Балабақшада тіл дамыту жұмыстарының жүйесі



1 Балабақшада тіл дамыту жұмыстарының жүйесі
1.1 Тіл дамыту мақсаты мен міндеттері
1.2 Мектепке дейінгі бала тілінің ерекшеліктері
2 Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен тәсілдері
2.1 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар
2.2 Тіл дамыту сабақтарындағы көрнекілік түрлері және оның бала тілін дамытудағы рөлі
2.3 Тіл дамыту негізі . ой дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам — тілдіқ өмір Сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ дамып, әрбір халык өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жанғырығы мен ізі: арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, әсіресе құйынды екпінді тарихы, cap далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр» [1].
Ана тілі, сонымен бірте, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердіц қазынасы. Өйткені балаларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгеретін де осы пән.
Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», — деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский [2].
Тіл дамыту бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі балаларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді.
Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.
1) Баймұратова Б «Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету» Алматы, «Мектеп» 1981 ж [1].
2) Баймұратова Б « Тіл дамыту әдістемесінің методикасы» Алматы,-2007ж [2].
3) Федоренко Л.П., Фомиева Г.А., Лотарев В.К. «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы» Алматы, 1981 [3].
4) Әуелбаев Ш. «Бастауыш класта қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы «Мектеп». 1987ж[4].
5) Қ.Молдабек, Қ Сандыбай, Ы. Балқыбекова «Бастауыш мектепте тід дамыту» Шымкент. 1999ж[5].
6) Бакраденова А, «Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақша сөйлеуі және тіл дамуы» Алматы 1993ж [6].
7) Адамбаева Ж, «Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту» Алматы, 2000ж [7].
8) Баймұратова Б. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасы». Алматы, «Мектеп» 1989ж Саубулатова С «Балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту», «Отбасы және балабақша» №6-06ж-8б.
9) //Отбасы және балабақша// №1-2003. 13-14б
10) Адамбаева Ж. «Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында тіл дамыту» Алматы, 2000.
11) Адамбаева Ж. «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарындағы тіл датыту жұмыстары» алматы, 1978.
12) Баймұратова Б.Б., Едепбаева З.Д. «Изучаем казахский язык Куншуак» әдістемелік құрал. Алматы, 2007.
13) Өтебаева Г. «Ересектеп тобындағы балалардың тіл дамуын анықтау тәсілі» //Отбасы және балабақша// 2003. №1 1013 б
14) //Бастауыш мектеп// №8-2008. 35б
15) Аяпова Т. «Сөз мағынасының қалыптасу үрдісінде» //Ьастауыш мектеп// №7 2003. 19-28 б.
16) Абдуллина Г. «Тіл мен сөйлеу» //Бастауыш мектеп// №11 – 2005
бет
17) Сардарова Ж «Бастауыш мектептің тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшеліктері» //Бастауыш мектеп// №9 – 2003. 8-9б
18) «Тіл құралы » №3- 2005.36-38б
19) Балақбаев «Балалардың жазбаша тілін дамыту құралы» Алматы, 1993ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
1 Балабақшада тіл дамыту жұмыстарының жүйесі
1.1 Тіл дамыту мақсаты мен міндеттері
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде
қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден,
тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тілсіз ұлт құрымақ. Тіл адамзат
қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана
өмір сүреді. Қоғам — тілдіқ өмір Сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін,
тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ дамып, әрбір халык өз тілінде асыл
армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат
бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы
халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жанғырығы мен ізі: арманы мен
алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп
тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді. Қазақ
тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, әсіресе
құйынды екпінді тарихы, cap далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын,
саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр [1].
Ана тілі, сонымен бірте, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл
білімдердіц қазынасы. Өйткені балаларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім
мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл
материалын меңгеретін де осы пән.
Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана
жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті
құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты.
Өз заманында Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны -
логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс, — деп көрсеткен ұлы
педагог К. Д. Ушинский [2].
Тіл дамыту бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде
қарастырылады. Мұның өзі балаларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және
сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда қазақ тілі пәніне арналған
бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген
грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу
ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе
өз шешімін таппай келеді.
Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз?
Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
Тіл немесе тіл дамыту — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық,
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және
оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында
ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану
процесі — сөйлеуді зерттейді.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: ...тіл
дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлы-
ғын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша
жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әд-
епті сейлеуге дағдыландыру,—десе, тілді меңгеру сөз мағынасын білумен
шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін
адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды
ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның
жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың
арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз
тілде ойлану мүмкін емес.
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана
емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. Дағды
адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл
кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам санасы қызметті
түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл жұмыстың табысты болуын
қамтамасыз етеді.
Тіл дамыту деп — балаға тіл заңдылықтарын үйрету, тіл материалдарымен
ойлау операцияларын жасауды және оқу дағдыларын қалыптастыруды айтамыз.
Дамыған тіл деп сипаты жағынан мазмұнды, көркем әдеби тіл нормасына
сай, өзара дұрыс байланысқа түскен (грамматикалық, логикалық), аз сөзге көп
мағына сыйғызатын, айтқанда орфоэпиялық, жазғанда орфографиялық ережелерді
сақтайтын тілді айтамыз.
Енді тіл дамытудың алғышарттарына келейік.
Баланы қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш
мотив—оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамдар өмір сүру
үшін тамаққа, киімге, қарым-қатынасқа т.б. да толып жатқан қажеттерін
қанағаттандыруға тиісті.
Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Мысалы: үш
жасар сәби анасына бір нәрсе жайында айтқысы келді дейік. Бірақ анасы оның
тәтті былдырынан еш нәрсе түсінер емес. Баланы сөйлеуге, қарым-қатынасқа
итермелеп тұрған оның өзіне ғана белгілі ішкі қажеттілік. Алайда ойын
жеткізуге сөздік қоры тапшы. Бұл жерде бала сөйлеуге мұқтажданды, яғни оны
анасымен қарым-қатынас жасауға итермелейтін күш туды. Қажеттілігі мен
мүмкінділігінше арасында қарама-қайшылық пайда болды. Осы қайшылық баланы
тіл үйренуге үнемі жетелеп отырады. Адамның санасы да, тілі де
қажеттіліктен пайда болған. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана
да болмас еді, — дейді академик Т.Тәжібаев [3].
Адамның қажеттіліктері: материалдық, рухани және қоғамдық
қажеттіліктер болып үшке бөлінеді. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір
тіршілігінің негізіне байланысты Рухани қажеттіліктер танымдағы және
эстетикалық ләззатқа қажеттіліктер жатса, қоғамдық қажеттіліктерге еңбекке,
адамдармен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер жатады.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың
тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға септігін
тигізеді.
Психологиялық зерттеулерде балалардың жас шамасына қарай сөздік
қорының түрліше болатындығын көрсетілген. Жас шамасы қаншалықты есейген
сайын сөздік қор белгілі бір деңгейге жеткен соқ, жаңа сөздерді. талғап-
таңдап қабылдайды. А.М.Ким бұны тіл үйренудің заңдылығы деп танып, төртке
беледі.
Бірінші заңдылық бойынша, балалардың сөздік қоры бір-келкі дамымайды,
тілі шыға бастаған балалардың сөздік қоры өте баяу жетіледі.
Екінші зандылық бойынша сөздік қоры 300-ден асқан бала айналадағы
қоршаған дүниені білуге құштар болады да, тілді өте оңай игереді. Бұл
шамада 3-4 жасар балаларда (кейде 5-6 жасар балалар да) өте анық байқалады.
Үшінші заңдылық бойынша, сөздік қор белгілі бір шамаға жеткен
балаларда тілге қызығу пассив бола бастайды, олар қажетті сөздерді тез
ұмытып, қайта-қайта ескертуді талап етеді.
Төртінші заңдылық бойынша, тілді үйрену, сөздерді есте сақтау әрі
сапалы, әрі механикалық түрде болады[4].
Бұл балабақша балаларына тән құбылыс. Байыпыптап қарасақ бесінші
заңдылық та бар сияқты жасы есейген адамдар жаңа сөздерді (тілдік
материалды) саналы түрде меңгереді де, тілдің қалыптасқан өзіндік
заңдылықтарына сүйенеді. Бастауыш сынып оқушыларының тілді тез және таза
меңгеру қабілетінің болуы олардың тілді механикалық түрде меңгеру
қабілетінен деп білген жөн. Сондықтан тіл үйрету бұл кезеңде жеңіл болады.
Тәрбиеші бұл ерекшелікті өз ісінде дұрыс пайдаланғаны мақұл.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың
тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс
Бұл балабақша балаларына тән құбылыс. Байыпыптап қарасақ бесінші
заңдылық та бар сияқты жасы есейген адамдар жаңа сөздерді (тілдік
материалды) саналы түрде меңгереді де, тілдің қалыптасқан өзіндік
заңдылықтарына сүйенеді. балабақша балаларыларының тілді тез және таза
меңгеру қабілетінің болуы олардың тілді механикалық түрде меңгеру
қабілетінен деп білген жөн. Сондықтан тіл үйрету бұл кезеңде жеңіл болады.
Тәрбиеші бұл ерекшелікті өз ісінде дұрыс пайдаланғаны мақұл.
Қорыта айтқанда, ана тілі – жан дүниесінің айнасы, мәңгі құламайтын
бәйтерегі. Одан көз жазып қалу – тарихсыз, келіншексіз тобырға айналу. Тіл
дамыту сайып келгенде, ұлтымызды сақтап қалудың алғы шарттарының, ең
негізгілерінің бірі.
- балаға тілді меңгертуді тек тіл біліміне сүйеніп қоймай, қазақ
тілінде ойлауға үйреткенде ғана нәтижелі болмақ;
- қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы тіл үйренуге итермелейтін
негізгі қозғаушы күш;
- тіл өзара сөйлесу үстіде дамып жетіледі, ұшталады, баланы әңгімеге,
пікір алысуға жетелейтін мотив сөйлеу ситуациясы. Ситуация — азара қарым-
қатынас жасаушыларды байланыстыратын фраза;
- баланың тіл үйрену заңдылықтарын білу тіл дамыту
сабақтарын дұрыс ұйымдастыруға бағыт береді.
Ана тілі – жан дүниесінің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Одан
көз жазып қалу – тарихсыз, келіншексіз тобырға айналу. Тіл дамыту сайып
келгенде, ұлтымызды сақтап қалудың алғы шарттарының, ең негізгілерінің
бірі.
- балаға тілді меңгертуді тек тіл біліміне сүйеніп қоймай, қазақ
тілінде ойлауға үйреткенде ғана нәтижелі болмақ;
- қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы тіл үйренуге итермелейтін
негізгі қозғаушы күш;
- тіл өзара сөйлесу үстіде дамып жетіледі, ұшталады, баланы әңгімеге,
пікір алысуға жетелейтін мотив сөйлеу ситуациясы. Ситуация — азара қарым-
қатынас жасаушыларды байланыстыратын фраза;
- баланың тіл үйрену заңдылықтарын білу тіл дамыту
сабақтарын дұрыс ұйымдастыруға бағыт береді.

1.2 Мектепке дейінгі бала тілінің ерекшеліктері
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау, т.б.)
байқалғанымен, бұлар әлі тіл дыбысының сипаты болмайды. Жылаудың әсерінен
баланьщ тыныс мүшелері мен сөйлеу ағзалары дейінгілер сөздік қорына
негіздей отырып, тілдің тиісті ережелерін білмесе де, үлкендерге еліктеу
арқылы көптеген сөйлемдер құрады. Түзген сөйлемдердің бәрі сәтті шыкқан дей
алмаймыз. Тіл ережесіне қайшы келетін сөйлемдер де құрады.
Бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға (жағдай) тәуелді болып келсе,
мектепке дейінгі балалар (6-7) монолокқа жақын контекстік сөйлеу формасын
игереді. Қонтекстік сөйлеу формасы деп аталу себебі оның мазмұны
хабарламаның бүкіл контексінен түсінікті болуынан. Сөйлеудің бұл формасы
кең көлемде, логикалық жүйеде мазмұндап беруді талап етеді.
Бала қарым-қатынас жасауға қажетті жаңа сөздер мен грамматикалық
формаларды ересектердің жетілген тілінен, балалар әдебиетінің көркем
туындыларынан алады. Мектеп жасына дейінгілердің (6-7) байланыстырып
сөйлеуін дамытуға әсер ететін маңызды көздердің бірі — үлкендер оқып
беретін ертегілер, өлеңдер мен әңгімелер. Ана тілінде сөйлеуді жүйелі түрде
үйрету олардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда жетекші рөл атқарады.
Мектепке дейінгі кезеңде ситуациялық және контекстік сөйлеу формалары қатар
орып алады, алайда бала қарым-қатынастың нақтылы мақсатына қарай оның
бірін пайдаланады.
Егер тіл арқылы қарым-қатынас барлық негізгі кезеңде сөйлеушіге де,
тыңдаушыға да кернекі түрде беріліп, түсінікті жағдайда жүзеге (органдары)
нығая түседі. Үшінші айда бала гуілдей бастайды. Төртінші айдан бастап бала
өмірінде былдырлау пайда болады. Бұл әрекет ересектердің сөзіне еліктеуден
туады. Былдырлау нәтижесі сөйлеу ағзаларын одам әрі нығайтады. Бұл кезедде
нәрестеде бірінші ассоциациялардың элемент пайда болады. Дыбыс сипаттарын
аң-ғартатындығы баиқалады. Мысалы, тық-ты, десең, қабырғадағы ілулі
сағатқа қарайды. 8 айлық бала сөздің интонациясын, дауыс ырғағын ажырата
алады. Алайда олардың мән-мағынасым толық ұға алмайды. Оның алғашқы сөздері
ата әже апа, аға т.б. болады. Бала алдымен дауысты дыбыстарды,
кейінірек дауыссыз үнді дыбыстарды, содан кейін қатаң, ұяң түрлерін
меңгереді.
Балаға ызың дауыссыздар мен (ш.ж.) ысылдап шығатын дау-ыссыздарды ұғыну
қиын болады.
11-12 ай толғанда нәресте тілі шыға бастайды. Әуелгі кезде ол
айналадағы заттар мен жан-жануарлардың шығарған дыбысына еліктейді. Өзі
сөйлей алмаса да үлкендердің сөзін түсінеді. Өзгелердің сөзіне түсіну
баланьщ сөйлеуінен бұрын туады.
Бір жаста нәресте 10-нан астам сөз біледі. Бірақ ол игерген сөздерімен
сөйлем құрастыра алмайды. Жеке сөздерге сөйлемдік, тіпті одан да көп мазмұн
беріп сөйлейді. Бұл кезеңдегі баланың сөзін сөз-сөйлемдер деп атайды.
Мысалы, апа деген сөз бір жағдайда су ішкім келеді, екінші жағдайда
сыртқа шығамын, үшінші жағдайда маған басқа бала тиісіп жатыр деген
мағынаны білдіруі мүмкін. Сәбидің былайша сөйлей бастауы оның ми әрекетінде
екінші сигналдық жүйеніқ пайда болуымен байланысты.
Егер бөбектің сөздерден сөйлем құрастыру мүмкіндігі шектеулі болса,
(сөйлемнің құрамы 2 сөзден артпайтын болса) енді бұл мүмкіншілігін есейген
сайын арта түседі. Сөйлем құрау тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен
өзгерістерге ұшырайды. Мектепке асырылса, онда мұндай жағдайда толық, кең
түрде байланыстырып айтып берудін, қажеттілігі шамалы, оның орнына көбіне
қол қимылы, лепті дауыс және сілтеу есімдіктері мен үстеулер алмастырған
ситуациялық сөйлеу формасы пайда болады.
Егер баланың айтайын деген оқиғасы жайында тыңдаушы хабардар болмаған
жағдайда қарым-қатынас жасалатын: болса, онда кең көлемде, логикалық жүйеде
сөйлеу формасын пайдалану қажеттілігі туады. Алайда мектепке дейінгі
баланың контекстік тілі, оның ситуациялық тілін ығыстырып шығармайды.
Ситуациялық тілмен катар контекстік тіл де мектепке дейінгі жас кезеңде
арнаулы жағдайларда пайда болып, шапшаң дамиды. Көбінесе мынандай да
болады, бала белгілі бір оқиғаны хабарлау барысында ересек кісінің біріне
сөйлеудің ситуациялық формасын, екіншісіне контекстік формасын пайдалануы
мүмкін. Мысалы, балабақшаның ересек тобы тәрбиешісімен бірге қаладағы
зообаққа барды делік. Қайтар жолда олардың бірі өзінің алған әсерін
тәрбиешімен бөліскісі келіп, түрлі сұрақтар береді. Көргендері жайында
тңданысын білдіреді. Айтуынша бяла оқиғаны қай жерден бастап әңгімелесе де
бәріне түсінікті болатындықтан ситуациялық тілді пайдаланды, өйткені
тәрбиеші де, басқа балалар да онымен бірге зообақтағы жануарларды бірге
көрген болатын. Ол үйге келген соң, оқымен бірге зообақта болмаған ата-
анасына көрген-білгендерін баяндап береді. Енді бала контекстік сөйлеуді
пайдаланады. Серуенде болған оқиға желісін байлапыстырып айтып бермесе,
тыңдаушылар оны түсінбес еді. Бұран қарап ситуацияға қатысты сөйлеу тілдің
төменгі, ал контекстік ңегізінде сөйлеу сөйлеудін, жоғарғы сатысы екен
деген ұғым тумаса керек. Олай дейтініміз, кейбір жағдайда ересек өздері де
ситуациялық тілді пайдаланатыны жиі кездеседі. Сөйлеудің бұл формасы,
әсіресе бірін-бірі жақын білетін кісілер арасында жиі кездеседі.
Балаларда мектепке дейінгі кезеңде ана тілінің жүйесіне бейімделу
жүзеге асады. Тілдің дыбыстық үні алты жасар бала үшін оның табиғи
қаракетіне жарасатын ең басты алғы шарт. Алты жаста бала ауызекі сөйлеу
тілінің күрделі грамматикалық жүйесін едәуір жақсы дәрежеде меңгеріп
алатыны соншалық, оның сөйлеп жүрген тілі ол үшін шын мәнінде ана тіліне
айналады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың тағы бір ерекшелігі олар көбінесе
сөзді өзіне қарап айтады. Яғни бала кезде өзімен-өзі сөйлесіп отырады.
Балаларда мектепке дейінгі кезеңде ана тілінің жүйесіне бейімделу жүзеге
асады. Тілдің дыбыстық үні алты жасар бала үшін оның табиғи қаракетіне
жарасатын ең басты алғы шарт. Алты жасқа қарай бала ауызекі сөйлеу тілінің
күрделі грамматикалық жүйесін едәуір жақсы дәрежеде меңгеріп алғаны
соншалық, оның сөйлеп жүрген тілі ол үшін ана тіліне айналады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінін, қалыптасуына ересектердің
сөзінің әсері өте күшті екендігі белгілі. Бала оларға үнемі еліктеп, сөз
арқылы қарым-қатынас жасауға талпынады. Өз бетінше сез шығарып, басқа
балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалатын қателіктерді көрігің
келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.
Отбасында баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл
бөлінсе, ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады. Тілі дамыған
баланың тілдік құралдарды үлкендерден қабылдап, оны өзі қолданатын
контекстік тілде пайдаланатындығын жоғарыда айттық. Әрине мектепке дейінгі
балалардың тілі жақсы жетілген дей тұрсақ та, ол бала тілі. Контекстік
тілді әрі дамытып, же-тілдіруге іргетас қаланды деп айтуға болады.
Мәдениетті тіл үшін сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің қалай
қолданылатындығы мен баяндалатын ойдың айқындығы ғана маңызды емес, сондай-
ақ баламен, басқа адаммен қалай сөйлескені, сөзді қандай нақышпен айта
алатындығы да маңызды. Адам тілі ынтықтырмас әншейін бір жылуы жоқ нәрсе
емес, тілде әрқашанда сезім күйін шертетін бейнелі мәнерлілік болады.
Біз үшін баланың сөздік қоры және оның контекстік тілді құра білуі
қаншалықты маңызды болса, оның өз ойын қалай, қайтіп айтып жеткізе алуы да
соншалықты маңызды болуы тиіс. Тілдің эмоциялық мәдениетінің адам
өміріндегі маңызы зор. Тіл жатық және мәнерлі айтылуы мүмкін. Сонымен бірге
оның кейде қалай болса солай аса жылдам немесе баяу, жа-быркау түрде мүлде
сылбыр да ақырын айтылуы ғажап емес. Баланын, калай сөйлегеніне, тілінің
қалай дамығанына қарай, оның тілін қалыптастыратын ортаға баға бере аламыз.
Мектепке дейінгі бала тілінін дамуы мынадай үш кезеңнен тұрады- Бірінші
кезең: сөйлеуге дайындық кезеңі. Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар
(жылу, інгалау т.б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды, жеке
дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен
(дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы
көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздерін, дыбыстарына
орайлас жасайтын реакциялар. Бұл кезең шамамен 2 айдан 11 айға дейінгі
мезгілді қамтиды. Екінші кезең тіл құралдарын алғаш меңгерумен сипатталады.
Бұл кезең 11 айдан 1 жас жеті айлық мезгілде қамтиды. Үшінші кезең тілдің
грамматикалық жүйесін игерумен ерекшеленеді. Бұл мезгіл бір жыл жеті айдан
шамамен үш жасқа дейінгі уақытты қамтиды. Баланың жасы ұлғайған сайын қарым-
қатынасқа пайдаланатын грамматикалық формалардың саны бірте-бірте молая
түседі.
Бала тілінің дамуына аса нәтижелі және нәтижесіз кезеңдер болатынына
келеиік. Адам психикасының дамуының аса табысты мезгілін психологияда
сензаитвтік кезең деп атайды. Әр жылда егіннің жақсы немесе өнімсіз
болатыны сияқты, адамның да оның ішінде баланың әрнәрсеге қабілетті,
сезімталдығы, қабылдау түрліше болып келетін кезеңдері болады. Бұл жөнінде
тұңғыш пікір айтқан Италияның дарынды педагогі Мария Монтессори болды. Бұл
көзқарас жөнінде Л.С.Выготский мен А.С.Лейтестер құнды пікірлер айтты[5].
Сензитивтік көзге неге мән берілуі тиіс? Өйткені бала қабілеті мен
қабылдауы үнемі прогресспвтік жолмен дамымай, есейген сайын бұл қасиеттер
көмескіленуі мүмкін, тіпті жоғалып кетуі де ықтимал. Ұстаз бала қабілетінің
мол кезін пайдаланбай мезгілінен кешігіп қалса, даму өз дәрежесінде
болмайды, ол дамыта алған күннің өзінде де оған көп уақыт, көп қаражат
шығару қажет.
Ғалымдардың пікірінше, ана тілін меңгерудің сензитивтік кезі мектепке
дейінгі кезең. Бұл жаста бала ана тілінің грамматикалық құрылысын толық
игеріп, ересектер және құрдастарымен пікір алысу дәрежесіне дейін
көтеріледі. АҚШ-тың лингвист ғалымы Э.Пульгремнің айтуынша, егер баланы шет
тілінде 4-5 жастан оқытса, тез үйреніп жақсы меңгерген болар еді. Ал тілді
балалардың сензитивтік кезі сенгеннен кейін меңгертетін болса, оған көп
уақыт және мол қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады [6].
Бала ақыл-ойының даму кезі тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер
бала 10 жасында ана тілін өз дәрежесінде меңгерсе, ақыл-ой тек 40 жасқа
келгенде толығады. Демек тіл мен ойлаудың сензитивтік кездері түрлі
уақыттарға сай келеді.
Кейбір жағдайда баланың алғашқыда белгілі бір нәрсеге ықыласы болмаса,
кейін соған қызығушылығы артуы мүмкін, Оның себебі әуелгі кезде бұл іс-
әрекет түріне ықыласы да оны қызықтыратын түртікісі де болмауы мүмкін.
Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді келеді.
Мұнан шығатын қорытынды, баланың синзитивтік кезі белгілі бір жасына ғана
сай келмей, оның жеке басының психикалық ерекшелігіне сырттан түрткі
әсердің күшіне қарай алдағы өмірінде де кездесуі мүмкін.
Мектепке дейінгі кезеңде тілді практика жүзінде қолдану ауызша сөйлеу
тіліндегі сөздерді бөліп талдаудан анағұрлым ерте қалыптасады. Бөбек (1-3
жас) сөйлемнен сөзді мүлдем ажырата алмайды, тек қайталаумен шектеледі. Ал
мектепке дейінгілер. (6-7 жас) бірте-бірте сөйлем құрамынан заттың
мағыналық сөздерді, яғни зат есімді оқшаулай алады, біртіндеп басқа да сөз
табына бөлуге өтеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тіліндегі жеке
сөздерде бөліп алу процесі бірнешс кезецнен өтеді. Бірінші кезеңде бала
белгілі бір ойыншықпен ойнайды, ойын барысында ауызша сөйлеу тілінен сөзді
бөлу үшін сыртқы тіректі таба алмайды. Екінші кезеңде бұл сырты тіректер
тіл құрамынан сөзді бөліп алуға көмектеседі, бірақ бұл операция тұрақты
сипат алмайды. Үшінші кезеңіде мектеп жасына дейінгі балалар (6-7)
сыртқы таяныштарға сүйенбей-ақ ішкі іс-әрекет нәтижесінде тілден сөзді
бөлу операциясы біршама тұрақты болады.
Мектептегі оқу жүйесінде аса қажетті сөйлем құрамынан сөзді бөліп, оны
талдау дағдысы бүкіл мектепке дейінгі кезеңде өте баяу қалыптасады.
Жоспарлы түрде оқыту бұл процесті тездетуге ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, "мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың өзіне тән
мынандай тіл ерекшеліктерін атауға болады.
1. Баланың алғашқы сөздері сөз-сөйлем, яғни ол бір сөзімен-ақ айтайын
деген ойын аңғартады.
2. Егер бөбекке (1-2 жас) кебіне ситуациялық (жағдай)
сөйлеу формасында болса, мектепке дейінгі балаларда (3-7
жас) контекстік және этоцентрлік сөйлеулер тән.
3. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері
дамиды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады.
Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі.
4. Бөгде адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөй-
леу процесі өте кеш қалыптасады.
5. Бұл дәуірде балалар іс-тәжірибе жүзінде ана тілінде
сөйлеудің негізгі ерівжелерін іс жүзінде меңгеріп алады.
6-7 жасар баланың стихиялы түрде дамыған тілін соншалықты жақсы
жетілген тіл десек те ол - бала тілі. Оның коитекстік тілін одан әрі жүйелі
дамытып жетілдіру - мектептегі ана тілін меңгерген педагогикалық әдіс-
тәсілдермен қаруланған мұғалімдердің парызы.

2 Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен тәсілдері
2.1 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар
Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысының өзінің программасы,
жаттығу түрлері сондай-ақ әдісі болады.
Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай
мақсаттарды көздейді.
1. Балалардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр
нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен
ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап, өз беттерімен қорытынды
жасай білу.
2. Балалар қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс
айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
3. Қазақ тіл ғылымының зерттеу жұмыстарының негізінде балалардың
жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін
жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай да
тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындату.
4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды өз Отанына шын
берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, коммунизм құру
жолында саналы да, белсенді еңбек етуге тәрбиелеу.
5.Балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем
де нәзік сөз байлығын қолдана білуге , оны сезініп құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да балаларға білім
беру,іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарын көздейді.
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір
методикалық талаптарға сүйенеді.
Балалардың тілін дамыту жұмысы мектептерде негізінен балаларды
мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету арқылы орындалатын болғандықтан, бұл
жұмыстарға қойылатын методикалық талаптарды көрсетелік. Ол талаптардың
негізгі бастылары мынадай:
1. Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу, бла өзінің
жинаған материалын, берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп
іріктеуі қажет.
2.Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы.Жұмыстың мазмұнды болуы да
материалды жинау , негізгілерін түсініп,іріктеп ала білуіне байланысты.
3. Бала түсінгенін ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі
түрде баяндауға тиіс. Алдын ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып,
саналы түрде өткізілуі қажет. Бала әуелі не жөнінде, одан кейін нені
айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем
қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.
4. Балалар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп
іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс. Мәншүк тексі бойынша мазмұндама
жазғанда, жаудың жаңбырша жаудырған оғы деген тіркесті сол қалпында беруге
тырысып, жаудың тамаша жаудырған оғы деп жазған. Мұндай қателерге жол
бермеу үшін сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. тексті анализдеу,
синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.
5. Артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет
қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.
6. Бала сөйлегенде болсын сөйлемдерді белгілі формада (тұлғада)
құрастыратын болсын. Яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші бір сөйлем келер
шақта тұрмасын.
7. Балалардың жазба жұмыстарында ауызекі сөйлеуде қолданылатын
сөздердің болғаны дұрыс.
8. Жазба жұмыстарын жетілдіруді міндетті түрде меңгерген болуға
тиіс. Жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін бала
мұқият қарап, тексеріп шығатын болсын, мұнда тіпті кейбір қате
құрастырылған сөйлемдерді де жөндеуге жол беріледі.
Сөйтіп, балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарына қойылатын негізгі
методикалық талаптардың негізгілерін айттық. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу
барысында басшылыққа алынады. Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл
деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
Тіл немесе тіл дамыту — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық,
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және
оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында
ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану
процесі — сөйлеуді зерттейді.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: ...тіл
дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлы-
ғын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша
жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әд-
епті сейлеуге дағдыландыру,—десе, тілді меңгеру сөз мағынасын білумен
шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін
адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды
ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның
жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың
арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз
тілде ойлану мүмкін емес.
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана
емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. Дағды
адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл
кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам санасы қызметті
түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл жұмыстың табысты болуын
қамтамасыз етеді.
Тіл дамыту деп — балаға тіл заңдылықтарын үйрету, тіл материалдарымен
ойлау операцияларын жасауды және оқу дағдыларын қалыптастыруды айтамыз.
Дамыған тіл деп сипаты жағынан мазмұнды, көркем әдеби тіл нормасына
сай, өзара дұрыс байланысқа түскен (грамматикалық, логикалық), аз сөзге көп
мағына сыйғызатын, айтқанда орфоэпиялық, жазғанда орфографиялық ережелерді
сақтайтын тілді айтамыз.
Енді тіл дамытудың алғышарттарына келейік.
Баланы қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш
мотив—оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамдар өмір сүру
үшін тамаққа, киімге, қарым-қатынасқа т.б. да толып жатқан қажеттерін
қанағаттандыруға тиісті.
Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Мысалы: үш
жасар сәби анасына бір нәрсе жайында айтқысы келді дейік. Бірақ анасы оның
тәтті былдырынан еш нәрсе түсінер емес. Баланы сөйлеуге, қарым-қатынасқа
итермелеп тұрған оның өзіне ғана белгілі ішкі қажеттілік. Алайда ойын
жеткізуге сөздік қоры тапшы. Бұл жерде бала сөйлеуге мұқтажданды, яғни оны
анасымен қарым-қатынас жасауға итермелейтін күш туды. Қажеттілігі мен
мүмкінділігінше арасында қарама-қайшылық пайда болды. Осы қайшылық баланы
тіл үйренуге үнемі жетелеп отырады. Адамның санасы да, тілі де
қажеттіліктен пайда болған. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана
да болмас еді, — дейді академик Т.Тәжібаев.
Адамның қажеттіліктері: материалдық, рухани және қоғамдық
қажеттіліктер болып үшке бөлінеді. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір
тіршілігінің негізіне байланысты Рухани қажеттіліктер танымдағы және
эстетикалық ләззатқа қажеттіліктер жатса, қоғамдық қажеттіліктерге еңбекке,
адамдармен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер жатады.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың
тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға септігін
тигізеді.
Психологиялық зерттеулерде балалардың жас шамасына қарай сөздік
қорының түрліше болатындығын көрсетілген. Жас шамасы қаншалықты есейген
сайын сөздік қор белгілі бір деңгейге жеткен соқ, жаңа сөздерді. талғап-
таңдап қабылдайды. А.М.Ким бұны тіл үйренудің заңдылығы деп танып, төртке
беледі.
2.2 Тіл дамыту сабақтарындағы көрнекілік түрлері және оның бала тілін
дамытудағы рөлі
Оқыту процесінің қоятын талаптарының бірі - оны көрнекі етіп жүргізу.
Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін тиісті
құралдар пайдалану немесе сабақты тәжірибе қою арқылы өткізу.
Оқу материалдарыи сөз арқылы түсіндіру толық нәтижеге ие болмайды.
Өйткені бала мазмұнды құрғақ жаттап алса, онда ол мазмұнның қандай нақты
бейнелерді білдіретінін білмейді. Мұның себебі сабақ мазмұны нақты
көріністермен берік ұштастырылмағандығынан болып отыр. Тіпті ғылым
жетістігі болып табылатын жаңа ой-пікірлердің бәрі де, нақты бейнелердің
негізінде болмақ. Өйткені бала игеретін ұғымдардың бәрі де нақты
бейнелердің, кернекі оқытудың негізінде жүзеге асады.
Балабақша топтарында көрнекіліктердің жиі қолданылатын себебі баланың
ой-өрісі әлі қалыптаспаған, нақты бейнелерге сүйенуді қажет ететіндігінен
болады. Мысалы, сауат ашу кезеңінде А дыбысынын айтылуымен жазылуын жалаң
күйде түсіндіргеннен, алманы көрсетіп түрып, А дыбысынын, бұл сөздің
алдында және соңында келетінін ұғындырса, балалар тез қабылдайды.
Көрнекіліктің максаты - сол нәрселердің өзін ұғындыру емес, белгілі
материалды түсіндіруде тірек ретінде қолдануында болып отыр. Өйткені
баланың жас ерекшелігіне байланысты көрнекі тіректерге сүйенбейінше өз
бетімен оқу тапсырмаларын меңгере алмайды. Мұның себебі балада абстрактілік
бейнеге қарағанда нақты бейнені қабылдауға жеңіл болғандықтан, негізінде
соған сүйенеді. Бұл ерекшелік ересек топта ғана емес, балабақша
балаларының бәріне тән қасиет.
Сабақта кернекіліктерді үнемі көрсетс беру нәтиже бермеуіде мүмкін,
сондықтан оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып,
бірінен соң бірін алмастытырып отырған дұрыс. Егер тәрбиеші сабақ
материалын үнемі ауызекі баяндаса, онда бала миының белгілі бір орталығы
қатты қозуының салдарынан, ол тежелуге айналып, тез болдырады. Ал оқу
мазмұны үнемі алмасып, бірде сөзбен, бірде көрнекілікпен ұштастырылып
отырса, онда мидың бір алыбы ғана қозып қоймай, басқа орталықтары да
кезекпен кезек қозып, балалар сабақ барысында ұзақ мезгіл болдырмайтын
болады.
Сөз бен көрнекілікті қалайша ұштастыруға болады? Л.В.Занковтың зерттеу
нәтижелеріие қарағанда, негізінде оныц мынадай төрт түрі бар. Сөз бен
көрнекілікті ұштастырудьщ бірінші түрі.
Балалар көрнекілікті назар сала бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын
мағлұматтарды өз беттерінше жинақтайды. Тәрбиешінің міндеті: бақылаған
кезде неге мән беруге бағыт беріп отыру.
Сөз бен көрнекілік ұштасуының екінші түрі. Көрнекілік мазмұнын
тәрбиешінің өзі баяндап шығады. Яғни, балалар мағлұматтарды көрсетілген
нәрселерден алмайды, тәрбиешінің әңгімесінен естиді.
Сөз бен көрнекілік ұштасуының үшінші түрі. Мұнда көрнекілікті бақылау
нәтижесінде алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Балалардың жалпы дамуында табиғат бұрышын құруды талдау
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Бөлім тәрбиешінің балалармен еңбек іс – әрекетінің ұйымдастыру және тәрбиешімен атқаратын жұмыстар жүргізу
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТУРАЛЫ
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ете отырып, саналы, тәрбиелі, білімді азамат етіп қалыптастыру
Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер