Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру


Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру
Бүгінгі білім беру процесінде пәнге танымдық дербестікті дамыту құралы ретінде қызығуды қалыптастыру проблемасыныц мәні барған сайын ұлғайып келеді, өйткені бүгінгі өмір оқушыдан ұдайы құбылып отыратын қоршаған әлемде бағдарын таба білуді талап етеді. Бұл орайда мұғалімнің міндеті табағатпен, қоғаммен және өз-өзімен үйлестікте өмір сүруге қабілетті, жоғары мақсаттарды дербес қоюға және оларға қол жеткізе білуге қабілетті адамды тәрбиелеу болып табылады. Компьютерлендіру және виртуалдық араласу заманында жеке тұлғаның руханилығы мен жалпы адамзаттық мәдениетін сақтап қалу маңызды. Оны табиғатты зерделеу және табиғатпен араласу кезінде жүзеге асыруға болады, ол жаратылыстану пәндерін саралау процесінде және осы білім беру саласында сыныптан тыс жұмыста жүзеге асуы мүмкін.
Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөніңде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды проблеманың психологиялық негізі В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Эльконин, педагогикалық жақтары Ю. К. Бабанский, Г. И. Щукина жәнс әдістемелік тұрғыдан аталған проблеманы Н. Д. Хмель, А. Е. Әбілқасымова, М. Қ. Құрмановтың және басқа да педагог-ғалымдардың еңбектерінде жаратылыстану - математика пәндерін оқыту мысалында қарастырылын, нақты әдістемелік ұсыныстар берілді.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуына белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Оқу-танымдық қызметтің маңыздылығы оқушыларды оқу пәндері әлеміне жетелейді, олардың құндылықтарын ашады, оқушыларды сол құндылықтарды түсінуге бағыттайды, білімге деген талғампаздық пен таңдай білушілікке тәрбиелейді, ал бұл қасиеттер - оқушының танымдық қызығушылығын ашатын бірден-бір тура жол. Оқу үрдісінде оқушы іс-әрекетінің ықпалды қырларының көрініс табуы оның жұмысының нәтижесін көруіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мен оқушының іс-әрекетіндегі өзара байланыстың күрделі үрдісінде қалыптасатын оқуға деген субъект-обьектілік қарым-қатынасқа әсер етудің маңызы зор. Мұғалімге тығыз ынтымақтастықта бола отырып, оқушы өз дамуының жаңа сатысына бірте бірте көтеріледі, ал, бұл - есте ұстайтын маңызды жәйт. Оқушы бойындағы оқуға деген қызығушылықтың аз да болса көрінісін дер кезінде байқау, танымдық қызығушылықты біртіндеп қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасау, оқушының ойын ояту, түйінді сұрақ қою, оны таңғажайыптармен таңырқата білу, танымдық қызығушылықтарын тұрақтандыратын белсенді өзіндік іс-әрекеттерге қатыстыру - міне, бүгінгі таңдағы мектеп пен мұғалімнің басты міндеттері.
Мұғалім оқыту жүйесінде алдыңғы қатардағы орында тұрады.
Ол оқушыны оқытып, тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге
бүкіл оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы болып
табылады, оқу пәнінің міндеттерін шешеді. Өз қол астындағы
оқыту мен тәрбиелеудің түрлі құралдарын пайдалана отырып,
мұғалім оқушылардың тәртібін, назарын, танымдық және іске асырушылық әрекеттерін басқарады. Сонымен бірге ол оқушылардың оқу әрекетін олардың қабілеттерінің жан-жақты дамуына, шығармашылық тұлғаның қалыптасуына бағыттайды.
Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнін жеке тұлғасы, әдістемелік
шеберлігі, адамгершілік қасиеттері, өз пәніне деген қызығушылығы, оқушыларға деген мейірімді қарым - қатынасы мен оларды түсіне білуі маңызды орын алады. Сабақ үстіндегі мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, сөзі, көңіл-күйі, іс-әрекеттері оқушыларға өте күшті әсер етеді. А. С. Макаренко былай деп жазған: "Келешекте педагогикалық жоғары оқу орындарында
міндетті түрде дауыс ырғағының қойылуы, өзін ұстауы, өз жан-
дүниесін игере білуі және өзінің бет-әлпетін игере білуі сияқты
маңызды жәйттар оқылатынына сенемін және мұндай жұмыс
түрлерінсіз мен тәрбиеші жұмысын көзіме елестете алмаймын".
Әрине, дауыстың дұрыс қойылуы әдемі ін айтуда немесе сөйлеуде ғана маңызды рол атқармайды, сонымен қатар өз ойы мен сезімін неғұрлым анық, әсерлі және бұлтартпай жеткізе білуі қажет.
Біздің елімізде мұғалімнің жеке тұлғасына үлкен талаптар қойылады. Мұғалімге өз оқушыларының арасында шынайы беделге ие болуы және оларға үлгі бола білуі қажет. Аталған талаптарды орындай отырып, ол оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде оңды нәтижелерге қол жеткізе алады. Н. А. Добролюбов былай деген: " . . . нағыз тәрбиеші бәрін білуге тиіс, сонымен бірге ол тәрбиеленушіні ойландыратын барлық сұрақтарды алдын-ала шеше білуге, бала жанын мазалайтын барлық ойлар мен пікірлерді, тұжырымдарды талдап, талқылай білуі тиіс". Ол үшін мұғалім қазіргі заманғы ғылым негіздері жайыңда жан-жақты, терең біліммен қарулануға, оқу пәнінің мазмұнын мүлтіксіз білуге, өз мамандығымен байланысты басқа ғылым салалары жөнінде хабардар болуға тиіс.
... жалғасыТанымдық белсенділікті қалыптастыру
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді. Елбасымыз Н. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" бағдарламада, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында, 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатының мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады.
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - жастардың жеке тұлғасының дамуы.
Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі. Ал жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру, қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі.
Танымдық белсенділік - студенттің оқуға, білімге, ғылымға деген ынта ықыласы мен құштарлығының ерекше көрінісі. Белсенділік (интенсивтендіру) оқушының әрекеті және пәнімен "қосылғандағы" дәрежесін анықтайды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі: студенттің алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуінде.
Белсенділікке байланысты әлеуметтік - педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше, өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтердің талдау нысанасы болды.
Мұндай психологиялық - педагогикалық көзқарасты Ы. Алтынсаринның, К. Ушинскийдің еңбектерін көре аламыз.
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Алтынсаринның пікірінше, педагогтердің жұмысындағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде.
К. Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден - бір жолы" деп есептердің мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірбиеде өткізілген көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталады. К. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзінде жұмысына философиялық және психологиялық - педагогикалық талдау жасайды.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде қоғамның барлық саласындағы күрделі өзгерістер жүрді. Қоғамның оқу - ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.
Қазіргі кезеңде оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіні жұмысы. Т. Сабыров, М. Құдайқұлов, А. Әбілқасымованың жастарда өздігінен білім алу әрекеті жайлы, С. Ұзақбаева, Б. Мұқанова, А. Ильясова. О. Сыздықов, т. б. оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде жазған еңбектері бар. Тұлғаның дамуы күрделі үрдіс, оның маңызды үш аспектісі бар.
Біріншісі - әлеуметтік-психологиялық аспектісі, екіншісі - тұлғаның танымдық белсенділігі. Ал үшінші аспект тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психо-физиологиялық дәрежесі негізінде анықталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz