С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы . . . 5

2-ТАРАУ СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

2. 2. Дөнентаев өлеңдеріндегі сыншылдық реализм . . . 13

2. 3. Ақынның поэзия, проза жанрын байытқан жаңалығы . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34

КІРІСПЕ

21 ғасырдың бас кезінде демократтық, ағартушылық әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі-Сәбит Дөнентаев. Ол Абайдың реалистік дәстүрін берік ұстап, әдебиеттің халықтық мұраттарын ілгері дамытқан, өз дәуірінің маңызды мәселелеріне үн қосқан ақын болды. Әуелде шығармашылығын сыншыл реализм арнасында бастаған Сәбит кейін кеңес әдебиеттерінде де елеулі қызмет етті.

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының төртінші ауылында кедей шаруаның семьясында туған. Жас кезінде ауыл молдасынан сауат ашып, хат таныған. 1907-1908 жылдары Маралдыда Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен дәріс алған. Онан кейін Певлодар қаласындағы Қасым қожаның медресесіне (1911-1912) түсіп, өзінің осы жүйедегі білімін толықтырады. Мұнда пән негіздерін үйренеді, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады. Жас кезінде ескіше хат танып, кейін Павлодарда медреседе оқиды. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сол кезде А. Құнанбаев пен Ғ. Тоқайдың өлеңдерімен танысады. 1913 жылы тұңғыш өлеңі («Қиялым») «Айқап» журналында басылады. 1915 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ - түйек» деген атпен шығады. 1916 жылы патша жарлығына байланысты империалистік соғыс майданынан қашып, Екібастұз көмір кеніне барады. «Екібастұз» (1916) өлеңінде жұмысшы тұрмысының ауыр азабы суреттеледі. Майданға алынып, Рига маңында қара жұмыс істейді. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық революциясынан кейін, Семейдегі мұғалімдік курсқа түседі. 1919 - 1920 жж. ауылдағы ағарту, сот жұмысына араласады. 1924 - 1933 жж. Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетінде қызмет істеді. Өлеңдер мен мақалалары осы газетте басылады. 1929 жылы Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясына (ҚазАПП) мүшелікке өтеді. [1, 3]

Сәбит Дөнентаев (1894 - 1933) - қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға көп көңіл бөледі . . .

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыста Сәбит Дөнентаевтың өмірін, прозалық шығармаларын қарастыру мақсатымен зерттеу жұмысын жүргіздік. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды:

- Сәбит Дөнентаевтың прозалық шығармаларының зерттелу жолын ғылыми тұрғыдан саралау, зерттеу

Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Курстық жұмыста көтерілген мәселелердің ғылыми негізделуі мен шешімін табуында осы тақырыпқа қатысты тікелей еңбек жазған зерттеушілермен қоса отандық ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысына әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды

Курстық жұмыстың дереккөздері: Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды.

Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері. Зерттеуде жүйелі-кешенді, тарихи-салыстырмалы, тарихи-функционалдық әдіс түрлері қолданылды

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, іштей тарауларға жіктелген екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1 С. ДӨНЕНТАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының төртінші ауылында кедей шаруаның семьясында туған. Жас кезінде ауыл молдасынан сауат ашып, хат таныған. 1907-1908 жылдары Маралдыда Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен дәріс алған. Онан кейін Певлодар қаласындағы Қасым қожаның медресесіне (1911-1912) түсіп, өзінің осы жүйедегі білімін толықтырады. Мұнда пән негіздерін үйренеді, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады.

Бұл жылдары Сәбит өздігінен ізденудің арқасында прогресшіл татар әдебиетімен танысады, Абай шығармаларына ден қояды. «Айқап» журналын үзбей алып тұрады. Орыс әдебиетін, әсіресе Крылов мысалдарын қызыға оқитын. Осы негізде оның ой-санасы есейіп, ақындық таланты оянады.

1913 жылы, «Айқап»журналында Сәбиттің «Қиялым»деген өлеңі жарияланад. Бұл-ақынның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Онда Сәбит халық жыршысы болуды армандайды. Өленде ақынның бұл ойы жұмбақтау, астарлап айту үлгісімен беріледі. Ол түсті әдемі сандуғаш болып, «Зарымды жұртқа айтып», «мұңымды шақсам»деп қиялдайды. Бірақ ол орманның жыртқыш құсы -қаршыға мен тұзақшыдан қорқады. Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселелерінің бәрін үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады. Оның өлеңдері мен публицистикалық мақалалары «Айқап »журналында ауық -ауық жарияланып тұрады. [2, 12] .

1915 жылы Уфа қаласында Сәбиттің «Уақтүйек»деген атпен алғашқы өлеңдері жинағы басылып шықты. Бұл жинаққа кірген өлеңдер ақының сол дәуірдегі қазақ халқы өмірінің әр алуан күйлерін, қоғамдық шындықты көркем бейнелеуге ұмтылғанын, сол негізде демократтық, ағартушылық әдебиетке үн қосып, оның идеялық -көркемдік арнасын толтыруға қатысқанын көрсетеді. Бұл кездегі әдебиетке қазақ халқының қараңғылық пен надандықта шырмалып отырғаны саналып, елді өнер-білімге үгіттеу жана көбірек сөз болатын. Сәбит те осы тақырыпқа белсенді үн қосты. Қалың бұқара тұрмысындағы аянышты халді, елдің қараңғылық пен ескілік шырмауынан шыға алмаған мүшеу күйін суреттеген ақын халықты бұл жолдан өнер-білім үйрену, ағарту арқылы шығаруды ойлады. Сондықтан ол бұл саладағы өлеңдерін халық тұрмысын көрсете отырып, оған тікелей үгіт айтуға бет бұрады. Ақын наданды айыптайды. Оны халықтың түбіне жетіп отырған нәрсе деп қоймайды да, ел басындағы жамандықтың бәрі осы арқылы келгенін сынайды.

Сәбит -халықты осы күйден құтқару үшін күресуші. Ең алдымен, ол замандастарын қараңғыдан жарыққа ұмтылуға, өнер -білім үйреніп озық елдердің қатарына теңелуге, ынтымақты болуға шақырады.

«Замандастар »атты өлеңінде жар салған ақын өзі тәрізді көзі ашық азын-аулақ оқығандарға халыққа қызмет істеу қажеттігін де көрсетеді. Сәбит халықтың қараңғылықта қалмай, өнер үйрену үшін зор талап керек дейді «Талап»атты өлең жазады.

Феодалдық -патриархалдық орта тудырған ел ішіндегі ала ауыздық, ынтымақсыздық та Сәбит өлеңдерінде сынға алынады. Ол енді бірлікке, ынтымаққа шақырады.

Сәбит ел басқарған адамдардың еңбегін халыққа жоғарыда өзі айтқан үлгіде қызмет істей алуымен өлшейді. Осы тұрғыдан ол қазақ ұлтшылдарының өтірік «елім», «жұртым»деп жүгіріп, еңбекші бұқараның мүддесін қорғауға бармайтынын, өз бастарының қамын көбірек ойлайтынын сынайды. «Ұлтшылға», «Қайтіп қарғыс алмайсың»өлеңдерінің бұл тұрғыда ұлтшылдықты әшкерлеушілік күші басым. Алғашқы өлеңдерінде ақын:

Қарның тоқ, жұмысыңның жоқ кезінде,

Миллеттің қызметіне ерінбейсің.

Басыңа қайғы келіп, сасса жұртың,

Неліктен маңайында көрінбейсің:

Десе, екінші өлеңінде ұлтшыл «басшының»әр қилы ала аяқтық мінездерін суреттейді. Революция алдында және революция жылдары қазақ халқының ілгері дамуына кедергі жасауға тырысқан ұлтшылдық ағымды әшкерлеуде Сәбиттің бұл өлеңдерінің үлкен маңызы бар. [3, 5]

Сәбит қоғамдық әділетсіздікті, халық басындағы қанау мен зорлық -зомбылықты да жіті көре білді. Ол халық өмірін ел билеушілер мен қанаушылардың жыртқыштық бейнесіне қарсы қоя суреттейді. Бұл әсіресе ақынның «Заман кімдікі?»деген өлеңінде айқын көрсеткен. Ол өлең сұрақ түрінде айтады да, оған өзі жауап береді.

Ақын әлеуметтік теңсіздікке, біреуді біреу езіп қанауға, өктемдікке негізделген қоғамды бейне бір жыртқыш аңдардың дүниесі ретінде көрсетеді. Ол қарапайым халықты қан қақсатқан үстем тап өкілдерін күштілер мен азулылар, тырнақтылар мен бірге, көлгірсіп аярлық мінез жасайтындығын, олардың қорқау құлқынын, мал құмарлығын да қоса аңғартады.

«Уақ-түйекке»Сәбиттің өзінің көңіл күйінің жайларын, заманы туралы ой-топшылауына байланысты жазылған біраз лирикалық өлеңдері орыс және шығыс әдебиеттерінен аударған мысалдары да кірген. Мысалдары: «Екі теке», «Көзі тоймайтын ит», «Ауырған арыстан»Сәбит шығармашылығындағы өмір шындығы тұспалыдап суреттеу әдісінің қалыптасуына едәуір маңызы бар.

«Уақ түйек»шыққаннан кейін жазған өлеңдерінде де Сәбит жоғарыда айтқандай мәселелерді жаңғырта көтеріп, жаңа көркемдікпен, теңдей қозғауға тырысты. Ол «заманның желдей есіп өтіп бара жатқанын»айтып, оның даму процесіне қазақтардың да ілесуін тіледі. Өз елінің даму дәрежесін балалық шақпен салыстырды. «Балалық»1915 жылы шықан өлеңінде балалықтың ақ көңіл адалдығын, сенгіш аңғалдығын, кез келген нәрсеге алданып отыра беретін мінезін суреттей келіп, оны қазақ қоғамының дамуы жайына ауыстырады.

Ақынның әлеуметтік теңсіздікті, қанауды суреттейтін өлеңдері де жаңа көркемдік талаптар тұрғысынан жазылады. Оларда дәуіршындығы, адам бейнесі тереңдей ашылады. «У жеген қасқырға»өлеңінде ол парақорлығымен аты шыққан, кейін соның жазасын таратқан озбыр болыстың образасын жасайды. Оны қорқау кәрі тарлан бейнесінде алады да, кезінде елге жасаған озбырлықтарын суреттейді.

Әлеуметтік теңсіздіктің сыры мен шынын Сәбиттің бұл кезде тереңірек түсінгенін танытатың өлеңі-«Бозторғай». Бұл-мысал түрінде ойды тұспалдап айтуға құрылған, аллегориялық образға бай шығарма. Өлең сюжеті босторғайдың тұрымтайдан зорлық көріп, мұңын шағу үшін қырғиды іздеуінен басталады. Бірақ қырғидың бөденені жеп жатқанын көріп, одан әділдік күтпейді. Енді қаршығаны іздейді. Оны көлдегі момын құстарды шулатып өлтіріп жүрген жерінен табады. Одан кейін лашынды іздеп көреді. Оның да бір теректің түбінде қаздың етін жеп отырғанын байқайды. Ең соңында амалсыз бүркітті іздеуге шығады.

Тапқанын бүркітті іздеп, тапқанынан

Шыққанын ішкі мұңын, шапқанының-

Білмеймін, әлі күнге естіген жоқ,

Жатқанын, жаны тыныш, жатпағанын, -

деген тұспалмен аяқталады.

Өлеңде Сәбит қарапайым халық өкілін брзторғай бейнесінде алып, ел билеуші әкімдері тұрымтай, қарға, лашын, бүркіт жыртқыш құстар түрінде көрсеткен. Оның бірінен қорлық көріп, жоғарғы мұңын шақпақ болған бозторғай ешқайсысына әділдік таба алмайды. Ақын сол арқылы ел билеушілердің әділетсіздігін халық мұңын тыңдайды деген әкімдердің өздері оларды жеп жатқанын қатты сынап айтады. Ол мұңын түп төркіні патша үкіметінің ел билеу жүйесінде жатқанын сездіреді. [4. 9]

Сәбит әйел теңсіздігін бейнелейтін өлеңдер де жазды. Солардың ең көрнектісі - «Жәмилә қыз». Осы бір шап шағын өлеңге ақын поэмаға жүк боларлық оқиғаны сиғызып, дәуір шындығы мен оның адамдарының іс-әрекетін көркемділікпен суреттеп бере алған. Жас қыз Жәмиләның аянышты тағдыры да, қатыгез әке Төкіштің де мал құмарлық, дүниеқоныз кипі де, алпыстан асса да, қыз алғысы келеген Берденің ынсапсыздығы да өлеңде шынайы көрініс танытады. Өлең Бекіш деген жігіттің хатына өліп, Төкіштің қызын айттыра келуінен басталады. Бірақ Төкіш қыз бермейді. Төкіштің қызына жаны ашитын ұнамды әке ме деп қаласын. Бірақ Сәбит оны бермеу себебін:

Жүзге малы толмаған,

Жексұрын ғой оңбаған;

деген жолдарда аңғартып тастайды. Төкіш Бекішті кәрі деп емес, кедей деп менсінбепті. Ол адамның қасиетін байлықпен өлшейтін адам екен. Мұны Сәбит Оқиғаны әрі қарай дамыта отырып, толығырақ ашады.

Сәбит Төкіштің қылығын әшкерлеу арқылы қызын малға сатып байымақ болған өз дәуірінің дүниеқоныз шалдарын өткір тілімен түйрейді. Өлеңде уықты сатира да, тапқыр юмор да мол. Сол арқылы автор революция алдындағы қазақ ауылы өмірінің бір шындығын феодалдық кер тартпа салты шенейді.

Бұл өлеңдер Сәбиттің «Уақ-түйектен» кейінгі дәуірде демократ есебінде толса түскенін, оның қоғамдық көз - қарасы терең деп қалыптасқанын көрсетеді. Ол әлеуметтік теңсіздіктің феодалдық ескі әдет-ғұрпының өткір сыншысы болады. [5, 5]

1916 жылы маусым жарлығы кезінде Сәбит майданның қара жұмысына бармай қалу үшін Екібастұз кең өндірісіне барып, жұмысқа кіреді. Өмірі қазақ ауылымен, қазақ шаруасының жай - күйімен байланысты ақын енді өндірістегі қоғамдық әділетсіздік жұмысшылардың ауыр бейнетін көзімен көреді.

Бұл жайды ол «Екібаста» деген өлеңінде суреттейді. Өлеңде өндірістен жұмыс іздеп «Сабылған» қалың көпшідіктің дағдарысты күйі мен жұмысшылардың ауыр тұрмысы қатар алынып, тән тәуір көркемдік бейне табады. Сәбит жұмысшылар тұрмысын суреттей келіп, ауылдан келген ақынның өндірістегі қиыншылыққа көндікпей, елді аңсауы сияқты сарында байқалады.

1917 жылы ақпандағы буржуазиялық демократиялық эволюция мен патшаның тақтан құлауын қуана қарсы алады.

Алайда бұқарашыл ақын патшаның тақтан түсуіне қуанғанмен, ақпан революциясының түпкі мақсаты мен ерекшелігі жете түсіне алмады. Ол патшаның құлауымен бостандық келеді деп ұқты. Мұндай жаңсақ пікірдің салдарынан Сәбит Семейде Алашорда үкіметін құруға тырысып жатқан қазақтардың буржуазияшыл ұлтшылдардың ұйымына кіріп адасты. Олардың «Бостандық, теңдік» деген жалған ұрандарына сеніп қалады. Ұлтшылдардың ықпалында жат сарынды өлеңдер жазады. Бірақ бұқарашыл, зхалық тілегіндегі Сәбит көп кешікпей-ақ ұлтшылдықтардың сырын біртіндеп түсіне бастайды. Олардың «Автономия» жайлы уәделері бос сөз екенін байқайды. Сөйтіп, ұлтшылдардан қол үзеді. Ақын 1918 жылы жазған «Қаулы» атты өлеңінде ұлтшылдардың құрғақ уәдесін сынап, ұлт қамы жөнінде іс жүзінде ештеңе істемегенен көрсетеді. Онда ет жеп, қымыз ішіп отырып, халық қамын ойлағансып қаулы алатын, киін оны тез ұмытатын ұлтшылдардың іс-әрекетті әшкере болды. Өлеңде улы кекесін бар. Ол жиналыс барысында сөйлеп отырған басшыны да, алынған қаулыны да, желінген ет жайында да кекете сөйлеп, тұтастықта суреттейді.

Сөз бітті, ет желінді, қаулы қалды,

Халықта өкпе барма, аузын алды.

Етін де, халықтың да өркені өссін,

Ермектің бір әңгіме болады.

Сәбит кеңес тақырыбына көп өлеңдер жазды. Ол өміріне кірген жаңалықтарды, қазақ аулының кеңес жолына түсіп жаңаруын, онда жаңа адамдардың өсіп жетілуін, қоғамдық өмірдің белгілібір тарихи кезеңдерінің нәтежесін үнемі қадағалап қарап, жырға қосып отырады. Өмірдің өзгесін нақты образдар арқылы бейнелеуге ақын едәуірталап жасады. Мысалы, ол, «Қазақстанның алты жылдағына »атты өлеңінеде еңбекші, жалшы қазақтың өсіп, қоғам қызметіне араласуын Әбен бейнесінде танытады. Ол Әбеннің қойшы, жылқышы, жұмысшы болғанын, ең соңында кеңес болысының төрағасы болуын суреттейді:

Әбеннің сауатын ашып, ел басқаруға араласуы арқылы Сәбит революциядан бұрын өмірден орнын таппаған мүсәпір, кедей адамдардың бүгінгі жаңа дүние жасаушылар дәрежесіне көтерілуін көрсетеді.

Теңдік өмірге ие болып, өнер-білім үздеуге ден қойған жастың кейпін танытуда Тасқараның мақсат-мұраты оқу өнер үйренуге екенін көрсетеді.

Тасқаралардың жолы-енді жас ұрпақтың жолы екенін атай отырып, Сәбит болашақ қоғам қайраткерлерін осылардың қатарынан іздейді. [6, 13]

«Азат жетті» өлеңінде ақын әкесі 1916 жылы майданның қара жұмысыда жүріп өлген жетім бала Азаттың Кеңес өкіметі жылдары қатардағы азамат болуы жолын әңгімелейді. Азатты Кеңес өкіметі өз қарамағына алып, балалар үйінде тәрбиелейді. Келешегі айқын баланың рухани өсіп, өмірге ие болып келе жатқаны-өлеңнің негізгі идеясы. «Азаттар ер жетсе», өмірді одан да жаңартып, өзгерте түсетінін ақын сеніммен жазады.

Кеңес шындығы жағдайында өсіп, ер жетіп жатқан кейіпкерлер қатарында Сәбит әйелдердің, қазақ қыздарынаң да орны барын көреді. Революциядан бұрын малға сатылған Жәмилалардың тағдырына енді ол ерікті қыз Айшаны қарасы қояды. Он бір жаста жетім қалып, тұрмыстың ауыр бейнетін тартқан Айшаны он төртте тоқал құмар бір шал айттырады. Шал үйінде зар илеген оны Кеңес үкіметі босатып, теңдік береді. Айшаның ерікті өмірін ақын басқа әйелдерге үлгі етеді.

Кеңес дәуірінде жаңаша тәрбие алып, өсіп келе жатқан жастардың жаңа типтерін суреттегенде, Сәбит сол арқылы қоғамның жаңа адам тәрбиелеудегі маңызды еңбегін көрсетуді мақсат етеді. Өзінің жас кейіпкерлерін жаңа дәуірдің, болашақтың иелері ретінде бейнелейді.

Сәбит Дөнентаевтың революциядан бұрынғы сыңшыл өлендерінде таңылған сатериктік талантты да Кеңес үкіметі жылдары толысып, өсе түседі. Ол өзінің ұлы тілі мен сөзін, ащы ажуасын тап жауларына, байлар мен дін иелеріне, ескіліктін шырмауынан шыға алмай жүрен тоғышарларға, феодалдық әдеп-ғұрыптардың зиянды көріністеріне қарсы жұмсайды. Бұл салада ақынның «Дәуітбек», «Құсайынның арманы», «Ой, жалған -ай», «Жәкен молда», т. б. өлеңдердің едәуір маңызы бар. Бұл өлеңдерінде Сәбит ұнамсыз адамдардың тән-тәуір образдарын жасайды.

Алайлы, қу Дәуітбек заманының өткеніне қарамастан амалдап күн көруге кіріседі. Өзін «кедеймін» деп жариялап, сайлауға қатысады. Ақын оның бұл қылығын бұлай әжуалайды: «Құсайынның арманы» өлеңі де осымен тақырыптас. Мұнда оқуды өнер-білім үйрену үшін емес, мал табу, бақ іздеу мақсатына пайдаланатын бай адамдардың ой-пікірі сыңалады. Осы мақсатпен баласы Құсайынды оқытқан Жұмақан бай оны ойынан шоқпақтаған. [7, 12]

«Ой, жалған-ай!» өлеңі елді алдап, ебін тауып жеп жүрген саудагерді женеуге арналады. Ақын өлеңді оның өзін сөйлетуге құрады. Бұрын оңай олжа тауып, дүрілдеген саудагер «Мырза» атанған кезін еске алады. Кеңес өкіметі жылдары ол кооперативке басшы болып, тағы да «екі жыл қарыштайды». Бірақ ендігі өміріне қауып төңген саудагер заманының өтіп бара жатқанының уайым етеді. Сәбиттің бұл айтылғандардан басқа сыңшылдық өлеңдері бар. «Нағиманың өкпесінде» ол орынсыз сән қуған әйелдің мещаңдық мінезін сыңға алса, «Ақ жорға шығыпты», «Бір адвокаттың мінезінен» атты өлеңдерінде қоғамдық тәртіп бұзып, мас күнемдікке берілген адамдардың рухани тозуын бейнелейді. «Мұқан мен Серікте» әкімдікке құмарлықты сыңайды. Өзінің сатиралдық шығармаларымен Сәбит ескіліктің зиянды қалдықтарын өткір сыңап жаңа өмірді орнықтыруға қызмет етті.

Өмірінің соңғы шағында Сәбит ауру себепті өндіртіп ештене жаза алмады. 1929 жылы Қазақстан Пролетариат жазушыларының ұйымына мүше болып кірген ол кеңес қаламгерлерінің қатарында белсенді қызмет істеуге құмарлығын айтады. «Пролетариат жыршыларына» деген өлең жазды. Бірақ ақынның денсаулығының нашарлығы оған мүмкіндік бермейді. Денсаулығы жайымен ол бірер жыл еліне, Павлодпрға барып тұрады. Бесқарағай ауданында халық ағарту жүйесінде қызметістейді. 1932 жылы қайтадан Семейге келіп, «Социалистік Шығыс» газеттерінің әдебиет бөлімін басқарады.

1932 жылы Сәбит Алматыда болады. Шығармашылығының жиналған баспаға тапсырады. Астананың әдеби өмірімен танысып, тың шабытпен істеуді армандайды. «Енді ширайтын кез келді. Денсаулықты біраз түзеп алып, өндіріске жуық, сонымен қатысты бар жерде тұрып, белсене жұмыс істесем деген ойым бар. Жазушылар съезіне қатынасып, баяғы қатемді түзеп, жаңа күрделі шығармалар берсем деймін», - деген тілек білдіреді. Бірақ ақын арманына жете алмайды. 1933 жылы 23 мамырда Семей қаласында қайтыс болады.

Сәбит -өзіндік ерекшелігі мол ақындардың бірі. Ол -мазмұнды, қысқа өлеңдердің шебері. Өлеңге аз сөзбен көп мағына сыйғызуда, оның қарапайымдылығын сақтауда, тіл бейнелілігін көтеруде Сәбиттің табыстары аз емес. Ол сырттай жылтырлыққа құмартпайды, көтерінкі лептілікке де бармайды, өлеңді боямасыз, реалист ақынға тән жұпыны күйде жазады. Сондықтан да оның өлеңдері ойға бай, сөзге сараң келеді. Ақын «Ой »деген өлең жазады.

Бас-аяғы сезіз-ақ тармақ, шағын өлең. Бірақ оның өзіне Сәбит тапқырлықпен көп ой сыйғызады. Ойлай берсе, ой түбіне жету мүмкін еместігін, ойламаса, түп те жоғын, ойласаң, -өзің әуре, ойламасаң, -ісің әуре екенін жеткізіп айтқан. Мұндай өлеңдер Сәбитте көп. Әсіресе ақынның адам сезіміне байланысты өлеңдері тапқыр, әрі көркем.

Өзінің ақындық ізденісінде Сәбит Абайға көп еліктеген, содан үйренген. «Абайға» деген өлеңінде ол:

Бәрі бала, жас еді

Бәрі ұйқыда мас еді,

Барлық қазақ баласы,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Дөнентаев және балалар әдебиеті
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы
Сәбит Дөнентаев поэзиясы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz