Іле алатауының физикалық-географиялық жағдайы.Улы өсімдіктердің улылық қасиеттерінің ерекшеліктері



Кіріспе
1.тарау. Іле Алатауының физикалық.географиялық жағдайы
1.2. Таулы ауданның климат ерекшеліктері
1.3.Топырағы және тау өсімдіктері
2.тарау. Улы өсімдіктердің улылық қасиеттерінің ерекшеліктері.
2.2. Улы токсикалық заттардың негізі
3.тарау.Улы өсімдіктерге сипаттама
3:1.Улы өсімдіктердің қолданылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Іле Алатауында өсетін өсімдіктердіңарасында біраз түрлері улы өсімдіктерге жатады. Олардың ішінде өзінің улылық қасиеттерімен зияндылығы адамдарға, үй жануарларына, құстарға әсер етіп уландыратыны бұрыннан белгілі. Улы өсімдіктердің улылығы оның құрамындағы алколойдты заттардың мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары улы өсімдіктердіңуы медицинада емдік дәрі-дәрмек жасауға, ауруды емдеуге көп пайдалануда, сондықтан улы өсімдіктерге көп көңіл бөліне бастады. Шығыста бұрыннан-ақ улы өсімдіктерді халық медицинасында көп пайдаланған, олардан дәрі-дәрмек жасалынған. Бұл милиондаған жылдар бойы бірінен-біріне беріліп отырған, улы өсімдіктерді біреуінің сабағын, екіншісінің жеміс, үшіншісінің тұқымын, кейбіреулерінің тамырын пайдаланған. Олар тамаққа қоспа ретінде, кейде уланған кезде, жүйке жұқарғанда пайдаланған. Кейбір жағдайларда шығында болған. Ондай өсімдіктер улы-деп аталып есте сақталған. Улы өсімдіктерді емдік жолға пайдаланумен қатар қастандық іс-әрекеттерде де пайдалану іске асырылған.Улы өсімдіктердіңпайдалы жақтары күннен-күнге анықталып көбеюде. Бірақ әліде улы өсімдіктердік көптеген түрлері әлі толық анықталған жоқ. Олардың пайдалы түрлері зерттеуде өсімдіктердің инсектицитті қасиеттері бар түрлері қазіргі кезде 1000 асады. (35) Көптеген басқада мемлекеттерде улы өсімдіктердің түрлерін зерттеу әліде жалғастырылуда.
1960 жылдардан бастап Құрама штаттағы ұлттық рақ институтында 29 мың өсімдік түрлеріне 103 мың экстракттар алынған. Соның 3 мыңы ісік ауруларына және басқада ауруларға қарсы пайдаланған. ТМД елдерінде де осындай жұмыстар дәрігерлік институттарда жүргізілуде. Сириядағы дәрігерлік Академияда улы өсімдіктерге метронидазола, колориола және бензойқышқылды натрииді қосу арқылы тіс қызыл ет қабынуына қарсы пайдаланатын өте қолайлы «Фурин-М» атты дәрі шығарған. Астматос дәрісін көпшілік біледі, бұл дәріні алу үшін улы өсімдіктердің ( қара меңдуана мен сасық меңдуананың) жапырақтары пайдаланылған.
1.С.А.Арыстанғалиев, Е.Р.Рамазанов «Қазақстан өсімдіктері» А-Ата 1977 ж.
2. «ОРлора Казахстана» том І-ІХ А-Ата 1956-66 г.
3. Иллюстрированный определител растении Казахстана том І-ІІ 1956-72 г.
4. Жетісу табиғатын аялайық. Алматы 1999 ж.
5. Қожамқұлова Ж.К. Экологиялық біліммен тәрбие беру ерекшелігі. Алматы 2003 ж.
6. Байынқолұлы Қалиұлы, Үшбайұлы «Дәрі – дәрмектік өсімдіктер» Алматы 2005 ж.
7. Айналайын Атамекен – Алматы ғылым баспасы 1995 ж.
8. А.Бекенов, Б.Е.ЕСжанов, С.Махмутов, Қазақстан өсімдіктері – Алматы, 1995 ж.
9. Қазақстанның «Қызыл кітабы» Алматы, Наука, 1996 ж.
10. Алматинский заповедник А.Просвещение, 1989
11. Бекенов М.К. Ресурсы лекарственных растении Казахстанского Тянь-Шаня. Алма-Ата. Наука. 1989 ж.
12.Биологический энциклопедический словарь М: 1986 г.
13. Гусынин Н.А. Токсикология ядовитых растений М: 1982 г.
14. Даниленко В.С. Острые отравления растения. М: 1986 г.
15. Джумагалиева Ф.Д. Фармакологические свойства некоторых лекарственных растении Казахстана. – Алма-Ата 1981 г.
16.Джумагалиева Ф.Д. Лекарственные растения Казахстана – А-Ата: 1986 г.
17. Доброхотова К.В. и др.Целебные растения вокруг нас – А-Ата.1980г.
18. Жандаев М.Ж. Природа Заилийского Алатау. Алма-Ата: 1988 г.
19. Қалымбетов Б.К. Микологическая флора Заилийского Алатау. А-Ата. Н.1977 г.
20. Кузнецова М.А. и др. Сказание о лекарственных – М. Выс. школа, 1999 г.
21. Кукенов М.К. Флавоноидосовержащие растения юго-востока Казахстана – А-Ата 1984 г.
22. Нестерова С.Г. Экология растений среднегорья Заилийского Алатау – А-Ата, Н.1984 г.
23. Никитин А.А. и др. Анатомический атлас полезных и некоторых ядовитых растений Л.Наука. 1982 г.
24. Скляревский Л.Я. Ядовитые растения. М. 1987 г.
25. Токин И.К. Целебные яды растений Л. 1988 г.
26. Ушбаев К.У. и др. Целебные травы А-Ата, 1979 г.
27. Фруентов А.К. и др. Ядовитые растения. А-Ата, 1989 г.
28. Физическая география Казахстана. А-Ата. Н. 1980 г.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1-тарау. Іле Алатауының физикалық-географиялық жағдайы
1.2. Таулы ауданның климат ерекшеліктері
1.3.Топырағы және тау өсімдіктері
2-тарау. Улы өсімдіктердің улылық қасиеттерінің ерекшеліктері.
2.2. Улы токсикалық заттардың негізі
3-тарау.Улы өсімдіктерге сипаттама
3:1.Улы өсімдіктердің қолданылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Іле Алатауында өсетін өсімдіктердіңарасында біраз түрлері улы
өсімдіктерге жатады. Олардың ішінде өзінің улылық қасиеттерімен зияндылығы
адамдарға, үй жануарларына, құстарға әсер етіп уландыратыны бұрыннан
белгілі. Улы өсімдіктердің улылығы оның құрамындағы алколойдты заттардың
мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары улы өсімдіктердіңуы медицинада емдік
дәрі-дәрмек жасауға, ауруды емдеуге көп пайдалануда, сондықтан улы
өсімдіктерге көп көңіл бөліне бастады. Шығыста бұрыннан-ақ улы өсімдіктерді
халық медицинасында көп пайдаланған, олардан дәрі-дәрмек жасалынған. Бұл
милиондаған жылдар бойы бірінен-біріне беріліп отырған, улы өсімдіктерді
біреуінің сабағын, екіншісінің жеміс, үшіншісінің тұқымын, кейбіреулерінің
тамырын пайдаланған. Олар тамаққа қоспа ретінде, кейде уланған кезде, жүйке
жұқарғанда пайдаланған. Кейбір жағдайларда шығында болған. Ондай өсімдіктер
улы-деп аталып есте сақталған. Улы өсімдіктерді емдік жолға пайдаланумен
қатар қастандық іс-әрекеттерде де пайдалану іске асырылған.Улы
өсімдіктердіңпайдалы жақтары күннен-күнге анықталып көбеюде. Бірақ әліде
улы өсімдіктердік көптеген түрлері әлі толық анықталған жоқ. Олардың
пайдалы түрлері зерттеуде өсімдіктердің инсектицитті қасиеттері бар
түрлері қазіргі кезде 1000 асады. (35) Көптеген басқада мемлекеттерде улы
өсімдіктердің түрлерін зерттеу әліде жалғастырылуда.
1960 жылдардан бастап Құрама штаттағы ұлттық рақ институтында 29 мың
өсімдік түрлеріне 103 мың экстракттар алынған. Соның 3 мыңы ісік ауруларына
және басқада ауруларға қарсы пайдаланған. ТМД елдерінде де осындай жұмыстар
дәрігерлік институттарда жүргізілуде. Сириядағы дәрігерлік Академияда улы
өсімдіктерге метронидазола, колориола және бензойқышқылды натрииді қосу
арқылы тіс қызыл ет қабынуына қарсы пайдаланатын өте қолайлы Фурин-М атты
дәрі шығарған. Астматос дәрісін көпшілік біледі, бұл дәріні алу үшін улы
өсімдіктердің ( қара меңдуана мен сасық меңдуананың) жапырақтары
пайдаланылған. Өзбектің халық медицинасында Қара алқаның жас жапырағын жара
тез жазылуы үшін ал оның піскен жемісін ангина, іш өту ауруларына қарсы
пайдаланылған. Медицинаға улы өсімдіктер құрамында кездесетін таптырмайтын
алколойдтарды берді. Олар: глюкозиттер, сапонниндер, терпендер, фловонидтер
т.б. денсаулық сақтау орындарының қатысуымен жылда дәрілік мұқтаждықтар
үшінкөптеген жабайы өсетін өсімдіктер теріледі, дайындайды. Мысалы әр
жылдары 54 мың тонна өсімдіктер дайындалса, оның ішінде 34 мыңдай тоннасы
жабайы өсетін өсімдіктер. Осындай қарқынмен жылда өсімдік шикі заттары
орындала берсе,келешекте бағалы өсімдіктердің қоры азаяды. Көптеген улы
өсімдіктерді адамдардың жұлып алуна байланысты құрып бітті. Аяусыз қатігез
жұлынған жабайы өсетін өсімдіктердің ішінде сирек кездесетіндері, құрып
бара жатқандары және өте бағалы түрлері де кездеседі. Соған байланысты
құнды улы өсімдіктерді сақтау үшін оларды арнаулы жерлерде өсіру, сырапсыз
жұлмау, мөлшерден көп дайындамау керек. Ол қазіргі уақыттың өзекті мәселесі
болып табылады. (35)
Улы өсімдіктерді пайдаланудың мағанасы сол оған өте сақтылықпен,
ұқыптылықпен қарап, олардың дәрілік, емдік қасиеттеріне көп көңіл бөлген
жөн. Әсіресе улы өсімдіктерді емдікке пайдаланғанда мөлшерден тыс көп
қолданбау есте болу керек. Шамадан көп тыс мөлшерде пайдаланған улы
өсімдіктердің басқада ыңғайсыз әсерлері болуы мүмкін.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының мақсаты. Іле Алатау тау алды белдеуіндегі Медеу
шатқалындағы Улы өсімдіктер.
1. Іле Алатау тау алды белдеуіндегі Медеу шатқалындағы кездесетін Улы
өсімдіктерді жыйнап кептіріп гербарий жасау. Оларды топтастырып өңдеу.
2. Жыйнаған Улы өсімдіктердің түрлік құрамын анықтау.
3. сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін, қорғаудың
қарапайым жолдарын білу.
4. Улы зиянды өсімдіктерді 6-7 сыныпта биология пәндерінде пайдалану.
Жұмыс 2005-2008 оқу жылдар аралығында Іле Алатау тау алды
белдеулерінде, Медеу шатқалында атқарылды.
2. Осы аудандағы өсімдіктерді жыйнап, кептіріп, гербарий жасап,Улы
өсімдіктерді ажыратып, оларды туыстық тұқымдастық-түрлік құрамдары
ажыратылды және оларға биологиялық тұрғыдан сипаттама берілді. Нәтижесінде
Алқа гүлдер тұқымдасы атты курстық жұмыс жазылды. Кейін алынған
мәліметтерді, зерттеу нәтижелерін қорыта келе, Іле Алатау тау алды
белдеулеріндегі, Медеу шатқалындағы кездесетін Улы өсімдіктердің флоралық
тізімі келтіріліп, анықталған тұқымдас туыс-түрлерінің, латынша, қазақша,
орысша аттары жазылды.

1. Іле Алатауының физикалық географиялық жағдайы.

Біздің өлкемізде табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды
далалы, таулы шөлейтті, шөлді, және далалы тағы да басқа көптеген
аймақтарға бөлуге болады. Республикамыздың географиялық ерекшелігі тау алды
жазықтықтың таулы рельефтерімен жалғасуында. Сондықтан алғашқы зерттеушілер
бұл үлкен ауданды Іле Алатау аймағы деп атады. Іле алатау жотасы,ол Тянь-
Шань тау жүйесінің солтүстігінде жатыр. Оның ұзындығы 380 км екі 30-40 км
жетеді.(21,5). Іле Алатауы шығыста Чарын өзенінен батыста Чу өзеніне дейін
созылады.(18.5) Іле Алатауы орталық бөлігінде Талғар тау түйінін түзеді.
Н.Н.Палгованың зерттеуі бойынша талғар шыңы теңіз деңгейінен 4979 метр
биік. Келесі Конститутция шыңы (4580 м), Ақтау (4760 м) ж.т.б.
Орта тауда орманды, шалғынды, далалы-шалғынды далалы белдеуді алып
жатыр. Баурайларының жоғарғы жағында жартастар ірі тастар, шөгінділер
кездеседі.

2. Таулы ауданының климаттық ерекшеліктері.

Іле Алатауының климаттық жағдайы айрықша әртүрлі. Ауа райының әртүрлі
қалыптасуы,ылғал мөлшері, жауын-шашынның орташа мөлшері, атмосферадағы ауа
ағымының шығуының әртүрлілігіне байланысты. Сонымен қатар, таудың өз желі
түнде таудан төменге шатқалдар арқылы ал күндіз керісінше тауға қарай
соғады. Желдің жылдамдығы әдетте 1,8-2,3 мсек-на. Көктемгі уақытта ауа
массасының айналымы солтүстік-батыстан басталып ылғал әкеледі. Теңіз
деңгейінен 300м-р биіктікте жауын-шашын ылғалдылықты көбейтеді, кейін тау
басына қар түрінде түседі. Май айындағы орташа жауын-шашын мөлшері көп, ал
қақтарда өте аз болады. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері 1500-2300 м-р
аралығында. Қыркүйектен бастап, таудың орташа белдеулерінде қар жабыны
пайда болады, ал тау алды жазықтықтарда қар жабыны қарашадан басталады.
Атмосферадағы ылғалдылықтың түсу мөлшері биіктікке байланысты болады. Тау
баурайларында климаты жазда ыстық құрғақ және орташа жылу, қары аз, жылдам
құбылмалы келеді. Ол Орта Тау белдеулеріндегі климаты жазда орташа ыстық,
жауын-шашыны көп, қысы жылы жұмсақ. Биік тау белдеулерінде жазы ылғалды
салқын, қысы суық қатаң. Бұл аймақта мәңгі қар, мұзды және суық болады.

3. Топырағы және тау өсімдіктері

Іле Алатауында өсімдіктер әлемі әртүрлі және бай. Топырағы мен
өсімдіктері және басқа ландшафт элементтері физ-географиялық заңдылықтарға
бағынышты. Сондықтан олардың рельеф ярустары ауа райы белдеулерімен сәйкес
келеді. Іле Алатауының топырағын 4 белдеуге бөледі.(20,б.128)
1.Азкорбанатты сұртопырақ (солтүстік) және ашық каштанды топырақ
тегістікте және тау баурайында. Сұр топырақты гумус мөлшері аз 0,7-1,5 %
таулы ашық каштанды топырақтар гумусты белдеу құрады, ол 35-40 см. Оның
құрылымы түйіршікті – домалақ гумусының мөлшері 3,5-4,5 процент.
2.Таулы қара каштанды топырақ және таулы далалы қара топырақ төменгі
аласа таулы белдеулі жерлерінде пайда болады да, каштанды топырақтың
үстінде орналасады. Олар өте жақсы гумусты горизонт (60-70 см.) тұз еді де,
түйіршікті – домалақ құрылымды болады да 6-10 % гумусты органикалық
заттарға бай келеді.
3.Таулы сілтіленген қара шірік топырақ таулы – орманды, таулы қара-
қошқыл орманды топырақ, шалғынды – орманды орта тауда болады. Таулы орманды
(қара шірік) топырақтары шырша майқарағай ормандарында түзіледі. Олардың
гумусы 4,6 % қайың – терек ормандары өсетін жерлерінде күлгін орман
топырақтары пайда болады. (45, б 45)
4.Таулы - шалғынды субальпілі және альпілік топырақ жалпақ тауларда
кездеседі.

2.Улы өсімдіктердің улылық қасиеттерінің ерекшеліктері.

Улы өсімдіктер деп, аз мөлшерде тамаққа пайдаланған кездің өзінде-ақ
денсаулыққа зиян келтіре алатын өсімдіктерді айтамыз. Барлық улы
өсімдіктерде улылықтың пайда болуы және удың жиналуы олардың географиялық
орналасуына да байланысты болады. Мәселен алколоидты өсімдіктердің улылық
мөлшері және улы қасиеттері солтүстіктен оңтүстікке қарай артатыны белгілі.
Ал, улы өсімдіктердің өте көп кездесетін жерлері ол таулы аймақтар. (10, б
18) Алколоидтардың жиналу динамикасы таулы аймақтардың теңіз деңгейінен
орналасуының жағдайына тығыз байланысты.
Улы өсімдіктерде улы заттардың жиналуы
- Күнсәулесінің түсу ұзақтығы және қарқындығы.
- Ауа райының тез өзгеруі.
- Ауа – райының қолайсыздығы.
Даму кезінде, өсмдіктердегі улы заттары олардың улылық қасиетттері
тұрақты болмайды. Улы заттары олардың улылық қасиеттері және мөлшері
өсімдіктерде белгілі бір өмір кезеңдерінде ғана көп болады. Көкнарда ең көп
алколоидтар мөлшері пісіп жетілген басында емес сүтенген кезінде болады.
Сол сияқты жас меңдуанадағы алколоидтар мөлшері пісіп жетілгеннен көп. Улы
заттардың өсімдіктер мүшелерінде орналасуы мен таралуы әр түрлі. У – у
қорғасынның тамырында меңдуананың жапырағында, меңдуананың жапырағында, ал,
кәдімгі кенедәнде тұқымында улы заттар көп жиналады.
Кейде бір түрге жататын улы өсімдіктердің өзінде улы заттардың мөлшері
әр түрлі және улылығының болмауы олардың табиғи өскен ортасына және өсу
кезіндегі жағдайларына да байланысты болады. Өсімдік өсіп-даму кезінде
денесінде (мүшелерінде), улардың (токсиндердің) жиналуы болады. Олар әр
түрлі химиялық қосылыстар классына жатқызылады. Бұл заттарды – токсикология
ғылымы зерттейді. Олар улы өсімдіктердің морфологиялық қасиетін, таралу
ареалын, улыну жағдайын және клиникалық көрсеткішін, терапиясын (Гусынин, б
19). Өсімдіктер токсикологиясы, ветеринария және медицина ғылымдарымен
тығыз байланысты улы өсімдіктердің улылығы (токсичность) олардағы химиялық
улы қосылыстарына байланысты. Оларға жататындар алколоидтар, глюкозиттер,
эфир майлары, органикалық қышқылдар және басқа да қосылыстар.

2.2.Улы токсикалық заттардың негізі.

Олколоидтар – түссіз кристаллды қосылыс, олар өсімдіктерде органикалық
қышқыл тұздары түрінде кездеседі. (лимонда, алмада, шавелде, және
басқаларда) Суда ерімейтін, дәмі ащы органикалық еріткіштерде өте жақсы
ериді. (49- б 75) Дубильные вещества – Танины – жоғары молекулярлы
полифенол. Олар көптеген өсімдіктерде кездеседі. Қосжарнақтыларда (бұршақ,
раушангүлділерде) Гадролизді танин (галотаниндер және эддаготаниндер)
екеуіде өсімдіктерде кездеседі. Дубильді заттар бактериоцитті қасиетімен
белгілі. Камариндер – қышқылды гетероциклді қосылыс.

2.3.Улы өсімдіктерге сипаттама.

Жоңғар бәрпісі A conitum songorikum S
Сарғалдақтар тұқымдасы Ranunculaceae
Қазақша атауы: Бәрпі
Басқаша атауы: қасқыр тамыр, темір қалпақ
Көп жылдық өте улы өсімдік. Аконит - Бәрпі атауын Дмасприд берген, ол
сөз Аконе қаласымен байланысты болған. Гераклдің 11 ерлігін жасаған жері
осы. Геракл Аид құдайының құлы Кербер мен жекпе-жекпе шыққан. Ең соңында
Кербердің үсті аппақ көбікке кенелді. Жерге төгілген көбік орнына кейін
анотит аталған шөп өсіп шықты.
Әйгілі Күресші деп атаған жапырағының бір шағының Рим сарбазының
дұлығасына ұқсастығы үшін алған.
Ежелгі аңыздарда Геката құдайының меншігі болып сналатын акониттің
улылығы анасы – у патшайымы, - дейтін оны ежелгілер. Оның уын кезінде
жебелердің ұшына жағатын.
Непал қаласында жаудан қорғану үшін суды уландыратын.
Ежелгі Римде әдемі гүлі үшін үй өсімдігі үй бақшаларда өсіретін.
Атақты Ақсақ Темірдің аталы да осы шөптен болған дейді – бас киімін осы
шөптің уымен жуып, кептіріп кигізген. (7 бет 26)
Бұл қатарға 300-ге жуық көпжылдық шөп түрлері кіреді. (35-28 бет)
Ботаникалық сипаттама. Ұзындығы 2 м. жететін алып өсімдік. Жапырақтары
үлкен, бөлінген. Тамыры шынжыр сияқты жаңа және ескі тамыршалардан тұрады.
Гүлдер үлкен, бір жерге топталған, көкшіл сия түсті. Жоғарғы жағы көк түсті
тепкі тектес. Күлтесі қисық, үстінгі жағы мұрын жапқышы бар дұлығаға
ұқсайды. (38, 28 бет)
Жемісі – үш жапырақты (кейде бір жапырақты). Гүлдейтін кезі – шілде
-тамыз, тұқымы пісетін кезі – қыркүйек.
Өсімдік түгел улы, әсіресе тамыры. (жоңғар, есіккөл тамыры) немесе
улы бал.
Химиялық құрамы: тамырында 1,5 % алколоид бар: аконитин, зонгорин,
моноацетилзонгорин. Суда ерімейді, эфирде еруі қиын. Хлороформда ериді.
Тамырында крахмал, органикалық қышқылдары бар.
Бәрпі. Aconitum, натрий енулікті көтеретін және мембраналарды тез
тоқтатып токсин, сонымен қатар жүрек соғуын тоқтатып, дене жылулығын
төмендетеді.
Уланудың белгілері: дене қышиды, әрбір жері шаншып, ауыз, асқазан
ауырып, күйеді; дене біресе ысып, біресе суып тұрады, көз қарашығы үлкейіп,
аяқ-қол дірілдейді. өкпеге ауа жетпей, адам өледі. (10, 192-194 бет) 0,003-
004 г аконит адамды өлтіреді.
Қытайда оны ауыруды азайтуға қолданған. Тибет дәрігерлері оның улылығын
біліп, қолдан бастап бұрын күрделі өңдейден өткізген.
Европада Бәрпінің 18 гр. Бастап қолданды.
Қазіргі кезде тамырын жүйке ауруын емдеуге, ревматизм т.б. ауруларға
қолданады, антразитмикалық т.б. ауруларға қолданады. антрапазитмикалық
Алланелин (37, 26-28 бет) препаратын дайындайды.
Улану кезіндегі алғашқы көмек. Ең алдымен асқазанды және іш құрылысын
танинмен жуады. Құрамында белок көп сусын, қара шай береді, сонымен қатар
көміртектес су, кастор майын, тері астына – кооренк, камфора атрогин
жібереді.
Үлкен сүйелшөп – Chelidonvin majus 2
Көкнәр тұқымдас – Papaverace he
Қазақша атауы –
Басқаша атаулары – қарлығаш шөп, итсабын, сүйелдік, тазартқыш, сары
сүттік.
Қазіргі кезде усарғалдақтың бір ғана түрі бар – үлкен, (ірі)
усарғалдақ.
Қарлығаш шөбі атағы жайында Плиний бұлай деді: Бұл шөп қарлығаш
келгенде гүлдеп, кеткенде қурайды, оның атын хелидония дейді, хелидон –
гректердегі қарлығаш аты. Осы атаумен 2000 жыл бойы белгілі болған. Тағы
бір пайымдау бойынша (латын тілінен аударғанда) аспан сыйлығы.
Орысша атаулары көбінесе шырынының түсіне байланысты ерекше түсті
шырынға алхимиктер қызықты. Сары түс-алтын түстес деп пайымдады. Қазіргі
ғалымдар бұл түстің шығу себебін құрамындағы қызғылт-сары түсті пигмент-
каротин болғандығын дәлелдейді. Ал ақшыл шөп атауы Авиценкадан бастап
грек дәрігерлері ХVIII ғ. дейін көз ауруларына көмектесетін қасиеттері
үшін алды. Аңыз бойынша қарлығаш балапандарының көзін уларғалдақтың
шырынымен емдейді екен. (22, 28 бет)
Ботаникалық суреттеу.
Көпжылдық шөптәріздес өсімдік, биіктігі 3090 см. Сабағы түзу, іші қуыс,
бұтақты, сырты түк. Сарғалдақтың жапырақтары өте әдемі оюланған, жоғарғы
жағы үлкендеу. (35,218 бет)
Жапырақтарын лиратәрізді – қауырсын тектес деп атайды (25, 150 бет).
Жапырақтарының ерекшелігі – екі түстілігі. Үстіңгі жағы – ашық жасыл
түсті, төменгі - өкшіл балауызға ұқсайды.
Гүлдері алтын түстес диаметрі 1 см. Жетеді, 4 жапырақты ұзын гүлсабақта
орналасады. (37, 171 бет). 3 – 8-ден жай шатыршада жинақталып, кішкентай
гүлтекшелерде орналасасып, гүл тастағанда қалатын.
Гүлшедамынан ақырын ұрып жіберсең гүлжапырағы жоғары көтеріліп-
өсімдіктің сезімталдығын білдіреді. Ылғалды ауа райы жағдайында гүлдері
ашылмайды, өзін-өзі тозаңдандырады.
Гүлдерінің өмірі қысқа небәрі 2-ақ күн көктемгі күн сәулесіне шомылып
сонан соң бұршаққынды қорапшаларға орынын береді. (ұзындығы 6 см, ені – 2-3
мм). Қорапшаның ішінде жылтыр қара алтынға ұқсас тұқым болады. Астынан
үстіне екіге бөлініп ашылады. (6, 218 бет). әр тұқымында ақ түсті тараққа
ұқсас қосымша болады. Құмырсқалар жақсы көретін дән: тек қана жеп қоймай,
илеуіне тасып, жол-жөнекей жоғалтады да келесі жылы сол жерде осы өсімдік
шығады. Тамыры көпбөлшектес, қысқа сырлы-қызғылт, біткен жері-сары. (37,172
бет). Гүлдейтін кезі – маусым-қыркүйек. Өсетін жері – Қазақстан, Іле
Алатауы.
Дымқыл, нәрлі жерді жақсы көреді, сондықтан адамдар тұрақтайтын жерді
мекендейді. Өсетін жері – көлеңкелі, баурай, алқап, шөгінді (43, 150 бет).
Таулы жерде орманға көтеріледі. Көбіне топтасуы аз, тоғай болып жинақталу
кездесуі. (22,392 бет)
Химиялық құрамы. Өсімдіктің бүкіл бойында алколоидтар бар: хелидопин,
хелеритрин, берберин, коктизин, стилотин, сангвинарин т.б. Алколоидтан
басқа сапонин, флавонид, аскорбин қышқылы, А және С витаминдері,
органикалық қышқылдары – алма, лимон, янтарь. Сүттіген шырынының құрамында
шайырлы заттар, майлар кездеседі. Тұқымында 68 % май бар. (13,173 бет)
Бәрпінің өзінің бактерицидтік, ауыруды азайтатын, тыныштандыратын,
бұлығуға, қарсы қасиеттерімен танымал. Жаңадан алынған шырыны, сонымен
қатар шөптің нәрі кейбір патогендік грибок уақ саңырауқұлақтарға қарсы
қолданады. Халық медицинасында сүйел, терідегі дақтарға, қышымаға қарсы
пайдаланады. (37, 172 бет)
Кейбір жерлерде усарғалдақты қатерлі ісікті емдеуге қолданған. 1869 ж.
орыс дәрігері Денигенко усарғалдақтың сығындысымен қатерлі ісіктің
емделгені туралы хабарлады.
А.П.Чехов, А.С.Суворовқа жазған хатында бұлай деген: Қатерлі ісікке
қарсы дәрі табылды. Денигенко міне бір жыл бойы усарғалдақтың шырынын сынап
жатыр. Енді тек жақсы нәтижені оқысақ болды.
Өкінішке орай, усарғалдақтың препараттары ұзақ мерзімге шыдамады да,
дәрігерлердің ықыласы болмай қалды. Қазіргі кезде усарғалдақ препараттары
ісікті тоқтатады. Әсіресе терідегі және шырышты жердегі. 39, 252 бет)
Болгарияда усарғалдақ шырынының сүйелді кетіруге, Германия (Алманияда)
– ауруды азайтатын, қабынуға қарсы, Польшада – тік ішек ауруына, Францияда
– кіші дәрет айдатқыш, ішжұмсартқыш ретінде қолданады. Гомеонатияда да кең
тараған: үгіндісі және сығындысы – инсектицид.
Дұрыс қолданбаса немесе мөлшерінен артық қолданса уланып қалу да
мүмкін. Усарғалдақтың құрамында апиынды алкалоидтер бар: ОНЖ, жүректі,
тегіс бұлшық еттерді ең адымен тоқтатады. Гомохалидотен – күшті анастетик,
тырыстыратын у.
Өсімдік өте улы. Жинаған кезде қолмен көзді бетті ұстауға болмайды.
Усарғалдақтан бау-бақшадағы зиянкестерге қарсы ерітінділер
дайындайды. Бұл ерітінді құрттардан, көбелектерден, кесіртке (медицина),
қалқанша (шитовки)лардан қорғайды.
Қорғасын метал өңдеуге қолданады. оның шырынын металды қарайтуға,
өңдейге қолданады.
Апиын көкнәрі. Papaversomniferuml көкнәр тұқымдасы Papaveraceal.
Латын papaver атауы грек тіліндегі pavas сүт дегеннен шыққан,
себебі өсімдік түгел сүттегінді.
Sommfcpum - ұйқы келтіргіш деп аударылады. Орысшасы славяндық magh
- ұсату, ұнтақтау деген сөзден шыққан (тұқымдарының ұсақтығына қарай).
Аңыздарда апиын ұйқы өлімді бейнелейді. Ежелгі гректер Аид патшалығында
2 ағайынды тұратынына сенетін. Гипнос – ұйқы және түс құдайы, Танат өлім
құдайы. Гипностың басында атын тәжімен бейнелейтін. Христиан аңыздарында
апиынды бейкүнә қайтыс болған адамның қаны деп айтылған. Ең алғашқы апиын
керілген христостың қаны тамған жерден шығып, содан бері адам қаны төгілген
жерге өседі-мыс. (36, 149 бет)
Ботаникалық сипаттама.
Өңделетін бір жылдық мықты өсімдік (10-15см) ақ түсті сүттігенімен,
жапырақтары үлкен, найзатістес немесе кесілгендей. Үлкен төртқалақты
гүлдері әртүрлі болады: ақ, қызыл, күлгін, Тәттінің ауыз жағында – үлкен
қара дақ, күңгірт түстілерінікі – ашыл. Жемісі – аналық аузы қатты
қорабша. Гүлдейтін кезі – маусым. Тұқымы пісетін кезі – шілденің аяғы,
қыркүйектің басы.
өсімдік түгел улы – ең улы піспеген қорабша (10,80 бет)
20-дан астам алколоид құрамына кіреді: морфин, кодеин, папаверин,
тебани, пропарин, лауденин т.б.
Морфин – есірткілік анальгетик ауыруды тез тоқтатқыш ерекшелігі бар.
Ұдайы қолданған жағдайда нашақорлыққа душар болады. Мөлшерінен артық
қолданса дем алу жолдарын қабып, тоқтатуға дейін барады.
Папаверин – тырысуды тоқтатады және тамырларды кеңейтеді.
Тебани, лауденин және кратогин – тырысқақ улар. Негізгі белгілері –
жүрек көтеріліп, құсды бас айналады, қан қысымы төмендейді, елестер пайда
болып, адам есінен танады. Қауіпті – дем алу қиындайды. (35, 228 бет)
Орта ғасырларда апиынды көзбояушылыққа пайдаланған. Апиын алу Гиппократ
заманынан белгілі. Орта ғасырда апиын дәрі болған, тұқымын тамаққа қосқан,
себебі құрамында қант, май, белок көп.
Халық медицинасында апиынды жиі қолданбаған. Көбінесе – апиын суын
немесе сүтін адамды тынықтыру немесе ұйықтату үшін.
Қазіргі медицина апиын препаратын ұйықтату, жөтелге қарсы қолданады.
Апиын қорапшалары морфин алколоидтерін алуға пайдаланады.: кофеин,
папаверин т.б.
Қазақстанда апиын өсіруіне тыйым салынған. Күзетілетін аймақта
медициналық қажеттілікке ғана өсіріледі.

Қараалқа. Solanum Nigruml
Қараалқа тұқымдасы. Solanaceal.
Бір жылдық шөп. Сабағы 15-70см. Биіктік, тік, бұтақтай тармақталған,
астыңғы жағы – цилиндр – тектес, жалаң немесе азқап түбіттенген.
Жапырақтары кесінді тіліктері жұмыртқа тәріздес немесе томпақ-қалқанша
сияқты топтасқан. Жемісі – тар тәріздес жидек, түсі қара, жасыл.
Қара түсті қараалқаның жемісінен басқа жерінің бәрі улы, барлық жерде
өседі: арықтың жиегі, жол жағасында, қоршаудың жанында, қоқыстарда. (43,
142 бет)
Жемісінің құрамында аздаған салонин бар, пістегендерінде көбірек.
Соланин – улы гликоалколоид. Тармақтарында саногин бар.
Жас жапырақтарында алколоид аз болғандықтан кавказдың кейбір жерлерінде
салат жасайды.
Жемісін көп жесе уланып қалуға болады. Тармақшаларында гликоалколоид,
илеуіш қышқыл (6%) болады. Қараалқа ғылыми медицинада қолданбайды. Халық
медицинасында – жүйке ауруын да, талма, бас ауруы, тырысқақта қолданады.
(31,18 бет)
Диоскрид асқазан және өңеш күйген жағдайларда пайдаланған. Ежелгі басқа
дәрігерлер тыныштандыратын дәрі деп санайтын.
өсімдіктің ауыруды азайтатын әсерлі болғандықтан ежелгі заманда
операция алдында анестезия ретінде қолданған. (49, 101 бет) Өзбекстанда жас
жапырағын жарақатты тез жаздыратын әсері үшін бағалайды.
Біскен жемістерін тамақ ауруында және дифтерияда қолданады. (37, 40
бет)

Қара меңдуана. Hyoschyamus nigerl
Алқа тұқымдасы Solanaceal
Ежелгі заманнан бері қара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР
Алматы облысы Қарасай ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Алматы қаласындағы тұсқағаз фабрикасының қоршаған ортаға әсері
Алматы қаласына физикалық-географиялық сипаттама
Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағындағы алма бақтарына зиянкестердің әсері
Төрттік шөгінділердің орташа күштілігі 1200 метр
Ауа райына жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың қорытындыларын өңдеу
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Ландшафттар және оларға бейімделген мал шаруашылығы жүйесі
Пәндер