Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І.ТАРАУ.
1.1. Жеткіншек жас кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
1.2.Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері

ІІ .ТАРАУ.
2.1. Агресивтілікті жоюдың, алдын алудың психокоррекциясы
2.2..Әр түрілі ойындармен әуестенетін жеткіншектердің
агрессивтілік мәселесі.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді : « Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат, зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивті әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандаудан көрініс табады.
Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Мұндағы жасырын формаға компьютерлік ойындар жатады. Агрессивтілік жеткіншектердің жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
Агрессиялық мінгез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі бұл теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді. Мысалы, кіші жеткіншек жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттестікке және өзара қатынас барысында түрлі мінез-құлық модельдерін меңгереді.
Мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік, жеке–даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлардың жүйелі талдануының жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын тәрбиелік-сауықтырушы жұмыс та толық үздіксіз жүргізілуі керек.
1. Қазақстан Республикасының «Білім тұралы » Заңы. Алматы: Данекер, 2001.
2. Қазақстан Республикасында Білім беру 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы //Егеменді Қазақстан,2003.
3. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы //Егеменді Қазақстан,2003,26 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы // «12 жылдық білім беру»ғылыми-әдістемелік басылым.-Алматы,2006, №1.- б.6-11.
5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.Қазақстан халқында жолдауы // Егеменді Қазақстан,2007.1 наурыз.
6. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.
7. Жұмабаев М.Педогогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 13 – 14 б.
8. Рубинштейн С.Л. Основы опщей психологии.Изд.2-е-М,1946.
9. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Педагогика,1972.
10. Ананьев Б.Т. Избранные психологические труды.:В 2т.М.,1980.
11. Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И. Жалпы педагогика. – Алматы: Заң мектебі, 2005
12. Аймауытұлы. Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.
13. Аймауытұлы .Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.-325б.
14. Қоңыратбаева Т.Ә. Халық педогогикасы және оны оқу – тәрбие ісіне ендіру жолдары. Пед. ғыл. канд. дисс.автореф.-Алматы,1993.-29 б.
15. Елікбаев Н. Қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды,2000.
16.Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И.Жалпы педогогика.-Алматы:Заң мектебі,2005.
17. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.
18. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№5(11).
19. Жанғозиева М.С. Ұлт психологиясы этнопсихологияның негізгі мәселесі//Бастауыш мектеп,2007, №7-б. 26-28.
20. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№6(11).
21. Писаренко В.И. О когнитивной лингвистике и семантике термина
«когнитивный».

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І-ТАРАУ.
1.1. Жеткіншек жас кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
1.2.Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері

ІІ –ТАРАУ.
2.1. Агресивтілікті жоюдың, алдын алудың психокоррекциясы
2.2..Әр түрілі ойындармен әуестенетін жеткіншектердің
агрессивтілік мәселесі.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І.Кіріспе

Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының
қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге
итермелейтіндігі. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында
былай деді : Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек
жая бастауы. Екіншіден, бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың
тыйылмай отыруы. Нашақорлық, өзгеге қиянат, зорлық көрсету сияқты осындай
жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивті әрекеттің осылай бой
көрсетуі - өзін және өзгені талқандаудан көрініс табады.
Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге
айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде
агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Мұндағы
жасырын формаға компьютерлік ойындар жатады. Агрессивтілік жеткіншектердің
жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің
оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті
мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
Агрессиялық мінгез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі бұл теориялар бір-
бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше
түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның
агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін
туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде
меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді. Мысалы, кіші жеткіншек
жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттестікке және өзара қатынас
барысында түрлі мінез-құлық модельдерін меңгереді.
Мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік,
жеке–даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық
факторлардың жүйелі талдануының жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын
тәрбиелік-сауықтырушы жұмыс та толық үздіксіз жүргізілуі керек.

І -ТАРАУ
1.1. Жеткіншек жас кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11 – 15 жас
аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп
атайды. Бұл жас кезеңі өтпелі кезең, қиын жас, проблемалы т.б
көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін
психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы
дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша
олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму
дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге
жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы
психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір
– бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық
орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім
болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым – қатынас
ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын
іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым – қатынас
барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету тіл алуды
талап ету оры алады да, мұндай көзқарас баланың арасында текетірестік орын
алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын
алады. Мәселен, олардың аяқ – қолдары, бет мойыны тез ұзарадыда, кеудесінің
өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі
дамымауы салдарынан жеткіншекте өзін жарым – жан - сезіну деп аталатын
комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп,
немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске
ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп
жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс
гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп
мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап
болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс
дамып кетуін акцентуация деп айтады. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін
Леонград жан – жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған.
Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едауір
орын алады. Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата – аналар, мектеп
мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы
түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар
жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
- барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл –
кеңесінен құтылғысы келуі;
- үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп
айтуға тырысуы;
- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап – мінеп қай кезде
өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса,
ал талап қою жағынан ересек өз мүмкіндігін жоғары бағалап бәрін өзі
істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне ересектер талабын оңай
орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:
1. Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.
2. Радио теледидар басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған
хабарларды көріп соған еліктейтіндігі.
3. Өзінен үлкен балалармен танысып солардың жарамсыз әрекеттеріне
еліктейтіндігі
4. Күні – түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып
ондағы кейіпкерлерге еліктеуі
5. Акцентуацияның көрініс беруі
6. Агрессиясының анық байқалуы
Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін жұмыстарының
міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс – шаралар
жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып оларды
шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар
осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.

1. 2. Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері
Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды
мәселелердің бірі.Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты
әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия
сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Психолог А.А.Реан агрессия және агрессивтілік деген екі ұғымның бір-
біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен
agressio аударғанда – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді)- бұл бөгде
адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған
қиянат.
Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға
дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға
болады.Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке
дайындық.
А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі.Оны мынандай сызба
түрінде ұсынады:

Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар
мұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды
дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық
құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып
табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке
адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі
шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі - агрессивтілік адамның жеке
тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де
зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Көптеген әр түрлі бір-біріне қарама –қайшы теориялық
негіздерге қарамастан Р. Бэрон мен Д. Ричардсонның пікірінше [8 с. 35]
олардың көбісі келесі төрт категорияның біріне сәйкес келеді. Агрессия
бірінші кезекте мыналарға қатысты :
1. Туа пайда болған түрткілер немесе нышандарға
2. Сыртқы стимулдардан белсенетін қажеттіліктерге
3. Танымдық және эмоционалдық процесстерге
4. Бұрынғы тәжірибемен үйлескен көкейкесті әлеуметтік және
эмоционалдық жағдайларға байланысты.
Агрессивтілік эмоцияның көрінуі әрекеті, яғни сырттан немесе іштен
келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрінуіне орай
бірнеше теориялар бар.Олай болса, соларға тоқталып кетейік.
Агрессияға қатысты ең алғашқы және белгілі теориялық ой
бойынша , бұл мінез – құлық табиғатынан инстинктивті болып келеді. Бұл
теориялық ойға сәйкес, адамдар осы тектес әрекеттерге генетикалық
алдын ала программаланғандықтан, агрессия туындайды.
Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З.Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа
айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық
тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды
Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл
тікелей болмаса жанама эростың ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып,
мықтылануына бағытталған энергия көзі ретінде қарастырылады. Агрессия бұл
тұрақты емес, алайда қашып құтыл алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей
агрессияның деректемесінің тәртібін психоанлитикалық анықтамада –
Танатос деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандауға деген
инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өмірге
ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына
бағытталған[ 6].
Үлкен қарама – қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы,
ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы,
өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адазат
әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс
күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия
сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады( Сызба 1.1 назар аударыңыз)

Агрессияның өзгеге бағытталуы

Сызба 1.2

Агрессияның өзгеге бағытталуы: Инстинкт пен әлеуметтік норманың бір-
біріне қайшылығы, қимылдың шектелунен ішкі жағдайдың туу салдарынан
агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуы. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және
қоршаған ортаға қатысты жасайды. Өмірге құштарлық және өлімге ұмтылу, осы
қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін
көрсетеді. Өлімге ұмтылуы зорлық-зомбылықты әкелсе, ал махаббат
агрессивтілікті ( сексуалдық) тудырады. Фрейдтің агрессияны табиғи қайнар
деп қарастыруы писсимистілік. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың
энергиясы іштен шықпай қалуы индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп
соқтырады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның
азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады.
Осылай әрдайым сыртқа шығарылып отырылуы агрессивті мінез-құлықты,
қызбалықты, кешілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңіруі
мүмкін
Этнологиялық көзқарас: К.Лоренц агрессия – бұл ұзақ эволюциялық даму
деп қарастырады. К.Лоренцтің ойы бойынша агрессия – бұл біткен инстинк,
өмір сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет.Адам бұл
өзінің әрекеті табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет.Агрессияны зерттей
келе ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады.
Агрессия генетикалы фонды жақсартуға көмектеседі, яғни күшті энергиясы
мол индивидтер өзінің ұрпағын сақтап қалуға күші жетеді.
Агрессивтілік бірлесе жасалған функцияның бірі. Осы мезетте жиналған
энергияның саны, өнбойынан агрессияның сыртқа шығуына әкеледі. Басқа
тіршілік иелеріне қарағанда адамдарда бір-біріне деген зорлық-зомбылығы
көбірек.К.Лоренцтің ойы бойынша бүкіл тіршілік иелерінде туа біткен
инстинкті тартыстан басқа, ол өзінің ұмтылысын үстем ұстайтын мүмкіндікке
ие және бұл мүмкіндік өзінің құрбанына қиянат әкелетін әрекетке тиеселі.
К.Лоренц осылай тұжырымдай келе агрессияны құтыла алмайтын туа біткен күш
деп қаарстырады.Сондай-ақ оның айтуы бойынша адам әртүрлі әрекеттер жасау
арқылы, біреуге қиянат келтірмейтін жағдайлар, агрессия энергиясының
қауіпті деңгейге дейін жинақталуын жеңілдетеді.
Лоренцтің тұжырымы бойнша – достық жылы қарым-қатынас махаббат ашық
агрессияның ұйшығуын жауып жеңілдетуі мүмкін.
Аңшылық гипотеза: Адри Голливуд сценарисі әуесқой архиолог,
бірнеше кітаптар жазған. Адридің айтуы бойынша, іріктеп алу нәтижесінде
аңшылықтың жаңа түрі пайда болуы : Біз аштықта болмас үшін –шабуылдадық.
Біз қауіпке лайықты қарсы тұрмасақ та онда біз тіршілік етуді тоқтатар
едік. Біз аңшылыққа антомиялық және физиологиялық жағынан икемделгенбіз.
Бұл табиғи аңшылық адамзат агрессиясының негізін құрайды. Адридің
тұжырымдауы бойынша осы аңшылық инстинкт адам миының дамуы – қару-жарақтың
шығуы, адамды бір-біріне шабуылдайтын тіршілік иесі ретінде құрайды.
К.Ю.Юнгтің агрессияға көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы
санасыз адам психикасындағы қимыл әрекет деп түсіндірді. Индивидтің дау-
дамайы оның қорлықтан құтылмайтын түнек бөлігі, рухани талқандалуы, жеңуі,
жаңаруы.
Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып
қарастырылады. Құмарлық теориясы агрессияның қайнар көзі ретінде
сыртқы себептердің қарқындылығынан туындайтын өзгелерге зиян тигізуге
ұмтылу деп жорамалдайды. Бұл жерде агрессиялық әрекет эволюциялық
процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы
агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж. Доллард. Оның көз қарасы
бойынша агрессия - бұл адам бойындағы автоматталған құмарлық емес,
фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді
жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның нақты түсінігі
бойынша агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытт
агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия – фрустрация бұл төрт негізгі
түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы.
Агрессия – бұл өзінің іс - әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру
ниеті.
Фрустрация – көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы.
Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағышталған әрекетінің саны мен
осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатқа
бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады.
Тежелу – бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін
болмаса алдын орындайтын әрекет.
Агрессиядағы қондырылған тежелу акті кез келген болатын шабуылдың
күшімен тікелей тепе-теңдігінде. Агрессиядағы тежелу акті қосымша
фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесіп қабылдануы, агрессияның
басқа формаларының оянуының артуы агрессияны адамға қарсы қойып,
агрессияның басқа формаларының оянуының артуына әкеліп соқтырады.
Орнын баса тұру – бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған агрессивті
әрекет құлшынысы, фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне қатысты емес,
сол мезеттегі реакция. Дж. Доллардтың теориясының негізгі екі болжамы
бар:
1. Фрустрация әрдайым агрессияның қандай да бір формасына әкеледі.
2. Агрессия үнемі фрустрацияның нәтижесі болып табылады.
Осыған қоса, қосымша аспектілер бар. Агрессияға түрткі
болатын маңызды үш фактор бар:
1. Біріншіден, болашақта мақсатқа жетуден күтілген қанағаттану
дәрежесі.
2. Екіншіден, мақсатқа жету жолындағы кедергілер жолы.
3. Үшіншіден, жүйелі фрустрацияның саны.
Кейіннен Доллард агрессияны баяулататын факторларды зерттеуге көшті.
Агрессияның кез келген актісінде баяулау дәрежесі осы әрекеттен
кейін жүзеге асатын жазалау ауыртпалығына қарай тікелей сәйкестеніп
түрленеді. Бұл теориясын нақтылай келе Берковиц фрустрация агрессивті
әрекет етуге дайындалуға әкеледі деп тұжырымдады. Агрессивті құлық
пайда болу үшін агрессияның алғышарттары, яғни агрессияны тұтастай
ұйшықтандыратын өзекті факторлармен байланысты орта стимулдары болу
қажет(Сызба 1.3 назар аударыңыз)

Агрессивті құлықтың пайда болуы (Берковиц бойынша)
Сызба 1.3

Жоғарыда қарастырылған теориялар агрессияны инстинктивті қажеттілік
деп қарстырады. Зильман агрессияны бақыланатын әрі өлшенетін қозумен
байланыстырсақ дұрсырақ болар деп санады.Жалпы айтқанда, сарқылмас
агрессивті импульстерінің қайнар көзінің әрекеті деп санады..
Фрустрация теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.Берковец.
Ол
агрессия – фрустрация схемасына үш мңызды түзету енгізді.
а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған
дайындық құрайды.
ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ұйшықпайды.
б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын
болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттерді, дағдыға айналдырып
отырады.
Ал С.Розенццвейг - фрустрацияны ұйшықтыратын үш себебін көрсетті:
1. Мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмауы болмаса қажетін
қанағаттандырудан айырылуы ішкі айрылу және сыртқы айырылу
болып бөлінеді. Сыртқы айрылу - фрустратор адамның өзіне
байланысты емес: ішкі айрылу - фрустратор адамның өзіне
байланысты.
2. Затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі
қанағаттың қажеттілігі.
3. Дау-дамай бір уқыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз
күй немесе қатынас.
Сызба 1.4

Берковиц өзінің соңғы зерттеулерінде алдыңғы еңбектерін қайтадан қарап
шығып, негізгі екпінді эмоционалдық және позититі процесстерге аударды. Ол
кедергілер қандай теріс әсерге әкелсе, сол ддәрежеде–ақ агрессияны
ұйшықтырады деді. Зильман таным мен қозу өзара тығыз байланысты екенін
дәлелдеді; олар бүкіл уайымдау, қамығу процесі барысында бір-біріне әсер
етеді (Сызба 1.4 назар аударыңыз).
Әлеуметтік оқыту теориясы бұл адамзаттың үлгіге қарап
бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғаралық қарым-қатынастың құралы
ретінде, яғни адам әрекетінің құрылымы, өзгерісі, қатынасы осыған
байланысты. Сондықтан да бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін
анықтап, үйренуі - бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессия
қатынасы.Дәлел бойынша ата-ана әрекеті, агрессияның ілгері басуының негізгі
себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның
негізін қалаушы А.Бандура . Ол агрессивтілік әректке үш жағдай негіздеді:
- әрекеттерд меңгеру тәсілдері;
- олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;
- оларды нақтылайтын жағдайлар.
Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әректті көп
қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады.
Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке
жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі,
әрдайым табыссыздықтың қайталануы – теденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл
теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады.
Қорғныс түсінігі бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни
бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау
немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы
мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:
- жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандай да бір стимул оны
ұйшықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады;
- жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реацияны ұйшықтыратын стимул.
Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу.Әдетте
қорғаныстың төрт түрін қолданылады:
1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ – онда
жағымды көтермелеу қортындысы болғаны;
2. егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін
өткізіліп алынып тасталынатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қортындысы
дейміз;
3. егер реакцияның соңынан жағымсыз қорғаныс ілессе онда жағымды жазалаудың
қортындысы болғаны;
4. егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса –
онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы болғаны.
Деликвенттік мінез-құлық баланың дүниеге келуінен кейін басталған
және оның мінез-құлқына әрі қарай әсер етуін жалғастыратын әлеуметтену
процесінің сәтсіз иллюстрациясы болып табылады. Жеткіншектегі агрессиялық
және агрессиялық емес мінез-құлық моделі әлеметтену процесінің тікелей
көрінісі болады. Мінез-құлықтың ауытқушылығы немесе әлеуметтік дезадаптация
әлеуметтік мақұлдамаушы мінез – құлық формасының туындауынан көрінеді.

ІІ-ТАРАУ.
2.1.Агресивтілікті жоюдың, алдын алудың психокоррекциясы
Агрессия дағды мен үйренуді қажет ететін әлеуметтік мінез-құлық
ретінде қарастырылады. Агрессиялық мінез-құлықтық әрекеттерді орындау үшін
адам көптеген жағдайлар мен шарттарды білуі тиіс: қандай сөздер мен
әрекеттер залал келтіреді, қандай амал-тәсілдер ауыртпалық тудырды, т.б.
Бұл білім жеткіншекте туа пайда болмайды және бірден қалыптаспайды. Бала
өз құрдастарымен күнделікті ойында басқа балаға бір рет сәтті қысым
көрсетіп, өзінше қанағаттану сезімін алуы мүмкін.Бала бұл әдісті тағы да
қолдана отырып, өз бойындағы агрессиялық мінез-құлықты күшейте түседі. Бұл
жеткіншектегі агрессиялық мінез-құлықты бекіте түсудің негізгі тиімді тағы
бір әдісі – тікелей ынталандыру, еліктіру. Басқаның агрессиялық мінез-
құлқын бақылай отырып, жеткіншек өз мінез-құлқының шектелуіне көңіл бөлуі
мүмкін: басқаларға болады,онда маған да болады. Бұл іспеттес мінез-құлық
жеткіншектің басқа балалармен жағымсыз қатынасындағы, мысалы, төбелес –
жанжалда, ересектерге бағынбауда, жалған әрекеттерде агрессиялық сипат
алады.Бала агрессиясы әлемде түрілше тануымен де байланысты .
Жеткіншектік жастағы анатомиялық – физиологиялық өзгерістер
нәтижесінде баланың ішкі және сыртқы қақтығысы ( конфликтісі) күшейетіні
белгілі. Бұл, өз кезегінде, баладағы жоғары қобалжу, күмәнданғыштық, түрлі
қорқыныштарға бейімділік, мінез-құлықтағы қатыгездік, агрессиялық немесе
цинизм сияқты ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін.Жеткіншектің
жеке–даралық сипаттамасындағы агрессиялық ересектердің түсінбеуне қарсы
протест түрінде де көрінеді, сонымен бірге өзінің қоғамда аалатын орнына
қанағаттанбаушылығынан туындайды. Агрессиялыққа баланың темпераментінің
табиғи ерекшелігі, мысалы, тез қозушылық, әсерленгіштік, эмоция күші, өзін-
өзі ұстай алмауы сияқты мінез-бітістер ықпал етуі мүмкінБала агрессияны
көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның агрессиясы әртүрлі жадайда
өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп дағдыға
айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға қалыптасады.
Осы мәселелер төңірегінде шетел зерттеушілері бала агрессиясы мен
отбасындағы тәрбие стилінің арасындағы тікелей байлансты тапқан. Американ
зерттеушілері А.Бандура мен Р.Уолтерс өз баласының агрессиялы әрекетіне аса
көңіл бөлмейтін, тіпті қостауға бейім ананың баласы тағы да агрессиялы бола
түсетіндігін көрсетеді [1]. Өте қатал жазаланған бала да жоғары агрессиялық
мінез-құлық деңгейін көрсетеді, ата-анасынан, әсресе, әкесінен көп соққы
көрген бала өздерін бірқалыпты ұстап, тіпті тілалғыш болады да, бірақ
басқалармен, өз құрдастарымен салыстырғанда жоғары агрессиялықпен
ерекшеленеді.
С.Н.Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияның үш негізгі функциясын
бөлді:
1. Агрессия өзінің Мен тұжырымын қорғаудың басты құралы. Мұндай
агрессияның бой көрсетуі, адамның Мен тұжырымын қаншалықты
түсінетініне байланысты, мұндай адам бірінші танысқанда-ақ өзін
нақтылау үшін, агрессивтілі болып көрінуі мүмкін;
2. агрессия – психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену,яғни
Текені босату;
3. өз мақстына жету: жолымдағның бәрін соға, итере мына есіктен құтылып
шыққым келеді.
Агрессияны жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге
жеткізу, ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы
мүмкін.
Аутоагрессия – бұл өзіне әрүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып
тастау, сурет салу, өзін кінәлау болмаса қандайда бір әрекеттің өзін-өзі
талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта мұндай мәселемен психосоматикалық
ауру актуалды орын алуда.
Л.Берковицтің пікірі бойынша агрессия әрекетін қадағалауға
болады.Д.Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның
құлшынысы жоғары болған кезде, оны бақылауға алу мүмкін емес.
Гуманистік бағыт. К.Роджерс , В.Франкл, Ф.Берлз және т.б.еңбектері
агрессия мен зорлықты өзінің негізгі жағдайымен байланыстыра зерттеп,
түсіндірді.
К.Роджерстің қарастыруы бойынша агрессия мен зорлық индивидтің
бостандығын таңдау мүмкіндігін, шекеуге мәжбүр еткенге қарсы әрекеті.
Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір түрі.Агрессия бұл
организмнің тәжірибеге жауабы, яғни қауіптенетін жағдайда индивидтің өз
жайында ойлауына сәйкес келмеуі. Адам өз құндылықтарын, өзін-өзі қабылдауды
қажет етеді. Ол жақсы өмір мен бақытқа ұмтылады. Өзі жайында өзгенің ойына
көбірек көңіл бөлуі, ішкі тебіреністерімен қаупі күшейіп, олардың оны
бағалауы мазалайды. Адам олардың талап етуі мен үмітін ақтауға ұмтылады,
срндықтанда ол еркіндікті емес, әрекетті таңдауы шектелген.К.Роджерстің
айтқанындай агессия – бұлшектелген еркіндікке мәжбүр еткен әрекеттің
жауабы.
Психология ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі әдебиеттің теориялық
зерттеу негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.
А.Басс агрессия мен қастандықты бөліп қарастырады,олар барлық уақытта
үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды.А.Басс және А.дарки агрессияны
суреттей келе, шабуыл, күйгелектік, вербальдық және жанама агрессияның
көріністеріне сүйенеді.авторлардың түсінігі бойынша қастандық – бұл
күдіктенгіштік пен өкпелегіштік.
Авторлардың көзқарасындағы мына болжамдарына зейін қоятын болсақ:
агрессия жан-жақты құбылыс көрінісі болғандықтан, оны айырып, анықтап алу
өте қиын. Ғылыми тұрғыдан жақындайтын болсақ, олардың әр тұстарындағы бір-
біріне өзара байланыстарын көре білу қажет деген .агрессияның жан-жақты әр
түрлі қатынасына қараастан, қазіргі кезде көп жағдайд мынандай түсінік
қолданылады: агрессия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕТКІНШІКТРЕДІҢ АГРЕССИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ ҚҰРДАСТАРЫМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТА БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ
Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдайын ғылыми әдебиеттер негізінде талдау
Жеткіншектердің эмоционалдық тұрақсыздық жағдайына байланысты агрессивті мінез - құлық ерекшеліктерін коррекциялау
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері
Мектептегі психолог қызметінің қажеттілігі мен ерекшелігі
Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез - құлық мәселелері
Пәндер