Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Табиғи қорқыныш және оның қазіргі кездегі психологиялық
көзқарастары

1. 2 Қорқыныштың түрлері

1. 3 Балалар бойында кездесетін қорқыныш түрлерінің пайда
болуы
2. БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ. ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
2. 1 Қорқыныш сезімі туған балалармен жүргізілетін психологиялық түзету. дамыту жұмыстарын өңдеу

2. 2 Педагогтармен және балалардың ата. аналарымен
жүргізілетін жұмыстар бағыты

2. 3 Қорқыныш сезімі туындаған балалармен түзету, дамыту сабақтары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы қорқыныш сезімі, сенімсіздік сезімі бой көрсетіп келеді. Осы бала бойындағы қорқыныш әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Қорқыныш сезімінің қай түрі болса да, бұл өзіне сенімсіздік көрсету дегенді байқатады. Қорқыныш сезімінің қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді. Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З. Фрейд, А. Фрейд, Э. Фромм, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни және т. б. анықтауы бойынша қорқыныш - инстинкті әрекет, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі.

Қорқыныш сезімінің тиесілі бағыт: бұл жерде қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л. Берковитц, С. Розенцвейгтер агрессияны - фрустрация әсері деп қарастырған.
Гуманистік бағыт: (К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз) түсіндіруі бойынша қорқыныш - бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Қорқынышты түсіндіру - бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі.

Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Мектеп жасына дейектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімі проблемасы көпжоспарлы зерттеуде, осы бағытта психология саласында жұмыс жасаған көптеген отандық авторлар тізімі (Г. А. Андеева, В. В. Знаков, Л. П. Колчина, О. Ю. Михайлова, А. А. Реан, Т. Г. Румянцева, Я. Л. Коломинский т. б. ) кездесті.

Біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде қорқыныш сезімінің анықтамалары мен сипаты, қорқыныш сезімінің пайда болу себептері мен шығу көздері талданады. Осының негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойында кездесетін айқын дәлелдемелер арқылы түрлері көрсетілген.

Осындай жағымсыз сезімнің туындауының алдын-алу мақсатында балалардың өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей балалармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстары мынадай төрт бағытпен жүргізілген жағдайда едәуір қорқыныш күйді жеңілдететіндігін дәлелдейді.

Қорқыныш сезімімен баланың қорқу кезінде олармен мүмкіншілігінше ыңғайлы карым-қатынас құра отырып, эмоцианалды күйін жағымды жаққа қарай өзгертуге тырысу қажет. Әртүрлі жағдайларда баланың өзін-өзі ұстай білуге психологиялық тренингтер арқылы үйрету керек.

Балалармен психологиялық жағдай құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі үлгі болатындай болу қажет.

Адамның өзіндік қорқыныш күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы адам көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.

Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Эмоциялық күйлер сипатын көрсететін мәселе бойынша ізденген авторлардың тұжырымдамасында мектеп жасына дейінгі бала қорқынышы және оның түзету-дамыту жолдарына аз көңіл бөлінген, аяқталмаған тұстары көп.

Қорқыныш қалып мәселесінің қазіргі уақытта бала бойындағы, мектеп жасына дейінгі шақтан бастап ауқымды бой көтеруі. Ата-аналар осы проблема бойынша өзін, баласын қорқыныш сезімінен арылтып, жеңілдету мақсатында психологтан көмек сұрап келуінің жиілеуі.

Біздін зерттеу жұмысымыз, аталған мәселені шешуге арналады.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, қорқыныштың кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.

Зертеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:

1. Қорқыныштың табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың әрекетін теориялық зерттеу.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін қорқыныш сеімінің түрлерін ашып көрсету.

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімін эксперименталды зерттеу.

Зерттеу объектісі: үш -алты жас аралығындағы балалар.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялык негізі: біздің зерттеу жұмысымызға өзек болған инстинкті, әрі ол жеке адамның психологиялық қорғанысының бір түрі ретінде қарастырған; қорқыныш қимылды эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырған Дж. Доллард, Л. Берковитц, С. Розенцвейг ілімдері; К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз түсіндірулеріндегі шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс реакция туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын көрсететін С. Н. Ениколопов, Л. Берковиц, Д. Зильман, отандық еңбектер Ж, Аймауытов, Ә. Алдамұратовтың үйрету нәтижесінде қалыптасқан сезім көрінісі ретінде қарастырған тұжырымы.

Зерттеу жұмысының теориялық мәні: Зерттеу жұмысы бойынша қарастырылған бірқатар материалдар, қорқыныш күйді сипаттауға бағыттылған теориялық материалдар психология ғылымындағы адамның психологиялық күйін сипаттайтын теориялық ілімді толықтырады. Қорқыныш күйдің өзгешеліктерін салыстырмалы тұрғыда ашып көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда көрінетін қорқыныш әрекеттердің түрлерін айқындауға көмектеседі. Зерттеу жұмысымыздағы қорқыныш туралы ілімдер ересек адамдардағы кейбір санадан тыс болатын, оның жемісті әрекетіне кедергі жасайтын психологиялық сипатынының астарын түсіндіреді.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Қазіргі қоғамамызда кез-келген сенімділікпен жауап беру мақсатында, оның едәуір ерте көріну себептерін түсіндіруде, қорқыныш әрекетті болдырмау тұрғысында бұл зерттеудің маңызы зор болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардағы эмоциялық тұрақсыздықты реттеу мақсатында жүргізілген жұмыстар, олардың қорқынышын жеңу және жеңілдетуге бағытталған бағдарлама, сол бағдарлама бойынша жасалынған практикалық сабақтардағы психокоррекциялық жұмыстарды бала бақшада, сондай-ақ мектепте бастауыш сыныптағы балаларға да қолдануға тиімді және ол өз жемісін береді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқынышын жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстар нәтижесі бойынша жасалған нұсқаулар мен кеңестер бала бақша тәрбиешісіне, мектеп мұғалімдеріне, мектеп психологы мен ата-аналарға таптырмайтын қазына болып табылады.
Зерттеу әдістері: теориялық зерттеу әдістері, әдебиеттерді талдау әдісі.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттен және қосымшалардан тұрады. Диплом жұмысында кесте, график түрінде келтірілген.

1 ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Табиғи қорқыныш және оның қазіргі кездегі

Бүгінгі таңда, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында балаларға көптеген жағымсыз факторлар қарқынды әсер етуде. Осы факторлар адамның қабілеттерінің дамуын тежетпей ғана қоймай, сонымен бірге, даму процесін кері қайтару мүмкін. Соныдықтан да балалардың қорқыныш мәселесі ерекше орын алуда.

Балалық шақтағы қорқыныштар жастық және невротикалық болу мүмкін.

Жастық қорқыныш әдетте, барлық балаларға тән болып келеді. Әсіресе, ол эмоционалды сезімтал балаларда психикалық және тұлғалық ерекшелік ретінде жиі көрінеді.

Олардың пайда болу себептеріне келесілерді жатқызуға болады [1] :

-Туған адамдарында қорқыныштың болуы. Қорқыныштардың көбі ата- аналарынан саналы емес түрде беріледі, сонымен қатар, сендірілетін қорқыныш категориялары да бар (мәселен, Жалмауыз кемпір, өрмекші және т. б. ) . Бұл категорияға белгілі бір тәртіпке қол жеткізу мақсатында, ата-аналардың өз балаларын қорқытатын кейіпкерлер жатады;

-Балаға қатынас таныту барысында туындайтын үрейлік;

-Қауіптен қорғау барысындағы әсершілдік;

-Тыймдардың тым көп болуы;

-Отбасындағы ересек адамдардың жүзеге асырылмайтынттым көп қорқытулар;

-Шошу, шок тәрізді психологиялық жарақат;

-Отбасылық рольдерді ауыстыру нәтижесінен туындаған, анасының жүйке-психикалық тозуы;

-Отбасындағы қақтығыстық жағдайлар;

Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында балалар қорқыныштарының көптеген түрлері бар екені анықталды. Қорқынышты психосоматикалық симтомдары арқылы анықтауға болады және де, егер бала өз қорқыныштарын балалық шақта жеңе білсе, онды бұл оның келешектегі үйлесімді дамуына әкеледі.

Ст. Холл кез-келген пән, қандай да бір құбылыс қорқыныш обьектісі ретінде бола алатының сенімді түрде көрсетеді. Бұл әсіресе, қаранғыдан, қатты дауыстардан, таныс емес адамдардан, жануарлардан, судан, оттан және т. б. қорқатын балаларда ерекше көрінеді. Өз тәжірбиесіне негізделген қорқыныштармен бірге, қоршаған орта сендірген қорқыныштар қосылады (баланы тыныштандыру үшін ата-аналар бала қорқынышын одан сайын үдетеді) . Балаларға айтылатын ертегілер де жаңа қорқыныштарды тудырады. Осыған орай инстинктивті сақтық, жеке тәжірбие, әлеуметтік қоғамның әсері қорқыныштың көзі болып табылады [2] .

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде қорқыныш дамуының әлеуметтік-мәдени және психологиялық алғы шарттары қарастырылады [3] . Адам психикасының дамуына қарай және оның өміріндегі формасы күрделенуіне байланысты қорқыныш әлеуметтік жанамалық сипатқа ие бола бастайды. Сонымен бірге, сезім мен уайымның рухани-этикалық кеменденуін көрсетті. Адамның өзінің ерте әлуметтік дамуы сияқты, бала өмірінің алғашқы кезеңдерінен бастап барлық жаңа және белгісіз заттар мен құбылыстардан қорқады, мәселен, ертегі кейіпкерлерін және түрлі заттарды тірілтеді, белгісіз жануарлардан сақтанады және өзі, ата-анасы мәңгі өмір сүретініне сенеді.

Л. А. Петровская, Т. М. Мишина, А. С. Спиваковская бала қорқыныштарының пайда болу себебтеріне отбасыдағы баланы дұрыс емес тәрбиелеу, қиын отбасылық жағдайды жатқызады [4] . Отбасыдағы жалғыз балалар көбірек қорқыныш сезіміне бейім, олар ата-ананың қамқорлығымен және аландаушылығының эпицентірі болып табылады. Жалғыз бала ата-аналармен тығыз эмоционалды байланыста болады және олардың алаңдауын қабылдайды. Ата-аналарды бала тәрбиесінде бір нәрсені үлгірмеу аландаушылығы билейді, сондықтан да, олар баладан үміт күте отырып, оның дамуын интеллектуалдандыруға ұмтылады. Нәтижесінде балаларда ата-ананың талаптарына сәйкес келмеу, үміттерін ақтай алмау қорқынышы пайда болады. «Ата-аналардың жасы балаларда аландаушылықтың пайда болуына айтарлықтай маңызды. Жас өмірге қуанышты ата-аналарда, балаларында аландаушылық пен мазасыздануға бейдемділігі аз. Ал «жасы үлкен» ата-аналардың (30-35 жас) балалары әдетте, мазасыз болып келеді. Балалар ата-аналарының алаңдаушылығын сезетіндіктен, олар алаңдаушылықтың белгілерін ерте таныта бастайды, ал бұл балалардың өз өзіне сенімділігін төмендетеді» [5] .

Бала дамуының басты тенденциясы жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуымен байланысты. Л. С. Выготскийдің тарихи-мәдени теориясының негізінде онтогенездің негізгі бөлігі психикалық процестердің белгілік жанаманың дамуымен байланысты [6] .

К. Э. Изард жастық және невротикалық қорқыныштарды бөліп көрсетеді [7] . Жастық қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда байқалады, яғни олардың психикалық пен тұлғалық даму ерекшеліктерінің негізінде көрінеді. Олар келесі факторлардың әсерілерінен пайда болады: ата-аналарда қорқыныштардың болуы, аса қатты қамқор таныту, баламен қатынастағы үрейдің болуы, құрдастарынан изоляциялау, сол жыныстағы ата-аналардың тыйм салуларының көп болуы немесе басқа жыныстағы ата-ананың баласына тым көп еркіндік беру, шошу сияқты психикалық жарақаттар және т. б.

Егер отбасыда басты тұлға әке, емес, ана болса, онда ер мен қыз балаларда қорқыныш басымрақ болады. Сонымен бірге, кіші оқушы жасында балалар ата-аналар арасындағы қақтығыстық қатынасқа өте сезімтал болады. Егер ата-аналар жиі ұрыссатын болса, онда олардың қорқыныштары көбее түседі. 6-7 жастағы қыз және ұл балалар ата-аналарының қақтығыс жағдайына қорқыны пен үрей сезімдерімен қарайды. Балалардың жасы есе келе, олардың эмоционалды сезімталдығы да өсе келеді. 7 жастағы қыз бен ұл балаларда толық емес отбасыдағы балалармен салыстырғанда қорқыныш сезімдері көбірек болады, яғни бұл ата-аналар арасындағы өзара қатынастарға сезімталдылығын көрсетеді.

Отбасыдағы жалғыз балалар қорқынышқа бейім болып келеді, себебі бұндай балалар ата-аналық қамқордың эпицентрінде болады. Әдетте жалғыз бала ата-аналарымен тығыз эмоционалды қатынаста болады, сондықтан да ата-аналарының үрейлері оған тез беріледі. Ата-аналарда балаларының бір нәрсе үлгіре алмайтындығына байланысты үрей сезімі туындайды, сондықтан да олар олардың үміттерін ақтайды деген ойларымен дамуын интелектандыруға тырысады. Нәтижеде балалар ата-аналарының талаптарына сәйкес бола алмаймыз ба, деген қорқыныш пайда болады. Сонымен қоса, балаларда қорқыныштың пайда болуына ата-аналардың жасы да әсер етеді. Жас ата-аналардың балаларында үрей мен қорқыныш сезімдері азырақтау болады. «Жасы ұлғайған» ата-аналарда балалар мазасыздау болып келеді [5, 72 б. ] .

Хухлаева О. В. «Основы психологического консультирования и психологической коррекции» атты еңбегінде биогенетикалық көзқарастың өкілі С. Холл биогенетикалық заңдылығын қорқыныш онтегенезімен байланыстырған [8] . С. Холл бойынша бала өзінің даму процесі барысында жануарларда және антропогенездің түрлі кезеңдерінде адамдар кездесетін қорқыныштарды сезінеді. Ол бала қорқыныштарында алғашқы психоплазманың іздері сақталады, одан адамдар көптеген сиқырлы тіршілік иелері жасайтын деп жазған.

С. Холлдың көзқарасы бойынша биогенетикалық детерминизмнің дәлелі ретінде рационалды түрде түсіндірілмейтін көптеген балалар қорқыныштарын алуға болады. Мысалы, басқа қорқыныштарға қарағанда жануарлардан қорқу алғашқы адамдардың психикалық қалыптарына және жойылып кеткен рефлекстеріне ұқсайды. Бүгінгі заман балаларында бұндай қорқыныштың болуын индивидуалды өмірінің фактілерімен, қазіргі өмір шарттарымен түсіндіруге мүмкін емес. Бұл қорқыныштардың формаларын автор индивидуалды тәжрибеге еш қатысы жоқ инстинктивті қорқыныш ретінде интерпритациялайды. Сонымен бірге, балалардың қорқыныштарының негізінде тұлғалық тәжрибесі мен әлеуметтік орта болып табылады. Қорқынышты жанның ажырамас реакциясы ретінде түсіне отырып С. Холл оны қалыпты шынайылықтың шектеріне жеткізу мүмкіндігі бар деп есептейді.

Қорқынышты нақтырақ зерттеу феноменін психоанализ бағытында жүргізген болатын.

З. Фрейд бойынша қорқыныш - субъективті қанағаттанбау жағдайында пайда болатын және қанағаттану принципі арқылы жеңуге болмайтын аффект [8, 79 б. ] . Бұл жағдай жарақттық фактор болып табылады және қорқыныш оның тікелей салдары ретінде немесе қайталануының негізі бола алады.

Сәйкесінше кез келген қорқыныш жарақаттық факторы бар сыртқы қауіп жағдайының қорқынышы бола алады. Осыған негізделе отырып З. Фрейд қорқыныштың екі түрін бөліп көрсеткен: шынайы және невротикалық. Шынайы қорқыныш тікелей қауіп жағдайымен байланысты. Невротикалық қорқыныш - бұл «Меннің» әлсіздігінен шынайы қорқыныштын ығыстырлуы және невротикалық тізбектің басы болады. З. Фрейд бойынша невротикалық қорқыныштар даму процесі барысында жастық табиғи қауіп жағдайларында кездеседі. Нәрестелік кезеңге психикалық дәрменсіздік қаупі сәйкес келеді. Ерте балалық кезеңге махаббат объектісін жоғалту қорқынышы, ал фаликалық кезеңде - кастрация қаупі сәйкес келеді, латентті кезеңде - «Жоғары-Мен» алдындағы қорқыныш [31] .

Жастық кезеңнен өткен сайын оған сәйкес келетін қорқыныш сезімі де өтеді, бұл «Мен» құрылымының күшеюімен байланысты. З. Фрейд бойынша 6-10 жасқа сәйкес табиғи невротикалық қорқыныш тән.

Психоаналитикалық бағыттағы қорқыныштарды зерттеу мәселесімен А. Фрейд айналысқан болатын [8; 89 б. ] . Оның пікірінше 6-7 жаста қорқыныштар құрылымында негізгі өзгерістер пайда болады. Бұл жасқа дейінгі болған объективті үрейлер (қайнар көзі сыртқы орта болатын қорқыныш) бала психикасында өз мәндерін жоғалтады. Басты орында қайнар көзі санада болатын және кінә сезімі ретінде көрінетін Жоғары-Мен үрейі тұрады.

Неопсихоанализдің негізінде психоаналитикалық көзқарастар әлеуметтік-мәдени мазмұнға ие бола бастайды. Бұл бағыттағы баланың қорқыныш концепциясы Г. С. Салливанның жұмыстарымен байланысты [8, 102 б. ] . Оның теориясының негізгі ерекшелігі бала қорқынышы мен үрей сезімін сезіну түрліше болады. Қорқыныш өмірді сақтауға қажетті физика-химикалық қажеттіліктерге қауіп сезімінен туындайды. Ал үрейдің болса осы қажеттіліктерге еш қатысы болмайды, ол интерперсоналды қатынастарынан туындайды.

Адамның дамуының басында, яғни нәрестелік кезеңде үрей ананың сезінетін үрейінен туындайды, яғни баланың тіршілігі тәуелді болатын ересек адамның сезінуіне байланысты. анада туындаған үрей, қысым сезімдері балаға эмпатия жолымен беріледі - бұл Г. С. Салливанның басты қағидасы. Мысалы, «қарын ашудың» нәтижесінде жылау, тамақтану реакциясына әкелмесе (физика-химиялық қажеттілікті қанағаттандырмау), нәрестеде қорқыныш сезімі пайда болады. Ал үрей тамақтану барысында (немесе кез келген қамқор) анада туындайтын үрей сезімінен пайда болады. Тіпті осыдан-ақ үрей мен қорқыныш арасында түрлі өзгешеліктер бар екенін көруге болады. Қажеттіліктерді диференциациялау өскен сайын балада ерекше қорқыныштар пайда болады: түрлі қажеттіліктерді қанағаттандырмаумен байланысты қорқыныштар пайда болады («қарын ашу қорқынышы», «тонып қалу қорқынышы» және т. б. ) . Нәресте үрейінің локализация себебіне байланысты еш ерекшеліктер болмайды. Үрейдің себебі ағзадан тыс жерде болады.

6-10 жасты Г. С. Салливан ювенильді деп атайды және оның өзінің ерекшеліктері болады деп есептейді. Бұл жаста Мен жүйесі бақылауды дамытуға ұмтылады. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ететін көптеген операцияларды меңгеруге мүмкіндік береді, мәселен, күтілетін жазалау шараларын бағалау немесе тыйым салудың салдары арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ювенильді жаста үрейді жеңуге бағытталған баланың жүріс-тұрысының саналы реттеушілігі байқалады. Кіші оқушы жасында бала үрей арқылы әлеуметтік әлемді бағдарлайды.

Сонымен, шетелдік психологияда балалар қорқынышы мәселесінің басым бөлігі психоаналитикалық бағыттың негізінде қарастырылған. Бұл бағытта бала қорқыныштарының «психологиялық пайда» мәселесі, қорқыныштың психика үшін табиғилығы және бала қорқыныштарының қалыпты мен патологиялық жағдайлары қарастырылған.

Советтік психология барысында бала қорқыныштары невроз және тұлғаның невротикалық даму концепцияларының негізінде жүзеге асырылды.

Мәселен, Н. С. Жуковская қорқыныш неврозы жайында қорқыныш синдромы басым болатын реактивті қалыптар тобы ретінде жазады. В. А. Гурьева ауыр аффективті-шоктік реакция негізінде дамыған және жарақаттық жағдайлардың әсерінен жәй-жәйдан пайда болған қорқыныш неврозын бөліп көрсетеді. Біріншісі дүрбелең қорқынышпен сипатталса, екіншісі сандырақ сипатта болатын қорқыныштармен байланысты. Т. П. Симсон бала қорқыныштарының пайда болуының басты факторы ретінде кенеттен пайда болуы деп бөліп көрсетеді. Оның айтуынша кенеттен пайда болатын кез-келген құбылыс қорқыныштың себебі бола алады [9] .

Жоғары айтылған және басқа да авторлар балалар қорқынышы жайында айта отырып, бірінші ретте «невроз қорқынышының» клиникалық бейнесін, оның классификациясын сипаттайды, ал жастық ерекшеліктеріне аса үлкен мән бермейді.

В. И. Гарбузов, балаларда невроз концепциясын дамытқан [8, 124 б. ] . Балалар қорқыныштарының ерекшеліктерін талдай отырып, кез-келген қорқыныштың негізінде саналы немесе бейсаналы түрде өлім қорқынышы жатыр деп есептеген. Мектепке дейінгі кезеңнен кіші мектеп жасына өту жайында айта отырып, балалар бұл кезеңде қоршаған әлемнің күрделілігін және өзінің беспомощностьті екенін түсіне бастайды, сонымен бірге, осы жастан бастап өлім жайында ойлай бастайды. «Мен өлемін бе?» «Ал сен мама өөлесін бе?» деген сұрақтар өоя бастайды. Өлім қорқынышы барлық адамдар үшін тән. Бала Жалмауыз кемпірден, қасқырлардан, бөтен адамдардан, көптеген объектілерінен қорқу мүмкін, бірақ осы қорқыныштарының негізінде бір ғана қорқыныш болады ол - өлім қорқынышы.

А. И. Захаров [29] балалық шақтағы қорқынышын тұлғаның невротикалық дамуының қозғаушы күші ретінде қарастырған. Мектепке дейінгі жасқа инстинктивті қорқыныштар тән, осы қорқыныштар «қараңғы-жалғыздық-жабық кеңістік» триада түрінде болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдайын ғылыми әдебиеттер негізінде талдау
Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық әрекетін эксперименталды зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психологиялық түзету, дамыту жолдары
Қуанышты бала
Психологиядағы балалардың қорқыныш мәселесі
Қиын оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыс ерекшеліктері
Толық емес отбасыдығы бала тәрбиесі
Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір түрі
Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz