Психология тарихы


Тақырыбы: Психология тарихы
Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ. Психологияның ежелгі таным ретіндегі ғылыми-теориялық аспектілері.
- Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері . . . . . . …. . 5
- Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық
құндылығы . . . 7
ІІ ТАРАУ. ХХ ғасырдың басындағы психологиялық ой-пікірлердің теориялық маңызы
2. 1. Ж. Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні . . . 14
2. 2. М. Жұмабаевтің қазақ психологиясына қосқан үлестері . . . 21
2. 3. Т. Тәжібаевтың психологиялық ой-пікірлері
ІІІ ТАРАУ. Қазақстандағы психология ғылымы.
3. 1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының
алғашқы кезеңі . . . 26
3. 2. Қазақстандағы психология ғылымына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін психология пәнінде іске асыру жолдары . . . 29
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34
І. Кіріспе
Психология нені зерттейді? Ол қандай ғылым? деген сұрақтарды қарапайым адамдарға қойсақ, мынадай жауап алар едік: « сезім мен ойды», «адам мінезін», «адамның ішкі әлемін зерттейтін ғылым» т. б. Егер нақты терминологиясына мән бермесек, алынған жауаптарды шындыққа жанасымды деп есептеуге болады. Шын мәнінде де психология жоғарыдағы аталынғандарды және т. с. с. көптеген мәселелерді қарастырады.
Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір алмасуы, эмоция мен сезімі, мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен психологияның дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар « мен кіммін?», «мені кім жаратты?», «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?» секілді философиялық сұрақтардан бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.
Бірінші кезеңде психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен екі мың жыл бұрын берілген. Адамдардың өміріндегі түсініксіз жағдайларын жан арқылы түсіндіруге тырысқан.
Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның басты себебі ΧVΙΙ ғасырдағы жаратылыстану пәнінің дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан, зерттеу әдісі ретінде адамның өзін-өзі бақылауы мен фактілерін жүйелеп баяндауын негізге алған.
Ал үшінші кезеңде ΧΧ ғасырда пайда болған психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым деп қарастырған болса, төртінші кезеңде психология объективті заңдылықтар мен психика механизмдерінің көрінуін зерттеген.
Бүгінгі таңда психология -жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналған. Жалпы алғанда «психология» ұғымы ортағасырдағы еуропалық- діндарлардың ықпалынан туындағанымен, оны XVΙΙΙ ғасырда неміс ғалымы Христиан Вольф ғылымға алғаш енгізген [1, 6] . Психология термині гректің екі сөзінен (psyche- жан, logos- ілім) алынған, бұл «жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінуі мынадай. Оның біріншісі -шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталған жан дүние жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы көптеген ғұлама ғалымдардың, атап айтқанда, Эразестрат, Герофил, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер, т. б. есімдермен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған айналадағы сыртқы және ішкі заттардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, қиял, сезім, ерік қабілет, дағды, икем, бейімділік, қызығу, мінез, әдет т. б. ) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсысымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология -ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы әр заман ғұламаларының көз-қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай түсініктердің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, мәселен, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, өледі деп тұжырымдаған. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік ) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының(Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лао-каль» деген сөзі арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуын олардың бірімен-бірінің байланысын дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Қазіргі кезеңде тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың дамуы мен функцияларының атқару заңдылықтары туралы ғылым деп те айтады.
І ТАРАУ. Психологияның ежелгі таным ретіндегі ғылыми-теориялық аспектілері.
1. 1. Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері
Дзен ілімінің адам өмірінде үлкен рөл алатын бір себебі дзен ұстаздары күнделікті және діни өмірдің арасындағы айырмашылықтарды емес, керісінше олардың қатынастарын қарастырған. Жалпы дзен Үндістанда пайда болып, Қытайда өсіп, дамуының көркеюі Жапония елінен көрініс тапқан. Сондықтан Жапония Шығыс медицинасы мен Батыс ақылының түйісетін жері болып саналады. Бүгінде дзен дін, догма, ақиқатты іздеуші және философияға қатысты ілім емес. Ол барлық құбылыстарды шындықта қандай болса, дәл сол қалпында қабылдауға негізделеді. Оның мақсаты «осында және қазір»басқа еш жерде болуы мүмкін емес. Дзен үшін ешқандай «ертең» сөзі тіршілік етпейді. Басты шындық нақ осы шақтағы сәтке сәйкес келеді. Сол үшін дзен әдістер мен тапсырмалар, құралдар мен мақсаттар арасында айырмашылықтар жасамайды.
Дзен сөзінің этимологиясы санскриттің «дхъяна» сөзінен шыққандықтан ол «медитация » деген мағына береді. Барлық будда мектептері адамның рухани дамуы үшін медитация техникаларын қолданғандықтан Қытайда оны «чань», ал Жапонияда медитацияны-«дзен» терминімен атаған.
Дзеннің дәстүрлі қарастыратын мәселелері мынадай.
- Адамдардың ұғымдарды дұрыс қолданбауына байланысты дзен түзетулер енгізіп, оны дұрыс пайдалануға үйретеді және логикалық ойлау параметрлерін анықтайды.
- Батысқа қарағанда Шығыстағы дзен «даналық» туралы терең мағынада зерттеген.
Дзен негіздерінде өмір қозғалыс пен тыныштық балансынан құралған. Ал қозғалыс пен тыныштық арасындағы үйлесім әсерінен адам өзінің тіршілігінің орталығына жақындайды. Ол үнемі оның ішкі әлемінде және қимыл мен тыныштық, сергектік пен ұйқысына байланысты болады. Сонымен қатар дзен ілімінде жадырау нәтижесіне жету өте қиындықтар тудырып отырған. Ол үшін эгоисттік сананы ментальды және физикалық деңгейде көрсету аса қажетті болған. Өзіндік сананың қалыптан тыс ұлғаюын дзен ойлау формасын табиғи емес деп санаған. Себебі сананың қалыптасуын сыртқы жағдайлардың әсер етуінен жүзеге асатынын байқаған. Адам өзінің эгосының жасанды екенін түсінгенде ғана, табиғи қалпы мен шындықты қабылдау тәсілдері мен интуициясын түсінетінін аңғарған. Сана табиғи және интуитивті болғанымен көп жағдайда эгоцентрлік концептуалды ойлаудан басымдық көреді. Адам өмір процесіне қатысушы болудың орнына үнемі концептуалды ойлаудың әсерінен өз-өзіне махаббат пен жауапкершілік сезімін, өзінің қатынасын бағалау арқылы құндылықтар шкаласын құрайды. Мұндай әрекеттерден ақиқат сезімі ой мен сезім хаосында жоғалады. Осыдан қалай саналылық күйіне жетуге болады? деген сұрақ туындайды. Нәтижеге жету үшін дзеннің әдістері мен техникаларын пайдалануға болады. Бірі Риндзай, екіншісі сото әдісі. Дұрыс шешімін табу үшін Риндзай адептері төмендегідей тәжірибе жасаған. Олар дәстүрлі ойлауға қарсы шығып, кенеттен пайда болатын интуицияға жүктелген. Ал сото -дзен мектебінің өкілдері медитацияның дзаден яғни отырып орындалатын әдісін пайдаланған. Жүргізілген әдістердің мақсаты адамдардың эгоисттік санасын жалпы әлемдік санаға қосу болып табылған.
Мыңдаған жылдар бойы Үндістан медитация жолымен жүргендіктен, кез-келген ойдан босанып, таза сананы сақтауға үйренген. Дзен әдісін көптеген тарих беттерінде есімдері қалған монахтар қолданған. Солардың бірі Бодхидхарма. Ол рухани мәдениет тарихының дамуына үлкен іс жасап, Үндістан мен Жапонияға қарағанда Қытайды тепе-теңдік ұстайтын ел деп қарап, өзінің ілімін осы жерде қалаған. Себебі Конфуцийлік өнеге қандай жағдай болмасын орталықты, тепе-теңдікті сақтай алатын болған.
- Үнді монахы Бодхидхарма «чань» (дзен) дәстүрінің негізін б. э. 520ж. Қытай елінде салған. Бодхидхарма патриарх-ұстаздардың арасында тұңғыш медитацияны қолданушылардың бірі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ол қатал мінезді және қадала қарайтын, сұсты адам болған. Өз өмірінде жаңа білім ашуға аса назар аударып, медитацияның жаңа әдістерін өңдеп, мектептерде тәжірибе жасаған. Оның басты мақсаты адамдардың өзіндік табиғатын тану және оны ашу.
- Созанның өмірбаянында ол қай жерде туылып, қай жерде дүние салғаны туралы деректер көрсетілмеген. Шығыс түсінігі бойынша адамның өмірі туралы дәлелі емес, керісінше не істегені аса қажетті. Созан өз әдісінде өзгенің шындықтағы бейнесін көру қандай болса, ақиқаттағы бейнесін дәл солай қабылдау керектігін айтқан. Егер сіз ақиқатты көргіңіз келсе, әрбір пікірден бас тартыңыз. Сана адамның ұнамды болуы, оның көрінуінің арасындағы күрестің бар болуынан азап шегеді деген. Оны қалай жеңуге болады? Оның қандай да бір тәсілі бар ма? деген сұраққа Созан: Сіз ақиқатты сезгеніңізде ауру сізден арылады. Себебі бұл ауруға дәрі-дәрмек жоқ. Сондықтан біз дәріні қабылдаған сайын оған үйреніп қаламыз. Сонда ауруды ұмытып, тек дәріні ойлай бастаймыз. Енді аурудың өзі емес, дәріні қолдану біздің ауруымызға айналады деген.
- Риндзай «айқай» ұстазы ретінде танымал. Ол кенеттен айқайлау әдісін адамдардың үндемеуі үшін пайдаланған. Адамдар оған аспан әлемі, философия мен теологияға қатысты сұрақтарды қоя бастағаннан, Риндзай кенеттен айқай салатын болған. Себебі сол сәтте сана естен танып, бірнеше уақытқа дейін тыныштық күйде болып, тек айқай ғана қалған. Осы кезде адам санасы сөніп, уақыт тоқтаған секілді сәт орын алатын болған. Бұл медитацияның құпиясын пайдалану арқылы Риндзай адамдардың ылғи таусылмайтын ойлауы мен қажетсіз сұрақтарына шек қойып, әрбір адамның өз-өзіне концентрациялануына мүмкіндік берген. Себебі сол уақытта адам өз ішкі орталығын табады. Айқай болса орталыққа шоғырландырады. Бұл әдісті әлемдегі көптеген мистиктер қолдануға тырысқанымен, бірақ олардың іс-әрекеттері жасанды болып көрінген. Риндзай өз әдісін таңқаларлықтай қолдана білгендіктен, оның айқайы адамға қылыш секілді шаншылып, адамның тіршілік ету орталығына дейін жеткен. Риндзайдың тағы бір ерекше қасиеті ол үнемі адамдарға медитацияның қолдану техникасын қарапайым сөзбен түсіндірудің арқасында адамдарға үлкен өнеге көрсеткен. Әсіресе медитация туралы түсіне бермейтін адамдарға ерекше көңіл аударған. Сонымен қоса Риндзай ақиқаттың ескі және жаңа болуының маңызы жоқ. Негізінен шындық үнемі жаңа, себебі адамның санасы өсуде және көптеген кеңістікті жаулап алуда деген. Риндзай үшін дзен бұл тірі дәстүр. Шебер тірі кезде оның сөздері де маңызға ие, ал ол дүниеден өткенде -шеберден берілетін тәжірибесі де тоқталады. Ол қазіргі заманғы болу үшін өз уақытында орындалуы тиіс деген.
- Джалаладдин Румидің айналу әдісі орталықты табуға бағытталады. Егер адам бірнеше сағат айналатын болса, бірте -бірте ішкі әлемінде орталықтың бар екенін байқап, оған тәжірибелік жұмыстар жасаған. Олар өзін орталыққа қою әдісін тапқан және өмірде әдіс ретінде пайдаланған.
- Махакашяпа мен Бодхидхарма адам орталығын табуда тәжірибе жасаған. Олар адам санасында ештеңке қалмайтын, таза қатысудың нүктесін табуды көздеген. Бұл ықпал Чуань Цзы, Ли Цзы мен Лао Цзыдың ұлы мұраларының бірігуі мен одан бетер көркейе түскен. Бұл тұлғалардың барлығы да адамның ішкі әлемін зерттей отырып, өзін-өзі табуға тырысқан.
- Доген дзен әлеміне ішкі революция мен толық үнсіздікті, ішкі тыныштық орталығын енгізді. Мына көзқарасында Доген : « Өмір жолын зерттеу -өзін-өзі зерттеу» деген.
- Нансен рухани өмірдің материалдық өмірден бөлінбейтінін айтқан. Ол: «Адам жан дүниесін тазалау үшін тәнін қинаудың қажеті жоқтығын» ескерген.
- Ма-Цзыны -өз заманында «бос айна» деп атаған. Ол «жауап қайтармау» ілімін ұсынған. Тек «осында және дәл қазір» күйін пайдаланған. Ма-Цзы адамды шексіздік таңбасының орталығы етіп алған және ол арқылы аспанның, әлемнің, адамның ішкі дүниесінің тереңдігін түсіндірген.
Жоғарыда берілген медитациялық әдістер б. э. 400-1000жж. Дзен шеберлерінің қолдануының әсерінен біздің заманымызға жеткен. Бүгінгі таңда осы ілімнің кейбір әдістері психология ғылымында да жиі пайдаланылады. Әсіресе медитацияның сан алуан түрлері Үндістандық философ Раджниш Ошо еңбектерінде көптеп кездеседі.
1. 2. Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық құндылығы
Алғашқы психика туралы ұғым анимамен (лат. «анима»-рух, жан) -байланысты. Ол барлық тіршілік иелерінде жан бар деп қарастырған. Уақыт өте келе ежелгі философиялық ілімдерде психикалық аспектілерді идеализм немесе материализм тұрғысынан анықтай бастағандықтан, ежелгі материалист- философтар Демокрит, Лукреций, Эпикур адам жанын шар тәрізді майда және қозғалыссыз атомдардан құралады деп тұжырымдаған. Ал ежелгі грек идеалист философы Платон (б. э, д, 427-347жж. ) жан мәңгілік, ол тән мен жан бір-бірімен тығыз байланысады. Өзінің жаратылысынан жан -тәнді басқарады деген. Ұлы философ Аристотель «Жан туралы» трактатында психология ілімінің өзіндік ерекшелігі бар саласы ретінде қарастырып, алғаш рет жан мен тәннің бөлінбейтіндігі туралы ой қозғаған.
Психологиялық ілімнің дамуының жаңа кезеңі ΧVIIғ. бастау алғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының көмегімен тәжірибелік -эксперименталдық әдістер арқылы адам санасының заңдылықтарын зерттеу қолға алынған. Ол кезеңде ойлай алу мен сезіну қабілетін сана деп қарастырғандықтан, психология сана туралы ғылым ретінде дами түскен. Ал өз пікірінде Р. Декарт (1596-1650) адам жаны мен тәнінің арасында өзгешеліктер бар деген қорытындыға келген. Сонымен қоса тән де қозғалыс жасай алатынын айтқан. Ол заманда мұндай көзқарастар қарама-қарсы дуалисттік ілімдер көкейкесті мәселелер туындатқан. Адамдарды тәндік (физиологиялық) және психикалық (ішкі сезімдік) процестер қалай байланысатындығы туралы сұрақтар қатты мазалаған. Өз өмір сүру барысында Декарт механикалық модель негізінде құлықты түсіндіретін теорияны жасап шығарған. Ол құлықтың детерминистік концепциясын сыртқы физикалық әсерден ағзаға қимылдық заңдылық арқылы жауап қайтаратын зерттеген. Сол себептен «жан» ұғымы «ақыл», кейінірек «сана» ұғымына ауысқан. Тән мен жанды қайта байланыстыруға Голландия философы Спиноза (1632-1677) әрекет жасады. Ал неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) Декарттың қалыптастырған психика мен сананың теңдігіне қарсы шығып, санасыздық психика ұғымын енгізді.
Психология өзіндік ғылым ретінде ΧIΧ ғ. 60-шы жылдары бөлінгендіктен, ол арнайы ғылыми зерттеу мекемелері мен психикалық лабораториялардың жоғары оқу орындарында кафедралардың, психологиялық құбылыстарын эксперименттік тұрғыда зерттеген. Бірінші нұсқалы эксперименттік психологияны неміс ғалымы В. Вундт(1832-1920) Лейбцигте ашқан.
Функционалисттік бағыт .
Американ психологы У. Джеймс адамның сана қызметі мен оның қызметінің рөлін зерттеуге аса мән берген. Ол адам санасының түрлі жағдайларға үйренуі мен жаңа әрекетті игерудің гипотезасын жасаған. Жалпы функционалисттер үшін психология сана қызметін зерттейтін ғылым. Олар интроспекция, тапсырманы орындау уақытын пайдалану әдісін қолданған.
Ресей психологиясының тарихында Г. И. Челпанов (1862-1936) үлкен рөл алады. Оның басты үлесі Ресейде психологиялық институтты (1912) құруында. Психологиядағы эксперименталды бағыттағы объективтік әдістерді зерттеуде В. М. Бехтерев (1857-1927) зор ықпал жасады. Ал И. П. Павлов еңбектері ағза бөлшектерінің шартты -рефлекторлық байланысын зерттеуге бағытталады. Оның еңбектері психолоиялық іс-әрекеттердің физиологиялық негіздерін түсінуге бағытталды.
Бихевиористтік бағыт.
Американ психологы Уотсон 1913 жылы психология объективті эксперименталды әдістерді зерттегенде ғана ғылым ретінде аталынуы құқылы деген. Сондықтан ол әрбір жағдайға сәйкес келетін құлықты анықтайды және оны объективті белгілейді. Бихевиористтік бағытты ұстайтындар үшін психология мінез-құлық туралы ғылым, ал санамен байланысты ұғымдарды психологиядан алып тастау керектігін айтады.
Гештальт психология.
Германияда Т. Вертгеймер, В. Келер мен К. Левиннің психологияны тұтастық құрылым ретінде зерттеу бағдарламасынан бастау алған. Гештальт туралы ұғымы (немістің«форма») сенсорлық ілімдерді зерттеуден туындаған. Гештальттықтардың психология ғылымына қосқан үлесі психологиялық бейне ұғымын өңдеу мен психологиялық құбылыстарға жүйелі ықпал етуінде.
ΧΧ ғ. басында психология ғылымында психоанализ немесе Фрейдизм бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психологияға қажетті тақырыптарды: санасыз мотивация, психиканың қорғаныс механизмдері, сексуалдылықтың рөлі, балалық шақтағы психологиялық жарақаттың ересек шақтағы мінез-құлқына әсер етуі т. б. енгізді.
Адамның психикасының санасыз табиғатының орталығын әлеуметтік жағдаймен байланыстырғандар К. Хорни, Г. Салливен, және Э. Фромм. Бұлардың барлығы Фрейдтің психоанализ реформаторлары (неофредистер) .
Психологияның аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивті психология болды. 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористтердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері -Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдер, У. Найсер, П. Лиднсей, Г. Саймон. Когнитивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz