Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

1. РУБАИ ЖАНРЫНЫҢ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1. Рубаи жанрының генезисі және зерттелу тарихы . . . 10

1. 2. Шығыс әдебиетіндегі рубаи жанры . . . 18

1. 3. Түрік халықтарындағы төрттаған жанры . . . 37

2. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТӨРТТАҒАН (РУБАИ) ЖАНРЫ

2. 1. Қазақ әдебиетіндегі төрттаған жанрының қалыптасу, даму

жолдары . . . 52

2. 2. ХХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі «төрттаған» (рубаи) жанры . . . 68

2. 3. Жанрдың көркемдік, тақырыптық ерекшелігі . . . , ,, ,, ,, ,, ,, ,, , . . . 96

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 106

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 120

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Тақырыптың зерттелу деңгейі

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері

Поэзияның бұл жанры қай кезеңде, қандай қоғамдық-әлеуметтік жағдайларда көп жазылғандығын анықтау, оның көркемдік заңдылықтарын да танып-білу - негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Әр ұлттық әдебиеттегі төрттаған жанрының өзіндік ерекшелігімен бірге ортақ типологиялық сәйкестігі де бар. Осы проблемалардың ара-қатынасы салыстыра зерттелді.

Түрік әдебиетіндегі төрттаған жанрының тарихы, даму кезеңдерімен бірге жанр табиғатын, көркемдік, тақырыптық болмысын да даму сатыларымен саралап-сатылай зерттеу қажет деп таныдық. Төрттаған жанрының теориясына, құрылымдық өзгешілігіне арнайы түрде тоқталамыз.

Диссертациялық жұмыс қазақ поэзиясындағы осы төрттаған жанрының ерекшеліктері мен заңдылықтарын талдап жүелеуге, көркемдік-эстетикалық, тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктерін зерттеуге арналады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы

Сонау түрік әдебиетінен келе жатқан төрттаған жанрының дамы тарихы, көркемдік болмысының қалыптасу шарттары арнайы түрде алғаш рет кең көлемді диссертациялық зерттеу тақырыбына алынды.

Төрттағанның поэтикалық ерекшеліктері, пайда болуы, қалыптасу тарихы қоғамдық-әлеуметтік заңдылықтар мен әдеби даму үрдісінің дәйектемелерімен байланысты зерттелді. Көне түрік поэзиясындағы туындылардағы төрттағандық сипатқа жататын белгілер мен шарттылықтар қарастырылды. Төл әдебиетіміздегі қара өлең формасындағы жырлар талқыланды, Кеңестік дәуірдегі төрттаған жанрының алғашқы көріністері, толыққанды жанрлық бітімін танытуы мәселесі, қазақ төрттағанындағы ұлттық көркемдік, тақырыптық ерекшеліктер, ұлттық поэзия Шығыс әдебиетіне соны сипаттарымен берілуі, әлем әдебиетіндегі ерекше орны мен ролі түбегейлі зерттеледі.

Негізі тарихи-теориялық тұжырымдардан басқа қаралатын мәселелерде ХVI-XX ғасырлар аралығында жазылып, бергілері жарық көрген қазақ поэзиясының туындылары зертеу нысанасына алынды. Мұндай мерзімдік кезеңді ұстану қазақ поэзиясындағы төрттаған жанрының өте көнеден келе жатқан төл туынды екенін нақтылай түспек.

Зерттеу жұмысының теориялық және методикалық негіздері

Диссертациялық еңбек шығыс шайырларының және қазақ ақындарының шығармалары негізінде өріс алды. Төрттаған жанрының тарихы мен теориясына, әдеби байланыс мәселелеріне, сонымен қатар ұлт поэзиясындағы жанрдың қалыптасуына жан-жақты тоқталу үшін тарихи-салыстырмалы және салыстырмалы-типологиялық талдау мен сараптама әдістері қатар қолданылды.

Жүйелі-кешенді зерттеу әдісі негізінде қазақ поэзиясындағы төрттаған жанрының типологиялық сипаттары мен өзіндік ұлттық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеу барысында жүйелі, кешенді зерттеу әдісіпайдаланылды. Зерттеуде Ш. Уәлиханов, О. Асқар . . . тағы басқа да ғалымдардың поэзия, жалпы ақындық өнер туралы еңбектері теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылды. Өзге де ұлттардың ғалымдарының да жарық көрген зерттеулерінің бағыт-бағдар беруші маңызы жоғары бағаланды. Ковальский, Хамраев. . және тағы басқа ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық пікірлер де ізденісімізге септігін тигізгенін атап өту қажет.

Зерттеудің практикалық мәні

Зерттеу жұмысының нәтижелері ең алдымен жоғары оқу орындарының бағдарламаларын тың зерттеумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар әдебиет зерттеушілеріне де қажетті тұжырымдар жасалады. Қазақ поэзиясын зерттеуші мамандардың, аспиранттар мен студенттердің, әдебиет тарихы мен теориясын оқып үйренушілердің пайдалануына болады. Көптеген төрттағандық формада жазылған шығармалар алғаш рет зерттеу нысанасына алынды.

Зерттеу көздері

Диссертацияны жазу барысында Шығыстың классикалық әдебиеті өкілдері Ә. Рудакидің, О. Хәйямның, Х. Хафиздің, Ә. Жәмидің, Ә.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі

Диссертациялық зеррттеу жұмысы М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің Қазақ филологиясы мен журналистика кафедрасының мәжілісінде талқылаудан өтті.

Автордың осы ғылыми жұмысына қатысты мақалалары ҚР Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті белгілеген тізімдегі басылымдарда және одан басқа да республикалық журналдарда жарияланып, бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми конференциялардың материалдар жинағына енген.

Диссертацияның құрылымы

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. РУБАИ ЖАНРЫНЫҢ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1. Рубаи жанрының генезисі және зерттелу тарихы

Қазақ поэзиясында көркемдігімен, ықшамдылығымен айтулы жанрға айналған «төрттағанның» (рубаи) пайда болуы, қалыптасуы негізінен Шығыс делінеді әдебиеттерде.

Рубаи - дәстүрлі түрік және шығыс поэзиясында өзіндік орны бар лирикалық жанрлардың бірі. Ол - түрік, араб-парсы классикалық әдебиеттеріне ортақ жанр ретінде танылады. Ежелгі дәуірден-ақ түрік ақындары өз ойларын, түйінді тұжырымдарын, өмірге, қоғамға деген философиялық көзқарастарын атылмыш жанр арқылы көпшілікке жеткізіп отырған. Ол шағын жанр болғанымен, мол мәліметті бойына жинақтап, тұжырымдап, оқырманды белгілі бір философиялық қорытынды ойға жетелейтін өлең түрі. Осы тұрғысында зерттеуші Н. Г. Леонтьев «батыс сонеті рубаимен салыстырғанда көп сөзді болып көрінеді» (3., 91б) - деген пікірі де рубаидың аз сөзбен үлкен танымдық мәселелерді асқан ұтқырлықпен жеткізетін өлең екенін нақтылай түседі.

Рубаи-араб тілінің «рубағи»-деген сөзінен шыққан, оның мағынасы «төрттік» немесе «төрт жолдық өлең» деген ұғымды білдіреді. Рубаидың екі түрі бар. Біріншісінде, 1-ші, 2-ші, 4-ші жолдары ұйқасады да, үшінші жол ұйқассыз бос тұрады.

Зерттеуші А. Аминовтің пікірінше, рубаи - шағын көлемді философиялық трактат немесе поэма тәрізді, ол тавтологияны жаратпайды. Рубаида айтылар ой байыппен, тұжырыммен, әрі бейнелі болып беріліп отыру керек. Шағын шумақтың мұндай ерекшелігі оны ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап зерттеуші ғалымдар мен философтар арасында айрықша танымал еткен. Ол - шағын, әрі күрделі жанр болғандықтан өзіндік ерекшеліктерге ие.

Жанр күрделілігі ондағы көтерілетін мәселелердің мазмұнымен байланысты. Көркем шығармада мазмұн мен пішін деген екі категорияның бірлігі әрқашан болуы шарт. Рубаида тезис-антитезис-синтез деген «формула» (құрылым) қашан да қатаң сақталып отырады. Демек рубаи - бейне бір тезис, антитезис, синтезден тұратын логикалық үшбұрыш тәрізді. Сондықтан да мұнда өлең жолдарының орнын ауыстыруға болмайды, өйткені әрбір жол семантикалық жүк көтереді. Бұның өзі рубаи жолдарының бір-бірімен тығыз байланыста болатынын дәлелдейді. Соңғы 3, 4 жолдарда айтылатын қорытынды алдыңғы екі тармақтан өрбиді, әрі солармен байланыста болады (33) .

«Рубаи» сөзі төрттік деген ұғымды білдіргендіктен, Шығыс елдерінде ол төрт «мысрадан» тұрады. «Бірінші, екінші, төртінші мысралары ұйқас келеді. Рубаидың үшінші мысрасы да басқа мысралармен ұйқасса, әрине рубаидың әуенділігі арта түседі» (117., ?) . «Рубаиий таране» («ән рубаи») деп аталатын екінші түрінде төрт жол түгелдей ұйқасады (2) . Ал, Е. Э. Бертельстің пайымдауынша, ертеректе рубаи өлеңдерінің әуендік, музыкалық мүмкіндіктері зор болған. Рубаиды әуенге қосып, әнге ұқсатып айту үрдісі кең етек жайған кезеңде оны «тарона» деп атаған. Поэтикаға қатысты көне сөздіктерде «таронаны» «до бәйти» деп те түсіндіретін жерлер кездеседі. Осы тұста аңғаратынымыз, «тарона» рубаи жанрына қатысты термин. Бұл термин (тарона) өзге де зерттеушілер секілді М. К. Хамраевтің де пайымдауынша, а - а - а - а толық ұйқасымен келетін рубаиды анықтайды. «Өйткені тарона деген сөздің мағынасы «әуен» сөзіне саяды. Ал барлық тармақтары толық ұйқасатын а а а а ұйқасты рубаи музыкалық жағынан мүлтіксіз, сол себепті ол ән өлеңдері тәрізді әуенмен сүймелдеуге бейім келеді. Осыған орай, ғалым А. Хайтметовтің сөзін келтіре кеткен орынды, ғалым: «рубаи - әуен мен өлең бірлігінің ең жоғары түрі» деп рубаиға жоғары баға береді» (33) .

Рубаи мазмұндығы жағынан философиялық, лирикалық, діни (Шығыста сопылық) негізде жырланады. Орыс зерттеушілері рубаи жанрының Шығыс поэзиясында Х ғасырда дамығандығын жазды. «Этот вид поэзии был сравнительно развит уже у поэтов Х века (например, у Рудаки и Шахида Балхи) » (16., 60 б) . Поэтикалық термин ретінде бұл жанр ХІ ғасырдан бастап түрлі теориялық зерттеу еңбектерінде көрініп, ғылыми айналымға түсті. Белгілі зерттеуші Кабул Мухаммад өзінің зерттеу еңбегінде рубаиға мынадай анықтама берген: « . . . сөздікте рубаи барлық төрт тармағы да ұйқасып, үндес келетін және екі бәйіттен тұратын өлең дегенді білдіреді . . . Көбіне мұнда 1-, 2- және 4- жолдар ұйқасады. Егер 3- тармақ та ұйқасатын болса, онда ол «рубаи таронаң» деп аталады» (147) . Сайып келгенде, рубаи екі бәйіттен құралған өлең түріне сәйкес деген пікірді аңғарамыз. Ал, бәйіт екі мысрадан тұрады, мысра - «есік тұтқасы», «шатырдың екі бөлігінің біреуі» деген араб сөзінің негізінде дамып, «бәйітті құрайтын жол немесе тармақ» деген терминологиялық мәнге ие болған.

Тәжік әдебиетінде рубаиға поэтикалық құрылымы жағынан ұқсас төрт жолдық «до бәйти» жанры бар. Ол да а - а - б - а үлгісімен жырланады. Бір қарағанда олар бір-бірінен ажыратқысыз ұқсайды. Сондықтан да көптеген до бәйтилер әдебиетте аударма арқылы рубаиға айналып сала береді. Осы тұрғыда аудармашыларға аударма барысында әр жанрдың сипатын, ерекшелігін білу шарт. Соған қарамастан бұл екі жанрды айыру да қиын емес. Олардың метрикалық өлшеміне мән беру керек. До бәйти - хазаджи мусаддаси махзуф немесе максур / V - / V - / V - /, ал рубаи хазаджи мусаммани ахраб немесе ахрам / - V / немесе / - / жүйесіне сай келеді.

Әрине аудармашыға екеуінің ара-жігін ажырату қиын, до бәйти үш бөлімді / V - / V - / V - /, ал рубаи төртбөлімді / - V / V - V / V - V / V - / деген жүйеге мән бере қарасақ еш қиындығы жоқ. До бәйти - рубаи тәрізді төрт тармақтан тұрғанымен, онда басқа тақырыптардан гөрі негізінен махаббат, сезім мотивтері басым түседі. До бәйти бейнелердің, оралымдардың қайталануы мен оларда егіздеу сипатының болуымен ерекшеленеді (3) . Рубаи құрамындағы бәйіттер бір-бірімен тығыз мағыналық, логикалық байланыста болып, бірінен-бірі туындап отырады.

Белгілі зерттеуші И. Жеменей де «екі бәйіттік» өлеңнің мазмұнында рубаи тәрізді терең философиялық, сопылық мағына, яки ұғым жоқ. «До бәйти» жалпы алғанда қарапайым сезімдер, таза махаббатты қарапайым сөздермен жырлайды деген пікірде. «Екі бәйіттік өлеңді қарапайым ақын емес жандар да өзінің түйісігіне, ішкі қобалжу сезімдеріне орай жырлайды. Сондықтан «до бәйти» халықтық мәдениет пен әдебиет тұрғысынан қарағанда аса құнды туынды болып табылады» (149., 41б) . Келтірілген пікірлерді негізге ала отырып, біз рубаи мен до бәйти бір жанр емес, тек бір-біріне сарындас жанрлар деген тұжырымға келеміз.

Бүгінгі күнде до бәйтидің «қосарланған до бәйти» түрі де қолданысқа енген. Қосарланған до бәйтиде бірнеше төрт мысралық до бәйти бірінен соң бірі жырланып жалғасын табады. Бірақ ақын мұнда екінші және төртінші бәйіттің ұйқасын сақтайды. Осы жанр көбіне рубаи деп саналып, «қосарланған до бәйти», «қосарланған рубаи» деп те атала береді. Бірақ ғылыми негіздерде бұндай төрттікті «шарпара» (төрт бөлшек) деп атаған жөн деген пікірлер айтылуда. Оның себебі де ондағы екі бәйіттің екі мысрасы да бір ұйқаспен келмейді. Сондай-ақ, екінші бәйіттің мысрасы да бір ұйқастан құрылмаған. Дегенмен, өлең тұтастай мазмұнын сақтайды. Ал, рубаидың бастапқы үш мысрасы алғы сөз іспеттес те, төртінші мысрасы, яки соңғы жолы «соққы мысра» айтар ойдың нәтижесі болып шығады. Айырмашылық та жоқ емес.

Осы до бәйти секілді рубаи жанрына қатты ұқсас «тұйық» формасындағы өлең түрі бар. Е. Э. Бертельстің мәлімдеуінше ол парсы поэзиясына беймәлім, көне түрік әдебиетіне тән өлең түрі болса керек. «Тұйық» жанры да тура рубаи секілді а - а - б - а жүйесінде жырланады. Бірақ екеуінің айырмасы тұйық тек омонимдерден тұрады, ол жанрда өлең толғау өте қиын дейді ғалым М. К. Хамраев.

Сондай-ақ, парсы әдебиетінде пішіні жағынан рубаиға ұқсас тағы бір екі бәйіттік «Әдду бәйіт» деген өлең түрі бар. Оның рубаидан айырмасы «мәфаилон, мәфаилон, фәулон» уәзінімен жырланады. Бір қарағанда айыру қиын жанрларды тек критерийіне қарап та ажыратуға болады. Рубаи өз алдына дербес, философиялық ой түйетін үлкен поэма тектес жанр. Оның ауқымы басқа жанрларға қарағанда өте кең жырланады.

Жоғарыда салыстыра қарастырған кейбір (до бәйти, тұйық, шарпара, әдду бәйіт) жанрлар мен рубаиды кез-келген ақын мен аудармашыға шатастырмау шартты құбылыс. Кейбір еңбектерде рубаи жанрының шығу тегін парсы-тәжік әдебиетінен іздейді. Оның негізін қалаған Х ғасырда ғұмыр кешкен парсы-тәжік ақыны Рудаки деп кесімді пікірді де алға тосады.

Неліктен біз, рубаиды тек парсы-тәжіктерден ғана шыққан деген деректерге сүйене беруіміз керек. Неге ол жанрдың түп-төркінін көне түрік әдебиетінен, яки қазақтың қара өлеңінен іздемеске?! Оған әрине дәлелдер де жеткілікті.

Белгілі поляк шығыстанушысы Т. Ковальский өзінің «К вопросу формального изучения поэзии турецких народов» деген зерттеу еңбегінде рубаидың шығу тарихы туралы тың пікірлер білдірген. Ондағы мына келтірілген жолдар дәлелдердің бірі болмақ: «До сего времени считавшийся оригинальным персидским творением рубаи не знает ничего достоверного о своем происхождении. Он явился в литературу одновременно с другими формами (касыда, газелла, мэткэви) в ІХ столетии достаточно неожиданно, не имея прецедентов в предшествующей литературе ни в арабской, ни в персидской. Надо полагать, что это вот именно отсутствие первоисточников в арабской литературе и склоняет к предположению о том, что рубаи - самобытное у персов явление. Не допускалось возможности иных, кроме арабского, влияний. Но почему бы не поставить вопроса о взаимоотношениях турецких четверостиший и персидских рубаи?» (146., 142с) . Демек, ғалым жанрдың түп төркінін неге түрік төрттағандарынан іздемеске деген пікірді алға тартады.

Зерттеуші Т. Ковальскийдің сөзін қуаттаушы ұйғыр әдебиетінің көрнекті ғалымы М. К. Хамраев өзінің «Основы тюркского стихисложения» атты зерттеуінде: «И действительно, нам кажется закономерной постановка вопроса о взможности влияния тюркской поэзии на арабо-персидскую. В этом отношении характерен вопрос о происхождении рубаи: четверостишие с таким типом рифмофки как а - а - б - а ширико распространено в фольклоре почти всех тюркских народов. Так, в казахской народной поэзии эта форма на протяжении многих столетий бытует под названием «қара өлең». Большинство стихов казахских профессиональных поэтов, акынов-импровизаторов и бахши создано именно в этой форме» (146., 143б) - деп жоғарыда келтірілген пікірді беки түседі. Сайып келгенде, рубаидың аты парсы-араб халықтарынан шыққанымен, табиғаты, түп төркіні түрік халықтарынан деген негізді басшылыққа аламыз. Әрине рубаидың алғаш негізін қалаушылар да, дамытып, таратушылар да түрік ақындары болмақ. Ал, небары ІХ ғасырда құлақтанған Рудаки ақындар тек ол жанрды дамытушы, гүлдендіруші қаламгерлер болып қалмақ.

Қазақ ғалымдары да төрттаған жанрын қазақ әдебиетінде көне дәуірлерден-ақ көрініс бергендігін дәлелдейді. Рубаи жанрының дамыған түрлері төл әдебиетімізде көрініс тауып, небір тамаша нақыштармен жырланғандығына қарағанда, оның белгілері қазақтың көркем сөз өнерінде ертеден бар деген тұжырымға келуге болады. Теориялық, ғылыми еңбектерге сүйенсек, әлем әдебиеті тарихи оқиғалар негізінде әдеби, мәдени-рухани байланыстың, бірліктің сонау кездерден-ақ болғандығына көз жеткіземіз. Яғни «б. э. д. І мыңжылдықта қазіргі Қазақстан, Орта Азия және Иран халықтары бірге өмір сүрген» (4., 80 б) . Демек, рубаи жанрын көне қазақ әдебиетінің сөз өрнектерінен зерделеген жөн деген тұжырымға келеміз. Зер сала қарайтын болсақ, рубаи ұйқасы жағынан да, құрылысы жағынан да қазақ әдебиетінде қолданылып жүрген қара өлең өлшеміне сай келеді. Осы орайда қазақтың «қара өлеңін» зерттеу нысанасына алып көрсек. Энциклопедиялық анықтамаларда атылмыш жанрлар туралы сипаттамаларды салыстырып көрелік. Ғалым Ғ. Доскен: «Қара өлең - қазақ халық поэзиясының байырғы жанрларының бірі. Он бір буынды, төрт тармақты болып келеді де, а-а-б-а түрінде (қара өлең ұйқасы) ұйқасады және міндетті түрде белгілі бір әуенмен айтылады» (13., 206 б) деп түсініктеме берсе, Ш. Уәлиханов: «Қара өлең - әдеттегі, үйреншікті өлең, бұл өлең - төрт жолдан құралған жеке шумақ. Әр шумақта жеке, жеке ой жатады. Сондай-ақ бұл өлең дауысқа негізделеді» (13., 206 б) . Рубаи да ұйқасы а-а-б-а түрінде келіп, төрт тармақтан тұратыны белгілі. Демек, рубаи мен қара өлең арасында аса жақындық, ұқсастық бар. Екі жанр да төрт жолдан тұратын, белгілі бір түйінмен жырланатын өлең түрлері. Осындай фактілерді негізге ала отырып, рубаи жанрының түп төркіні - қара өлең емес пе екен деген тұжырымға келеміз.

Қара өлеңнің айрықша бітіміне, өзіне тән сипаттары бар дербес жанр ретінде зерттеушілер ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде-ақ назар аудара бастаған. Зерттеушілер қатарында Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, И. Н. Березин секілді ғалымдар тереңірек қалам тартқандар. Қара өлең жайлы М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Б. Уақатов сынды қазақ әдебиетшілері де тың пікірлер айтқан. Тақырып аясының, қолдану кеңістігінің ауқымдығын қарастыра, қара өлеңнің әмбебап жанр екендігін дәлелдей, ұтымды пікір жазған А. Сейдімбековтің зерттеу еңбегі де осының айғағы. Оның қара өлеңге байланысты айтылған біршама пайымдаулары «Қазақ әдебиеті» газетінде (5 ақпан, 1988) және «Жалын» журналында (№ 4, 1988) жарияланды. Ғалым өз зерттеулерінде қара өлеңдердің табиғатына бойлай барып, оны халықтық таным ұғымына байланыстыра қарастырады.

Бүгінде қара өлеңді жинастыру, топтау жұмыстары қолға алына бастады. Оның айғағы ақын Оразақын Асқардың еңбектері деуге келеді. Ақынның жинастырған қара өлең топтамалары еліміздің бас басылымдарына («Жалын», «Жұлдыз») жиі жарияланып, 1997 жылы «Жалын» баспасынан толықтырылып, қайта өңделіп «Қара өлең» деген атпен жинақ болып жарыққа шықты. Бас-аяғы 4500-ге жуық қара өлеңнің әрбір шумағында үлкен философиялық ой, лирикалық сезім, тұжырымды түйін жатыр. Рубаидың барлық табиғатын бір бойына жинаған қара өлең құдіреті халықтық тұрмыстың шынайы көрінісі іспеттес. Онда қазақтың тарихы да, тұрмыс-тіршілігі де, салт-санасы да бедерленген.

«Өлең неге қара?» деген сұрақтың туындауы заңды құбылыс. «Өлең» сөзінің анықтауышы болып тұрған «қара» ұғымына келер болсақ, ол сөз заттың түсін білдіріп тұрмағаны, оның аясы әлдеқайда кеңірек екенін Оразақын Асқар нақты дәлелдермен түсіндірген. Негізінен қара сөзі - әлемнің алғашқы қалпы, ежелгі, байырғы деген ұғымды білдіреді. Демек, «қара өлең» дегеніміз - ежелгі сөз ұланту. «Байырғы өлең, өлеңнің бастапқы қалпы деген сөз. Қара тау, қара халық, қара сөз, қара жол деген тіркестердегі анықтауыштар да тек түсті білдіріп қана тұрмағандығы енді түсінікті: ежелгі тау, негізгі халық, бастапқы сөз, басты жол деген ұғым беретіндігі анық» (118., 4 б) . Қазақтың әрбір қара өлеңінде философиялық ой-пікірлер жатыр. «Философияның мифологиялық, діни, натуралистік және материалистік деп аталатын түрлерінің бәріне де қара өлеңнен лайықты мысал табуға әбден болады» (89., 3 б) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер
Омар Хайямының поэзиясындағы ислам көрінісін айқындау
Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Түркі халықтары әдебиеті
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ ТАРАУ
Арнау өлендерінің жанрлық табиғаты
Классикалық араб әдебиеті
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz