Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру



Кіріспе
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
II Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері.
2.1 Мектеп жасына дейінгі баплаларға санауды үйретудегі психологиялық әрекеттер
2.2Мектеп жасына дейінгі балаларға ауызшап санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология жақсы дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыр, ең негізгісі – жеке тұлғпны жауапты етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда қарапайым математкалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуда мектепке дейінгі балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуге көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмысын жоспарлау.
Зерттеудің міндеті:
- Балабақшадағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі қарапайым математика пәнін басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу;

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Кіші жастағы балаларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.
Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгер-уімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.
Оқыту міндеттері:
1) Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту;
2) Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау;
3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру;
4) 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру;
5) «Теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру)
6) Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;
7) «Шама» және «сан» ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі заттардың ұғындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі – 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру;
1. Ландау Л.Д. , Лифщиц Е.М. Краткий курс теоретической физики.-М.: Наука. 1969,1972.
2. Левич В.Г. Курс теоретической физики,.Том 1. –М.Наука. 1969
3. Мултановский В.В, Василевский А.С. Курс теоретической физики в 4-х книгах.-М.Просвещение. 1988,1990,1991.
4. Ландау Л.Д. , Лифщиц Е.М. Курс теоретической физики. В 9- томах .-М.: Наука. 1969,1972,2006г.
5. Климантович Статистическая физика. М.: Наука. 1985 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
II Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері.
2.1 Мектеп жасына дейінгі баплаларға санауды үйретудегі психологиялық әрекеттер
2.2Мектеп жасына дейінгі балаларға ауызшап санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология жақсы дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыр, ең негізгісі - жеке тұлғпны жауапты етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда қарапайым математкалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуда мектепке дейінгі балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуге көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмысын жоспарлау.
Зерттеудің міндеті:
- Балабақшадағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі қарапайым математика пәнін басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу;

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Кіші жастағы балаларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.
Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгер-уімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.
Оқыту міндеттері:
1) Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту;
2) Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау;
3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру;
4) 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру;
5) Теңдік және теңсіздік ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру)
6) Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;
7) Шама және сан ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі заттардың ұғындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі - 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру;
8) Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір-біріне қатысты орналасуымен және амалдар мен әрекеттің өту ретімен кеңінен таныстыру;
9) Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретінде фигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден қалыптастыру;
10) Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу, жаза білуге дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.
Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Оқушыны мектепке оқытуға бейімдеу: өзіңмен тең санап, әңгімеге тарту арқылы тілін дамыту (мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы, сүйіспе-ншілігі қажет); оларды зейін қоя тыңдауға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Оқушылардың мектепке дайындық деңгейін - олардың қарапайым ұғымдар жайлы білімдерін анықтау, бала: санай біле ме және нешеге дейін санайды? Заттарды санай ала ма және қалай санайды? Заттарды сыртқы белгілеріне: түсіне, мөлшеріне, пішініне қарай ажырата ала ма? Заттардың екі тобын салыстыра ала ма: артық, кем, сонша терминдерінің мәнін түсіне ме? (Мысалы, қай дөңгелек артық: көк пе әлде қызыл ма? Суретте қанша шаршы болса, оң қолыңа сонша таяқша ал). Заттардың екі тобын біріктіре ала ма және заттардың жиынтығынан екі топ жасай ала ма? Геометриялық фигуралармен таныс па?
Кеңістік түсінігі қандай деңгейде (Шалқан, Үйшік ертегілері бойынша: кейін, жанында, арасында, оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде т.б.). Кеңі-стіктегі заттардың орнын анықтай ала ма?
Нәтижелері сабақты ұйымдастыру жәнежеке-дара жұмыс жүргізу үшін арналған кестеде көрсетіледі.
9
1. Білім, білік, дағдарларды анықтау, жүйелеу және толықтыру:
а) бақылау арқылы әртүрлі белгілеріне (түсіне, пішініне, мөлшеріне) қарай ажырата алу білігі төмендегі: бірдей, пішіндері әртүрлі сөз тіркестерін, сондай-ақ ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші, жоғары-төмен, ең ұзын- ең қысқа, т.б. ұғымдарын игеру жүзеге асырылады; Тез фигура құрастыр, Не өзгерді?, Екі бірдей фигураны тап, Қандай?, Геометриялық лото сияқты балалар ойындарын қолдануға болады. Таратылатын материалмен (санау матер-иалдары мен қағаз парақтары) жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;
ә) кеңістік түсініктерді қалып-тастыру: жоғары, төмен, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында, жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б.
б) уақыт жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан соң, басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б. Циклдік уақыт ұғымдарын бекіту: тәулік өзгеру (кеше, алдыңғы күні, бүгін, ертең, бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ тәулік бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн). Уақыт түсініктерін бейнелейтін Бауырсақ, Үйшік, Шалқан, ертегілерін және сиқырлы терезе ойынын қолдануға болады. Оқулықпен жұмыс: уақыт аралығы жайындағы түсінік қоршаған ортада болатын қандай да бір мысалды келтіру барысында қалыптастырылады. Мысалы, өсімдіктің тұқымын себу, оның көктеуі, өсуі, гүлдеуі, және жеміс беруі немесе оқушының күн тәртібі.
Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтаудың теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар.
Қазіргі ғылым мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе математика ғылымының дамуы барысында оқу-шыларды математика ұғымдарын оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарды дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызды айрықша екендігі белгілі. Сондықтан оқушыларды математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында қолдана алуға үйрету қажеттігі келіп туады.
Математикалық ұғымдарды оқытуға мәселелерге көңіл бөлу қажет:
а) математиканы, қарапайым ұғымдарды мектепте оқытуда теориялық жақтарын таныстырумен бірге, практикалық бағытта да жұмыс жүргізу;
ә) математикалық ұғымдарды үйретуді тек балабақшада ғана жүргізіп қоймай, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты оны күнделендіріп жүйелі түрде әр сыныпта оқыту;
б) математикалық ұғымдарды қалыптастыру тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда жүргізу.
Озат мұғалімдердің тәжірибесі мен ғылыми методикалық әдебиеттерді талдап, жинақтап құрастырғанымызды мате-матиканы мектепте оқытудың жалпы дидактикалық әдістерімен қатар, кейбір әдіс-тәсілдері нәтижелі екендігі анықталды. Олардың қатарында: математикалық бай-қау, талдау.
10
Нумерацияны оқып үйренгенде оқушылар мыналарды оқып меңгеріп алулары керек:
- біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан мен бірліктен, қалай жасалатынын;
- екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін;
- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын;
- төртіншіден, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын.
Осыларды ұғынып біліп алу оқушыны сан ұғымын саналы түрде түсінуді жаңа сатыға көтереді; санды олар жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастырады, балалардың санның натурал қатары жөнінде түсінігі қалаытаса бастайды.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қыр-сырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауат-тылықтың ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын еске отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.
Математикалық ұғым - мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым - біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі - түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым - түрлік ерекшелігі - тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.
Ұғым мазмұны - нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.
Ұғым көлемі - нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: Үшбұ-рыш ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.
Ежелгі замандардан бері матема-тиканың алар орны, оның ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі, жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі маңыздылығы аз айтылған жоқ. Дегенмен, әрбір адамның интелектуалдық мәдениет деңгейіне байланысты, жоғарыда келтіргендей, математиканың қажеттілігі жөніндегі сұрақтар да аз туындамайтынын жасыра алмаймыз. Олай болса, ең алдымен мектептегі математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:
1) Математика - ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры ретінде қарастырылады;
11
2) Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;
3) Математикалық сауаттылық (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының мате-матикалық сауаттылықты меңгере білу қабілетінің болуы;
4) Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
5) Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.

II Мектеп жасына дейінгі балаларды санауға үйретудің тиімді әдістері
2.1 мектеп жасына дейінгі балаларға санауға үйретудегі психологиялық әрекеттер.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Бүгінгі күнде мектептегі оқуға дайындық ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.
Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында қарым-қатынас негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.
Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың
жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].
Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт - мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі [1].
1. Ақыл-ойының даярлығы.
Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.
Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.
2. Биологиялық кемелденуі.
Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.
Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі
мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.
Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.
4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.
Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің Дені сау балалардың қорқынышы атты еңбегінде Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба? деген қорқынышпен жүреді, - дейді.
Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; (Мектепке барасың сонда саған көрсетеді);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.
Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.
Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.
Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы, - деген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Пәндер