Мемлекеттік билік



КІРІСПЕ
1 Мемлекеттік биліктің түсінігі
1.1. Мемлекеттік биліктің түсінігі және оның нысандары
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі өкілетті органдар
2.1 Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі
2.2 Мемлекеттік билік өкілдерін қорғау
Қорытынды
Пайдаланылған адебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты» деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
1. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н.
Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы. 1999. 320б.
2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. 27б.
3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
4. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.
5. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж. 21 қазан. 3-5б.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж. 48б.
7. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж. 15 мамыр. 3-4б.
8. Қазақстан Республикасының соттарының қысқаша тарихи кезеңдері. Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2001 10-11б.
9. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.
10. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы. 574б.
11. Қазақстан Республикасының «Соттар және судьялардың құқықтық жағдайы туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 2000ж. 28 желтоқсан. 3-4б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ

1 Мемлекеттік биліктің түсінігі

1.1. Мемлекеттік биліктің түсінігі және оның нысандары

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі өкілетті органдар

2.1 Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі

2.2 Мемлекеттік билік өкілдерін қорғау

Қорытынды

Пайдаланылған адебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Мемлекеттік биліктің түсінігі және оның нысандары

Сонымен, мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік) билік дегеніміз не? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрсек.
Билік бұл -- бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл басқару-орындау қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т.б).
Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз. Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.
Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің тұрақты болуының себебі оның институциализациясында, әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады.
Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес. Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды. Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын нормалар мен ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция шыққанда ғана пайда болады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті әлеуметтік институтқа, әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз.
Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған - мемлекеттік билік.
Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі енеді - ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл - саяси мәртебелердің теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы, жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т.б.
Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы ми штабы, сонымен бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет.
Демек, қоғам тарихы - саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл - қоғамды ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда қоғамның дамуына үлес қосқан.
Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді. Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі, сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік билік органдары - мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді.[1]
Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
1. Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен бекітілетін органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот органдары).
2. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент әкімшілігі және тағы басқалары).
Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды.
Мемлекеттік механизмі түсінігі мемлекеттік аппарат категориясымен тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.
Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл - Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни, мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай тұрғыдан болмасын, мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік механизмді де қарастыруымыз қажет.
Мемлекеттік аппарат - бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады 1, 48б..
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 2-бабында: Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген 2, 3б..
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі 1, 48б..
Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекеттік аппарат және мемлекет механизмі түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат - бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі 3, 5б..
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар - бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
б) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
в) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет 3, 22б..
Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік.
Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы
өкілетті органдар
2.1 Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі

Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Өкілдіктің негізгі белгілері:
1) Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.
Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.
Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады;
2) Өкілдік шартсыз болуы мүмкін.
Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 111 - бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды;
3) Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады;
4) Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.
Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттік туындауының негізі - заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады.
Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра пайдаланушыларды да жатқызады. Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса, оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде қатынасқа түскен адам алады.
Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл - бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу - заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы). Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).
Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл түрі бизнес сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік айналымда бұл өкілдік арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.
Рыноктың қажеттілігіне сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге асыру жолы нормативтік актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауарлық биржа туралы" Жарлығында биржалық сауда қатысушыларының арасында брокерлік ұйымдар мен тұтынушы атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден көрінеді:
1) коммерциялық өкілдердің өкілеттігі сенімхаттарда жазбаша көрсетілуі тиіс;
2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға алушының және т.б.);
3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;
4) коммерциялық өкілге сауда мәмілелерін жаса кезінде мәлім болған құпияларды сақтау міндеті жүктеледі.
Коммерциялық өкілдіктің бір сферасы сақтандыру құқықтық қатынасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы" Жарлаығы бойынша сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлғалардың атынан әрекет ететін сақтандыру брокерларының қызметіне жол берілген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сақтандыру брокері ретінде лицензияланған қызмет қажет емес. Шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының территориясында сақтандыру брокерлік қызметтерін өздерінің филиалдары немесе өкілдіктері арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары 3, 22б..
Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз - бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
oo мемлекеттік билік органдары;
oo мемлекеттік атқару органдары;
oo сот билігі.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді . Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атқарушы биліктің құрылымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
Орталық атқарушы органдар
Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі. Шетел мемлекеттерінің заңнамасымен салыстырмалы анализ
Саяси билік теориясы
Саяси билік жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін талдау
Заң шығарушы билік органдары
Пәндер