Жұмыспен қамту және жұмыссыздық: мәні, құрылымы, түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ: МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ . . . 6

  1. Жұмыспен қамту мәні мен ерекшеліктері . . . 6

1. 2 Жұмыссыздық себептері мен әлеуметтік - экономикалық салдары . . . 18

1. 3 Шет мемлекеттердегі еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамту ерекшеліктері . . . 29

2 ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІН ТАЛДАУ . . . 34

2. 1 Алматы облысы бойынша жұмыспен қамту жағдайын талдау . . . 34

2. 2 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасын шешуде «Жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы . . . 41

2. 3 Қазақстан Республикасындағы жастарды жұмыспен қамту проблемалары 46

3 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 54

3. 1 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамуды жетілдіру

Жолдары . . . 54

3. 2 Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары . . . 58

Қорытынды . . . 66

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 68

Кіріспе

Өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Қазақстанда отандық әлеуметтік статистика басқаратын жұмысбастылық туралы мәліметтер өте шектеулі. Бұл біздің күнделікті өмірімізде кездесетін келесідей жағдайлардан көрінеді: бір жағынан ашық жұмыс уақытысы бар тұлғалар, төмен жалақыға ие болады және қосымша жұмыс іздейді; келесі жағынан кәсіпорындағы жұмысбасты тұлғалар төменгі еңбек интенсивтілік пен табысты бөлетін сұраныстың жетіспеушілігін бастан кешіреді.

Халықты еңбекпен қамту стратегиясын жүзеге асыру бағыты Президенттің әр жылғы Жолдауларында маңызды сұрақтардың біріне айналған. Оған дәлел биылғы 2011 Жолдаудағы (28. 01. 2011 «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!») айтылғаны - «Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында екі жыл ішінде халық жұмыспен қамтамасыз етілді, жұмыссыздық деңгейі қысқарды және Қазақстанның қалалары мен ауылдарында инфрақұрылым жақсарды [1] .

Халықты еңбекпен қамтуды көздейтін «Жол картасы» бағдарламасы жаңа жұмыс орындарын ашуға арналған. Сонымен қатар, оның тағы бір артықшылығы бар: коммуналдық шаруашылықты ретке келтіру және жолдарды, әлеуметтік нысандарды жөндеп алу мүмкіндігі туып отыр. Әсіресе, ауыл-аймақтағы нысандар жөндеуден.

2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Ел басы жұмыспен қамту мәселесіне тағы да тоқталып, кейбір жетістіктерді атады. «Жұмыссыздық деңгейі 6, 3%-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5%-дан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген міндет қоямын» [2] .

«Жол картасы» бағдарлама аясында Алматы облысында 19847 жұмыс орындары құрылды. «Жол картасының» облыста оңтайлы іске асырылуы өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жеткізді. «Жол картасының» басталуына дейінгі кезеңде жалпы жұмыссыздық деңгейі 6, 8 пайызды құраса, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша ол 6, 3 пайызға төмендеді.

Ауыл жастарының негізгі мәселелері ауылдың ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланысты. Соның салдарынан көптеген оқу орындарының түлектері ауылдық жерлерге қайта оралғысы келмейді. Мамандығы бойынша жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жалақы деңгейінің төмендігі, ауылдағы мәдени шаралардың өткізілуі күрделі мәселеге айналып отыр.

Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.

Жұмыспен қамту саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Ш. К. Көпешов, Ж. К. Қорғасбаев, А. К. Қошанов, А. Қатарбаева, Н. К. Мамыров, М. К. Мельдаханова, А. Қ. Мейірбеков, А. Б. Молдашев, Т. Ж. Нұрымбетов, Н. А. Омаров, М. Э. Тілеужанова, Ө. Қ. Шеденов және т. б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.

Дипломдық жұмыстың мақсаты халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдарын анықтау. Зерттеу мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

- халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;

-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;

-Алматы облысындағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;

- жұмыссыздық себептері мен әлеуметтік - экономикалық салдарын анықтау;

- Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасын шешуде «Жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы көрсету;

- Қазақстан Республикасындағы жастарды жұмыспен қамту проблемаларын айқындау;

-жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары негіздеу;

- экономиканың жаһандануының негізгі бағыттары мен олардың ұлттық еңбек нарығына тигізетін әсерін қарастыру.

Зерттеу пәні болып халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.

Зерттеу объекті халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынастар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, графикалық өңдеу, статистикалық, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.

Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Алматы облысы статистикалық басқармасының және Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ: МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ

1. 1 Жұмыспен қамту мәні мен ерекшеліктері

"Толық жұмысбастылық" ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен қамтамасыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі бір жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады.

Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатынына байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады - бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.

Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясында қабылданған қарарына сәйкес экономикада жұмыспен қамтылғандарға зерттелген аптада сыйақы үшін жалданып, сондай-ақ өз бетінше жұмыспен қамтудан табыс әкелетін жұмыс істеген (ең болмаса аптасына бір сағат), 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық санына жұмыста уақытша болмаған, бірақ оған ресми тіркелген адамдар да жатады. Уақытша болмаған себептеріне еңбекке уақытша жарамсыздық (ауру), жүктілігі және босануы, балаға күтім жасау бойынша демалыстар, жыл сайынғы еңбек немесе оқу демалыстары және басқалары болуы мүмкін.

Жұмыспен қамту деңгейі жұмыспен қамтылғандар санының экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына қатынасы ретінде есептеледі. Ол 15 және одан жоғары жастағы барлық халық санында жұмысы бар (табысты кәсібі) халықтың үлесі ретінде анықталады.

Осы көрсеткіш еңбек рыногындағы өндірістік қызметінде халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін сипаттайды және уақыттың сол немесе өзге де сәтінде қызмет көрсету мен тауарларды өндіруге қатысатын ел тұрғындарының бөлігін анықтауға көмектеседі.

Жұмыспен қамту көрсеткіші әр түрлі елдердің немесе олардың топтарының еңбек рыногын салыстыру үшін база ретінде қолданылады. Ол ерлер мен әйелдер үшін, сондай-ақ әр түрлі жас топтары үшін жеке есептелінеді. Жыныс белгісі бойынша жұмыспен қамту деңгейін талдау ерекше мүддені көрсетеді, өйткені ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамту деңгейлерінің салыстырмалы ұқсастығы немесе алшақтығы нақты елдің еңбек рыногында қалыптасқан гендерлік айырмашылықтарын сипаттайды.

Жұмыспен қамту мәртебесі үш маңызды санаттар арасында жұмыспен қамтылған халықтың айырмашылықтарын жүргізеді:

жалданып жұмыс істейтіндер (жаладамалы қызметкерлер) ;

жалданып жұмыс істемейтіндер (өз бетінше жұмыс істейтіндер) ;

отбасына көмектесетін мүшелері (сондай-ақ, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері деп аталатындар) .

Осы үш топтардың әрқайсысы жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халықтың ерлер мен әйелдер санындағы тиісті үлесі түрінде көрсетілген.

«Жалданып жұмыс істемейтіндер» тобы келесі кіші санаттарды қосады:

жалдамалы қызметкерлерді тартумен жалданып жұмыс істемейтіндер (жұмыс берушілер) ;

жалдамалы қызметкерлерді тартусыз (өзінің есебінен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер) жалданып жұмыс істемейтіндер[3, 67б. ] .

Мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандардың жіктелімі еңбек рыногының, сондай-ақ тұтас алғанда экономиканың серпінін зерделеу үшін маңызды. Жұмыспен қамту мәртебесі қызметкерлердің мінез-құлығын және еңбек жағдайын сипаттау үшін, сондай-ақ индивидуумның әлеуметтік-экономикалық ережелерін анықтау үшін статистикалық негізді береді. Жалданып жұмыс істейтіндердің жоғары үлесі экономикалық дамудың жоғары деңгейі жөнінде куәландырады.

Егер жалдамалы еңбекті тартуды талап етпейтін өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары болса, бұл ресми сектордағы жұмыс орындарының өсу қарқынының төмендеуін және бейресми секторда олардың өсу қарқынының жоғарылауын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың елеулі үлесін отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері құрайтын мемлекет ең алдымен нашар дамыған болып табылады және жұмыспен қамту өсуінің елеулі емес қарқынымен, барлық жердегі кедейшілікпен және көбінесе, ауыл шаруашылық өндірісінің басымдылығы кезінде өндірістік индустрияның жоқтығымен сипатталады.

Басқару - кешенді, өте күрделі және өзіндік ерекшелігі бар процесс. Сондықтан, басқару мәселелерін зерттеушілердің көпшілігі оны табанды түрде меңгеруді қажет ететін ғылым деп атайтыны кездейсоқтық емес.

Басқарудың теориялық және қолданбалы мәселелеріне шетелдік әдебиеттерде де үлкен назар аударылуда. Өндірісті басқарудың қолданбалы аспектілерінің негізін қалаушысы ретінде Ф. Тейлор болып саналады. Ф. Тейлор қалыптастырған басқарудың ұйымдастырушылық-технологиялық көзқарасы Г. Л. Ганттың, Л. Гильберттің, Г. Эмерсонның, Г. Фордттың және басқалардың еңбектерінде терең қарастырылған.

ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңында американдық ғалымдар Э. Мэйо мен Ф. Роэзлизбергер «адамдық қатынастар» тұжырымдамасын алға тартты және оның мәні еңбектің өнімділігі тек тікелей өндірісті ұйымдастыру әдістеріне ғана байланысты емес, ол басқарушының орындаушыларға қалай қарайтынына да байланысты, яғни механикалық факторға емес, адамдық факторға сәйкес. Авторлар «ғылыми басқару» теориясына сәйкес, биліктің жоғарғы қабаттарында қабылданған шешімдер шығармашылықты құлдырытады, жұмысшылардың дербестігін шектейді, және олардың дамуын тежейді, жұмысшылар мен олардың басшылары арасында антагонизмді (немесе қарама-қайшылықты) тудырады, ал ол өз кезегінде өнімділікке әсер етеді деп айтқан. Еңбек ресурстарын басқарудың мұндай концепциясы болашақ басшыларды басқару мен дайындау тәжірибесінің эволюциясына айтарлықтай үлес қосты.

Еліміздегі экономика дамуының қазіргі заманғы деңгейі барлық деңгейлерде басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдістеріне өтуімен сипатталады. Экономикалық шаралар халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға көмек көрсетудің барлық негізгі бағыттарын қаржыландыруды қарастырады. Бұған кіретіндер: жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру, жеңілдетілген салық салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға несие беру, әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу, сонымен қатар бос жұмыс орындарын жасырғаны үшін, жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшін айып салу түріндегі экономикалық санкциялардың қолданылуы [4, 86б. ] .

Басқарудың экономикалық әдістері әкімшілік ықпал ету шараларынсыз, қандай-да бір мақсаттарды шешуде басқарылатын объектінің экономикалық мүдделілігін ынталандыратын, құралдар мен күштерді пайдаланумен тығыз байланысты. Халықты жұмыспен қамту ісіне қатысты басқарудың экономикалық әдістерін қолданудың өрісі айтарлықтай кең. Ол өзіне кәсіпорынның қызметкерлері үшін ақы төлеудің, жер ресурстарын пайдаланғаны, су ресурстарын қолданғаны үшін, айыппұл төлетудің түрлі нормативтерін белгілеудің негізінде, үкіметтің және өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарының қарым-қатынасында шаруашылық есептің енгізілуін қарастырады. Кәсіпорынның қажетті кадрларды дайындайтын оқу орындарымен, сонымен қатар оларды қайта даярлау орталықтарымен шаруашылық есеп қатынастарын кеңейту туралы жұмыс атқарылуы қажет.

Еңбек ресурстарын басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің үйлесімділік негізі - басқарудың ұйымдастырушылық әдістері болып табылады. Еңбек ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық әдістерінің мәні еңбек ресурстарын басқарудың жүйесінде қосымша құрылымдарды ұйымдастыру арқылы, басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің жүзеге асырылуында. Сонымен қатар, басқарудың ұйымдастырушылық әдістері басқару объектісі сияқты субъектісінің де іс-әрекеттерін ұйымдастырудың нақты тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттар түрінде жүзеге асырылады.

Осылайша, еңбек нарығын реттеудің тиімді механизмін құру оның барлық кешенді түрдегі құрылымдық элементтерінің өзара әрекеттесуін қарастырады. Осындай жағдайда ғана жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықты азайтудың ең қолайлы мүмкіндіктері құрылуы мүмкін.

Еңбек ресурстарын басқару - бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және оның салалар арасындағы тиімді бөлінуіне, сонымен қатар экономиканың білікті мамандарға сұранысын қанағаттандыруға бағытталған өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі екі деңгейден тұрады: сыртқы еңбек нарығында еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің (өңірдің) деңгейінде жүзеге асырылады, ал ішкі нарықта - әр бір бөлек алынған кәсіпорынның деңгейінде. Еңбек ресурстарын басқару, жүйе ретінде, бөлек-бөлек қосалқы жүйелерден, ал олардың әрқайсысы бірнеше бағыттар мен элементтерден тұрады, олар қосалқы жүйелерді құрайды және бүкіл жүйеге жалпы ықпал жасай отырып, жеке-дара мағынаға ие болады. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі үш қосалқы жүйелерден тұрады (сурет) .

Қазіргі заманда «елдің еңбек ресурстары» ұғымына жаһандану процестері түбегейлі өзгерістер енгізуде. Осы кезеңдегі елдің экономикалық өміріне көшіп қонушылар, жұмыс іздеп келгендер, айтарлықтай үлкен рөл атқаруда, олар күмәнсіз, елдің болжамды және нақты адами ресурстарына жатқызылуы мүмкін. Одан басқа, мемлекеттің ұлттық байлығын құруға, оның экономикалық өсуіне отандық ұлттық компаниялардың филиалдарында, еншілес кәсіпорындарында жұмыс істеп жатқан басқа елдің еңбек ресурстарының бір бөлігі де қатыса алады.

Еңбек әлеуеті деп адамның табиғи және жинақталған қасиеттерінің, мүмкіндіктерінің, білім мен тәжірибе қорының, сапасының жиынтығын түсіну қажет, олар жалпы алғанда адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмірлік игіліктерді құру мақсатында, өндірістік еңбек іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін арналған күштерді құрайды.

Сапалы аспектілердің көзқарасынан қарағанда, еңбек әлеуеті ретінде адамның табиғи және жинақталған қасиеттерінің, мүмкіншіліктерінің, білімі мен тәжірибе қорының, сапасының жиынтығы деп түсіну керек, олар адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратып, өмір сүру игіліктерін құру мақсатында еңбек іс-әрекеттерінің өнімділігін жүзеге асыру үшін арналған күштерді жалпы түрде қалыптастырады. Санды көрсеткіштері бойынша еңбек ресурстарының саны еңбек әлеуетінің санымен сәйкес келмейді, тіпті біршама одан жоғарырақ болады.

Еңбек ресурстарын өңірде басқару

Халықтың ұдайы өсу

процесін басқару

1. Еңбек ресурстарын Еңбек ресурстарын

құру дайындау процесін басқару

Еңбек ресурстарын бөлу

процесін басқару

2. Еңбек ресурстарын бөлу процесін басқару Жұмыс орындарын ашу

процесін басқару

Еңбек реурсын қайта бөлу

Техникалық процесті басқару

3. Еңбек ресурстарын пайдалану

процесін басқару Еңбек экономикасын басқару

Сурет 1. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі

Қайнар көзі: Кайранбеков Б. Еңбек ресурстарын қолдану механизмдерін жетілдіру // Қазақ ұлттық аграрлық университетінің хабаршысы-2008. -№3. -58-62бб.

Осы көрсеткіш экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Экономикалық өсу шамасына қарай жұмыспен қамтылған халық ауыл шаруашылық секторынан өндірістік секторына және қызмет көрсету саласына ауысады, бұл өз кезегінде жалданып жұмыс істейтіндер санының өсуіне мүмкіндік береді.

Кәсіптегі жағдайы бойынша халықаралық жіктелімге (жұмыспен қамту мәртебесі - ЖҚМХЖ) сәйкес төменде көрсетілген санаттарға бөлудің негізгі критерийлері ретінде экономикалық тәуекел түрлері қолданылады. Оның элементтері адам мен жұмыс орны арасындағы институционалдық байланыстың беріктігі және еңбек шартында (келісім-шартында) көрсетілген кәсіпорын мен басқа да қызметкерлердің қатынасындағы өкілеттіктер типі болып табылады [5, 58б. ] .

Қазақстанда ұғымдар мен анықтамалар халықаралық стандарттарға, атап айтқанда жұмыспен қамтылғандардың келесі санаттары бойынша негізделген:

Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер - еңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және т. с. с. түрде немесе заттай нысанда ақы (сыйақы) төлеу қарастырылған жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Өз бетінше жұмыспен қамту- бұл сыйақы мөлшері тікелей қызмет көрсетулер мен тауарларды өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамту.

ЖҚМХЖ сәйкес өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдардың келесі топтары анықталған:

Жұмыс берушілер - өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.

Өз бетінше жұыс істейтін қызметкерлер - өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктестерпен жұмыс істей отырып, өз бетінше жұмыспен қамту негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар.

Отбасының ақы төленбейтін қызметкерлері - туысы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) әдетте сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар.

Өндірістік кооператив мүшелері - кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, еңбек кооперативінің мүшелері болып табылатын адамдар.

Экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші барлық жұмыспен қамтылғандарды өзінің еңбегін жұмсаған үш негізгі салаға бөледі: ауыл шаруашлығында, өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандар. Салалық бөліністе жұмыспен қамту туралы деректер жұмыспен қамту құрылымында негізгі өзгерістер айқындалғанда және экономиканың даму сатысын анықтағанда ерекше мағынаға ие болады. Әрбір ірілендірілген салалық топтар (секторлар) үшін жұмыспен қамту жалпы жұмыспен қамтудың тиісті үлесі түрінде анықталады. Көрсеткіш жұмыспен қамту серпіні мен деңгейіндегі айырмашылықтарын атап көрсете отырып, әрбір сектордағы жұмыспен қамтудың өсу және қысқарту үрдістерін көрсетеді.

Секторлар арасында жұмыспен қамтылғандар ағыны - өнімділік тренділерін талдаудың маңызды факторы. Олар жеке сектор ішіндегі өнімділіктің өсу қайнар көзін және төмен өнімділік саласынан жоғары өнімділік саласына қызметкерлердің ауысуы нәтижесінде секторлар арасында жұмыс күшінің көшуін анықтауға мүмкіндік береді. Кейіннен жеке салаларға (қызмет түрлеріне) бөлуі әрбір аталған сектолардың ішінен жұмыспен қамту серпінін байқауға мүмкіндік береді.

Жыныс белгісі бойынша көрсеткішті бөлу экономика салалары бөлінісіндегі ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Салалар бойынша ерлер мен әйелдер біркелкі бөлінген бе немесе әйелдер сандық жағынан жалақы мөлшері өнеркәсіпке қарағанда жалақы мөлшері орта есеппен төмен қызмет көрсету саласында басымырақ па?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық мәселесі
Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсу себептері
Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы
Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық салдары
Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Карантин уақытындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамту
Қазақстандағы жұмыссыздық, бүгінгі таңдағы жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz