Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту



І КІРІСПЕ

І ТАРАУ.
1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.
1.2. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс.
1.3. Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар.

ІІ ТАРАУ.
2.1. Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы
Қазіргі заманғы советтік тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—III кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу үзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен байланысты.
Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми көзқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде түрақты, осы жасқа негұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы онын ролі балабақшадан бастап орта білім беру аякталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауышты оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғүрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтын белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратыи өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді, Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму
мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І КІРІСПЕ

І ТАРАУ.
1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.
1.2. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс.
1.3. Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар.

ІІ ТАРАУ.
2.1. Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы

1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.

Қазіргі заманғы советтік тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала
өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің
I—III кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу
үзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине,
басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі
ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді
мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім
алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш
мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға
бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен
байланысты.
Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті
қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі
ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектерін және психологиялық
ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды.
Ғылыми көзқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде түрақты, осы жасқа
негұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық
дамуындағы онын ролі балабақшадан бастап орта білім беру аякталғанға
дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі
бастауышты оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғүрлым тән негізгі белгі мынада:
бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз
бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтын белгілерін оқушының
ерекшеліктерімен ұштастыратыи өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-
құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар
жүреді, Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму
мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.

Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп
жасында калыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше
назары қазір бастауыш класс оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға
бағытталған. Бұл резервтерді пайдалана балаларды одан арғы оқу және еңбек
қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.
Бастауыш класс оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер
болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе
де скелеттің қатаюы әлі де аякталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы
да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен
айналысу ушін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да
(дене дамуьның қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш
класс оқушысы отыратын мебельдер көлемінің сай болуы, стол мен партаға
дұрыс отырғызу — бала денесінің оның түлғасынын қалыпты дамуының аса
маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі,
осыдан.
Бастауыш класс оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам
қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық
еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы
түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті,
алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ
соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз — он бір, ал білек сүйектерінің
қатаюы он — он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда
бастауыш класс оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш
жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез
және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш класс балаларына, әсіресе I—II

класс оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса кеп беруге болмайды. Балаларда
ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу
тілегі көбінесе нәтижені жақсартпайды.
Бастауыш класс оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және
ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алған
да төзімді болады. Күре тамырлардың диаметрінің үлкенлігі арқасында ми
жеткілікті қан алады, бұл оның жұмысқа кабілетті болуының маңызды шарты
болып табылалы. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады.
Әсіресе, мандай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетінде
жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен роль
атқарады.

Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу
(ұстамдылықтын және өзін-өзі бақылаудың негізі) мектеп жасына дейінгі
балаларға қарағанда неғұрлым елеулі болады. Алайда қозуға бейім болу әлі де
аса күшті, бастауыш класс оқушыларының қолды-аяққа тұрмайтындығы осыдан.
Саналы да дұрыс тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы — балалардың
қозу және тежелу процестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына
қажетті сыртқы шарттар. Сонымен қатар жеті жасқа қарай олардың жалпы
байланысы тәртіпке, орнықтылққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мектеп
талаптарына сай болады.
Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш класс
оқушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр қызметі
салыстырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері көбірек
тепе-теңдікке ие болады. Мұның бәрі — мектеп өмірінің бастамасы — баладан
айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар үлкен дене төзімділігін
де талап ететін ерекше оқу қызметінің ба-тамасы болғандықтан ерекше
маңызды.

1.2. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс.

Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-
әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектсп жасына
дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар
үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын
анықтайтын шынайы стихия, әр түрлі ойындар болып табылады. Оның үстінде
қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы
пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын
негізгі сәттср болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ окушы болады. Оның
өмірінде ойын әлі макызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп
басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының жетекші іс-
әрекеті онық мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық
жете адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады,
Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезендері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын
аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған.
Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс
бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл
ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын
алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелсріне,
жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіме қатысты
мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала
қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағы қарасталған мынадай
қағида бар: баланың класка келген алғашқы күннен-ақ оған оқушының
сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлык ережелерін айқын да
нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының,
қасиеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан
айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды
сөзсіз орындауды талап ету — бірінші оқушысына орынсыз қаталдық жасау
емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың
тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты
болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді,
бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы онын білім мен іскерлікті игеру
процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын
мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшкыш, аспаз, шофер) болуы үшін,
оқудың кажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене
бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің, нақтылы
құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық
көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп
ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы,
теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл
ықылас баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке
депінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашкы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен оның мәнінде
әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар
тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді терендеп оқыту кезінде
қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағлұматтар
ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға
сүйенеді. Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе
грамматикада байқалады.
Мұғалімдер бұл ынталылықты алғашқы сабақтарда дереу

пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің
реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы
мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі
оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және
басқа пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық қызықты жайттарың паш ету
жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде
балалардың шын мәніндегі танымдық ықылыастарын қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағы және үйдегі
мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы,
сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен
қиналмай өтуі — оның, мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі.
Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда
қандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене
араласып кете алмайды.
Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылыктардың негізгі түрлері.
Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.
Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктсріне байланысты (дер
кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда
тыныш отыру талап етіледі, уй тапсырмаларын орындау қажет және т. б.).
Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу,
режимдік әттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың
көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды
қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне
қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын
әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып,
мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші класс окушылары бастан кешірстін қиыншылықтардың екінші

типі мұғаліммен, кластағы жолдастарымен, семьяда болатып қарым-
қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы
шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал
тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан
ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне
баға береді.
Мұғалімнің позицясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір именшсктік
жасамай тура алмайды. Осының салдарынан мектепте балалардың біреулері тым
тұйық ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде тіпті басқаша болуы
мүмкін). Брінші класс оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен
бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың
бұл талаптарды орындауынын өзіндік жеке-дара ерекшсліктсрін мұқият
бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының астарына көз жүгіртіп, олардың
шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек
осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір
нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің өрісі тар, таным
дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу
материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мектептің сыртқы
атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық
өте бастайды да осының нәтижесінде селқостық пен немкұрайдылыққа салынады.
Мұгалімдер кейде материалға сырттан қызықты элемент енгізе отырып, оларды
жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.
Оқуға тоюды болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда
жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті
ұғымдарды игеруді талап ететіп проблемалық ситуациялармен ұшырасуында жатыр
Бұл шамамен былайша болады. Математика курсында сандар ұғымының маңызы зор.
Ол балаларға I класта беріледі. Олармен танысу тәсілі мынадай.
Балаларға бірнеше затты көлемі немесе саны жағынан салыстыру тапсырмасы
беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей
орындауға болмайды. Қалай істеу керек? Бірінші класс оқушылары бұған ұқсас
есептерді шығарудың жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды
көпті сәтті әрекеттер жасап көргең соң балалар мұғалімнің көмегімен мұндай
жағдайларда өлшеу, есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осылардың
көмегімен шамаларды жанама түрде салыстыруды орындауға болады. Содан кейін
балалар өлшеуді және санауды үйренеді, сандар үғымының мазмұнын түсінеді.
Осындай арнаулы анықтаулар (тиісті ұғымдар қаншалықты қажет және олардың
шығу тегі кандай), тәжірибе көрсетіп отырғандай, өмірлік міндеттерді
шешудің өзіндік математикалық әдістеріне, осы оқу пәні сабақтарына
балалардың танымдық ынтасын қалыптастыруға көмектеседі.
Ана тілі сабағын беруді осыған ұқсас үлгіде құру қажет. Ол ең алдымен
балаларға тіл қатынасының белгілі бір морфологиялық-синтаксистік
құралдарының қажеттігін және олардың қолданылу заңдылықтарын ашып беруі
тиіс. Еңбек сабақтарында оқушыларға алдағы жұмысты жоспарлаудың әдістері
мен тәсілдеріне, өздерінің пәндік әрекеттерін саналы түрде реттеу шарттарын
оқып үйренуге деген ықылас ету маңызды1.
Балалар алдына шешілу жолдары мен құралдарын белсенді анықтауды талап
ететін тапсырмалар жүйесін беру бірінші класс оқушыларын әуел бастан-ак,
ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен
тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін
ашады. Осыдай белсенді ойлау іс-әрекетінің арқасында балалар қажетті білім
мен іскерлікті саналы түрде меңгереді. Бұл жұмыс балаларды қызықтырады және
мұғалім тарапынан дұрыс басшылық жасалса, олардың шамасы толық жетеді.

1.3. Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар.

Бастауыш класс оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар
үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып,
балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау
мектеп жасына дсйінгі балаларды жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын
жорамалдайды. Бастауыш класс оқушыларының жаңа қасиеттері оқу қызметінін
қалыптасу шамасына қарай туып, дамиды.
Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді тыңдаса және оның айтқандарын
істесе ғана класта жалпылама сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болады.
Сондықтан әрбір оқушы осындай сабақтардың талаптарына сәйкес өз зейінін
басқаруды үйренеді. Бала көгершіндер тынымсыз құрқылдап жатқан терезеге
қарағысы келеді, бірақ есепті шығарудың жаңа әдісін түсіндіруді тыңдау
қажет жай ғана тыңдау емес, ертеңгі бақылау жұмысын дұрыс Орындау үшін бұл
әдістің барлық егжей-тегжейін жақсы есте сақтау керек. Осындай қажеттігі
әрдайым ілесу, берілген үлгі негізінде өз мінез-құлқын басқару балалардың
психикалық процестердің ерекше қасиеті ретін, еркіндікті дамытуға
көмектеседі. Ол іс-әрекст мақсатын саналы түрде қоиып, оларға жетудің
қиындықтары мен бөгеттері жеңудің құралдарын алдын ала ойластыра іздеп
таба білуден көрінеді.
Әр түрлі пәндерден қандайда бір тапсырманы орындауда әдетте балалар
оларды шешудін ең жақсы жолдарын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын
тандап алады да салыстырады, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдарын
жоспарлы (бұл ішкі жұмыс әсірссс еңбек сабақтарында ерекше көрнекі
байқалады). Бала өз іс-әрекеттерінің қадамдарын неғұрлым көбірек
жорамалдай алатын болса және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият
салыстыра алатын болса, ол есептің нақты шығарылуын соғұрлым ойдағыдай
бақылуды алдын-ала ойластыра алады. Оқу іс-әрекетіне, сондай-ақ оның
басқа да бірқатар ерекшеліктеріне (мысалы, сөз жүзінде есеп беру, бағалау)
бакылау жасау

және өзін-өзі бақылау қажеттігі бастауыш класс окушыларында іс-әрекетті
өздігінен, іштсй жоспарлау және орындау қабілетінің қалыптасуына қолайлы
жағдай жасайды.
Оқу іс-әрекетінің маңызды талаптарының бірі — балалар
өздерінің айтқандары мен іс-әрекеттерінің әділдігін кең көлемде негіздеуде.
Мұндай негіздеудің көптеген тәсілдерін мұғалім көрсетіп береді. Пайымдау
үлгілерін ажырата білу қажеттігі мен ол үлгілерді жасауға өздігінен іс-
әрекет жасау бастауыш класс оқушыларының өзінің ойы мен іс-әрекетін бейне
бір сырттан қарап, бағалау іскерлігін қалыпастыруды көздейді. Бұл іскерлік
рефлеция негізінде маңызды қасиет ретінде жатады, ол өз пайымдаулары мен
қылықтарын олардың түпкі ойлауы және іс әрекет шарттарына сәйкес келуі
тұрғысынан ақылды да әділетті талдауға мүмкіндік береді.
Еркіндік, іс-әрекеттердің ішкі жоспары және рефлексия — бастауыш
мектеп шағындағы баланың негізгі жаңа құрылымдары. Солардың арқасында
бастауыш класс окушысының психикасы орта мектепте одан әрі оқыту үшін
ерекше мүмкіндіктерімен және талаптарымен қоса алғанда жас өспірім кезеңіне
қалыпты өту үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Кейбір бастауыш класс
оқушыларының орта мектепке даяр болмауы көбінесе жеке адамның психикалық
процестср мен оқу іс-әрекетінің өзінің деңгейін анықтайтын осы жалпы
қасиеттері мен қабілетін қалыптасуымен байланысты.
Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері, оқу ситуацияларында балалар жұмысы
түрлі типті іс-әрекеттерден құралады. Олардың арасынан оқу әрекетері ерекше
орын алады. Солар арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің
үлгілерін және оларды қолдау шарттарын игереді. Бастауыш класс оқушыларының
оқу материалы көрнекі ұғымға және тексті тура, сөзбе-сөз есте ұстауға
сүйеніп игеруге тырысатын жағдайларын жиі байқауға болады. Алғаш бұл
қажетті оқу әрекеттерін толық орындаудан гөрі оңай да тезірек болады.

ІІ ТАРАУ.

2.1. БАСТАУЫШ КЛАСС ОКУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ДАМЫТУ

Қабылдауды дамыту. Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш
мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері
едәуір жетіліп келсе де (оларда көру мен есіту қабілеті жоғары екені
байқалады, олар түрлі формалар мен түстерді жақсы бағдарлайды), олардың оқу
ісіндегі қабылдауы формалар мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі.
Бірінші класс оқушылары өздері қабылдайтын заттардың қасиеттері мен
сапаларына жүйелі талдау жасай алмайды. Бұл жағдай арнайы жасалған
тәжірибелерден айқын көрінді. Мәселен, I класс окушылары қарап отырып салу
үшін түрлі түсті құмыра алды. Балалар оны тез қарап шығып, атын атады,
содан соң оның өзіне онша көңіл аудармай, бірден оның суретін салуға
ұмтылды. Олардың салған суреттерінде құмыралардың көлемі де, формасы да әр
түрлі болып шықты, тіпті бір-бірінен едәуір айырмашылығы да болды, өйткені
балалар форманың өзіне талдау жасамаған еді. Құмыраның түсін беру
мәліметтері де ұқсас болды. Бірінші класс оқушылары бұл түсті танып, атап
та берді, бірақ оның нақты ерекшеліктері оларды қызықтырмады. Саралап
қабылдаудағы кемшіліктер басқа тәжірибелерден де байқалды.
Баланың қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктері онда
заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін аңғару мен айырудан гөрі күрделілеу
қызмет түрінің қалыптасуымен байланысты. Бақылау деп аталатын бұл қызмет
түрі мектептегі оқу процесі кезінде ерекше жедел қалыптасады. Сабақтардың
үстінде оқушы қандай да бір пәннің және құралдын қабылдау міндеттерін алып,
ал одан кейін өзі де кең түрде тұжырымдайды. Осының арқасында қабылдау
мақсатқа бағытталады. Мұғалім мен құбылыстарды көру немесе есту әдістерін
(олардың ,анықтау тәртібін, қол мен көздін қимыл бағыттарының алуан
түрлерін (түрлі тәсілдермен ауызша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте электронды оқыту жүйесін қолдану ерекшелігі
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының көрі арқылы қабылдаудың ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып)
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер