Ә.Қастеев шығармалары


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.Тарау. Әбілған Қастеевтің касіби шеберлігінің қалыптасуы мен бейнелеу өнеріндегі шығармашылық құндылығы.
1.1. Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Суретші шығармаларының бейнелеу өнері құндылығына қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. Тарау. Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру.
2.1. Қастеевшығармалары арқылы оқушлардың шығармашылықбелсенділігі мен қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Суретші шығармашылығы арқылы бейнелеу өнері сабағы барысында оқушыларға көркем эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қортынд: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Көрсетілетін суреттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Республикамыз- дың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің советтік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке үйретуымыз керек, осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбы етіп «Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролін» педагогикалық негізге алдым.
Қазіргі ғаламдану үрдісінің рухани өмірімізге алып отырған орны жеке адам мен қоғам арасында жаңа қатынастар қалыптастыруда, мұның өзі мәдени ортада жаңа құндылықтарға жаңаша көз қарас тудырады.
Қазақстан үшін алып қарағанда қазіргі біздің білім беру жүйемізде, ұлттық мәдени бастауларынан алыстап қана қоймай, әлемдік білім беру кеңестігінен де оқшаулануда. Яғни бұның себебі біз көп жылдар бойы орыс отаршылдарының ықпалында болдық. бұл кезде біз, ешқандай ұлттық мәдениеттің даму жолын, сайяси басымдылықтың ықпалында ауызға алып, жолға қоя алмадық.Онан кейін тауелсіздік алып, өз бостандығымыз қолымызға тиген кзде, не істерімізді білмей, бір талай уақыт бағыт – бағдарымызды түзей алмай сенделіп қалдық.
1. «Әбілхан Қастеев». Альбом, Алматы, өнер, 1986 жыл
2. «Қазақ ССР бейнелеу өнері», Альбом, 1974 жыл, Москуа.
3. М. Ғабитованың «халық суретшісі» атты мақаласы, (көрме каталогы). М., 1968 жыл.
4. Ф. Дінисламов пен Н. Оразбековтің кітабі (Қазмемкөркем әдебиет баспасы, Алматы, 1964 жыл.
5. И. Векслер, С.Тойтанбаевтің «Қылқалам шеберінің көрмесі» атты мақаласы, ( Социалистік Қазақстан), 1984 жыл.
6. Л. Плахотнаяның «Суретші Әбілхан» атты мақаласы, (жалын), 1984 жыл.
7. Әліби Жангелдиннің «Амангелді, мен сені осылай білуші едім» атты мақаласы, (Қазақстан суретшілері), журналы, 1943
8. Л. Айтқожаевтің «Дархан дарын» атты мақаласы, (Жетісу), 8.02.1964.
9. Қ.Қамбаровтің «хас суретші» атты мақаласы (жұлдыыз) журналы, 1978 жыл.
10.П. Бейсеновтің «Тума таланыт мұрасы» атты мақаласы (Социалистік Қазақстан), 20- желтоқсан, 1986.
11. Ю. Домбровскийдің «Тұңғыш қазақ суретшісі» атты мақаласы «Жазушы», Алматы, 1997.
12. Қ. Әмірғазин «Табиғатты тәңір тұтқан» атты мақаласы (Жас Алаш), 21- шілде, 1994.
13. М. Қалымұлы «Бояу тілін таба білген таланыт» атты мақаласы (Жас Алаш), 21 – шілде, 1994.
14. Қ.Сасенбай «Бейнелеу өнерінің Бейімбеті» атты мақаласы (Жас Алаш), 19 – сәуір, 2003.
15. Бәзілжан Асылжановтің құрастырған «Әбілхан аға» деген жинақ, (Жалын баспасы), 2003 жыл.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 30 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.Тарау. Әбілған Қастеевтің касіби шеберлігінің қалыптасуы мен бейнелеу
өнеріндегі шығармашылық құндылығы.
1. Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне
келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
2. Суретші шығармаларының бейнелеу өнері құндылығына қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. Тарау. Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және
патриоттық тәрбие беру.
2.1. Қастеевшығармалары арқылы оқушлардың шығармашылықбелсенділігі
мен қызығушылығын арттыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Суретші шығармашылығы арқылы бейнелеу өнері сабағы барысында
оқушыларға көркем эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...

Қортынд: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
Көрсетілетін суреттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Республикамыз- дың тәуелсіздік алуы
қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың
үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге,
тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп
жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз
ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола
тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге
жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің советтік
ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып
тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге
зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің
барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау
керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата
– баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып
тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке
үйретуымыз керек, осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның
тақырыбы етіп Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік
ролін педагогикалық негізге алдым.
Қазіргі ғаламдану үрдісінің рухани өмірімізге алып отырған орны жеке адам
мен қоғам арасында жаңа қатынастар қалыптастыруда, мұның өзі мәдени ортада
жаңа құндылықтарға жаңаша көз қарас тудырады.
Қазақстан үшін алып қарағанда қазіргі біздің білім беру жүйемізде, ұлттық
мәдени бастауларынан алыстап қана қоймай, әлемдік білім беру кеңестігінен
де оқшаулануда. Яғни бұның себебі біз көп жылдар бойы орыс отаршылдарының
ықпалында болдық. бұл кезде біз, ешқандай ұлттық мәдениеттің даму жолын,
сайяси басымдылықтың ықпалында ауызға алып, жолға қоя алмадық.Онан кейін
тауелсіздік алып, өз бостандығымыз қолымызға тиген кзде, не істерімізді
білмей, бір талай уақыт бағыт – бағдарымызды түзей алмай сенделіп қалдық.
Дәл осы сәтте тағы да әлемдік білім беру деңгейіне жете алмай қалдық.
Сондықтан біз қазіргі сәтте, осы кемдіктің орнын толтыруға бет бұрдық.
Сол себепті Әбілған Қастеев шығармаларын зерттеу, ұлттық бейнелеу
өнерімізге қосқан үлестерін, қысқасы көркем өнердегі алатын орнын дұрыс
бағалау, бізге өте қажет болып отыр. Үйткені біз Қазақстан бейнелеу өнерін
Әбілхан Қастеевсіз ойлап жете түсіне алмаймыз. Сондықтан да оның қызықты да
қиыншылыққа толы өмір байанымен шығармашылық тәжірибелерін оқушыларға
таныстырып, олардың біліктілігін, білімділігін жетілдіру, сурет салуға
деген қызығушылығын, ынта жігерін арттырукерек. онымен
қоса көркемдік талғамдарын жетілдіру мәселесін де естен шығармау
керек.Бұның бәрі оқушылардың өнер сүйгіштікке, ұлтжанды қасиеттерін
күшейтіп, патриоттық сезімге бай болуға әсер етеді.
Онан бір өзекті мәселесі, Әбілхан Қастеев есімін, әрі оның таза, тұнық,
қазақ рухнан туындаған, өшпес, өлмес, асқақ туындыларын, бүкіл қазақ халық
арасына кеңінен тарату арқылы, иісі қазақ халқының, қазіргі кезге дейін
қалып қойған орыс идеясының әсерінен құтылып, жаңа қазақ иісті халық
дәстұрлерін қалыптастыру .

Тақырыптың зерттелу деңгейі:Бұл жұмыста суретші өмір баянымен шығармаларын
зерттеп қана қоймай, оның оқушыларға беретін көркем эстетикалық тәрбие
берудің метдодикалық әдістерімен қарастырылады.
Сонымен қатар тақырыптың өзегі болып жатқан, эстетикалық, философиялық,
әлеуметтік, адамгершілік идеяларын зерттеу және суретші іс-әрекеттерін,
жеке тұлғаның дамуындағы, философиалық және психологиалық қағидалары
зерттеледі.
Ал қазіргі Қазақстан шығармашылық топтарының, Әбілхан Қастеев туралы
қоғамдық салалар мен ақпараттық беттерінде зерттеліп, бағалануына келсек,
онда олардың атқарған істері мынандай: Бірінші, Қоғамдық салада, ұлы
суретші атына арнап, Алматыдағы ең үлкен сурет көрме мұражайын Ә. Қастеев
мө есімімен атады. Онымен қоса көшелер мен мектеп аттарын да, суретші
есіміне берді. Екінші, Көптеген ақпараттық салалар, Ә. Қастеев туралы
шығармалық кітаптар басып шығаруда. Онымен қоса газет, журналдарда суретші
жайында көптегекн зерттеу мақалаларымен құнды пікірлер жазылуда. Соның
ішінде басты мына газет, журналдарды айта кетуке болады. Жазушы,атты
журналда Ю.Домбровскийдің Тұнғыш қазақ суретшісі,деген мақаласы, 1997
жылғы басылымында суретші шығармасына арналды. одан кейін (Жас алаш),
атты газетте Қ. Әмірғазинтің Табиғатты тәңір тұтқан,деген мақаласы,
1994 жылғы 21 шілде №:84,басылымында суретші шығармасына арналды. жәнеде
(Жас Алаш), атты газетте Қ.Сарсенбайтің Бейнелеу өнерінің Бейімбеті,
атты мақаласы 2003 жылғы 19-сәуір басылымында суретші шығармасына арналған.
2003. Осы сиақты көптеген мақалаларды көрсетуге болады. Ал ол кісі туралы
жазылған ең жақсы кітаптің бірі, әрі қазыр оқушылар көп қолданып жұрген
Әбілхан Қастеев. өнер Алматы – 1986 жылығы басылымында жарық көрген
кітап. Бұлардың барлығы, осы бір Қазақтың ұлы суретшісі үшін түккеде
түрғысыз, сондықтан әліде көптеген зертеулерді қажет етеді.
Зерттеудің мақсат міндеттері: Зерттеу жұмысының алдына қойлған осы
мақсаттары мыналар.
1. Мектеп оқушыларына Ә.Қастеев шығармалары арқылы көркем-эстетикалық
талғамын қалыптастыру.
2. Жәнеде олардың сурет өнеріне болған қызғындылығын арттыру.
3. Ұлттық істердегі көркем өнерге болған ынтасын арттырып, ұлтжанды
ұлағатты адам болуғатәрбиелеу.
4. Отаншлдық потриоттық сезімге баулыу .
Зерттеудің практикалық мәні: Біздің алып отырған Әбілхан Қастеев
шығармашылығын зерттеу жұмысы арқылы мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу
орындарындағы студеттерге лексиялар оқуға. Арнайы бейнелеу өнері
бағытындағы мектептерде үйренушілерді үйымдастыруға болады. осларға орай
арналған.

Негізгі бөлім
І-Тарау
Ә.Қастеевтің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы мен бейнелеу өнеріндегі
шығармашылық құндылығы.
1.1:Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне келіуі.

Қазақстан бейнелеу өнерінде көпшілікке есімі мен шығармашылық тағдыры
қызғылықты таланыт иесі аз емес, солардың ішінде Ә. Қастеевтің көптеген
себептермен алдымен ауызға аламыз. Әрі суретші шғармасын бұрынғы деңгейде
қарап қоймай, бүгінгі көз қараспен қайта үңіліп, оның өмірлік және
шығармалық жолына көз жүгіртіп тұлғалық таланыттың мәні мен күш қуатын
толығырақ сезінуге болады.

Әбілхан Қастеевтің алғаш рет өмір есігін ашып, бейнелеу өнер сағанасына
келуде қыспақ өмір қақпанында өткен өмір байянын қысқаша айтып кету артық
болмас. Ол кісі алғаш өмір есігін 1904 жылықаңтарда қазіргі Талдықорған
облысы Жаркеніт ауданындағы Шежін аулында ашқан.

Арғы ата-бабалары, өзінің әке-шешелері диқандықты кәсіп етіп, еңбегін
емген жарлы-жақпайлы қарапайым от басы. Әкесінен тым ерте айырылды. тағдыр
тәлкегі оны сегіз жасында қыспаққа алды, табанынан тозып сиыр бақты.
Шоқайын сүйретіп, күн шықпастан Шежіннің өрісіне сиыр айдайтын. бірақ осы
бір жапа машақ жұмысқа бола, өзін қажытып өнбей өшкен жоқ қайта күн сайын
аңғарлы өзені арқырай ағып, қыраны қалықтаған қүз-қиасы күн сәулесіне
шағылысып, түрлі реңгі түске боялған, тік шаншылған шыңдағы шынарлар мен
сыңсыған самырсындар, аспанға тірелген асқар шыңдар тәнітті болып, олардан
тамаша әсер алып, болашақ кәсібіи өнерінің алғашқы елестерін көз алдында
қалыптастыра берді.
Табиғат шіркін адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала көленгедегі
тамылжытатын боз торғайының үні, салқар соққан самалының қоңыр лебі,
желбіреген желбіржекені, жұпар аңсыған жусаны мен жуасы, ойға ой қосады,
сананы сәулелендіреді. Сол табиғат ананың ертегідей елітіп жаратылыстың
таңғажайып құбылысын көріп дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алмаған
адамның көкрегі шемен, Құлағы керең, жан дүниесі жарым жан болып қалмайма?
Қаршадайынан ел арасында Көзінің айнасы бар бала аталған Әбілхан,
тамашасы таусылмайтын осы бір тілсім табиғаттың сан түрлі бойауын санап,
түрлі ағаш атаулы, жан-жануардың, өсімдіктің, тіпті, топрақтың түр түсін
саралап өсті. Тілсім табиғат айнасынан, жалыт еткен көрністі қалыт кетірмей
бақылап, көңіліндегі көп ойдың қоржынна салып отырған. Осы ойға жиналған
көркем көрніс көреген көздіңқалтарысында қалып қоймай болашағындағы тамаша
пейзаждарының таптырмас искіздерін жадысында жазып жүрді.
Өнері өміршең, табиғаты өзгеше жаратылған Әбілған Қастеев бір туар тұлға.
Бейнелеу өнерін бедерлеуде ұлттық ұн қосқан ұлы суретші халқының өмір
тіршілігін қаз қалпында бейнеледі. Өткен өмірдегі салыт- дәстүрлер, наным –
сенімдер түрлі ырымдарды өнермен сабақтастыра білді. Оған шағын мысал
ретінде суретшінің бала кездегі қызғылықты өмірін қыстыра кетуке болады.
кейін қойшы бала қойларын бір сәт жусатып тастап, жықпыл бойлап, аңғар
аралап, асыл тастар іздеп, одан қойнында қалашы мол әжелерге, әсемдікке
құмар әпеке-қарындастарына ұршық қуршақ жасап, түрлі моншақты маржандай
тізп әкеп жүреді. Оның бұлақ басы болған бүл өнеріне әркім ақ қызыға
қарайтын. Бірте-бірте ол тастан қашап түрлі мүсіндер жасауды үйренді. Алаң
көңілді көкейін осы бір өнер кескен бала ұсталыққа, Зергерлікке аңсары
ауып, бас көтермей талай рет алдындағы қойынан айрылды. Өзі қорлық көркен
бай мен молдалардың мүсінін жасады. Одан жүрыт жағасын ұстап шошыды.
Осыншама өмір қыспағына түссе дағы, өзінің өмір жолынан ешқандай адасқан
жоқ. Бұдан сорақы болғанда Әкет бәлекетті,- деп, ағалары тер төккен
тастарын шашты. Елді бұзар, шала сауат сәлделі молдалар: Тірі адамның
суретін салу күнә, кейін ақретте оған жан бітір деп қинайды,-деп, бала
талабына таң қалған жұрттың өзін қорқытты. Осы күнәсі үшін, ол талай рет
сойдғада жығылды. бірақ асау ат жалынна жармасқандай. арманынан айрылмады.
өнерлінің қолын ұста, өнегенің жолын ұста,- деп, Түргенбай зергерді ұстаз
тұтады. Ослайша халық өнерінің қайнар көзі болған қолөнердің
ғажайыптарынан сусындаған Әбілхан текемет, киіз басып, алаша тоқыған
әжелері мен апаларының, әпегелері мен қарындастарының дала әуеніне толы
әсем ою-өрнектерінен әсер алып, оны көңіліне тоқып, көкірегіне ұяалатып
үсті. Суретші өз бойындағы бурқаған талабымен тек ауыл арасында ғана
көрініп жүрді, әже апа, әпекелеріне ою-өрнек сызып беріп, түрлі әсем
бұйымдар жасап алғыс алса, қайсы бір кертартпа жұрт оның өнерін құбжық
көрді. Бірақ ол бұған бола салынын суға кетірмей одан ары шыңдала, шынығып
шыға берді. ( Әбілхан Қастеев Альбом. Алматы 1986. 8.б ).
Біз бұлан нені аңғара аламыз, меніңше бұдан Қастеевтің әр қашан алған
бетінен қайтпайтын қажырлы қайратын көруге болады, әрі суретшіні таза
қазақыи өнердің арасында өсіп, сол өнерден тамыр жайып қаулай өскен тума
таланыт иесі екенінкөруге болады.
Ә.Қастеев еш қашан иен даладағы тоқтау судай бір жерде қаңсып қалмай, өн
бойындағы өнерге, өмірге деген көз қарасын кеңітіп, арман жолын ары қарай
жалғастыру үшін, ол алғаш рет ауылдан аттанды. Аттанар алдында 13 жыл қой
бақтым. Енді оқимын, Тайақ қуат болсада мұрат емес!- деп ақ тайақты
лақтырып тастап, Жаркенітке жайяау жол тартады.
Арман жолы әр қашан оңай болушы меді, әр қандай өнерге келуші адам
басында өмірдің ашты тұштысымен азап тозағына ілінетіні айтпасада белгілі,
бірақ одан тартынбаған, бағыт бағдарын берік ұстай алатын адам ғана,
қамалын бұзып шыға алады. Я дәл осындай тағдыр Қастеев өмірінде көп
жолықты. бірақ оған арланбады. Жаркеніттегі бір татар байына жалшы болып,
ауласын сыпырды. Біршама қала өмірімен танысып, тіршілігіне үйренеді
Ослайша жүріп, сурет өнеріне, тіпті қатты аңсары ауады. Бірақ оған керек
қағаз, бояу қайда?... Қаладан табылады, бірақ оған керек ақша қайда?
Тапқаны тек тамағына жетеді, жан бағумен жанталасып жүр.
Талапты жас өнер мұраты үшін ештеңеден тартынбады.Татар байының жалғыз
атты арбасын жалдап, бөшкелеп мөлдір бұлақтан су тасыды. Екі бетінен нұр
тамған жігіт: кімге су керек, деп көшені басына көтеріп айқайлап, шелегін
бір тиннан сатып жүрді. өстіп тапқан азын-аулақ тин тебенге қағаз, бояу
сатып алды. Содан кейін бояуларын жер майға араластырып, езіп, ұзақты күн,
тіпті, таң атқанша сурет салып әуре болып жатты. Кейде: Шамның майын
құрттың деп, қожайыннан сөз естіп қалған күндері де болды.
Біз бұдан Ә. Қастеевтің қай қырын сезе аламыз, меніңше Қастеев еш қашан
өнерді, әлде бір алдамшы тірліктің қалқасында қалдырып қоймаған, қайта
тіршілік тырбыңы тіріп еткізбей өзіне мойынсал қылмақшы болса да, оған
қарсы дауылпаздай апға қарай ілгерлеп толқынын жара тоқтамай, өнер жолында
ізденумен болды.Бұған мысал ретінде біз бұған мына бір өмір тарихын айта
кетуке болады.
“ Әбілхан Қастеев Кейін есті біреулерге еріп, Жаркеніттегі жол құрылысна
жолшы болып кірді. Бір іске кірісе білек түрініп, белсене жұмыс істейтін.
Әбілханның бейнетқорлығы бала жастан бойына біткен асыл қасиет.
Жолшы болып жүріп, жолы болды, еңбегі еленіп, сыйлық алып, Құрмет
тақтаға, суреті ілініп қана қоймай, ізгілігі бар бір кісіге жолықты.
Ол Жаркеніттегі фотограф С. Саламатов еді, Саламатов Әбілғанның салған
суреттерін көріп, өзінің ақыл кеңесін береді. Фотография мен бейнелеу
өнерінің айырмашылығын ұқтырады. Содан кейін көргенін түгел нақпа-нақпа
көшіруден арылды. Бояуларға тіл бітіріп, сөйлетуге әуестенді. Осындай
әсерлі суреттерін Әбілханның ықтиярмен сұрап алып, сол кездегі Астанамыз
Қызылордадағы оқу бөліміне жіберген де сол азамат Саламатов еді” (Әбілхан
Қастеев. Альбом. Алматы.1986. 8 б.) Осылайша жанашыр өнер сүйер
қауымдарының арқасында Әбілхан ақырын-ақырын бейнелеу өнерінің асқақ
белестерге шыға беруге жол ашылды.
Сүретші тамшылаған ащы тердің, нағыз бейнеттің не екенін тау қопарып,тас
жарып,Түркісібтің темір жолын салғанда білді.Ол еліміздегі алғашқы бес
жылдықтың осы алып құрылысында, Айнабұлақта жұмыскер ғана аталған жоқ.Жол
бойындағы үлкен жар тасқа Лениннің портретін арба доңғалағының майымен
салып, жұмысшы жұртын таңғалдырғаны бар.Әбілхан қайда жүрседе еш қашан өз
бойындағы екінің біріне бере бермейтін, асыл қасиет – Суретшілік өнерін
жерге тастап, жиркене қараған жоқ, қайта осы өнері арқылы, айналасында
жүрген адамдарға көркемдік пен өнердің әр қашан бір тұтас тұлға екенін
ұғындыра білді. Сонымен қатар жапалы еңбек пен талпыныстың еш нәтижесіз
қалмайтындығн терең ұғындыра білді.
Осы Түркісиб туралы Әбілхан көп жазған.Осы Түркістан-Сібір темір жолын
салушыларға арналған. фильм бар. Осы туралы Ә. Бориев былай деп жазады
“Түркісиб атты деректі фильмі-қазақ кино өнерінің тұңғышы.Әйтсе
де,бейнелеу өнерінде дәл сол кезде өзге жұртты алып болат жолымен
таныстырған Әбілхан Кастеевтің 1932 жылы салған Түркісиб атты тамаша
картинасы”. (Ә. Бориев. Суретшінің сыи алтыны. \өнер\. Алматы. 1986 жыл.
9 б.) Кәзіргі кездерде бүгінгі ұрпақ осы туындыны оқулық беттерінен көріп
біледі. Әрі осы арқылы біз суретшінің әлде бір жәй көшірмемен жұртты таң
қалдыру емес, қайта оның тарихи мәні мен зор құндылығы бар екендігін бірден
аңғарамыз.
Әбілхан Кастеев Алматыға келіп,жиырма бестен асқанда қолына кітап
ұстап,мектеп есігін ашып, не бары екі кластық білім алған.Талабы тас жарған
Әбілханға қамқор болған,талантын дер кезінде таныған ізгілікті азаматтар
көп еді.Сонын бірі Николай Гаврилович Хлудов.Ол Алматыда 1920 жылы
ұйымдастырылган бейнелеу өнер студиясында сабақ береді. Н.Г.Хлудов өнерге
құштар қазақ халқына қалтықсыз қызмет етті.Сонын бір дәлелі- еш бір арнай
сурет мектебінен оқымаған Әбілханға сурет әліпбесін сол кісі үйретті.Жігіт
бойындағы тума талантты танып:
- “бұл өнерді қайдан,кімнен үйрендің?- деген сауалына
Әбілхан:

Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен.

-деуі шындық еді.Тарлан қарт өнерге құлшынған шәкірті бірден бауырына
басты.Төл табиғат ортасынан ойып алынған суреттеріне сүйсіне қарап,өзінің
қылқаламын сыйлайды”. ( Әбілхан Қастеев. \өнер\. 1986 жыл.) Біз бұл
жерден суретшінің тек қана сурет салумен шектеліп қалмаған әр қырынан
көріне білетін таланыт иесі екенін айтпай ақ біле қойамыз. Сонымен қатар
бұл жерде ерекше, жұрекке жылу, көңілге ой тастайтын тамаша жыр шумағы,
бейнелеу өнерінің тұп қазығының қайда жатқанын, толық түсіндіретін ой
толғау ретінде қабылдауға болады. Әрі біз Қастеевтің еш қандай мақсатсыз
бейнелеу өнерін талдамағанын бірден аңғарамыз, сонымен қатар әр қандай өнер
қоғамдық өмірмен тамылжыған табиғатпен етене байланысқанын суретші жаны
терең сезіне білген.
Ә. Қастеевті табиғат пен қоғам үйретіп қана қоймай, айаулы ұстазы да
көптеген бағыт бағдар сілтеп, бар білген ақылия сөздерін айтып, өнер
жолында шабыттандырып отырған. Оған мысалы етіп айтып отыратын жазушы
Стендальдың Мәселе тек салуда емес,ойлана білуде, деген ақыл сөздері
суретші жадынан бір сәт шығарған емес.
Ежелден өнері тасып шалқыған қазақ халқының бейнелеу өнерін мұрат
тұтатын бір суретші таптым! Осыған бақыттымын. Арманым орындалды.Ал
Әбілхан, енді бұдан былай бұл өнердің көш бастаушысының! Сен салған
соқпақпен талай талаптты талантар ереді. Сондықтан сенің арқалаған жүгің
ауыр! – деп Хлудов қоштасарда оған көзіндей ғып қылқалам мен нұсқа кітабын,
бояуларын береді.Ұлағатты ұстаздың үлгісін,тәрбиесін тәмсіл ғып, кеудесіне
тұмардай ғып, кадірлеп еліне қайтады.
Осындай таланыт сәулесі оны жұрт алдына жарыққа шығарады. Әбілхан
Алматыда өткен республика өнер байқауының І сілетіне қатынасып, бәйке
алады. Жаңа замандағы жаңалықты, бейнелеу өнерінен жарып шыққан таланыт
екенін қазақ елімізге пәш етеді.
Әбілған Қастеев өз бетімен білім алып, ізденуден жалыққан жалққан жан
емес. Өздігінен, өрлігімен Москуаға оқу іздеп барып, меселесі қайтып
мұқалсада, талабынан таймады. СССР халық ағарту комиссариатына барып,
ұлағатты үлкен ұстаз Надежда Крнстантиннована Крупскаяға жолығып. Халық
творчествосы үйінің көркем өнер студиясының кешкі бөліміне қабылданады.
Москуа музей мен галереясынан, озық ойлы суретшілерден алған оның тәлімі
мен талғамы өмірге деген көз қарасын ұлғайтты. Ой өрісі өсті. Осы жылдарда
салған суреттері терең мазмұнға құрылып,көрерменнің көңіліне түрлі ойлар
салды. Халық өмірінің шынайылығн шын шын шеберлікпен көрсете білді.Бірақ
оның адамдарға асқақ, айнала қоршаған құбылыстары шектен асқан керемет
емес, керісінше қарапайым көрінеді. Олардың бойында күш-жігер, болашаққа
деген үміт толы, жақсылққа жаралған жандар еді. Әрбір суретіндегі табиғат
көрінісі мен адмдар бейнесінде күш нұрынның шапағатты секілді сәулелер
ұшқын атып тұрады. Ол қандай адам, нендей нәрсе болсада оны табиғат күйінен
айнытпай,көркемдеп,керек десеңіз кұйылған жыр өленге айландырып жібереді.
Ол ослыайша бейнелеу өнер саханасына қадам тастады. Өзінің қаымас талмас
ақыл қайратының арқасында, әрі талмас қанат, мұқалмас жігердің арқасында,
тоқталмас ізденгіш қасиетімен ақыр-айағыосындай ұлы өнердің шың биігіне,
талпынып, тарихи төріне шығып өшпес із қалдырды.

1.2. Суретші шығармаларының бейнелеу өнер
құндылығына қосқан үлесі.

Қазақ бейнелу өнерін, әрйне, Әбілхансыз көз алдымызға елестете алмаймыз.
Ол-сонау 20-30 жылдары-ақ Қазақстандағы болашақ Суретшілер одағының негізін
қалаушлардың бірі. Қазақ бейнелеу өнерінің көш басындағы Ардақты басшы,
құрыметті ұстаз.
Әбілған Қастеевтің халққа етене жақындығы- Қанындағы қасиеті о баста-ақ
ел тұрмысына қанығып, сол қазынаны көшіріп, көпшіліктің көз алдына айнытпай
жайып салды. Бояу мен сурет өнерінің сан түрлі сызықтарының мәнін жете
түсінбесе де, жұрт жақын ғып бейнелеуге тырысты. Халықтың хал-күйін ғана
емес, ішкі жан дүниесінің дірілін, демін, мінез құлқы мен қабілетін
арқаудай астастра білді. Оны біз суретшінің трнақ алды туындыларынан
білеміз. Бойаулары бір түрлі күңгіріт, бір қырын ғана кейіптегі адам
пішіндерінің өзі, Совет өкіметінің алғашқы жылдары жалпақ қазақ халқының
рухани,табиғи кескіні, іс әрекеті, хам-қарекеті, тұрмыс тіршілігін қаз-
қалпында бейнелейді. Әбілхан Қастеев өзінің алғашқы суреттерінен бастап
адам бейнесін қағаз бетіне түсіруге құштарлық байқатады. Әдеттегі суретке
үйрететін оқу орындарының әдістемесінде алғашқы бейнелер салу қарапайым
формалардан тұрады- куб, конус, шар, т. с. с. заттардың суреті болады.
Сөйтіп бірте-бірте оқудың жоғары сатсында ғана адамды бейнелеу басталады.
өз бетімен сурет салып үйренушіге Қастеевтің кескіндемелері (портреттері-
өйткені біздің тілде кескін -деген сөз тек адамғағана қаратылып айтылады)
тым шебер салынғандығы даусыз еді және ол оның дарын иесі екендігінің куәсі
болатын. Талдап айтатын болсақ, ең әуелі Ә.Қастеев әр адамныың бір-біріне
ұқсас ерекшеліктерін көре білетіндігі, ол мінез-құлұқ бет әлпет пен тәлім-
тәрбие парасаттың ншандарын дөп басып бейнелей алатындығында еді.
“Әбілхан Қастеевтің алғашқы суреті,1927 жылы салған іс тігіп отрған айел,
1929 жылы салған киіз үйдің ішкі көрнісі, 1930 жылы салған қазақ портреті,
өз қарындасынның келбеті-соның айғағы. 1930 жылы салған Мектепке атты
еңбегі қазақ бейнелеу өнерінң алтын қорына қосқан алғашқы суреттері дер
едік.” ( Әбілхан Қастеев. өнер. 1986жыл. 6 б.) Сол кездегі теңдікті
аңсаған, оқу білімге аңсары ауған, кітап құшақтаған қазақ қызының көз
жанарында жас аралас арман
Өз ағасының портретінде сол қилы кезеңдегі қазақ ұғмындағаы қасрет ,
үргедек ұрпақ ұсқыны оның бет пішінінін, шүңірек көздерінен айқын
байқаймыз.
Бала жастан жыр аңыз, дастан, қисаларға құмар Әбілхан телегей теңіз қазақ
халқының ауыз әдебиетінің тал бесігінде тербеліп өсті.
Сол алтын қазына иелерінің бірі, елдің қамқоршы ақсақалының бірі Сағымбек
Қисықбаевтің, ауыз әдебиетін бүгінгі ұрпаққа жеткізген кең-даря ақылды бет
бейнесінен болмысына қарап, табындылар тұлғасынан ұзақ көз алмайсыз.Оның
бір қырынан отрған кісілік келбетіне ізет етесің.
Ақ киізден жұқалап басып, сәнімен тігілген қалпағы, әдеппен қойған
мұрты,кең омраулы сырма шапаны жарасым тапқан,кең маңдай қою
қасты,көтерінкі қабағы,ойлы көзі,бейне бір бізге шежіре шертіп
тұрғандай.Оның осындай тұлғасын сан ғасырлар ата-баба рухын танимыз.Адам
жанының иірімін таба білетін тумысынан аналитик суретші 1942 жылы Ана
портреті арқылы әжемізбен шешелеріміз ақ мейірімін,ізгілігін
көрсетті.Кимешек киген бұл Кейуананың еңкіш тартқан отырысымен әжім
торлаған жүзінен өткен өмір іздерін аңғарасыз. Ал, алысқа қадалған өткір
көздерінен болашаққа деген үлкен үміті,ұрпақ тағдырына аналық мейірмен
алаңдай қараған абзал жанның бейнесін көреміз.Зар заманның зорлығын мен
ауыр бейнетіне бүгілмеген ана қайратына қайран қаласың! ...
Әбілхан Кастеев алғашқы шығармаларының өзінгеді әр бір кейіпкерінің
келбетімен ізгілік мейірім шапағат шуағы төгіліп турады.
Суретші әуел бастан әсерлі бояуларды әлміштеп жаға беруден бойын аулақ
салады. Тек, бір қызығы, 1930 жылы майлы бяумен кенепке салған Көктем
туындысынан өмірдің соңғы күндердегі Жоңғар алатауының көктеміне дейінгі
пейзаждарында көк бояуды көбірек қолданды. Әсіресе көгілдір іңгәрлігін,
отызыншы жылдарда салған көк камзолды қыз, қазақ қызы атты жанырлық
портіреттерінен, шөп шабу картинасынан анық байқаймыз.
кең жазиралы көз жетпес қиыр сағымдап, заңғар аспанмен тіресіп, көгілдір
аспанмен астасып жатыр, көк-жасыл шабындықта шөп орған, тырма тартқан,
шөмеле жинаған, бір кісідей жұрттың жігер қимылымен көңілді көк бояу ашып
көркем көрніс тапқан.
Әбілхан Қастеевтің 1931 жылы салған Автопортреті дер едік. Ол кезде
Әбілхан жиырма бестен жаңа асқан жігіт. Автопортреттен бізге қарап тұрған
көз жанарынан өмірдің ащы-тұщысын татқан, ақыл-ой санасы өскен жігіт
кескінін көреміз. Үстіндегі жұпыны, жадау сырт киімі, алабажақ бөкебайы,
құлақшасын көтермей баса киген тымағы, сол кездегі қазақ жұмысшысына тан
сымбат. Тік қадалған өткір көзі, жабыңқы қабағы, кеберсіген қалың ерні,
шығыңқы жақ сүйегі, шымыр күш ұйалаған ұзын иегі, маңдайдағы ерте тұскен
қатпар әжімі тағдыр тауқыметі мен өмір талқысын көп көргендігін аңғартады.
мұнда әр түрлі бояулар қосылып, үйлесім тауып қабысып, сол кездегі қазақ
жұмысшысының қйтпас қайсар, күш-қайратын бейнелейді.
Суретшінң өміріндегі жаплы тұрмыс, күш қуатын жұмсаған ұлы еңбектерінің
бірі, Турксиб туралы жазғандары еді. бұл картинаны ол 1932 жылы салған
еді. қазіргі кезде бұл туындыны оқулық беттерінен көріп жұреміз.
Көрермен қауымның ақылы мен кеңесіне, сыншы жұрттың ой-пікірімен санаса
білетін сырбаз мінез Әбілхан Қастеев картинасын өзінің ой елегінен өткізіп,
1969 жылы қайта өңдеді. Шын шеберліктің сырын түсінген салдарлы суреткер
сол бір дүркіреген Турксиб даңқына сай түрлі бояумен әрлендіре түсті.
Алғашқы акварельді суретте түтіні будақтаған паровоз меңіреу даланы ойатып,
арқырап келеді. Кезінде от арба атанған бұл алыпқа түйеге мінген қазақ
қарты қолын маңдайына көлекейлеп, таңдана қарап тұр. Мұндағы қоңырқай,
сарғыш бояудың көптігі тусыраған сартап даланың сипаты. Ал, кейін бұл
Турксиб көрнісін түрлі бояумен айшықтап,айқындап аша түсті. Алдыңғы
фондағы аттылы-жаяу адамдардың, балалардың қимылы, жүріс тұрыстары, сайын
даланың сан түрлі бояауы керемет көрніс тапқан.Мұнда жер апшысын қурған
алғашқы поезға таңырқаудан горі, үміт, қуанышпен қарсыалу шаттығы сезіледі.
Дәл осы көрністі қазақ фильм киностудиясының Транссибирь жүрдек поезы
көркемфильмінде көрсетем деп, режиссер әптен әуреге тұскені бар...
Шынайы шығарманың әсері қаншама десеңізші! Әбілхан Қастеев өз халқының
өткен қасіретімен, өзгерген өмірмен біте қайнасып өсті. Ескі мен жаңаны
жіті аңғарып, ажыратып, оған зерделі көзбен қарады. Өмір шындығына деген
оның осы көз қарасы бізге қымбат әрі маңызды.
Ол ескіні жеріне жете жамандап, жаңаны тым асра дәріптемей, әр жылдардың
өзіне тән қарапайым бар көрнісін көз алдымызға тартады. Радио тыңдау,
сүт фермасы, колхозшылар жаңа тұрмысы, Колхоз тойы секілді картинада
советтік өмірдің өзіндік жаңалықтарын қысқа да тартымды ғып бейнелеген.Бұл
сурет фотокөшірме емес, әр түрлі бояулармен өрнектеген шындық шежіресі
іспетті.
Ол бізге есгі өмірдің елесінен шежіре силаған шынайы суреткер. Отызыншы
жылдардың өзінде бұрын аш-жалаңаштықтан, азаптан тартқан дертіне
қарамастан, көптеген суреттер салды.
Өксігі мол өткен заманның халққа тигізген азабын, қоғамдық теңсіздікті
Бай мен кедей құдық басында, Тасаттық кезіндегі молда секілді сюжет
суреттерінде сарказм мен мысқыл мол. Ескі заманның сұрқиясиқын кейбір
адамдардың бойындағы қылықтарынан байқаймыз.
Бір ғана сатылған қалыңдық атты суретінде сол кездегі әйелдер
теңсіздігін, қалың малға сатылып қор болған жас ару қыздың ауыр халі, көңіл
күйі бейнеленген. Қалыңдық өз әкесіндей шалға зорлқпен көніп, жек көрініщті
көзбен қиыс қарап, ат ұстінде әрең келе жатыр. Зорлық иесі бай ат ұстінде
көңілі жәй отыр. Оған оқтала қараған қыз ұстаушы кемпір кейпі де әйелдер
теңсіздігін айқындайды. Тау арасы күңгіріт бояумен суреттеліп, сол заманның
Қыз жолы жіңішкелігін тау ішіндегі бұраң тастақ жол бедері аша түсген.
Ересектерге арналған кешкі мектеп (1941) картинасы тым кеш оқыған
суретшінің өз басының тағдыры деп білеміз. өйткені Әбілхан жиырма бестен
асқанда барып оқуға түскен. Өз тағдырын бейнелеген сурет.
“Әбілхан Қастеевтің заттарды табиғи күйінен айнтпай салған, керек
десеңіз, оларды жыр-өлеңге айландырып жіберді. олр көкпар, тау
табиғаты, Шежін өзені, Қой өрісі, Қыз жібек күймесі, Бие сауу,
Бесбармақ, Кедейді ескі мектеп есігінен сығалатпады атты суретерінде
осы ойлардың ұштығы байқалады”. ( Әбілхан Қастеев. өнер, 1986 жыл, 9
б.) Кейін оны жасандырып, жандандырып әр бояуды құлпыртып,тіл бітірді.
Әбілхан Кастеев- бейнелеу өнерінің жанырлық жағынан жеделде жан- жақты
өсіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Ол Октябрь тудырған көп ұлтты өнерге өзіндік қол танбасын
қалдырды.Творчестволық жолдармен әдістер туралы айтсақ, Әбілхан Кастеев-
суреткерлік азматтықты арындай сақтаған суретші. Ол қаншама жылдар бойы
тіккен боп жабысқан түрлі изімдердің бірде-біріне еліккен жоқ. Халықтың
қадырын, елінің ерлігін,адамдардың арын, жаңа заман, жаңа адам тұлғасын,
ересен еңбегін, биік мақсатын көрсете білді.
Совет өнерінде ол тарихи революциялық полотноның портреттік жанордың,
лирикалық көріністердің авторы, хас шебері болып қалды.
Тағы бір өмірінің үлкен белесі болып қалған “1939 жылы салған Амангелді
портреті болып табылады. Әбілхан Кастеев сол жылы бірде – бір суреті
болмаған халық батыры Амангелдінің портретін жасауға тауекелмен Торғайға
аттанды.Ай бойы ат арылтып, Аманкелдінің ауылын,жүрген жерін аралап, көз
көрген адамдармен, сарбаздармен көзбе көз сұқпаттасты. Түр-пішінін,
тұлғасын сұрап біліп, кескіндеп, жұздеген жоба жасады. Ақыры батыр
портіреті пітті. Бірақ көз көрген бірнеше адамдардың ғана емес, суретшінің
де өз көңілінен де шықпады. Автоор бұл тақырыпқа тағы қайта оралды. Ол
Амангелді туралы ел аузындағы аңыз-жырға ғана сүйеніп қалған жоқ, атының
тұяғы тиген, алмас қылыштың қаны тамған татрлы даланың бедеріне дейін
барып, көңілге тоқып, ақ қағазға түсірді. Бұл кезде елдің ері Амангелдінің
ерлігін бүкіл еліміз батыр туралы түсірген филімнен көріп жатты. Ардагердің
атағы бүкіл жалпақ жұртқа жайілді... Өлең-жырға, әнге айналды. Бірақ
батыдың шын тұлғасы, бейнесі әлі беймәлім еді. Сол себепті республика
үкіметі халық батырының бейнесін жасауға конкурс жариялады. Оған таңдаулы
деген өнер иелері қатысты.Арнайы көрме ұйымдастырды.
Осы көрмені өкімет басшыларыкеліп көрді. Әбілхан Қастеев ауыл-елдегі
Амангелдінің ағайын, тустары, серіктері дән риза болған кейінгі портіретті
бәйгеге қосты.
Амангелді Имановтің үзенгілес серігі, роволюционер Әліи жанкелдин бұл
псртіретке ықыласы ауып, ұзақ қарап, батырмен жүздескендей болды.
- Бәрекелді! Ерлік жасапсың!.. Досымды енді іздеп таптым. Басқалардың
суреттерінен гөрі мына сенің Амангелдің көзіме оттай басылды. Бет-
бішіні, түрі, тұлғасы, мінезін түгел тауыпсың. Құдді өзі!- деп қуанып,
Қастеевтің қолын қысты”.(Әбілхан Қастеев, Альбом, Алматы, 1986жыл.
10 б.).
Ақ семсерін асынып, қыран көзінен жауға деген от ұшқындаған, соңына саң
мың сарбаз ерткен батырдың алып тұлғасы сол кезден күні бүгінге дейін
бірнеше ұрпаққа рухани ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ә. Қастеев
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
Әбілхан Қастеев
Замана суреткер Әбілхан Қастеев
Қастеев, Әбілхан (1904-1973)
Қазақстан музейлеріндегі Әбілхан Қастеев шығармашылығының көрінісі
Қастеев Әбілхан (1904-1973)
А С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Ақындар шығармалары
Шәкәрім шығармалары
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь