Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығын қалыптастыру және реттеу саясаты



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . тарау. Экономикалық саясатты қалыптастыруда мемлекет пен нарық механизмінің арақатынасы.
1.1.Экономикалық саясатты қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Үкіметтің шешім қабылдау механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3.Мемлекет нен институттардың бәсекелестік нарық механизмін қалыптастырудағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

ІІ . тарау. Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығын қалыптастыру және реттеу саясаты.
2.1.Құнды қағаздар нарығын мемлекет тарапынан реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2.Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығын қалыптастыру және реттеу саясатының негізгі бағыттары мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ...33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Кіріспе
Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі оның жеке-жеке қалыптасқан жағдайды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалық саясат теорияда нүктелік стратегия деп аталады. Мысалы; кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік.
Экономикалық саясаттың жағдайы қалыптасып болған соң оның келесі 3 қағидалық анықтамалармен сипаттауға болады.
1. Қоғамның дамуымен бірге экономикалық сана мен сенім де өзгереді, экономикалық құндылық ұғымының мазмұны ауысады. Осыған байланысты, тіпті дәстүрлі міндеттемелердің өзі де жаңаша көзқарасқа сәйкес шешіледі.
2. Дамыған елдерде қалыптасқан практика көрсеткендей экономикалық саясаттың тиімділігі, сол елдің нақты жағдайына қаншама жақын жасалған болса, сонша жоғары болады екен. Экономикалық саясат елдегі саяси күштердің арақатынастарын, өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін, әлеуметтік құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелердің жалпы-экономикалық және жергілікті тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болйды екен.
3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды құрал болады.
2. Экономикалық саясаттың субъектілері.
Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады. Осы саяси-экономикалық субъектілердің іс-әрекеттік сипаттары әртүрлі. Мемлекеттің саяси және экономикалық бірлігі бар. Қоғамдық одақтар мен бірлестіктер тек өздерінің экономикалық мүмкіншілігіне ғана сүйене алады, олардың заң қабылдау билігі жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстанның Халықаралық беделін нығайту
жолында» Егемен Қазақстан – 1998 ж..
2. Аубакиров Я. Экономикалык теория негiздерi. Алматы-1998ж
3. Основы рыночной инфраструктуры.Учебное пособие Каз.ГАУ
Алматы,1997г.
4. Булатов А.С.Экономика М. 2-е изд.1997г.
5. Дж.Бдази,Дуглас Круз.Новые собственники.М.1995
6. Краткий словарь экономических терминов М. 1993г.
7. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан жаңа ғасырда әлемдік даму үрдісінің
кенже қалмауы керек». Егемен Қазақстан – 2000 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І – тарау. Экономикалық саясатты қалыптастыруда мемлекет пен нарық
механизмінің арақатынасы.
1.1.Экономикалық саясатты
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Үкіметтің шешім қабылдау
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3.Мемлекет нен институттардың бәсекелестік нарық механизмін
қалыптастырудағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15

ІІ – тарау. Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығын қалыптастыру
және реттеу саясаты.
2.1.Құнды қағаздар нарығын мемлекет тарапынан
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ...26
2.2.Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығын қалыптастыру және
реттеу саясатының негізгі бағыттары мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 36

Кіріспе
Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі оның жеке-жеке
қалыптасқан жағдайды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалық
саясат теорияда нүктелік стратегия деп аталады. Мысалы; кедендік, аграрлық,
өндірістік, әлеуметтік.
Экономикалық саясаттың жағдайы қалыптасып болған соң оның келесі 3
қағидалық анықтамалармен сипаттауға болады.
1. Қоғамның дамуымен бірге экономикалық сана мен сенім де өзгереді,
экономикалық құндылық ұғымының мазмұны ауысады. Осыған байланысты, тіпті
дәстүрлі міндеттемелердің өзі де жаңаша көзқарасқа сәйкес шешіледі.
2. Дамыған елдерде қалыптасқан практика көрсеткендей экономикалық
саясаттың тиімділігі, сол елдің нақты жағдайына қаншама жақын жасалған
болса, сонша жоғары болады екен. Экономикалық саясат елдегі саяси күштердің
арақатынастарын, өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін, әлеуметтік
құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелердің жалпы-экономикалық және
жергілікті тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болйды екен.
3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды
құрал болады.
2. Экономикалық саясаттың субъектілері.
Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның
құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын
қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады.
Осы саяси-экономикалық субъектілердің іс-әрекеттік сипаттары әртүрлі.
Мемлекеттің саяси және экономикалық бірлігі бар. Қоғамдық одақтар мен
бірлестіктер тек өздерінің экономикалық мүмкіншілігіне ғана сүйене алады,
олардың заң қабылдау билігі жоқ.

Экономикалық саясатты қалыптастыруда мемлекет
пен нарық механизмінің арақатынасы.
1.1.Экономикалық саясатты қалыптастыру.

Экономикалық саясат дегеніміз, ол белгіленген бір мақсаттарды анықтау
және оларды іске асыру. Қоғамның дамуына көптеген міндеттер мен мәселелерді
қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемаларды шешудің алғы
шарты: оларды алдын-ала анықтап бір жүйеге түсіру. Ғылымда мәселелердің
мынадай шешу тәртібі ұсынылады. Алдымен, ең жалпылама деңгейде экономикалық
дамудың түпкі мақсаты анықталады. Теорияда экономикалық дамудың түпкі
мақсаты қоғамның тұрмыстық деңгейін максималдау деп анықталады.
Осы түпкі мақсаттан кейін екінші анықтау деңгейіндегі міндеттер шығады.
Оларды шартты түрде негізгі мақсаттар тобы деп анықтауға болады.
Экономикалық әдебиеттерде олар мемлекеттің функцияларын мақсаттық
қызметтері ретінде түсіндіріледі. Осы жерде мынандай әдістемелік жағдайға
назар аудару жөн болады: әртүрлі міндеттердің арақатынастары диалектикалық
байланыста болады. Бұл жерде төменгі деңгейдегі міндеттерді орындау
түбегейлі жалпылама мақсатқа жақындаудың құралы және оған жетудің әдісі мен
жолы.
Осы күнгі әлеуметтік құрылымның негізгі мақсаттарына қоғамның дамуын,
құқылық тәртіпті, ішкі және сыртқы қауіпсіздікті жатқызады. Негізгі
мақсаттар құрамы сыртқы және ішкі жағдайға өзгереді. Олардың ең алғашқы
классикалық анықтамалық градациясын А.Смит ұсынған екен. Ф.Бэкон және
У.Петти еңбектеріне сүйене келе, ол қызметтердің мақсаттардың келесі
тізімін ұсынады: 1. Сыртқы сфераға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2.Құқылық тәртіп орнату; 3. Мемлекет тарапынан нарық инфрақұрылымын жасау.
Кейіннен экономистер бұл анықтамалық тізімді ары қарай дамытып, толықтырды,
оның ауқымы анағұрлым кеңейе түсті. Осы күні қоғамның еркін дамуы негізгі
мақсат ретінде бірінші орынға шығарылды.
Еркіндік ұғымын бір-қалыпты түрде сипаттап беру мүмкін емес; мұнда көп
нәрсе қоғам топтарының мүдделеріне байланысты. Бұл ұғымның мазмұнын
философиялық, әлеуметтік және экономикалық категория ретінде тұтас
қарастырып анықтауға болады. Қоғамда жеке адамның еркінділігі қаншама
жоғары бағаланатын болса, соншама мемлекетте экономикалық еркіндік маңызды
даму факторы ретінде қабылданады. Осыдан нарықтық экономиканың дамуына
мемлекеттің кез-келген араласуы экономикалық еркіндікті шектейді — деген
пікір қалыптасқан. Экономикада еркіндіктің нақты деңгейі әрбір кезде саяси
ымыраға келудің нәтижесі ретінде көрінеді.
Экономикалық еркіндік туралы түсінік әр елде, ондағы қалыптасқан
экономикалық жағдайға және экономикалық мүмкіншілікке байланысты.
Экономикалық еркіндік құқығы заң түрінде анықталғанымен, оның нақты іске
асуы үшін экономикалық мүмкіншілік және жағдай қажет болады. Еркіндіктің
экономикалық мүмкіншілігі жеке адамның қолындағы ресурсына байланысты
келеді, немесе мемлекеттің экономикалық мүмкіншілігіне келіп тіреледі.
Экономикалық өсу мақсатына байланысты маңызы зор міндет-ол: жұмыс күшін
толық еңбекпен қамтамасыз ету мәселесі. Мұның мәні-еңбекке жарамды
тұрғындарды мүмкін болғанша максималды көлемде және ұзақ мерзімде тұрақты
пайдалану. Нақты бұл міндет жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы және басқа да
жұмыссыздықпен күресу әдістерімен шешіледі. Осындай іс-әрекеттер батыс
елдерінде "жұмыспен қамтамасыз ету саясаты" деп аталады.
Құқылық тәртіп орнату проблемасы бойынша да дамыған елдердің
мүмкіншіліктері жоғары болғанымен, нарық жүйесі әлі толық қалыптаспаған,
экономикасы өтпелі жағдайдағы елдер үшін бұл мәселенің де мәні мен
маңыздылығы өте жоғары.
Құқылық тәртіп орнату экономикалық саясаттың негізгі мақсатының бірі
ретінде қарастырылады; ал қоғамдағы құқылық тәртіптің негізгі түрлері: жеке
меншік құқығы мен оны қорғау тәртібі; кәсіпкерлік құқығы мен оны қорғау
тәртібі; тұтынушы құқығы мен оны қорғау тәртібі.
Экономикалық саясаттың негізгі мақсаттарын қарастырғаннан кейін, енді
оның практикаға нақтыланған мақсаттарын анықтаймыз. Бұларды іске асыру-
жоғарыда айтылған түпкі мақсаттың-ұлттың жақсы жұмысын қамтамасыз ету
жолында жасалған белгілі қадам.
Экономикалық болмыста соңғысы ЖҮӨ-нің максималды өсуіне ұмтылыс ретінде
көрініс алады. Бірақ практикада осыған бағыттану толық сенімді емес; ЖҮӨ
көрсеткіші барлық жағдайдағы тұрмыс-тіршілік деңгейі мен сапасын дәлме-дәл
өлшеп көрсете алмайды; ол көптеген қосымша жағдайларды есепке алуды қажет
етеді.
Дамығын елдерде экономикалық саясаттың стратегиясын жасау және оны іске
асыру практикасы көрсеткіштердің үлгілік тобының анықтап берген; олар
мемлекеттің экономикаға араласу мақсаттарын жеткілікті дәлдікпен көрсетеді.
Әрине жеке елдерде белгілі уақыт мерзімінде бұл көрсеткіштердің құрамы
өзгеруі мүмкін — анықталған мақсаттардың санына байланысты, немесе оларды
жоғарыдан төмен қарай анықтау әдісіне сәйкес; бірақ, жалпы алғанда, олар
тұрақты бір тұтас жүйе ретінде қызмет атқарады. Экономикалық әдебиеттерде
әдетте қолдаибалы мақсаттарды бөліп көрсетеді: 1. Экономикалық өсуді; 2.
Толық еңбекпеи қамтуды; 3. Баға мен ұлттық валюта деңгейлерінің
тұрақтылығын және 4. Сыртқы экономикалық тепе-теңдікті.
Жоғарыда ретретімен келтірілген мақсатты міндеттердің орындалуы ұлттық
экономика шеңберінде шартты түрде максималды жалпы экономикалық тепе-теңдік
жағдайының қалыптасқанын білдіреді. Осыған байланысты мына жағдайды ерекше
бөліп айту қажет: елдің шаруашылық даму деңгейі қаншама жоғары болса, оның
сыртқы экономикалық байланыстарды қабылдауы соншама жеңіл болады әрине
бұған басқа да факторлар мүмкіндік жасайды.
Жоғары дамыған нарықты экономикалық жүйенің кеңейіп таралу қажеттілігі
экономикалық саясаттың жаңа бағытын өмірге әкеледі. Бұл сыртқы-экономикалық
саясат деп аталады. Оның мазмұндық мақсаты-сыртқы экономикалық тепе-
теңдікті қолдау. Осы мақсатқа жету батыстың экономикалық әдебиеттерінде
көрсеткендей, бір жағынан товарлар мен қызметтердің екінші жағынан ақша мен
капиталдың еркін ағу арналарын әртүрлі кедергілер мен шектеулерден тазарту
арқылы орындалады.
Сонымен, экономикалық саясат - бұл ең алдымен өзара иерархиялық
байланыстағы кең ауқымды мақсаттар спектрі. Осы күнгі теорияда бұл
мақсаттар жүйесін мақсаттар пирамидасы деп атайды.
Іс жүзінде абсолютті үйлесімді мақсаттар жүйесі негізінде құрылған
экономикалық саясатты қалыптастыру өте қиын. Бұл негізінен екі жағдайға
байланысты:
Нақты мақсаттың өзін анықтау тым қиын іс-себебі қоғамда әрқашан мақсат
туралы әр түрлі болады. Дәл осыған байланысты оларды анықтағанда және іске
асырғанда қоғамда әр түрлі қайшылықтар мен келіспеушіліктер пайда болады.
Экономикалық саясатты іске асыру кезінде оның мақсаттары бір-біріне
қайшы келіп, бірінің іске асырылуы екіншісінің шешіміне кедергі болып,
тіпті оның іске асуын болдырмауда мүмкін. Осыған байланысты кез келген
экономикалық процесс қайшылықты түрде жүреді. Демек, мәселе өзара
байланыстағы бірақ сонымен бірге өзара қайшылықтағы экономикалық саясат
мақсаттарының оптималды құрамын табуда. Мақсаттар тізбегіне:
1) тұрақты және мөлшері сәйкестірілген экономикалық өсу.
2) толық жұмысбастылық.
3) қоршаған ортаны сақтау.
4) экономика құрылымының бейімділігі.
5) табыстар мен мүлік бойынша әділетті теңестіру.
6) ақшаның тұрақтылығы.
7) сыртқы экономикалық тепе-теңдік және т.б. мәселер кіреді. Бір-біріне
қайшы келетін мақсаттарға ұмтылғанда дамыған елдердің тәжиірбесін көрсетіп
отырғандай ең дұрыс шешім осы екі мақсаттың арасында түрақты және өте епті
түрде маневр жасау эдісін қолдану. Бұл екі жаққа бағытталған факторлар
әсеріне қарсы қолданған іс-әрекет әдісі. Мемлекет тарапынан осы міндеттерді
ықтималды шешу үшін екеуіне де қатар бір-кезде емес кезектік түрде қолдау
көрсетіп отыру. Ең парасатты саяси экономикалық шешім деп саналады.
Сонымен бірге, экономикалық саясат тыныш, оншама қайшылықты емес
мақсаттық арақатынастар мен де айналысуы мүмкін; бағалар тұрақтылығын
сақтау және қоршаған ортаны қорғау; табыстарды әділетті бөлу және сыртқы
экономикалық тепе-тендік мұндай мақсаттарды қатар, бір кезде іске асыру
ерекше проблемаларды қалыптастырмайды.
Бірақ мақсаттық құрамдардың ең сәтті түрі сондай болады, егер ондағы
таңдалған бағыттар бір-біріне жағдай жасап, бірінің орындалуы екіншісінің
шешіміне көмектесетін болса. Мұндай мақсаттар қатар, бір кезде орындалады.
Мысал ретінде, жұмысбастылықпен экономикалық қарқынды айтуға болады.
Түйіндеп айтқанда, экономикалық саясаттың нақтыланған моделін жасау
кезінде мақсаттық белгілер арақатынастарының тепе-теңдік жағдайын
қалыптастыруға ұмтылуы қажет.

1.2. Үкіметтің шешім қабылдау механизмі.
Белсенді экономикалық іс-әрекеттердің көбі бағаны бәсекелік күштер
анықтайтын жеке нарықтарда жүреді. Еркін нарықпен анықталған бағалар
негізінде реттелетін экономикалық белсенділік жүйесі баға жүйесі немесе
нарық жүйесі деп аталады. Еркін бәсекелі баға жүйесі ресурстарды тиімді
орналастыру тенденциясын қалыптастырады: бұл пікір осы күнгі экономикалық
теорияның негізгі түйіні болып саналады. Экономиканың өндірістік шегі жұмыс
күші мен басқа да ресурстардың өндіріске толық тартылған жағдайын
білдіреді. Белгілі жағдайда жеке рыноктар бәсеке болғанның өзінде тиімді
қызмет атқара алмайды. Бұл жағдайларға қоғамдық тауарлар және сыртқы
әсерлер жатады.
Өндірістің тиімді болмауы қоғамдық шығындардың өсуін және түрлі
деңгейінің төмендеуін қалыптастырады. Экономикада технологиялық тиімділік
және экономикалык тиімділік деген ұғымдар бар, оларды ажырата білу керек.
Технологиялық диімділік — бұл өндірістен өнімнің ең жоғарғы көлемде
шығарылуы. Экономикалық тиімділік - неғұрлым аз өндіріс шығындарының
негізінде өндірілген өнім көлемі. Оптималды өндіріс көлемі ең тиімді түрде
минималды деңгейде шығын жұмсап өндірілген өнім көлемін білдіреді.
Егер экономикада ресурстар дұрыс емес, яғни тиімсіз бөлінген болса,
онда өндіріліп шығарылған жиынтық ұлттық өнім көлемі оның мүмкін болатын
оптималды көлемінен кем болғаны. Экономикада ресурстар дұрыс, яғни тиімді
бөлінсе, онда өндірілген ЖІӨ-нің көлемі оптималды болады, ал тұрғындардың
тұрмыс деңгейі, немесе реалды табыстары максималды болады. Сондықтан,
қоғамда ресурстардың тиімді бөлінбегені тұрғындардың тұрмыс деңгейін
кемітеді, қоғамдық шығындарды қалыптастырады.
Қоғамдық шығын дегеніміз - бұл қоғамның жоғалтқан, ала алмаған, бірақ
алуы мүмкін болған қосымша табысы.
Ресурстар тиімді бөлінген жағдайда қалыптасқан тұрмыс деңгейі тиімді
тұрмыс деңгей - деп аталады.
Қоғамдық енім деген не? "Қоғамдық өнім" деген ұғым мемлекет арқылы
өндірілген материалдық өнімді ғана білдіре бермейді. Қоғамдық өнімнің екі
сипаттамалық белгісі бар. Біріншіден, бұл бәсекелік тауар жүйесінде
тұтынуға келмейді. Тауар түріндегі өнімді тұтыну үшін, оны алдымен сатып
алу қажет. Ал қоғамдық өнімді сатып алмай да пайдалануға болады. қоғамдық
өнім қоғамға өте қажет. Қоғамдық пайдасы жоғары болса да, жеке экономика
секторы үшін ол шығыннан басқа ештеңе бермейді. Қоғамдық өнім қоғамға,
қоғам мүшелеріне пайдалы болғандықтан, оларды жеткілікті мөлшерде өндіру
үшін ресурстар белу қажет болады. Нарық жүйесі өндіріс ресурстарын нарық
заңдарына сәйкес бөледі. Бәсекелік баға жүйесі ресурстарды тауар өндірісіне
бөледі, қоғамдық өнімдерге бөлмейді. Нәтижесінде тұрғындардың тұрмыс
жағдайы төмендейді. Мемлекеттің негізгі экономикалық мақсаты - қоғамдық
өнім түрлерін адамдарға қажетті мөлшерде өндірілуін қамтамасыз ету.
Қоғамдық таңдау теориясы мемлекеттің, жеке түрде алғанда, мемлекеттің
экономикалық-саяси билік жүргізетін әр түрлі құрылымдарының экономикалық
шешім қабылдау принциптері мен шешім қабылдау механизмін түсіндіреді.
Мемлекеттің билік жүргізетін құрылымдарына қоғам мүшелерінің атынан
сайланған және тағайындалған өкілетті өкілдер - мысалы депутаттар - дауыс
беру арқылы ортақ келісімге келіп, заң түрінде белгілі бір саяси-
экономикалық мәселені бекітеді. Мемлекеттің бюджет саясатын жасауы және
бекітуі, бюджетті заң түрінде қабылдау процедурасы, оның ішкі мазмұны мен
жалпы қисыны осы айтылған таңдау теориясымен түсіндіріледі.
Бұл жерде енді анықталатын мәселе - дауыс беру арқылы саяси-
экономикалық шешім қабылдау әдісі ресурстарды тиімді белу принципін
қаншалықты іске асыра алатыны, макроэкономикалық деңгейдегі тиімділік
мәселесін қалай шеше алатындығы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы әр түрлі болады, әрбір әлеуметтік топтың
өзіндік мүддесі болады. Ал экономикалық тиімділік тұтынушылардың таңдауымен
анықталады. Нарықтық экономика жүйесінде қоғамдық таңдау принципі нарықтық
сүрақым арқылы өзінен - өзі объективті түрде іске асады. Әрбір жеке
тұтынушы өзінің қажеттілігіне сәйкес табысын-қолындағы ресурсын -тауардың
бағасымен салыстырып, қандай тауарды және қанша көлемде, кімнен, қандай
бағамен сатып алу өзіне тиімді болатыны туралы шешім қабылдайды. Жеке
тұтынушы осындай экономикалық шешім қабылдап өзіне ең пайдалы (тиімді)
деген тауарларын алғанда, ол, біріншіден қоғамдық таңдау жасайды, екіншіден
өзінің жұмсаған табысымен дауыс береді. Нарық жүйесінде қоғамдық таңдау да,
экономикалық шешім қабылдап дауыс беру де өзінен-өзі тікелей, толық
демократия түрінде жүреді, іске асады. Әрбір жеке тұтынушы, сатып алушы
экономикалық белсенді тұлға ретінде шешімді игілігіне жұмсайды. Нарық
жағдайында қоғамдық таңдау принципі толық демократиялық түрде тікелей іске
асады, сондықтан экономикалық тиімділік мәселесі де толық шешіледі. Ал
қоғамдық өнімдер мен қоғамдық игіліктерді өндіру мәселесі мемлекет
тарапынан қоғам деңгейінде, оның өкілетті өкілдерінің таңдауымен және дауыс
беруімен шешіледі.
2. Орташа дауыс беруші концепциясы. Логроллинг.
Көптеген саяси-эконмикалық шешімдер көп дауыс жинау нәтижесінде
қабылданады. Белгілі бір топта дауыс беру арқылы шешілген мәселе ешқашан да
толық болмайды. Біреулердің мүддесі аздау, екіншілердің мүддесі көбірек
ескеріліп шешіледі, барлығының мүддесі толық немесе бірдей есепке алынып
шешім қабылдануы мүмкін емес.
"Орташа дауыс берушінің моделі" деп аталатын концепцияға жүгінсек, онда
белгілі бір саяси-экономикалык мәселенің оңды шешімін тауып, оны заңды
түрде бекіту үшін көпщіліктің мүддесіне ең жақын тұрған дауыс берушіні
танып алып, мәселені соның мүддесіне сәйкестендіріп анықтап, дауысқа салуға
болады екен. Сонда, біріншіден, мәселенің өзі дұрыс анықталады, екіншіден
көпшіліктің мәселені қолдап, оған дауыс беруі оңды шешім қабылдануын
қамтамасыз етеді екен. Бірақ дауыс беру арқылы қабылданған шешім, нарық
жүйесіндегі қабылданатын шешімге қарағанда, экономикалық тиімділік
принципін ең жалпылама, макроэкономикалық деңгейде ғана ескере алады.
Көпшіліктің қолдауымен шешім қабылдау - негізгі демократиялық принцип
екені белгілі. Бірақ нақты саяси-экономикалық өмір, өте күрделі екені де
белгілі, сондықтан саяси-экономикалық жағдай осы демократиялық принципке
қайшы қалыптасуы мүмкін.
Мұндай жағдай экономикасы артта қалып қойған, ресурстары шектеулі,
табыс деңгейі темен, бюджеті тапшы, қоғамдық қажеттіліктері толық
қамтамасыз етілмеген дамушы елдерде өте жиі қалыптасады. Осыған қарамастан
демократиялық тәртіпті бұзбай шешім қабылдау қажет. Экономикалық
тәуелсіздік демократияның материалдық негізі екені белгілі. Қоғамда нақты
демократия қалыптасуы үшін қоғам мүшелері экономика жағынан бір-біріне
тәуелді болмауы керек. Экономикалық демократия - бұл еркін экономикалық
бәсекелестік. Осы экономикалық демократия негізінде ғана нақты да тұрақты
саяси-әлеуметтік демократия қалыптасады. Осы күнгі экономикасы жоғары
дамыған елдерде орташа әлеуметтік топтардың үлес салмағы басым келеді екен.
Оларда кедейлер мен байлардың саны аз (10%-тен), ал тұрғындардың басым
көпшілігі (80%) орташа табыс алатындар көрінеді. Сондықтан дамыған елдердің
үкіметтері өздерінің экономикалық саясатын қоғамдағы орташа әлеуметтік
топтардың мүдделеріне сәйкес жасап, оны көпшіліктің дауыс беріп қолдауымен
заңдастырып, іске асыруға күш салады. Дамыған елдердің өзінде де демократия
тәртібіне сыймайтын саяси-экономикалық шешімдер қабылдауға тура келетін
жағдай қалыптасып тұрады. Мысалы, АҚШ-та 70-80-жылдары жұмыссыздық пен
инфляция қатар өскен жағдайда Президент әкімшілігі көпшіліктің күңделікті
мүддесіне қайшы келетін экономикалық саясат бағытын ұстануға мәжбүр болғаны
белгілі. АҚШ-та 60-жылдары инфляция қарқынын тежеу мақсатында табыс пен
бағаны тежеу саясаты жүргізілген. Бұл саясат та сол кезде көпшіліктің
қарсылығына қарамастан, демократия принциптерін формалды түрде сақтай
отырып заңдастырылған екен. Осы әдіс экономикалық-саясат теориясында
"догроллинг" деп аталады.
Сонымен, логроллинг - бұл ерекше экоиомикалық жағдайда көпшіліктің
қарсы болуына қарамастан дауыс беру процесінде әртурлі бағыттағы
мүдделердің қайшылықтарын реттеу арқылы азайтып, оларды өзара
жақындастырып, ортақ шешім қабылдау әдісі, саяси процессте саясаткерлердің
іс-әрекетін, шешім қабылдау принципін түсіндіретін концепция. Бұл жағдайды
теориялық концепция (модель) түрінде суреттеп сипаттауға болады (1-суретке
қараңыз). Кез келген әлеуметтік экономикалық мәселені екі түрлі ғылыми
көзқарас тұрғысынан шешуге болады: 1) әрбір адам өзінің экономикалық-
тұрмыстық жағдайын өз еңбегімен, ынта-жігерімен шешуі қажет; 2) адамның
экономикалық-әлеуметтік жағдайын қоғам қамтамасыз етуі қажет. Бірінші
концепция теорияда консервативтік (оңшыл) көзқарас ретінде анықталады, ал
екіншісі — социалистік (солшыл) көзқарас концепциясы болады екен. Олардың
ішінде орталық (центристік) көзқарас ұстанушылардың, орташа әлеуметтік
топтың саны басым болады (1-сурет).

Суретте көрсетілгендей, асыра солшылдар (BA сызығы) мен асыра оңшылдар
(КВ сызығы) идеологиясының әлеуметтік базасы шектеулі, ал негізгі
әлеуметтік орталық топ (BR сызығы) әлеуметтік идеологияның екеуінде толық
қолдамайды, тек жартылай ғана қолдайды (ВМ және МК сызықтары). Бұл нені
білдіреді? Орталық әлеуметтік топ осы екі қарама-қарсы идеологиялардың
өздеріне жақын қағидаларын қабылдайды, ал өздерінің мүдделеріне жат, қайшы
келетін жақтарынан бас тартады деген сөз. Оңшыл нарық идеологиясы нарықтық
шаруашылық жүйесі өзін-өзі толық реттей алады, оған мемлекеттің араласуы
қажет емес, мемлекеттің нарық қызметіне араласуы жалпы экономикалық
тиімділікті төмендетеді, тұрақтылықты бұзады деп түсіндіреді. Жалпы
экономикалық өсу процесі бір қалыпты емес, цикл түрінде жүретіні белгілі,
бұл жалпы экономикалық даму заңдылығы. Макроэкономикалық дамуда өзара теріс
қатынастағы екі әлеуметтік-экономикалық проблема пайда болады. Олар: 1)
инфляция проблемасы; 2) жұмыссыздық. Экономиканың цикл түрінде даму
заңдылығы осы екі проблеманың бірін алға шығарып, екіншісін сыртқа
ығыстырып, орындарын ауыстырып тұрады. Экономикалық дамудың өрлеу фазасында
жұмыссыздық қысқарып, инфляция өседі. Осыған байланысты қоғамда инфляцияға
қарсы ақша саясатын қолдау идеологиясы үстемдік құрады; мемлекеттік билік
басына монетарлық саясатты ұстанушы консервативтік партияның өкілдері
келеді. Қоғамдағы саяси экономикалық процеске қатысушыларды негізінен 4
топқа бөліп қарастыруға болады. Олар: 1)сайлаушылар; 2) саясаткерлер; 3)
кеңсе қызметкерлері бюрократия; 4)ықпал жасаушы топтар - лобби. Сайлаушылар
экономикалық саясатқа тікелей ықпал жасай алмайды. Олар нақты бір саяси-
экономикалық мәселенің шешіміне өз пікірлерін екі түрлі әдіспен білдіреді:
1) сайлауға қатысып саяси белсенділік танытады; 2) саяси енжарлық танытып,
сайлауға қатыспауы мүмкін. Саналы түрде сайлауға қатыспау (қатысу) теориясы-
сайлаушылардың саяси процестегі шешім қабылдау принципін (заңдылығын)
түсіндіреді. Енді белгілі бір саяси-экономикалық мәселенің шешіміне
байланысты тұрғындар, жеке әлеуметтік топ мүшелері белгілі мөлшерде қосымша
табыс алуы мүмкін. Әрбір жеке сайлаушы саналы түрде сайлау шығынын сайлау
табысымен салыстыра отырып шешім қабылдайды, қарастырылып отырған сайлау
концепциясының моделін төменде көрсетілген сурет арқылы бейнелеп сипаттауға
болады (2- суретке қараңыз).

Мұндағы: МВ - қосымша табыс (ұтым); МС - қосымша шығын.
Сайлаушыға саясаткердің бағдарламасынан гөрі оның өзінің ықпал-әсері
жоғары, сайлаушы саясатшының нені айтқанын түсінеді. Саяси ықпал жасау тобы
- лобби белгілі бір заңдардың немесе үкімет шешімінің қабылдануын немесе
қабылданбауын қамтамасыз етеді. Қатты ұйымдастырылған және жан-жақты
мәліметтелген ерекше мүдделі шағын топ қана саясаткерлерге қысым-ықпал
жасап, оларды ұстанған пікірінен бас тартуға мәжбүрлейді. Нәтижесінде
экономикалық заңдар немесе шаруашылық құжаттар осы топтың мүддесіне сәйкес
қабылданады. Лобби тобы негізінен рента алуға ұмтылады. Рента алушылар
қоғамға пайда келтірмейді, еңбегін сіңірмейді, бірақ басқалардан артық
табыс алуға ұмтылады. Лобби топтарының қоғамға келтірілген шығындары
заңдастырылған, сондықтан олар заңды түрде табыс алады. Бұл саяси-
экономикалық құбылыстың моделін жасап көрсетуге де болады (3-суретке
қараңыз).
Ықпал-қысым жасау тобы (лобби) - ерекше мақсаттағы, рента алуға
ұмтылған топ. Бұл топтың іс-әрекеттерінің нәтижесінде көпшіліктің мүддесі
аяқ асты қалып, шағын, бірақ жақсы ұйымдасқан топтың мүддесі жеңіске
жетеді. Дамыған елдерде осындай күшті ұйымдасқан, саяси және экономикалық
ықпал жасау мүмкіншіліктері жоғары топтарға қарсы көптеген қоғамдық ұйымдар
құрылып, олар сан жағынан көп, бірақ ұйымдастырылмаған, сондықтан әлсіз
әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайды.

1.3. Мемлекет нен институттардың бәсекелестік нарық механизмін
қалыптастырудағы орны.
Әкімшілік әлімжеттікке жол бермеу үшін және мемлекет қызметкерлерінің
тиімдірек жұмыс атқаруына жағдай жасау мақсатында мемлекет мекемелерін
жаңаша ынталандыру реформасын жүргізу қажет болады. Бұл реформаның негізгі
принциптері: тиімді тәртіп ережелерін және шектеулерін жасау, бәсекелік
ортаны қалыптастыру, азаматтардың рөлін көтеру, мемлекет пен жеке сектор
арасында әріптестік қатынасын қалыптастыру.
Мемлекет тарапьшан әкімшілік әлімжеттіктің мүмкіншілігін шектеу қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыртқы сауданы жеңілдету, өндірісте жеке
меншік секторды дамыту кедергілерін жою және мемлекеттік меншікті
жекешелендіру сияқты саяси-экономикалық іс-шаралар көмектеседі.
Мемлекет қызметкерлері арасындағы коррупцияға қарсы ресми тексерулер
арқылы да күресуге болады, бірақ олар аз жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер жүйесін реформалау, саяси қолдауды шектеу,
қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
көмектеседі, қызметкерлерді өз қызметтерін тәртіп бойынша атқаруға
ынталандырады.
Бұл стратегияны қолдану сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайта
түседі.
Мемлекет инфрақұрылымдық, әлеуметтік сипаттағы қызметтерді және басқа
да қоғамдық өнімдерді қамсыздандырушы монополист болған жағдайда, ол өзінің
қызметін жақсы атқара алмайды. Сонымен бірге, технологиялық және ұйымдық
жаңалықтар бұрын мемлекеттің қолында болып келген қызметтерді жеке
компаниялардың жүргізуіне мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттің шектеулі
қорларын үнемдеу мақсатында әлемнің көптеген елдерінде мемлекет
инфрақұрылымдық объектілерді салу мен тікелей қызмет көрсетудің орнына
оларды қаржыландыруға көбірек назар аударып отыр.
Бұған қоса көптеген елдерде энергия қуатын тасымалдау жүйесін және
тұрмыстық қызмет көрсету шаруашылығын мопополиядан тазарту процесі
жүргізілуде. Реформаларды жақтаушылар әлеуметтік сақтандыру бағдарламаларын
әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасынан бөліп алып жеке-дара жүргізуге күш
салуда. Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасына кепілді мемлекеттік, тегін
медициналық жәрдем беру мен еңбек қатынастары жүйесіндегі жұмыскерлердің
құқығын қорғау жатады. Ал, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасына тек қана
тұрмысы төмен топтарды қорғау іс-шаралары жатады.
Мемлекет тұрғындар мен іскерлер қауымдастығының пікірлерін ескеретін
болса және олармен әріптестік қатынас орнатса ғана өз қызметтерін тиімді
атқарады. "Әлем дамуы туралы есеп беру" тобының түжырымы бойышпа
"тұрғындардың пікірімен санаспау мемлекетті жалпы тұрғындар мүқтажына, ал
жеке түрде, қоғамның аз мүлікті мүшелерінің және аз үлттардың
қажеттіліктеріне шүғыл түрде жауап беру мүмкіншілігінен айырады".
Әріптестік жағдайында халықтың кедей және тұрмысы темен топтары даму
саясатын жүргізуде бірінші кезекте тұруы керек.
Жариялық пен ашық-қоғамдық пікір алысуда және халықтың мемлекетке
сенімін нығайтуда өмірлік мазмұны бар фактор болып саналады.
Қытайда, Үндістанда, Латын Америкасында және әлемнің басқа да елдерінде
бүгінгі күндері мемлекет жүйесінің демократиялануы өзінің жемісін беруде.
Орталықтанған жүйені демократиялау мемлекеттік басқарудың сапасын
арттыруға көмектеседі және тұрғындар мен іскерлік қауым мүдделерінің
өкілеттілігін арттырады.
Жеке аймақтар, қалалар мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы
бәсекелестік тиімді саяси-әлеуметтік шаралар мен бағдарламаларды жасаудың
катализаторы болады.
Дамушы елдердің көбінде мемлекеттік қызметтер төмен денгейде. Көптеген
елдерде мемлекеттік сектор қызмет көрсету саласында монополияға айналған.
Бұл қызмет көрсету сапасын арттыруда ынта-жігерді әлсіретеді. Бұл жағдайда
мемлекет мекемелерінің қызметіне нарық принциптерін енгізуді қажет етеді.
Америка, Европа және Азияның ондаған елдері жаңа технология процестерін
пайдаланып, телебайланыс пен электроқуатын өндіру саласына бэсекелестікті
енгізген. Бұл-қызметтің өзіндік құнын төмендетіп, көлемін тез өсірген.
қызмет көрсету бойынша аукциондар мен тендер жүргізу де бәсекелестікті
арттырады. Мұндай жағдай өндірісі жоғары дамыған елдсрде кең тараған.

Түпкі нәтижеге бағытталған, қызметтердің мақсаттары нақты айқындалған
және жауапкершілігі жоғары деңгейде белгіленген мемлекеттік ұйымдар
(агенттіктер) құру тенденциясы күшеюде. Бақылау-тексеру механизмі әлсіз
және ресурстары шектеулі елдерге бұл жүйеге бірден көшу мүмкін емес.
Мемлекет мекемелеріне экономикалық еркіндік беру сыбайлас жемқорлықты
асқындырып жіберуі мүмкін. Мемлекет секторының шеңберінде алдымен қаржылық
есеп жүргізу мен есеп беру тәртібі қамтамасыз етілуі тиіс; олардың
мақсаттары мен міндеттерін нақты анықтап алу керек және қызмет нәтижелерін
өлшеп-бағалау жүйесін енгізу қажет. Түпкі нәтижелерді өлшеп-бағалау
әдістерінің, жетілуіне қарай әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың
жауапкершілігін анықтап, экономикалық іскерлік еркіндігін кеңейтуге болады.
Мемлекеттік сектордың тиімділігін арттырып, қызмет деңгейін көтеру үшін
оның ұйымдық құрылымын жетілдіру қажет. қызметкерлердің жалақысы күрт
қысқарған: еңбекақының теменгі деңгейі өмір сүру деңгейінен әлдеқайда
төмен, ал ең жоғары жалақы алатындардың табысы олардың жеке сектордағы
табысымен салыстыруға келмейді. Жалпылама ереже ретінде алғанда, кәсіби
мемлекет қызметкерінің жалақысы кем дегенде ЖІӨ-нің адам басына есептелген
мөлшеріне тең болуы керек. Егер осы нормативті пайдалансақ, онда
"мамандардың" жалақысын екі есе көтеру қажет болар еді.
Қалыптасқан жағдайда барлық қызметкерлердің жалақысын кетеру қажет.
Жалақыны бұлай көтеру үшін штатты қысқарту және тиімді кадр саясатын
жүргізу қажет.
Осы кезде жалақы қоры бюджеттегі жалпы шығын сомасының 15%-ін құрайды.
Бұл орташа және жоғары табысты елдердің көрсеткішінен аспайды. Бірақ бюджет
тапшылығы жағдайында бұл шығынның ЖІӨ-дегі үлесі күрт қысқарған. Бұл
көрсеткіш кез келген халықаралық стандарттан әлдеқайда төмен. Оның үстіне,
жалақыға бөлінген бұл сома саны тоқтаусыз өскен қызметкерлерге бөлінеді.
Кадрларды таңдау және оларды мемлекет тарыпынан жалпы басқару мәселесі
мемлекеттік мекемелерді реформалаудың маңызды бағыты болып саналады.
Осы замандағы қалыптасып отырған галамдық процестер мемлекеттік
құрылымы тұрақсыз, демократиясы әлсіз елдер үшін қауіпті болады. Сонымен
бірге, тиімді де қатты тәртіп қалыптасқан мемлекеттер үшін бұл процесс
экономикалық дамуға жаңа жол ашады. Әлем экономикасына жол ашуда жеке
мемлекеттердің сақтығын түсінуге де болады. Әлем шаруашылығына қосылу-
артықшылықтармен бірге қосымша қайшылықтардың пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар - қарыз міндеттемесі
Бағалы қағаздар нарығы пәні бойынша Білім алушылардың оқытушылармен өзіндік жұмысты орындаудың ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар теориясы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
Қаржы нарығының құрылым
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясаты
Бағалы қағаздар нарығы жайлы
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қалыптасуы
Пәндер