Инвестициялық операциялар есебі


ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері ... ... ... ... ... ...16
2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есепің маңызы ... ... ... ... .22

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері ... ... ... ... .25
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады: - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз; - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану. Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы N 234 Заңы//Бухгалтер бюллетені-№7, 2007
3. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп//Алматы, 2004
4. Бухгалтерский учет, М., 1998
5. Кеулімжаев Б. Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2004
6. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2001
7. Назарова В. Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп// Алматы - 2005
8. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
9. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы – 2001.
10. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,
Алматы – 2003.
11. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002.
12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,
Алматы-2000.
13. Назарова В.Л. Басқару есебі// Алматы – 2005
14. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары//Қоғам және дәуір. №7-2007
15. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»,
Алматы - 2003.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 32 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЕСЕБІ------------------------------ ------------------------
--5

1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері---------------------------- -----
-------5

1.2 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың
инвестицияларының есебі------------------------------ ----------------------
------------7

1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар
және олардың ерекшеліктері---------------------- ----------------------------
10

ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ----------------------------13

2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі------------------------------ --
----13
2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері-----------------------
16
2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есепің маңызы-----------------
22

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ------------------
----------------------------------- -------------------------------25

3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері-----------------
25
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру
жолдары---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------28

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------35

Кіріспе

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды
жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі
резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында
өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі
айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-
ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты
арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды
жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине
Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын
көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін
қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері,
Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің
республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап
етеді.
Қазақстан – 2030 стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық
қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:
- қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын
күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік
дәуірде өмір сүріп отырмыз; - шетел
инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу; - Ұлттық
қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ,
БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму
банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану.
Кәсіпорын – түрлі
өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы
және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай,
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.

І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың
сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе
кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу
түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі
бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына
жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе
мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі
ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын
кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын
және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет
және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият
әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп
отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге
мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.
Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады.
Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып,
басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа
салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға
жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына
қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін
өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни
олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын
дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану
арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай
категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан
артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші
субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.

3 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың
инвестицияларының есебі

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық
тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық
серіктестігінің, оның жарғылық капиталындағы үлесінің басымдылығына
байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше жолдармен,
шешімдерді айқындауға мүмкіндігі болса, онда ол еншілес деп
есептелінеді; тәуелді акционерлік қоғам, яғни бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалар деп жасалған келісімдер нәтижесінде инвестицияланған
объектіге қатысты қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау құқығына
ие болған басқа заңды тұлғалардың ықпалына түсіп қалған серіктестерді
айтамыз.
Инвестициялардың есебі 2000 Инвестициялар бөлімшесінің
шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар
кіреді: 2120 Еншілес серіктестерге салынған инвестициялар, 2140
Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар, 2130 Бірлесіп –
бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар, 2180 Басқа
инвестициялар.
2120-2180 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы
(аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар
түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларға есеп жүргізілгенде төмендегідей әдістер
қолданылады:
Үлестік қатысу әдісі - инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу
құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза
активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты
олардың құнының өсуін (кемуі) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық
серіктестестігінің таза кірісінде (шығынында) инвестор үлесінің өзгеруі
қаржылық – шаруашылық қызмет туралы есепке табысқа жатқызылады.
Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде инвестициялардың
баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза табысындағы
инвестордың үлесін сараптағандағы өсуі (кемуі) табысқа жатқызады.
Еншілес ұйымдардың жинақталған таза табысының жалпы сомасынан
тиісті дивидендтер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта
бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі, инвестициялардың
баланстық құнын көтереді (кемітеді) және меншікті капиталдың бөлімшесінде
көрсетеді.
Инвестор өзінің еншілес ұйымдардың таза табысында үлестік қатысын
қайта жаңғыртуға, тек таза табыс үлесі, таза шығындар үлесіне тең болғанда
ғана мүмкіндік алады.
Құн әдісі - инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен
көрсетілетін есеп әдісі. Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық
серіктестігінің, жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті
дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі жағдайларда
жұмыс істеп, инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса, инвестицияға
иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі. Мұндай шектеулерді тудыратын
төмендегідей себептер: реттеуші органның бақылауында болса, кәсіпорын
дивидендтері бөлу аспектісіне араласуы мүмкін; кәсіпорын өз қызметін,
дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға шек қойылған немесе валюта
бағасы жедел кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.

Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігіне инвестициялар оларды
болашақта сату мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік қатысу әдісі
бойынша біріктірілген қаржылық есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық
серіктестігі инвесторға қаражат беру қабілетін төмендететін қатаң ұзақ
мерзімді жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда олар құн әдісімен есептелуі
тиіс.
Бөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші инвестор, еншілес ұйымдарға
біріктірілген қаржылық есеп – беруді жасаған кезде, тек өзінің инвестициясы
туралы мәліметті ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық есеп-беруді
жасамайтын инвестордың есебі, жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен, ол
мынадай жайларды ескереді: үлестік қатысу әдісімен немесе құн әдісімен
(тәуелді шаруашылық серіктестігі қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында
қызмет істесе немесе инвестициялар жақын болашақта сату мақсатында алынса);
сатып алу құнымен немесе қайта бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді
инвестицияларды есепке алудың қабылданған есеп саясатына сай сатып алу мен
ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша есептеледі.

1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық
қорлар және олардың ерекшеліктері
Қорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:
• компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық
шешімдер қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар
сату процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша
агенттерді қатыстырады;
• қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке)
байланысты — қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты қор
бойынша компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық
функцияларын бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін
жүргізеді және сақтайды; қор активтерінің номиналды ұстаушысы
болып табылады, қор мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер
жасалады;
• тіркеуші — қордың бағалы қағаздар иелерінің реестрін жүргізеді, кейде
тіркеу функцияларын компанияның басқарушысы жүзеге асырады;
• аудитор — есептің дұрыс жүргізілуін және өздеріне сәйкес елдегі
(мемлекеттегі) сектордың есеп беруін тексереді, бірақ олардың мақсаты
барлық жерде бірдей.
Қорларды негізгі екі параметр бойынша ажыратады - заңды және
операционды құрылым. Қорлар құрылымы бойынша корпаративті, трасталық және
келісім-шартты болып бөлінеді.
Корпоративті қорлар. Ең кең тараған Қорлардың типі — корпоративті, ол
акционерлік қоғам тәріздес құралады, басқа компаниялардың облигацияларын
өздерінің акционерлерінің атынан инвестициялауды жузеге асырады; бұл
инвестициялардан түскен табыс, қор акционерлерінің арасында дивидендтер
түрінде бөлінеді ал олардың акция пакеттерінің құны қор инвестициясының
құнындағы өзгерістерге сәйкес өседі (немесе төмендейді). Корпоративті
қордың иесі акционерлер болып табылады, оны компанияның директоры олардың
атынан басқарады. Қордың инвестициялық портфельдік басқаруын компанияның
тәуелсіз басқарушысы жүзеге асырады.
Трасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің негізінде қор
активтерінің және қордың жариялаған қызметінің мақсаттарының аман
сақталуына жауап беретін, қамқоршысы мен қордың басқарушы компаниясы
арасындағы нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт бойынша басқарушы
компания қордың инвестициялық портфелін басқарады, тәртіп бойынша,
әкімшілік процедураларды жүзеге асырады. Мұндай функциялардың бөлінісі қор
мен оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік етудің қосымша қорғау құралы
болып табылады. Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда және Ұлыбританияның
бұрынғы колониялары мен Австралия сияқты, британдық жалпы құқығы бар
елдерге кеңінен тараған; бұл нысан сирек болса да Америка Құрама
Штаттарында пайдаланылады.
Келісім-шарттық қорлар. Кейбір елдердің заңдары бойынша ұжымдық
активтерді басқару үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді, бұл
мемлекеттерде (негізінен романо-германдық құқық немесе азаматтық кодекс
жүйесімен) ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны жасалынған. Мұндай нысан
кезінде қор активтерінің заңды иеленушісі болып не басқарушы, не ұйымдасқан
инвесторлар болып табылады. Активтердің сақталуына жауап беретін көбінесе
банк немесе басқа кредиттік институт, еншілес құрылымы немесе оның
бөлімшесі басқарушы болып табылады. Активтерді сақтау функциясымен қордың
басқару функцияларын бөлу кредиттік институттардың жоғары репутациясымен
және реттеушілер жағынан олардың үстінен қатаң бақылау арқылы жүзеге
асырылады.
Инвесторлардың өздері - акционерлер емес, дивидендтермен және
капиталдың өсуін алуға құқықтары бар қатысушылар, бірақ дауыс беру
құқықтары жоқ. Олар пайдалана алатын жалғыз құқық — ол өздерінің активтерін
сату құқығы, егер оларға ол қорды басқару ұнамаса, одан шығып кете алады.
Қорлардың бұл типі Германия және Францияда қолданылады. Операциондық
көзқарас бойынша жабық және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.
Жабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың нақты белгіленген саны болады,
акционерлік қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан нысанда құрылады.
Сондықтан, қордың акцияларын қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың
осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы сатылуы керек және бұл операция қор
биржасында акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде жүргізіледі. Қосымша
акцияларды жасау және шығару немесе акцияларды жою үшін сатып алу, әдетте
акционерлердің келісімін талап етеді.
Ашық типтегі қорлар нақтылы белгіленген капиталы бар жабық типтегі
қорға қарағанда олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар сатушылар және
сатып алушыларға байланысты әрдайым шығарылып және жойылып отырады. Осындай
тәсілмен қор капиталының өсуі немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын
ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе кеңейе алады. Ашық типтегі қордың
акцияларын қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты түрде көбінесе күн
сайын сатуға ұсына алады.
Инвестициялық қорлар қызметісіне қатысы бар ең негізгі көрсеткіштердің
бірі болып қордың барлық таза активтері - қордың нарықтық бағамен
бағаланған барлық активтерінің белгіленген процедуралары мең қордың барлық
міндеттемелері болып табылады. Қор-дың бір акциясына (жарнапұл)
есептегендегі таза активтердің құнын акция құны (жарнапұл) деп атау
қабылданған. Бұл көрсеткіштер келесі түрде есептелінеді:
Қордың таза активтерінің құны (ТАҚ) = Қордың барлық активтері - Қордың
барлық міндеттемелері; Акция құны (жарнапұл) = Таза активтер құны
айналымдағы акциялар (жарнапұл) саны

ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 1100 "Қаржылық инвестициялар"
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 2040 "Акциялар", 2020
"Облигациялар" және 2010 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
2040-2010 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы
шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы
қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық
инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп
инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша
жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей
шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін
төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондықтөлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған
құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік
немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не
ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі
бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен
есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура
келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады,
ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу
құнының ең теменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі
негізде анықтайды:
- жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
- инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
- жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары
болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше
жағдайда — табыс ретінде танылады.
Енді біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп
көрейік.

Жоғарыда көрсетілген варианттың біріншісі бойынша қысқа мерзімді
қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі
құны сатып алу құнынан 65 мың теңгеге (1565 - 1630) теріс айырмасы болғанын
көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады.
Ал екінші вариант бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде
сатып алынды (820 мын, теңге 825 мың теңгеден аз), ал облигацияның
баланстық құны ең кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды
(740 мың теңге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантта біріншісі 5 мың теңгеге
оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде танылды, ал екіншісі 70 мың
теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылды.
Нәтижесінде, екінші варианттың да, бірінші варианттың да айырмашылығы
бірдей соманы (65 мыңтеңгені) берген.
Үшінші вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай
баланстық құны құрайды:
" А" компаниясы - 280,0 мың теңге сатып алу кұны
бойынша;
"Б" компаниясы - 210,0 мыңтеңге ағымдағы құны бойынша;
"С" компаниясы - 150,0 мың теңге сатып алу құнымен
ағымдағы
құны бірдей;
"Г" компаниясы - 165,0 мың теңге ағымдағы құны бойынша;
"К" компаниясы - 100,0 мың теңге сатып алу құны бойынша;
Бұр арада бұрындары жүргізілген кдйта бағалау сомасы инвестицияның
табысы болып саналады.
Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ,
онда: олар сатып алу және ағымдағы күнның ең төменгі бағасы бойынша немесе
ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген
болса) бағаланады.
Енді біз бұл қалай есептелетіндігі туралы, бір мысал қарастырып
көрейік:
- акцияның инвестициясы;
- облигацияның инвестициясы; - басқа да қаржылық ивестициясы.
2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері

2040 "Акциялар" шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың, банктердің
және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция —
акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын
куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін
алу құқын беретін бағалы қағаз.
Акцияларды алған кезде 2040 "Акциялар" шотының дебеті бойынша және
төмендегі шоттардың кредиті бойынша шоттардың корреспонденциясы жасалынады:
сатып алынған акциялардың сатып алу құнына — 4110 "Жабдықтаушылар және
мердігерлермен есеп айырысулар", 6670 "Басқа кредиторлық қарыз және
төлемдер", 3320 "Еншілес серіктестіктерге қарыз", 3340 "Тәуелді
серіктестіктерге қарыз", 3330 "Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға
қарыз".
Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша
қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 1150 — шоттың дебеті, 1050 "Ел
ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша", 1050 "Шетелдегі валюталық шоттағы
нақты ақша" шоттарының кредиті — шет мемлекеттердің банкілер мен
компанияларының акцияларын алғанда; 1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты
ақша", 1010 "Кассадағы ұлтгық валюта түріндегі нақты ақша" — Қазақстан
Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен
шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 7410 "Бағалы қағаздарды сатумен
байланысты шығыстары" деген шоты дебеттеледі де, және 1150 "Акция"
кредиттеледі, сосын ол 1210 шотының дебеті бойынша және 6210 шоттың кредиті
бойынша керсетіледі.
Мысал. "Батыс" ААҚ ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған
болатын:
- "Тұрмыс" ААҚ - 10000 дана 300 теңгеден әрбір данасын;
- "Алтын" ААҚ - 8000 дана 450 теңгеден әрбір данасын; '': - "МАЗ" ААҚ -
5000 дана 200 теңгеден әрбір данасын.
Осы алынған акциялардың жиынтығы, "Батыс" ААҚ акцияларының шамамен 20 %-
тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың қызметіне айтарлықтай әсер ете
алмайды.
"МАЗ" ААҚ-ында акцияны алуымен байланысты брокерлердің қызметі 15 мың
тенге құраған. Бір акцияның ағымдағы құны мынаны құрады:

"МАЗ" ААҚ ағымдағы жылдың қарашасында қайта сату мақсатында алған
болатын, бірақ ол сатылмай қалды, сондықтан оны келесі жылдың басынан
бастап, ұзақ мерзімді инвестицияға өткізу туралы шешім қабылданды.
"АЛТЫН" ААҚ ұзақ мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған
болатын, бірақ кәсіпорында және инвестициясының саясатында өзгерістердің
болуына байланысты оны келесі жылдың мамырында сатуына тура келді, бұндай
шешім ақпанда қабылданған болатын.
"ТҰРМЫС" ААҚ 10000 дана акциясына 100 мың тенге дивиденд тиесілі
болатын, бірақ сол дивиденд сәуірде жарияланғанымен ағымдағы жылдың
қыркүйегінде төленді.

Енді біз осымен байланысты шоттар коопеспонденциясын жасап көрейік.

1.Сатушыға қаржылық инвестицияның 4 015 000 3310,3390 1020
құны төленді
(1000000+15000+2900000+100000)
2.Цемент ААҚ акцияға қосылған 100 000 1020 2170
дивиденд құны төленді
3.Қысқа мерзімді қаржылық 235 000 1110 6160
инвестицияның ағымдағы құнының
өзгеруіне байланысты және ұзақ
мерзімді категориясына өтуіне
байланысты ағымдағы құны бойынша
бағаланып, 1-ші қаңтардан бастап
оның баланыстық құны болып
саналады.
IBC ААҚ акциясы (5 000х250-1 015
000)
4.Цемент ААҚ акциясы бойынша 150 000 2170 6120
дивиденд есептелінді
5.Темір ААҚ 5000 акциясы сатылды 2 250 000 7410 1110
инвесицияның баланстық құнына 2 250 000 1020 6210
(5000х450)
сатудан түскен табыс сома
6.Цемент ААҚ акциясы бойынша 150 000 1210, 2170
дивиденд есептелінді 1020
7.Қысқа мерзімді қаржылық 30 000 1110 6260
инвестицияның ағымдағы құнының
өзгеруіне байланысты Темір ААҚ
акциясы ұзақ мерзімді
инвестициясына ауыстырылды 30000
теңге ((8000-5000) х
460-8000-5000) х 450

"ТҰРМЫС" ААҚ ағымдағы жылдың сәуірінде қайтадан 10000 акцияның
деңгейінде 150 мың тенгеге дивиденд жарияланды.
Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны
ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша
есептеуді қарастырған болатын.
Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде
тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар
(ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды
органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады.
Облигация - жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы:
оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс
беруге де құқысы жоқ.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 1130 "Облигация"
шотында жүреді.
1130 "Облигациялар" шотында мемлекеттік және жергілікті займдардың
проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақты бары
мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді.
Облигация — белгіленген нақты (номиналдық) құны бойынша егесіне процент
төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың
төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық
банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап
етушіге арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және
айналым шеңбері шектеулі.
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының
деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды кездейді.
Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша
есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік.
1. Облигация,, номиналдық құны бойынша шығарылған. Кәсіпорын 1 млн.
теңге тұратын, әр қайсысы мың теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды
делік, бүл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық
деңгейден есептелген 20% телем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған
облигациялардың құнына:
1130-ші "Облигациялар" шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредиттеледі -1
000 000 теңге.
Сатып алынган облигациялар бойынша жылдық проценттердің сомасы: 1 000
000 теңге х 20% : 100% = 200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге құраған.
Есептелген проценттердің сомасына 2170-ші "Есептелген проценттер" шотының
дебеті жөне 1270-ші "Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі
табыстар" шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бухгалтерлік
жазбасы жазылып отырады.
Әрбір үш ай сайын облигация эмитентінің шығарылым шарттары бойынша
инвесторға тиесілі проценттер теленіп отырады: ол кезде 1040 шоты
дебетгеліп, 1270 шоты 50 001 (16 667 х 3) сомасына кредиттеледі.
Облигациялардың жабылу (погашение) мерзімі таянған кезде эмитент
инвесторға олардың салған ақшасын номиналдық құны бойынша қайтарады: ол
кезде бухгалтерлік жазудың үш жазбасы жасалады:
Дт 7410, Кт 1130 - 1 000 000;
Дт 2810, Кт 6210 - 1 ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Кассадағы операциялар есебі
Кәсіпорынның несиелік операциялар есебі
Депозиттік операциялар есебі
Валюталық операциялар есебі жайлы
Валюталық операциялар есебі
Депозиттік операциялар есебі
Кассалық операциялар есебі
Лизингтік операциялар есебі
1С: бухгалтериядағы банк операциялар есебі
«Инвестициялық операциялық есебі»
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь