Жеке кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Жеке кәсіпкерлік субьектілері және олардың жұмыс істеу жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу,жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату,жеке кәсіпкерлік субьектілерінің жауаптылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ


2.1 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге
асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстанда жүргізіліп жақтан экономикалық реформаларды объективтік қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде де қарастырған ләзім. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылғаны мәлім.Өйткені осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресурстарына, халқының менталитетіне және тағы сол сияқты көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады.
Бүгінгі күні еліміздегі экономиалық реформалардың басталғанына оншақты жылдан астам уақыт өтсе де белгілі бір жүйелі жол табу оңайға соқпай, іздену процестері әліде болса жалғасын табуда. Ендігі басты мақсат-экономикалық қатынастар жүйесін жетілдіре отырып, оларды кешенді түрде түбегейлі жаңғыртуды жалғастыру болып табылады. Ал бұл міндетті жүзеге асыруда, ең алдымен өндіріс пен инфрақұрылымдық салаларда жекеменшікке негізделген шаруашылық қатынастарды дәріптеу және мемлекет тарапынан қолдау керек болды.
Қазақстанда осындай қолдаудың заңнамалық негізі қысқа мерзім ішінде жасалып, оны жүзеге асыруда көптеген мемлекеттік шаралар белгіленді. Олардың ішінде ең негізгісі ретінде кәсіпкерлік пен шағын бизнесті үдете дамыту мәселесі бірінші кезекте күн тәртібіне қойылды. Өйткені, бұл мәселені жүйелі түрде шешіп отыру-қоғамдағы қозғаушы әрі жетекші күш- орта топты қалыптастырып қана қоймай, оның өндірістік-интеллектуальдық әлеуетін де молайта беруге бірден-бір негіз болар еді. Өркениетті мемлекеттердің де, дамушы елдердің де тәжірибесі кәсіпкерліктің мұндай маңызын дәлелдеп берді.
Әсіресе кәсіпкерлік пен бизнестің шағын түрі өзінің ықшамдылығымен және қолайлылығымен ерекшеленеді. Ішкі және сыртқы нарықтық конъюктураның жылдам өзгерулеріне дер кезінде бейімделе білу де шағын бизнестің өміршеңдігін айқындайды. Сондай-ақ белгілі бір өнім түрін өндіруге мейлінше тез бейімделу және жаңа технологияларды өндіруге жылдам ықшамдала білу қасиеттері шағын кәсіпкерліктің бұл түрінің экономикалық табыстардың ең шешуші кепілі болатындығын дәлелдеді.
Нарық экономикасына өтудің алғашқы жылдарында-ақ бұл мәселе Қазақстан мемлекетінің назарында болды. Елбасының арнайы жарлықтарымен 1991-1994 және 1995-1996 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың екі мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, жүзеге асырылды. Кейінірек әзірленген “Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” 1998 жылдың 31 желтоқсанында қабылданды.
1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».
6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
7. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы 2002.
10. «Кәсіпорын экономикасы» Оразалин К.Ж. Алматы 2007ж.
11. «Кәсіпкерлік» Бисенғазиев М.Б.
12. Закон Республика Казахстан "О государственнной поддержке малого предпринимательства",19.07.1997 г.
13. Закон Республики Казахстан "Об индивидуальном предпринимательстве", 19.0б.1997г.
14. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестік туралы" Заң күші бар Жарлығы, 2.05.1и Казахстан "О Государственной программе развития и поддержке малого предпринимательства в Республике Казахстан на 1999-2000 годы", 31.12.1998 г995ж.
15. Гражданский кодекс республики Казахстан, 27.12.1994г.
16. Қазақстан Республикасы Президентінің "Өндірістік кооператив туралы" Заң күші бар Жарлығы, 5.10.1995ж.
17. Указ Президента Республики.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3
1 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

4
0.1 Жеке кәсіпкерлік субьектілері және олардың жұмыс істеу жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4
1.2 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу,жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату,жеке кәсіпкерлік субьектілерінің жауаптылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

7
2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

12

2.1 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге
асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

28

КІРІСПЕ
Қазақстанда жүргізіліп жақтан экономикалық реформаларды объективтік қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде де қарастырған ләзім. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылғаны мәлім.Өйткені осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресурстарына, халқының менталитетіне және тағы сол сияқты көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады.
Бүгінгі күні еліміздегі экономиалық реформалардың басталғанына оншақты жылдан астам уақыт өтсе де белгілі бір жүйелі жол табу оңайға соқпай, іздену процестері әліде болса жалғасын табуда. Ендігі басты мақсат-экономикалық қатынастар жүйесін жетілдіре отырып, оларды кешенді түрде түбегейлі жаңғыртуды жалғастыру болып табылады. Ал бұл міндетті жүзеге асыруда, ең алдымен өндіріс пен инфрақұрылымдық салаларда жекеменшікке негізделген шаруашылық қатынастарды дәріптеу және мемлекет тарапынан қолдау керек болды.
Қазақстанда осындай қолдаудың заңнамалық негізі қысқа мерзім ішінде жасалып, оны жүзеге асыруда көптеген мемлекеттік шаралар белгіленді. Олардың ішінде ең негізгісі ретінде кәсіпкерлік пен шағын бизнесті үдете дамыту мәселесі бірінші кезекте күн тәртібіне қойылды. Өйткені, бұл мәселені жүйелі түрде шешіп отыру-қоғамдағы қозғаушы әрі жетекші күш- орта топты қалыптастырып қана қоймай, оның өндірістік-интеллектуальдық әлеуетін де молайта беруге бірден-бір негіз болар еді. Өркениетті мемлекеттердің де, дамушы елдердің де тәжірибесі кәсіпкерліктің мұндай маңызын дәлелдеп берді.
Әсіресе кәсіпкерлік пен бизнестің шағын түрі өзінің ықшамдылығымен және қолайлылығымен ерекшеленеді. Ішкі және сыртқы нарықтық конъюктураның жылдам өзгерулеріне дер кезінде бейімделе білу де шағын бизнестің өміршеңдігін айқындайды. Сондай-ақ белгілі бір өнім түрін өндіруге мейлінше тез бейімделу және жаңа технологияларды өндіруге жылдам ықшамдала білу қасиеттері шағын кәсіпкерліктің бұл түрінің экономикалық табыстардың ең шешуші кепілі болатындығын дәлелдеді.
Нарық экономикасына өтудің алғашқы жылдарында-ақ бұл мәселе Қазақстан мемлекетінің назарында болды. Елбасының арнайы жарлықтарымен 1991-1994 және 1995-1996 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың екі мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, жүзеге асырылды. Кейінірек әзірленген "Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" 1998 жылдың 31 желтоқсанында қабылданды.

1 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1. Жеке кәсіпкерлік субьектілері және олардың жұмыс істеу жағдайлары
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері болып әрекет қабілеті бар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар, яғни коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетел ұйымдары айналыса алады.
1. Жеке тұлғалар - кәсіпкерлік субъектілері. ҚР Ата заңынды айтылғандай әрбір азамат өз мүмкіндіктері мен мүлкін кәсіпкерлікке және өзге де заңға қайшы келмейтін әрекетпен айналасуға құқылы. Елеміздің тарихында бұл заң негізгі заңдар тармағына тіркеліп, азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен айналысуға экономикалық еркіндікке кепілдік береді. Бірақ та ҚР Ата заңының 80 бабында Қазақстан азаматы өзінің толық құқығын тек 18 жастан ғана бастай алады. Осыған сәйкес кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға құқытық тұрғыдан өзінің бизнесін мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде 18 жасқа толғаннан бастап әрекет етуге құқылы.
ҚР АК 15 бабына сәйкес әрбір азамат өзінің құқылы әрекетіне, азаматтық міндеттері мен олардың орындалуы кәмелет жасына толғаннан басталады деген. Ал егер заң жүзінде азамта 18 жасқа дейін некеленген болса, некеге түскен уақытынан бастап толық әрекетке ие болады. Некег түскен уақытта ие болған құқыққа 18 жасқа дейін некені бұзған жағдайда сақталып қалады. Осыған сәйкес 18 жасқа толған жеке тұлға жеке және заңды тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысуға толық құқылы.
Бірақ кәсіпкерліктің белгілі бір түрімен айналысуға азаматтың арнайы жоғары білімі, шартты түрде кәсіби төлқұжаты және кәсіби біліктілігі болуы қажет.
Азаматтық заңнамаға сәйкес әрекет етуге қабілеті бар азаматтардың кейбір бөлігі кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға құқысы жоқ. Мемлекеттік биліктің атқарушы тұлғалары және мемлекеттік басқарушыларға жеке кәсіпкерлікпен айналысуға, жеке меншігінде кәсіпорынның болуы, өзінің тиесілі акцилар, пайларымен, үлес арқылы шаруашылық серіктестердің жиналысында жеке өзі немесе өкіл арқылы дауыс беруге құқығы жоқ. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен әскери адамдар, қарулы күштер министрлігінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері және салық полиция қызметкерлеріне айналысуға болмайды. Әрекет қабілеті бар азамат заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысуға және осы мақсатта заңды тұлғалармен және жеке өзі заңды тұлға құра алады.
Азамат жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін жеке кәсіпкерлік куәлігін алу керек, ал сауданы жүргізу үшін патент алу керек.
1. Заңды тұлғалар - кәсіпкерлік субъектілері.ҚР АК 21 бабына сәйкес заңды тұлға деп сотта жауапкер және талапкер бола алатын , мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды (авторское права, тауар белгісі) жүзеге асыра алатын және оларға ие бола алатын, өзінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында оқшауланған мүлкі (иелік жасай алмайды) болатын және өзінің міндіттемелері бойынша осы мүлікпен жауап беретін ұйым танылады. Заңды тұлғалардың жеке балансы немесе сметасы болуы керек. Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық - құқықтық формасын белгілейтін атауы болады. Ұйымдық - құқықтық формасына байланысты заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылардың келісім-шарттары негізінде әрекет етеді.
ҚР АК 45 бабына сәйкес, заңды тұлғалар екі түрге жіктеледі: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Өзінің әрекетінде табыс табуды мақсат тұтқан ұйымды коммерциялық ұйым дейміз. Белгіленген заңға сәйкес, коммерциялық ұйымдар таза табысты құрылтайшылар арасында бөліседі. Осыған байланысты барлық коммерциялық ұйымдарды кәсіпкерлік ұйымдар деуге болады. Коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестік және серіктестік түрінде, өндірістік кооперативтер түрінде құрылады.
Өзінің әрекетінде табыс табуды мақсат тұтпайтын және табысты құрылтайшылар арасында бөлісе алмайтын ұйымды коммерциялық емес ұйым дейміз. Бірақ коммерциялық емес ұйымдар да кәсіпкерлік әрекетпен айналысады, яғни құрылған мақсатына қарай мақсатқа жетуін

а) шаруашылық б) Өндіріс кооперативтері в) мемлекеттік және
Серіктестік және қоғамдар муниципалды кәсіпорын
А1) Шаруашылық серіктестіктер А2) шаруашылық қоғам
А11) толық Ш.С.А11) сенімдегі Ш.С.
А22) жауапкершілігі шектеулі Ш.Қ.
А22) акционерлік қоғам А222) Ашық А:Қ. А222) Жабық А.Қ.
А22) қосымша жауапкершілікті Ш.Қ
В1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы
В1) Үкіметтік ұйымдар
Коммерциялық емес: Фондтар, қоғамдық және діни ұйымдар;

Коммерциялық кәсіпкерліктердің жіктелуі

Ассоциациялар мен бірлестіктер. ҚР заңына сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық және діни ұйымдар, коммерциялық емес серіктестер, мекемелер, әлеуметтік, қайырымдылық және өзге де фондттар, ассоциациялар түрінде құрылады. Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ғылыми мақсаттарды, азаматтардың денсаулығын қорғау, денешынықтыру және спортты дамыту және қоғамдық игіліктерді көздеуі мүмкін

Акционерлік қоғамдағы басқару органдарының сызбасы

Заңды ұйымдар филиалдар мен өкілдіктерін аша алады, бірақ олар заңды тұлғалар бола алмайды. Оларды құрған заңды тұлғалардың мүліктеріне ие болады және олар бекіткен ереже бойынша қызмет жасайды. Филиал деп заңды тұлғаның оның орналасқан жерінен басқа жерде орналасқан және олардың барлық функцияларын атқаратын оқшауланған бөлігін айтамыз. Өкілдік деп - заңды тұлғаның оның орналасқан жерінен өзге жерде орналасқан және заңды тұлғаны қорғайтын оқшауланған бөлігін айтамыз. Филиалдардың және өкілдіктердің басшылары заңды тұлғамен бекітіледі.
.

1.2 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу, жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату,жеке кәсіпкерлік субьектілерінің жауаптылығы

Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап танылады. Заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылық келісім - шарт негізінде жұмыс атқарады.
Заңды тұлғаның реорганизациясы (қайта құрылуы, ұйымдасуы) - құрылтайшылардың келісімі бойынша бірігуі, бөлінуі, қайта құрылуын айтамыз.
1. Кәсіпкерлердің құқықтары. Кәсіпкерлердің құқықтары дегенде, біз жеке және кәсіпкерлік ұйымдардың құқықтарын түсінеміз. Кәсіпкерлердің құқықтары заңдармен белгіленеді. Кәсіпкерлердің азаматтық құқықтары мен міндеттері:
-заңда қарастырылған келісім-шарттар мен мәмілелерден (айырбас шарты, факторинг шарты, франчайзинг шарты және т.б.), заңда қарастырылмаған бірақ заңға қайшы келмейтін келісім-шарттар мен мәмілелерден;
-азаматтық құқықтық міндеттерін белгілейтін сот шешімдерінен;
-заңмен жол берілетін мүлікке ие болу нәтижесінде;
-ғылыми, мәдени, әдеби, туындылар құру нәтижесінде;
-өзге тұлғаға зиян келтіру нәтижесінде;
-азаматтардың және заңды тұлғалардың өзге әрекеті нәтижесінде туындайды.
Қолданыстағы заңнамада кәсіпкер келесідей құқықтарға ие:
-заң рұқсат беретін кәсіпкерліктің кез-келген түрімен айналысуға;
-кез-келген ұйымдық - құқықтық формадағы жеке кәсіппен айналысуға;
-кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қажет өз қарамағында кез-келген мүлікке ие болуы.
Мүліктің көлемі заңмен шектелмейді.
- өз бизнесін жеке жоспарлауға;
-тауарды тұтынушыларды таңдауға, өндірістің барлық факторларын тасымалдаушыларды таңдауға, заңға сәйкес кәсіпкерлік келісім-шарттарды жүргізуге;
- жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақы мөлшерін бекітуге, қосымша материалдық көмек көрсетуге, бірақ бұл құқықтар құрылтайшылар құжаттарында көрсетілуі қажет және еңбек заңына қайшы келмеуі тиіс;
- жалдамалы жұмысшыларға қосымша демалыс беруге;
- жұмысшыларды еңбек заңына сәйкес келісім-шарт арқылы жұмысқа тартуға;
- сыртқы экономикалық, сыртқы сауда әрекетімен айналысуға;
- кез-келген банкте есеп-шот ашуға;
- тауар өндіруге, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға, зейнетақы, медециналық және әлеуметтік сақтандыруға, мемлекеттік билік органдарының заңсыз шешімдеріне өзінің заңды құқығын қорғауға құқылы.
ҚР Салық кодексінің бірініші бөліміне сәйкес кәсіпкер салық төлеуші ретінде келесідей құқықтарға ие:
1. тіркелген жеріне байланысты салық органдарынан қолданыстағы салықтар және жиындар туралы тегін ақпарат алуға;
2. салық органдарынан салық туралы заңдардың қолданылуы туралы жазбаша түсініктемелер алуға;
3. салық туралы заңдарда бекітілгендей белгілі бір жағдайда салық жеңілдіктерін қолдануға;
4. салық кредитін, кейінге қлдыруға, ұзатуға болады;
5. салық органдарының басшыларынан салық туралы заңдарды орындауды талап ете алады;
6. салық заңына сәйкес келмейтін заңдарды орындамауға;
7. салық органдарының қызметкерлерінің шешімдеріне белгіленген тәртіпте шағымдануға;
8. салық құпиясын сақтауды талап ете алады;
9. салық органдары қызметкерлерінің заңға қайшы келетін шешімдеріне белгіленген тәртіпте шығын көлемін қайтаруды талап ете алады.
Ал жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде жоғарыда аталып өткен құқықтармен қатар келесідей құқықтарға ие бола алады:
- толық серіктестердің қатысушысы бола алады;
- акционерлік қоғамның атқарушы органы бола алады (АҚ келісілген шарт бойынша);
- белгіленген тәртіпте арбитраждық (шаруашылық істерді) басқарушы бола алады (ішкі, сыртқы, конкурстық);
- бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады;
- аудиторлық (тексеру) әрекетпен айналысуға.
1. Кәсіпкердің міндеттері.Шаруашылық субъекті ретінде кәсіпкердің міндеттері азаматтық заңнамада бекітілген. Кәсіпкердің негізгі міндеттері:
-белгіліленген уақытта салық органдарында тіркеуде немесе бюджеттік емес өкілетті мемелекеттік органдарда тіркелу керек;
-заңда бекітілгендей салық көлемін уақытысында төлеуге;
-салық органдарына табыс, өзге құжаттар мен мәліметтерді уақытысында өткізуге. Яғни осы мәліметтерден олар салықты өзге міндетті төлемдерді санай алады;
-бухгалтерлік есеп жүргізуге, заңға және нормативті актілерге сәйкес қаржылық - шаруашылық әрекеттің есебін жүргізуге. Олардың сақтау мерзімі 4 жыл;
-салық органдарының тексеруі нәтижесінде төмендетілген табысты немесе жасырынған табысты бухгалтерлік есепке түзету енгізуге;
-салық туралы заңға қайшы келетін анықталған қателіктер салық органдарының талаптарын орындауға;
-белгіленген тәртіпте заң бекіткен әрекеттің кез-келген түріне лицензия алуға;
-қолданыстағы стандартар мен сертификатқа сәйкес қызмет көрсетуге, тауар шығаруға;
-өзінің әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығы мен өміріне зиян келтірмеуге;
-жалдамалы жұмысшыларға санитарлы-гигиеналық және еңбек қауіпсіздігіне қажетті жвғдвй туғызуға;
-белгіленген тәртіпте кәсіби ұйымдармен келісім-шарт жүргізуге және оларды уақытысында орындауға;
-тауар нарығында монополиялық әрекетке жол бермеуге, жосықсыз бәсекеге, нарықтаға орнымен теріс пайдалануға болмайды;
-монополиялық жоғары немесе монополиялық төмен бағаларды орнатуға болмайды, бағаны реттеу туралы заңдарды қадағалауға;
-белгіленген тәртіпте кіріс пен шығындардың, өндіріс шығындарын және тауар (жұмыс, қызмет) жүзеге асыруға кеткен шығындардың есебін жүргізуге;
-азаматтық заңдарға сәйкес мәмілелерді орындауға, кәсіпкерлік келісіс-шарттарға отыруға және оларды орындауға;
-өзінің тауарына сәйкес келмейтін жарнаманы беруге болмайды;
-белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарға қаржылық-шаруашылық әрекеттің нәтижелері туралы толық көлемде статистикалық есеп беріп тұруға;
Кәсіпкерлер азаматтық, арбитраждық, әкімшілік, қылмыстық заңдарға сәйкес өзге де міндеттерді орындау қажет
1. Жеке кәсіпкерлік өзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады. Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайынан келісім алуының қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің келісімін алуы қажет болады.
2. Бірлескен кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады. Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.
Бірлескен кәсіпкерлік формалары:
1) Жұбайлардың ортақ бірлескен меншіктері базасында жүзеге асырылатын жұбайлар кәсіпкерлігі;
2) Ортақ бірлескен шаруа (фермер) қожалығы меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік базасында жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік.
Жеке кәсіпкерлікті аумақтық салық басқармасында тіркеу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:
1) белгіленген формадағы өтініш;
2) 2 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағын төлегендігін растайтын құжат.
Мемлекеттік тіркеу кезінде салықтан босатылатындар:
# Шаруа және фермерлік шаруашылықтар;
# I, II және III топтағы мүгедектер;
# Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі репатрианттар (оралмандар) .
3) жеке куәлік көшірмесі, тұпнұсқасы (салыстыру үшін);
4) фотосурет (3,5 х 4,5);
5) жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат).
Сонымен қатар, тіркеу кезінде жеке кәсіпкерліктің фирмалық атауын көрсетуге болады.
Салық басқармасы барлық құжаттар тапсырылғаннан соң, 2 жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкер куәлігін береді.
Осыдан кейін қажеттілігіңізге қарай сіз мыналарды жасай аласыз:
# мөр дайындау;
# банктен шот ашу;
# кассалық аппаратты тіркеу.
Шаруа қожалығын ұйымдастыру. Шаруа (фермерлік) қожалығын жер үлесіне құқығы бар адамдармен қатар кез-келген Қазақстан Республикасының азаматтары ұйымдастыра алады. Ол үшін шаруа (фермерлік) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін бөлу туралы өтініш жазу қажет. Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) ауылшаруашылық өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;
2) шаруашылық басшысының ауылшаруашылық өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын немесе тиісті мамандық немесе арнаулы дайындықтан өткенін (шартты жер үлесі құқығына ие емес азаматтар үшін) растайтын құжат;
3) шаруа (фермерлік) қожалығы басшысының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
4) шаруа (фермерлік) қожалығы басшысының мекен-жайы.
Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары туралы:
# адамның еңбекпен қамтамасыз етілу және ақша табу проблемаларын шешеді;
# қымбат емес әрі тез арада тіркеуге болады;
# мемлекеттік реттеуге аз ұшырайды;
# тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.
Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:
# мұраға қалмайды;
# алғашқы капитал жинау қиындығы;
# кәсіпкер жеке мүлкін тәуекелге тігеді:
Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өндіріп алуға жатпайтын мүліктерін қоспағанда, өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте болады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жұмыстарын әділет департаменті, статистика басқармасы және аумақтық салық басқармасы жүзеге асырады. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпей, қызмет етуге рұқсат етілмейді. Одан бөлек бұл заңмен қудаланады, мұндай жолмен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жатқызылады.
Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін құрылтай құжаттарын әзірлеу: жарғы (егер тіркеу кезінде типтік үлгідегі жарғы ұсынылмаған болса) және де заңды тұлға бір тұлғадан көп адамнан құрылатын болса, құрылтай келісімшарты қажет болады.
Тіркеу реті келесі тізбекті әрекеттерден тұрады:
1) қажетті құжаттар тізімін дайындау;
2) мемлекеттік баж салығын төлеу;
3) тіркеу органына құжаттарды өткізу;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу;
5) салық режимін таңдау;
6) қажет болған жағдайда ҚҚС куәлігін алу;
7) мөр дайындау;
8) банктан шот ашу;
9) кассалық аппаратты тіркеу.
Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы кіші кәсіпкерлік субъектілер үшін, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында тіркелетін заңды тұлғалар үшін жасалған айтарлықтай мәні бар, жақында ғана күшіне енген өзгерістердің бірі бастапқы жарғылық капиталдың айтарлықтай төмендетілуі болып табылады. Бүгінгі күні бұл 100 теңгені құрайды.
Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар ғана іске асыруы керек, ал ұйымдар мемлекеттік тіркеу көмегімен шаруашылық субъектісі ретінде заңдастырылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тіркеуден өткізбей іске асыру құқық бұзушылық болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 357-1-бабында: Тиісті тіркеусіз әрекеттер (операциялар) жасау, сондай-ақ, кәсіпкерлік немесе басқа да қызметтермен айналысу жеке тұлғаларға жиырмаға дейінгі, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге апарып соғады... делінген.

2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

2.1 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге
асыру жолдары

Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады.
Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:
* қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
* индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
* кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.
Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына:
* мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер;
* үкіметтік емес мекемелер;
* коммер циялық мекемелер кіреді.
Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады:
* бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау;
* қаржылық қолдау;
* ақпараттық - талдау жағынан қолдау;
* кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау;
* материалды -техни калық жағынан қолдау.
Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Мемлекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер болып Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел Президенті мен Үкімет алдында есеп береді. ИжСМ құрамына кіретін Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.
Қазақстан Республикасындағы ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) өткен жылмен салыстырғанда 2014 жылғы қаңтар-қазандағы жедел мәлімет бойынша 0,8% азайды және 6395,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 1301 млрд. теңге (20,4%) - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар және 4035,0 млрд.теңге (63,1%) орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 648,4 млрд.теңге (10,1%) жеке кәсіпкерлер және 410,7 млрд.теңге (6,4%) - шаруа (фермер) қожалықтары.

Сурет 1. Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуын сипаттайтын
негізгі индикаторлардың ұлғаюы (төмендеуі) (облыстар бөлінісінде, жұмыспен қамтылғандар)

Қазақстан Республикасындағы ШОК субъектілерінің өнім шығарылымының (салыстырмалы бағаларда) азаюы Ақмола облысында (4,4%), Батыс Қазақстан облысында (0,1%), Қарағанды облысы (0,2%), Қостанай облысында (13,3%), Павлодар облысында және Оңтүстік Қазақстан облысында (0,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (13,2%) байқалды.
пайызбен

Сурет 2. 2014 жылғы 1 қарашадағы ШОБ қызметіндегі
құрылым көрсеткіштері

Көрсетілген кезеңде ШОК субъектілерінің өнім шығарылымының (салыстырмалы бағаларда) ұлғаюы барлық облыстарда байқалды: Ақтөбе облысында (0,2%), Алматы облысында (0,4%), Атырау облысында (1,0%), Қызылорда облысында (2,0%), Маңғыстау облысында (0,9%), Шығыс Қазақстан облысында (0,7%) және Астана қаласында (1,3%) және Алматы қаласында (0,6%).
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары - яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта кәсіпкерлік туралы ақпарат
Кәсіпкерлердің құқыққа қарсы бейім мінез-құлықтарының алдын алу мәселелері
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау
Қонақ үй кәсібінің нарықтағы ішкі және сыртқы факторларының дамуы
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Кәсіпкерліктің түрлері «Салыстырмалы талдау»
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
Пәндер