Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы : Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі

Ғылыми жетекші:

Орындаған:

Алматы, 2007

Жоспар

Кіріспе . . . 3-6

Негізгі бөлім

1-тарау. Каспий мәселесінің геоэкономикалық және геосаяси аспектісі . . .

1. 1. Каспийдің көмірсутекті ресурстары және оның экономикалық маңызы . . . 7-15

1. 2. Каспий төңірегіндегі геосаясат . . .

1. 3. Каспий мәселесіне қатысты әлем державаларының ұстанған позициялары . . . 16-25

2-тарау. Каспйдің құқықтық мәртебесін анықтау мәселелері . . . 26-35

2. 1. Каспийдің құқықтық мәртебесі мәселесінің пайда болуы және даму тенденциясы . . . 36-37

2. 2. Каспий мәселесі төңірегіндегі келіссөздер процесі және нәтижесі . . . 38-47

Қорытынды . . . 48-51

Сілтемелер . . . 52

Пайдаланылған әдебиеттер ізімі . . . 53-56


Кіріспе

ХХ ғасырдың аяғы халықаралық қатынастар тарихында ерекше орын алуда. Социалистік бағыттағы КСРО ыдырап, орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Бұл процесс халықаралық қатынастардың жаңа кезеңі басталғанын көрсетті. Тәуелсіз мемлекеттер басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатып, сыртқы саясатқа қадам жасады.

Қазіргі таңда ТМД-ға біріккен бұл елдер тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастып, әлемдік қауымдастыққа еніп отыр. Сондай-ақ реформалауды аяқтап, нақты даму сатысына өтуде.

Осындай мемлекеттің бірі ұлан-байтақ территориясы бар, қазба байлығы мол Қазақстан Республикасы. Тәуелсіз мемлекетке ие болғаннан бастап, әлемдік қауымдастыққа еніп, белсенді сыртқы саясат жүргізуде.

Тақырыптың өзектілігі:

Каспий теңізіне қатысты мәселелер бойынша аймақтық маштабтан өтіп, глобальды маңызға ие болды. Бұл аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық экономикасының дамуы қазіргі таңда өзекті болып отыр. Көмірсутегі қорлары, оларды өндіру Қазақстанның экономикалық жағдайын ғана емес, жалпы республикадағы әлеуметтік-саяси жағдайды да жақсарту қажетӘлемдік энергетикалық агенттердің мәліметтері бойынша Қазақстан 2010 жылға қарай күніне 1 млн. немесе жылына 56-58 тонна мұнай экспорттқа шығара алады. /24/. Каспий аймағы әлемдегі жетекші державалардың назарын 2 жағдайға байланысты өзіне аударып отыр. Біріншіден, Каспий бассейінің ең жоғары сапалы мұнайды экспортқа шығару потенциаы, батыстық сараптамашылардың есептеуі бойынша шамамен жылына 100млн. тонна. /24/. Бұл қазігргі Ресейдің экспорттық потенциалына тең. Басқаша айтқанда Каспий аймағы болашақта Европа мемлекеттерінің мұнаймен қамтамасыз ету көзіне айнала алады. Бұл табиғи газға да байланысты. Екіншіден, Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін геосаясатта және геоэкономикада қүбыр жолдарының транспорт магистралдарының Европаның Парсы шығанағымен және Қиыр Шығыспен байланыстыратын жаңа жүйені қалыптастыру перспективасы пайда болды.

Мамндардың есебі бойынша, тасымалдаудың бұл жолы қазіргі теңіз жолымен салыстырғанда арзанға түседі. Каспий аймағындағы мемлекеттер ең алдымен Каспй бассейінің Табиғи байлығын өндіруде, саяси беделін өсіруге, мұнайы мен газын өткізу арқылы экономикалық жағынан табысты болуға мүдделі. Осы факторлар жиынтығы ҚР-ның сыртқы саясаттағы стратегиялық сипатын, дипломатиясының міндеттерін анықтайды. Аймақтың жағдайына Ресейдің саясаты ерекше маңызға ие. Каспий теңізінің статусына байланысты мәселелер Кеңес одағы ыдырағаннан кейін пайда болды, себебі жағалауындағы 5 мемлекет теңізді өздеріне тиісті бөлігін заңдасдыруға ұмтылды.

Қазіргі сыртқы саясаттағы өзекті мәселенің бірі Каспийдің көмірсутекті ресурстарының әлемдік рынокқа шығарудағы кедергілерді жою және құқықтық мәртебесін белгілеу. Мәртебе бұл шекаралар, ал шекаралар ықпал ету аймақтарының бөлінісі.

Қазір Каспий, теңіз жағалауы мемлекеттерінің қамқорық пен ынтымақтастық объектісі емес, қатаң дипломатиялық араздықтың объекісіне айналды. Қазақыстан бұл процессте басым ықпал жүргізе алмаса да; оның рөлі ымыралы шешімерге келу үшін өте маңызды және өз жағалауындағы бір де барель мұнайын жоғалтқысы келмейді.

Бінеше жылдар бойы мемлекеттер Каспийдің құқықтық статусы бойынша дауласып келуде. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау, биоресурстарды тиімді пайдалану, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, су деңгейінің ауытқуына байланысты жағаны қоршау шаралары және қойнауын зерттеу мен пайдалану мәселелері жатыр. КСРО кезінде Каспий мәселесі Ресей мен Иранның арасындағы келісім бойынша шешілген болса, енді Каспий жағалауындағы 5 мемлекеттің ортақ проблемасына айналды. Ортақ пайдаланып келген теңіз байлығы, енді бөліске түсіп отыр. Бұл мәселе осы елдердің бәрі үшін өзекті мәселесі ретінде әлемдік саясатта үлкен орын алуда.

Тақырыптың зерттеу пәні:

Жалпы менің бұл мәселені тақырыбыма арқау етіп алып, зерттеу себебім, бұл үлкен саясатқа мәселенің әлі шешілмеуі, және кейінгі кезде бұл мәселенің шешілуі, болашағы қандай деген мәселе толғандырады.

Зерттеу мақсаты:

Ұсынылып отырған дипломдық жұмысында, негізінен Каспийдің құқықтық мәртебесін белгілеу процессінің эволюциясы және шешілу барысында жан-жақты ашып көсету.

Зерттеу міндеттері:

Каспийдің орналасуы мен байлық көзін анықтау;

Каспийдің мәртебесін анықтау барысындағы әр түрлі ұсыныстарды салыстырмалы талдау;

Каспий мәселесіне байланысты мемлекеттер позициясы;

Мемлекетаралық келіссөздерді жан-жақты талдау;

Каспий мәселесіндегі Қазақыстан мүддесі.

Жұмыстың деректік негізі:

Жұмысты зерттеп, тақырыпты толық ашып көрсетуде осы мәселеге қатысты бір топ мемлекетаралық келісім-шарттар, меморандум, үндеу және тағы басқа құжаттарға деректік негіз ретінде маңызы зор. Кейінгі он жыл ішінде Каспий мәселесін шешуде бес мемлекеттің арасында көптеген келіссөздер жүргізілді, нәтижесі декларациялар, құжаттар, келісім- шарттар. Мысалы, Стамбул декларациясы ҚР мен Ресей арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлу туралы келісім-шарт болып табылады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі:

ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбектерінде Каспий мәселесін зерттеп сипаттама берген. /10, 151б/.

Каспий мәселесін ертеден талдап келе жатқан ғалымдардың еңбектері үлкен демеу болды. Мысалы:

ҚР-ның Сытрқы Істер Министрі Қасымжомарт Тоқаевтың «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализаций» /12, 264б/. «Под стягом независимости: очерки о внешней политике Казахстана» /11, 456б/. және «ҚР-ның Дипломатиясы» /13, 385б/. атты еңбектерінде Каспий мәселесін толығымен жүйелеп, ҚР-ның Каспий жағалауы мемлекеттерімен қарым - қатынастарын зерттеген.

Адиль Абишевтің: «Каспий: нефть и политика» атты еңбегі Каспий мәселесін толық зерттеп, өзектілігін ашып көрсеткен. /14/.

Тараков А., /35/, Нургожин А., /30/, Вадим Васильченко /42/, еңбектерінде Каспий аймағындағы геосаяси меселесінің даму тенденциясына зерттеулер жасаған.

Шет ел зерттеушілерінің ішінде Каспий Мәселесін толық зерттеп қарастырған еңбектер бар. Олкотт М., Коэн А., Фуллер Г., Старр С., Бреммер Я., Одом У., Джаффи Э. М., Гобл П., Эбл Р., Рар А., Наней Дж.

Жұмыстың құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тарау Каспий мәcелесінің геоэкономикалық және геосаяси аспектісі

1. 1. Каспий көмірсутекті ресурстары және экономикалық маңызы

Каспий теңізі әлемдегі ірі ішкі континенттік қоймасы. Оның аумағы 440 мың км. Мұнда әлемдегі осетр балығының 90 % /пайызы/ жинақталған. Мұнда 20-дан астам жануарлар мен соған жуық өсімдіктер тіршілік етеді, басым көпшіліщ қызыл кітапқа енгізілген. /29/.

Соңғы жылдары Каспий айналсында туып отырған жағдайды шын мәнісінде ғаламдық маңыздылықты иемденіп келе жатқан, әлемдегі күрделі мәселелердің бірі деуге болады. Бұл мәселе Қазақстан үшін тіке актуальды маңыздылыққа ие. Каспий мәселелсіне тікелей қатысушы тарап болғаннан кейін, Қазақстан үшін, Каспийдің құқықтық режимі, мұнай және газ құбырлары, минералдарды өндіру шарттары және орын алып отырған аймақтың және әлемдік державалардың (алпауыттардың) геосаяси бәсекелестігі мәселелері өте өзекті болып отыр.

«Қара алтын» - мұнай, тек маңызды экономикалық шикізат қана емес, сонымен қатар XX гасырдың ІІ-жартысының саяси феномені болып табылады. Біздің мемлекетіміз бұл байлыққа үлкен үміт артады, және үкіметіміздің ойынша осы шикізат келешекте еліміздің көркеюін қамтамасыз етеді, бірақта барлығы ойлағандай оңай болып шықпады.

  1. Каспий мұнайы.

Каспий қойнауындағы мұнай газ қорлары әртүрлі қайнар көздер бойынша, шексіз деп жария етіліп айтылғанмен шынайы белгісіздік арасы, әртүрлі бағаланады. Геологиялық зерттеулердің белгілеуі бойынша Каспийдің түбі қазіргі уақытта үш негізгі мұнайлы газды бассейндердің құрамына кіреді, олар: Солтүстік Каспий, Орта Каспий және Оңтүстік Каспий болып, 10 аймаққа бөлінеді. 1975 жылы қорықтық аймақ деп жарияланған Солтүстік Каспийдің мұнайлы-газды бассейнінің ресейлік Солтүстік батыс бөлігі толығымен игерілмеген.

2. Каспийдің мұнайлы-газдылығы және оның жағалаулары.

Ресей геологтарының шығарған есептеулері бойынша аймақтың көміртекті шикізат қоры шартты жанармайдың /ШЖТ/ 12 млрд. тоннасын, соның есебінде 7 млрд. тонна мұнайды құрайды. Басқа есептеулер бойынша Каспий қойнауындағы жалғыз мұнайдың ғана қоры 13 млрд. тонна, ал үшінші есептеу бойынша 22 млрд тонна құрайды. Бұл қорды интенсивті жолмен шығарылатын болса кемінде 50 жылға жетеді деп есептеледі. /52. 4-6/. Бұл байлықты Каспий манындағы елдер арасында бөлу Каспийдегі ұлттық аймақтың қалай сызылуына байланысты. Бірінші таблицада келтірілген мәліметтер, рентген сияқты, Каспий маңындағы елдердің мүдделерін ашып көрсетеді. Егер, «көлдік» вариант қабылданатын болса, Каспий мұнайына негізінде Азербайжан мен Қазақстан қол жеткізеді. Егер Кеңестік - Ирандык келісімшарттармен анықталатын «жабық теңіз» концепциясын қолға алар болсақ, әр мемлекет 10 мильдік аймақта орналасқан кен орындарын игеруге құқық алады, ал теңіздің орталық бөлігіндегі кен орындарды өндіруде барлық жағалас мемлететтер тең құқылы болады.

Батыстың Каспийге деген қызығущылығы айуанша, жабайыша көрініс табады. Каспий теңізі және оған қатысты аймақ әлемдегі қатарлы компаниялары мен фирмаларының белсенділігінің басты орталықтарының біріне айналып барады. Каспийдің мұнайы мен газын өндіруде мынандай компаниялар қатысуда: Моbil, Сhevron, Willbroc, Еххоn, Иnocd, Оpukc, Santa Fe International, Pennotoil, MeDermott, (АҚШ), Total, Elf Aguitane, Texnin (Франция) Ramco (Оңтүстік Корея), Monument, British Gas, British Petroleum, Broun and Root (Англия), Agip (Италия), Mannecman (Германия), Chioda, Nichimen, Митцубиси, Itochu Corporation, Мицуи Корпорейшн (Жапония), Gama, Turkish Petroleum, Petroleum, Turkish State Oil Company (Туркия), Bridas (Аргенгина), Реtroas (Малайзия), FELS (Сингапур), Кварнер, Station (Норвегия), Delta Nimiz (Сауд Аравиясы), Scan Trans Rail (Финляндия), Ме Соnnel Dowel (Австралия) .

Көптеген біріккен кәсіпорындар құрылды; ресейлік-американдық «ЛУКАРКО», азербайжандық-түрик «Азфен», азербайжандық-американлық Caspian Drikking Co., ресейлік-британдық Casp oil Development. Каспий мұнайын игеруде белсенді қатысушылардың қатарында Иран мұнай корпорациясы (ОТУС) және Қытай мемлекеттік мұнай комланиясы бар. Соңғы жылдары Каспий проблемасы жайлы Токиода, Парижде, Стамбулда, Лондонда конференциялар өтті. 1996 жылдан бері Англияда «Каспий жаңалықтары» атты халықаралық бюллетень шығарылуда. Батысқа өз ресурстарын арзанға өткізуде жарыс ұйымдастырған тәрізді. Ресейде Каспий маңындағы мұнайдың тоқтаусыз шығуы құнсыз шикізатты Батысқа арзандатты. Ал бүгін батыстың трансұлттық мұнай компаниялары аз салып, көп алу жолында, мұнайдың жеңіл шығарылатын жеріне топтанып келді. 2005 жылға дейін Каспий аймағындағы мұнай-газды аудандарда шығарылып жатқан көмірсутекті ресурстар бірден өседі деп күтілуде. Батыстың Каспий ресурстарына деген қызығушылығы аймақта болып жатқан саяси процесстерде белсенді болуына күшті стимул берді. АҚШ пен Туркия арасында кім кімді жығар дейтіндей күрес басталып жатыр. Британдық-американдық мұнай компанияларының Каспийдің табиғи ресурстарына трансұлттық бақылау орнатуға деген талпыныстары көзделген. Бұдан кейін саяси бақылау қоймайтынына кім кепіл?! Мысалы, 1992 жылы, жалпы ұзындығы 1500км, жылдық өткізімділігі 60 млн. тонна 1. 2 млрд. доллар әкелетін Америка компанияларының Теңіз-Комсомольская-Тихорецк-Новороссийск Каспий құбыр салу консорциумының мұнай құбыры көп ұзамай Ресейден кейінгі екінші орынды иеленді. /59/.

1. Таблица.

2005 жылға дейін шығарылатын мұнай мен газ қорларының жоспарланған өсімі.

Мұнайлы-газды аймақ: Мұнайлы-газды аймақ
Күтілетін газ /млрд., куб/: Күтілетін газ /млрд., куб/
мұнай млн. тонна.: мұнай млн. тонна.
Мұнайлы-газды аймақ: Астрахан - Теңіз
Күтілетін газ /млрд., куб/: 50
мұнай млн. тонна.: 200
Мұнайлы-газды аймақ: Промыс - Б у зачин
Күтілетін газ /млрд., куб/: 10
мұнай млн. тонна.: 20
Мұнайлы-газды аймақ: Кавказалды және Маңғышлақ
Күтілетін газ /млрд., куб/: 10
мұнай млн. тонна.: 10
Мұнайлы-газды аймақ: Терс-Каспий және Самур-Песчаномыс
Күтілетін газ /млрд., куб/: 10
мұнай млн. тонна.: 30
Мұнайлы-газды аймақ: Солтүстік Апшерон
Күтілетін газ /млрд., куб/: 30
мұнай млн. тонна.: 20
Мұнайлы-газды аймақ: Апшерон- Прибалкан
Күтілетін газ /млрд., куб/: 50
мұнай млн. тонна.: 50
Мұнайлы-газды аймақ: Оңтүстік Каспий
Күтілетін газ /млрд., куб/: 60
мұнай млн. тонна.: 40
Мұнайлы-газды аймақ: Барлығы:
Күтілетін газ /млрд., куб/: 220
мұнай млн. тонна.: 370

АРММК ң президенті Натик Алиевтың айтуы бойынша, және бұл сөзді кез келген Каспий маңындағы елдердің басшылары айтуы мүмкін, шетелдік инвесторларды шақыру арқылы мұнай-газ саласын тездетіп дамыту Азербайжан Республикасының кең етек алған экономикалық дағдарысынан шығудың жалғыз пұрсаты еді. Бірінші халықаралық келісім шартқа қол қойылғаннан кейін, 1994 жылдың 20-қыркүйегінен бастап Азербайжанның мұнай өнеркәсібіне жоспарланған инвесторлардың жалпы көлемі 15 млрд. долларға дейін жетті, және де инвестияциялардың өсу қарқыны бойынша Азербайжан ТМД елдері ішінде алдыңғы кезекте. /59/.

Каспийдің мұнайын өзінің тәуелсіздігі мен жетістігінің негізі деп санайтын Қазақстан шетел инвестициясын өзіне тартуда үлкен табысқа жетті.

Ресейдегі Каспий жағалауының ұзындығы 695км; теңізге Дағыстан территориясы кіреді (490км), Қалмақия (100км), Астрахан обласы (105км) . Ресей өз жағалауын ешқандай зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ немесе ол жерде мұнайды шығарып та жатқан жоқ, алайда жанармай мен энергетиканың ескі министрінің пайымдауы бойынша: - «Ресей Каспий қойнауындағы мұнай кен орындарын игеру бойынша халыкаралық косорциумдағы үлесін арттырмақ». /59/. Ресейге қатысты Каспий қойнауындағы игеруге дайын кен орын Инчхе теңізі. Оған лицензия британдық J, P x (30. 5%), ресейлік Роскаспнефть (39. 5%) және біздің Догнефть (30%) тарапынан құрылған Caspoil (Development) тің қолында. Біздің БАҚ бұл жайлы үндемесе де, дағыстандық мұнайдың бөлесі басталган тәрізді.

  1. Каспий айналасында.

Мұнай мен газ шығару Каспий қойнауын игеру программасының бір бөлігі ғана. Екінші бөлігі Каспийдің минералды ресурстарын әлемдік рыноққа шығару. Ол да Ресейді аймақтан ығыстыруға бағытталған айқын саяси көрініс тапты. Ресейдің жанармай және энергетика министрлігінің есептеулері бойынша Каспийдің жылдық жалпы экспорттық потенциалы 70-80 млн. тонна мұнайдан аспайды. Алайда, біздің айтып кеткеніміздей, шын сандық мөлшері баяндалғаннан мүлдем басқа. Азербайжандық мұнай компанияларының пайымдауынша Азербайжан қойнауының зерттелген жоғары сапалы мұнайдың қоры 2-3 млрд. тоннаны құрайды, ал ашылмаған қоры 7 млрд. тоннадан астам. Қазақстаның ашылмаған мұнай қоры 3. 5 млрд. тоннаға, Түркменстандікі 3 млрд. тоннаға бағаланады.

2010 жылға дейін Азербайжан жыл сайын 100 млн. тонна мұнай, ал Қазақстан 25-30 млн. тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр. /21/. Каспий мұнайын әлемдік рыноққа шығару 2 кезеңде іске аспақ; «Ерте» мұнайды 5-7 жыл ішінде, кейін «негізгіні». Қазіргі
уақытта мұнай тасымалдаудың мынадай варианттары қарастырылуда; - Ресейдің Қара теңіздегі порттарына. Астрахан-
Волгоград құбырын салып, Атырау-Астрахан: және Волгоград-
Тихорецк-Новороссийск, Теңіз-Комсомольская-Тихорецк-Новороссийск және кезінде Батыс сібір мұнайын Грозный және Бакудың мұнай өндеуші зауыттарына айдау үшін салынған Баку-Махачкала-Грозный-Тихорецк-Новороссийск мұнай құбыры сияқты мұнай кұбыры жүйесін қолдану жоспарлануда. Грузияның Қара теңіздегі порттарына. Реконструкциядан кейінгі, ] Баку-Батуми мұнай құбыры қолданылмақ. Сонымен қатар, Манғышлақ түбегінен бастап, Каспий теңізінің түбімен, Баку арқылы грузиндік Сунса портына мұнай құбырын салу да жоспарлануда. Жерорта теңізіндегі Туркия порттарына. Түріктің мұнай құятын Жерорта теңізіндегі Джейхан портына жеткізу Баку-Тебриз-Нагорный Карабах-Армения-Джейхан, Баку-Тбилиси-Батуми-Эрзурум-Джейхан, Теңіз-Актау-Баку-Нагорный Карабах-Армения-Джейхан және Азербайжан-Иран-Джейхан бағыты арқылы іске аспақ. Джейхан қазіргі уақыттың өзінде жылына 120 млн. Тонна каспий мұнайын игеруге техникалық жағынан даяр. Парс ы шығанағына. Теңізден парсы шығанағындағы Харг аралдарына мұнай құбырларын салу жоспарланып отыр Европага. Теңіз-Ресей-Чехия және Ресей-Болгария-Греция мұнай құбырының салынуы жоспарлануда. Тынық мұхитындағы Қытай порттарына. Қытай порттарына, Азия рыногына шығатындай етіп, ұзындығы 6400км мұнай құбырының құрылысы жоспарлануда.

Құбыр, танкерлер, цистерна иелері арасында күрес болып жатқаның түсіну қиын емес. Каспий мұнайын тасымалдауды бақылауға деген күрес енді ғана қыза бастады. Ешкім мұнай бизнесінен үлесін жіберіп алғысы келмейді. Қазір Каспий тасымалдау үшін жиналған елдер: Грузия, Армения, Түркия, Украина, Афганистан, Сауд Аравиясы, Сингапур, Жапония. Оның қаншалықты маңызды екенін кейінгі сөздерден түсінеміз.

Азербайжандық қайнар көздерге сүйенетін болсақ, Азербайжанның ішкі рьшогіндегі ішкі мұнайдың бағасы тоннасына 67 долларды құрайды. Ресей территориясы арқылы Қара теңіз порттарына мұнайдың транзиті Азербайжан үшін таинасы 16 доллар құрамақ, ал теңіз жолымен Генуя немесе Роттердамға жеткізу 5-7 доллар және мұнайдың әр тоннасын жағадағы мұнай сақтайтын орындарға айдағаны үшін қосымша 5 доллар тұрады. Алайда, осындай көп шығындарға қарамастан Батысқа 1 тонна өткізу Азербайжанға 110-120 доллар пайда әкеледі: Азербайжанның Ресейге бір тонна мұнайды айдағаны үшін беретін ақысы 0. 43 цент пен 32 доллар арасында. АиФ-тың мәліметі бойынша 1996 жылы Ресейдің өзі Европа елдеріне 125953 мың тонна шикі мұнайды 15975. 9 млн. долларға өткізген - шамамен тоннасына 120 доллар шығады. Азербайжан мұнайының солтүстік (Ресей арқылы) және батыс (Грузия арқылы) бағыты жылына 20 млн. тонна мұнай өткізбек. /52/.

Ресей өз кезегінде Дағыстан мен Ставропольды айналатын құбыр жолын салуды, ең болмағанда, Баку мұнайын Астраханға танкермен жеткізуді ұйғарып отыр. Түркия болса Джейханға мұнай жеткізу жоспарын іске асыратын болса, импорттан жылына 3 млрд. долларға дейін эконом жасайды және бұған қоса өз территориясындағы мұнай транзитінен 1 млрд. пайда көреді (тоннасына 5 доллардан есептегенде) . Жоғарыда айтылып кеткен, Түркияның ауыр жүкті ресейлік танклерінің Босфордан өтуіне шектеу қоюына дәлосы ресурсте қарастыру керек; Анкаранын енгізген бұл санкциясының нәтижесінде Ресей жылына 500 млн доллардан астам шығын көруде /52/.

Туркия вариантын АҚШ тек Азербайжан мұнайын жеткізу үшін ғанғ керек емес, Қазақстан мұнайын жеткізу үшін де орырғанын да айта кеткен жөн. Тіпті терең емес анализдің өзі ТМД елдерінің аймақтың табиғи ресурстарын әлемдік рынокқа Ресейге соқпай жеткізу тенденциясын көрсетіп отыр. 1997 дылы Гейдар Алиев пен Леонид Кучма Азербайжан мұнайын Украинаға Ресей мен Грузияны айналып, күрделі құбыр-цистерна-құбыр-танкер схемасымен жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. 140 киломертлік кейін Туркия мен Оңтүстік Европаға жететін Түркменстан-Иран газ құбырының құрылысы қызу жұмыс үстінде. Бұл Ресейге кірмей Каспий мұнайын тасымалдайтын алғашқы жол. Американдық Юнокал және Саудтық Дельта компаниялары жылына 20 млрд куб. м. газды жеткізе алатын Түркменстан-Афганистан-Пакистан газ құбыры проектісін іске асыруды бастады. Оған параллель мұнай құбыры да жасалмақ. Түркмен газын Қытайға, Кореяға, Жапонияға (ұзындығы 8000 км супер құбыр бойынша) ал Түркмен мұнайын Иранға жеткізу жайлы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қазірдің өзінде Қазақстан мұнайы Теңіз-Маңғышылақ-Баку-Тбилиси-Батуми бағыты арқылы Қара теңіз терминалына, Каспий теңізі арқылы Солтүстік Иранға жеткізіліп жатыр. Грузияның темір жолдарының транзиттік табысы 1 тонна мұнайға 8. 5 доллпрды құрайды. /48/. Иран да Парсы шығанағындағы терминалдарымен Қазақстанның эаспорттық серіктестеріне бірдей көлемде мұнайды әкеледі: Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев Жерорта теңізіндегі Джейхан портына апаратын түрік бағытын ең маңызды және қауіпсіз деп атады, сол себепті приоритетті деуге болады. Алматынының пайымдауы бойынша, Ресейдің қатаң позициясына байланысты Каспий құбырының консорциумының варианты 2-ші кезекте қарастырылуы мүмкін. Татар мұнайын Еділ-Каспий-Иран маршрутымен экспорттау жайлы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы каспий мәртебесінің мәселесі
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Ақтау портының маңыздылығы
Каспий теңізі, құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі
Каспийдің құқықтық статусын айқындау
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері
Мемлекет басшыларының Каспий жағалауы мемлекеттерінің ортақ келісімге келуі негізінен тез арада Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы
Халықаралық құқықта Әлемдік мұхит минералды ресурстарын игеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz