Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі Ұлттық гимназия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
2.2. Жаңа типті мектеп гимназияда оқу.тәрбие жұмысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.28
2.3. Қазақ.Түрік лицейлерінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.31
2.4. Қызылорда медициналық колледжі — республикамыздағы
ең байырғы медициналық орта арнаулы оқу орындарының бірі ... ... ... ... ... ...32.36

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35.36
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Өзектілігі: Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Осыған орай мектепте 2—11 сыныптар арасынан қырық бес оқушы "Қабілетті оқушылар" қатарына іріктеліп, картотека жасалған. Картотекадан жеке оқу туралы толық мәліметтер алуға болады. Оларға кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдер жетекшілік етеді. Жетекші мұғалімдер арнайы бағдарлама түзіп, оқушы мектеп бітіргенше тұрақты жұмыс жасайды.
Білім мен сенім — егіз. Қазіргі кезде көп жерде айтылып жүрген "Ауыл мектебіндегі білім нашар" деген көзқарас ауыл балаларының психологиясына кері әсер етеді. Оның үстіне ауыл балаларының ұяң болып келетіні тағы бар.
Әрине, қаламен салыстырғанда ауылда ақпарат көздері аз, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы бүгінгі өміршең талаптарға сай келе бермейді. Алайда білімді де білікті мұғалімдср мен ата-аналар бар жерде қандай қиындықты да жеңуге болады. Мектебімізде жоғарыда айтылғандай түрлі шараларды ұйымдастыра отырып әрбір баланың біліміне, ерік-жігеріне деген сенімін қалыптастырып келеміз. Өйткені, біз бүгін әлемдік мәдениет пен білім беру кеңістігіне кіріскен ашық қоғамда өмір сүрудеміз.
Мақсаты: Өркениетті қоғамға тән толыққанды тұлға тәрбиелеудің негізгі алтын діңгегі — ата-ана, өскен ортасы, өмір сүріп жатқан қоғамы. Демек, тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алады. Сол себепті дс қаншалықты дәрежедегі инновациялық мектеп болса да, ата-аналармен бірлескен жұмыс болмаса нәтижеге жету екі талай нәрсе.
Бүгінгі таңдағы нарықтық қатынастар ауылдық жерлердегі отбасыларда экономикалық фактордың мәнін күшейтіп, рухани әлеуметтік отбасылық құндылықтар тасада қалды. Көптеген ата-аналар "Баламның тамағы тоқ, көйлегін көк қылсам болды, оқыту, тәрбиелеу — мектептің міндеті" деп есептейді. Мектепте өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, басқа да түрлі іс-шараларға ата-аналар ұжымының 20 пайызы ғана тұрақты қатысады, ал қалғандары жыл бойына мектептің есігін ашпауға пейілді.
1. Азоров Ю.П. «Семейное педогогика» Москва 1982 год
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А «Педагогика» Алматы, 2004ж
3.Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «жалпы педаггогика» Алматы, 2006ж.
4.Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы, 1995ж.
5. Крупская Н. «Вопрсы семейного воспитания и быта» 1959 год.
6. Калиев С. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың
педагогикалық негіздері» Алматы, 2001жыл
7.Қоянбаев Ж.Б. «Семья және балалармен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы 1990 жыл.
8.Қоянбаев Ж.Б. «Педогогика» Алматы 1992 жыл.
9. Харламов «Педогогика» Москва 1990 жыл.
10.«Педогогикалық ізденіс» Алматы 1990 жыл.
11. Сухомлинский В.А. «Мектептің жас директорымен сырласу » Алматы 1987 жыл.
12. Сухомлинский В. «Коллективтің құдіретті күші» Алматы 1979 жыл.
13. Сағындықұлы Е «Педагогика» Алматы, 1989ж.
14. Қазақстан Мектебі» журналы № 1-2 Алматы-1999 жыл.
15.. «Қазақстан журналы» Бекасайын Қ. «Мектеп – мемлекетінің
айнасы» № 3 Алматы 1999 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама
(гимназия, лицей, колледж)

Жоспар

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі Ұлттық
гимназия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
2.2. Жаңа типті мектеп гимназияда оқу-тәрбие жұмысын

ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-28
2.3. Қазақ-Түрік лицейлерінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9-31
2.4. Қызылорда медициналық колледжі — республикамыздағы
ең байырғы медициналық орта арнаулы оқу орындарының
бірі ... ... ... ... ... ...32-36

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 35- 36
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Кіріспе
Өзектілігі: Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет
етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық
дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер
енгізілген. Осыған орай мектепте 2—11 сыныптар арасынан қырық бес оқушы
"Қабілетті оқушылар" қатарына іріктеліп, картотека жасалған. Картотекадан
жеке оқу туралы толық мәліметтер алуға болады. Оларға кәсіби біліктілігі
жоғары мұғалімдер жетекшілік етеді. Жетекші мұғалімдер арнайы бағдарлама
түзіп, оқушы мектеп бітіргенше тұрақты жұмыс жасайды.
Білім мен сенім — егіз. Қазіргі кезде көп жерде айтылып жүрген "Ауыл
мектебіндегі білім нашар" деген көзқарас ауыл балаларының психологиясына
кері әсер етеді. Оның үстіне ауыл балаларының ұяң болып келетіні тағы бар.
Әрине, қаламен салыстырғанда ауылда ақпарат көздері аз, ауыл
мектептерінің материалдық-техникалық базасы бүгінгі өміршең талаптарға сай
келе бермейді. Алайда білімді де білікті мұғалімдср мен ата-аналар бар
жерде қандай қиындықты да жеңуге болады. Мектебімізде жоғарыда айтылғандай
түрлі шараларды ұйымдастыра отырып әрбір баланың біліміне, ерік-жігеріне
деген сенімін қалыптастырып келеміз. Өйткені, біз бүгін әлемдік мәдениет
пен білім беру кеңістігіне кіріскен ашық қоғамда өмір сүрудеміз.
Мақсаты: Өркениетті қоғамға тән толыққанды тұлға тәрбиелеудің негізгі
алтын діңгегі — ата-ана, өскен ортасы, өмір сүріп жатқан қоғамы. Демек,
тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алады. Сол себепті дс
қаншалықты дәрежедегі инновациялық мектеп болса да, ата-аналармен бірлескен
жұмыс болмаса нәтижеге жету екі талай нәрсе.
Бүгінгі таңдағы нарықтық қатынастар ауылдық жерлердегі отбасыларда
экономикалық фактордың мәнін күшейтіп, рухани әлеуметтік отбасылық
құндылықтар тасада қалды. Көптеген ата-аналар "Баламның тамағы тоқ,
көйлегін көк қылсам болды, оқыту, тәрбиелеу — мектептің міндеті" деп
есептейді. Мектепте өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, басқа да
түрлі іс-шараларға ата-аналар ұжымының 20 пайызы ғана тұрақты қатысады, ал
қалғандары жыл бойына мектептің есігін ашпауға пейілді.
Міндеті: Ұлттық мектеп - өркениеттің жалғастырушысы, одан әрі дамытушысы.
Ал білім мен ғылым - өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз. Ендеше ауыл
мектебі материалдық базасы мықты, озық техника жетістіктерімен
жабдықталған, талапты да талантты шәкірттері бар, ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ
педагогтермен қаруланған, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті білім
ордасы болмағы ләзім. Сонда ғана мектеп білім мен мәдениеттің нағыз ошағына
айналары сөзсіз.

2.1 Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі Ұлттық гимназия
Алдымызға қойған міндеттер мен талаптарды басшылыққа ала оты-рып, жан-
жақты терең білім негіздерімен қаруланған, болашақта жоғары оқу орындарына
еркін түсе алатын, ғылыми-зерттеу ісімен айналысатын жеке, дара түлғаны
қалыптастыру. Жаңа типті мектеп-гимназия педагогикалық кадрлар мен оқушы-
гим-назистер басқару жүйелерінің негізінде бір-бірімен баиланыста жүмыс
істеу бағыты анықталды. Мектеп-гимназияны педагогикалық кадрлармен
қамтамасыз ету негізгі мөселе болып табылады. Қазіргі кезде дәстүрлі емес
пәндер: философия, логика, мәдениеттану, психология, экономика, менеджмент
және бизнес, т. б. мектеп-гимназияларда ата-аналар мен оқушы-гимназистердің
сұраныстары бойынша өтеді. Сондықтан осы пәндер бойынша мамандармен
қамтамасыз ету мектеп — гимназиясының басқару жүйесінің басты міндеті.
Мектеп-гимназияда қазір 1 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қызметкері, 2 ғылым докторы, 2 профессор, 2 Ы. Алтынсарин медалінің
иегері, 10 ғылым кандидаты, 2 Құрмет белгісі орденінің иегері, 20 Білім
беру ісінің үздігі, 38 жоғары жөне 20 бірінші санатты мұғалімдер, 1 спорт
шебері, 9 әдіскер, т. б. мамандар қызмет етеді. Мектеп-гимназияда басқару
мәселелері: басқарудың құрылымы, атқаратын қызметі жөне механизмі түрінде
жүиеленеді. Жаңа типтегі білім берудің ерекшелігіне байланысты басқару
әкімшілігіне директор, директордың 5 орынбасары, кафедра меңгерушілері
енеді. Мектеп-гимназия іс-әрекеттеріндегі шаралардың іске асуы басқару және
оған бағыт-бағдар беру тікелей басқару әкімшілігіне байланысты.
Президентіміздің халықка арнаған Қазақстан — 2030 Жолдауы білім
беру қызметкерлеріне, соның ішінде гимназия мен лицей типті мектептерге
үлкен міндеттер жүктеді. Бұл құжатта баяндалған басым мақсаттар мен
республиканың даму стратегиясын әрбір шәкірттің жүрегі мен санасына жеткізу
мақсатында Атарау облыстық ұлттық гимназия ұжымы жоспарлы да жүйелі
жұмыстар жүргізуде.
Бұл гимназия жалпы білім беретін мектептің жаңа үлгісі және үздіксіз
білім беру жүйесінің басты буыны ретінде шәкірттерге терең де тиянақты
білім мен ұлттық тәлімтәрбие беру жолында үлкен ізденіспен еңбек етуде.
Гимназияда оқыту шәкірттерге үш бағытта терендете білім беруді көздейді.
Атап айтқанда, гуманитарлық, химия-биология жөне физика-математика бағыты.
Тиісті бағыттар бойынша пәндерді сапалы оқыту ; кафедралар арқылы жүзеге
асырылады. Әр кафедра өзінің алдына қойған мақсатынан туындайтын
проблемалар бойынша жұмыс жасайды. Ұлттық гимназия ұжымының қазіргі
айналысып отырған проблемасы — Саралап оқытудың жаңа технологияларын сабақ
үрдісінде іске асыру жолдары. Бұған байланысты әр мүғалімнен озық
техиологияны пайдалана отырып, әр шәкірттің жеке ерекшеліктеріне сай
шығармашылықпен жұмыс жасау талап етіледі және өр мүғалімнің жыл ішінде
кафедрада, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте, ғылыми-практикалық
конференцияда есептері таңдалып, талқыланады, оған баға беріледі. Мұның өз
мұғалімнің кәсіби шеберлігін шындап, өсуіне, жан-жақты жетілуіне үлкен
көмегін тигізеді. Көптеген жұмыстардың нәтижесінде тек өткен оқу жылының
өзінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұгалімі Мұқашева Гүлмира республика
мұғалімдерінің арасынан үздік Әуезов танушы мұғалім атанып, Қазақстан
Республикасының білім беру ісінің үздігі белгісімен мадақталса, орыс тілі
мен әдебиеті пәнінің мұгалімі Мұхитова Жұлдыз панорамалық сабақтар
өткізуден облыс мұғалімдері де жеңіп шығып, республикалық сайыста жүлделі
орынға ие болды. Бүгінгі күні ұлттық гимназияның педагогикалық ұжымында 1
профессор, 4 доцент, 3 ғылым кандидаты, 9 жоғары санатты, 10 бірінші
санатты мұгалім жұмыс жасайды. Гимназия ұжымының осындай сапалық құрамы
шәкірттер білімінің тереңдей түсуіне айтарлықтай септігін тигізіп отыр.
1992 жылы тұңғыш рет реепублика көлемінде гимназияда шәкірттердің ғылыми
қоғамы құрылып, Атырау университеті ғалымдарының жетекшілігімен жұмыс істей
бастады. Дәстүрлі түрде жалма-жал гимназияда Шәкірт ізденісінің жемісі —
күрделі ойлау мен ізім дархандығында тақырыбында ғылыми-теориялық
конференция өткізіліп келеді. Осы ғылыми конференцияда ең тандаулы үздік
шыққан шәкірттердің баяндамалары жылма-жылғы облыстық, республикалық
олимпиадаларға және республикалық ғылыми-зерттеу жұмысы сайысына жіберіліп
тұрады. Соңгы жылдары республикалық олимииадаларда жеңімпаз атанып, жүлделі
орын алған шәкірттеріміз жоғарғы оқу орындарында ғылыми тақырыптарын
зерттеуді одан әрі жалғастыруда. Тағы бір тілегіміз, реепубликалық
олимпиаданың жүлдегері Р. Дінеева Алматндағы арнаулы физика-математика
мектебіне жолдама алды. Республикалық олимпиадаларда I дәрежелі дипломмен
марапатталған окушыларымыз Алматы қаласының оқу орындарына емтихансыз
қабылданса, Рамазанова Ханым Атырау университетінің математика-информатика
факультетіне, емтихансыз оқуға түсті.
Ұзтаздармен шәкірттермен бірлескен ынтмақты еңбегінің нәтижесінде 1997-
98 оқу жылында гимназияның сапа көрсеткіші 79,5 процентке жетіп, өткен
оқу жылында мектеп бітірген елу оқушының 49, яғни 98 проценті
жоғарғы оқу орындары түсіп кетті. Олардың көпшілігі Алматы
қаласындағы және облыс орталықтарындағы оқу орындарының студенттері.
Осының өзі ұлттық гимназияда оқыту сапасы оқушылардың білім деңгейі
талап дәрежесінде екендігін айқындайды.
Биылғы оқу жылының ерекшелігі білім беру саласындағы үлкен
өзгерістерге бастайтын Қазақстан мұғалімдерінің бірінші сьезі өтті.
Сондықтан мына мәселелерге ерекше көңіл бөлініп дұрыс шеішіс
табылуы жұрыс деп ойлаймыз.
1. Мектептегі білім мазмұны әлемдік стандартқа сай жүргізу үшін
оқылатын пәндер санын азайтып, тереңдетіп берілетін сағат санын көбейту
керек.
2. Оқушылардың мбілім нәтижелерін белгілейтін құжат Жалпы орта
білімін мазмұнының мемлекеттік стандарты жүзеге асуы қажет.
3. Жалпы ора білім беретін жекеменшік мектептер ашу және оларды
қолдау жұмыстарында кешеуілджетпеген жөн. Өйткені осындай мектептердің
болуы білім берудегі мәселелерді туғызып, білім сапаларының жоғарғы
болуына көмегін тигізеді.

2.2 Жаңа типті мектеп гимназияда оқу-тәрбие
жұмысын ұйымдастыру
Бүгінгі білім беру жүйесінде құрылып жатқан жаңа типті мектеп гимназиялар
қоғамның сұранысына сай жан-жақты білім беруге, гимназистердің рухани
мәдениетін жетілдіруге негізделді. Негізгі сұраушы ата-аналар болып
табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 8023 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 6136-
сы ауыл мектептері. Онда 3051.4 млн. бала оқиды. Осылардың ішін жаңа типті
263 мектеп қызмет етеді, олардың 161-і гимназия, 102-і лицей. Қазақстан
Республикасының Білім заңында жаңа типті мектептер құрылымдық жүйесіне
түсініктеме береді. Мысалы, гимназия — негіз қосымша, жалпы білімдік
бағдарламаларды оқушылардың қабілеті мен бейімділігіне қарай тереңдетіп,
бағдарлы және саралап дәріс беру арқылы жүзеге асыратын орта жалпы білімдік
оқу мекемесі. Лицей — негізгі және қосы жалпы білімдік бағдарламалары
жүзеге асатын, қабілеті мен бейімділігі сәйкес кәсіби бағдар бойынша дәріс
беретін, жоғары сатыдағы оқушылар аймақтық қатыстығына қарамастан қабылдап,
оларға орта жалпы білім ретін оқу мекемесі2 — деп, жаңа типті мектептерге
жататын оқу орындарының құрылымымен таныстыра отырып түсініктемелер береді.
Алматы қаласындагы Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназисының білім
беру жүйесінде төмендегідей міндеттер басшылыққа алынды.
-Гимназиялық білім алу - жан-жақты, жүйелі,кешенді, дүние көзқарас.
-Гимназиялық білім беру - гимназистердің үйлесімді дамуына жағдай жасайды.
-Гимназиялық білім беру — ізгілендіру тұрғысында, жеке тұрған жоғары
адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу.
-Гимназиялық білім беру жүйесі — гимназистердің өз бетінше білім алып,
шығармашылық дамуына, ғылыми-техникалық прогресті меңгеруі негізделеді.
-Гимназиялық білім беру — гимназистердің болашақ кәсіби мамадығын таңдауға
байланысты әлеуметтік сұранысты қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, оқытушылар мен гимназистердің өзара қатынастарның
негізіне төмендегі жағдайлар алынды.
-Гимназияда өзара түсінушілік, жылы психологиялық ахуал.
-Шығармашылық дамуға жағдай жасау.
-Жаңа технологиямен жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру.
-Дарынды балалардың мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау.
Оқытушылардың еңбегін дұрыс бағалау жөне олардың ғылыми өсуі-не ықпал
ету.
Алдымызға қойған міндеттер мен талаптарды басшылыққа ала оты-рып, жан-жақты
терең білім негіздерімен қаруланған, болашақта жоғары оқу орындарына еркін
түсе алатын, ғылыми-зерттеу ісімен айналысатын жеке, дара түлғаны
қалыптастыру.
Жаңа типті мектеп-гимназия педагогикалық кадрлар мен оқушы-гим-назистер
басқару жүйелерінің негізінде бір-бірімен баиланыста жүмыс істеу бағыты
анықталды. Мектеп-гимназияны педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету
негізгі мөселе болып табылады. Қазіргі кезде дәстүрлі емес пәндер:
философия, логика, мәдениеттану, психология, экономика, менеджмент және
бизнес, т. б. мектеп-гимназияларда ата-аналар мен оқушы-гимназистердің
сұраныстары бойынша өтеді. Сондықтан осы пәндер бойынша мамандармен
қамтамасыз ету мектеп — гимназиясының басқару жүйесінің басты міндеті.
Мектеп-гимназияда қазір 1 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қызметкері, 2 ғылым докторы, 2 профессор, 2 Ы. Алтынсарин медалінің
иегері, 10 ғылым кандидаты, 2 Құрмет белгісі орденінің иегері, 20 Білім
беру ісінің үздігі, 38 жоғары жөне 20 бірінші санатты мұғалімдер, 1 спорт
шебері, 9 әдіскер, т. б. мамандар қызмет етеді.
Мектеп-гимназияда басқару мәселелері: басқарудың құрылымы, атқаратын
қызметі жөне механизмі түрінде жүиеленеді. Жаңа типтегі білім берудің
ерекшелігіне байланысты басқару әкімшілігіне директор, директордың 5
орынбасары, кафедра меңгерушілері енеді. Мектеп-гимназия іс-әрекеттеріндегі
шаралардың іске асуы басқару жөне оған бағыт-бағдар беру тікелей басқару
әкімшілігіне байланысты.
Мектеп-гимназияны техникалық және материалдық тұрғыда қам-тамасыз ету
мәселелері — негізгі мәселелер, бұл өз тұрғысынан жетілген, СОРОС қорынан
иеленген $7 мың сыйлық мектеп-гимназияны компьютермен, ксерокспен
қамтамасыз етуге жұмсалды.
Алматы қаласы өкімінің мектептер арасындағы конкурсында 300 мың теңге
бәйге алынды (1998 жыл). Қаржы Ғ. Мүсіреповтің мектептегі мұражайын ашуға
жұмсалды. Гимназиялық білім беру жүйесінде жаңа мазмұнды оқыту мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасы Білім заңы, білім стандартын,
тұжырымдамаларды, бағдарламаларды негізге ала отырып, мұғалімдердің
шығармашылық ізденістерінің негізінде гимназистердің сұраныстары бойынша
пөндерді тереңдетіп оқыту көзделді.
Гимназиялық білім беруді толық қамтамасыз ету.
1. Қоғамдық-гуманитарлық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану бағыттары.
2.Қосымша пөндермен (философия, логика, психология, т. б.) тіл мәселесі
(ағылшын тілін қазақ тілі негізінде оқыту).
Гимназияда өтпелі және болашаққа негізделген оқу жоспарларын құру
а)Гимназия сыныптарында оқу жоспарларын жүйелеу.
ә) Кәсіптік пәндерге біртіндеп көшу (математикалық, гуманитарлық ғылыми-
жаратылыстану, экономикалық).
б)Математика, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану пәндерін байланыстыру,
интеграциялау.
в)Гимназистердің дамуына ықпал ететін қосымша пәндерді, факультатив
курстарды, арнаулы курстарды енгізу.
г)Гимназияда тәрбие жұмысының жаңа технологиясын жөне мазмұнын айқындау.
ғ) Гимназистерді қоғамдық жұмыстарға араластыру мүмкіндіктер қамтамасыз
ету. Сонымен:
1.Гимназиялық білім берудің негізгі міндеттері.
-Гимназистердің табиғи мүмкіндіктерін дамыту.
-Гимназистердің шығармашылық қасиетін айқындау жөне оны дамыту.
-Гимназистердің өз бетінше дамуына жағдай жасау, түрткі туғызу.
-Психологиялык дағдыларын дамыту.
2.Гимназияда оқытудың міндеттері.
-Жан-жақты және терең білім бере отырып, дүниеге көзқарасын
қалыптастыру.
-Ойлау әрекетін дағдыландыру.
-Білімін жетілдіруге өз бетінше дағдыландыру жөне ғылыми-зерттеушілік
еңбекке баулу.
-Оқушылардың білімге деген танымдық белсенділігін арттыру.
3.Гимназияда тәрбиелеудің міндеттері.
-Жеке тұлғаның адамгершілік негіздерін қалыптастыру.
-Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Жеке тұлғаның ішкі мүмкіндігі бойынша дамуын жетілдіру. Гимназиялық білім
берудің негізгі ұстанымдары.
Білім беруді ізгілендіру.
Дамыта оқыту ұстанымы.
Даралап оқыту ұстанымы.
Білім беруді саралау.
Білім берудің үздіксіздігі.
Білім беруді гуманитарландыру.
Білім берудің жүйелілігі.
Гимназиялык білім берудің негізгі үстанымдарын басшылыққа ала отырып, жаңа
типті мектеп-гимназияларда жүргізілетін тәлім-тәрбие жұмысының өзіндік
ерекшеліктерін айқындадық.
Жалпы жаңа үлгідегі мектептердің төрбие жүмысы гимназистердің іс-
әрекеті негізінде іске асады. Шындығында, оқушының іс-әрекетін тудыруда,
негізінен, түрткі болу қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері
материалдық, экономикалық, гигиеналық моралдік-психологиялық уақытша
жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылымына
тікелей кірмеседе, оның іске асуына жанама түрде жағдай жасайды. Мектеп-
гимназияда тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық неде дегенге келетін болсақ, жеке
тұлғаны қалыптастыруда сабак үрдісінде тәрбие беру жөне сыныптан тыс
уақытта тәрбие беру мәселелері негізгі орын алады.
Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік
даңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа үлгідегі мектептегі оқу-тәрбие
үрдісіндегі жаңашылдық:
-білім берудің мазмұнында;
-оқу-тәрбие үрдісінде;
-әдістерінде;
-технологиясында;
-оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда; жаңа үлгідегі мектептің басқару
жүйесінде көрініс табу керек.
Жаңа үлгідегі мектеп-гимназиялар білім мен төрбие берудің әдістерін-де,
түрінде, тәсілінде және т. б. жаңашылдығымен көрініс табады.
Алматы кдласындағы Ғ. Мүсірепов атындағы мектеп-гимназия — жаңа үлгідегі
оқу орындарының бірі. Қазақстан ғалымдарының еңбектері мен қоса Ресей
ғалымдарының (Л. Плахова, О. Хомерики, Л. Гуткина, Н. Шурпова, Ю.
Конаржевский, П. Третьякова жөне т. б.) еңбектерін негізге ала отырып, жаңа
үлгідегі мектеп-гимназияларда тәрбие жүмысын төмендегі бағыттар бойынша
жүргізу көзделді.
1.Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту.
Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысында және
сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шараларда өзара байланыста іске
асады. Яғни, сабақ үрдісінде өтілетін материал гимназистердің танымдық іс-
әрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гимназистердің шығармашылық
ізденуіне түрткі туғызу арқылы, ойын әрекеті, пікірталас, эксперименттік,
зерттеушілік) негізінде іске асырылады. Ал, сабақтан тыс уақытта
гимназистердің танымдық белсенділік іс-әрекетін дамытуға:
-оқытудың сабақтан тыс шығармашылық түрі арқылы: пән апталығы, байқаулар,
пәндік олимпиада, турнирлер, марафондар және т. б;
-клубтық және үйірмелік іс-әрекеттер арқылы: драмалық клуб, пікірталас
клубы, музыка студиясы, пәндік үйірмелер;
-кітапханаларға, мұражайларға, театрларға, көрмелерге жүйелі және
үзбей бару арқылы жүзеге асады.
Оқушы-гимназистердің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр
түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне
байланысты тәрбие жұмысы төмендегідей.
-Сынып ішінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары;
-Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары
а) клуб, көрмелерде жүргізілетін сынып жұмыстары;
ә) сыныпаралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.
2.Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын және жеке тұлғаның адамгершілік
негізін қалыптастыру. Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік негіздерді
қалыптастыру адамгершілік сезім, адамгершілік сана, еркін ойлау қабілетін
жетілдіру болып табылады.
3.Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруін қалыпстыру.
Өзін-өзі жетілдіру — жеке тұлғаның адамгершілік қалпын тереңдету үрдісі.
Өзін-өзі тануы жөне мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына байланысты дағдыларды
жетілдіріп отыру.
Жаңа үлгідегі мектеп-гимназиялардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда
жоғарыда берілген бағыттардың мазмұнына сәйкес көптеген іс-шарлар, тәрбие,
сынып сағаттары өткізілді. Оқушы-гимназистермен жүргізілген әрбір сынып,
тәрбие сағаттары, байқаулар, кездесулер, т. б. олардың оқу еңбегін,
қабілетін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасады.
Ақыл-ой еңбегінің мәдениеті, Есті қалай дамытуға болады, Өз қабілетін
қалай дамытуға болады, Ақыл дегеніміз не жөне оны калай дамытуға болады,
т. б. тақырыпта өткізілген сынып сағаттары оқушы-гимназистердің дамуына игі
ықпал еткенін көреміз. Сонымен катар, оқушы-гимназистердің қабілетін ашу
гимназияның барлық мүмкіндіктерін пайдалану және гимназия педагогикалық
ұжымыны шығармашылық мүмкіндігін іске асыруға байланысты. Жыл гимназисі
байқауын өткізу арқылы тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасалды.
Гимназияда жүргізілген оқу-тәрбие жүмысын қорытындылау барысын да, егер де
оқушы-гимназистердің өздерінің шығармашылық қабілеттерін қарай білім мен
төрбие бере отырып, олардың ішкі рухани мүмкіндіктерін1 дамуына жағдай
жасалса, жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға қалып тастыруға болатынына
көзіміз жетті.
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы
саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және
Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға
конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнктура – әскери оқу орындарында жоғары білікті ғылыми-педагогтік
кадрлар даярлау нысаны;
2) академия – мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын,
ғылыми-зерттеу қызметін және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін
арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай
меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық,
мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім
алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын
стипендия;
4) бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын
меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;
5) бейін алды даярлық – білім алушының жеке білім беру траекториясының
негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
6) бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен
қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім
беру процесін ұйымдастыру;
7) “Болашақ” халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік оқу орындарында күндізгі
оқыту нысанында оқуы және мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу
орындары ғылыми қызметкерлерінің әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында,
ғылыми орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өтуі үшін
тағайындайтын стипендиясы;
8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін
оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің
мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін
олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
10) білім беру гранты – кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін
ақшаның нысаналы сомасы;
11) білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік
негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту
және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-
күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар
контингентін, білім беру ұйымдары желісін жүйелі түрде байқау, талдау,
бағалау және болжау;
13) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы
басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы;
14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам
мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық
құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;
15) білім беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде,
халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім
алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында
жүргізілетін рәсім;
16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы
туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің
бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген
талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану рәсімі;
17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттay - білім беру ұйымдары
көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт
талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;
18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейіндері
бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
19)  докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда біліктілігі
жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
20) доцент, профессор:
тиісті жоғары оқу орны беретін академиялық атақтар;
жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымының өтініші бойынша білім беру
саласындағы уәкілетті орган беретін ғылыми атақтар;
21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар
мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске
асыратын оқу орны;
22) инновациялық - білім беру консорциумы – жоғары оқу орындары, ғылыми
ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар
іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар
негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және
өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі
ерікті тең құқықты бірлестік;
23) инновациялық университет – инновациялық қызметтің толық циклін, іргелі
және іздестіру зерттеулерін, қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-
конструкторлық әзірлемелерді жүргізуді және өндіріске ғылыми-зерттеулер
нәтижелерін енгізуді іске асыруға қабілетті ғылыми-білім беру кешені;
24) интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары – білім беру деңгейі
мен мазмұнының үздіксіздігін және сабақтастығын ескере отырып әзірленген
білім беретін оқу бағдарламалары;
25) институт – мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары білім берудің
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік
қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге
асыратын оқу орны;
26) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру
бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсынуы жөніндегі
қызметін бағалау;
27) интернатура – медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларын
базалық медициналық білім беру шеңберінде бір немесе екі жылдық даярлау
нысаны;
28) интернаттық ұйымдар - жатын орны беріле отырып, белгілі бір санаттағы
адамдардың білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін
білім беру ұйымдары;
29) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке
қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және
саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек
беру;
30) кәсіптік даярлықты бағалау - техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдары білім алушыларының кәсіптік даярлығы деңгейінің мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптарға сәйкес
келу дәрежесін айқындау;
31) кәсіптік лицей – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті
кадрларын даярлау жөнінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
32) кәсіптік оқыту – техникалық, қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек
мамандарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды
қамтитын кәсіптік білім беру жүйесінің бір бөлігі;
33) кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу
пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
34) клиникалық база – жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының
жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін,
материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-
әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының
қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды
және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық
түрлерін көрсететін клиникасы;
35) колледж – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
36)  кредиттік оқыту технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу
жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті
пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін
таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
37) қабылдау квотасы – І, ІІ топтағы мүгедектер, жеңілдектер мен
кепілдектер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне
теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл
(село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына
кабылдау үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа типті мектеп гимназияда оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Білім беру жүйесінің басты сипаты
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Білім беру жүйесі
Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту
Ресейдегі білім беру жүйесі
Білім берудің жаңа моделі
Білім беру саласы, құрылымы және принциптері
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Пәндер