Оқушыларға отансүйгіштік интернационалдық тәрбие беру мәселелері



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

ІІ. Негізгі бөлім
І Тарау.
1.1. Патриоттық тәрбие .педагогикалық проблема ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
1.2.Ұлттық патриотизмді оқушы бойына қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... .7.10
1.3. Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері. ... ... ... ... ... ... ... 11.15
ІІ Тарау.
2.1. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.19
2.2. Оқушыларға интерноционалдық тәрбие берудің негізгі мәселеле ... ..20.26

ІІІ. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2004
2. Н. Найзабекова «Бастауыш мектеп №6 , 2005 ж.
3. Ж.Әбиев, С.Бабаев , А.Құдиярова, Педаогика, 2004 ж.
4. Ильина Т. Педагогика, Москва , 1984 г.
5. А.Утебаева «Бастауыш мектеп» , №9-2005 ж.
6. А.А. Давыдов Проблемы развивающего обучения. Москва-1986 г.
7. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. "Алматы".1999ж.
8. Мүрсалімова У. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ". А.-1998ж.
9. Халметова Т. Адамгершілікке баулу - тәрбиеден. "Қазақстан мектебі" 2001ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларды отансүйгіштік интернационалдық тәрбие беру мәселелері

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

ІІ. Негізгі бөлім
І Тарау.
1.1. Патриоттық тәрбие –педагогикалық
проблема ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6
1.2.Ұлттық патриотизмді оқушы бойына
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ..7-10
1.3. Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері.
... ... ... ... ... ... ... 11-15

ІІ Тарау.

2.1. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-19

2.2. Оқушыларға интерноционалдық тәрбие берудің негізгі мәселеле ... ..20-26

ІІІ. Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам
мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты
мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу
үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат
керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-
текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты
тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын,
ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп
жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала
алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік,
имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге
осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын
аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға,
ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын
қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп
бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына
белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп
қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында
да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз
қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік
тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік
тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстын міндеттері:
Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру-дың
көрсеткіштерін айқындау;
Бастауыш сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің әдістемесін
ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА

Бүгінінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына
қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты
көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің үлттық патриотизыі елде
тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ад көпұлтты
мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына
қарамастан, ездерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың,
қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз
Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда
түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп
жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады.
Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз
тілімен, мәдениетімең сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі
ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген
сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық үлттардың ортақ
сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм
идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы
барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының
ажырамас бөлігі, ортәқ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік
сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын
борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл
адамзатты құрметтеу тұрғысынән қарау керек.
Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында студент жастар бойына сіңіру
бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды
патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек.
Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың
патриоттық, жоғары әзаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты
ұйымдастырылғән және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып
табылады.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары
әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-
адамгершіліқ, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі
ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Патриоттық тербиеде қолданылатын іс-әрекет түрлері тәрбие процесінің нақты
мазмұнын анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс,
ойын, еңбек, қоғамдық-саяси, көркемдік-әстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға
болады.
Студенттің патриоттық іс-өрекетке дайын болуы оның өзін-өзі тәрбиелеу,
өзіндік таныту шегіне көтерілуімен де анықталады.

2.Ұлттық патриотизмді оқушы бойына қалыптастыру

Қай мемлекетгің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттарда
да, экономикалық жағдайда да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді
адамдар. Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер,
инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер,
зауыттар мен биржалардын иесі болады. (Қазақстан-2030 бағдарламасы) Әрине,
Келешектін иесі - жастар, Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына
көбірек ұқсас келеді. Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды
көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашылық
кемеңгерлерін тәрбие-леу бесіктен, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана
қалыптасатыны белгілі. Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға
мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік
тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын
көздейді. Грек ғалымы Платон Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін
тәрбиелейміз деп тегін айтпаған. Бала бойындағы төрбиенің бастауын ата-ана
қалыптастырса, мектептегі тәрбие көзін жеткізуші, әрине, тәрбиешісі мұғалім
болып табылады. Ұрпаққа беріліп жаткан адамгершілік дене, экономикалық,
экологиялық, ақыл-ой тәрбиесімен қатар ұлттық патриоттық тәрбие ерекше орын
алады.
Мен келешектін иесімін деген ұрпақтың бойында білім, білік,
адамгершілік, ар-намыспен қатар Отанды сүюге деген қасиеттер болады.
Баланың өз Отанын сүюі немесе оған түсінбеушілікпен қарауы оның ес білгелі
көрген тәрбиесіне байланысты. Қазақ халқы ата-бабамыздың ұлы байтақ жерін
тұмсықтығы шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай ұстап аман - сау
жеткізуінің өзі, бесіктегі нәрестені адамгершілікке ғана тәрбиелемей
отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға тәрбиелеуінің негізгі дәлелі.
Бесік жырымен бойына сіңіретін отансүйгіштік қасиет Багырлар жыры,
шешендік сөздермен әрі қарай дамиды.
Қобыланды мен Тарғынаарды өзіне үлгі қылып алған бала келешекте осы
кейіпкерлердің (батырлардың) ерлігін қайталауға, елі үшін күресуге,
әділетсіздіктің тамырына балта шабуға өзін-өзі дайындап өседі.
Мектепке дейін отбасында Отан, Ел деген сөздердің мағынасын онша түсіне
білмейтін баланың осы түсініктерді қалай, қай тұрғыдан қабылдауы мектеп
жасында қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда біз мұғалімдер - тәрбиенің негізі
адамгершілік, ақыл-ой деп аламыз да, білімді, адамгерішлігі жоғары ұрпқ
болашақтың негізі болады аеп қате пікір туғызамыз. Бала бойындағы білімін,
күш қуатын Отаны, елі, жері үшін жұмсауы керектігін ұмытып кетіп жатамыз.
Сондықтан балаға білім бере отырып, біз өз білімін отаны үшін жұмсайтын,
ұлттық ар-намысын барлық қасиеттерінен жоғары қоятын ұрпақ төрбиелеп
отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Әрбір сабақ барысында баланың бойында ұлттық ар-намысын оятатындай ой
тастап отыру қажет. Мысалы бастауыш сыныптарда Ана тілі пәніндегі Біздің
тілегіміз - достық, Менің алыстағы достарым, тарауларымен танысқанда өз
Отанын, өз ұлтын басқа елдерге, әлемге таныстыру келешек ұрпақтың әлемді
тануы, өздерінің қолында екендігім ұғындырып отыру керек.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруды мұғалім оқушыдан бұрын өз бойында
қалыптастыруы қажет. Окушыларға тәрбие бере отырып мұғалім өзінің бойындағы
тәрбиелік қасиетін, өзінің адамгершілігін, өзінің Отан сүйгіштігін
айналасындағы өзін қоршаған ортаға көрсететіндігін білуі тиіс. Сабақ
барысында Ана тіліміздің тұғырын биікке көтерейік немесе Ұлттық ар-
намысымызды ту қылып ұстаңдар деген патриотгық сөздерді айта отырып,
өзіміз орысша сөйлеп тұрсақ, (оқушылардың ортасында емес) болашағымызды
бұлыңғыр деп есептесек, біздің алдымыздағы оқушымыздан ешқандай патриот,
Отаным деп жүрегі соғатын ұрпақ шықпайды. Сондықтан да ең бірінші
өзімізді еліміздің нағыз патриоты болуға тәрбиелеуіміз керек. Окушы
бойындағы патриоттық, ұлттық рухты көтеру үшін бірінші мұғалім өзі үлгі
болумен қатар, баска да үлгі боларлық жұмыстар атқаруы тиіс. Осы тұрғыдан
алғанда екінші сыныпта өткізілетің тәрбие жұмыстарының маңызы зор.
Патриоттық тәрбиелік маңызы орын алатын Мен елімнің ертеңі, Отан -
отбасынан басталады тақырыбындағы сынып сағатгарын айтар едім. Сынып
сағатында оқушылардан Отан, туған жер, тіл туралы мақал-мәтелдер,
өлеңдермен шектеліп қана қалмай, осы тақырыпта оқушыларға шығарма жаздыру
да керек. Себебі окушы Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық салт- дәстүрді
сыйлауға, қастерлеуге деген құштарлықты өз ортасынан, айналасынан тауып
қана қоймай, өзінің жан дүниесінен де Отанға, елге, ұлтқа деген
сүйіспеншіліктің шоғы бар екендігін сезеді. Шығарма жазу арқылы баланың
тілі ғана дамымайды, ол өз бойындағы қасиеттерді де жүйелеп дамытады.
Үшіншіден, дүниетану сабағында тікелей қоғаммен, туған жер тарихымен тығыз
байланысты. Мысалы: Қоғам тарауында оқушы қоғамның белшектері - өзі
екенін түсініп, осы қоғамға қандай қызмет көрсете аламын деген сауалға
жауап іздеп мемлекет, қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі. Туған
ел, Отан тарауында туған жердің тарихымен, қазіргі тұрмыс-тіршілігі,
әлемдегі орны туралы оқып танысу барысында оқушының Отанын қорғауға, Туған
жерінің абыройын асқақтатуға деген қызығушылығы арта түседі.
Төртіншіден, бала бойында ұлттық рухты дамытудың жолы отан
қорғаушыларымен кездесу өткізуі болып табылады. Ардагерлермен кездесу
кезінде балалар ерлік оқиғаларды басынан өткізгендіктен олардың әңгімесінен
шынайы ерліктің ізін көре алады.
Бесінші жолы, патриоттық тақырыптағы мерекелер мен даталы күндерді атап
өту, мерекелік салтанаттарға қатысу болып табылады. Бұл мерекелерге 9-мамыр
Жеңіс күні, 7-мамыр Ұлан күні, 30-тамыз Конституция күні, 25-қазан
Республика күні, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні, 17-желтоқсан - желтоқсан
құрбандарының күні. Әрине, мерекелік салтанаттың тарихымен таныстырып
өткізу міндетгі түрде жүргізілуі керек. Бұлардан басқа ұлттық рухты
көтеретін диафильмдер, суреттер, көркемфильмдердің де ролі айтарлықтай
болып табылады. Осы тұрғыдан балалармен жүргізілген патриоттық тәрбиелік
шараның мәні жоғары болып табылады. Тәуелсіздік туын тіккен күн, Отан
қорғаушылар күні тақырыптарындағы ертеңгіліктер, кездесулер кезінде
оқушылар шекара қызметкерлерімен танысып, олардың әңгімелерін тындап,
отанды қорғаудың өзі ерліктің кішкене де болса лебі сезілген қызмет
екендігі ұғынады.
Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі деген ғұлама ғалым Әбу-
Насыр Әл Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ. елі үшін де тәрбие
саласындағы бағытгарды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың
қажетгілігін алға тартып отыр. Оқушылар мен жастардың мектептен тыс баратын
жерлері ауданда санаулы ғана. Атап айтар болсақ спорт мектебі, мұражай,
өнер мектебі, анда-санда тек даталы күндерге орай Абыл мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны қызмет көрсетеді. Сондықтан Жас турист, Жаяулар
туризмі кешеңдері жұмысын бастаса, оқушылар туған жер табиғатын аралап
көзбен көріп, қорғау керек жерлерді қорғауга алса, ашылмай келе жатқан
туған өлке тарихын зерттеп білуге, ел табиғатын сүюге, байлығын қорғауға
әзірлеуге айтарлықтай үлес қосар еді. Балалардың ізденісі мен танымын
салауатты өмір салтын қалыптастыруда Тарихи өлке тану мұражайларының,
белсенділері, Жас дерігер үйірмелері ашылса, олардың атқарар қызметтері
де айрықша болар ма еді? Маңғыстау, Бейнеу - тарихи орындардың ордасы,
түкпір-түкпірі тұнған, сыр, өр тасы жатқан құпия. Осыларды көзбен көргізіп,
қолмен ұстаса қандай ғанибет болар еді. Бұл бағытта да Тарихшы-өлкетанушы
үйірмесі болса, оған көрсетіп демеуші болардай ауылымыздың алдыңғы толқын
қоғамнын тірегі, өз ұлтым деп, жүрегі елжірей соғар ағаларымыз көмегін
берсе деп ойлаймын. Себебі өз ауылының өткені мен бүгінін білмей өскен
бала, өскенде бүкіл мемлекетіміздің, Отанымыздың елжанды азаматы болады деу
әсте бола қояр ма?

3. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Әрбір ғылымның негізгі бұтағы әдіснама екенін ескере отырып, мектеп
оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін айқындау
барысында фиопософтардың, психалоттардың, педаготардың берген ғылыми
тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамасын ашуға негіз болды.
Патриоттық тарбиенің әдіснамалық, негізін ашуда тарихи-педогогикалық
тұрғыда талдау жасай отырып, мәдениеттану, аксиакогиялық және өркениеттілік
тұрғысынән айқындауға жағдай жасалды.
Мәдениеттану тұрғысынан қарастыратын болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан
ерлік және жауынгерлік дәстүрлер ұлттық патриотизмнің негізі болып
табылады. Бесік жырынан бастапатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына
тән негізгі ырымдар болып саналады. Түркі халқына тән қасиет бұл - ерлік.
Қазақ деген ұғыының өзі ер, ерпік деген мағынаны береді.
Аксиологиялық тұрғысынан келетін болсақ, патриоттық қасиет бұл
адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындағы негізгі
құндылықар болып табылады. Хәлқымыздың бойындағы патриоттық құндылық,
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады.
Қөне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық, Құлтегін жазбаларында
былай деп суреттеледі: "Елтеріс қағаның алғырлығы, еліне деген
сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді"- Патриоттық құндылық
ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың
басында фраицуз халқының ұлттық батыры Жанна д'Арк ұлтының тәуелсіздігі
үшін басқыншы-армен күресіп, ез Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген
ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік.
Басқа да елдердегі патриотизм де фраицуз еліндегідей сырттан келген жаулап
алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.
Патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мәзмұны - Отанға
сүйіспеншілік, оған адалдык, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш,
Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы
бекіген ең терең сеэімдерінің бірі. Патриотизм - Отанға, туған жерге,
өзінің мәдени ортасына деген сүйіспетшілік
"Патриотизм - дегеніміз (грек. раtriotes - отандас, раtrio- отан, туған
жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан
игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін ана тілің елдің әдет-ғұрпы мен
дәстүрін құрмет тұту сяқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса
бастайды", - деп атап көрсетеді.
"Патриотизм - Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-
саулығының қоғамдық-мемшлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын
сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін
мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет дегем ұғымды, жеке адаммен
яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты
білдіреді"
Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет
бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында керініс беретін,
балаларының Отан анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және
адамгершілік принципі.
Патриотизм - тұлғаның байындағы Отан үшін қызмет етуге
лайық шын берілген Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті.
Патриотизм - өз Отанына және отандастараына сүйіспеншілік және құрмет
мұраты, ал интернационализм басқа халықтар мен елдерге деген құрмет пен
бірлік мұраты.
Патриотизм - адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол - әлеуметтік,
тәрихи қалыптасқан отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет
етудем көрінеді.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие
беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі
дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
5. Кез келген ледагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына сан
алуан анықтама берген. Мәселен, Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Қудияррова: Оқыту
әдістері -оқытудың мақсат міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға
меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен
құралдарының жиынтығы болып табылады - дейді. Алт Ресей профессоры
Гі.И.Пидкасистый: "Оқыту әдістері - дидактикалық міндеттерді шешуге
бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс әрекеті" - деген анықтама
береді. Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай
отырып біз оқыту әдістері
дегеніміз оқыту процесінде мұғалім мен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге
бағытталған бірлескен іс әрекеті деген анықтамаға қосыламыз.
Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде
осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа пробпемалық әдіс,
звристикалық, зерттеу, монологтік әдіс пайдаланудың маңызы ерекше.Сонымен
қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие
беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма
әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін мұғалім оқытудың формаларын
(сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар т.б.)
түрлендіріп, алмастырып отырады.
Көркем шығарма мазмұны оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай
оқушы алдына проблема туғызу), дәстүрлі оқыту (сыныптық-сабақтық жүйе),
бағдарламалық (берілетін оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға
олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту
(мүмкіндік деңгейдегі қиын тапсырмаларды беру) арқылы меңгертіледі.
Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие
беруде оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше.
Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп
келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің XVII ғасырда "Ұлы
дидактикасында" айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей
ғалымдары: Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Эльконин мен
В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны "субъект" ретінде тануға бағытталды.
Бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында дамыта оқытуды жүзеге асырудың
бағыттарын Рахметов, Қабатай, Ә.Әмірованың жіктеуін төмендігін кестеден
көруге болады.
Дамыта оқытуды жүзеге асырудың аталған бағыттарына жеке-жеке тоқталып, оны
бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мұғалім жұмыс жүргізу
барысында басшылыққа алады.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту төрт деңгейді көздейді: міндетті
деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей және шығармашылық деңгей.
Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:
* шығарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады;
* жаттап алуға лайықты келеді.
Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы
реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады.
Үшінші, эвристикалық, деңгейдің тапсырмалары оқушы пәннен алған білімдерін
тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды,
Төртінші деңгей, шығармашылықтың тапсырмалары оқушыны өзіндік әрекет
жасауға бағыттайды.
Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісінде ойын қолданылады. Педагогикалық
әнциклопедияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына
мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалдық мектеп делінген.
Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі, мектепке дейінгі
кезеңде баланың негізгі әрекеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға
бірден оқу әрекетіне көшу қиын болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу
әрекетіне теселдіреміз. Ойын сабақтың кез-келген кезеңінде тақырыпқа сай
қолданылады. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты ойынға түрлі
санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады.
Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырын дамыумен қатар тәрбие
мақсаттарының орындалуына да әсер етеді. Топтық жұмыстарға бірыңғай топтық
жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында
барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған топтық жұмыстарда тапсырма
топтың қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. Топтық
жұмыстар көркем шығармалар кейіпкерлерін бейнелеу кезінде жүзеге асады.
Топтық жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетінің артуы мұғалімнің білім
беру барысындағы шеберлігіне байланысты.

ІІ Тарау.

2.1. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Отан - от басынан басталады дейді халық даналығы. Демек, бала
тәрбиесі -Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес,
күллі қоғамнын келешегі, көктемі, бүршік атар гүлі екені жадымыздан әсте
шықпағаны абзал.
Бір сәт Ел боламын десең, бесігінді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Патриоттық және интернационалдық тәрбие ұғымдарының мәні
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқушыларды отансүйгіштік интерноционалдық тәрбиелеудің теориялық мәселелері
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Патриоттық тәрбие
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Пәндер