Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптысып даму тарихы


Ж О С П А Р
- КІРІСПЕ
І тарау
1. 1. Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптысып даму тарихы
1. 2. 12 жылдық білім беру мәселесі мен
болашағы
ІІ тарау
2. 1. 12 жылдық білім берудің принциптері
2. 2. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушы тұлғасын қалыптастыру
2. 3. 12 жылдық білім беру нәтижесіне бағытталған басқару
ІІІ тарау
3. 1. Ауыл мектебін басқарудың проблемалары мен оны шешудің жолдары
3. 2. Ауыл мектебінің болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
К і р і с п е
Еліміз еңсесін көтеріп, егемендігімізді алып, көк байрағымызды көк аспанға желбіретіп, әлемге танылып, тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге міне15 жыл толды. Осы 15 жыл ішінде біз қандай нәтижелерге қол жеткіздік деп қарайтын болсақ, өзге елдің отарлау саясатынан арашалап, қазақ халқының яғни ана тлімізді, дінімізді, мәдениетімізді, тәуелсіздік алғаннан кері қайтардық, ел болып қуандық. Егемендігіміздің арқасында әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты өзгерістер әкелді және көптеген нәтижелерге қол жеткіздік. Еліміздің дамуына негіз болатын нәрсе ол - білім. Білімсіз ғылым дамымайды, ғылымсыз ел экономикасы өркендемейді, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмыс дәрежесі де дамымайды.
Білім беру ұйымының, дербес жағдайда жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік мектептердің үздік нәтижелерге қол жеткізуі басқару ісін шебер ұйымдастыруға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда басқару ісі маңызының өлшеусіз артып отырғандығын күнделікті тіршілігімізден анық байқап отырмыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау жайлы айта келе былай дейді: « XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика кұра алмаймыз». Мұның өзі кез келген салада, сонымен бірге білім беруде де басқару ісін ұтымды жүзеге асырудың ел экономикасын нығайтуда қаншалықты маңызды екендігін білдіреді.
Басқаруды ұйымдастыру, ең алдымен білімдік жүйелерді басқаруды ұйымдастыру құрылымын құру және оны пайдалануға бағытталатындығы белгілі. Білім беру ұйымдары тэжірибесінен байқайтынымыз - оның басшыларының барлығы бірдей басқаруды ұйымдастыру құрылымын тиімді етіп құра білмейтіндігі және олардың бұл мәселені инновациялық көзқарас тұрғысынан шешуге әруақытта ұмтыла бермейтіндігі. Мұны олардың қандай жаңа басқару субъектілерін ендірген дұрыс және бұл субъектілердің құзыретіне нелер жатады, араларындағы қатынастардың сипаты қандай деген сұрақтарға жауап беруді маңызды деп есептемейтіндігінің салдары деуге болады. Бұл өз кезегінде нәтижесінде жоғары сапаға қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайтын дәстүрлі құрылым мен бір сарынды басқаруға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың, 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың бағдарламасында айтылғандай оның басты міндеттерінің бірі - білім беру менеджерлерін даярлау. Сол сияқты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда -ойлай білетін осы заманғы менеджерлерсіз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінуі басқарудағы менеджменттің ролінің бүгінгі таңда өлшеусіз артып отырғандығын көрсетеді.
Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау әлемдік жинақталған тэжірибеге және қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу мәселесінде жаңа тиімді жолдарын табу -12 жылдық білім беру мәселесі. Бүгінде осы бағыттағы білім беру ең негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Жалпы білім берудегі басқару саласын зерттеп жүрген ғалым, методистердің еңбектерімен танысып, олардың оқытудың әдістері туралы ой-пікірлерлінің ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдым. Осыған орай диплом жұмысымда төмендегі мәселелерді шешуге тырыстым:
1. Білім беру жүйесінің кешегі мен бүгінгі жайы
2. 12жылдық блім берудегі оқушы тұлғасын қалыптастыру.
3. Басқару саласының нәтижеге бағытталғандығы
4. 12жылдық білім берудегі ауыл мектептерінің негізгі мәселелері
5. Ауыл мектептері 12жылдық білім беружүйесіне көшуге дайындығы қандай
Диплом жұмысының методикалық негізі:
- Ғалым методистерінің еңбектері
- Қазақстан Республикасы халыққа білім беру Минстірлігінің тұжырымдамасы, бағдарламасы.
- Педогогикалық оқулықтардың материалдары
- Баспасөз бетінде жарияланған педогогикалық, методикалық материалдар.
- Газет-журнал беттерінде жарық көрген әдеби-методикалық материалдар
12жылдық мектепте білім беру нәтижесіне бағытталған ауыл мектептерін басқару атты диплом жұмысы, кіріспе, 3-тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарау
Өткенді білмей қазіргінің
мәнін болашақтың мақсатын түсіну
мүмкін емес.
М. Горький
- Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасып, даму тарихы.
Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазақ мемлекеттілігінің құрылу кезеңінен бастап ұзак уақыт бойы елдегі болып жатқан саяси-әлеуметтік және мәдени өзгерістердің көрсеткіші болып табылады.
Білім беру жүйесі тарихы азаматтық тарихпен біте қайнасып және оның түбегейлі көріністері қоғамдық дамудың айтарлықтай барлық жақтарын қозғағанын атап өтуге болады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамдык-мемлекеттік құрылыстың өзгеруі аз ба, әлде көп пе тікелей білім беру жүйесіне әсерін тигізіп отыр.
Қазакстандағы білім беру жүйесі өзінің калыптасуы барысында екі кезеңді басынан кешті (ХҮ-ХҮІІІ ғ. ғ) .
Өз мемлекетіміздің кұрылуы казақ халқының бұған дейінгі дәуірлердің логикалық, жалғасы болып табылатын рухани мәденистінің дамуы үшін маңызы зор. Оның негізіне мектеп пен медресе арқылы жүзеге асырылған ағартушылық, білімділіктің дс алатын орны аз емес. Көрсетілген оқу мекемелерінде оқыту араб-парсы тілдерінде жүргізілген. Оқушыларға әр түрлі ғылым салалары бойынша білім берілді (діни, математика, философия, логика, шыгыс әдебиеті) . Осы оқу мекемелерінде оқытудың, мазмұны меи сипатына ислам мәдениеті айтарлықтай ықпалын тигізді. Әжептәуір ауқатты адамдар өздерінің балаларын Бұхар, -Самарқанд, Бағдад-және басқа да мұсылман әлемінің, мәдени орталықтарына оқуға жібсрді. Өкінішке орай, білім берудің шығу көзі, соның ішінде мұсылман мектептерінде оқытудың мазмұны. мектеп пен медресе тарихы Қазақстандағы тарихи-педагогикалык ғылымда объективті және толық ашылмаған.
Қазақстандағы білім берудің дамуының екінші кезеңі - (XVIII-XX г. басы) қазақ жерінің Ресей империясының құрамына ену кезеңімен байланысты. Тарихи сабақтарды ескере келе, қазіргі жағдайда Қазақстандағы білім беру жүйелерінің даму жолдары мсн XIX гасырдың екінші жартысы мси ХХ ғасырдың бірінші жартысындагы білім беру және мәдени үрдістердегі әлеуметтік салдар туралы қалыптасып қалған көзқарастар мен дағдыны қайта бағалап, қайта қараудың маңызы ерекше.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы реформа, капиталисгік қарым-катынастың қарқынды дамуының басы патша үкіметін халыққа білім беру саласында өзінің іс-шараларын белсендіруге мәжбүр етті. Сонымен бірге бұл кезең Шығыс мұсылан халықтарының Еуропалық державаның отарлауына қарсы жаңа өрлеу кезеңімен әйгіленеді. Бұл қозғалыс тарихта «панисламизм» деп аталды.
Бүгінгі өлемдегі елдер мен халык-тардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мөдениет пен гылымнын өлемдік деңгейге бет бұруы, өзекті меселелерден туған кайшылыктар, үлттык деңгейде калуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында өлемдік іс-төжірибені окып-үйренудің кажетті шарт екенін дөлелдеуде. Сондьщтан өр түрлі елдер мен халыктардың экономикалық көрсеткіштерін, өлеу-меттік-саяси жүйесін, мөдениет моделін салыстырмалы түрде окып-үйрену қызығушылык тудырады. Түрлі гылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті нарыкка өту қезеңінде, республикадагы білім беру салаоының өлемдік білім беру кеңістігіне енуге кадам басу шагында, өлемдік мөдениет пен ұлттык мөдениетті біріктіре оқыту мен төрбиелеу максатын көздеуде, Сол себептен білікті мамандар өздерінід шетелдік өріптестерінің көсіби іс-төжірибесін зерттеуге, олардың-жетістіктері мен кемшіліктерін талдауга, озіік ойлы идеяларын өз үлтының -] менталитетіне сөйкестен-діруге, өз іс-төжірибелерімен ұқсастыктары мен айырмашыльж-тарын айқындауга үмтылыс білдіріп, алгашқы кадамдар жасалуда. Сондай салалардың бірі - білім беру саласы болып табылады. XXI ғасыр табалды-рығын аттаган сөтте білім беру саласы күрделі езгеріотерге үшырауда. Білім беру саласы өлеуметтік инфра-күрылымның бірден-бір мөнді, динамикалык элементі болып келеді. Дегенмен де, барлык өлемде де білім
саласы кандай да бір жаңаша, кандай да бір түрде дағдарыска ұшырауда. Қаншалыкты дамыған ел дегенімізбен де өр елдің білім беру саласы кандай да бір мөлшерде казіргі цивилизацияның талаптарына сай жауап бере алмауда. Сол себептен де білім беру іоін реформалау шартты.
Өркениетті елдердің бөрінде де білім беру ісін реформалау өлеуметтік саясаттың маңызды кұрамды бөлігі болып табылады. Оган үкімет, парламент, коғамдык жөне халықара-лык үйымдар белсене кірісуде. Реформалау көп аспектілі (салалы) . Олар білім беру іоін баскаруды кайта қүру жөне оның функцияларын жергілікті, аудандык, орталык өкіметке қайта қарап бөлумен, оку орындарынын жаңа типтерін кұру, оку-төрбие үрдісінің мазмұны цен өдістерін модернизациялаумен сипат-талады. Жаңарту не кайта күру бала-бакшадан жоғары оку орьщдарына дейінгі білім жүйесінің барлык саласын камтуда. Қазір республика-мызда білім саласында демократия-ландыру мен ізгілендіру жүріп жатқандыктан, соңғы кездерге дейінгі дардарыстан шыгудың альтернативгі жолдары көрсетілуде.
Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылган жолдың бірі - білім берудің жана жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, түтас педагогикалық үрдістегі өзгерістермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық. жағына жаңаша көзқарас, жаңаша карым-катынас, (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оку жоспарына көшу, жаңа буын беру окулықтары мен оку-өдістемелік кешендерге көшу, т. б. ) ұлттық менталитет, тіпті жаңаша ойлау калыптасуда. Бұрынғы кезде тұлға бойында кездесетін жағымсыз қасиеттер катарына жататын (үнемшілдік, езіндік «мен», т. б. ) қасиеттер нарық жағайына байланысты кажет болуда және көпшілік, қоршаган орта оларды дұрыс қабылдауға дағдыланған, т. с. с.
Дегенмен де, жаңарту үрдісі үлкен қиындыктарға ұшырауда, экономика, мәдениет, ғылым және әлеуметтік қатынастардағы динамикалық өзгеріс-терге көп жағдайда ілесе алмайды. Барлық жердегі не барлық кезде де реформалау терең теориялық базаға негізделе бермейді. Олар эмпирикалық үрдісте білім берудің жаңа жолдарын іздестіруде өзіндік «қысқа ғұмырлы» сынақпен не кайта жөндеу қиынга түсетін қателермен аяқталып жататыны сирек кұбылыс емес. Әрине, бүгінгі күнде республикамызда білім беру саласындағы жүріп жатқан реформалау сондай - деген ой туғызу-дан аулақпыз. Бүл жерде жалпы казіргі кездегі білім беру ісінің даму тарихына сөйкес туған ой.
Әр адамның күнделікті тіршілік сарынына ерекше бет бұрыс енгізе қоймаған XXI ғасыр қоғам өмірінде жаңа дәуір басталғандығының белгілерін байқатып тұр. Көкжиекті көрініп тұрған болашағымызға жету жолдарының нышандары бүгінгі қоғам тіршілігінің сан қырларында көрініс табуда. Солардың бірі әлеуметтік орнымен атқарар қызметінің сыбағалы салмағы бойынша ерекше болып табылатын сала - білім беру жүйесі. Өйткені бұл саладағы әрекет қоғамның бір жеке мүшесінің тағдырына қатыстығында ғана емес, сонымен қатар білім берудегі істердің кешендігімен еліміздің ертеңгі күндегі болады. Бүгіндер әр қоғам мүшесінің назарынан тыс қалмайтын келелі де, көкейкесті мәселенің бірі жалпы білім берудегі 12 жылдық оқуға өту болып табыладыде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: "Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын елеулі түрде қайта қарау талап етіледі жэне мүлы бүгіннің өзінде жасау қажет "- деп атап көрсетті. Мұлың өзі білім беру ұйымдары, дербес жағдайда жалпы білім беретін мектептер алдында үлкен міндетгер түфғандығын білдіреді. Оның ішінде бірінші кезекте атқарылатын шаруалардың бірі 12 жылдық оқыту моделін сынақтан өткізу бойынша экспериментгерді тиімді ұйьмдастыру жэне жүзеге асыру болып табылады.
1. 2. 12 жылдық білім мәселесі мен болашағы
12 жылдық мектеп жүйесіне көшу - бүгінгі әлемдік білім беру кеңістігіне енудің бірден-бір жолы болып отыр. Әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне зер салатын болсақ, білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы, Ұлыбританияда 12-13 жыл, Франция, Испания, Польша, Жапонияларда -12 жылдық, Италия, Швеция, Германияда 13 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі.
1992 жылы университеттік білім проблемасы бойынша өткізілген конференцияда, Европалық Кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік тәжірибе 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отырғанын жазады. Егер кейбір еддерде орта білім беру 12 жылдан кем болса, онда білімді толықтыру жоғары білім беру жүйесінен қамтамасыз етілуі қажет екеніне тоқталады. Сондықтанда Қазакстандық аттестат пен дипломдардың әлемдік стандартқа сай болу қажеттігі туындайды. Бүгінгі ұрпаққа жаңаша білім беруіміз, әлемдік білім беру стандартына сәйкес келуін өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Сондықтанда, бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін қалыптастыруда оқытумен қоса тәрбие де маңызды орын алады
Кез келген келелі мәселенің қабылдануы, оны сезініп пайымдалуы, содан барып мойындалып барып іске асуы бір сәттік емес бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ процесс. Осы тұрғыдан алғанда бүгіндер жалпы білім беретін мектептің 12 жылдық оқуға ауысу мәселесін сезініп, жан-жақты пайымдау сәтінде тұрғандаймыз.
Алғаш жалпы білім беруді 12 жылдық оқуға ауыстыру ТМД елдері үшін ғылыми-педагогикалык мәселелер ретінде көтерілгенмен, бертін келе жекелеген елдерде оны өмірге енгізуге дайындықтар жүргізіле басталды. Мысалы, Россияда бұл мәселе бойынша кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіліп белгілі дәрежеде дайындықтар жасалуда. Ал біздің республикамызда бұл мәселе батыл түрде қолға алынып, бірден енгізілмек болып, жарияланып қойылды. Алайда бүл шешімнің батыл болғанмен, мезгілсіз екендігін көпшілік қауымның оны қабылдамағандығынан байқауға болады. Қуантарлық жай, бүндай келелі мәселені шешуде асығыстық танытпау керектігін арнаулы ресми орындардың сезінгендігі. Ендігі жерде 12 жылдық оқуға ауысуды сабырлықпен талдап, оның біз үшін қаншалықты дәрежеде қажет екендігін түсінуге мүмкіндік туып отыр.
Сонымен біздің елімізде 12 жылдық оқуға ауысу қажеттігі бар ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін оны туындатып отырған алғы шарттарға тоқталайық.
Біріншіден, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуға байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туып отыр. Бұл деген білім берудің әлемдік деңгейде даму үрдісінің басты сипатына сай бола білу. Олардын ен бастылары:
- білімнің әр бір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара тұлғаға бағытталуы; қоғамдағы рухани құлдырау құбылыстарынан туындаған дағдарыстан шығарудың басты бір құралы білім болу үшін оның мазмұнының гуманистік мәнін күшейту;
- білім беру жүйесін орталықтан басқарудың басымдылығы мен оған қатысушы субъектілердің әрекетін регламенттеуден туындаған кемшіліктерді жою үшін демократизациялауды жүзеге асыру; әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын мейлінше қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту.
Екіншіден , еліміздің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеру үшін білім беру жүйесін, оның ішінде жалпы білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеру қажет екені көпшілікке мәлім. Демек, еліміздің болашағына үлес косып. оның жаңа биікке көтеретін дара тұлғалар бүгінгі оқушылар екенін ескерсек, олардың тұлға болуға жетерлік білімінің негізін калауға мектеп қабырғасында оқылған жылдары жағдай жасасақ, әлеуметтік жағдайымыз жақсарып, экономикамыз өркендеуге мүмкіндік туады. Бұл деген:
- білім беруді қаржыландыруға жаңаша принциппен қарау;
- білім беру жүйесін, жекелеген оқу орындарын инвестициялау мен демеудің жолдарын табу;
- жергілікті жердегі, әсіресе ауыл жағдайындағы мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту.
Білім саласына бүгін жұмсаған рухани-материлдық күштің еліміздің ертеңгі өркендеуінің кепілі болатындығына дәлел Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тәжрибесі. Мысалы, Япония, Қытайдағы жалпы білім беру құрылымы жағынан Америка мектептеріне ұқсағанмен, олар өзіндік ерекшелігі бар «білім берудің азиялық моделі» деп танылуда. Өз елінің экономикасын таңқаларлық деңгейге көтеруге негіз болған бұл модельдің бірнеше ерекшелігін атауға болады. Олар: 1) білімді кешендендіруге (универсализация) бағытталған мемлекеттік стратегая «адам капиталын» дайындауға мүмкіндік берді; 2) жаппай білім беру ісі мол қаржыландырылу нәтижесінде жүзеге асты; 3) жаппай білім беру ісі жеделдету оның сапасын түсірмей бұрынғы деңгейде сақтау нәтижесінде мәресіне жетті. Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі «экономикалық ғажаптарға» («экономическое чудо») негізі болған білім берудің азиялық моделі ұстанымдары жағынан біз үшін көңіл койып, зейін аударарлық тәжірибе.
Үшіншіден, жаңа экономикалық ситуациада нарықтық қатынастардың қоғам тіршілігінің барлық салаларында орнығуы кең өріс алып тұрған жағдайда білім берудің құрылымы мен құрамындағы өзгерістер жана қырында көріну қажет болып тұр.
Жалпы білім беру жүйесі үшін бұл деген:
- көп нұсқаулы білім алуға мүмкіндік жасау;
- оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды кез келген ситуацияны шешуге дайын, өмірдің сан алуан жағдайына бейімделе алатын дара тұлғаның негізін қалауға бағындыру;
- баланың қызығушылығы мен ынтасына сай білім сұранысын қанағаттандыру процесін өзіне лайық кәсіби бағдар алумен ұштастыру.
Төртіншіден, ғылыми-техникалық прогресстің темпін, оның адамзат дамуына қосқан үлесін жөне бұл үрдістің алдағы уакытта шығар биіктіктерін мойындап қана қоймай оны білім беру ісінде ескеру. Ол деген:
- жалпы білім берудегі тарихи қалыптасқан білімнің академиялық деңгейін сақтау; аса қабілетті балалардың танымдық мүмкіндіктеріне сай білім сұранысын қанағаттандыру; оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының өнімді әрекетке баулу арқылы өз мүмкіндігін сезінуге, ашуға, өз бетімен білімін толықтыруға үйрету; мектеп түлектерінің білім деңгейі мен әрекеттену мүмкіндіктері бойынша халықаралық талаптарға сай болуға бағытталған білім беру. оқу ісіне жаңа ақпараттық технология жетістіктерін енгізу.
Аталған алғы шарттар жалпы білім беру жүйесін жаңа сапалық нәтижелерге бағыттайды. Бұл санамызға үйреншікті болып қалған әрекеттер ауқымынан әлде қайда кең мәселелер.
Егемендік алғаннан бергі еліміздің білім беру саясатында аталған үрдістер белгілі дәрежеде ескеріліп, азды-көпті іс жүзіне асырылып та жатыр. Өздеріңізге белгілі бүгіндер 1-5 сыныптар деңгейінде мектептің жаңа құрылымы, жаңа мазмұн, жаңа буын оқулықтар енгізіліп отыр. Әр адамның назарынан тыс қалмаған бұл үлкен істің кемшілігі болғанмен, ұмытылып отырған өркениеттік деңгейге жетудегі заңды қадамның бірі. Өйткені дара тұлғаға бағытталған білімді ұйымдастыру, білім беруді гуманизациялау, дифференцияциялау мәселелерін 11-жылдық мектептің жаңа құрылымы мен мазмұнын анықтау барысында бір дәуір шешуге тырысып, азда болса тәжрибе жинақтап тұрмыз. Әрине бұл ісімізде біз басқа өркениетті елдің моделін тікелей кешірмей, жаңа талаптарды өз еліміздің жинақтаған жетістіктерімен ұштастырдық. Соның нәтижесінде мазмұны бойынша негізінен пәндік принципке жүгінген жаңа білім мазмұны тұжырымдалып, оның тұрақты жене жылжымалы бәліктері нақтылады. Саралау принципінің сыртқы формасына сүйеніп білім мазмұнының жаңа құрлымына сай мектептің де құрылымы жаңарды. Басты жаңалық жалпы білім берудегі бі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz