Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері. Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 тарау. Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері
- Жаздық бидайдың биологиясы және
- Жаздық бидай өнімділігінің
- Жаздық бидай өніміне әсер етуші факторлар
2 тарау. Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны
- Топырақ - климат мелиоративтік және
- Арал өңіріндегі егіншілік және топырақ
3 тарау. Жаздық бидай өнімінің қалыптасуының морфофизиологиялық ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы: астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық-түлік қаіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады. Арал өңірінде жылдан жылға күшейген су тапшылығы болып, жаз айларында Сырдария өзені суы ауыл шаруашылығын суландыруға жеткіліксіз болып отыр. Болашақта бұл жағдай одан да ушығуы мүмкін. Сондықтан суды аз талап ететін, экономикалық түрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізу керек. Бұл жағынан алғанда бидай бағалы азықтық дақыл оның биологиялық потенциалы жоғары [2, 3] .
Ерте жаздық дақыл - бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін жалпы дән өнімін көбейтеді [4-7] .
Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайдың епс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы суармалы епншілік жағдайда (күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістерінде) өсірілген жаздық бидай дәнінде белок және клейковина мөлшері төмендейді. Осыған сәйкес, оңтүстік облыстар (мысалы, Қызылорда облысы) қатты және күшті бидайды немесе оның ұнын солтүстік аймақтан сатып алуда. Сондықтан егіншілікті әртараптандыру (диверсификаииялау) бағдарламасына сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде жаздық бидайдың егіс көлемін 20-25 мың гектарға дейін ұлғайтып (бұл 1981-1990 жылдарғы егіс көлемі деңгейі), аталған дақылдың өсіру технологиясын жетілдіру арқылы сапалы астық мөлшерін арттыру керек. Бидайды өсіруге Арал өңірінің топырақ-климат жағдайы қолайлы, бірақ жайсыз кезеңдері де бар.
Ғылыми зерттеу мәліметтері және озат тәжірибе нәтижелеріне қарағанда [8-11] құрамында белок, клейковина мөлшері көп дән алуға болады.
Дән құрамында белок пен клейковинаның көп жиналуына азот тыңайтқыштарының әсері үлкен, ал клейковина сапасы - өсу кезеңіндегі, әсіресе масақтану фазасынан кейінгі кезеңдегі ауа райына, яғни гидротермиялық коэффициентке (ГТК) және сорт-NRK- ГТК факторларының өзара әсеріне байланысты.
Сонымен, жұмыстың мақсаты мен міндеті бидай дақылының өнімділігін арттыру, морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтап, оптимизациялау үшін минералды тыңайтқыштар технологиясын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі.
1- тарау. Жаздық бидайдың агробиологиялық ерекшеліктері.
1. 1. Жаздық бидайдың биологиясы және ботаникалық сипаттамасы
Бидай - әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады. Бүкіл дақылдар өнімінің 60 %-ы бидайдан алынады. Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар (углеводтар), витаминдер А, В, ЕЬ, Вб, РР, С, Д, Е, минеральды түздар және басқа да заттар бидай дәні қүрамында бар. Бидай белогындағы амин қышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді [12, 13, 14-16] .
Жүмсақ бидай дәніне қарағанда қатты бидай дәнінде белок көбірек. Бірақ жүмсақ бидайдың көптеген сорттарының дәні өте сапалы, оларды "күшті" бидай деп атайды.
Әлемдік стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13, 5%-дан кем болмауы керек. Қазақстанда өсірілген жаздық жұмсақ бидай сорттары дәніндегі белок мөлшері 1 2-19, 8 % [17], клейковина мөлшері 19-31, 4 % аралығында болды [18] . Бұл әлемдік стандарт деңгейіндегі көрсеткіш. Яғни, Қазақстанда өсірілетін жүмсақ бидайдың коммерциялық сорттары генетикалық тұрғыдан жоғары сапалы [17] .
Бидай (Тгііісum L. туыстығы) астық (злак) тұқымдастығына (Graminea) жатады [13] . Қазіргі жүйелеу (систематикалау) бойынша (В. Ф. Дорофеев, 1980) ТгШсит туыстығында 27 түр бар [20] . Олардың негізгілері соматикалық клеткалардағы хромосомасына қарай 4 генетикалық топтарға бөлінеді [16, 19] .
Бірінші тобы - 14 хромосомды диплоидты бидай түрлері:
- Тr. Trісum aegilopodies Linк - жабайы бір дәнді бидай.
- Тr. urartu Tum - жабайы Урарту бидайы.
- Тr. monococcum L. - бір дәнді мәдени бидай.
Eкінші тобы - 28 хромосомды тетраплоидты бидай түрлері:
- Тгісum сһаldicum - Халд бидайы.
- Тr. dicocoides (Когп) . Ааr - жабайы қос дәнді бидай.
- Тr. Тіторһееуі Zһuк. -Зандури бидайы.
- Тr. раlаео-соlсһісum Меn - колхида қосдәнді бидайы.
- Тr. Dicococum Schubl - полва бидайы.
- Тr. durum Desf. - қатты бидай.
- Тr. Aethiopicum Jakubz - Абиссиния бидайы.
- Тr. turgidum L. - тургидум бидайы.
- Тr. carthlicum Nevski - қарталы бидайы.
- Тr. turanicum Jakubz - Туран бидайы.
- Тr. polonicum L. - Польша бидайы.
Үшінші тобы - гексаплоидты бидай.
- Triticum macha - Мах бидайы.
- Тr. spelta L. - Спельта бидайы.
- Тr. aestivum L. - жұмсақ бидай.
- Тr. compactum Hoct- карлик бидай.
- Тr. Sphaerococcum Perc. - домалақ дәнді бидай.
- Тr. Vavilovi Jakubz - Вана бидайы.
- Тr. amplissifolioum Zhuk - жалпақ жапырақты бидай.
Төртінші тобы - оклаплоидты бидай.
- Triticum funicidum Zhuk - жалпақ жапырақты бидай.
ТМД елдері аймағында, соның ішінде Қазақстанда бидайдың негізінен екі түрі - жұмсақ, бидай ең көп егіс көлемінде өсіріледі.
- кесте. Жұмсақ бидайдың түршелері және олардың негізгі сипаттмалары [21]
1. 2. Жаздық бидай өнімділігінің агробиологиялық
ерекшеліктері
Жаздық бидай бір жылдық өсімдік. Оның өсіп даму дәуірі сортына байланысты 70-120 күн аралығында болады. Бидайдың өсіп даму фазалары (кезеңдері) төмендегідей: 1) тұқымның өнуі; 2) өскіннің "тебендеп" шығуы; 3) үшінші жапырақтың пайда болуы; 4) түптенуі; 5) түтіктенуі; 6) сабақтануы; 7) дақылдың бас алып масақтануы; 8) дәннің сүттенуі; 9) қамырлануы; 10) дәннің толық пісуі.
Ғалымдардың пікірі бойынша [21, 22], астық түқымдас злак өсімдігі, соның ішінде бидай - монокарптық сабақтар жүйесі, олардың төменгі буындары өте қысқарған. Өсімдіктерде жанама сабақтар мен қосымша буын тамырларының пайда болуы қысқарған буынаралықтарда, яғни түптену буынында өтеді. Негізгі өнім құраушы әрі фотосинтездеуші жүйе - бұл жеке өскен бір өсімдік емес, олардың қауымдастығы - агрофитоценоз, қысқаша агроценоз, яғни бүкіл егістік. Астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, сұлы) өмір сүру формаларын экологиялық - фенотиптік тұрғыдан жүйелеу нәтижесінде олардың негізгі төрт (типі) бар екені анықталды
- түрі (типі) - дәннен бір сабақты (масағымен) өсімдік өсіп жетіледі. Мұндай жағдайда тек үрық тамырлар өсіп дамиды. Астық тұқымдас ақылдардың осы типі егістігі түқым көп мөлшерде себіліп, тереңге сіңірілген немесе ылғал өте аз тәлімі жағдайда қалыптасады;
- түрі (типі) - егілген дәннен бас және жанама сабақтары бар өсімдік өсіп шығады. Түптену буынынан шығатын қосымша тамыр жүйесі нашар дамыған немесе тіпті өспейді. ¥рық тамыр жүйесі барлық сабақтардың дүрыс дамуын қамтамасыз ете алмайды. Жанама сабақтардың біразы жойылады, ал қалғандары нашар өсіп дамиды, оның масақтарындағы дәндер семік болып, өнімділігі төмендейді;
III түрі (типі) - себілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, әрбір сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесі жақсы дамиды. Осылай дамыған әрбір түп өсімдік бір мезгілде өсіп дамыған 2-5 жанама сабақ бере алады. Осы тип бойынша өсіп дамыған астық тұқымдас дақылдар егер топырақ қүнарлы болып, қоректік заттар және ылғал жеткілікті болса ең жоғары өнім береді, сабақтары берік болып, жатып қалмайды.
ІҮ түрі (типі) - егілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, түптену түйінінен екінші қосымша тамырлар жүйесі өсіп жетіледі. Бірақ, түптену процесі осымен аяқталмай, бүкіл өсу дәуірі бойынша жүріп, екінші кезекте және одан кейін пайда болған жанама сабақ өседі. Дегенмен, кейінгі сабақтардың өсіп дамуы әдепкілерінен қалып кешігеді, біраз сабақтар масағының өнімі төмен болып, ал кейбір сабақтарда тіпті масақта болмайды. Өсімдіктердің мұндай типі сирек егістерде, түптену процесіне қолайлы жағдай болып, екінші қосымша тамырлар пайда болғанда байқалады. Мұндай егістікте (агроценозда) дақылдың пісіп жетілуі ұзарады, кейінгі пайда болған жанама сабақ масақтарындағы дәннің нашар толысып пісуі әсерінен егістік өнімі төмендеп, технологиялық және тұқымдық сапасы нашарлайды [23, 24]
Егер топырақтың үстіңгі қабатында ылғал аз болса (мұндай жағдай қөктемде жиі болады, немесе егістік суарылмаса), қосымша тамырлар дамымайды. Нәтижесінде бас сабақтағы қоректік заттардың бір бөлігі жанама сабақтарға өтіп, оларды қоректендіреді де, бас сабақтың өсіп дамуы нашарлап кешеуілдейді. Ал, қоректік заттар мен ылғал жетіспеген жанама сабақтардың бір бөлігі нашарлап шетінейді, сосын қурап қалады. Мұндай жағдайда егістіктегі дақылдың (бидайдың, арпаның, сұлының, тарының) түптенуі дән өнімін құрауда теріс роль атқарады. Егер әрбір жанама сабақтардың түбінде жақсы дамыған қосымша тамыр жүйесі болса, бұл сабақтар бөлек, тәуелсіз қоректене алады, буынаралықтары ұзарып, әрбір жапырақ алаңы көлемі ұлғаяды, нәтижесінде бас сабақпен бірдей, синхроньды өсіп дамиды. Мұндай ІІІ-типті егістіктегі дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары) ең жоғары әрі сапалы өнім беріп, жатып қалмау қасиеті күшейе түседі 22, 23, 24] .
Ш-тип бойынша дамыған дақылдың потенциальды мүмкіндігін қалыптастыру үшін керекті жағдайлар: 1) бас сабақпен алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтардың бірдей, синхроньды дамуы;
- әрбір жанама сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесінің өсіп дамуы; екінші және үшінші кезекте, кейін пайда болатын, керек емес, ІҮ- типке тән жанама сабақтарды болдырмау. Ол үшін түптену фазасы кезінде топырақта ылғал жеткілікті болуы және де үстеме қоректендіру беру керек [22-27] . Сонымен, егістікте (агроценозда) өсімдіктердің біркелкі орналасуы және оптимальды тығыздылықта болуы нәтижесінде негізгі агроэкологиялық факторларды (жарық, жылу, ылғал, қоректік элементтер және көмір қышқыл газын) дұрыс пайдалануына қолайлы жағдай туындайды. Яғни, жоғары әрі сапалы өнім қалыптастыратын негізгі факторлар: а) егістіктегі (агроценоздағы) өсімдік саны оптимальды болуы; б) ондағы әрбір өсімдіктің және оның жанама сабақтары мен жанама буын тамырларының жақсы өсіп-дамуы [6, 7, 23, 24] .
1. 3. Жаздық бидай өніміне әсер етуші негізгі агроэкологиялық факторлар
Жарық режимі. Бидайдан жоғары өнім алу деңгейін анықтау-фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшеріне, қолайлы ауа райына және оптимальды (үйлесімді) агротехникада өсірілген жаздық бидай сорттарының биологиялық өнімділігіне байланысты. М. К. Каюмовтың [31] мәліметі бойынша, 40-50 ендікте егістікке түсетін фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшері 3, 2-2, 0 млрд. ккал/га, ал биомасса өнімі гектарына 400-250 центнерге дейін жетеді. Осы ендікте Арал өңірі де (43-46 ) орналасқан [32] .
Бидайдың даму процестерінің дұрыс жүруі үшін оның фотопериодтық реакциясының маңызы бар. Дақылдың гүлденуі үшін күннің ұзақтығы тәулігіне 12-14 сағат болып, жарық мөлшері 1800-2000 люкстен кем болмауы керек [19] .
Бидай дақылының өсу дәуірі (сәуір-шілде) кезінде, әсіресе масақтану фазасынан кейін Арал өңірінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен - 29-34 % аралығында, кейде одан да төмен болады. Жаз айының көпшілік күндерінде аспан бұлтсыз болып, ауа қүрғақ әрі таза болады. Сондықтан, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, нәтижесінде бидай егісіне көп мөлшерде фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) келіп түседі [32] .
Сонымен, қазіргі кезеңде Арал өңірі жағдайында күн сәулесі энергиясы бидай өнімділігін шектеуші факторға жатпайды. Шаруашылықтарда өсірілген жаздық бидай егісі фотосинтетикалық белсенді радиацияның (ФБР) 0, 5-0, 8 %-дай ғана мөлшерін қабылдап бойына сіңіреді. Нәтижесінде өнім 11-14 ц/га аралығында болып отыр, ал бұл суармалы егіншілік жағдайы үшін өте төмен өнім. Сондықтан, егіншілердің қазіргі кезеңдегі ең басты мақсаты, күн сәулесі энергиясын пайдаланудың тиімді әсері коэффициентін (ТӘК) 1, 5-3, 0 %-ға дейін арттыру болып табылады.
Өсімдіктердің күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіруі жапырақ алаңы көлеміне байланысты. Қызылорда облысында аудастырылған жаздық бидай сорттары егістігінің жапырақ көлемі 45-55 мың м 2 /га, ал жапырақ алаңы индексі (ЖАИ) - 4, 5-5, 5 м /м болғанда ең жоғары өнім алынады. Оптимальды (үйлісімді) тығыз егіске келіп түсетін қысқа толқынды радиацияның 60-90 %-ын сіңіреді, 10-30 % ауаға кетді, ал тек 5-10 %-ы ғана егіс арасынан өтіп, топыраққа сіңеді. Егістікте қабылданған күн сәулесі радиациясының 80-90 %-ы жапырақ арқылы қабылданады, ал қалған 10-20 %-ы сабақтар, масақтар және өсімдіктің басқа да органдары арқылы қабылдап бойына сіңіреді. Сонымен, суармалы егіншілік жағдайында күн сәулесі энергиясын көп мөлшерде қабылдайтын бидайдың оптимальды жапырақ көлемі 45-55 мың м 2 /га. Бұл деңгейге жаздық бидайдың егістіктегі қалыңдығы бір шаршы метр жерде 240-260 түп өсімдік немесе 600-650 масақты сабақ болғанда жетеді.
Егер егіс сирек болып, жапырақ көлемі аз болған жағдайда фотосинтетикалық белсенді радиацияны (ФБР) қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күн сәулесі радиациясы сирек өсімдіктер арасынан өтіп топыраққа сіңеді, ал бір бөлігі шашырап ауаға кетеді. Егістік өте қалың (тығыз) болған жағдайда өсімдіктердің бір-біріне көлеңкелеу және басқа да зиянды ценоздық әсері күшейе түседі. Аталған осындай жағдайдың бәрінде егістіктің дән өнімі төмендейді,
Температура режимі. Жаздық бидай салқын температура жағдайына төзімді дақыл. Бидай дәні 1-5 С-та өне бастайды, бірақ 2-4°С аралығында баяу өседі. Дәннің жақсЫ өніп шығуы үшін қолайлы температура Ю-15Х [21, 33, 34] . Дән орналасқан тереңдікте температура төмендеу (6-10°С) болса гриб ауруларымен, соның ішінде қаракүйе ауруымен аз зақымданады [13] .
Қазақстанда, соның ішінде Арал өңірінде егілетін жаздық бидай сорттары да ядровизацияны қажет етеді. Яровизация қалыпты өтуі үшін қолайлы температура 2-5°С-тан Ю-і2°С-қа дейінгі аралық және бұл процесс 5-14 күнге созылады [19] .
Өніп шыққан алғашқы өскіндер 1-3 С суықты көтере алады. Түптену фазасының дұрыс өтуіне жақсы әсер ететін температура 10-12°С, ал сабақтану (түтіктену) кезеңінде дақыл біршама жоғары температураны керек етеді. Масақтану, гүлдену кезеңдерінде ең қолайлы температура 20-25°С, ал дәннің толысу-пісуі фазаларында -18-26°С [33, 34] .
Жаздық бидайдың өсіп даму дәуірі сортына байланысты 90-105 күнге созылады, ал осы кезең аралығында керекті температуралар қосындысы 1550-1800°С. Бұл тәуліктік орташа температура +10 С-тан жоғары болатын кезең аралығына сәйкес келеді.
Минеральды, әсіресе азот тыңайтқыштарының тиімділігі температуралық жағдайға байланысты. Яғни, жаздық бидай егістігінде мол дән өнімі орташа температура 16, 5-20 С болғанда қалыптасты, ал температура 30-35°С-тан жоғары болғанда дәннің толысып пісу кезеңі қысқарып, өнім төмендеді. Орташа тәуліктік температура 1 0 С-қа көтерілгенде өнім 10 %-ға дейін төмендейді [35, 36] .
Жаздық бидайдың масақтанып, гүлдену кезеңінен кейін, дән толыса бастаған кезде Арал өңірі жағдайында ауа температурасы 35-45 С аралығында болады. Яғни, бидай дәнінің толысуы қолайсыз жағдайда өтеді.
Суару режиміне талабы. Жаздық бидай ылғалды жеткілікті мөлшерде қажет ететін дақыл, оның транспирациялық коэффициенті -450-500.
Жаздық бидайдың ылғалды қабылдап сіңіруі (тәулігіне м7га) төмендегідей [28; 29] :
а) себу-түптеу аралығында - 12, 2 м 3 /га тәулік;
ә) түптену-сабақтану кезеңінде - 36, 9 м 3 /га тәулік;
б) сабақтану - масақтану кезінде - 64, 5 м /га тәулік;
в) масақтану - дән толысу кезеңінде - 66, 2 м 3 /га тәулік;
г) дән толысу - сүттену кезеңінде - 57, 3 м /га тәулік;
д) дән сүттену - толық пісу кезеңінде - 29, 5 м /га тәулік.
Жаздық бидайдың ылғалға талабын дақыл сорттарының ерекшеліктеріне, аймақтың гидротермиялық режиміне, радиациялық балансына сәйкес анықталады [29, 30] .Дәннің жақсы көктеп шығуы үшін өзінің салмағынан 50-60 % ылғал керек, ал түптену кезінде ылғалды көбірек қажет етеді. Осы кезеңде топырақта ылғал жетіспесе, дақылдың өсіп дамуы баяулайды, әрбір жанама сабақтың түбінен қосалқы буын тамырлар өспейді, нәтижесінде өнім төмендеп, дән сапасы нашарлайды. Ылғалды ең көп талап ететін фазалары: түптену-масақтану - дән толыса бастау кезеңдері [29, 33, 34] .
Яғни, жаздық бидайдың потенциалды өнімін шектеуші факторлардың бірі - дақылдың өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде топырақта ылғалдың аз болуы [37] .
Жаздық бидай өсу дәуірі кезінде суарғанға қайтарымы мол дақыл. Суаруды ертерек, органогенездің П-этапының соңы, III - этапының бастапқы кезінде, яғни түптену фазасының басында жүргізген өте тиімді. Бұл жағдайда бидай жақсы түптеніп, әрбір жанама сабақ түбінен буын тамырлары жылдам өеіп нығаяды. Нәтижесінде масақ ірі болып, дән көп байланады [16, 30] .
Топырақ-мелиоративтік жағдайы және қоректену режимі. Топырақтың мелиоративтік жағдайына - топырақ түрлері, олардың тұздану деңгейі, берілетін судың минерализациялану мөлшері, жер асты суының тереңдігі, топырақтың қышқылдығы, себу алдында топырақты өңдеу сапасы және тамыр өркендеп өсетін топырақ қабатының қүрылымы жатады [30, 38] .
Күріш өсіруші аймақтардың топырақ жамылғысы негізінен шөлейт жағдайда қалыптасқан топырақтар (сазды сұр топырақ, тақыр тәрізді және тақырлар) және гидроморфты (шалғынды-аллюмий, шалғынды-батпақты, батпақты) болып келеді. Олардың ішіндегі құнарлысы - шалғынды-аллювий, шалғынды-батпақты топырақтар. Түздану типі - хлоридты-сульфатты, бір метр топырақ қабатындағы тұздар мөлшері тығыз (құрғақ) қалдық бойынша 0, 882-1, 816 %. Жер асты суы тереңдігі 2-5 м. Топырақтың суды төмен өткізгіштік (фильтрациялау) қасиеті өте төмен. Атыз топырағына сумен көп мөлшерде ерітінді түздар келеді [32, 40] .
Тыңайтқыштар беру жүйесі дұрыс болған жағдайда жаздық бидай аталған барлық топырақ типтерінде жоғары өнім береді.
Ауылшаруашылығы өндірісін интенсивтендіру - жүргізілген химияландыру шараларына, әсіресе қолданылған тыңайтқыштар мөлшеріне тікелей байланысты [32, 30, 38, 39, 41-43] өйткені бидай өнімін арттыруда және топырақ құнарлығын жақсартуда минеральды тыңайтқыштар өте күшті әсер ететін фактор [30, 44] .
Арал өңірінде күріш егіншілігін интенсивті дамыту 1965-1966 жылдары басталып, 1980-1990 жылдары егіс көлемі 95-110 мың гектарға жетті. Осы жылдарда минеральды тыңайтқыш қолдану күрт артып, орташа өнім гектарына 49-55 центнерге дейін жетті. Мысалы, 1965-1967 жылдары күріш ауыспалы егісіндегі әрбір гектар егіс танабына әсер етуші зат есебімен 43 кг/га минеральды тыңайткыштар енгізілсе, 1981-1985 жылдары бұл көрсеткіш 228 кг/га деңгейінде берілді [2, 30, 39, 43] .
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаздық бидай (күздік бидаймен қатар) дәнді дақылдар ауыспалы егісінде негізгі дақылдардың бірі ретінде егілуде. Яғни, жаздық бидай күріш, қызылша, мақта, темекі ауыспалы егістерінде де өндіріледі. Мысалы, күріш ауыспалы егісінде көп мөлшерде беріледі де, жаздық бидай егісіне өте аз мөлшерде берілуде.
Арал өңіріндегі суармалы егіншілік жағдайында берілген тыңайтқыштардың тиімділігін арттыратын екі фактор бар:
1) товарлы күріш өндіруді интенсификациялау кезеңі (1965-1990 жж. ) аралығында қарашіріктің (гумус) алғашқы тың жерлер кезіндегі дейгейі (1, 8-2, 5 %) көп мөлшерде азайып, 0, 8-1, 1% деңгейіне жетті, ал бұл өз кезеңінде топырақ қүнарлығын төмендетті;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz