Балада ойын әрекеті және оның түрлері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Тарау Баланың негізгі іс.әрекеті . ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.9
1.2. Ойынның ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.12
1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.20
ІІ Тарау Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ...21.24
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту ... ... ... ... ..25.26
2.3. Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері ... ... ... 27.29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының призденті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компбютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні технология психологияны оқытуда мектепке дейінгі жастағы балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында балада ойын әрекеті және оның түрлері арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты дамытуда басты құрал болып саналады.
Зерттеудің мақсаты. Балада ойын әрекеті және оның түрлерін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
- Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
- Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;
Зерттеудің теориялық қолданымы. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі.
Зерттеудің практикалық қолданымы. Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.

1. Тәжібаев Т. «Жалпы психология», Алматы, Қазақ университеті, 1993 ж.
2. Сәбет Бап-Баба, Жалпы психология. /Жантану негіздері/: -Алматы «Заң әдебиеті», 2003 ж.
3. Жарықбаев Қ, Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе: Оқу құрал / А, - 2000 ж.
4. Жалпы психология. Алматы: Білім, - 1996, - 224 б.
5. Жарықбаев Қ. Психология. Оқулық: - 3 - ші басылым. - Алматы: Білім, 1993 ж.
6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: Оқулық. -Алматы, 2002 ж.
7. Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
8. Гиппенрейтер Ю. Б. Введение в общую психологию. Курс лекциий. – М., 1988.
9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2т-Т. I –М., 1989
10. Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения : В 2т. – Т. П. – М., 1983.
11. Выготский Л. С. Собрание сочинений: В 6 т. – Т. 2. М., 1982. ( Мышление и речь: 2-361. Мышление и его разитие в детском возрасте: 395-415 ) .
12. Зак А. З. Развитие теоретические мышления у младших школьников. –М., 1984.
13. Ильясов И.И. Исследование развития познавательной деятельности. – М., 1971.
14. А.А. Давыдов, Т.В. Драгунова. Пдагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы Алматы 1973.
15. Б. С. Ысқақова, Қойшыбаева Н.И. Мектепке дейінгі балалардың жеке басын қалыптастырудың психологиялық құралы. Оқу құралы. Шымкент 2002.
16. Қ. Жақыпов Бірінші класс оқушысының отбасындағы итәрбиесі. Алматы – 1966
17. С. В. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы алматы «Мектеп» 1986.
18. Сухомлинский В. А. Балалық шақтағы жеке тұлғаның қалыптасуы.

Тақырыбы: Балада ойын әрекеті және оның түрлері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Тарау Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-9
1.2. Ойынның
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...10-12
1.3. Ойынның психологиялық даму
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-20
ІІ Тарау Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ..21-24
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту ... ... ... ... ..25-
26
2.3. Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері ... ... ... 27-
29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .31
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының призденті
Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа
жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің
қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет
бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы
жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау
қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру
қажетті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компбютерлік технология
қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық
технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің
озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби
бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын
қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең
негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні технология психологияны оқытуда мектепке дейінгі
жастағы балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру
мақсатында балада ойын әрекеті және оның түрлері арқылы баланың
дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты дамытуда басты құрал болып
саналады.
Зерттеудің мақсаты. Балада ойын әрекеті және оның түрлерін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
- Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
- Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;
Зерттеудің теориялық қолданымы. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті.
Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер
атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік,
дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына
ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі.
Зерттеудің практикалық қолданымы. Ойынды көп ойнаған адамның
дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.
Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла
ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.

1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері
Баланың өмірге кадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек
психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар
және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да
шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойының психологиялық мәнін
және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын
зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-
әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның
бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі
құбылыстары мен үлкендерің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі.
Ойынның шартты түрдегі максаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-
әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене
шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын
барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет
байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі
психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені
ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне
өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын
немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол
арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын,
бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойны мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал
ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің
күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын
ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ
қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір
педагог-ғалымдар жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын-жаман жұмыс
сияқты деп қарап, бұлардың арасындаайырма шамалы деген тұйін жасайды.
Өйткен, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-
қайратжұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер
жұмсалмағанойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да, жақсы жұмыста
көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен
жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті
жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек
мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал
жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі
баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері
ұшқындайды белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның
бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш
сезіміне бөленеді. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген тусінік тумайды.
Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды
ойын деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым
жасалады:
a) Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады,
өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілтіреді.
б) Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
г) Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық
және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір
құбылыстары жайлы танам-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез
тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде
дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарды тек
балаларымыз ды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай
олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуы құралы деп те ерекше
бағаланған. Қазір бізге жеткен ұлт-ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық
ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар – балаларды
тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, Қобыланды,
Алпамыс, Ер Тарғын сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың,
жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер-жігіттердің ең алдыменұлттық
ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда
өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендіктері
айтылады. Домбырамен күй шерту, Аттың құлағында ойнау, Аударыспақ,
Күлкі ойыны, Балалар ойыны, Ақ сүйек, Тоғыз құмалақ, Жұмбақ айтыс,
Асық ойнау өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-
бабаларымыздың ұлттық ойыдарының ғасырлар бойы өмәр сүргендінін айқын
көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтыны Ақ сүйек ойыны байқағыштыққа,
қырағылыққа, батылдыққа. Ептілікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын
дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрін – он бір қара
жұмбақ деп атайды. Оның басты ерекшелігі есеп сұратарын қою арқылы баланың
ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың
берері мол. Санамақ, Жылдам айт, және тағы басқа тартымды ойындарды
үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептеліген. Балалар негізінен ойын
үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап бала психологиясын
аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан
балалардың мінез-құлқы бірдей емес.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-
тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шындыққа, ептілікке баулу,
шапшаңдыққа, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке,
қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кз-келген
ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз билігінде
қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу,
би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың
бойында өнердің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару
қиын емес.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа,
ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да,
психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да, алғыр,
шымыр да, епті, қайратты да, қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ.
Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.
Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп
отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал.
Өйткені жас өндір ойнай да, ойлай білсін!
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
Қәйта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
Қайта жасау іс-әрекетін жузеге асыруға бағытталған ойындар.
Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындәр.
Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Бүгінгі таңда қоғамьмыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты,
саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі
бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында
ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға
қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша
барлық дидаткалы; ойындар оқушыпардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың
маңызды қыралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі
тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды
көздейді. Бұл ойындар балапәрдың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі,
олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және
оқушылардың зейінің ойлау, зерде үрділерін дамытады. ӨмІр тәржірибесін бір
жүйеге келтіруге үйретіп, нерф жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын
оқу-әрекетінде жетекші рол атқарады.
6.Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-
әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-
сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар,
сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар
оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы
ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта-ықыласын есепке
ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Дамытушы ойда қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетің
қызығушылығын дамыту.
Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала
өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып балаларының
психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі
ғалымдар ез еңбектерінде айтып кеткен. Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев,
Ш.Құдайбердіұлы. С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды
болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен
маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту
барысында ойынның алатын орны туралы ВАСухомлинский, С.П.Шацкий және
Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық
ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті
негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша
ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол
салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп
түсіндірген.
Д.Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас
кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде
балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар
білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар
қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді.
Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-
бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан
мұғалім сабақ барысында ойын турлерін пайдаланып отырса, оқушылардың
сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен
ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған
білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар
ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы
жылдам, дәл орыңдауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін
түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден
дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала
отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай,
әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің
шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту
болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды
өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра
түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім,
білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып
табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес түрлеңдіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, етілген
материалды кайталағанда, білімді тиянақтау жөне тексеру кезінде, яғни
сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға
болады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде "ойын'' түрлерін
пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса,
екіншіден бапалардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын
көтеру болып табылады.
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТШ ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
Қуыршақтың туған күні
Сіз балаға жақын арада Катя есімді қуыршақтың туған күні екендігін
айтып, оны құттықтау үшін қонақтар келетінін хабарлайсыз. Ал қонақтардың
есімдерін сіз оған кейінірек айтуыңыз керек. Сіз төрт-бес ойыншық алып
(қуыршақтар, қояндар, қонжықтар жэне т.б.), балаға олардың есімдерін атап
шығасыз. Сосын қонақтардың барлығы үстел басына отырып шәй ішуге кіріседі.
Бала қонақтардың эрқайсысының аттарын айтып шәй ұсынады. Ойынды қуыршаққа
әртүрлі қонақтарды шақырып және оларды әртүрлі есімдермен атап түрлендіруге
болады. Бара-бара қонақтардың саны алты-жетіге дейін көбейеді.
Суреттерді есіңе сақтап ал.
Бұл ойып ушін алдын ала 10-12 сурет дайындау қажет. Әр суретте бір
заттың сурсті болу керек. Ойынды бірнеше балалардың арасындағы жарыс
түрінде огкізуге немесе баламен өзіңіз жарыссаңыз болады - кім көбірек
суретті ссіне сақтап қалар екен. Ойыншылар суреттерді екі-үш минут ішінде
мұқият қарап шыққан соң, суреттер алып тасталынады. Содан кейін барлығы
сстеріне сақтап суреттерді атай бастайды. Кезекпен бір суреттен атауға
болады. Соңында басқалары әлі атамаған суретті кім атаса, сол жеңіп шыққан
болып саналады.
Бір-бірінің айтқанын қайталау.
Бұл ойынды бір немесе бірнеше баламен ойнауға болады. Бірінші ойыншы
кез-келген сөзді айтады, екіншісі соны қайталайды да, оған өзінің ойындағы
бір сөзді қосып айтады. Сөйтіп, әр ойыншы естіген сөздерді қайталап, оған
өз сөзін қоса береді. Қателескен ойыншы ойыннан шығады.
1.2. Ойынның ерекшелігі
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-
физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы,
таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның
жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі.
Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз
сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі
әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін
білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуынаәсер ететін
факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар,
баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі және тағы да басқы.
Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да үлкендердің де қызығушылық
ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтініс-әрекеті. Балалар
тұрмақ, үлкен адмдарда әлікүнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте
көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың
жас және жеке дере ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді,
қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру,
ұлттық, спорттық дамытушы ойлардың түрлері бар.әрқайсысынаң өзінің өзіндік
міні бар, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, дамытушылық функциялары бар.
Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сөжеттік рөлді ойындар ойыннық
алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек
адам үшінеңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса да, нақ сондай
маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскенсоң жұмыстада көп жағынан сондай
болады.сондықтан келешек қайраткердітәрбиелеу алдымен ойында басталады..
Мысалы, сюжеттік - рөлдік ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың
қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан
кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жадайға ойынның
өздері ойлағантүпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы да бір ерекшелігі – оның әрекеттік сипаты.
Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында
өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен
ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні.
Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды.
Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей
шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде
ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойындағы қиялға қатысушылармен әңгімелеседі
және тағы да басқа. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады,
бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар
пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында
сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арсында өзара
түсінісу мен достықтың, қоршаған ортаның қайсыбір фактілері мен
құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеді.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің
өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарды.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті;
сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және
балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережелері. Бұл элементтер
өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде
көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының
жалпы анықтамасы, мәселен: дүкен, аурухана, әскер, қызы мен шешесі,
мектеп және тағы сол сияқты болып ойнау. Ло сөзде тұжырымдалынып, ойын
әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және
ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік
топтарға бөлуге болады:
а) Тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар (отбасы, мектеп,
балабақша және тағы басқа болып ойнай);
б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар ( корабль салу, үйлер,
стадиондар тұрғызу және тағы басқа)
в) қоғымдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар ( мерекелер,
демонстрациялар. Қонақтарды қарсы алу, саяхатар және тағы басқа).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан
түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын
және өзара байланысын анықтайтын ... . Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,
ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні – бала атқаратын рөл. Ойын
процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді-сюжетті
ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы
қулықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың
бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір
рөлді ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарды – ересектер)
ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасымен анықтайтын және
реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат
береді, оның мазмұнын баяндыетеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-
қатынастардыңодан арғы дамуын, күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге
ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына
көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады,
бірақ олардыңәлі маңызы бар және әртүрлі ойыдар ішінде көпшілік ара-
қатынаста болады. Әрине ойынның түріне сипаттама беруге болады, ойындардың
өзіндік , тәрбиелік, дамытушылық мәні болады.
Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын
шешеді, ойындардың бірнешеуін ұсынады:
Қай сөзді жоғалттым?. Бұл сыныпта сөз және сөйлем тақырыптарынан
жүргізіледі.
... ..еріді ... жылынды. Гүл ... ... Бұл ... ... .. кезде жүргізіледі.
Жоғарыдағы тәрізді таблицаларды қойып немесе карточка түрінде
оқушылардың алдарына үлестіріп беріп отырады. Ішіндегі жоғалтылған сөздерді
тауып, сөйлемдегі сөздердің дұрыс қойғанын, оқушылардың назарын аудару
керек.
Математикада қолданылатын математикалық ойындар лайық келеді.
1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы
Мектепке дейінгі бала проблемаларымен айналысып жүрген шетел
психологтарының ішінде Ж.Пиаженің орны ерекше. Алайда ол мектепке дейінгі
баланың тұлғалық даму ерекшелігіне арнайы еңбек арнамаған, оның
зерттеулеріне осы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көптеген
материалдар бар. Ж.Пиаже зерттеулерінен біз, тіпті арнайы қалыптастырып
жазбаса да, осы жастың теориясын кездестіреміз. Бұл теория Ж.Пиаже енгізген
ойлау және әрекеттің даму тұжырымдамасымен тығыз байланысты.
Бір жасар баланың өміріне арналған еңбекте Ж.Пиаже нәрестеге абсолютті
(таза) эгоцентризм тән дейді, оған біз "бірінші жылдағы сотциолизм" деп
анықтама беріп жүрміз. Ж.Пиаженің ойынша, балада әлеуметтік өмір мен
логикалық ойлау жүйесі кеш дамиды, тіпті мектепке дейінгі жастан соң
дамиды. Абсолютті солипсизмге әлеуметтендірілген логикалық ой мен мектепке
дейінге тілдік қатынасқа арнайы әлеуметтік формаларға дейінгі аралық буын
жатады.
Аутизм мен логикалық ойлау екі полюстен құралады: бірі — таза жеке-
даралық, екіншісі — әлеуметтік нүкте. Мектепке дейінгі кезең, Ж.Пиаженің
көзқарасы бойынша, осы екі полюстің аралығында болады. Осы кезеңде
ересектердің әлеуметтік әрекет пен логикалық ойлауын нәрестенің алғашқы
аутистикалық ойлауы мен әрекеті ығыстыра бастайды, Мектеп жасына дейінгі
балаға тән бүл аралық жағдайды Ж.Пиаже эгоцентризм деп атаған, ол
солипсизмнің басы мен әлеуметтене бастаудың арасындағы өзіндік салыстыру
болып табылады.
Сондықтан, Ж.Пиаженің пікірінше, эгоцентризм деңгейін баланың бір
полюстен екінші полюске өту барысындағы жетістігімен өлшеу керек.
Эгоцентризм деңгейі қаншалықты жоғары болса, жолдың алғашқы нүктесіне
соншалықты жақын және керісінше.
"Біз баланың ойын эгоцентристік деп атағанбыз, — деп жазды Ж.Пиаже, —
себебі бұл ой әлі де болса өз құрылымы түрғысынан аутистикалық болып
табылады, бірақ оның қызығушылығы жай ойын қажеттілігінен тумаған,
аутизмдегідей емес, керісінше, ой сананың қалыптасуына бағытталған, яғни
ересек адамдардың ойлары іспетті .
Ж.Пиаже мектеп жасына дейінгі баладағы эгоцентризмнің себебі әрекеттің
негізінен шығады деп түсіндіреді. Ол былай деп жазады: "Дегенмен,
генетикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда, баланың ойы баланың әрекеті
тұрғысынан түсіндіріледі. Ол әрекет, сөзсіз, эгоцентрлік және эгоистік
сипатта болады. Әлеуметтік инсгинкт айқын түрде кейінірек дамиды. Бұл
тұрғыдан келгенде алғашқы қолайсыз кезеңді 7—8 жас аралығында қарастыруға
болады. Сол себепті Ж.Пиаже эгоцентризмнің тамырын баланың әлеуметтік емес
және эгоцентристік, эгоистік сипаттағы әрекетінен іздейді. Ж.Пиаже мектепке
дейінгі баланың негізгі әрекетінен ойынды көрсетеді. Ж.Пиаженің ілімі
бойынша, дәл мектепке дейінгі жаста бала бір мезгілде екі ортада — ойын мен
шынайы болмыста өмір сүреді.
Бұл кезде бала үшін шынайы болмысқа қарағанда ойын шындыққа сәйкес
келеді. "Сондықтан болса керек, бала ойынында тәуелсіз шындық өмір мағынасы
бар екенін мойындау керек, нағыз шынайылық бала үшін шындыққа сәйкес
келмесе керек".
Сонда бала шынайы екі түрлі әлемде, екі түрлі ортада өмір сүреді. Бұл
орталардың бір-бірімен күресуі баладағы әуел бастан бар биологиялық
аутикалық шеңбердің — "мәңгілік балалықтың" оған сырттан таңылатын
әлеуметгік, логикалық пен күресі болып табылады. Пиаженің мектепке дейінгі
балалар туралы тұжырымдамасы жалпы алғанда осындай сипатта.
Ж.Пиаженін баланың дамуы туралы, негізінен мектеп жасына дейінгі баланың
ерекше дамуы туралы, көзқарастары 1930 жылдардың басында Л.С.Выготскийдің
(1983, 3-том, 145—146-6) сынына ұшыраған болатын. Ең алдымен Ж.Пиаженің
баланың дамуы аутизмнен әлеуметтікке өтеді, ал бала алғашқы даму сатысында
өз-өзімен тұйықталған және ересектердің әлеуметтік әлемінен алшақ жатқан
тіршілік иесі деген болжамын дұрыс болжам ретінде қабылдауға болмайды.
Алайда деректер баланың өмірінің өте ерте кезеңінен бастап ересек
адамдармен өте тығыз байланыста болатынын көрсетеді. Баланы қарайтын
ересектердің ерекшеліктерін (адамның бет әлпеті мен даусы) бала 2 айға
толғанда қабылдай бастайды. Қолда бар эксперименттік деректер бойынша
сыртқы әлемге бағытталған ізденімпаздық әрекет өте ерте пайда болады және
бала өмірінің бірінші жылдарында қарқынды түрде дамиды.
Ішкі әлем, өзіндік қалау әлемі бала үшін сырты әлемге қарағанда сәл
кейінірек қалыптасады. Бұл баланың ересектермен қарым-қатынасы негізінде
пайда болады, оған дейін болмайды.
Ж.Пиаженің баланың алған әлеуметтік емес дамуына Л.С.Выготский баланың
әлеуметтігін қарама-қарсы қойды, бала әлеуметтіктен жеке-даралыққа қарай
дамиды.
Алайда Л.С.Выготскийдің бүл пікірі тек алғашқы бөлім бойынша дұрыс. Бала
өзінің балалық дамуы барысын әлеуметтік сипатқа ие. Бала қоғаммен тығыз
байланыста бола тұрып, біртіндеп қоғамнан оңашалана бастайды, қоғаммен
байланыс тұлға мен сана-сезімнің қалыптасу шамасына қарай әлсірей береді.
Қоғамдық іс-тәжірибені үйренуге қатысты өз бетінше әрекет етудің әрбір
сатысы қоғаммен байланысты әлеуметтенудің әлсіреуі емес, ол тек оның
формасының өзгерісін ғана көрсетеді. Бала өзінің әрбір даму сатысында
қоғамның мүшесі болып табылады және қоғаммен өте тығыз байланыста өмір
сүреді. Бүндай байланыссыз баланың өмір сүруі мүмкін емес. Баланың тек
қоғамдық жүйедегі орны, қоғаммен байланыс сипаты ғана өзгеріске түседі.
Ойын — мектеп жасына дейінгі баланын негізгі әрекет түрі. Бұл жерде
Ж.Пиаженің мына бір пікірімен келіспеуге болмайды: ойын - эгоцентристік-
эгоистік әрекет, ерекше әлем, бала онда ересектердің талабы мен шынайы
өмірінен алшақ кетуге тырысады. Керісінше, ойын (мектеп жасына дейінгі
балаға тән формада) өзінің шығу төркіні мен мазмұны жағынан әлеуметтік
сипатқа ие. Ойын "символизмі" (оны арқау ете отырып Ж.Пиаже оның
эгоцентрлік сипатын дәлелдеуге тырысқан) — баланың адам әрекетінің заттық
мазмүнынан ересектердің әлеуметтік өміріне енуге тырысқанын көрсететін
көрсеткіш.
Ж.Пиаженің ойынды эгоцентрлік әрекет деуі және ойында нағыз
серіктестердің болмайды деуі жиналған деректерге сәйкес келмейді.
Керісінше, ойнап жатқан балалар тобын дүрыс басқарса, олар нағыз үжымға
айналады, онда серіктестіктің әр түрлі формалары пайда болып, жүзеге
асырылады. Ойын, Ж.Пиаженің пікірін қолдамасақ, аутизм мен эгоцентризмді
көрсетпейді, ол үжымды қалыптас-тыратын, осы жастағы балаға тән мектеп
болып табылады.
Ж. Пиаже пікірінше, ойын барысында балалар бір-бірін түсінбейді,
тыңдамайды әрі олардың әрқайсысы өз үрдісі мен қалауын жүзеге асырғысы
келіп түрады екен. Ал деректерге сүйенсек, ойын үстінде балалар бірбірін
жақсы түсінеді: олар рөлдерді ақылдасып бөліседі, ойынның мақсатын біріге
отырып жүзеге асырады, бір-бірін сынайды, ойын барысында шынайы (символдық
емес) қатынасқа түседі.
Ж.Пиаже соңғы еңбектерінде эгоцентризм мәселесіне субъект пен объект,
бала мен зат тұрғысынан қарай бастайды. Әрекетгі организм мен қоршаған орта
аралығындағы негізғі форма ретінде қарастыра отырып, Ж.Пиаже оны екі
процеске - ассимиляция мен аккомодацияға — бөледі. Ассимиляция - бала
әрекетінің схемасына заттың әрекет етуі болса, аккомодация - баланың
әрекетінің өзгеруі, оның затқа рікемделіп, затты игере бастауы.
Ж.ГІиаже пікірінше, даму процесі ассимиляцияның аз не көп аккомодацияны
игеруіне байланысты жүреді. Осы көзқарас түрғысынан келгенде, ойын баланың
әрекеті болып есептеледі, онда ассимиляция басым, мектепке дейінгі кезең
ассимиляцияның басымдығы аккомодацияның басымдығына ауысатын кезеңге сәйкес
келеді. Алайда, талдау барысы
көрсеткендей, эгоцентризмді мектеп жасына дейінгі кезең ретінде енгізу бала
мен болмыс арасындағы қатынасты алмастыру контекстін көрсетеді, Ж.Пиаженің
бүл мәселеге деген көзқарасын ешқандай өзгертпейді6.
Кеңестік психологияда Л.С.Выготский мектепке дейінгі шақ туралы өзінің
айрықша ерекшелігі бар теориясын ұсынды. Оның пікірінше, баланың және оның
сана-сезімінің дамуына жеке функцияның (назар, жады, ойлау) өзгеруі
кірмейді, тек баланың тұлғалық тұтас дамуы ғана жатады. "Мұндай сана-
сезімнің дамуы мен өсуі, — деп жазады Л.С.Выготский, — бірінші кезекте
жекелеген функциялар арасындағы қатынастың өзгерісіне әсер етеді".
Функцияның жаңа жүйесінің пайда болуы мектепке дейінгі шақтың маңызды
ерекшелігіне жатады. Онда жады негізгі маңызға ие болады. Жадының сана-
сезімнің негізгі орталығына айналуы осы кезеңдегі психикалық дамуды
сипаттайтын маңызды нәтижеге алып келеді. Ең алдымен, баланың ойлау жүйесі
өзгереді: ол жалпы түсініктің негі-зінде әрекет ету мүмкіндігін игереді.
Бұл таза бейнелі ойлау-дан бірінші рет қол үзу әрі баланың тікелей
тәжірбиесінде берілмеген жалпы түсініктер арасында болатын байланысты
қалыіггастыру мүмкіндігі. Өзгеше ойлаудың бірінші сатысы баланың қолы
жетерлік қорытындылау шеңберін кеңейтеді. Сонымен қатар оның қарым-қатынас
мүмкіншілігі де арта түседі. (Бала сыртқы ортамен тікелей қабылданатын
заттарға байланысты ғана қарым-қатынасқа түспейді, сонымен қатар елестете
алатын, оймен танылатын заттар негізінде де қатынас жасайды) .
Екінші нәтиже - бала қызығушылығы мен сұранысын қайта құрумен байланысты.
Үшінші нәтиже - бала жаңа типті әрекетке ой мен қозғалыстың өзіндік
қатынасы негізінде көшеді. Негізгі ой-дан оны жүзеге асыруға, ойдан
жағдайға (бірақ жағдайдан ойға өту емес) өту мүмкіндіктері пайда болады.
Бүл әрекеттер түрін шығармашылық деп атаса да болады.
Сонымен, мектепке дейінгі жастағы балада алғаш рет ішкі этикалық
инстанциясы әрі табиғат, өзі туралы бастапқы түсінік қалыптасады, сөйтіп
тұңғыш рет балалық дүниетанымның болмысы пайда болады. Соңғы екі жаңа
нәрселердің қалыптасуын Л.С.Выготский мектепке дейінгі жасты -бірінші, ерте
жасқа тән балалық амнезиядан мүлде арылған деп біледі. Л.С.Выготскийдің
мектепке дейінгі жасқа арнал-ған теориясының жалпы сипаты осыпдай.
Мектеп жасына дейінгі шақтағы барлық өзгерістер толық бақылауға алынады.
Ол өзгерістерді Л.С.Выготский көр-сеткен. Сонымен, мектепке дейінгі бала
шынымен жаңа типті орекетке көшеді, оньщ есі қарқынды түрде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz