Сәкен Иманасовтың публицистикасы


Сәкен Иманасовтың публицистикасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-ТАРАУ СӘКЕН ИМАНАСОВТЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ . . . 1. 1 С. Иманасовтың өмірі мен шығармалары . . .
2- ТАРАУ СӘКЕН ИМАНАСОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ . . .
2. 1 Сәкен Иманасовтың шығармаларындағы лирика . . .
2. 2 С. Иманасов публицистикалық шығармалары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Сәкен Иманасов - ең алдымен Публицист, Азамат! Қарасөзбен жырлаған тақырыптары да, көсем сөздерi де аз емес. Аударма еңбектерi өз алдына бiр төбе. Өмiрбаянына қарап отырып, сан биiк лауазымды қызметтер атқарған, Қазақстан Республикасының халық депутаты болып сайланған қайраткерлiгi тағы бар. Соның бәрiн таратып айтып қөзi қарақты оқушыны жалықтырғым келмейдi. «Туғалы сойылдан да, дойырдан да айылын жиып көрмеген айбарлы Публицист» бойындағы барша қуат, екпiнiмен, тыныш өмiр сүре қойған жоқ. Сол тынымсыз еңбек пен табиғи талант оны Публицист еттi, халыққа жПублицист еттi. Бүгiнгi биiгiне көтердi. Бүгiн де ол айдарынан жел ескен ай мүйiздi айтулы Публицист! Халық¬аралық мәртебедегi «Алаш» әдеби сыйлығының ең тұңғыш иегерiнiң бiрi, Қазақстаның еңбек сiңiрген қайраткерi, Алматы облысы мен Ұшарал қаласының құрметтi азаматы. Бiз бiрге өсiп, бiте қайнасқан жоқпыз, бiрiмiз оңтүстiк те, бiрiмiз солтүстiкте тұрыппыз. Екеуiмiз парталас та, курстас та, тiптi көршi де емеспiз. Әйтсе де оған менiң жаным жПублицист. Екеуiмiздi тумай туыстырған әдебиет атты киелi өнер. Мен оның өзiн көрмей тұрып өлеңiн, көрген соң өзiн ұнаттым. Бүгiнде бетiң бар, жүзiң бар демей шындықты бетке айтатын батылдар мен батырлар аз, Сәкен Аға Иманасов сондай алтындай аз, алмастай асыл азаматтың бiрi, бiрегейi десек те артық емес. «Ақ сүтiмен ананың емген арды», «қолтығына бiреудiң, тығылмайтын, жылжымайтын ешкiмнiң аяғына» бұл Сәкен нағыз Публицист! «Батырынан бедел кеткен кезде де, Публицистына әулиедей сенетiн ел.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Белгілі сөз шебері Сәкен Иманасовтың шығармашылығының басты ерекшеліктеріне, оның шығармашылық өмірбаянына, шығармаларының идеялық, танымдық, тәрбиелік мәніне, өзіндік сыр-сипатына талдау жасау, сондай-ақ көркем туындыларының бізге жету жолын, жариялануын, танылуын, әр кезеңдердегі зерттелу ерекшеліктерін айқындау мақсат етілді. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер іске асырылды:
- Публицистның өмірі, шығармашылығы туралы айтылғаной-пікірлерді жинақтап, талдау жасау;
- Публицистның әр кездерде жарық көрген шығармаларын түгелгежуық қарастырып, әр түрлі жанрларда көрініс тапқан шығармаларынжинақтап, жүйелей отырып талдаулар жүргізу;
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Публицистның публицистикалық туындыларын талдауда арнайы жазылған әдебиет зерттеушілердің талдау жасаған еңбектерін басшылыққа ала отырып, өзіміздің жеке талдау білігімізге сүйендік.
Дипломдық жұмыстың дереккөздері: Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың әдіс-тәсілдері жұмысты жазу барысында. жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері Публицист шығармашылығының бұрын айтылмай келген қырларының айқындалуы, кейіннен табылып, соңғы жылдары жарық көрген шығармаларымен толықтырыла отырып Публицист шығармашылығына жасалған тұжырымдар мен талдаулар деп білеміз.
Дипломдық жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы қіріспеден, 2 тараудан, қорытындымен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ТАРАУ СӘКЕН КӨЗҚАРАСЫ
- С. Иманасовтың өмірі мен шығармалары
1937 жылы елдің қаймағы, Ілияс, Сәкен, Бейімбеттер сияқты алаштың талай ардақтылары сұрқия саясаттың құрбаны болып, атылып, асылып кетті. 1938 жылы Талдықорғанның Үйгентас ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында халық жауы атанған Құсайын әке мен Жұпар ананың шаңырағында дүниеге келген нәрестеге ел- жұрт Сәкен деп ат қойды. Жазықсыз жапа шеккен Сәкен Сейфуллин рухын құрмет тұтқандықтың белгісі болар.
Кейіннен, бала кезінде Нүсіп ағасының артынан еріп, ол тастаған жүгері дәнін жерден теріп жеп, жаяулатып ата қонысына оралған кезін Публицист жазып қалдырған естеліктерінде былайша еске алады:
« . . . Талдыбұлақтан біз 1943 жылдың жазғасалымында, мен ес біліп қалған кезде Алакөлге қарай шұбырған әлдебір босқындарға ілесіп, ата жұртымызға қайта оралған болатынбыз. Отан соғысының ес жидырмай тұрған кезі, қар қалың екені де есімде қалыпты. Қыңқылдап жылай берген мені Нүсіп ағам алдап- сулап жетелеп алған. Шешемнің қолында бір жарым жасар қарындасым бар. Қарға адам жер мұң болып, қойшы әйтеуір, атты кісіге жарты күндік, қазіргідей автокөліктерге бір сағатқа жетер- жетпес жерге жолшыбайғы әр ауылға бір қона жүріп, жаяулап- жалпылап он шақты күн дегенде барып «Талапкерге» де аяқ іліктіріп едік. Жол бойы көрген қорлық, тарығу, торығу, аштықтың, жалаңаштықтың азабы дегендерді ауызға да алып жатқан жоқпын. Ол өз алдына бір хикая» . . .
4 - 5 жасар бала Сәкен мектеп есігін ашпай жатып- ақ талаптанып өз бетінше хат таныды. Өзінен он жас үлкен ағасы Нүсіп газет- журналдарды көп оқиды екен. Әрі аудандық газетке хабар- ошар жазып тұратын көрінеді. Сәкен де ағасына еліктеп, аудандық «Колхоз туы» газетін оқитын дәрежеге жетеді.
Мектепке барады. Ол кезде елдің бәрі пешке қамыс жағады екен. Нүсіп ағасы бір күні екі шана қамыс шауып әкеліп, інісіне бір баланы қосып, аудан орталығына апарып сатып, содан түскен 50 сомға дүкеннен «Мың бір түн» кітабын сатып алуға жұмсайды.
«Мың бір түннің» екі томы елу сом. Соларды сатып ала сала, карынымыздың ашып шұрылдағанына қарамай, қасарысқан қалпымызда айдап отырып ауылға қайттық.
Үйге келгенде: «Бір кітап та жетер еді ғой, екіншісінің орнына бір шай алмадыңдар ма ? - деп шешеміз күңкілдеп, реніш білдіріп жүрді» . . . деп еске алатын Сәкен аға.
Содан ауыл қарияларына күнде кешкісін шамның күңгірттеу жарығымен бала Сәкен «Мың бір түнді» оқиды. Оның «Мың бір түннен» бастаған сол кітапқұмарлығы арқасында кейін С. Көбеевтің «Орындалған арман», «Барон Мюнгхаузеннің бастан кешкендері», «Том Сойердің бастан кешкендері», М. Шолоховтың «Көтерілген тың», «Сырлы арал», «Қазына аралы», «Казахские народные сказки», М. Әуезовтің «Абай жолы» кітаптарын оқудың мүмкіндігі туады. Міне әдебиет ауылына Сәкен Публицист осылай келеді.
Публицистің әдебиетке келуіне түйіткіл болған тағы бір- екі жайтты айтпай кетуге болмас. Оның анасы Жұпар марқұм сөз арасына ұдайы нақыл қосып, мақал- мәтелмен әрлеп, мәнерлеп сөйлеуді ұнататын жан екен. Сондай- ақ Ақмолда деген зиялы бір адамның бұрынғылар айтыпты дейтін аңыз, қиссаларын құлақ құрышы қанғанша тыңдап өседі.
«Әкеміздің ескі тонын оранып, үлкендердің сырт жағын алып мен де сөз тыңдаудан жалықпайтын едім. «Әй Сәкен ұйқың келді ғой, барып жатпайсың ба?» - деп қоятын әкеміз оқтын- оқтын. Мен үндемеймін, бірақ лып етіп тұрып кете қоймаймын. Соны сезген Ақмолда жарықтық: «Осы баланың зейіні ұнайды маған, тиіспеңіз, тыңдасын! - деп басымнан жылы сипап қоятын-ды», - деп еске алатын Сәкен аға.
Алтыншы класта оқып жүргенде, өзімен бірге оқитын чешен баласы Сұланбек Шамилханов «Қазақстан пионері» газетінен өзіне келген қызыл ала конвертке салынған хатты көрсетеді. Оған қатты қызыққан бала Сәкен де «Қазақстан пионеріне» өлең жібереді. Атақты жазушы Сансызбай Сарғасқаевтан жауап хат та алады. Бұл да бір баспалдақ еді.
Әрбір әдебиетке келген жан тектен - текке келмейді. Ал табиғи тума талант болса, оның сөз өнеріне әуестігі де ерте танылады, ерте білінеді. Сәкен ағаның балалық, жастық шағында көрген- білгендерінің қай- қайсысын оқысаң да, оның жүріп өткен жолы әйтеуір бір тұста Публицистдық ауылына келіп ат басын тірейді.
Мына бір естелік аса қызықты: «Біздің ауылда үлкен- кіші, кәрі- жас демей, жұрттың бәріне сыйлы, жалпыға жұғымды Омардың Рақымы дейтін ақ сақалды адам болды. Ән мен күйге әуес, өлең айтып, домбыра тартатын, қысқасы өнер атаулыға үйірсек бала көрсе, үйіне шақырып, қошеметтеп, қолпаштап, әрдайым қамқорлық жасап жүретін әдеті болушы еді. Аудан дәрежесіндегі лауазымының әжептәуір екендігіне қарамай (мен жоғары кластарда оқып жүргенде ол кісі ауатком төрағасы болатын), енді- енді өлең жаза бастаған, бірлі- екілі шумағы аудандық газетте жарияланып жүрген мені ол бір күні өз қасына шақыртып алды. Әлгі әлжуаз шығармаларымды әдейі бөлек сақтап қойған екен, көтере сөйлеп, абыройлы болуыма тілек білдіре отырып, бірқатар көкейге қонымды пікірін де айтты. Қағаздарын ақтарып отырғанда сусып жерге түскен бір суретті еденнен көтеріп алдым. Суағарында бармақтай мұрты бар, сұстылау келген келбетті адамның суреті екен. Сыртындағы екі жол арнау өлеңді оқып үлгердім, сөздері мен «Ілияс Жансүгіров», деп қойылған қол әлі күнге дейін көз алдымда. Рақаң ақсақал қалт қимылдап, қолымдағы суретті бір қағаздар арасына тыға салып: Бұның саған керегі жоқ, білмейсің !»- деп жуып- шайған болды.
Сөйтсек ол кезде Ілияс аға есімін атауға болмаған екен ғой. Ол «халық жауы» аталып, сонау сұрапыл да сұрқия жылдардың құрбаны болып кеткен екен де, шығармалары оқулықтан алынып, кітапханалардан қуылған екен.
«Мен, бәлки Ілияс жырларын онсыз да сүйіп оқуым мүмкін- ау, бірақ Рақым ақсақалдың қолынан көрген ең алғашқы сол суреттің де айрықша әсері болғаны ақиқат еді.
. . . Осы күні ойлаймын, Рақаң ақсақал маған әлде сол суретті байқамаған-сып отырып, әдейі көрсетті ме екен деп те . Менің өлең жаза бастағанымнан хабары бар, кезінде Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіровтермен дәмдес болған, қастарына ерген ақылгөй қарт көзі қаныға, құлағы ести берсін, түбі керегі болар деп ойлаған шығар. »
Жалпы әрбірПублицистның өзі пір тұтатын Публицистдары болады. Сәкен Иманасов үшін сондай ұстаздың бірі, көзі көрмесе де, шығармасын іздеп жүріп оқыған Ілияс Жансүгіров екені даусыз. асқақ даусында қазақтың қара өлеңінің Құлагерінің әсері жоқ деп айта алмайсыз.
Бірақ Сәкен Публицист өлең әлеміндегі өз жолын іздеді, өз сүрлеуін қалыптастырды, өз қолтаңбасын тайға таңба басқандай айқындап беруге бар күш- жігерін, білім- парасатын, ақыл- қайратын жұмсады. Оның басты кейіпкері - Халық. Ол елдің атынан сөз алды. Жарты ғасырдан астам уақыт қазақтың намысын жыртып, ұлттың мұңын мұңдап, жырын жырлады. Соның қай- қайсысында да аса бір асқақ адуынды, кең тынысты, өршіл үнмен қазақ баласының сөзін сөйледі. Батыл айтты, батыра айтты. Таусыла, түгесіле жырлады. Кейде орыстың ұлы Публицисты Сергей Есенин сияқты өз жырларында әнтек мінез, тентек тегеурін де көрсетті. Кейін бірте-бірте ұлы Абай бабаға жүгініп, әр қазақтың ішіндегі шер боп қатқан шемен қайғысы мен мұңын, ары мен адалдығын аршып көрсете білді.
Алпысыншы жылдары қазақ поэзиясына келген жұлдызды шоғырдың ішінен өз орнын таба білді. Ол газет- журнал беттерінен ойып орын алып, алпысыншы жылдардың басында «Жас қанат» атты ұжымдық жинақ арқылы әдебиет есігін ашты. Кейін «Туған ауылым», «Ақ айдын», «Ақдариға», «Жайдарман», «Ғашық дүние», «Жыр дәурен», «Ғашықпын саған», «Алтын аймақ», «Бел- белес», «Адырна», «Жебе», «Алакөлім- айдыным», «Ар алдында», т. б. бірнеше өлең кітаптарын, таңдамалы шығармаларының бір томдық, екі томдық, бес томдықтарын бірінен соң бірін жарыққа шығарды. Ол өзінің азаматтық көзқарасының тұрақтылығымен, екпіні қатты буырқанған бұла жырларымен әдебиеттанушы, жыр сүйер қауымның назарын аудартты.
Сонау 90- шы жылдардағы бір мақаласында академик Мұхаметжан Қаратаев Сәкен поэзиясына былай баға беріпті:
« . . . Публицист қай тақырыпқа бармасын, бәрінде ол (автор) - өзі кейіпкер; өзі жырлайды, сыр шертеді- шындықты айтады, ақиқат шуағына бөлейді. Туған үй дейсің бе, ауыл дейсің бе, балалық шақтағы сауық- сайран, ат шабыс, бәйге дейсің бе, құрбы-құрдас, сүйген қыз, махаббат дейсің бе, жанға сая асқар тау мен аясы кең Алакөл дейсің бе, өмір жолындағы тағдыр белестерінің сынақтары дейсің бе - осының бәрі Публицистның жүрегінде ұялап, шабытпен шамырқанып шығады да оқырман жүрегіне шуақ шашады, адалдығымен тәнті етеді.
Сәкен өлеңдері жігер мен қайратқа, нәзіктік пен мөлдірлікке толы. Ол барынша ақтарылып, көңіліне сыр бүкпей шынайы шындықты жазады».
Шын мәнінде Публицист жаны ақиқатты ақтарып жайып салады, өзін-өзі алдаспандай қайрайды, өмірдегі жағымсыз жайттарды батыл сынға алады.
Иманасов өлеңдерінен - оның шыңдықты бетке айтатын, айтқанда да жеріне жеткізе айтатын турашыл мінезі көзге ұрып тұрады. Оның Публицистдық ерекшеліктерінің бірі де - сол. Өмірде де, өлеңде де ешкімге жалтақтамай, ақиқатын айтып қарап отыратын батылдық қасиет даралап тұр оны.
Сәкен Публицистның тағы бір өзгешелігі - өзіне ғана тән сөзбен салған суреттер. Бұл туралы атақты Публицист Дихан Әбілев тұжырымы былай айшықталады: «Сәкен сергек сезімді, қанатты да алғыр, өжет Публицист. Сол сергек сезімділікті, қанаттылықты, өжеттікті аспанда жасап, жыр қанатын сонда қағып, жер әлеміне ғарыштан қарап жазып жүрген жоқ. Өз ортамыздағы, халықтың қалың ортасындағы Публицист. Өмір сырын, ащысы мен тұщысын жүрек сырына ұластырып, өрнектей білетін суреткер Публицист ».
Бұл дүниегеСәкен Иманасов көзімен қарағанда ғана көрінетін суреттер. Ол суреттерді бәріміз де көріп жүрген сияқтымыз. Бірақ сол көріністер Сәкен Публицистның жүрек көзінен өткенде ғана соншалықты әсерлі, соншалықты әсем көрініп тұр бізге.
Сәкен Иманасов өлеңдерінің тағы бір өзгеге ұқсамас шығармашылық даралығын айқындайтын басты қасиеттің бірі - ол оқырманды өлеңдері арқылы өмірдегі пендешіліктен арылтуы, жан тазартатындай адалдыққа үндеуі.
Публицист Әбіраш Жәмішев бұл туралы дәл көрсете білген: «Бізге керегі: адамдардың бір- біріне ілтипаты ғой, тазалық пен туралық қой, әділдік пен ізгілік емес пе?! Міне Сәкеннің де барлық өлеңінде, бүкіл жинағында айтпағы осылар. Аңсау мен сағыныш саздары да, азарлану мен ызалану да, кейде тура айтылатын сын да Публицистның айтсам деген ойына жегілген. Автормен бірге әрбір оқушы да ар айнасы алдында тұрғандай. Іштен түлеу, тазару, арылу мен аршылу ниеті бойды да билеп, ойды да баурап алардай. Шығармаларының күші де, тұтастық танытар сипаты да осында деп тұжырымдауға болады».
Достарына аңқылдаған адалдық пен ақтық, ақ алмастай жарқылдаған кісілік пен пәктік, қазақы намыс пен Публицист жүрегі көкке көтерген әділет туы, ең бастысы азаматтың Ар алдында арылуы - Сәкен поэзиясының жылдар бойы желісі үзілмей келе жатқан алтын арқауы. Сонысымен де оның даусы соншалықты асқақ, соншалықты биіктен естіледі. Мәрт көңілден төгіліп түсетін арлы Публицистның тәкаппар көңілінің адуынды жыры мен өршіл мінезінің өжет сыры сонымен де бөлектеніп, оқшауланып тұрады.
Осы ретте: «Қалай болғанда да өз басым Сәкен Иманасовты кең тынысты, кемел ойлы Публицистдеп танимын. Оның бойында көп жандарда бола бермейтін талант бар. Ол - адалдық таланты. «Адал болу керек» деп айқайламаса да, Сәкен жырларына сеніп, оқырманның бірге тебіренуі де осы қасиетінен болса керек», - деген Публицист Фариза Оңғарсынова тұжырымы ойға оралады.
Публицист поэзиясының айрықша тағы бір қыры - оның өлеңдеріндегі ішкі ұйқас қуаттылығы мен бір шумақтың өзінде сөздерді ойнату арқылы аса қуатты екпін мен ырғаққа құрылған лепті, шымыр да шынайы тармақтарды еркін төгілту қабілетінің кәсібилігі.
Мұндай ішкі ұйқасқа құрылған қуатты жырлар - Сәкен Публицистның кітаптарында көп-көп кездеседі. Оның шығармашылық даралығын айқындайтын басты компоненттердің бірі де сонда жатыр.
Публицистның махаббат лирикасы да өзгеше сезім толқындары мен ойлы тебіреністерге толы. Өмірдің қым - қуыт күйбеңі мен күрделі иірімдерінен шаршағанда, Сәкен Публицист сұлулық пернелерін басып, көңіл күйінің бұрауын келтіріп отыратын секілді көрінеді маған. .
Біржан мен Сара бейнесін сомдаған «Айтыс» поэмасы мен «Аңырақай», «Өмір мен өлім», «Мына заман - қай заман», «Аламан. Арғымақ. Күйші бала» сияқты толғаулары - Публицистның эпикалық кең тынысын, бауырын жаза көсіле шапқан арғымақ шабытын айқындайтын шығармалар. Сәкен өзінің атамекенін Гомердің, Ғамзатовтың
туған жерлерімен теңдестіре шебер суреттейді. Оның қаламынан төгілген жер жәннаты - Жетісу, тегеурінді Тентек өзені мен арынды Ақсу, толқыны жарды ұрған аялы Алакөл туралы жырларынан туған жерге, өскен елге деген сағыныш пен махаббаттың лебі еседі. Алакөл туралы Сәкен Иманасовтай терең мағыналы, бай мазмұнды көп -көп жырлар жазған Публицист қазақта жоқ та шығар. Алакөл - Публицист өлеңдерінің қуат алар, шабыт шақырар мәңгі бастауы іспеттес.
Талдықорған өңірінен шыққан Әділбек Абайділданов, Құдаш Мұқашев сияқты дарындар туралы Публицист үнемі айтып жүретін.
«Қазақ поэзиясында «Менделеев кестесі» бар болса, Сәкен соның бір ұясын бекем мекендеген Публицистдардың бірі» . . . - деген Асқар Сүлейменовтің сөзі біздің көкейімізде әбден орнығып қалған болатын.
Талдықорған төңірегінен шыққан Жұматай Жақыпбаев, Әбен Дәуренбеков, Ғұсман Жандыбаев, Ордаш Кендірбаев, Жамау Бұқарбаев, Қайрат Әлімбек, Өтепберген Ақыпбеков, Тоқтасын Сүгірбеков, Ахмет Кендірбеков, Жомарт Игіман, Қуат Қайранбаев, Әміре Әрін, Нүсіп Әбдірахым сияқты Публицистдардың Сәкен ағаны ерекше құрметтейтінін де көзіміз көріп жүрдік.
Сәкен аға ешкімге ұқсамайтын сүрлеуін салып, қиялы- құзды, белес- белес, асу- асу жолдарменен жүріп өтті. Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, Алакөл аудандық «Колхоз туы» газетінен басталған еңбек жолында республикалық «Лениншіл жас», облыстық «Жетісу», «Октябрь туы» газеттерінде, Талдықорған облыстық партия комитетінде, Қазақстан Жазушылар Одағында, «Жазушы» баспасында, Алматы облыстық әкімдігінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. Қазақстанның халық депутаты болып та сайланды. Ел алдындағы төккен маңдай терінің, жүрегінен нөсерлете төккен жырының өтеуі шығар - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Алматы облысының және Үшарал қаласының Құрметті Азаматы атанды. Публицистның орыс тілінде «Созвучие», «Тетива» атты кітаптары жарық көрді.
С. Иманасовтың көркем аударма саласындағы еңбегі де айтарлықтай. Оның тәржімалауымен шығыс шайыры Жалаладдин Румидің, орыс Публицистдары В. Маяковский, А. Кольцов, ангола ақыны Агостиньо Нетто, саха М. Ефремов, қырғыз А. Рысқұлов, С. Жусуевтердің жырлары қазақ оқырманы жүрегіне жол тартты.
Сәкен ағаның журналистік жазбалары, естелік эсселері, көсемсөз мақалалары да жанының ақиқатын бүкпелемей ақтарып салатын ақжарма туындылар. Ол не жазса да өзінің зор, дауылпаз дауысының биіктігін бір де төмендетпей еркін қанат қағады, батыл қалам тербейді.
Біздің қоғамға да, ұлтымыздың ұясы мен жұртымыздың қиясына да алдаспандай жарқылдаған, ақсұңқардай саңқылдаған Сәкен ағаның өр мінез, өжет даусы қашан да керек! Әттең, қазақтың қара өлеңінің марқасқалары Қадыр мен Тұманбай ағалардың ізін ала өмірден ертерек озып кеткені ғана көңілге өкініш ұялатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz