Жеке тұлға және қарым – қатынас



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І. Тарау. Жеке тұлға және қарым . қатынас
1.1.Қарым . қатынас туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1.2.Қарым . қатынастың «топ», «ұжым» деген ұғымдарымен
тікелей байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5.11
1.3. Қарым . қатынас мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12 .14
ІІ. Тарау. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты
қарым . қатынастың дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы қарым .
қатынастың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.17
2.2. Мектепке дейінгі балалардың қарым . қатынасының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.21
2.3. Жеткіншектер мен ересектер арасындағы қарым .
қатынастың дамып жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.24
2.4. Л.С.Выготскийдің «Жалпылап айт» әдістемесі арқылы балалар арасындағы қарым . қатынасты дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Зерттеудің мақсаты: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу, яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінуі, мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүруі, сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажеттігі, мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайьыны, өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз екендігі, бала қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуы, еңбек-пен тұрмыс дағдыларына машықтануы, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгеруі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зертеудің міндеті: Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алумен ғана шектелмеуі, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым екендігі, спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те, осының бәрі қарым-қатынастың сан алуан қырлары екендігі, өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте балалар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хатжүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түсуі, мәселен, мұның тікелей "бетпе-бет", телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші! Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отыруы осы жұмыстың басты міндеті болып табыады.
Зерттеудің әдістері: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты
қарым – қатынастың дамуын зерттеуде психологияның әдістерін: әңгіме әдісін, анкеталық әдістерді қолдану.
Теориялық танылымы: Балалардың әртүрлі жас ерекшеліетеріне байланысты қарым-қатынастың тиімді үлгілерін табу.
Практикалық әдістері: Әртүрлі жастағы балалардың қарым-қатынасын бақылау және олардың дұрыс қарым-қатынас жасауын қамтамассыз ету.
1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология.А,«Қазақ университеті»,1992 ж
2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
11. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
12. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
13. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
14. Эльхонин «Детская психология» М.1979г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І. Тарау. Жеке тұлға және қарым – қатынас
1.1.Қарым – қатынас туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1.2.Қарым – қатынастың топ, ұжым деген ұғымдарымен
тікелей
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5-11
1.3. Қарым – қатынас
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
-14
ІІ. Тарау. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты
қарым – қатынастың дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы қарым –
қатынастың
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..15-17
2.2. Мектепке дейінгі балалардың қарым – қатынасының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .18 -21
2.3. Жеткіншектер мен ересектер арасындағы қарым –
қатынастың дамып
жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.22-24
2.4. Л.С.Выготскийдің Жалпылап айт әдістемесі арқылы балалар арасындағы
қарым – қатынасты
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..27

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым –
қатынастың дамуын зерттеу, яғни кез-келген адам дүниеге келісімен
екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінуі, мәселен,
нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның
қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген
сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүруі, сөйтіп, басқалармен
қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана,
ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-
қатынас жасай білу де сондай қажеттігі, мәселен, адамды қамап, басқалармен
араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге
болмайьыны, өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды
ақпарат (хабар) алмасу деген сөз екендігі, бала қарым-қатынас арқылы
айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуы, еңбек-пен тұрмыс дағдыларына
машықтануы, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгеруі осы
жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зертеудің міндеті: Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алумен ғана
шектелмеуі, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым екендігі, спектакль
көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен
сөйлессек те, осының бәрі қарым-қатынастың сан алуан қырлары екендігі,
өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте балалар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз
не жанама (хатжүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-
қатынасқа түсуі, мәселен, мұның тікелей "бетпе-бет", телефон арқылы сияқты
түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар
десеңізші! Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері
жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отыруы осы
жұмыстың басты міндеті болып табыады.
Зерттеудің әдістері: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты
қарым – қатынастың дамуын зерттеуде психологияның әдістерін: әңгіме
әдісін, анкеталық әдістерді қолдану.
Теориялық танылымы: Балалардың әртүрлі жас ерекшеліетеріне байланысты
қарым-қатынастың тиімді үлгілерін табу.
Практикалық әдістері: Әртүрлі жастағы балалардың қарым-қатынасын
бақылау және олардың дұрыс қарым-қатынас жасауын қамтамассыз ету.

І. Тарау. Жеке тұлға және қарым – қатынас .
1.1.Қарым – қатынас туралы жалпы ұғым.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады,
қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының
дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін
емес.
Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-
қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу"
қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып
өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп
соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу — қай
жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, үйқы, демалу
қандай қажет болса, айналадағы жүртпен араласып, дұрыс қарым-катынас
жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай
ұстау — жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен
қарым-қатынас жасау — бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу
деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет
алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған
түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана
шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те,
лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те
— осының бәрі — қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан
тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама
(хатжүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа
түседі. Мәселен, мұның тікелей "бетпе-бет", телефон арқылы сияқты
түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар
десеңізші! Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері
жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады

1.2.Қарым – қатынастың топ, ұжым деген ұғымдарымен тікелей байланысы.
Қарым-қатынас "топ", "ұжым" деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан
ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік. Мұндайда адам
ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан.
Мәселен, мұның бірі - нақты (реалды) топтар. Бұл - ортақ мақсат көздеп, бір
кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-
әрекетке тұсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми,
формалы, формасыз, уйымдасқан, уйымдаспаган, жасанды, табиғи, референттік
болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей
қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі
"шағын топ" деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесінің күш-жігері бір
мақсатқа (оқу, еңбек, т.б.) бағытталады. Мұндағылар бірін-бірі жақсы
біледі, топ алдында тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық
қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адамнан құралып, әрісі
30-40 адамнан аспауы тиіс,
Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш кораблінің экипажы, поляр
станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ
деп аталады. Мәселен, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүрлі іс-
шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол коман-дасының, не пән үйірмесінің
мүшесі, не жетекшісі, т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын
топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойыл-майды. Әркім топтағы кез-
келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне карай қатынасқа түседі, оның
бір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді,
байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми),
формасыз (бейресми) болып бөлініске түседі.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр
түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге
бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті
сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс
эмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты
құбылыстар да болуы мұмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз
әсер етеді, оның табысты болуына залалын тигізеді.
Формасыз (бейресми) топ - бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты
психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми
құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық
аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу —
осындай топтың мысалдары. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр
басу ерекше байқалады. Егер мұндай қасиеттер топтан орын алмаса, онда ол
біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.
Әртүрлі деңгейдегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл —
әр адамның жекелеген топтар-дың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан
енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекеше тәнті болып, соны ғана қастерлеп,
қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам
ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдан қана қоймай, оны
қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі - ұжым (коллектив) деп
аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің
бір-бірімен ұштасып, "бір жеңнен қол","бір жағадан бас" шығаратындай
халге жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда "ырың-жырыңның"
орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу — ұжымның басты белгісі. Кез
келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе
осындай топта келеңсіз жағдайлардың орын тебуінен туындайды. Әр адам топта
қандай болмасын белгілі бір рөль атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты
болмайды. Мәселен, сен бір кез сынып старостасы болдың дейік, біраз
уақыттан кейін сен енді санитар міндетін атқаруың мүмкін. Осы ұжымның
қатардағы мүшесі болатының тағы өз алдына. Кісінің атқаратын ісі неғұрлым
көп болса, соғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның ұжымға
ықпалы тиімдірек болады.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де
тәуелді. Орамды ақыл, терең сезім, күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат,
қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай
болса, дағды икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез
сіңіп, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе
оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы
төмендеп, бара-бара беделінен айрылатын болады.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, мектеп сыныптарындағы (35-40) адамның
ішінен тек үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен.
Мұның себебіне келсек: біріншіден, олардың топ мүшелерімен қатынас жасай
білу қасиетінің жоғарылығында, яғни басқаның "жүрегіне жол таба" біліп,
қашанда көпшілікке жақын, белгілі болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау,
жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, кадір-қасиетімен, ашық
мінезімен табады. Сөйтіп, адамның топ ішінде белгілі болуы оның басқалардың
жағдайын түсіне білуі негізінде қалыптасады екен. Екіншіден, ондай адам
білімділігі, іскерлігі, өз білгенін басқалардан аямай, олармен риясыз
бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден,
кісінің сырт бейнесі мен келбет-кескінін, яғни дене күші факторын да
ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие,
жұдырық жұмсай білетін құрбыларын құрметтейді.
Топ мүшелерінің көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр
адамның өзгелерден гері жиі байланысқа түсетін, яғни мүддесі бір,
әңгімелері жарасқан ортақ істі қүлшына орындайтын жолдастық, достық
қатынастағы адамдар да болады.
Еңді бір жағдайда топтағы адамдардың ішінде ешкіммен жеке қатынасқа
түспей, яғни өзіне ылайықты серік таба алмайтындары да кездеседі. Жұрт
ондайларды жек көрін, маңайларына жуытқысы келмейді. Оқушы топтарында
жекелеген балалардың өзгелермен араласпай, оқшау жүруі, топ мүшелерінің
кейбіреулерді жандарына жолатпай жүретіндігінің себептері де сан алуан.
Мұндай оқушы сабақты нашар оқиды, тіпті жақсы оқуға талаптанбайды. Оның осы
немқұрайдылығы ұжымнан оқшаулануына себеп болады. Бұлар үсті-басына салақ
қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға немқұрайлылығы олардың
жекелеген "тума" қасиеттерімен (тұйықтық, ұялшақтық, енжарлық, т.б.)
тоқайласып жатады.
Енді бір оқушылар өте кінәмшіл, сәл нәрсеге өкпелей қалатын, көбінде
өзгелерге кінә таға сөйлейтін болып келеді. Бұларға ұжымдағы әртүрлі оң
істер, олардың ұйымдастырушылары ұнай қоймайды. Өздері жұртты сынағыш,
мінегіш келеді.
Топ ішінде қатар-құрбыларының, ұстаздарының талап тілегіне, ақыл-кеңесіне
қарсылық көрсететін тілазар, қыңыр балалар да кездеседі. Олардың тағы бір
белгісі сотқарлық, дөрекілік, көргенсіздігі. Топта, сондай-ақ, еңбек
сүймейтін, жалқау, өтірік айтуды әдетке айналдырған оқушылар да кездеседі.
Олар сыныптан өзінше орын алуға тырысып, осы жолда дөрекілікке, жалған
беделдікке құмартады, мектептен тыс уақыттарда өздері секілді балалармен
байланысқа түсіп, "көше" топтарында қабылданған мінез-құлықтың қоғамға жат
нормаларын мектепке әкелуге тырысады.
Топ басшысыз, яғни жетекшісіз болмайды. Кез келген топтың өздері сайлап
алған, не жоғарыдан тағайындалған басшысы болады. Топ әрекетінің нәтижелі
болуы жетекшіге де байланысты. Тәжірибелі ұстаз, өнегелі тәрбиеші
сыныптағыларды ұршықтай үйіріп, оларды пайдалы істі нәтижелі орындауға
бағдарлап отырады.
Топтағы адамдары танып-білу, басқару мәселесі, "психологиялық үйлесім"
ұғымымен де тығыз байланысты. Бұл ұжымдағы ортақ істің табысты болуына
ондағылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік
беретін психологиялық жағдай. Топтағылардың бір-бірімен үйлесімділігі
жарасса, яғни бірінің қылығы екіншісіне ұнайтын болса, олар бір-бірінің
мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса — онда
психологиялық үйлесімнің болғаны. Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреудің
харекетін екіншісі ұнатпаған жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де
қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді. Топ мүшелері арасындағы
көзқараспен сенім бірлігі, мүдделермен мінез бітістерінің қарама-қайшылығы
да үйлесімсіздікке себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, тұйық, не
беймаза, тәкаппар, не өркөкірек болса, топтағы адамдармен дұрыс сыйыса
алмайды. Халқымыз "қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ" деп осындайларды
айтқан. Әсіресе, топ жетекшісі не оның жекелеген мінез бітістері қолайсыз
болып келсе, ондайда жағдай тіптен
қиын.
Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтік-
психологиялық ахуал" деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ,
ұжым мүшелерінің өз ара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауап-
кершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе
алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдің орнауы, т.б.
Топтың көтеріңкі көңіл-күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы
әсер етеді. Білек сыбанған құлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара
сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да
жеңіл атқарылады. Мұндайда еңсені басар ауыртпалық сезілмейді, сары уайым,
жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін
ұжымда ұрыс-керіс болмайды, творчестволық іске, білімді терең меңгеру мен
саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.

1.3. Қарым – қатынас мәдениеті.
Мәселен, сенің көңіл-күйің бүгін нашарлап түр делік, оның да белгілі
себебі болатыны түсінікті. Сөйтсе де, басқалар сенімен өңгімелескісі, бір
нәрсені сұрап білгісі келеді екен. Сен ондайда өзіңді қалай ұстауың керек.
Әрине, қолайсыздықты сезінетінің анық. Сені әңгімегетартып, үсті-үстіне
сауал қойып отырғандар көбінде көңіл-күйіңді түсіне қоймайды. Өйткені
оларда эмпатиялық қасиет (бұл арада адамның көңіл-күйін түсіне білу, оның
сүйініш-күйінішіне ортақтаса білу -Авторлар.) жөнді қалыптаспаған.
Сондықтан да эмпатиялық қасиетті өздеріңде үнемі дамытып отыруларың кажет.
Сендерге келесі бір сауал. Мәселен, сенің басқа оқушылардың сөзін ақырына
дейін тыңдай алуға төзімің жете ме, әлде сен оның сөзін оқтын-оқтын бөліп,
өзің сөйлегің келіп тұра ма? Немесе жолдасыңның әңгімесі сені қызықтырмаса,
оны әрмен қарай тыңдай беруге тәзімің жете ме? Ия болмаса, өзің бастаған
әңгіменің басқаларды қызықтырмайтынын байқай аласың ба, мүны сезген
жағдайда әңгіме тақырыбын басқа арнаға бұра аласың ба? Немесе, егер өзіңмен
әңгімелесушінің қылығы, айтқан пікірі сенің ой-пікіріңмен, көңіл-күйіңмен
сәйкес келмесе, мұндайда өзіңдегі реніш сезімін жеңе алар ма едің? Сен
әркез айналаңдағылардың көңіл-күйін түсінуге тырыс, мұны өзің
қаншалықты жүзеге асыратыныңды тексер. Сенің ұжымда онша ұната
қоймайтын оқушылардың да болуы мүмкін. Саған олармен де бір нәрсе жайлы
сөйлесуің қажет болып қалды делік. Мұндайда өлгі балалармен дұрыс қарым-
қатынаста болуға тырыс. Әңгімелескен сайын оларды еліктіріп, қызықтыра
алсаң, тіпті жақсы. Бұл жерде байсалдылық, әдептілік сияқты қасиеттер саған
ауадай қажет.
Біздің қай-қайсымыз болсын, тіршілікте кейбір адамдардың үйірсек
келетінін байқап жүрміз. Бұл басқалармен тез тіл табысып кететін жандар. Ал
өзара пікірлесіп, адамды өзіне тартпақ түгіл оның қитығына тиетіндер де
кездеседі. Мәселен, табиғатынан тұйық адамдар әңгімені өзіне аударғысы
келмейді, артық сөзге бармайды, тек әңгімелесушінің сезін жай, ықылассыз
тыңдап отырады.
Сендер ара-тұра "Мен басқалармен қарым-қатынаста қандаймын?" - деген
тақырыпта шығарма жазып жөне осы мәселе теңірегінде әңгіме-дүкен құруды,
бір-біріңе мінездеме беріп, оны ұжым талқысына салып, өздеріңдегі
үйірсектік қасиеттерді дамыту үшін арнайы жаттығулар(сыныптағылармен үнемі
амандасып жүру, өзіңе жұрттың назарын аудара білу, тосыннан қойылған
сұраққа тез жауап қайтару, екеу ара, не жеке-дара сез саптаудың әдіс
тәсілдерін меңгеру, езгелермен бірге әртүрлі қоғамдық жұмыс атқару, т.б.)
жасауды әдетке айналдырсаңдар, осы іспеттес әрекетті ұйымдастыруға көңіл
бөлсеңдер құба-құп.
Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынаста өздеріңді қолайсыз сезініп, тумыстан
ұялшақ, тұйық болсаңдар жолдастарыңмен көбірек кеңес құрып, құрбы-
құрдастарыңмен жиі араласып, мұндай әрекетке бөгет болатын кедергілерді
жеңуге тырысуларың қажет.
Осы арада, тағы да айтарымыз, ұжымдағы пікір талас кездерінде оқыған
кітаптарың мен көрген кинофильмдерің, спектакльдерің туралы жиі-жиі пікір
алысып, басқа балалармен қарым-қатынас жасаудың кез-келген мүмкіндігін
пайдаланған-дарың жақсы. Мәселен, ез ықыласыңмен сыныбыңдағы бес оқушымен
бір мәселе төңірегінде әңгімелескен кезде өзіңе нақты міндет қой, бүлардың
беделді біреуіне сауал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны жайлы
Психологиядағы қарым - қатынас
Тұлға аралық коммуникациядағы өзара түсінісу механизмдері
Жеке тұлға психологиясы
Тұлғааралық қарым - қатынас педагогикасы
Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны
Жеке тұлға еркіндік пен жауапкершілік
Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы
Тұлға әлеуметтенуіндегі қарым-қатынас рөлі
Қарым қатынас дамуының негізгі онтогенетикалық кезеңдері
Пәндер