Шарттың азаматтық құқықтық реттелуі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны:
Кіріспе 4
I. Шарттың азаматтық құқықтық реттелу нысандары. 6
1. 1. Шарттың жалпы мазмуны және маңызы 6
II. Ренталық қатынастардың реттелу негіздеріне сипаттама 14
2. 1. Рентаның түсінігі, белгілері және түрлері 14
2. 2. Тұрақты рента шартының жасалу тәртібі 19
2. 3. Ғұмырлық рента шартының мазмұны 27
2. 4 Өмір бойы асырауда ұстау шартының талаптары 34
III. Шарттардың заңнама негізінде реттелуі 42
Қорытынды 51
Қолданылған әдебиеттер тізімі. Нормативтік құқықтықң актілер: 54
Арнайы әдебиеттер: 3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының құқықтық қатынастарды реттеу заңнамаларының аймағы өте кең болып көрінеді. Себебі, қоғамда құқықтық қатынастардың түрлері кеңеюде және осындай қатынастардың бірі шарттық құқықтық қатынастар болып табылады. Осындай шарттық құқықтық қатынастар арнайы заңдармен реттелмесе әртүрлі келіспеушіліктерге әкеп соқтырады. Сондықтанда шарттық қатынастардың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін кең әрі ауқымды реттейтін заңдар қабылдануда. Рента қарым-қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданған соң пайда болады. Онда рентаға 517-539 баптар арналған. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар түрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асырауда ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бүрынғы заңнамада тек өмір асырау қарастылады тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген еді.
Рента шарты бойынша бір тарап екінші тараптың меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.
Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және уақтылы мүліктің кездейсоқ жойлуы немесе бүліну қауіпі оны күтіп ұстау ауырпалығы да оған ауысады. Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т. б шарттармен ұқсастықтары бар.
Рента шартының ерекшелігі - мүлік төлемақы төленіп, не болмаса төленбей берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекснің 519- бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты немесе сыйға тарту шарты туралы ережелері қолданылады. Бұл осы шарттың мәнісіне қайшы болмауы керек. Аталған екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін.
Біздің көзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бір нақты ерекшелігі рента төлеуші рента алушыға мүліктің жетіспеушілігі, бұзылғандығы туралы сатып алу-сату шарты бойынша сияқты толық көлемде келіспеушілік айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мәнісі оларға сатып алу-сату қатынастары үшін белғіленген нормаларды барынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланғаны негізінен орын алмауы керек. Себебі шарт орындалуына кедергі жасайды. Сатып алу сату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделіктері өзгеше. Оның мүлікте ауыртпалығы болмауына өз мүдделігі бар болып келеді. Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Рентада сыйға тарту шартынанда айырмашылығы бар. Бірақ заңнама арқылы айырмашылықтар мәселесі реттелмеген. Сондықтан біз белгілеп отырған сүрақтарға көзқарастар әртүрлі болуы мүмкін. Рента шарты экономикалық ренталық қатынастарды тек жартылай қамтиды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормалары рантье-меншік иесі туралы үйреніш болып келетін көзқарсты жоққа шығарады. Рента алушыда тек кейбір жағдайларда ғана мүлікті кейін қайтаруға талап етуге міндеттемелік құқығы бар болады.
Осындай рента шартының өзіндік талаптары мен тәртіптері заңдарда ауқымды реттелудегі ерекшеліктері мен өзгешіліктерін нақтылай көрсету мақсатында жұмысымды жазуды негіз ретінде қараймын.
I. Шарттың азаматтық құқықтық реттелу нысандары.
1. 1. Шарттың жалпы мазмұны және маңызы
Шарттың ғасырлар бойы пайдалануы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді. Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқықтық қатынастың өзі ретінде, ең соңында құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады. Шарт дегеніміз екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісім шарты болып табылады. Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Азаматық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады. Азаматтық кодекстің 380 бабына сәйкес азаматтық құқықтың субьектісі шарт жасауда еркін болады. Олар: шартты жасау немесе жасамау, шарт бойынша ерікті жақты таңдау; шарттың түрін таңдау, шартқа белгілі бір, не басқа жағдайларды өз қалауынша енгізу. Шарттың азаматтық құқықпен реттелу негізі болып азаматтар арасындағы мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарға байланысты туындауы табылады. Сондықтанда азаматтардың арасындағы келісімді шарттар күнделікті өмірде, қоғамда алатын орны өте маңызды. Шарттың ғасырлар бойы пайдалануы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген: Осындай шарттарды реттеу нысандарының аумағыда кеңейе түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының аумағында ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізіліуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды, басқаруына беретін болып қарастырылады. Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен шарттар субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық қүқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжамауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүліктік сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық түрғыда болып келгеніне қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.
Шарттың мазмұны - жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.
Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтарымен белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалады деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
- Шарттың мәні туралы ережелер;
- Заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
- Осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
- Бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер.
Кәдімгі жағдайлар заңның диспозитивтік нормаларында қарастырылған, яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды айтады, өйткені, бұлардың шартқа енуі өз өзінен белгілі. Егер нақ сол шартқа дағдылы жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы белгіленген тәртіп қолданылады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеден тұрған кезде жинаған мүлік, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе, олардың ортақ меншігі болып табылады.
Елеулі деп есептелмейтін нормативтік актілерде қаралмаған мәселелер бойынша әр жақтың келісімі кездейсоқ жағдайлар делінеді және осы жағдайлар диспозитивтік құқық нормаларымен реттеледі. Олар әржақтың өзімен қалыптастырылады және өздері арқылы заңдағы ережеге қосымша немесе өзгерістер арқылы енгізіледі. Мысалы, әр жақ өзара келісімдер арқылы мүлікті иеленушінің құқықтарын шартқа енгізеді, бірақ мүлікті тапсырмайды1.
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. Шарттың мазмұны үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады. Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды түлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бүл мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды түлғаларға да қатысады. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару қүқығы пайда болатыны анық.
Атап өтелгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісім-шарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұнда басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымөн бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген дауды жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату сонсенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Арқылы шарт- шарттың ішіндегі ең маңызды түрінің бірі болып табылады. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. оның ақылы мінезін ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі ала-аяқтардан қорғау үшін де қажет.
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік қүқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін қүратын құқықтары мен міндетер тұралы болады. Құқұықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтан ауытқу болуы да мүмкін.
Көрсетілген белгілер, сонымен қаттар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлкі жалдау (аренда), мердігерлік, сиға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қортынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді.
Басқа да құқықтық қатынастарда шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеуді шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады" деген И. В. Елисеев және басқа да автордың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білідреміз. Мүндай көзқарас азаматтық құқықтық неғұрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі.
Шарттың кепілдігін анықтайтын ережеге сәйкес, тауар оның сапасына қойылатын талаптарға сәйкес болу қажет. Қазақстан Республикасының Азмататық Кодексінің 426-шы бабына сәйкес: кепілді мерзім егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар сатып алушыға берілген кезде еспетеле бастайды. Шарттың кепілдігі тараптармен шартта бекітіледі және егер сатушы тауарға кепілді мерзім белгіленген жағдайда әрекет етеді. Тауарға шарттық кепілдіктің болуы бұл тауардың сапасы жоғары екендігін көрсетпейді. Шартта кепілді мерзімді бекіту - тараптардың өз мүдделерінде болады және ол мерзім тауарды қолдану үшін қажетті әдеттегі мерзімдерден аз болуы мүмкін. Әрине бұндай тауардың бағасы төменірек болады. Сапасыз тауарды бергені үшін жауапкершілігі шартта қолданылатын кепілдік түріне байланысты болады. Егер тауарға кепілдік мерзім белгіленбесе, сатып алушы тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптар қоя алады. Егер тауарға кепілді мерзім болып белгіленбесе, сатып алушы кепілді мерзім ішінде тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптар қоюға қүқылы. Шарттың бұданда басқа маңызды түрінің бірі - тауар жеткізілім шарты болып табылады. Ұлттық азаматтық заңдар жүйесінің даму тарихына терең үңілмей-ақ, Қазақ ССР-ның Азаматтық Кодексінің 190-шы бабындағы тауар жеткізілімі шартына берілген анықтамаға тоқталайық: Тауар жеткізілімі шарты бойынша тауар беруші ұйым сатып алушы ұйымға (тапсырысшыға) келісілген мерзімдерде немесе мерзімде екі үйымға да міндетті өнімді бөлудің жобалық актісіне сәйкес меншікке (жедел басқаруына) белгілі бір өнімді қабылдауға және келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді2.
Тауар жеткізілімі шарты болып сондай-ақ, екі үйымның арасында жасалынған, тауар беруші сатып алушыға өнімді, жобалық тәртіпте бөлінбейтін негізде, шарттың жасау мерзімімен сәйкес келмейтін мерзімде беруге міндеттенген шарты да табылады.
Шарттың жасалуынсыз өнімінің жеткізілуі тек, ССР
министрлер Кеңесі немесе Қазақ ССР министрлер кеңесінің
белгілеген тәртіптері бойынша ғана жүргізіледі. Бұл
анықтамадан біз келесіні көрсетуімізге болады. Тауар
жеткізілімі шарты бойынша қатынастар, ол кезде, бірінші
кезекте, ұйымдардың оларға міндетті тауар бөлу бойынша
жобалық актіге сәйкес эквивалентті тауар айырбастау
қатынастарын білдіреді де, басқа да аз кезде бұл екі
ұйымның арасында, жобалық тәртіпте бөлінбейтін негізде,
тауар берушінің сатып алушыға өнімді беру міндеті
көзделген шарты болып табылады. Басқа бір, нақтыланған
ұғым заң шығарушымен белгіленбеген болатын. 60-80
жылдар аралығында тауар жеткізілімі шарты бойынша
ұйымдардың қатынастарын реттейтін нормативті материалдарды зерттеп, ол кезде экономикада өнімді жобалық бөлу үлкен роль атқарғанын көруге болады. Бұл жағдай 1993 жылдың қаңтарына дейін сақталынғанын айта кету керек. Яғни, Азаматтық заңдардың негізі қабылданғанға дейін, оған сәйкес, нақтырақ айтсақ бабында тауар жеткізілімі шарты келесі, өзгертілген тусінік берілді:
1. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып
табылатын тауар беруші сатып алушыға (толық
шаруашылық жургізлу немесе жедел басқаруына)
кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына үй ішіне
байланысты емес өзге де мақсаттарға пайдалану ушін
келісілген мерзімдерде (мерзімде) тауарды беруге міндеттенеді, ал сатыпалушы тауарды қабылдауға және ол ушін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.
Егер заңдармен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, тауар жеткізілімі шартына сатып алу-сату шарты жөніндегі ережелер қолданылады. Шарттар мен мәмілелерге қолданылатын талапта бірдей болғандықтан мәмілелер бір жақты және екі немесе көпжақты болуы мумкін, заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасауы үшін бір тараптың еркін білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп аталады. Шарт жасау үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптың келісімен ерікін білдіруі қажет. Жоғарыда аталып өткендей, мәміле-азаматтық қатынастардың субъектілерінің ерікті әрекеттері. Олардың бірін жузеге асыру үшін бір жақтың еркін білдіру жеткілікті.
Шарт әр жақтың келісімі болып табылғандықтан, ол бір жақтың келісім жасауға екінші жақтың осындай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің арнайы баптарымен реттеледі. Оларда шарт жасау кезінде екі кезең бекітілген. Бірінші жақтың шарт жасауға ұсынысы оферта арқылы шарт жасау, екінші жақтың ұсынысын қабылдауы акцептісі болады. Ендігі қарастыратынымыз шарттардың ішіндегі қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген рента шартының мазмұны және жасалу тәртіптерін айқындау.
II. Ренталық қатынастардың реттелу негіздеріне сипаттама
2. 1. Рентаның түсінігі, белгілері және түрлері
Шартты ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкөс меншікті қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар өз кезегіндегі материалдық иіліктердібелгілі тұлғалар иеленетінімен немесе материалды игіліктер біреуге жататынымен сипатталады3. Ренталық қатынастарға меншіктің екінші-ағымды күйі деп тән болып келеді және айта келетін болсақ ренталық қатынастардың осы күйі ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттілігі пайда болады.
Мүліктің қозғалысы көп қырлы құбылыс, ол мүлік тиесілігін түбірінен өзгерте алады немесе негізгі меншікті иесіне қатар мүлтіктің өзге тұлғаларға да тиесілігін бекіте алады. Бұл осы жағдайларға байланысты шартты міндеттемелік қатынастарға құрылады және топтасады4.
Осы қатынастарды реттейтін міндеттелік құқық экономикалық мағынада меншіктің заңи мағынада меншікті құқығы және өзге заттық құқықтар өтуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілер тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған шартардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық беріледі.
И. Грешников рентаның тұрақталған түсінігін берген. Рента сөздің кен мағынасында, бұл қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшінен пайда болатын табыс. Мысалы, егін шаруашылығында, табыс өңделетін жер учаскілері құнарлы топырағын және жерін пайдаланып табыс табады.
Жылжымайтын мүліктің, кәсіпорындардың иелері үшін ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлік объектілердің және кәсіпорындардың қасиеттері келеді.
Рента қарым-қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақсат Республикасы заңнамасында тұнғыш рет -қабылданғасын пайда болады. Онда рентаға 517-539 баптар арналған. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асыраудан ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір асырауды қарастылады тұрғын үйды сату шарты ғана бекітілген еді.
Рента шарты бойынша бір тарап екінші тараптың меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны үстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz