Негізгі құралдардың экономикалық мәні, амортизациясы



Кіріспе

І Негізгі құралдардың экономикалық мәні
1.1 Экономикалық жіктемесі
1.2 Негізгі құралдардың талдамалы есебін ұйымдастыру
ІІ Негізгі құралдардың амортизациясы
2.1 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу
2.2 Амортизацияны есептеу үшін қолданылатын әдістер
ІІІ Негізгі құралдардың қозғалысына арнаулы аудит
3.1 Негізгі құралдардың қалыптасуы мен пайдалану операцияларын
тексеру
3.2 Негізгі құралдарды жалға алу мен жөндеудің аудиті

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша
Өндiрiс процесi өндiрiс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар: 1) еңбек заттары (шикiзат, материалдар, сатып алынатын жарты -лай фабрикаттар);
2) еңбек кұралдары (станоктар, машиналар) болып бөлiнедi.
Қандай да болмасын заттарды—еңбек кұралдарының құрамына енгiзу сыртқы белгiлерiмен емес, солардың өндiрiс процесiнде атқаратын рөлi -мен анықталады.
№ 6 БЕС бойынша негiзгi құралдар бұл еңбек құралы ретiнде мате -риалдық өндiрiс саласында, сондай-ақ өндiрiстiк емес салада (материал -дық емес өндiрiс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер.
Негiзгi құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүлiктер (жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсiмдiктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтiрмеуi мүм- кiн емес басқа объектiлер), көлiк құралдары, жабдықтар, аулау аспапта- ры, өндiрiстiк және шаруашылқ құрал-саймандар, үлкен және өнiм бере- тiн малдар, арнайы құралдар мен басқа да негiзгi қорлар (кiтапхана қор- лары,мұражай құндылықтары, жануарлар әлемiнiң экспонаттары, авто -мобиль жолдары және т.б.).
Негiзгi құралдар көптеген өндiрiс құралдары бойынша пайдаланыла- ды, қасиетi мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзiнiң құ -нын жаңадан жасалған өнiмге бiртiндеп көшiредi.
Айналым құралдары бiр ғана өндiрiстiк процесте тұтынылады және өзiнiң құнын жаңадан жасалған өнiмге толықтай көшiредi.
1 Баймұханова С.Б.
Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007. – 102-107 б.,115-127 б.

2 Абленов Д.О.
Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы,әдіснамасы,
тәжірибесі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика,2007. – 351-360 б.

3 В.К. Радостовец, Т.Ғ. Габдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. - Алматы,2003. – 56-63 б.

4 Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А.
Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық. – Алматы:
Экономика,2006. – 242-245 б.

5 Бухгалтер бюллетені. № 34, тамыз 2007.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Өндiрiс процесi өндiрiс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады,
олар: 1) еңбек заттары (шикiзат, материалдар, сатып алынатын жарты -лай
фабрикаттар);
2) еңбек кұралдары (станоктар, машиналар) болып бөлiнедi.
Қандай да болмасын заттарды—еңбек кұралдарының құрамына енгiзу сыртқы
белгiлерiмен емес, солардың өндiрiс процесiнде атқаратын рөлi -мен
анықталады.
№ 6 БЕС бойынша негiзгi құралдар бұл еңбек құралы ретiнде мате
-риалдық өндiрiс саласында, сондай-ақ өндiрiстiк емес салада (материал -дық
емес өндiрiс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын
материалдық активтер.
Негiзгi құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүлiктер (жер
учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсiмдiктер және жермен өте тығыз
байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтiрмеуi мүм- кiн емес
басқа объектiлер), көлiк құралдары, жабдықтар, аулау аспапта- ры,
өндiрiстiк және шаруашылқ құрал-саймандар, үлкен және өнiм бере- тiн
малдар, арнайы құралдар мен басқа да негiзгi қорлар (кiтапхана қор-
лары,мұражай құндылықтары, жануарлар әлемiнiң экспонаттары, авто -мобиль
жолдары және т.б.).
Негiзгi құралдар көптеген өндiрiс құралдары бойынша пайдаланыла- ды,
қасиетi мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзiнiң құ -нын
жаңадан жасалған өнiмге бiртiндеп көшiредi.
Айналым құралдары бiр ғана өндiрiстiк процесте тұтынылады және өзiнiң
құнын жаңадан жасалған өнiмге толықтай көшiредi.
Негiзгi құралдардың бухгалтерлiк есебiнiң мiндетi:
1. Расталған есептiк мәлiметтердiң , техникалық паспорттардьң, басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негiзiнде еңбек құралдарыньң барлық
түрлерiнiң сақталуына жүйелiк бақылауды ұйымдастыру.
2. Негiзгi құралдардың келiп түсуiн, шығарылуын, қозгалысын есепте уақ тылы
және дұрыс көрсетiлуiн қамтамасыз ету.
3. Негiзгi құралдардың тозуының дұрыс есептелуiне және тиiмдi пайда
-ланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын артты- ру
жөнiндегi шараларды жүзеге асыру.
4. Негiзгi құралдарға ағымдағы және күрделi жөндеулердi, қайта кұрудың және
жаңғыртуды жүргiзумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтыльы
көрсетудi жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескiрген негiзгi құралдарды же -дел
айқындау.
б. Негiзгi құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшiн бухгалтерлiк есептiң
деректерi банкiн уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Экономикалық жіктемесі
Негiзгi құралдардың ғылыми негiзделген жiктемесi алға қойған мақсат-
тарға жету үшiн, маңызды шарт болып табылады. Жiктемелiк топтарға
өндiрiстiк-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны,қызмет мерзiмi,
жөндеудiң ерекшелiгi, икемдiлiгi мен техникалық жаңалығының дәрежесi
бойынша өте жақын негiзгi қорлар енгiзiледi.
Өндiрiс процесiне қатысу сипатына қарай негiзгi құралдар былайша
бөлiнедi: өндiрiстiк — бұл өндірiстiк процеске тiкелей қатысатын немесе
өндiрiстiң негiзiн құрайтын негiзгi құралдар. Олардың шамасы мен тех-
никалық күйiне шаруашылық субъектiсiнiң, жалпы елдегi салалардың
экономикалық қуаты тәуелдi. Бұлардың құрамына өндiрiстiк үйлер мен
ғимараттар, машиналар мен жабдықтар,өлшеушi және реттеушi аспаптар мен
құрылғылар,көлiк кұралдары, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар,
керек-жарақтар, жұмысқа пайдаланылатын және өнiм беретiн малдар, көп жылдық
өсiмдiктер енедi. Қор қайтарымдылығы, яғни негiзгi құралдардың бiрлiгiне
натуралды және ақшалай өлшеуiштермен, өнiм өн- дiру негiзгi өндiрiстiк
қорлардың тиiмдi пайдалануын сипаттайтын, жалпылаушы экономикалық көрсеткiш
болып табылады.
Өндiрiстiк емес — бұл тұтыну мақсатындағы негiзгi құралдар. Олар өн-
дiрiс процесiне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттiгiн
қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, ТКШ,
денсаулық сақтау, спорт).
Тиiстiлiгi бойынша негiзгi қорлар былайша бөлiнедi:
— меншiктi — бұл субъектiге тиесiлi және оның балансында көрiнiс таба- тын
негiзгi құралдар;
— жалданған — жалдау шарты бойынша, онда белгiленген мерзiмге бас- қа
субъектiлерден алынған негiзгi құралдар.
Қысқа мерзiмдi жалға алынған негiзгi құралдарды жалгер баланстан тыс 00
1-шотта ескередi.
Ұзақ мерзiмдi жалға алынған негiзгi құралдар жалдау мерзiмi аяқталған
бойда немесе ол аяқталғанға дейiн жалгер шартта келiсiлген өтемiн тө-леу
бағасын түгелдей енгiзген болса, негiзгi құралдар жалгердiң меншiгi- не
өтедi, Олар тиiсiнше 2400—2410- шоттардағы “Ұзақ мерзiмдi жалға алынған
негiзгi құралдар” субшотында ескерiледi.
Пайдалану сипатына қарай негiзгi құралдар былайша бөлінедi:
— қолданыстағы — бұл пайдалану сатысындағы негiзгi құралдар қолда -нылмаған
(тоқтатылған) — консервацияга немесе басқа да себептерге байланысты уақытша
қолданылмай тұрған негiзгi құралдар;
— қорда тұрған — қолданылып жүрген негiзгi құралдардың жөнделуi, жойылуы,
апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшiн қор құрайтын негiзгi
құралдар.
Заттың құрамы бойынша негiзгi құралдар былайша бөлiнедi:
— инвентарлық — бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға
болатын объектiлер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдық- тар);
— инвентарлық емес — бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимарат- тан
басқа) арналған күрделi салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер
учаскелерiн жоспарлау, егiстiк алаңдарын өңдеу).
Экономика саласы мен қызмет түрлерi бойынша негiзгi құралдар осы
қорлардың қатысуымен өндiрiлген өнiм немесе көрсетiлген қызмет жат-
қызылған экономика саласы мен қызмет түрiне жатады.
Өнеркәсiп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік
өнiмдердi өндiру процесiмен тiкелей байланысты негiзгi қорлар жатады.
Мақсаттық бағыты мен орындайтын функцияларына байланысты негiз- гi
қорлар бiрнеше түрлерге бөлiнедi. Негiзгi қорлар тобының құрамына кi-
ретiндер:
Субъект меншiк құқында сатып алған жердiң саны мен құны. Жерге меншiк
құқы жерге меншiк құқын беретiн актiмен расталуы тиiс. Оларға арнап акт
берiлген әрбiр жер учаскесi инвентарлық объект болып табы- лады.
Үйлер — бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуiне, тұрғын үйiне,
әлеуметтiк-мәдени қамтамасыз етiлуiне және материалдық құндылықтар- дың
сақталуына жағдай жасаудан тұратын сәулет-құрылыс объектiлерi.
Ғимараттар — еңбек заттарының өзгеруiне байланысты жоқ қандай бiр
функцияларды атқару жолымен өндiрiс процесiн жүзеге асыруға арнал- ған
инженерлiк-құрылыс объектiлерi (плотина (бөгет) көпiр, автомобиль жолы,
шахта стволы, мұнай бұрғысы). Инвентарлық объект дегенiмiз — барлық
икемдiлiктерiмен бiрге бiр бүтiндi құрайтын әрбiр жеке ғимарат.
Беріліс құрылғылары - электронды,жылулық және механикалық қуатты беруге
арналған құрылғылар (электр тарату желісі, трансмиссиялар, құбырлы
өткiзгiштер).
Машиналар мен жабдықтар.Әрбiр машина, егер оның құрамына кiретiн
саймандарды, керек-жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды, iргетастар -ды қоса
алғанда, басқа инвентардың болмаса, инвентарлық объект бо- лып табылады.
Негiзгi құралдардың бұл тобы 5 iшкi топтан тұрады:
1. Күш беретiн машиналар мен жабдық-машиналар, және электр қуатын өндiретiн
генераторлар, әртүрлi қуаттарды механикалыққа, яғни қозға- лыс қуатына
айналдыратын машина- қозғалтқыштар (тракторлар мен өз- дігінен жүретiн
шассилер, турбинаның бу қозғалтқыштары,іштей жану қозғалтқыштары,
электроқозғалтқыш).
2. Жұмысшы машиналар мен жабдықтар — бұл еңбек өнімдерiн жасау процесiнде
еңбек заттарына механикалық,термикалық және химиялық әсер етуге арналған
машиналар, аппараттар және жабдықтар (токарьлық темiр жонғыш станоктар,
насостар, электрлi моторлар, экскаваторлар, грейдерлер).
3. Өлшеу және реттеу аспаптары, кұрылғылар мен зертхана жабдықтары — бұл
өндiрiс процестерiн өлшеумен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар
(дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, су өлшегiштер, монометрлер).
4. Есептеу техникасы — процестi жылдамдату мен автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғылар мен аспаптар(компьютерлер мен басқа да есептеу
машиналары).
5. Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио
желiлерiнiң жабдықтары, өрт машиналары).
6 Көлiк құралдары — адамдар мен жүктердiң қозғалуына арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, теміржол,су көлiгiнiң қозғалмалы құрамы)
7. Инвентарлық объект — барлық тиесiлi керек-жарақтарымен және ке- рек
заттарымен бiрге жекеленген объект.
8. Құрал-сайман темiрдi, ағашты өңдеуге арналған, қол еңбегiнiң механи
-каланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекiтiл -ген
заттар (кесетiн, ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек құрал -дары).
9. Инвестициялық объект — басқа инвентарлық объектiнiң құрамына кiрмейтiн
заттар.
Өндiрiстiк инвентарь және керек-жарақтар — өндiрiстiк операцияларды
орындауға немесе жеңiлдетуге қызмет ететiн басқа мақсаттағы заттар (жұмыс
үстелi, верстактар, қамба, шкафтар).
Түгендеу объектiсi — қандай да бiр инвентарлық объектiнiң бөлiгi бо -лып
табылмайтын және өзiндiк мәнi бар заттар.
10.Шаруашылық инвентарь — кеңсеге және шаруашылыққа қажеттi зат -тар
(үстелдер, шкафтар, кiлемдер және т.б.).
Жұмысқа қолданылатын және өнiм беретiн малдар.
Жұмысқа қолданылатын малдар, аттар, өгiздер, түйелер.
Өнiм беретiн малдар — бұл iрi қаралар, айғырлар, асыл тұқымды бие -лер,
аталық туйелер мен ұрғашылары, бұғылар -ұрғашы маралдар — еркек, саулық
қойлар,қошқарлар.
Инвентарлық объект — әрбiр ересек жануар.
11. Көпжылдық өсiмдiктер —жасына қарамастан қолдан егiлетiн көпжыл -дық
өсiмдiктер (жемiс-жидектер, жүзiмдiктер, көпжылдық гүл өсiмдiктерi, раушан
плантациялары, тiрi қоршаулар, қорғаныш өсiмдiктер).
Жас өсiмдiктер толық дамыған өсiмдiктерден бөлек ескерiледi (ұрық-
танудың, тамырласудың басы).
12. Жерлердi (ғимаратсыз) жақсарту жөнiндегi күрделi шығындар — бұл
ауылшаруашылығында пайдалану үшiн жерлердi үстiртiн жақсарту ша-
раларына арналған, инвентарлық сипаты жоқ шығындар (жер учаске -лерiн
жоспарлау, тамырлардан тазарту, егiстiкке жер бөлу, жерлердi тастардан
тазарту).
13. Өзге де негiзгi құралдар — бұл кiтапхана қорлары, спорт жабдықтары,
мұражай құндылықтары.

Негiзгi құралдардың талдамалы есебiн ұйымдастыру.
Инвентарлық объект НҚ есебiнiң объектiсi болып табылады, яғни оған
тиесiлi бейiмдеулерi және керек-жарақтарымен бiрге аяқталған құрылғы немесе
жеке оқшауланған зат (заттар кешенi) белгiлi бiр дербес функцияларды
орындауға арналған. Инвентарлық объектiге инвентарлық нөмiр тағайындалады.
Объектiнiң нөмiрленуiн әдетте реттiк-сериялық жүйе бойынша құрады.
Мысалы, үйлер үшiн 0001-ден 0299-ға дейiнгi ғимараттағы 0300-ден 0399-
ге дейiнгі, берiлiс құрылғылары үшін 0400-ден 0499- ге дейiнгi нөмiр- лер
бөлiнген.
Инвентарлық нөмiрлер НҚ №1 нысанында және НҚ қолда бары мен
қозғалысын есепке алу жөнiндегi барлық тiркелiмдер мен құжаттарда
келтiрiледi. Оларды тиiстi объектiлерде темiр жетондарды бекiту, бояу жағу
немесе басқадай әдiстермен белгiлейдi. Инвентарлық нөмiр объек- тiнiң
пайдалануда болған барлық кезеңiне сақтайды, ал ол шығарылатын болса,
жаңадан келiп түскендерiне ұзақ уақыт бойы (5 жылға дейiн) қай-тадан нөмiр
жоймайды. Бухгалтерлiк есепте НҚ әрбiр объектi бойынша бүтiн теңгеге дейiн
дөңгелектелген сомамен ескерiледi.
НҚ талдамалы есебi екi нұсқамен ұйымдастырылуы мүмкiн:
1. Негiзгi құралдарының саны көп және есептi қол әдiсiмен жүргiзетiн
ұйымдарда объектiлiк, яғни НҚ талдамалы есебi инвентарлық карточ -каларда
жүргiзiледi. Олар шаруашылық инвентарлық бiртектес заттарын, құрал-
саймандарын және өндiрiстiк немесе шаруашылық мақсаты бiр және техникалық
сипаттамасы, құны бiрдей және бiр өндiрiстiк бөлiм -шеде тұрған басқа
заттарды қоспағанда, әрбiр инвентарлық объектiге ашылады.
Бұл заттарды бiр инвентарлық карточкада ескеруге рұқсат етiледi.
Негiзгi құралдардың барлық түрлерiне ИНВЕНТАРЛЫҚ КАРТОЧКА НҚ №6 нысаны
деген бiрегей типтiк нысан белгiленген. Оны келiп түскен НҚ жасалған
актiнiң, техникалық паспорттардың және басқа құжаттардың негiзiнде жасайды.
Объектiлер мен олардың жекелеген құрамдас эле -менттерiнiң сипаттамасы
қысқаша болып, объектiнiң жекелеген ерекше -лiктерiн дәл көрсетуге және
техникалық құжаттаманың деректерiн то -лықтай қайталамауға тиiс. Топтың
есепке алу жағдайында карточка НҚ жекелеген объектiлерiн позициялық жазу
жолымен толтырылады.НҚ №3 нысандағы НҚ объектiлерiн есептен шығарған
кездегi НҚ №1 нысандағы акт НҚ объектiсiн басқа субъектiге берген кезде НҚ
шығарылғандығы, сондай-ақ НҚ объектiлерiнiң субъект iшiндегi қозғалысы
туралы белгiлер қоюға негiз болып табылады. Негiзгi құралдарды салуды
аяқтау, толығы -мен жабдықтау,қайта құру, жаңғырту, жөндеу жөнiндегi
аяқталған жұмыс -тар туралы жазбаны карточкаға НҚ №2 нысанындағы
“Жөнделген, қайта құрылған, жаңғыр- тылған объектiлердi қабылдау-өткiзу
актiсi” негiзiнде енгiзедi. Толтырылған инвентарлық карточкалар
бухгалтерияда НҚ № 10 нысанындагы “Негiзгi құралдарды есепке алу жөнiндегi
инвентарлық карточкалардың тiзiмдемесiнде” тiркеледi. Олар негiзгi
құралдардың әрбiр жiктелiм тобы бойынша бiр данада жүргiзiледi. Тiркеу
кезiнде кар -точканы нөмiрлейдi, содан кейiн арнайы карточкаға
орналастырады. Онда ол жiктелiм тобы бойынша сақталады. Ал бұл топтардың
iшiнде — пайдаланылатын орындары мен материалды жауапты адамдар бойынша
және негiзгi құралдардың түрлерi бойынша сақталады. Карточкада мынадай
бөлiмдер болады:
• пайдаланудағы негiзгi құралдар (жіктелім топтар бойынша);
• ағымдағы айда түскендер;
• ағымдағы айда шығарылғандар
• iшкi қозғалыс;
• жөндеуде;
• қорда (запаста);
• сақталуда (консервацияда);
• жалға берiлген негiзгi құралдар;
• ұзақ мерзiмдi жалға берiлген негiзгi құралдар;
• жалға алынған негiзгi құралдар;
• архив (мұрағат).
Ай iшiнде 4-бөлiмнiң карточкалары 12-бөлiмнiң (негiзгi құралдар) шотында
ескерiлген айналымдармен салыстырғаннан кейiн картотека -ның тиiстi
бөлiмдерiне орналастырылады.

Негiзгi құралдарды есепке алудың 1-нұсқасы
Объект жөндеуден және жалгерден қайтарылғаннан, тоқтатылып тұруы
аяқталғаннан кейiн бұл объектiлердiң карточкалары картотеканың тиiстi
бөлiмдерiне салынады. Шығарылған негiзгi құралдардың карточкаларын "архив”
бөлiмiне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргiзiлуi негiзгi құралдардың
жағдайы мен қозғалысына тиiстi есеп жүргiзiп, бақылауға алуға мүмкiндiк
бередi. Салық салу мақсаттары үшiн субъектiлер инвен -тарлық карточкалардың
екіншi даналарын пайдалана отырып,негізгi құралдарды есепке алудың екiншi
картотекасын жүргiзуге (ұйымдастыру- ға) тиiстi.Амортизациялануға жататын
негiзгi құралдар алдын-ала белгi -ленген амортизация нормаларымен топтарға
бөлiнедi, негiзгi құралдар -дың әрбiр жiктелiм тобы бойынша ай iшiндегi
еркiн айналымдар мен қалдықтарды ақпаратты қолмен өңдеу кезiнде НҚ №12
нысанындағы негiзгi құралдардың козғалысын есепке алудың карточкасында
ескерi -ледi. Оған құжаттардың негiзiнде инвентарлық карточкаларда
көрсетiлген
айналымдар мен қалдықтар жазылады. Оны 12-бөлiмшенiң шоттары бойынша бас
кiтаппен салыстырады. Карточкаларда негiзгi құралдардың жыл (тоқсан,ай)
басындағы қалдығы, келiп түсуi, шығарылуы (соның iшiнде жабылуы), жыл
(тоқсан, ай) соңындағы қалдығы көрсетiледi. Осы деректердiң негiзiнде
негiзгi құралдардың қолда бары және қозғалысы туралы есептеме жасалады.
Субъектiлердiң цехтары (бөлiмдерi) шеңбе -рiнде материалдық жауапты
адамдарға табысталған барлық негiзгi құ- ралдар НҚ №13 нысандағы негiзгi
құралдардың инвентарлық тiзiмдерiне енгiзiледi. Тiзiмдер материалдық
жауапты адамда болады және олар оны жедел мақсаттар үшiн
пайдаланады.Тiзiмдер мен инвентарлық карточка -лардағы негiзгi құралдардың
құны деректерге сәйкес келуi тиiс.
Тұрған (пайдаланылатын) жерi бойынша негiзгi құралдардың есебi
бухгалтерия жазып беретiн инвентарлық карточкалардың екiншi данала -рында
жүргiзiледi.
Бухгалтерия карточкаларының деректерi мен пайдалану жерiндегi де -ректер
бiрдей болуы тиiс.
Талдамалы есеп негiзгi құралдардың ел аумағындағы және шетелдегi қолда
бары мен қозғалысы туралы деректер алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

Негiзгi құралдарды есепке алудың 2-нұсқасы
Шағын ұйымдарда талдамалы есептiң тiркелiмi ретiнде “Негiзгi құрал
-дарды есепке алудың инвентарлық кiтабы” атты НҚ №11 нысаны пайда -ланылуы
мүмкiн. Ол жiктелiм топтары, түрлерi мен объектiлер бойынша ашылады. Әрбiр
объектiге сипаттама, аталым, инвентарлық нөмiр, шық -қан және пайдалануға
берiлген күнi, амортизация нормасы берiледi. Есептi кезеңдер бойын- ша
негiзгi құралдардың қолда бары (2411-2417-шоттар бойынша сальдо) мен
қозғалысы туралы ақпараттар алу үшiн жiктелiм топтар шеңберiнде НҚ №12
карточкалары қолданылады. Бұл карточкалар 2411—2417-шоттар бойынша
айналымды бас кiтаппен са -лыстыру ‚үшiн пайдаланылады.Негiзгi құралдардың
есебi компьютерлер мен ЭЕМ-дi колдану арқылы механикаланды -рылатын болса,
негiзгi құралдардың қозғалысын есепке алу карточкасын жүргiзудiң қажетi
жоқ. Мұндай жағдайда негiзгi құралдардың қозғалысы туралы есептеме жасау
үшiн ақпараттың машиналық тасығыштары пайдаланылады.

Негiзгi құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу
Негiзгi құралдар өндiрiс процесiне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып,
бiртiндеп тозады,яғни физикалық күштердiң,техникалық және экономи -калық
факторлардың әсерiнен өз қасиеттерiн жоғалтады және жарамсыз күй кешедi.
Тозу — бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесi.
Негiзгi құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жаб
-дықтың бөлшектерi мен тетiктерiнiң,үйлер мен ғимараттардың құрылым- дық
элементтерiнiң механикалық тозуына байланысты (физикалық тозу -дың
пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темiрдiн тот басуына,ескiруiне, шiруiне
әкеп соқтыратын (физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи-климаттық
жағдайлардың әсерiнен басталады. Нәтижесiнде негiзгi құ -
ралдар құнының бөлiгi жоғалады.
Негiзгi құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен,өндiрiс
әдiстерiнiң жетiлуi және жаңаруымен байланысты. Техника мен техно -логияны
жетiлдiру қолданыстағы негiзгi құралдарға қатысты өндiрiстi арзандатуға
мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негiзгi құралдар өз
құнының бөлiгiн жоғалта отырып, құнсыздана бас -тайды.Өндiрiске неғұрлым
жетiлген және үнемдi машина, жабдық‚үй мен ғимарат түрлерiн, жануарлардың
тұқымдарының,көп-жылдық өсiм -дiктердiң түрлерi мен сараптарының жаңа және
жақсартылған, неғұрлым өнiмдiрек түрлерiнiң жасалуы мен өндiрiлуi
қолданыстағы негiзгi құрал -дарды одан әрi қолданудың экономикалық
тиiмдiлiгiн көрсетiп бердi.
Негiзгi құралдарды моральдық жағынан тоздыратын факторлар:
1. Өндiрiстегi жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескi машиналарды жаңа,
неғұрлым өнiмдiлеуiне ауыстыру).
2. Технологиялық процестiц жетiлуi (жаңа технология кезiнде қолданыстағы
машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкiн емес).
З. Шығарылатын өнiм номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруi (бұл орайда ескi
машиналар мен жабдықтар жаңа өнiм шығаруға жарамсыз).
4. Тауар өндiруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азай -туды
субъектiден талап ететiн, кейбiр тауарларға сұраныстың азаюы.
5. Жұмыс күшiнiң, бiлiктi қызметкерлердiң еңбекпен қамтылуындағы,
өндiрiстiң географиялық орналасуындағы өзгерiстер.
Олар өндiрiс көлемiн, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын
азайтуды талап етуi мүмкiн.
б. Өнеркәсiптiң өңдеушi салаларындағы шикiзат құрамының жиынты -ғындағы
өзгерiс, өнiмнiң жекелеген түрлерiн өндiру қажеттiлiгi. Бұлар өнеркәсiптің
өндiрушi салаларындағы өндiрiс көлемiнiң қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкiн.
Моральдық жағынан тозудың нәтижесiнде физикалық тозу басталғанға дейiн
негiзгi құрал объектiлерiн жаңасына, неғұрлым үнемдiсiне
ауыстырады.Моральдық жағынан тозуды болдырмас үшiн негiзгi құрал
объектiлерiн қайта құрады және жаңғыртады.Мұражай және қылқалам
құндылықтарынан, кiтаптардан, фундаментальдi кiтапхана -лардан, фильмдер
қорынан, сәулет пен өнердiң ескерткiшi болып табы -латын үйлер мен
ғимараттардан басқа негiзгi құралдардың барлығы — моральды тозуға бейiм.
Амортизация — бұл тозудың құндық белгiсi. Бұл негiзгi құралдардың
амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегiмен өндiрiлетiн еңбек
өнiмi мен қызметке ауыстырудың, өндiрiс шығындарына қосылатын
амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негiзгi
қорлардың (негiзгi құралдардың) жай және кеңейтiлген өндiрiсiне
айналдырудың объективтiк процесi.
Амортизациялық құн дегенiмiз — бастапқы құн мен жою құнының арасындағы
айырмашылық. Ол негiзгi құралдар келiп түскенде қосал- қы бөлшектердiң,
сынықтардың қызмет мерзiмiнiң соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды
құны ретiнде анықталады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жаса -лады.
Амортизация нормасы — бұл амортизациялық аударымдардың жыл -дық
сомасының негiзгi құралдарының жылдық орташа құнына қатынасы.
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақтсатты қызмет мер -зiмiне
орай белгiленедi. Олар негiзгi құралдар өтелуiнiң нормативтiк мер -зiмiн
көрсетедi. Олардың деңгейi негiзгi құралдардың ұзаққа шыдам -дылығы мен
физикалық тозуына байланысты. Мұның өзi — еңбек құрал -дарының техникалық-
құрлымдық және материалдық-заттық ерекшелiкте- рiне, пайдаланудағы негiзгi
құралдардың (әсiресе машиналардың, жаб -дықтардың) нақты
жасына,қолданыстағы еңбек құралдарының мораль -дық тозуына байланысты
анықталады.
Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамының амортизациялық ауда -рымының
нормасы 1000 км жүрiстiң баланстық құнына пайызбен белгi-
ленуi мүмкiн. Жыл бойы әрбiр айдағы амортизациялық аударымдардың мөлшерiн
анықтау негiзгi құралдар құрамының өткен айда өзгеруiне бай -ланысты,
сондай-ақ негiзгi құралдардың толық амортизациясына норма -тивтiк қызмет
мерзiмiнiң аяқталуына байланысты белгiленген нормаларға түзетiлген
амортизация нормасына қарай жүргiзiледi.
Қайтадан пайдалануға берiлген негiзгi құралдар бойынша амортизация
есептеу енгiзiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен басталады.
Шығарылған негiзгi құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан
кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап тоқтатылады.Қайтадан құру мен
техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және
НҚ консервацияға жiберiлмесе, амортизацияға есептеу жүргiзiлмейдi.
Жалға алынған НҚ бойынша амортизация есептеудi жалдау шартының нысанына
және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға берушi жүргiзедi.

Амортизацияны есептеу үшін қолданылатын әдістер
№б БЕС бойынша амортизация есептеу үшiн мынадай әдiстер
қолданылуы мүмкiн:
1.Құнды бiркелкi (тiкелей) есептен шығару әдiсi
Объектiнiң амортизациялық құны ай сайын бiрдей сомамен есептен
шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады:
Ұтымды пайдалану мерзiмi. Бұл ретте объектiнiң жай-күйi, жөндеу және
техникалық қызмет көрсету мәселелерi, климат жағдайлары,қазiргi таңдағы
техника мен өндiрiс саласындағы үрдiстер, осындай активтер -мен жұмыс
тәжiрибесi ескерiледi.
Мысалы: Станоктың құны = 20 000 теңге.Болжамды жою құны = 2 000 теңге,
пайдалану мерзiмi 10 жыл. Станоктың амортизациялық құны =
20 000 —2 000 = 18000 теңге. Амортизацияның жыл сайынғы сомасы
18 00010=1 800 теңгеге тең. Амортизацияның ай сайынғы сомасы –
1800 12 = 150 теңге.
НҚ-ұтымды пайдалану мерзiмi жою құны секiлдi НҚ күйiн жақсартуға
жұмсалған соңғы шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкiн. Мұның
өзi қызмет мерзiмiнiң ұзаруына әкелiп соғады. Техникалық өзгерiс-
тердi, өткiзу нарқындағы өзгерiстердi ескерсек, шаруашылық қызметiнiң
өзгеруi нәтижесiнде қызмет мерзiмi қысқарады,
Егер 4 жылдан кейiн шаруашылық қызметi түрiнiң өзгеруiне байланысты
станоктың ұтымды қызмет мерзiмi 7 жыл болып белгiленiп, жою құны
3 000 теңге мөлшерiнде белгiленсе, онда жыл сайынғы амортизацияның сомасы
алған 3 жылға (20 000 — (1 800 х 4) —3 000)3 000 = 3 267 теңге немесе ай
сайын 272 теңге болады.
Бұл әдiс НҚ пайдаланудан түсетiн табыс оны пайдалану мерзiмiнде бiрден
болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуi бiркелкi жүзеге асады деп
болжамдалатын кезде пайдаланылады.
2 Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне
үйлесімді есептеу)
Амортизация объектiнi пайдалану мен уақыт бөлiгiнiң нәтижесi ғана болып
табылады деген негiздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды.
Кәсiпорында өндiрiлетiн әрбiр өнiм, жұмыс, кызмет бiрлiгiнiң құны оның
көмегiмен осы өнiмдер, жұмыстар мен қызметтер өндiрiлген НҚ объектiлерiнiң
құнын өзiне бiрдей мөлшерде сiңiредi. Ай, жыл iшiндегi амортизация сомасы
объектiнiң құнын оның қатысуымен өндiрiлетiн бұйым, жұмыс және қызмет
санына бөлу жолымен анықталады. Бұл әдiстi пайдалану мерзiмiнiң көбiне
техникалық көрсеткiштерiне немесе субъектiнiң шаруашылық кызметiнiң
өзгеруiне байланысты шектелуi кезiнде пайдаланады.
Мысал: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
Негізгі құралдарды кайта бағалау
Негізгі қорлардың мәні және оларды пайдалану әдісі
Материалдық емес активтердің аудиті
Негізгі құралдарды есепке алу
Негізгі құралдардың жөндеу шығындары есебінің аудиті
Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Пәндер