Корпорациядағы қаржылық жоспарлау мен бақылау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеті, қағидаты, әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың жүйесі ... ... ... .
1.2. Корпорациядағы қаржылық көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ...
II. Корпорациядағы қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1. Корпорациядағы қаржылық бақылаудың сипаттамасы ... ...

2.2. Корпорациядағы аудиториялық бақылау ... ... ... ... ... ... ...

2.3. Корпорациядағы қаржылық бақылаудың әдістері ... ... ... ...

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Корпорациядағы қаржылық жоспарлау- бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік –экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Корпорациялық қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақша мен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Корпорациялық қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогресивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Корпорациядағы қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, корпорациядағы қаржылық жоспарлау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалау жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын жоспарлаудың мүмкіндіктерінің анықтауы тиіс).

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
I. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары
мен әдістері.

Корпорациядағы қаржылық жоспарлау- бұл қаржы механизімінің қосалқы
жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік
–экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және
тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық
буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының
қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Корпорациялық
қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің
материалдық-заттай элементтері турасында, ақша мен қоғамдық ұдайы өндіріске
белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен
шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Корпорациялық қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық
процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын,
шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып,
бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті
(реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің
кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогресивті
нысандарын қолдануды қажет етеді.
Корпорациядағы қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы
операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің
нәтижелілігі сияқты, корпорациядағы қаржылық жоспарлау процесінде қол
жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі
теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық жоспарлаудың алдында болуы және көптеген
нұсқаларды бағалау жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро
деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын жоспарлаудың мүмкіндіктерінің
анықтауы тиіс). Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін
болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген
міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ тандалынған мақсатқа
жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау- бұл қаржы жоспарларын (яғни, корпорацияның
тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген
мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі
ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық
өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі- шаруашылық жүргізуші субъектілері
мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қортынды нәтижесі қаржы жосапарлары
мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына
дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. әрбір жоспарда белгілі бір
мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің
буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы
міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды
орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді
өсірудің; шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы
үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техникамен әдістерді қолдануды
түсінеді);
3) тиімділігімен (қортындысына қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
А) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі.
Инфляция кезінде дерекетер инфляцияның коэффиенттеріне көбейтіледі. Бұл
әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт
жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
Ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
Б) нолдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі
тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды
мүмкіндіктерімен үйлестіреді).
Нарықтық экономикада жағдайды жоспарлаудың функциясы ретінде
экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақатарын жалпыға бірдей
қамту нысанын алу тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда
сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас
сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және
оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану
(мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен
өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны,
бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кірістіретін өзінің механизмі
бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас
нәтижелерін анықтаудың әдістері ретінде, барлық жоспарлардың элементтері
болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жосапрлаудың мазмұны- ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың
күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде, көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған жене орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық жосапрлау экономикаы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрлымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге
индекативтік, яғни, ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол
ақпараттық- үйлестіруші ролді орындайды және қаржы қызметінің
субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді.
Индекативті жоспарлау нарықтық экономиканың мемлекеттік реттеуде және
экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын
алады мұның процесінде экономиканың ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі
анықталады.
Қазақстанда индекативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады.
Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі
негізінде алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индекативті (жылдық)
жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индекативті жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни, қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.
2001-2005 арналған индекативтік жоспардың басты мақсаты – экономикалда
бәсекелестікті арттыру.
Индекативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индекативтік қаржылық
жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты- болжанған дамуды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау.
Индекативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті
сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты
болады. Сонғыға экономикалық тетіктерді- реттелетін бағаны, супсидияларды,
кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген
амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды
индекаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған
деңгейі, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық
аударымдамалардың нормалары.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің
үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің – орталықтандырылған
қаржылық жоспарлаудың жергілікті бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын
білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы
саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта
бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы
децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының
нақтылы жоспарлау жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және
оның нәтижелігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық
белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктік жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне
тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың
қаржылады басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып
келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде
нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық
өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлауын күшейтуде, тиімділікті арттыруда
оның рөлін арттыру қажет;
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлардың
барысында объектінің дамуының белгіленгенпараметрлері дәлелденіп
анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен
бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың
бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара
байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жосапрларының көрсеткіштері
оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік
деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары басқарудың жергілікті органдарының
кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек
етеді;
Жосапрлаудың үздіксіз қағидаты перспективалық және жылдық қаржы
жосапрларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың
іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін
нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және
перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық
жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай
отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың
көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде
қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік- түрлендірме әдісі- жоспарлау,
бағдарламалау және бюджет жасау;
Жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және
байандауды кіріктіреді;
Бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын құралдардың
қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
Бюджет жасау- жалпы көпжылдық бағдарламалары бойынша жылдық
бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру
бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу
процесі.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде – есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық
көрсеткіштерінің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық
көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста
жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға,
оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға ішкі шаруашылықтық
резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде - әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы
түрлерінің есеп қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы
тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді
пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайларда шығындардың жеке
түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

1.1. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың жүйесі.
Қаржылық жосапардың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы
мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың
жоспары болып табылады. қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары- жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының
қозғалысын негіздейді, мемлекеттік қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу
процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бұл
тек оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министірлердің, қаржы
жоспарламаларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы
ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана
жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы
жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және
сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшелінеді.
Жиынтық қаржы жосапры тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес,
сонымен бірге қаржы ресурстарының қозғалысының деңгейі бойынша да:
жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті)
жоспарлары болып ажыратылады.
Салалық (ведомствалық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық
өндіріс саласы министрлігінің (ведомстволарының) кірістер мен шығыстарының
балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің (ведомстволарының)
шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және тағы басқа
жоспарларын кіріктіреді.
Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық
қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық
ұйымдардың және т.б жоспарлары.
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен салық
жоспарлар ведомствоға қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық
әдеттегідей, жалпы мемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып
келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үш жылдық,
бес жылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың
жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бес жылдық мерзімге жасалынады.
Шаруашылық байланыстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына,
дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі
ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарықта
өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық
қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлау жасалуы тиіс, мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-
қисаптар жүргізілуі тиіс.
Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына
қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан,
өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр
алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы
жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың
шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке-дара
айналымын негіздеу қабілетілігінде болып келетіндігі, осыдан барып олардың
айрықша айналымын – бұл объектілердің кірістері мен шығыстарын, оның
қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын
ортақтандыратын тиісті қатнастарды анықтау.
Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне кірістердің,
шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай-ақ
мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық
өзара қатнастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы
мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен,
мемлекеттік, жалгерлік, кооперативтік кәсіпорындардың, акционерлік
қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншікті фирмалардың,
қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.
Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен
қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс
өзгешелігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты
нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы,
қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік
қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына,
құрлымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық
белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай-ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша
да (бірлестіктер, концеріндер, ірі, орта, шағын кәсіпорындар және т.с.с.)
топтастырған орынды.
Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары
болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы
жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін белгілейді.
Бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары
смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал
кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша
барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары
жасалынады. Ұжымшарлар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және
сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі
деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық) есепте жұмыс
істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен
шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрамы негізінен
кәсіпорындар үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен
қаражаттардың түсімі, шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалынатын
шығындар анықталатын. Баланстың Кәсіпорындардың бюджетпен өзара
қарымқатнастары бөлігі (алғашқы екі бөлімді – кірістерді және
шығыстарды теңестіруші) бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен
қаржыландыруды көрсететін.
Қаржылардың айналымы үлкен емес шаруашылық жүргізуші субъектілер
екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды,
оларда бюджеттен бөлінетін қаржы кірістердің құрамына, ал бюджетке
төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кірістіріледі.
Кәсіпорындардың кірістері мен шығыстары балансының ерекшелігі сол,
онда шаруашылық – қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып
көрсетіледі, ал аралық нәтижелер – ақша қаражаттарының айналымдары
болмайды.
Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу (бекіту)
арнаулы қаржы жосапрында – төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. Түсімдер
бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс,
банктердің қысқа мерзімді кредиттерінің, мерзімі өткен дебиторлық
берешектің түсімдері, кассадағы және есеп есеп айырысу шотындағы қалдық
қамтып көрсетіледі. Шығыстар бөлімінде тауар-материалдық құндылықтарды
сатып алуға, еңбекақыға, салықтарды төлеуге, банк несиелерін өтеуге, кредит
үшін пайыздары төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып
көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбем\сінің көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде (бір айдан
бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Төлем
күнтізбелігі есеп айырысулар мезгілдерін нақтылау мен олардың дәйектілігі
жайында кірістер мен шығыстар балансын толықтырады, бұл олардың
уақыттылығын қамтамасыз етеді.
Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші
шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарының да мәні арта түсті. Қазіргі
кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар
қаржылық жоспарларда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады.
Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын
алатын бизнес – жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жосапры
және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық
негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіполрындардың
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше
кәсіпорындар қатнастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-
жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың
бәсекеілестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды (рынок болжамы), маркетинг
стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және заңды жоспарларды, тәуекелділікті
бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы-бизнес жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды - өнім
өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен
кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен
пассивтердің балансын және графигін қосымша жасайды.
Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық
деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық
құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті
жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.
1.2. Корпорациядағы қаржылық көрсеткіштер.
Корпорацияны басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті
жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер – шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен
қорланымдарын жасаумен пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын
сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері
пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.
Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы экономикалық
категорияны, қаржы қатнастарының элементін белгілейді.
Шаруашылық жүргізуші төменгі буындада, мысалы, мынадай аса маңызды
абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:
өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс;
өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;
жалпы табыс;
кезең шығысы;
негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян);
табыс салығының сомасы (төленген);
таза табыс (немесе зиян).
Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштері
болып табылады:
инвестициялар көлемі;
жарғылық капиталдың мөлшері;
өндірістік және әлеуметтік даму қорларының (қолдану, тұтыну немесе
соларға ұқсас резервтік, валюта жөндеу қорларының) мөлшері;
жабдықтаушылырмен, тұтынушылырмен, банкпен, бюджетпен есеп
айырысудың көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер);
төленген дивидентердің, үлестердің мөлшері;
айналым қаражаттары көздерінің көлемі.
Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады:
табыстылықтың (рентабльділіктің) деңгейі;
акциялар бойынша табыстылық;
негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор
қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, негізгі құрал-жабдықтар айналымдылығының
коэффициенті, айналымның ұзақтығы);
өтімділіктің көрсеткіші.
Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы
және басқы қорларда пайдаланылады.
Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан
шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа
көрсеткіштер қолданылады.
Жиынтық қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының,
сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеикіштері мен олардың үлес
салмақтары; бюджеттер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің,
шығыстарының, тапшылығының ұлттық табысқа жалпы ішкі (ұлттық) өнімге
қатнасы (пайызбен) және басқалары жатады.
Ұлттық шаруашылық деңгейдегі қаржылық көрсеткіштер мемлекеттің
қаржы ресурстарының ауқымы мен құрлымын, мемлекеттік бюджет және басқа
қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының
рентабльділігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды.
Мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптастырудың тиімділігін жалпылама
бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа
қатнасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер
пайдаланылады, олар қаржы жоспарын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми
негіздеуге арналған.
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда
(пайыздарда, коэффицентерде, өнімді өлшеудің натуралы бірліктерінде,
уақытта ақша өнімінде) тұлғаланады.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың ең төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен
нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа
нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық
көрсеткіштерін жоспарлағанда – жеке-дара нормалар мен нормативтер
пайдаланылады.
Қаржы нормалары мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп-
қисаптық болып бөлінеді. Бекілілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы
заңнамамен белгіленеді, есеп-қисаптары ішкі жоспарлауда пайдаланылады.
Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс
қорларға аударылатын аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен
ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды (капиталды)
жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы
қызметін реттейтін басқалары жатады. Сондай-ақ бірыңғай нормалар мен
нормативтер болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізуші
субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен
нормативтері.
Көптеген қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер
немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы
қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де
болып табылады. сөйтіп, қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау
процестеріндегі қаржы механизмінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз
тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.

II.Корпорациядағы қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.
Қаржылық бақылау- қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялдық элементерінің бірі.
Ол басқарудың қаржылық жосапрлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа
элементтермен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Корпорациядағы қаржылық басқарудың болуы экономикалық категория
ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде
шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі,
қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдалануы туралы
ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді
өндіру, айырбастау, бөлу жене тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет
тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық
қатнастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамндармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде
пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану
қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер
қаржы экономикалық базистік қатнастарды, яғни өндірістік қатнастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады. практикада қаржының бақылау
функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды
бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау
қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық
қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта
бөлу үйлесімдерінің оңтайлығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы
(бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізу субъектілердің, мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек,
материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай күйі және оларды тиімді
пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да
кірістіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа
түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік техникалық, саясы бақылаумен
жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық
қызметтпен тығыз байланысты болғандықтан қаржылық бақылауды шаруашылық
бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы
операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып
көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме қағидаттарының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып
табылады:
Бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
Бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастыруда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделенгенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде
жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
Ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып,
тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
Қаржы қатнастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен
әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін
бақылау;
Қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен
аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және
саралай отырып қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар
бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, салалар мен аумақтар бойынша бөлудің
алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып
көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда
олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. әр
түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің
бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қортылады және
осының негізінде қаржы қатнастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік
органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микро деңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микро деңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
Кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың
сақталуын қамтамасыз ету;
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы
міндеттемелерін орындаудың дер кездегі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
Қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
Ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік
есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда,
өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып
табылады. қаржылық бақылаудың кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның
жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатта тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да
тартылады.

2.1. Корпорациядағы қаржылық бақылаудың сипаттамасы.
Қаржылық бақылаудың сипаттамасы субъектілердегі айырмашылықтарға,
бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізуді тәсілдеріне
(әдеттеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша
жіктеледі.
ҚР-ның қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын
субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай
мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.

Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы.


Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у
мемлекеттік қоғамдық
Жалпы
мемлекеттк ведомстволық Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың,
партиялардың, жастардың, бұқаралық
қозғалыстардың, ғылыми-техникалық,
мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық,
ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы.



Ішкі шаруашылық
Парламенттік (депутаттық)
бақылау
А у д и т о р я л ы қ б а қ ы л а
у

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік
қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын
бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген
қарыздары мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген
қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану
бөлінгендегі қызметтің ҚР-ның заңдарына сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – ҚР-ның Үкіметі,
жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және
бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық
бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын,
активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи
тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджетттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісі қызметінің ҚР-сы заңдарына сәйкестігін бақылау;
2) қаржылық есептемені бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын,
негізділігін және уақыттылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау – мемлекеттік қаржы бақылау объектісінің
республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін,
мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстардың, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны
үнемділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) кешенді бақылау – мемлекеттік кешенді бақылау объектісінің нақты
кезеңіндегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
нақты кезеңіндегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен
тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне
қатысты ақпарат алу қажеттілігіне байланысты үшінші тұлғалардың бақылау, ол
операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды
салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық
бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатнастар мәселелері бойынша және
тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялық режимін қамтамасыз
ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық,
құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге
асырылады.
Мемлекет қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік
қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық
бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау
службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1) қорытынды – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері
негізінде жасайтын құжаты;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеттерінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау
нәтижелері бойынша барлық актілердің қолданылуын растайтын құжат.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды
адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және
оның регламентімен айқындалады;
3) мәслихаттың тексеру комссиясының қаулысы – белгіленген тәртіппен
қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық
атқарушы органдар мен, тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын
пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық
сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;
4) ұсыным – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға
жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына ҚР-ның
заңдарында көзделеген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін
құжаты;
5) нұсқама – ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның
басшысы өз құзыры шегінде қабылданған және бұзушылықтар мен жұмыстағы
кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың
лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілетін белгіленген
нысандағы құжат;
6) бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары,
мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, ішкі бақылау
нәтижелері бойынша жасалған құжат;
7) бақылау жүргізутуралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі
бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде
мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
туралы қағиданы ҚР-ның Президенті бекітеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен
меншік нысандарына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне
қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары
жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау,
сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып
ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және
басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салық
бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынадай
түрлерін кірістіреді: елдің негізгі қаржы жоспарларының – мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты
талдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның қаржылық жоспарлауы мен қаржылық бақылауы
Корпорациядағы инвестициялық қызметтің мәні, маңызы және принциптері
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Кәсіпорын табысының қалыптасуы мен бөліну жүйесі
Корпорациялардың қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары
Басқарудың экономикадағы рөлі
Жапондық менеджмент мектебі және оның ерекшеліктері
Меншіктің акционерлік формасының қалыптасуы мен қызметтері
Нарық жағдайында акционерлік қоғамның жай және жай емес түрде қалыптасуы мен қызметтері
Көрсетілетін қызметтер тарификациясының болмауы
Пәндер