Қарым – қатынас психологиясының теориялық мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4

І БӨЛІМ ҚАРЫМ . ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Қарым.қатынас түсінігі және оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.7
1.2. Қарым.қатынастың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7.10
1.3. Баланың арасындағы қарым.қатынасты іске асырудың тәжірибелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.13

ІІ БӨЛІМ БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАС.ТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мұғалімнің баланың қарым.қатынас мәдениетін қалыптастырудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.17
2.2. Баланың қарым.қатынас арқылы ақпарат алмасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.20
2.3. Баланың қарым.қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары ... ... ... 20.24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен-ақ екінші бір адаммен қарым- қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, баланы қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігі белгілі. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз.
Бала қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарға меңгереді. Әрине қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакль көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе – жүз, не жанама, не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Осындай қарым-қатынастың мән –мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып тұр.
1. Аймауытұлы. Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.
2. Аймауытұлы .Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995ж, 325б.
3. Ананьев Б.Т. Избранные психологические труды.:В 2т.М.,1980.
4. Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И. Жалпы педагогика. – Алматы: Заң мектебі, 2005
5. Выготский Л. С. Собрание сочинений В 6 т. – Т. 2. М., 1982. ( Мышление и речь 2-361. Мышление и его разитие в детском возрасте 395-415 )
6. Гиппенрейтер Ю. Б. Введение в общую психологию. Курс лекциий. – М., 1988.
7. Елікбаев Н. Қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды,2000.
8. Елікбаев Н. Психология. Көмекші оқу құралы. Алматы, 1992ж.
9. Жанғозиева М.С. Ұлт психологиясы этнопсихологияның негізгі мәселесі//Бастауыш мектеп,2007, №7-б. 26-28.
10. Жалпы психология. Алматы: Білім, - 1996, - 224 б.
11. Жарықбаев Қ, Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе: Оқу құралы / А, - 2000 ж.
12. Жарықбаев Қ. Психология. Оқулық: 3 - ші басылым. - Алматы: Білім, 1993ж.
13. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: Оқулық. -Алматы, 2002 ж.
14. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көлеңкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№5(11).
15. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№6(11).
16. Зак А. З. Развитие теоретические мышления у младших школьников. –М., 1984.
17. Ильясов И.И. Исследование развития познавательной деятельности. – М., 1971.
18. Қоңыратбаева Т.Ә. Халық педогогикасы және оны оқу – тәрбие ісіне ендіру жолдары. Пед. ғыл. канд. дисс.автореф.-Алматы,1993.-29 б.
19. Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения  В 2т. – Т. П. – М., 1983.
20. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Оқу құралы.Алматы, 2001.
21. Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. Оқу құралы. Алматы, 2006ж.
22. Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
23. Рубинштейн С.Л. Основы опщей психологии.Изд.2-е-М,1946.
24. Сәбет Бап-Баба, Жалпы психология. /Жантану негіздері/: -Алматы «Заң әдебиеті», 2003 ж.
25. Тәжібаев Т. «Жалпы психология» Алматы, Қазақ университеті, 1993 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

І БӨЛІМ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Қарым-қатынас түсінігі және оның
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7
1.2. Қарым-қатынастың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 7-10
1.3. Баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-13

ІІ БӨЛІМ БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-17
2.2. Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат
алмасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-20
2.3. Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың
жолдары ... ... ... 20-24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше
мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан
бүгінгі таңда да балаларды қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып
табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз
мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу
барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар
осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5
– 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны
да маңызды да ерекше.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған
ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН атты Жолдауының Тоғызыншы бағытында –
Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға
бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте
мұқият зерделеген жөн деп атап көрсетті.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды,
қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының
дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін
емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен-ақ екінші бір адаммен қарым-
қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесуі
қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып
өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны
байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға
болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса,
айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де қажет.
Мәселен, баланы қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр
түрі екендігі белгілі. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса
маңызды ақпарат алмасу деген сөз.

Бала қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады,
еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі
құндылықтарға меңгереді. Әрине қарым-қатынас ақпарат алумен ғана
шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакль
көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен
сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі
сан алуан тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе – жүз, не жанама,
не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.

Осындай қарым-қатынастың мән –мағынасы, олардың түрлі көріністері
жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып тұр.

Курстық жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балынң қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қарым-қатынас түсінігі және оның мазмұны;
- Қарым-қатынастың түрлерін анықтау;
- Баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні;
- Мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы рөлі;
- Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы;
- Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың
әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР Білім беру туралы
Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған Қазақстан - 2030 үндеуі; ҚР 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас
ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми
зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған
педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға
ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью
әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы баланың
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері және тәрбие процесінің
бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы
қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері
әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
Қарым-қатынас психологиясының теориялық мәселелері деп аталатын
бөлімде қарым-қатынастың қоғамдағы рөлі, қарым-қатынастың түрлері және
баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні
қарастырылады.
Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі деп
аталатын бөлімде мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудағы рөлі, баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы және
баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары қарастырылады.

І БӨЛІМ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Қарым-қатынас түсінігі және оның мазмұны

Қарым-қатынас — бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын
адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды
қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады.
Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және
психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы
ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте
қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ.
Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің
тек қана нәтижелік жағы қолданылады.70-жылдарға дейін қарым-қатынас
проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады.
Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке
тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылды. Мәселен,
Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының
факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-
қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде
сипаттауға болады.
Қарым-қатынастың бірінші жағы-70-жылдары қарым-қатынас психологиялық
зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең
психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі
болып табылады.
Қарым-қатынастың екінші жағы — қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу
үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен
алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы — қарым-қатьшас
жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-
әрекет бір-бірімен байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен
қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара
түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас
үрдісінде қатысы болмайтын адамгға тән психикалық құбылыстарды табу қиын.
Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың
жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады
және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен
ұмтыластары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-
қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады.
Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді
беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу — бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас
үрдісі. "Сөйлеу" және "тіл" ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады.
Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-
бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - бұл адамдардың өзара
байланысын,олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-
қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін
бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде
қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың
байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.
Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың
атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-
жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады:
ақпараттық-коммуникативтік, реттеу-коммуникативтік және аффектілік-
коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп
қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың
бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы
айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар
мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-
әрекеттің барысында өзара әртүрлі елестетулермен, идеялармен, кызығулармен,
көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде
қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға
ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа
шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды,
сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір
қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана
қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі
арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат
алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір
адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол
уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың
бірыңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және
психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда
болуы мүмкін. Бір жағынан, осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай
түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза
психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек
айтқанда — белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп
бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика,
паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы
өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.
Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу
контекстінде қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.
Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесінде ойлаумен бірге
пайда болды және адамзаттың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге
дамыды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы
алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-
қатынаста қалыптасады. Сананың негізгі қызметі — тұрмысты бейнелеуін
түсіну, тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егер де
оларды бірлікте алсақ, тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу - қарым-
қатынастың іс-әрекеті, тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды;
сөйлеу — іс-әрекеттегі тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-
қатынас құралы.
Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға
тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы.
Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны
грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары
артикуляциясының арқасында айтып береді.
Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-
қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ,
бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.

1.2. Қарым-қатынастың түрлері

Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде араласса
да, адам қарым-қатынастың алуан түріне жолығады. Кездейсоқ, онша мәні
болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын тұрақты кездесулер де, түкке тұрғысыз
қарым-қатынас та, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Қарым-қа-тынасты
ресми (қызмет бабында, жұмысқа байланысты) және жеке бастың ісі (таныстық,
жолдастық, достық) деп екі топқа белуге болады. Жұмысқа байланысты қарым-
қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық қызметіне және оның әлеуметтік
ауқымына қатысты: мұғалім — шәкірт, бастық — қарамағындағы қызметкер,
дәрігер — емделуші және тағы басқадай. Жеке адамға байланысты қарым-
қатынастар да нақты бір қызмет аясында басталуы да мүмкін.
Алғашқы топтың қарым-қатынастары праволық және моральдық (мұның үлесі
аздау) нормалармен белгіленеді. Моральдық нормалардың арасынан алдымен
қызмет бабына байланысты туындайтын талаптардың рөлі үлкен. Ал жеке бастың
қарым-қатынастарын негізінен моральдық нормалар белгілейді де, әдетте,
мүдделер ортақтығымен, екі жақты ықыласпен, құрмет сезімімен байланысты
болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы ерекшеліктеріне байланысты.
Нақты өмірде қарым-қатынастардың бұл екі түрі бір-бірінен онша
алшақтамайды. Мысалы, кез келген класта оқушылар арасындағы қарым-
қатынастың екі жүйесі болады. Бұл ең алдымен жауапты тәуелділік жүйесі
немесе іс бабындағы қарым-қатынастар (староста, комсорг және т. б.),
екіншіден, достық немесе жай таныстық қарым-қатынастар жүйесі. Бұл екі жүйе
бір-бірімен байланысты, өзара кірігіп те жатады, бірақ толық
үйлесіп кетпейді.
Қарым-қатынастың әр түріне бейім адамдардың бір-біріне қояр-талаптары
да әр басқа, мысалы, класс старостасы немесе таныс таңдаудағы көзқарастары
да әр қилы. Айталық, староста айтқанды екі етпейтін, жинақы және тиісінше
талапшыл болуға міндетті. Жеке басқа қатысты қарым-қатынастар жүйесінде
оқушының класта қаншалықты танымал болуы оның өз тобында жоғары
бағаланатын сипаттары мен ерекшеліктеріне байланысты.
Кластағы жеке қарым-қатынастар жүйесінде оқушының танымал болуы неге
қатысты? Психологтардың зерттеулері нақты бір оқушының класта танымал
болуына әсер ететін әр түрлі жағдайларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұған
ең алдымен балалардың жекелеген ерекшеліктері мен мінезі жатады. Мысалы,
коллектившілдер, яғни қоғамдық, коллективтік тұрғыдан өздерін іс арқылы
көрсете білетін оқушылар қара басының қамын көбірек ойлайтын
өзімшілдерден гөрі өз класында анағұрлым танымал болады. Мінезі ауыр,
ұстамды, қайырымды адамдардың коллективте құрметке бөленуіне толық
мүмкіндіктері болады. Әрине, қандай болмасын өлшем мәні оқушылардың жасына
қарай өзгеріп отырады, ол қыздар мен ұлдарда бірдей болмайды. Төменгі
кластарда оқушының кластағы жағдайына оның сабақ үлгерімі, тәртібі, сондай-
ақ сыртқы пішіні ықпал етеді. Жоғары кластарда бұл өлшемдерге — ақыл-ой
сипаты, ой-өріс кеңдігі, кейде күштілік пен ептілік (ұлдарда), сыртқы
сұлулық (қыздарда), сәнді және қолға түсе бермейтін заттардың болуы (немесе
болмауы) жатады.
Психологтар тағы бір заңдылықты анықтады: оқушы өз класын жоғары
бағалаған сайын, оньң жеке қарым-қатынастар жүйесінде- алатын орны
жоғарылай түседі, басқаша айтқанда, ұжым оған деген кластың құрмет сезімін
қайтарғандай болады.
Бұл топта кімнің танымал екендігіне қарап, онда қандай қасиет қадірлі
саналатынын білуге болады. Мысалы, рухани байлықты бағалауға бейімі аз
кластарда қолға түсе бермейтін қымбат заттары бар оқушылар танымал болуы
мүмкін.
Қарым-қатынастар адамдардың бір-біріне ықыласының тереңдігі мен
сырластығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Таныстардық, достардың,
жолдастардың қарым-қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде Аристотель
достықтың үш түрін: достың игілігі үшін, өзі қанағат табу үшін және өзара
пайдакүнемдікке негізделген достық деп белген еді. Адамдар тек қана таза
достық аясындағы ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастардың басқа түрінде де
бір-бірімен қарым-қатынас тереңдігі, мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі
жағдайда араласуы мүмкін. Қарым-қатынастардың ең терең түрі — бір-бірін
сүйген адамдардың арасында болады.
Мұнан кейін мұғалім басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға дұрыс баға
беру және өзінің мінез-құлқын қалыптастыру үшін жоғары класс оқушыларына
қажетті ұғымдардың бірқатарын түсіндіруі тиіс. Мұндай ұғымдарға:
ынтымақтастық пен бәсеке, қарым-қатынастың демократиялық және беделге
негізделген түрлері, топ басылар мен солардың жетегінде жүрушілер
сияқтылар жатады. Мұғалім тақырыптың осы бөлімін оқушылардың бұл мәселе
бойынша түсінігін анықтап алу үшін әңгіме түрінде өткізуіне болады.

1-кесте. Топтағы қарым-қатынас түрлері.

Топтағы қарым-қатынас Топтағы қарым-қатынас түрлеріне сипаттама беру.
түрлері.
1. Жеке тұлғалық Адамның эмоциялық симпатикалық тұрғыда
қарым-қатынас бір-бірінің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалап,
мойындап қалауы бойынша жасалынатын
қарым-қатынас.
2. Іскерлік Қандай да бір мәселені, істі шешуге жасалынатын
қарым-қатынас. қарым-қатынас, қалаудан тыс ұнамаған адам болса
да белгілі бір себеп арқылы қарым-қатынас жасау.
3. Мақсатты Адамның алдын ала мақсат қоюынан туындайтын
қарым-қатынас. қарым-қатынас.
4. Инструменталды Кездейсоқ түрде болатын қарым-қатынас.
(мақсатсыз)
қарым-қатынас.
5. Вербалды Сөздік жүйені қолдана отырып жасалатын
қарым-қатынас. қарым-қатынас.
6. Вербалды емес Дыбыстық жүйені қолданбастан түрлі ым-ишараны
қарым-қатынас. қолдану арқылы байланыс жасау қарым-қатынасы.
7. Материалды Адамның өзара байланысында алмасатын нәрсе –
қарым-қатынас. материалдық заттар қолданатын қарым-қатынас.
8. Когнитивті Адамдардың бір-бірімен байланысында алмасатын
қарым-қатынас. мәлімет-білім, ептілік, дағды.
9. Кондициялық Адамның эмоциялық, физиологиялық күйлерін
қарым-қатынас. алмастыру қасиеті (екі адамның бір-бірімен
мұңдасуы).
10. Мотивациялық Аамның қажеттіліктері, қызығушылықтары
қарым-қатынас. мотивтерінің алмасуын қамтамасыз ететін
қарым-қатынас.
11. Іс-әрекетті Адамдар өзара байланысында қимыл-қозғалыс түрлі
қарым-қатынас. операцияларды алмастыратын қарым-қатынас.
12. Шартсыз Адамның табиғатынан берілген дене мүшелерімен
қарым-қатынас. байланыс жасау қарым-қатынасы.
13. Шартты Табиғи және мәдени заттармен байланыс жасау
қарым-қатынас. арқылы қарым-қатынас.
14. Тікелей Адамдардың бірін-бірі қабылдай отырып,
қарым-қатынас. жест-мимикалардың алмасуына байланысты жасалатын
қарым-қатынас.
15. Жанама Делдалдардың көмегімен байланыс жасау, делдал
қарым-қатынас. біреу арқылы қарым-қатынас жасау.
16. Ресми Қызмет бабындағы адам арасында қалыптасады, олар
қарым-қатынас. заңмен белгіленіп, ережелер мен нормаларға
сәйкес реттеліп отыратын қарым-қатынас.
17. Бейресми Ресми емес топтар арасындағы, ешқандай заң мен
қарым-қатынас. ережелерге бағынбайтын қарым-қатынас.
18. Субардинациялық Бұл қарым-қатынас негізінде адамдар бір-біріне
қарым-қатынас. бағынышты екенін мойындап, бұйрықты, басшының
шешімін ұжымда қабылданған міндеттерін бұлжытпай
орындап отырады.
19. Жекелік Атқаратын жұмысынан тәуелсіз қалыптасатын
қарым-қатынас. адамдар арасындағы қарым-қатынас.
20. Рационалды Басты орында адамдардың бір-бірі туралы
қарым-қатынас. ақпараттар мен қоршаған ортадағы объективті
бағаларын тудыратын қарым-қатынас.
21. Эмоционалды Рационалдыға керісінше, адамдардың бір-бірін
қарым-қатынас. қабылдауы барысында қалыптасатын субъективті
баға негізінде пайда болатын қарым-қатынас.

Тіршілік иелерінің өзара байланысының негізінде психиканың дамуына
әсер ететін байланыс психологияда қарым-қатынас деп аталады.
Қарым қатынас арқылы адамзатқа берілген психикалық даму қамтамасыз
етіледі. Ол қарым-қатынас үйренуден басталады:
1. Вербалды үйренуден – тікелей еліктеу;
2. Вербалды емес үйрену – сөздік жүйені меңгеру.
Адамның қарым-қатынас информация алмасудың жеке дара жағдайына
айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туады. Олардың бәрін
коммуникацияның жеке дара жағдайы деп қарауға болады.
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу адамның қарым-қатынас жайлы
білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-қатынасының сөзден
тыс жолдары: келбет, ым, мимика, серіктестерінің бір-біріне қатысты
жағдайы, бейнелеу кең зерттеле бастады. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы
көрініс – дене құрылысы, түсі иіс-мағыналы информацияның сигнал қызметін
атқарып отыр.
Соңғы кездерде психологияның зерттеулерінде қарым-қатынас
жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, апртенрлердің отырысының
коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Американың қарым-қатынас
психолоогиясында бұл бағытты зерттеулерге проксемика деп ат қойылды. Төрт
түрлі арақатынас бар: көңілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшілдік.

1.3. Баланың арасындағы қарым-қатынасты іске асырудың
тәжірибелік мәні

Баланың қоғамға бейімделуі үшін қажетті дағдыларды, құндылықтарды және
әлеуметтік мінез-құлықты дамыту керек. Бұл бірнеше сапаларға тәуелді.
Олардың ең маңыздылары: баланың темпераменті, ұлты, таптық жігі, баланың
отбасында ұстанатын діні, құрдастарымен қарым-қатынасы, тарихи дәуір және
отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы мен қарым-қатынасы.
Бала - ата-анасының физиологиялық және психоәлеуметтік көшірмесі. Ол
бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал
дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде, ең алдымен, бала
тұлғасының дамуына оның ата-анамен қарым-қатынасы әсер етеді.
Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді.
Біріншіден, бекіту: балалардың қылығын мадақтау және жазалау. Ата-ана
бала санасына нақты нормалар жүйесін енгізеді, бұл жүйе уақыт өте келе
баланың ішкі қажеттілігіне айналады.
Екіншіден, сәйкестендіру: ата-анаға ұқсауға ұмтылып, еліктеу.
Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі әлемін біліп, өмірлік мәселелеріне
ретпен, орынды араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын және
коммуникативті сапаларын қалыптастырады.
Тәрбиелеудің шеткі стилдері, мейлі ол авторитарлы немесе еркіне
жіберуші стил болсын теріс нәтижелер береді. Авторитарлы стил баланы ата-
анадан оқшаулануға әкеледі, бала өзін отбасында керексіз сезінеді.
Ата-ана талаптары негізсіз болса, онда ол балада апатия мен енжарлықты
тудырады. Өз еркіне жіберу стилінде бала ата-анасының өзінде жұмысы жоқ деп
түсінеді. Егер балаға қызығу танытпайтын ата-ана болса, олар еліктеу мен
сәйкестендіру нысаны бола алмайды, ал басқа әсерлер: мектеп, құрдастар, БАҚ
бұл бос орынды ешқашан толтыра алмайды, сөйтіп бала қиын өзгермелі әлемде
жетекшісіз қалады.
Ата-ана көңілінің әлсіреуі және оның гипертрофиясы әлсіз "Мені" бар
тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Сонымен қатар, ата-ана мен баланың қарым-қатынасының эмоционалды жағы
да өте маңызды. Ата-ана махаббаты мен көңілі жетіспесе, балалардың өзін-өзі
бағалауы төмендейді. Бұл балалар есейгенде түрлі психофизиологиялық және
психосоматикалық бұзылыстарға, жүйкелік ауруларға тап болады.
Отбасындағы мұндай жайсыз ахуал және "қиын" ата-ана қарым-қатынасы
көбіне баланың кіші балалық шағында, кейін жасөспірімдік кезеңінде мінез-
құлық ауытқушылықтарына әкеледі. Мұндай балалар психологиялық есеймейді,
жасына байланысты нормалардан қалыс қалып, өз қылығы мен мінез-құлқын
тиісті нормалармен сәйкестендіре алмауы мүмкін.
Мектепте мұғалімдер мен психологтерді мазалайтын басты мәселе -қиын
балалар. Баланың қиын мінез-құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз
отбасындағы ата-анамен қарым-қатынасына байланысты екені анықталады.
Адам өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді түрде
танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі бір
көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны толғантады, ал басқа
біреулеріне ол самарқау күйде қалады, бір кісілерді жақсы көрсе,
екіншілерін жек көреді, ал тағы біреулерге сезімі айқын емес, онысын өзі де
толық түсіне қоймайды.
Баланың қатынасы — ерекше эмоциялық күй. Қарым-қатынас пен араласу —
өзара байланысты, ажырағысыз құбылыстар. Жөні түзу адамның басқалармен
араласуы қарым-қатынассыз болмақ емес. Эмоциялық күй — қарым-қатынас —
адамнын мінез-құлқынан, бет құбылысынан және тағы басқа қимылдарынан
біршама анық көрінеді.
Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема.
Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.Адам
арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және
топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке
қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық
пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады.
Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы
орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да,
жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір
шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол
топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында
қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке
сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық
қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей
болмаған жағдайларда қалыптасады. Балалар арасында қарама-қарсылық болмай,
өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің
келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақ тарда қарама-қарсылықты қатынастар бой
тіктейді.
Балалардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде даудамайды,
жанжалды қатынастар өрбиді. Балалар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да
бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың
бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр
адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен
сезімінде көрініс береді.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның
өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пен ұжымның да
қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды.
Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам
азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен
қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-
мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы тең құқықты қатынастар -
қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді
қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда
қалыптасады. Балалар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық
жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

ІІ БӨЛІМ БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мұғалімнің баланың қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудағы рөлі

Атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл
адамтану адамның күрделі және қызықты, мыш-шытырығы мол рухани жан
дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол
даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп ұстаздық өнерге ерекше
баға берген.
Мұғалімнің адамгершілік тұлғасының, этикалық мәдениетінің сапалық
жақтары Н.К.Крупскаяның, А.Жақыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л.И.Рувинскийдің,
А.С.Макаренконың, Н.И.Болдыревтың т.б. жаңашыл педагогтердің еңбектерінде
этикалық тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ болашақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару
шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда мұғалімнің моральдық
қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен
сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып
отыратындығын естен шығармауы тиіс.
Мұғалімнің рухани дүниесін зерттеу, оның қызметін жан-жақты әрі терең
талдау жасау – қазіргі педагогика ғылымының басты міндеті.
Педагогикалық еңбектің күрделі саласына – педагогикалық қарым-
қатынас жатады, өйткені тек сонда ғана педагогикалық үрдісті қамтамасыз
етіп балаларды тәрбиелей аламыз. Біздің педагогикалық даралылығымыз
адамдарға қызмет ететін болады. Сондықтан психологтар мен педагогтар осыған
ықпал етуі тиіс.
Жас педагогтар жаңадан үйреніп жүрген практикадағы студенттер
сыныппен қарым-қатынас жасаудың өте қиын екендігін біледі. А.С.Макаренко
былай деп жазған болатын: Мен үшін менім практикамда сондай-ақ сіздер
үшін, көптеген тәрбиелі мұғалімдер үшін мұндай түкке тұрмайтындар: қалай
тұру, стол қасындағы орындыққа қалай отырып, қалай дауыс көтеру, күлу,
қарау өте мәнді бола бастады. Бұған бізді ешкім үйретпейді, ал мұны
үйренуге болады және үйрену қажетті үлкен шеберліктің мәні осы болуы тиіс.
Оқушылар мен педагогикалық өзара ұсақ-түйек жоқ: көзқарасы, көз
жанарының қозғалысы, дене қимылы т.б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-
қатынас емес кәсіптік іскерлік қарым -қатынас жасаймыз.
Көпшілік алдында сөйлеушілерде байқалатын негізгі сезім
түсініктері мынадай:
1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік;
2. Толық ұғынып, әрі түсінік бере алмай қобалжу;
3. Қарым-қатынас мақсатында еленбейтін өзгерістер;
4. Бұрын пайдаланған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы
түсінік;
5. Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деп түсініп,
бірақ нені екенін айқындай алмау;
6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық;
7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының қозғалыстық жалпы мінез-
құлқының ерсілеу сияқты болып сезінуі;
8. Қарым-қатынастың формадағы мәнерлі атқару компоненттерін қажет
етуі;
9. Өзіңді дұрыс түсіну үшін жоспарланған информацияны неғұрлым сол
қалпында жеткізуге талпынушылық;
10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу;
11. Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне
едәуір талап қоюдың пайда болуы;
Сабақты жоспарлау барысында сынып оқушылары арасында өзара
қарым-қатынас туындайды. Міне, осыны педагогтық қарым-қатынасының бірнеше
кезеңдерін педагогикалық қарым-қатынас моделі деп аталады. Сабақ
әзірленудің белгілі формасы бағдарламамен танысу, материалды сұрыптау,
оқыту мен тәрбиелеу және сыныптық қарым-қатынасты болжау. Сабаққа дайындалу
барысында оқу материалы бойынша әңгіме өткізуді жоспарлау.
Мұнда әңгімелесу материалдарын ойластыру құру қажеттігі
болғанымен оқушылардың дамуына ықпал ететін қажетті әлеуметтік
психологиялық жағының маңызы зор.
Педагогикалық қарым-қатынастың екі кезеңі: сабақты оқушының
танымдық іс-әрекетін меңгеру және тәрбиелеу ең алдымен қарым-қатынасты
меңгеру арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынастың екінші сатысы – ауызша қарым-
қатынас, бұл процесс өте күрделі. Мысалы, педагог жаңа мәселені материалды
баяндай отырып, сөз болып отырған мәселені айқындайды.
Психолог Леонтьев А.А. мұғалімнің нашар оқушымен қарым-қатынасы жайлы
берген түсінігі үлгі өнеге боларлық бір қызығы мұндай мінез-құлықты
педагогтар мойындай бермейді. Мысалы, сыныпқа холерик мұғалім, яғни жүйке
жүйесі мықты, бірақ біркелкі емес адам келді дейік, “Ал, Сидоров жауап бер”
Ал, Сидоров болса, айталық флегматик, оның жауап қатуы тым баяу. Ол,
орнынан жайлап тұрып, жауап берместен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы психологиялық дайындық
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы
Басқа ғылымдармен психологиямен бірігу мәселелері
Басқару психологиясының пәні мен объектісі
Басқару психологиясының пәні. Менеджменттегі психологиялық білімдердің мәні. Болашақ психолог-менеджер
Басқару мақсаты, міндеттері, мазмұны, психологиялық спецификасы жайында
Басқару психологиясының негізгі түсініктері
Адам әрекеті сан алуан
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Пәндер