаптары
Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері
Пәндер