Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы және дінмен бірге келген тарихи білім


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы және дінмен бірге келген тарихи білім

Жоспар

Кіріспе. . 3

I тарау. Араб мемлекетінің құрылуы . . . 10

II тарау. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы . . . 17

III тарау. Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізетін ықпалы және Қазақстанға дінмен бірге келген тарихи білім туралы . . . 23

Қорытынды . . . 40

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 43

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың 90-жылдарынан бергі уақыт әлемінің жекелеген халықтары мен өркениеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбүрыс кезең де болып отыр. Осы "Үлы жаңару кезеңі" (Л. Снайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүниежүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдегі әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, өз үлттық аймағындағы оқшаулануы (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда, болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мүны бүкіл адамзаттың өткен тарихы дәлелдеп берді. Енді ғана табалдырығын аттаған жаңа XXI ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланысты болып келеді.

Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда, Орталық Азия, Евразия және бүкіләлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және ол қазіргі таңда іс жүзіне асып та жатыр. 1

Қазіргі таңдағы халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі, интеграциялану мен ғаламданудың қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени-тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде, әсіресе мәдениетаралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттерінің эволюциясындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.

Мәдениеттің өзара ықпалдастығы - өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттық мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті қүбылыс. "Мәдениет - бүл диалог, пікір алмасу және төжірибе алмасу, басқа халықтардың қүндылықтары мен дәстүрлерін игеру - оқшау жағдайда ол солып, кері кетеді", - деп атап көрсетілді мәдениет саласындағы саясат жөніндегі бүьсіләлемдік конференцияның Декларациясында. 2 Қай халық болмасын басқа халықтардың мәдениетімен қарым-қатынаста

болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып отыратыны белгілі. Бүл турасында өз кезінде атақты шығыстанушы В. В. Бартольд былай деп атап көрсеткен еді: "Прогрестің басты факторы - халықтар арасындағы өзара тығыз қарым-қатынастың болуында екені қазір дәлелденіп отыр, халықтардың өркендеп, дамуы немесе кері кетуі олардың нәсіліне немесе оларды қоршаған табиғи ортаға да байланысты емес, оның басты себебі - бүл халықтар өз тарихының әр түрлі кезеңінде халықтар арасындағы байланыс көпірін түрғыза алды ма, жоқ па, міне осыған байланысты". 3

Халықтар арасындағы мүндай байланыс орта ғасырларда, негізінен, әр түрлі елдерді жаулап алу арқылы пайда болған үлан-ғайыр империялар түрінде болды. Осындай империяның бірі - орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шарықтау шегіне жеткен кезде "Ескі дүниенің" ширегінен астамын (Солтүстік Африкадан Үндістанға дейін) алып жатты. Мәселе бүл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес, тарих үшін ең маңыздысы - осы мемлекетте әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды. Бүл мәдениеттің тілі - араб тілі, ал идеологиялық негізі - ислам болды. Сондықтан да бүл мәдениет араб-мүсылман мәдениеті деген атқа ие болды. Араб-мүсылман мәдениеті жоқ жерден пайда болды дей алмаймы. Арабтар жаулап алған территорияда бағзы замандардан бері Тигр мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы және Орта Азияның өркениетті халықтары мекен етті.

Орта ғасырлардағы мүсылман елдеріндегі бүрын-соңғы болып көрмеген аса зор мәдени өрлеу көптеген шығыстанушылардың бүл дәуірді "Мүсылмандық Ренессанс" дәуірі деп сипаттауына негіз берді.

Мүсылмандық ренессанс мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін таппаған, даулы мәселелердің бірі болып табылады. Орта Азия аймағында Мүсылмандық ренессанстың әрекет ету ықпалына тартылды деп сенімді түрде айта аламыз. Бүған мүсылман дәуірінде өмір сүрген әл-Фараби, Махмүт Қашқари, Ибн Сина, т. б. сынды атақты ғүламалардың шығармашылығы бүлтартпас дәлел бола алады. Орта Азия топырағынан шыққан үлы ғүламалар өздерінің тендессіз туындылары арқылы өз уақытының интеллектуалдық дәрежесімен салыстырғанда аса жоғары деңгейге көтерілгені даусыз. Алайда, мүның өзі бүл ғүламалардың өз халқының бүған дейін жинақтаған мәдени жетістіктерін өз бойына сіңіріп, ары қарай дамуына сырттан жаңа бір серпін алғанынан деп үғыну керек. 4

Аравия түбегінде VII ғасырдың 20-жылдарында діни реформатор Мүхаммед пайғамбарымыздың қызметінің нәтижесінде пайда болған және пайғамбар қайтыс болғаннан кейінгі 20 жыл ішінде сол дәуірдегі аса қуатты державаға айналған Араб халифаты өзінің жаулап алушылық жорықтарымен сол кездегі Иран, Орта Азия және т. б. Орта ғасырлық мемлекеттер тарихына елеулі әсерін тигізгені бізге белгілі.

Араб-мүсылман өркениетінің тарихы сияқты, оның таралуына ықпал еткен факторлардың бірі болып табылатын араб жаулап алуларының тарихы да бүрмаланушылықпен қарастырылып келді. Европа және әсіресе орыс және кеңес зерттеушілерінің еңбектерінде арабтар түрпайы діндерін күшпен енгізіп отырған ашкөз, фанатик жаулаушылар ретінде көрсетілді. Кеңес тарихнамасы соғысқа баға беруде әр кез методологиялық әлсіздік танытты. 5 Патшалардың, қолбасшылар мен ақсүйектердің әрекеттеріне объективті баға беруге кедергі келтіретін "таптық көзқарас" үстем болды. Объективті талдаудың орнына "Кеңес одағы халықтарының шетжерлік жаулаушыларға қарсы бірігіп күресудегі тағдырының ортақтығын" дәлелдейтін идеологиялық тапсырысты орындауға үмтылыс байқалды. Ғаламдық ауқымдағы оқиғаларға баға беруде, әркез бірдей орынды бола бермейтін түрпайы "моральдылыққа" бой үрылды. Мысалы: араб жаулап алуларына қатысты, ол кейініректе қандай мәдени және моральдық нәтижелерге алып келгендігі анағүрлық маңыздырақ. Соғыстар, жаулап алулар қүрбандықтар мен қиратуларсыз болмайды. Тарих тек жасампаз ғана емес, ол сондай-ақ қиратушы да (соңғы нәтижеде жаңаны жасау мақсатында) . Арабтар, түріктер, монғолдар әлемдік тарихта әрдайым күні өткен мәдениетті қиратушылар рөлін атқарып отырды. Ерте дүниенің соңына қарай Римнің, Иранның, Орта Азияның және басқа да аймақтардың өркениеттері қүддырап кеткен еді. Ескі өркениеттің орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнауға тиіс болды. Мысалы, күні өткен антика өркениеті көшпелі халық - ғүндардың батысқа қарай қозғалысымен басталған халықтардың үлы қоныс аударуы нәтижесінде талқандалып, орнына сапалы түрде жаңа өркениет пен қоғамдық қатынастар қалыптасты. 6 Ерте замандардағы жаулауылықтың рөлін дүрыс түсіну үшін бізге араб-мүсылман мәдениетінің өкіддері көмекке келеді. Атап айтқанда, XIV г. өмір сүрген атақты араб ойшылы Ибн Холдун мемлекеттер мен өркениеттердің пайда болу тарихында көшпенділердің рөліне аса зор маңыз берген.

Оның тарихи циклдар туралы теориясы бойынша баяу климатты елдерде көшпенділер тарихтың анагүрлым белсенді қозғаушы күші болып табылды. Олар отырықшы халықтарға қарағанда анағүрлым тез қозғалысқа түседі, шапшаң. Отырықшы елдердің жерлерін әркез жаулап ала отырып көшпенділер үлан ғайыр империялар қүрады. Алайда, жүз жиырма жылдай уақыт өткен соң жаулап алушы-көшпенділердің үрпақтары, қалалық өмірдің қолайлы жағдайларында өмір сүре отырып, сол өмірге үйреніп және бірте-бірте өздеріне тән күш-қайрат, төзімділік, батылдық, тәуекелшілдік, климаттың қолайсыз жағдайларына шыдамдылық сияқты табиғи қасиеттерін жоғалта бастайды. 7 Олар нәзік те әлсіз, жалқау әрі қорқақ бола бастайды: "ауа райының қолайсыздықтарынан оларды үйлері, ал жауларынан қамалдардың дуалдары мен жалдамалы әскері қорғайды және ең бастысы, оларда бірлік жоқ, мүліктік теңсіздіктің салдарынан олардың арасында алауыздық туындайды". Қажет жағдайларының бәрі бар адамдар өмір сүруге қажет қаражат табу үшін еңбектенгісі келмейді, қоғамда тоқырау басталады. Қалалық өмірдің ықпалымен халықтың қүлқы бүзылады, сөйтіп қоғам бірте-бірте азғындай бастайды. Сол уақытта көрші далалы аймақтардан көшпенді жаулаушылардың әскері келеді, сөйтіп тарих қайталанып отырады. 8

Ибн Хаддунның теориясы кейбір зерттеушілердің көшпенділерді жолында кездескеннің бәрін қырып-жоюшы, қиратушы күш ретінде көрсеткен түжырымдарымен қайшы келеді. Көшпенділердің отырықшы аудандарды жаулап алуы, араб ойшылының пікірі бойынша, мемлекеттің қүрылуына алып келеді. Осылайша, көшпенділер отырықшы егіншілердің территорияларын өзіне қосып ала отырып, "мықты экономикалық базаға ие болады, ал өздері қуатты әскери күшімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді . . . Мүның өзі экономиканң түрақтануына, қолөнердің гүлденуіне, жауланып алынған халықпен ортақ жоғары рухани мәдениеттің қалыптасуына және ең бастысы, әр түрлі этникалық бірліктерден қүралған біртүтас халықтың қалыптасуына ықпал етіп отырды". 9

Осы түрғыдан алғанда араб жаулап алуларын (араб әскерінің негізгі бөлігі көшпенді-бәдәуилер болған еді) күні біткен ежелгі өркениеттердің орнына жаңа, жас, прогресшіл өркениеттің орнауына ықпал еткен халықтардың үлы қоныс аударуының қүрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Батыс тарихнамасында, соның ішінде кеңес тарихнамасында да халықтардың үлы қоныс аударуы дәуіріндегі Батыс Европадағы герман, кельт және басқа да тайпалардың қозғалыстары жөнінде өте көп зерттелген. Бүкіл Европа континентінің қоғамдық-мәдени бет-бейнесін түбегейлі өзгерткен бүл процестің басталуына Орталық Азиядан шыққан ғүн тайпаларының батысқа қарай жылжуы ықпал еткен еді. Зерттеуші Қ. Т. Жүмағүловтың пікірі бойынша дәл осындай қүрылысты Шығыс тарихынан да байқауға болады. 10 Әлемдік тарих үшін аса маңызды салдарлары болған арабтардың ҮІ-ҮІІІ ғғ. Азия, Африка және Европадағы қозғалыстары мен жаулаушылықтары осындай қозғалыстар еді. 11 Алайда, тарихта елеулі із қалдырмай-ақ жойылып кетіп отырған германдықтардың, ғүндар мен түріктердің державаларынан өзгеше, араб жаулап алуларының нәтижесінде пайда болған империя халифат әлемдік өркениетке өлшеусіз зор үлес қосты. Мәселе бүл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес, тарих үшін ең маңыздысы - осы империяда әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған өркениетті туғызды. Жаңа пайда болған өркениеттің материалдық және рухани жетістіктері бүкіл әлемді өзіне қаратты. Түрпайы, дамудың төменгі сатысында түрған халықтар түрмақ, христиандардың өзі исламның, араб мәдениетінің, мүсылмандық өмір салтының ықпалына түсті, одан қолдан келгенше үйренуге тырысты.

Көптеген халықтар (соның ішінде Испаниядағы вестготтар) арабтардың келуін жақсылықтың нышаны ретінде қабылдаған: жергілікті түрғындар өздерінің тиран билеушілерін қуып, оның орнына анағүрлым демократияшыл болып табылатын араб билігінің орнауын артық көрген жағдайлар аз кездеспеген.

Мәселенің зерттелуі деңгейі. Жалпы, араб жаулап алушылығы мәселесі дүниежүзі тарихшыларының назарына ертеден-ақ ілігіп келеді. XX ғ. Басынан бастап-ақ бүл мәселе төңірегінде батыстың атақты ғалымдары көп зерттеу жүмыстарын жүргізе бастады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, араб жаулап алушылығы бүрмаланып келді. 3

Соған қарамастан араб жаулап алушылығы мен исламның орнын, оның әлем халықтарының мәдени дамуына ықпалын объективті түрде зерттеуге үмтылу да жоқ емес. Осындай жүмыстардың қатарына А. Мецтің "Мүсылмандық Ренессанс" ("Мусульманский Ренессанс") 12, Г. Э. Фон Грюнебаумның "Араб-мүсылман мәдениетінің негізгі белгілері" ("Основные черты арабо-мусульманской культуры") 13, У. М. Уоттың "Исламның ортағасырлық Европаға ықпалы" ("Влияние ислама на средневековую Европу") 14 атты еңбектерін жатқызута болады. Ағылшын тарихшысы У. М. Уотт өзінің жоғарыда аталған еңбегінде ислам өркениеттің үлылығы жөнінде айта келе, былай деп көрсетеді: "Христиандар мен мүсылмандар, европалықтар мен арабтар барған сайын "біртүтас әлемге" тартылып отырған қазіргі таңда исламның әлем халықтарына, соның ішінде Европаға ықпалын зерттеу аса өзекті. Ортағасырлардың христиан жазулары мүсылмандарды көп жағдайда заңсыз қаралаганын қазір көпшілік жүрт мойындап отыр. Әлі де болса, біз өзіміздің мәдени мүрамыздағы мүсылман ықпалының рөлі мен көлемін төмендетуге тырысамыз. Европалықтар өздерінің мүсылман мәдениетіне қаншалықты дәрежеде қарыздар екендігін мойындайтын уақыт жетті", - деп көрсетеді. 15 Сонымен қатар араб жаулап алушылығын және араб-мүсылман мәдениетінің әлемдік тарихтағы орнын объективті көрсетуге тырысушы тарихшылардың қатарына сондай-ақ А. Р. Гибб "Арабская литература. Классический период", Э. Леви-Провонсаль "Арабская культура в Испании", Дж С. Тримингэм "Суфийские ордены в исламе", В. В. Бартольд "Ислам", Е. А. Беляев "Арабы, ислам и арабский халифат в ранее средневековье", О. Т. Большаков "История халифата", Е. Э. Бартельс "Насир-и-Хосров и исмайлизм", В. А. Гордлевский "Ходжа Ахмет Ясеви", С. М. Прозоров "Из истории религиозно-политической идеологии в раннем халифате", И. М. Фильштинский "История арабов и халифата (750-1517) ", А. Д. Кныш "Мировозрение ибн-Араби. К истории суфиских учений", Идис Шах "Суфизм", Ирмиява "От халифата до блистательной порты", тағы басқа зерттеушілерді жатқызуға болады. Аталған еңбектерде араб жаулап алушылығы мен мәдениетіне объективті баға берілгендіктен де, біз бітіру жүмысымызда бүл еңбектердегі түжырымдарға сүйендік.

Араб жаулап алушылығы мен оның Иран, Орта Азия, т. б. елдерге тигізген әсері жайлы Н. Нүртазина16, Е. Қартабаева17 секілді зерттеушілердің еңбектерінде мәселеге байланысты оң көзқарас қалыптаса бастаған.

Ғылыми жүмысының деректік негіздері. Ғылыми жүмысын жазу барысында түрлі деректер, соның ішінде әсіресе, жазба деректер кеңінен қолданылды. Араб жаулап алушылығына байланысты маңызды дерек көзі ретінде ат-Табаридің18 еңбегін пайдаландым. Сонымен қатар жеке-жеке басылым болып шыққан әл-Балазуридің еңбектері19, Наршахидың20, Бехакидің21 еңбектерін, тақырып ислам дінімен тығыз байланысты болғандықтан ең басты дерек көзі ретінде Қүран Кәрімді22 және Мүхаммед пайғамбардың хадистерін23 пайдаландым. Орта Азия халықтарының өміріндегі өзгерістерді зерттеу үшін бізге, ең алдымен, осы дәуірде өмір сүрген түркі ғүламаларының, атап айтқанда әл-Фарабидің24, Махмүт Қашқаридің25 және тағы басқа ғүламалардың еңбектері басты деректер болып табылады.

Ғылыми жүмысын жазуда Батыс пен Шығыстың өзара ықпалдастығы, еуразиялылықтың тарихи тамырлары жөнінде соңғы жылдары жаңаша түрғыдан көп зерттеу жүмыстарын жүргізіп жүрген қазақстандық тарихшы Қ. Т. Жүмағүловтың26 еңбектері бағыт-бағдар беретін әдістемелік-теориялық негіз ретінде қодданылды.

Жүмыстың мақсаты мен міндеті. Ғылыми жүмысын жазудағы алға қойған мақсатымыз араб жаулап алушылығының тарихи маңызын көрсету болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойыдды:

- Мүхаммед пайғамбар негізін салған ислам дінінің күшімен
біріккен араб мемлекетінің қүрылуын анықтау;

- Арабтардың Орта Азияны жаулап алу жолдарын көрсету;
- Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізген ықпалын
анықтау;

  • Араб-мүсылман мәдениетінің Орта Азия халықтарына рухани, материалдық, мәдениетіне тигізген ықпалын қарастыру.

Ғылыми жұмысының мерзімдік шегі . Негізінен біз ҮІІ-Х ғғ. кезеңін қамтыдық. Өйткені, дәл осы кезенде араб мемлекеті пайда болып, өзінің жаулап алушылық жорықтарын бастаған еді.

Ғылыми жүмысының қүрылымы . Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен түрады.

I тарау. Араб мемлекетінің қүрылуы

Үлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км 2 . Ол шөл дала, қүмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VI ғасырда арабтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға және отырықшы диқандарға бөлінетін. Оның ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсіретін. Шонжар бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл түқымды жылқылары болды. Әр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті болды. Олар көбінесе кесіртке мен жбайы қүрманы қорек етті. Тайпалар руларға бөлінетін. Рудың бай қуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. "Қанға - қан" деген кек алу дәстүрі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы - сайдтар өз қалауы бойынша басқарды (барлық мәселені өзі шешті) .

Қолөнер, егіншілік Аравияның оңтүстік-батысында, Иеменде жақсы дамыды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында деддалдық рөл атқаруы әсер етті. Ол Египет пен Палестинаның. Сирияның арасында, ал II ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды.

Үндістаннан теңіз арқылы әкелінген товарлар Иеменде түсіріліп, түйелерге артылып Палестина, Сирия арқылы Батыс Европа елдеріне жетіп жататын.

Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда үлкен сауда-саттық қаласы Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында куб тәріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті "қара тас" түрды, ал айналасында араб тайпаларының қүдайларының мүсіндері қойылған болатын. Әр тайпа өз қүдайына қүлшылық етті. Бүл арабтар арасында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыс-тартысқа, үрыс-керістерге тыйым салынды.

VI ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық қүрылыспен қатар, қүлдық қоғам да орын алды. Бірақ қүл иеленушілік қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы қауымдық қүрылыс негізінде феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Мемлекет дамуы кезеңдері
III – VII ғасырлардағы иран
Араб мемлекетінің құрылуы
Араб мемлекеті туралы
Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Араб – парсы тілінен енген кірме сөздер
Орталық Азияға ислам дінінің таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz