Психология ғылымы туралы



Психологияның міндеттері
Психологияның салалары
Психологияның принциптері
Психологияның әдістері
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрәкеттің даму бары-сындағы оның заңдылықтарын оқытып-үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психо-логиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмприкалық мәлметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық пробле-малары» деген еңбегін қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта «психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда» деп атайды.
Психология зеттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі – сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түр-лерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттері, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылаулуарды тіркеумен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау – теория болады деп көпшілік санай-тынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интег-рациялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйен-се, онда теорияляқ білімнің эмприкалықпен алмастырылуының қаупі туады.
Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектика-лық материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф.Ломовтың аталған еңбегінде психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып, олардың жүйелік өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға ортақтығы, сондай-ақ бір-біріне келтірілмейтіндігі көрсе-тілген.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Психологияның міндеттері

Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің
көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму
үстінде. Психикалық әрәкеттің даму бары-сындағы оның заңдылықтарын оқытып-
үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық
көлемінде психо-логиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми
бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты
өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып,
психология жаңа эмприкалық мәлметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов Психологияның
әдіснамалық және теориялық пробле-малары деген еңбегін қазіргі кезеңдегі
ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта психология ғылымының
әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік
кенеттен артуда деп атайды.

Психология зеттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі
әр түрлі – сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түр-лерінің
қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын
адамның күйлері мен қасиеттері, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың
кейбіреулері жеткілікті зерттелген ал басқаларын сипаттау қарапайым
бақылаулуарды тіркеумен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың
байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау – теория болады деп көпшілік
санай-тынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс
бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интег-рациялау
да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып
зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты
әдснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған
әдістемелік принципке сүйен-се, онда теорияляқ білімнің эмприкалықпен
алмастырылуының қаупі туады.

Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектика-лық
материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф.Ломовтың аталған еңбегінде
психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып, олардың жүйелік
өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға ортақтығы, сондай-ақ бір-біріне
келтірілмейтіндігі көрсе-тілген. Психологияның төмендегідей негізгі
дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық
деңгейі боцынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл әлеуметтік және
биологиялық ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи қасиетте-рінің
объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық дерминанттарының
даму барысындағы қатынасын анықтау – ғылымның күрделі міндеттерінің бірін
білдіреді.

Алдыңғы онжылдықтағы психология пәнінің теориясы басым болғаны
белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде
өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медецинадағы,
мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби
практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық
міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды
өзгеріске ұшыратады. Шешілуші психологиялық кұзырды талап ететін,
факторының рөлінің көтерілуімен анықталатын мәселелер қоғам өмірінің барлық
салаларында әр түлі түрде пайда болады. Адам факторы деп адамдардың
нақтылы әрәкеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық,
психология-лық және психо-физиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге
болады. Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе (олардың саны
көп, өйткені адам бар жердің бәрінде шешілуі адам факторын қажет ететін
мәселелер бар) қойып отырған брлық міндеттерді атапайтпаймыз, бала
психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша
тоқталамыз. Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларына (мектепке дейігі
білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары
мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың
жүйесін түгелдей дерлік – тұлғаның қарапайым сезінулерінен беастап,
психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік
заңдылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы,
қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы
зор.

Психология ғылыми шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамының
мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті
қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің
дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің
тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп
ойластыруда.

Психологияның салалары

Еңбек психологиясы – адамның еңбек ету әрекетінің психоло-гиялық
ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық
аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып
табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инжинерлік, авиациалық, ғарыш
психологиялары.
Педагогикалық психологиялық – адамға білім және тәрбие берудің
психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау
жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олар-дың оқу материалдарын меңгеруі
мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым қатынастарды реттеудің түйіні
мәселелерін қарастыра-ды. Педагогикалық психология келесі реттегі
тармақтардаға бөлінеді: а) оқыту психологиясы – дидактиканың психологиялық
негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін,
балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә)
тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің
психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының
психологиялық негізіндерінде қатысты мәселелерді қарастырады.
Медициналық психология – дәрігердің іс-әрекетінің және ауру- дың мінез-
құлқының аспектілерін зерттейді. Олмынадай бөлімдер-ден тұрады: психикалық
құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін
нейропсихологиядан; адамның психалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін
зерттейтін психоформакалогиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға
арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын
психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын
зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың
өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек
көрсететін клиникалық психологиядан.
Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және олардың
тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл
салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету
психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады
Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан
жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарлар-ларын қарастырады.
Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің
басын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не
күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезендегі адамның мінез-
құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасында-ғы қатынастардың
психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін
қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және
т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы – спортшылардың іс-әрекетіндегі психоло-гиялық
ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағы-нушылардың өзара
қарым қатынасын, оларды даялаудың жағдайын, құрал жабдықтармен қамтамасыз
етілуін, психологиялық дярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-
қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің
психоло-гиялық факторларын зерттейді. әрбір ел мен халықтың спорт өнерін-
дегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндетте-рі
анықталады.
Психология тармақтарын жіктеудің негізі ретінде дамудың психо логиялық
аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму приципі пайдаланылады. Енді
психология салаларының келесі түрін қарастырамыз.
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психика-лық
заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр
түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерт-тейді. Бұл сала келесі
реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, ересек адам
психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен іргелі мәселелерін
зерттеп, оқыту ісіндегі адам-ның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің
тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді
қарастырады.
Арнайы психология – бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан
ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы
саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олиго-
френопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясы-ның дамуын,
сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын,
тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын
зерттейді.
Салыстырмалы психология – психиканың филогенетикалық түрлерін
қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып
зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашы-лықтары мен ерекшеліктері
ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір
түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы
механизмде-рін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы
және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл
тармаққа биология мен психологияның тойқаласқан жерін-де этиология деп
аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, кит-тер сияқты дельфиндердің де
қылықтары бақылауға алынып, хайуа-наттар құлқындағы туа пайда болатын
механаизмдер зеттелуде.
Әлеуметтік психология – адам мен қоғам арасындағы қатынас
мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде
ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы
психологиялық құбылыстардың сырын зерттей-ді. Қазіргі кезде әлеуметтік
психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның
күрделі мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық-
әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамында жалпы бұқаралық байла-
ныстар:радио, теледидар, баспасөз, және т.б. кіреді. әр түрлі топқа жататын
адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар көпшілікке тән тағамдар,
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер
жайлы әсер етудің психоло-гиялық астарлары жеткізіледі. Бұған топтық
психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары,
дін психо-логиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын топтарда-
ғы психологиялық-жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда оңашала-нып тұрақтаған
топтардағы адамдардың бірігуі,олардың өзара қарым қатынастарының сыры мен
жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып
саналатын асиоцияция-лар, корпарациялар, ұжымдар, ресми және бейресми
топтар арасын-дағы қатынастынастар, сол топтардың шеңбері, олардың
бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі.
Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны. Азамат -
әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда
аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу
ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай
білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт- бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін,
тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әлеуметтік
психологияның тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және
дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.
Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру басшылық
ету ретінде қарастырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге
бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеу-меттік-психологиялық
мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап тілектерін
ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға
қою мәселелерін қарастырады.
Көркем, әдебиет пен ғылыми шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы
кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның
жасампаздық қзметі, өзіндік ерекшелктері, белсенділігі айқын көрініп,
ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т.б. сипаттары
зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін
байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады.
Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселе-лер ішінен
(бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру
және т.б.); адамдардың күнделікті өмірдегі сауалдардан(тұлғалар арасындағы
дау-дамйларды шешу, эмоционал-дық күйден шығару және т.б.) байқауға болады.
Бұл табиғи құбылыс өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты,
мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады.
Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен
жөн. Ол басқалармен бір қатарда тұратын психология ғылымының тармағы емес:
бұл – психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде
қолданылатын ерекшк атау. Психо-логияның тарихы мен әдәстемелерінің
психикалық құбылыстыардың пайда болуының, дамуының және байланысының жалпы
заңдарын зерттейтін теориялары мен әдәстерінің мәселелерін шешу жалпы
психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практика-лық
әрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеу-дің нәтіжесі –
психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады.
Жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Саяси психологияның дамуы
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Психология пәні
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Психология ғылымының кеңестік кезеңдегі даму тарихы
Психологияның зерттейтін құбылыстар әлемі ұланғайыр
Психология мыңызы
Психология пәні туралы
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Пәндер