Мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.

3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы бүгінде дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді.
Курстық жұмыс мемлекет теориясына, құқық теориясына негізделген. Курстық жұмыстың ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2030 жылға дейін даму стратегиясы, Уваровтың «Мемлекеттік басқару теориясы» және Жоламановтың «Мемлекеттік және құқық негіздері» кітабы құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР Конституциясы.
2. 2030 жылғы ҚР даму стратегиясы.
3. Жоламанов Қ.Д., «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2004 ж.
4. Нұрпейсов Е.Қ., Котов А.К., «Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік билікке дейін», Оқу құралы, Алматы, «Жеті жарғы», 1996ж.
5. Уваров, «Теория государственного управления», М. 2002 г.
6. «ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері», Оқулық, Алматы, 2003ж.
7. В.Е .Чиркин, «Государственное управления», Юристь, М. 2002 ж.
8. И.Мунтьян, В.Поп, «Новые правилы игры в старых условиях», М. 2003 г.
9. Ә.Қасенова, Мемлекеттік басқарудағы ақпараттық технология, «Ақиқат», 2004ж. №11
10. Найманбаев.С., Мемлекеттік басқару, маңызы және ерекшелігі, «Ақиқат», 2000ж. №5
11. Нұрғасиев.С., Мемлекеттік басқарудың кәсібилігі бағытында, «Қазақстан жоғары мектебі», 2000ж. №3
12. Мұқышев.Ж., Мемлекеттік басқару органдарын жетілдіру – уақыт талабы, «Қаржы-қаражыт», 1996 ж. №3
13. Ә.Тоқтыбеков, Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің жолдары:тұжырымдамалар мен әдістер, «Ақиқат» 2003ж. №1

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
2. Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын
қызметтері
3. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.

3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы бүгінде дамыған
демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып
басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы
жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы
нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік
қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы
зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді.
Курстық жұмыс мемлекет теориясына, құқық теориясына негізделген.
Курстық жұмыстың ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының
Конституциясы, 2030 жылға дейін даму стратегиясы, Уваровтың Мемлекеттік
басқару теориясы және Жоламановтың Мемлекеттік және құқық негіздері
кітабы құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын
іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік
басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология
арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық
міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз
ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті
пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы
басқа елдерде қарқынды дамуда.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

1. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі

Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі
миллиондай жыл болды қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес
адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын
құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл
бұрын қазіргі типті адамдар (хомосапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене
құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы,
тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс
бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі
бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған
сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп прогрестің жаңаруы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге
бөлінді: 1.Жабайы адам дәуірі – б.з.д.40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар
табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын:тас, сүйек,ағаш.
Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың,
қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып,
экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды
игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды. 2.
Экономиканың қолдан жасау дәуірі – б.з.д.12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл
кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-
сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік
қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы
сертификациялық қоғам,рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар
өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы –
экономиканың негізгі сипаты: қоғамдық еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық
бөліс,қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа,одақ,
бірлестіктер. Қоғамды басқару және әлеуметтік нормалар – қоғамдық күрделі
мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған.
Күнделікті мәселелерді шешіп басқару үшін ру басшылары сайланып отырған.
Тайпа, одақ, бірлестіктерді ру басшыларының кеңесі басқарған.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық
басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл обьективтік даму процесінің
күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс – б.з.д. 15-10
мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезде малшылық пен егіншілік қалыптасты,
ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді., адамның тәжірибесі өсіп,
молайды. Қоғамдық байлық қалыптасып, оны иемденетін топтар, таптар пайда
болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге
әкелді.Б.з.д. 5-4 мыңжылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару
үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқы тарихы туынды
қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Сонымен құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі
обьективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы;
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен
мемлекеттің өмірге келуі.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке
меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің
туындысы.Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекеттің нәтижесі
ретінде қалыптасып, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайда өкіметтің күш-қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі
де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті
дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет
болды.
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы
іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек
болды.
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту
үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды.
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық
тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекет – бұл елдің барлық территориясына және оның халқына өзінің
билігін толық тарата алатын және сол үшін арнайы аппараты бар белгілі
тәртіп шығаратын және тәуелсіздігі бар қоғамның біртұтас саяси ұйымы.
Аристотель мемлекетті ерекшелеудің келесі критерийлерін ұсынды:
1 Мемлекеттегі билік етушілер саны
2 Мемлекеттің алға қойған мақсаты
Бірінші белгі бойынша:
1 Бір адамның басқаруы
2 Мұрагерлік басқару
3 Бірнеше адамның басқаруы
Екінші белгі бойынша:
1 Дұрыс мемлекет, яғни қоғамның жалпы игілігін жақсартуға бағытталған
мемлекеттік билік
2 Дұрыс емес мемлекет жеке мақсатқа жету үшін бағытталған мемлекеттік
билік.
Мемлекеттерді типтерге бөлу нысандармен тығыз байланысты. Мемлекеттің
нысандары 3 өзара байланысқан нысандардан тұрады:
1 Басқару нысаны
2 Мемлекеттік құрылым нысаны
3 Мемлекеттік тәртіп нысаны.
Басқару нысаны жоғарғы мемлекеттік билік органдардың құрылымын
көрсетеді және олардың арасындағы қарым-қатынастарының құрылуы мен
таратылуын білдіреді. Мемлекеттік басқару нысаны екіге бөлінеді:
1 Монархиялық
2 Республикалық
Монархия-бұл жоғарғы мемлекеттік билік жеке түрде мұрагерлікке
берілетін билік нысаны.Оның негізгі белгілері мыналар:
1 Өмір бойы билік жүргізетін жеке дара мемлекет басшысының болуы
2 Жоғарғы билік мұрагерлікке тәртіп бойынша беріледі.
3 Мемлекеттік билік монархтың көзқарасы бойынша өзгереді.
4 Монархты заң алдында жауапкершілікке тарта алмауы.
Республика – бұл халық белгілі бір кезеңге өзі сайлайтын және
мемлекеттік билік тандау арқылы жүзеге асырылатын басқарудың ерекше нысаны.
Негізгі белгілері мыналар:
1 Мемлекеттік билік біржақты және коллектив арқылы жүзеге асады.
2 Мемлекет басшысы мен жоғарғы мемлекеттік билік органдыраның мүшелері
белгілі уақыт кезеңіне сайланады.
3 Мемлекеттік билік өз еркімен емес халықтың ұсынысымен жүзеге асады.
4 Мемлекет басшысының заңда қарастырылған құқықтық жауапкершілігі бар.
5 Олардың шешімдері бәріне міндетті болып табылады және олар
азаматтардың қызығушылықтарын қорғайды.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл орталық және жергілікті мемлекеттік
органдар мен мемлекеттік билік арасындағы және олардың құрам бөліктерінің
арасындағы өзара қатынастарды сипаттайтын мемлекеттің ұлттық
административтік(әкімшілік)құрылымы .
Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша барлық мемлекеттерді 3 негізгі
топқа бөлуге болады:
1 Унитарлы
2 Федеративті
3 Конфедеративті
Унитарлы мемлекет дегеніміз – тұтастай басқарылатын, яғни биліктің
орталық органдарына бағынатын әкімшілік – территориялық бірліктерден
тұратын біртұтас мемлекеттік құрылым. Оның келесі белгілері бар:
1 Унитарлық құрылым барлық ел үшін біртұтас сәйкес органдарға
басшылық ететін өкілетті, атқарушы және соттық органдарының болуы.
2 Унитарлы мемлекет территориясында бір Конституция, заңдылықтың
біртұтас жүйесі және бір азаматтық тәртіп әрекет етеді,
3 Унитарлы мемлекеттің құрам бөліктері мемлекеттік суверенитетке ие
болмайды.
4 Унитарлы мемлекетте мемлекеттік билік пен органдары басшылық ететін
біртұтас қарулы күштері болады.
Федерация – бұл бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бір одақтық
мемлекетке өз еркімен бірігуі. Оған тән сипаттар:
1 Федерация территориясы оның жеке субьектілерінің жеке
территориясынан құрылады.
2 Одақтық мемлекетте жоғарғы заңдылық атқарушы және соттық билік
федералды мемлекеттік органда болады.
3 Федерация субьектілері өзінің жеке конституциясын қабылдау құқығына
және жоғарғы мемлекеттік заңдылықты атқарушы және жоғарғы соттық органдарын
құру құқығына ие.
4 Федерациядағы негізгі мемлекеттік сыртқы саяси іс-әрекетті одақтық
мемлекеттік органдар жүргізе алады.
Конфедерация – бұл өздерінің жалпы қызығушылықтарын қамтамасыз ету
үшін құрылған тәуелсіз мемлекеттердің уақытша одағы.
Мемлекеттік тәртіп нысаны бойынша барлық елдер демократиялық және
антидемократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық тәртіп – құқықтық мемлекеттерде қалыптасады.Ол жеке
тұлғалардың дамуын қамтаммасыз етеді, заңдар көмегімен оның қызығушылығын
қорғайды. Келесі белгілері бар:
1 Экономикалық іс-әрекет саласында тұлғалар еркіндігі.
2 Азаматтардың жеке құқықтары мен еркіне кепілдік беріледі.
3 Жеке тұлғалардың құқықтары әрқашан құқық қорғау органдарымен
қорғалып отырады.
4 Тұлға мен қоғамның дамуының обьективті қажеттілігін көрсететін
заңдарға негізделеді.
Антидемократиялық тәртіп келесі жағдайлармен сипатталады:
1 Мемлекет өзінің құрамына кіретін әртүрлі басқару органдарының
көмегімен жеке тұлғаны басып тастайды, құқықтарын қорғамайды және еркін
дамуына кері әсерін тигізеді.
2 Барлық қоғамдық өмір саласына мемлекет қатаң бақылау жүргізеді.
3 Барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекетсіздендіреді.
4 Жеке тұлға өзінің субьективті құқықтарынан айырылады.
5 Мемлекет құқықтарын халыққа кері бағытта қолдана алады.

2. Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын
қызметтері

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді.Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеу жасап келеді.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың қысқаша
мазмұны келесідей:
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді.Бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды.Мәселені
дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы
ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны
ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен тағы басқалар.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекет басшысына айналады. Отбасы басшысы - әке,
мемлекет басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі
Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды(Фильмер,
Михаиловский тағы басқалар).
Органикалық теоия – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д.
IV-III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли,
Г.Спенсер, Вормс, Прейс тағы басқалар. XIX ғ. ғылым жетістіктеріне сүйене
отырып, бұл теория – адам қоғамы да табиғаттың обьективті даму заңдарына
сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады.Мемлекет Үкіметі – адамның басы-
миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады.
Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғ.ғ.
қалыптасты.Өкілдері:Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза,
А.И.Радищев тағы басқалар. Теория мазмұны адамдардың өздерінің табиғи
құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау, т.б.). Оны ешкім жоя
алмайды, яғни зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде
адамдардың арақатынасында қаишылықтар басталды. Сондықтан қоғамда
бостандықты, әділеттікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап
мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің конституциясына кіреді деп
түсіндіреді.
Психологиялық теория – XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Л.Гумплович,
К.Каутский, Е.Дюринг тағы басқалар. Теория мазмұны: күшті рулар, тайпалар
өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап
өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп
түсіндіреді.
Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық
тұрғыдан түсіндіреді.Себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің,
жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі,
қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи
өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсаттарарды қорғауы. Кемшілігі – мемлекет
пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын
жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін
болжаудағы қателіктері.
Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы
деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:
1. Экономикалық функция – мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдарын,
тәсілдерін көрсету.
2. Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі –
халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы
дәрежеде дамыту.
3. Қаржы реттеу функциясы – қоғамдағы барлық азаматтардың,
бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен
кірісін реттеп басқарып отыру.Бюджеттің дұрыс пайдалануын қаржы
министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады.
4. Мәдениет бағытындағы функция – адамдардың денсаулығы, рухани сана
– сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер,
музыка, ғылым, тәрбие және тағы да басқа мемлекеттің тұрақты
бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.
5. Экологиялық функция – бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен
бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да
өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды
қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек
күттірмейтін міндет.
6. Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы – қоғамда мемлекеттің,
бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын
әділетті, ғанибатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны
қалыптастыратын, реттеп басқаратын мемлекет және оның органдары.
7. Қоғамдағы тәртіпті қоғау функциясы – бұл мемлекеттің органдары
қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың
бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға
мүмкіншілік қалыптастыру.
8. Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы. Қазіргі заманда
қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы қарөынды түрде
дамуына толық мумкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік
бюджетке тапсыру.
Мемлекеттің сыртқы функциялары:
1. Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда
мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға,
байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар
құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б. іс-әрекеттер
жасау.
2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық
мәселені бейбітшілік жолмен шешу.
3. Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми-
техникалық, мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру және т.б.
жолдарын іздестіру.
4. Дүниежүзілік, ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл
мәселені реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекеттер қатысулары
керек.
5. Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені
жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу.
3. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

Басқару – бізді қоршаған ортаның универсалды (әмбебап) және қажетті
элементі. Кең мағынада – бұл объектілік жағдайдың, тәртіптің сапасын
өзгертетін, субъектінің объектіге әртүрлі әдіспен әсер етуі.
Мемлекеттік басқару әлеуметтік іс-әрекеттің анықталған түрі ретінде
кең және тар мағынада түсініледі. Тар мағынада – бұл мемлекеттің әкімшілік,
атқарушы-басқарушылық іс-әрекеті. Бұл позицияда мемлекеттік басқару,
негізінен, әкімшілік құқықпен оқытылады. Оның объектісі – мемлекеттік
басқарудың құқықтық формасы. Кең мағынада – бұл мемлекеттің
ұйымдастырушылық, нұсқаулық іс-әрекеті, әртүрлі қоғамдық қатынастарды
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының әрекеті жолымен мемлекеттік
реттеу.
Басқару әрқашан билікті пайдаланумен байланысты. Биліктің келесі
түрлері бар: жекелік, персоналды (мысалы, отбасында немесе басқарушы мен
қызметтер қатынасында), корпоративті (соған ерікті кірген адамдарға ғана
таратылатын жалпы ұйымның билігі) және әлеуметтік, қоғамдық – қоғамда
белгіленетін билік. Политологияда қоғамдық билік әртүрлі позицияда
қарастырылады: темалогиялық (бірлік мақсатқа жету), психологиялық
(себептер), бихевиористік (өзін-өзі ұстауы), субъекті-объективті (қарым-
қатынас), жүйелі-кибернетикалық (әлеуметтік коммуникация құралы), құрылымды-
функцияналдық (белгілі бір ұйым көрінісі), заңды (конституциялық құқықтың
анықталған институты) және т.б.
Қоғамда биліктің әртүрлі түрлері болуы бірден қабылданды. Ескі заман
және ортағасырлар авторлары үшін билік түсінігіне синкретикалық келу
сипатты болады. Ерекше әлеуметтік, қоғамдық биліктің бөлінуі жазушы-
утопистер мен энциклопедистердің іс-әрекетімен байланысты. Осы уақыттағы
өлеңдерде халықтың билігінің болуын сұрады.
Мемлекеттік билік қоғамдық билік ретінде, біріншіден, әлеуметтік
сипаттағы әсер ету формасынан ерекшеленеді. Бұл ойды немесе ораторлық
талантты көрсететін билікке қарағанда тіптен бөлек құбылыс, жағдай және
қарым-қатынас. Құбылыстың бағалы сапасы табиғи мәліметтер қажетті тәртіпті
билік, міндеттеу жолымен анықтамайды. Олар тек тәртіптің қозғаушы
себепттерінің бөлігі болып табылады. Мұндай себептер табиғи сипатта болады.
Жалпы ереже бойынша қоғамдық биліктің әр түрлі көрініс алатын тек
жалғыз керемет ұжым болады – саяси, публикалық.Бұл әлеуметтік –
ассиметриялық қоғам. Саяси билік өзінің көрінісін мемлекет билігінен алады.
Бірақта, саяси билік мемлекетпен байланысты болғанымен, оны мемлекеттік
биліктен айыру қажет. Біріншіден, кез-келген мемлекеттік билік саяси
сипатта болады, бірақ кез-келген саяси билік мемлекеттік болып
табылмайды.Екіншіден, саяси билік – бұл халықтың белгілі бір кластың,
әлеуметтік бөліктің құралдары. Мемлекеттік билік – мемлекеттік құралдары,
оның атымен оны мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметткерлер
орындайды.Үшіншіден, мемлекеттік емес саяси билік және мемлекеттік саяси
билік орындаудың әртүрлі механизмін алады. Саяси билік қызығушы топтар іс-
әрекеті жолымен іске асырылады.Мемлекеттік билік түрленген, ол
мамандандырылған мемлекеттік аппараттар (парламент,үкімет,соттар және т.б.)
арқылы іске асырылады. Төртіншіден, тек мемлекеттік билік қана заңды түрде
бекітілген және барлық қоғам атынан жүреді. Ал саяси билік ондай іске бара
алмайды.
Осылайша, мемлекеттік билік - әлеуметтік – саяси негіз болып табылады.
Бұл үлкен әлеуметтік қоғамда (халық, класс, әлеуметтік бөлік) саяси билікті
көрсетудің негізгі формасы. Ол ассиметриялық қоғамның функциясы ретінде
жүреді, қоғамдық қатынастарды құқық арқылы реттеу үшін маманданған аппараты
болады.
Мемлекеттік билік – тек әлеуметтік – саяси көрініс емес.Заңдық
көзқарас бойынша бұл, сонымен қатар, конституциялық құқықтық институты,
яғни берілген әлеуметтік көрінсті заңды позициясынан реттейтін құқықтық
нормалар жүйесі. Осы нормалар мемлекеттік биліктің сипатын, мемлекеттік
билік органдарының жүйесін оның іс-әрекет әдісін, тапсырмаларын және
қызметін бекітеді.
Мемлекеттік биліктің оның сипаты, іс-әрекет шегі, тапсырмалары, іске
асыру әдістері, органдар жүйесі бойынша бірнеше түрлері бар. Әлеуметтік
сипат бойынша халықтық билікті және белгілі бір әлеуметтік кластың,
бөліктің билігін бөледі. Сонымен қатар, демократиялық және демократиялық
емес биліктер бар. Демократиялық мемлекеттік билік көптеген тұрғындардың
қызығушылығын көрсетеді және билікті бөлу, адамның құқығын сыйлау,
жергілікті өзін-өзі басқаруды, құқықтық мемлекетті мойындау және әртүрлі
принциптерге сәйкес орындалады.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекетті басқару түсінігі әртүрлі мағынада
қолданылады. Тар маманды мағынада бұл термин мемлекеттік органның және
лауазымды тұлғалардың өзіндік басқарушылық іс-әрекетін білдіреді.
Басқару, яғни обьектінің (тұлға, ұжым, бөлімше және т.б.) іс-
әрекетінің бағыты басқарушы субьектпен (мемлекеттік органдар, лауазымды
тұлғалар және т.б.) қойылған мақсаттарға жетумен орындалады. Мақсатқа жету
– басқарушылық іс-әрекеттің басты нәтижесі, оның нәтижелілігі. Бірақ та
нәтижелілік категориясында баға басымды ресми сипат алады. Егер мақсатқа
жетуге кеткен күш есептелмесе, кеткен күштер тиімділік категориясымен
бағаланады.
Тиімділік – мақсатқа қысқа уақыт аралығында төмен шығынды ресурстар
және басқарушылық энергия жұмсаумен жету.
Мемлекеттік басқарудың да қатысушылары, яғни субьектілері мен
обьектілері бар.Мемлекеттік басқару субьектілері – бұл басқару қызметін
жүзеге асыратындар. Оған экономикалық саланы, әлеуметтік саланы, әкімшілік
– саяси құрылымдарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жатады.
Мемлекеттік басқару обьектілері – бұл басқарылатын салалар, ұйымдар
және жалпы халық.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері 15 жыл өтті. Тарих
ауқымын алғанда бұл – уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыт ішінде, әлбетте,
мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын.
15 жыл бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын оқиғаларды
бойына жинақтаған уақыт болды.
Қазақстан Конституциясы (30.08.1995ж) мемлекеттілігіміздің беріктігін
нығайта түсті,билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде
бекітті. Азаматтық қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталуының
кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.
Экономика да өзгеріп жатыр.Жыл өткен сайын ұлттық нарық толыққанды
бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық комплексі қалыптасты. Қазақстан
халықаралық нарыққа да жан-жақты араласуда.
Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік
қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі, БҰҰ-ның мүшесі
болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне
танылды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық
және үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды.
Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші
дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды,
қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттік
билік қалыптасты. Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көіңл-күйіне,
ұлттық сананың түлеуіне байланысты салалар да біршама күрделі жұмыстар
атқарылды, Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық
мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің Конституциямызда баянды етілген.
Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына,
жынысына,тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайна, әлеуметтік
тегіне, тұоғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке
мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан
құқықтар мен бостандықтар тендігіне кепілдік беріліп, азаматтарды
кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.
Адамдарды патриотизмге, азаматтылыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық
қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмейтін негізгі міндеті. Азаматтық келісім
негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың
бірлігі дамып келді. Нақ осының арқасында көптеген елдер дағдарыс пен
жоқшылықты бастан кешіре білді.Келешекте біз де дағдарыстан шығып,
экономика мен әлеуметтік жағдайды жақсартып, құқықтық демократиялық
мемлекет орнатып, дамыған елдердің қатарында боламыз.
Бүгінде Қазақстан Республикасы, қазақтың тәуелсіз мемлекеті деген
атауымыз бар. Тәуелсіздіктің демократиялық дәстүрі, құқықтық тетігі, мәдени
ортасы, ең бастысы, әлеуметтік негізі бар. Қазақстанның тәуелсіздігі
туралы терең де салиқалы көзқарас қалыптастыратын, тіпті сол түсінікті
тұрақтылық пен татулыққа қызмет еткізетін ортақ ұғым және мәдениеттің
жетістігі бар. Оны қазақтану деп атауға болады.
Республикамыздың он бес жылдық тәуелсіздігі халқымыздың тарихына
жаңаша, жан-жақты қарауға ұйытқы, бүгінгі шебімен шегін өркениет өлшемімен
бағалауға дәнекер және болашақ мұратына деген бағдарды халықаралық
деңгеймен салыстырып жетілдіруге себепкер. Олай болса, қазақтанудың тағдыры
мен болашағын бір ұрпақтың дүниетанымы, мәдениеті және қоғамдық тәжірибесі
ретінде үйлестіретін ізденістер мен шараларды ойластыратын да, ойларды іске
асыратын да сәт келді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің
бірден-бір қайнар көзі – халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы – тек қазақ ұлты
емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа
ұлттар топтары. Халық дауыс беру, талқылау, сондай-ақ Парламент
депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге
қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша адам және оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады.

2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары

Қазақстан Республикасы өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді.
Демократиялық мемлекет – Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап,
тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлауға, өкілетті мерзімі
біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен
қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық
нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен
жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да
мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекеттерде заңдар көмегімен жеке
тұлғалардың қызығушылығын қорғайды және олардың дамуын қамтамасыз етеді.
Мұнда билік шынайы бөлінген және экономиканың барлық іс-әрекет салаларында
тұлғалар еркін жұмыс істей алады. Мемлекеттің бұл нысанында бұқаралық
ақпарат құралдары, әр түрлі газет-журналдар барлығы еркін түрде, жоғары
биліктен ешбір қысымсыз жұмыс істей алады.
Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін
ұстанудың мемлекеттен бөліктігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы
ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты.
Мемлекет оргондары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде
құрылып, жұмыс істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ожданы бостандығына
құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы
тиіс. Зайырлы мемлекет дегеніміз – мемлекеттік тұтастай басқарылатын, яғни
биліктің орталық органдарына бағынатын әкімшілік территориялық бірліктерден
тұратын біртұтас мемлекеттік құрылым. Бұл құрылым бойынша барлық ел үшін
біртұтас жалпы сәйкес органдарға басшылық ететін өкілетті, атқарушы және
соттық органдар болады. Зайырлы мемлекет территориясында бір Конституция,
заңдылықтың біртұтас жүйесі және бір азаматтық тәртіп әрекет етеді, оның
қорғанысын қамтамасыз ететін қарулы күштері болады.
Құқықтық мемлекет – жеке адам мен қоғам мүддесін қорғауға, заң
үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Бұл
принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот билігіне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына
халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара
жауаптылығының болуы және т.б. Қазақстан Республикасында ең жоғарғы заңды
құқығы бар мемлекет ішінде тәртіп негізін құрайтын Ата заң Конституция
болып табылады. Конституция барлық заңдардың негізі болып табылады,
сондықтан кез-келген заң, нормативтік актілер, жарғылар, ережелер мен
қаулылар Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуі қажет.
Біздің Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданған.
Әлеуметтік мемлекет – жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам
мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері
есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер
көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік
теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.
Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік
берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік
жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары
төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік істер арқылы анықталған.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас, Президенттік басқару
жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы
халық сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің басқаруындағы,
өзінің алдында жауапты Үкіметті тағайындайды.
Қазақстандағы президенттік басқару нысанының ерекшелігі сол билік
бөлісу жүйесінде Президент билік буындарының үстінен қарау құқығына ие
әрі олардың келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол Конституциялық тәртіпке сәйкес
Үкіметтің өкілеттігін ғана тоқтатып қоймай, Парламентті де тарата алады,
соттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару іс-әрекетінің өнімділігін көтеру мәселелері
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Нарықтағы әлеуметтану
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Қ.Р - да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Еркін экономикалық аймақты басқару барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу
Өзін - өзі басқарудағы реформалар және оны жетілдіру жолдары
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Пәндер