Надыр шах тұсындағы Иран


Мазмұны
Кіріспе. 3-10
І-Тарау “Иранның XVІІ ғасырдың аяғы және XVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарыны дейінгі әлеуметтік саяси жағдайы11-32
1. 1. Шах билігіне бағытталған халық көтерілістері11-17
1. 2. Гильзайлардың Исфаханға жорығы. …18-32
2-тарау. Надыр-шах билігінің ерекшеліктері33-59
2. 1. Надыр-шах тұлғасы. 33-40
2. 2. Надыр-шахтың ішкі және сырқы саясаты. …41-59
Қорытынды. . 60-61
Әдебиеттер тізімі. 62-64
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Менің диплом жұмысымның тақырыбы “Надыр шах тұсындағы Иран” деп аталады. Иран жалпы географиялық орналасу орнына байланысты және мемлекеттік құрылымына байланысты, мәдени даму жолдарына байланысты қазіргі заман тарихшыларын өте қызықтырады. Жалпы әлемдегі елдер тарихын білу қызық әрі мемлекетіміздің әрбір адамына қажетті заттардың бірі. Иран мұсылман елдерінің бірі. Сондықтан да біздің Иран тарихына қызығуымыз ғажап емес. Оның мәдениеті тек біздің еліміз үшін ғана емес, батыс елдері үшін де қызықтыратын мәселелердің бірі болып отыр. Біздің елімізде Иран орталығы да бар. Парсы тіліне қызығушылар саны да күннен күнге өсуде. Тарихшыларымыздың сөздері бойынша Қазақстан тарихы жөнінде парсы деректерінде мәліметтер саны өте көп. Сондай-ақ саясат тармағында да саясат тармағында да Иран мемлекеті маңызды мемлекеттердің бірі болып есептелініп отыр. Біздің елбасшымыз да 2002-2005 жылдары Иран мемлекетіне мемлекеттік жұмыстар барысында барып қайтқан. Міне осындай және тағы да басқа мәселелерге байланысты Иран мәселелері әлем халықтарын, соның ішінде біздің елімізді де қызықтыратын тақырыптардың бірі болып есептелінеді. Қазіргі таңда біздің елімізде Иран тарихына байланысты әдебиеттер, ғылыми жұмыстар көптеп жарыққп шығуда. Иран тарихымен айналысып жүрген ғылыми тұлғаларымыз да аз емес.
Ал олай болса, мен осы қызықты да өзекті Иран тарихының бір бөлігі немесе бір кезеңі “Надыр-шах тұсындағы Иран тарихын” қарастырамын. Бұл тақырып жөнінде біздің елімізде тарихи мәліметтер өте аз. Шығып жатқан ғылыми еңбектерде Надыр шах кезеңі жазылса да тек кішкене абзац ретінде беріледі. Ресей ғалымдарының еңбектерінде де Надырдың жеке тұлғасына көп тоқталмай, оның жаулап алушылық соғыстарына көп мән берілген. Сондықтан да Надыр-шах тарихымен танысу әрбір тыңдарманға қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені бұл кезең тарихынан, мысалы Надыр-шах тұлғасынан, жүргізген саясатынан қажет тәжірбиелерді алуға болады деп есептеймін.
Осы “Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы” бойынша жұмысымды жазу барысында алдыма бірнеше мақсаттар мен міндеттер қойдым:
А) Осы тақырыпты жан-жақты қамтып, тақырып мазмұнын ашу; Тарихи оқиғаларға шолу жасау;
Ә) Надыр-шах тұлғасын, ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін, тарихи сипатын ашу; Надыр саясатындағы жетістіктер мен ішкі саясаттағы олқылықтарға тоқталу;
Б) Осы кезең оқиғаларын, халықтың әлеуметтік жағдайын сипаттау; Осылайша қызықты және Иран мемлекетінің төл тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі - Надыр шах билігі оқиғаларын толығымен Иран тарихына қызығушыларға таныстырып өту.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. XVIII ғасырдағы Иран елінің тарихы жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар, еңбектер бар. Бұл әдебиеттердің ішінен Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы туралы мәселелер қозғалған бірнеше қызықты еңбектерді атап өтуге болады. Мысалы, Ирандық Риза Шайбани еңбегі Алматыда 2002 жылы жарық көрген. Бұл “Иран тарихы атты еңбекте Иран тарихындағы тұлғалардың кезеңдері баяндалады. Жалпы Риза Шайбани еңбектегі мәселелерді бір жақты, яғни мақтап мадақтау жолымен ғана қарастырған. Бұл еңбекте Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы шағын түрде жазылған. Надыр тұлғасы мадақталып, әлемді жаулап алушы ретінде таныстырылады. Ал елдің әлеуметтік жағдайы, ішкі саясаттағы олқылықтар жөнінде ешбір мәлімет жоқ. [1]
Ресей зерттеушілерінің ішінен М. С. Ивановты атап өтуге болады. М. С. Иванов 1977 жылы Мәскеуде “Иран тарихы” атты еңбегін жарыққа шығарған. Ивановтың бұл еңбегінде Иран тарихының мәселелері өте жақсы баяндалады. Надыр шах кезеңі де толықтай қарастырылып, жетістіктер де олқылықтар да толық сипатталады. . [2]
М. С. Иванов 1952 жылы “Иран тарихының очерктері” атты еңбегін жарыққа шығарған. Бұл тарихи еңбекте де Надыр тарихы кең аумақта баяндалған. М. С. Ивановтың еңбектері арқылы Надыр-шахтың әлемді жаулап алушы болғанымен, оның жаулап алушылық саясат жүргізгенін және оның деспоттық билеуші болғанын көруге болады. . [3]
Сондай-ақ Алматыда 1998 жылы жарық көрген З. Е. Искакованың басшылыңымен жазылған еңбекте де Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы туралы азды-көпті мәлімет беріліп өткен. Бұл “Иран и Иранцы” атты еңбек надыр шах кезеңін қысқаша ғана баяндайды. . [4]
Осы тақырып бойынша тағы да бір зерттеушілердің құнды да қызықты еңбегі - “История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века” болып есептеледі. Н. В. Пигулевская бастаған зерттеушілердің бұл еңбектерінде Надыр-шах кезеңі өте жақсы баяндалған. . [5]
К. З. Ашряфанның “Антифеодальные движения в империи Надир-шаха” атты еңбекте Надыр-шах кезеңіндегі шаруалардың, қолөнершілердің, саудагерлердің және ұсақ феодалдардың көтерілістері баяндалады.
Б. П. Кишмишевтың “Походы Надир-шаха в Герат, Кандагар, Индию и события в Персии после его смерти” атты еңбегінде де Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы жөнінде өте қажетті, құнды деректер бар.
Тағы да бір құнды еңбектер қатарына Г. Ф. Ефимовтың басқаруымен жазылған “История и источниковедение истории стран Азии и Африки” атты еңбегін жатқызуға болады.
Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы жөнінде бірнеше оқулықтар бар. Мысалы: Мәскеуде 1962 жылы шыққан “Хрестоматия по истории Ирана” атты оқулығы. Бұл оқулықта Иран елінің көршілес елдермен жүргізген келісімсөздері, тарихшылардың жазып қалдырып кеткен хабарламалары, хаттары және тағы да басқа құнды құжаттардан мәліметтер берілген. Мысалы бұл оқулықтан Түркиямен Иранның, Ресей мен Иранның XVIII ғасырларда жасалған келісімсөздерін оқуға болады. Әрине, бұл құжаттар реейдің мемлекеттік архивінен алынғандықтан Ресей тұлғаларын мадақтап жазған. . [6]
Келесі бір оқулығымыз, ол - “Мухаммед Казим. Поход Надир-шаха в Индию. (Извлечение Та'рих-и-аламара-ий Надири) Бұл оқулық Мәскеуде шығыс әдебиеттер баспасында 1961 жылы жарыққа шыққан. Бұл еңбекте Надыр шах тарихымен қатар осы кезеңнің әйгілі тарихшысы Мұхаммед Қазымның өмірбяны да берілген. Надыр шах тың өмірбаяны, жаулап лаушылық саясаты және өмірінің соңғы жылдарындағы елдегі оқиғалар баяндалады. Ең ірі тару Надырдың Үндістанға жасаған жорығына арналған. Бұл еңбекті жазу барысында Мұхаммед Қазым еңбектеіне сүйенген. . [7]
“Историаграфия и источниковедение истории стран Азии” еңбегін де атап өтуге болады. Бұл Г. Ф. Ефимовтың басшылығымен жазылған еңбек Ленинград қаласында жарыққа шыққан. Бұл еңбекте Надыр шах кезеңі қысқаша ғана баяндалады. . [8]
“История Азии и Африки в новое время” оқулығының I-ші бөлімінде біздің кезеңімізге қатысты мәліметтер алуға болады. Бұл Мәскеуде 1989 жылы жарыққа шыққан оқулықтың ішінен Надыр шах кезеңі туралы біраз мәліметтер алуға болады.
Бір қызықтысы, осы кезеңдегі Ресей мен Иранның қарым-қатынасындағы кейбір оқиғаларды әр ел тарихшысы әртүрлі баяндайды. Мысалы, Риза Шайбани өз еңбегінде “Жаулап алушылықтар соғысынан күшейген Иран шахы Надыр 1736 жылы үрейленген орыстардан кезінде тартылып алынған жерлерді кейін қайтарды, ”дейді. Ал Надыр шахтың уақытындағы әлеуметтік жағдайлардан айналып өткен. Ресей зерттеушілері болса өз кезегінде бірінші мәселе дипломатиялық жолмен шешілгенін жазады. Ал Надыр шахтың ішкі саясатының тым нашар, оның деспоттық билеуші болғанын баяндайды.
1980 жылы Мәскеуде жарық көрген “Иран. История и культура в средние века” атты еңбектеде Надыр шах тұсындағы Иран тарихы жөнінде кең аумақта мағлұмат беріп өткен. Надыр шахтың қазасынан кейінгі әр аймақтағы билікке талас, халық көтерілістері жақсы баяндалған. М. С. Алиев бұл еңбегін өте кең түрде, әр құжатқа мысал келтіріп, әрбір дерекке терең шолу жасаған.
М. С. Алиевтың тағы бір “Антииранские выступления и борьба против турецкой оккупации” атты 1978 жылы жарық көрген еңбегі бар. Бұл еңбектің мәтіні жоғары да айтып өткен еңбекке ұқсас.
П. Г. Бутков Надыр шах кезеңіндегі Кавказ маңы елдері тарихы бойынша “Материалы для новой истории Кавказа с 1722 по 1803 год” атты еңбегін Мәскеуде 1869 жарыққа шығырған.
Деректік көзі. Жалпы парсы тарихнамасындағы XVIII ғасырдың өзінде-ақ жарық көрген көптеген еңбектер біз үшін құнды деректер көзі болып есептеледі. Парсы тіліндегі жазылған жеке тарихи шығармалардан төмендегідей негізгі шығармаларды атап өтуге болады.
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдығы және XVII ғасырдың аяғы үшін маңызды дерек көзі болып 1741(2) жылдары Надыр-шахтың мустауфиі (қазына басқарушысы және финанс министрі) Мухаммед Мухсин құрастырған “Зубдат-ат-Таварих” (тарих негіздері) шығармасы есептелінеді. Бұл еңбекте Надыр-шах державасының өркендеуі туралы жазылған. Бұл еңбекте Сефевид династиясының құлдырауы және Надырдың шах болып тағайындалуы баяндалады. Жалпылама айтқанда тенденциозды түрде, яғни Сефевидтерді жамандап, Надыр тұлғасын мадақтап жазады. Мухаммед Мухсиннің бұл “Зубдат-ат-Таварих” (тарих негіздері) еңбегі Надыр-шахтың ұлы Риза Кули-ханның тапсырысымен жазылған. Бұл жалпы тарих сипатындағы еңбек болып есептелінеді.
Жалпы жеке Надыр-шахтың билеуі және жаулап алу жорықтары жайында XVIII ғасырда Үндістан мен Иранда парсы тілінде жиырмадан астам тарихи еңбектер жазылған. Бұл еңбектердің ішінде әсіресе мырза Мегді-хан және Мұхаммед Қазым еңбектері құнды дерек көздері болып есептелінеді.
Мырза Мұхаммед Мегді-хан Астерабади кейбір мәліметтерге қарағанда сефевидтер фамилиясынан шыққан. Әйтсе де бұл оның Надыр-шахқа жеке көмекшісі (секретарь мунши) ретінде қызмет етуіне кедергі жасамаған. Мырза Мегді-хан Надыр-шах билігінің тарихы жөнінде “Тарих-и Надири” тарауы бойынша үлкен еңбек құрастырған. Надыр-шахтың ең сенімді адамы ретінде өз уақытының барлық саяси жағдайымен таныс болғанымен, тарихты бір жақты, яғни тек мақтау-мадақтау түрінде жазған.
Мегді-ханның тағы бір “Дуррэ-ий-Надири” еңбегі де көбіне алғашқы еңбегіне ұқсас. Бұл еңбектер Иран мен Иракта басылып шығарылған.
Мегді-хан сондай-ақ “Инша” құжаттар жинағын да құрастырып жарыққа шығарған. Ол бұл еңбегінде де мақтап-мадақтау, асыра-сілтеу әдістерін пайдаланған. Бұл еңбек Тебризде жарық көрген. Бұл еңбегі де боямалы әсерлі түрде жазылған. Бұл еңбекте Надыр-шахтың шенеуніктерді тағайындаудағы бұйрықтары, дипломатиялық құжаттар, вакуфтық мақтау қағаздары, хаттар және келісімсөздердің үлгілері жазылған. Автор бұл құжаттарды еңбектің құрылымы үшін емес, канцеляриялық әдеби стильдің бір түрі ретінде келтірген. Сондықтан да оның еңбек жинақтары толық түрдегі нақты тарихи еңбекке жатпайды. Өйткені еңбектерде метографиялық шығармалардың нұсқалары өте көп.
Вассаф деректеріне қарағанда Мегді-ханның әдеби формасы еңбегін әсерлі ете түседі. Құрамы жағынан және тіл байлығы жағынан XVI-XVIII ғасырлардағы парсы тарихнамасындағы Мегді-хан еңбегіне жететін бірде бір еңбек жоқ. Осы артықшылықтары Мегді-ханды әлемге ұлы тарихшы ретінде әйгілі етті. Бұл еңбек тарихи еңбектен гөрі әдеби еңбек ретінде маңызды роль атқарады. Сонда да Мегді-хан бұл еңбегінде Иран тарихынан, (саяси және әскери тарих төңірегінде), Кавказ маңындағы елдер тарихынан және Ауғаныстан тарихынан, (Надыр-шах кезеңі тұстарындағы), сондай-ақ өзінің нақтылығымен және оқиғалардың нақты уақыттарының (күні, жылы) берілуімен ерекшеленеді. Мегді-хан еңбегі басынан аяғына дейін панегирика стилінде жазылған.
Мегді-хан еңбектерінің кемшілігі біріншіден, мемлекеттің ішкі жағдайы туралы ешбір мәліметтің берілмеуі. Бұл автордың өз шығармасын тек “Әлемді жаулап алушының” тақырыбына арнауымен түсіндіріледі. Мегді-хан еңбегі 1747 жылы аяқталған, яғни Надыр-шах өлімінен соң; әйтсе де тарихшы бола отырып ол Надыр-шах туралы жағымсыз ойлар қалыптастырады деген деректердің бәрінен қашқан. Әйтсе де Надыр-шах өмірінен негізгі мәлімет көзі ретінде “Тарих-и Надири” негізгі деректердің бірі болып есептелінеді. Ұзақ уақыт бойы Мегді-хан еңбектері зерттеушілер үшін Надыр-шах тарихының негізгі дерек көзі ретінде пайдаланылып келді. 1919 жылы академик В. В. Бартольд ғылым жүйесіне жаңа бір дерек көзін енгізді. Бұл құнды дерек Мұхаммед Қазым еңбектері еді. Бартольд Мегді-хан мен Мұхаммед Қазым шығармаларын түбірлі еңбек, негізгі дерек көздері деп есептеген.
Әзірше Мұхаммед Қазымның үш томдық жазбасы ғана белгілі болып отыр. Алғашында Ресей академиясының Азиаттық музейінен 1919 жылы екінші және үшінші томы табылса, бірінші томы кейіннен Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуден табылған.
Мұхаммед Қазымның бірінші томы “Алямарай-и-Надири” Надыр-шахқа дейінгі тарихи оқиғаларға арналған. Екінші том 1736-1743 жылдар оқиғаларын, үшінші том Надыр-шахтың 1743-1747 жылдарындағы билігін баяндайды.
Мұхаммед Қазым жастайынан шах қызметшілігінде жүргендіктен мемлекеттік архивтерге кіруге құқығы болды. Оның шығармалары Иранның сол кезеңдегі ақша жағдайымен, салық құжаттарымен жақсы таныстырады. Әрине Мұхаммед Қазым Надыр-шахтың жақтаушысы, алайда ол Мегді-ханмен салыстырғанда оқиғаларды объективті түрде баяндаған. Надыр-шахтың кейбір қолданған шараларына өзінің сыни көзқарастарын білдіріп отырған. Надырдың қарапайым халықты әбден әлсіретіп жіберген салық саясатына да қарсы болған. Жалпы бұл шығарма Надыр-шах жорықтарынан елдің экономикалық-әлеуметтік жағынан мол мағлұмат беретін құнды құжат болып есептелінеді.
Мегді-хан шығармасы секілді Мұхаммед Қазым тараулары да табиғатты сипаттаумен басталады. Мегді-хан секілді ол да Надырды “Алла көлеңкесі”, “Әлемді жаулап алушы-билеуші” және “бар әлемнің билеушісі” деп атайды, оның сарайын -“әділ сот орыны”, ал әскерін - “жеңімпаз” деп мадақтайды. Бұл шығармада оқиғаларын эпитеттермен, метафоралармен, метонимиялармен, синекдохалармен және гиперболалармен әсерлеп әңгімелейді.
Тағы да бір дерек көздерінің бірі - армян шіркеуінің патриархы, котолигі Абраам Кретаций шығармаларын атап өтуге болады. Ол Мугани құрылтайына шақырылған Надыр-шахтың сыйлы тұлғаларының бірі. Оның еңбегі “Менің және парсы шахы - Надыр тарихы” деп аталады.
Ирандағы Надыр-шах өлімінен кейінгі феодалдық қарама-қайшылықтар жөніндегі дерек көзі ретінде Абу-л-Хасан ибн Мухаммед-Амин Гулистанэнің екі томдық “Муджмал-и тарих-и ба'д Надирийэ” (Надыр-шах кезеңінен кейінгі тарихтың жазбалары) атты еңбегі маңызды роль атқарады. Бірінші томда 1747-1750 жылдардағы оқиғалар баяндалады. Екінші томда Ауған мемлекеттерінің тарихы баяндалады.
Абу-л-Хасан ибн Ибрахим Казвини “Фаваид-и Сефивийэ” (Сефивидтер тарихы жөнінде) еңбегін құрастырған. Еңбек Иран тарихындағы Сефивидтер, Афшарлар, Зендтер, Каджар әулеті жөнінде жалпы 1796 жылға дейінгі оқиғаларды баяндайды. Негізінен бұл еңбектің XVII ғасырдың аяғын және барлық XVIII ғасырды толығымен баяндайтын бөлігі біз үшін құнды дерек көздері болып есептелінеді. Еңбек басылып шықпаған, қолжазбалардың аз ғана бөліктерінде мысалға келтіріледі.
Орыс дерек көздері ішінен Артемит Волынскийдің еңбегі де құнды дерек көздерінің қатарына жатады. Артемит Волынский XVIII ғасырдағы орыстың атақты мемлекет тұлғасы ретінде танымал, 1715-1717 жылдары Иранда елшілік қызметін атқарған. Күнделік шах Сұлтан Хусейн кезеңіндегі шаруашылықтың құлдырауынан, мемлекеттік аппараттың шашырауынан, қалалар жөнінде, сауда, XVIII ғасырдағы халықтық және азаттық көтерілістер жөнінде мол мағлұмат береді. Күнделік толығымен басылып шығарылмаған.
Сондай-ақ С. Аврамовтың да күнделігі маңызды роль атқарады. Бұл Тахмасып II билік еткен кезде Иранда орыс елшісі қызметін атқарған. Бұл күнделік те басылып шығарылмаған.
Дерек ретінде Ф. И. Соймоновтың “Каспий теңізінің тарихы” атты еңбегі де құнды болып есептелінеді. П. Т. Бутковтың “Кавказдың 1722 және 1803 жылдары аралығындағы жаңа тарихы бойынша материалдар” атты еңбегі де біз үшін маңызды еңбек болып табылады. Бұл еңбек біздің заманымызға дейін жете алмай қалған алғашқы деректер негізінде құралған. Бұл еңбекте тек Кавказ елдері жөнінде ғана емес, сондай- ақ Гилян және Мазандеран тарихтары жөнінде де материалдар бар. Бұл еңбекте сонымен қатар саяси тарих және экономика жөнінде мәселелер көп көтерілген. Әйтсе де автар дерек көздерін көрсетпеген. Сондықтан да оның еңбектерінде бірнеше фактілік қателіктер бар.
Сондай-ақ батыс саяхатшыларының, елшілерінің, миссионерлерінің қолжазбаларының ішінде де XVIII ғасырдағы Иран тарихы жөнінде мағлұматтар өте көп.
Осы уақыттағы оқиғалар жөнінде француз Мами Плерак жазбаларында маңызды мағлұматтар бар.
Кең аумақта жазылған ағылшындық Ханвей еңбегін атап өтуге болады. Бұл қолжазба тенденциозды түрде, ағылшындық колониалдық саясаттың жақтаушысының көзқарасы тұсынан жазылған, Ресейдің жауы ретіндегі көзқараста жазылған. Бұл мәліметтер Иранның XVIII ғасырының 30-40 жылдарындағы экономикалық жағдайын сипаттайтындықтан құнды дерек көзі болып есептелінеді.
Осылайша менің тақырыбым Надыр шах тұсындағы Иран тарихына арналған. Және де Надыр шах тұсындағы Иран тарихы ең қызықты, әрі Иран тарихындағы ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл тақырып әлі де болса біздің елімізде дұрыс зерттелмеген. Ғылыми еңбектер де жоқтың қасы. Надыр қарапайы отбасынан шығып, өз ерліктерінің арқасында Иран тарихында айрықша із қалдырған адам. Надыр шах “әлемді жаулап алушы”, “Ұлыладың ұлысы”, әскери өнерді жетік білетін, өте өнерлі әскери қолбасшы. Алайда ол ұлы билеуші бола тұра ішкі саясатта кейбір олқылықтарға жол берген. Ішкі әлеуметтік жағдайдың нашарлауына, шаруашылықтың, қолөнердің, сауданың құлдырауына жол берген. Билігінің және сондай-ақ өмірінің барлығын территорияларды жаулап алуға арнаған. Надыр шах әлеуметтік жағдайды өркендетуге ұмтылғанда мүмкін Иран мәдениеті мен қазіргі әлеуметтік жағдайы бүгінгісінен де тамаша болар ма еді? Сондықтан да өз ойымша Надыр шах тұсындағы Иран тарихын сыртқы саясаттың шарықтаған, ішкі әлеуметтік жағдайдың құлдырау шегіне жеткен кезеңі деп айтуға болады.
Менің бұл тақырып бойынша менің диплом жұмысым кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
I-Тарау “Иранның XVII ғасырдың аяғы және XVIII ғасырдың 30-шы жылдарыны дейінгі әлеуметтік саяси жағдайы.
1. 1. Шах билігіне бағытталған халық көтерілістері .
XII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың бас кезеңінде Иран елінің экономикалық дамуында реакциялық тенденция анық байқалатын болатын. XVII ғасырдың аяғында байқалған шаруашылықтың шарықтауы құлдыраумен орын алмасты. Иран елінің экономикасының құлдырауының негізгі себебі феодалдық рентаның, салықтардың шамадан тыс өсуі еді. Өйткені бұл жағдай ауыл шаруашылығының кедейленуіне, ішкі сауданың құлдырауына және таптық қоғамның шиеленісуіне алып келді.
XVIII ғасырдағы Иранның елінің барлық төл тарихы азербайжандарға, армяндарға, грузиндерге, курдтарға, ауғандықтарға, түркмендерге және де халықтың әлеуметтік жағдайын әбден нашарлатқан шах мемлекетіне қарсы бас көтерулермен және кескілескен көтерілістермен сипатталады. Осы кезеңдерде сонымен қатар феодалдық таптар арасындағы қарама-қайшылықтар күшейеді. Олардың арасында жерге деген талас, билікке талас жиі-жиі орын алып отырды.
Надыр шах билігі кезеңіне дейін де салықтың тым өсірілуі, шах шенеуніктерінің жазалау шаралары және де діни қысым Сефевид династиясында Аббас I шах кезеңінде де байқалған болатын. Сондықтан да бұл жерде халық наразылықтары күшейіп, бірнеше көтерілістер болған. [9]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz