Әдістемелік әдебиеттерге шолу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
ТАРАУ I. ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Қалыпты дамып келе жатқан балада сөйлеудің грамматикалық құрылымының қалыптасуы . . . 7
1. 2 Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балада және ақыл-ойы кем балада
грамматикалық құрылымының қалыптасуы . . . 10
1. 3 Қазақ тілінің грамматикалық жүйесі . . . 17
ТАРАУ ІІ. ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Эксперимент әдістемесі . . . 33
- Эксперимент нәтижесі . . . 37
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
Қолданылған әдебиеттер . . . 48
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның демократизация және жаңару үрдісінде қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін өріс алған мәселелердің бірі өткеннің рухани, мәдени, тарихи қайта өрлеу мәселесі.
Адамдар тіл арқылы бір-бірімен пікір алысады, өзара түсініседі. Қоғамдық істерді тындыру үшін адамдардың бірлесіп күш жұмсауына дәнекер ортақ тіл болуының маңызы ерекше. Ондай тіл халықтың - ана тілі.
Қазақ тілі мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендеуінде елеулі роль атқарып келеді. Қазіргі қазақ тілі оралымды, бай тілге айналды. Дегенмен қазіргі кезде қазақ тілінің қызмет етуі потенциалды мүмкіншіліктерді аспауы көптілдік факторымен тежелгені туралы мәліметтер бар. Соңғы жылдары қазақ тілі өз құқығына жалпы енгенмен, толық оны қолдану мәселесі шешілген жоқ.
Бұндай жағдайда бастауыш мектеп жастағы балаларда бай, грамматикалық жағынан дұрыс құрастырылған ауысша сөйлеуін дамыту қажеттілігі туады.
Тіл - ақиқатты танытудың басты құралы. Филисофиялық және психологиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны нанымды айтылады.
Сайып келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір - бірімен түсінісу және адамның сезімі мен көңіл - күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан мектептің төменгі сыныптардың өзінен бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттігі мақсатты түрде алға қойылды.
Себебі жастайынан бастап ана тіліне деген сүйіспеншілік барлық өмір барысында тұлғаның дамуына өз әсерін тигізеді. Неғұрлым ана тілін ерте шақтан естіп, ана сүтімен сіңірілсе, соғұрлым қазақ халқының рухани, мәдени құндылықтарына жол ашылады.
Тілдің тәрбиелік мәні де күшті. Ана тілін жақсы меңгерген баланың ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, адамдармен сыпайы қарым - қатынас
жасап, тіл табысуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі. Баланың жастайынан ойлау қабілетін жетілдіріп, білімін молайту үшін, оған дұрыс тәрбие беру үшін ана тілінің маңызы зор. Сондықтан елімізде мектептегі оқуды ана тілінде жүргізуге, ал, баласын таңдаған тілде оқытуға ата-анаға ерік беруге барлық мүмкіндік жасалған.
Сондықтан баланың ақыл ойының дұрыс дамуына, білімді еркін және оңай меңгеруіне, басқа сөзбен айтқанда, жан-жақты дамуына апарар бірден бір жол - сөйлеу тілді жетік меңгеру.
Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дұрыс дамып келе жатқан балалар мектепке барарда қажетті сөз қоры мен грамматикалық түрлерді меңгереді. Бірақ сөйлеу тілінің түрлі патологияларда, әсіресе жалпы сөйлеу тілі дамымағанда бұл үрдістер тежеліп, сапа жағынан басқа көрініс алады.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға, ақыл - ойы қалыпты да, зияты бұзылған балалар да жатуы мүмкін. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда фонетикалық, фонематикалық, әсіресе лексико-грамматикалық жақтардың кемістіктері басқа психикалық үрдістердің қалыптасуына кері әсер етеді.
Жалпы көрсетілген ерекшеліктер сөйлеу тілдің жетіспеушіліктері бар балаларға тән болып, әр түрлі авторлармен зерттелген, Олар Р. Е. Левина, 1961, 1968, Н. А. Чевелева, 1987, И. Т. Власенко, 1988, Н. С. Жукова, Е. М. Мастюкова, Т. Б. Филичева, 1990, Т. Б. Чиркина, 1992, Р. К. Луцкина т. б.
Сонымен бірге белгіленген балалармен түзету тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру мәселелерін ашатын бірқатар зерттеулер бар. (Л. Ф. Спирова, Г. А. Каше, Н. Л. Евзекова, Н. А. Никашина, Л. В. Мелехова, )
Сөйтіп, белгіленген мәселе бойынша арнайы әдебиеттерді талдай отырып, жалап сөйлеу тілі дамымауын зерттеген жұмыстардың бар болуына қарамастан мағлұматтардың көбі орыс тілінде оқытылатын балаларға қатысты екеніне көңіл аудару қажет. Сөйлеу тілді зерттеу, түзету жолдары орыс тілінің ерекшеліктерін ескеріп жасалынған. ЖСТД балаларының грамматикалық құрылымының ерекшеліктері жайлы мағлұматтардың жоқ болуы белгіленген мәселенің өзектілігін дәлелдейді.
2. Ғылыми жұмыстың мақсаты жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларының сөз жасау, өзгерту ерекшеліктерін анықтау.
3. Зерттеудің міндеттері :
1) . Сөйлеу тілінің грамматикалық жүйесі бойынша әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.
2) . Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларының грамматикалық құрылымының дағдыларын тексерудің әдістемесін құрастыру.
3) . ЖСТД балаларының сөз жасау және сөз өзерту ерекшеліктерін анықтау.
4) . Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын зерттеу әдістемесін логопедтермен практикалық жұмыста пайдалануға болады.
5) . Зерттеудің нәтижесінде алынған мағлұматтарды қазақ тілі сабақтарында түзету жұмысында пайдалануға болады.
Әдістемелік және теориялық негіздер. Біздің зерттеуіміз келесі теориялық базаға негізделген: онтогезде сөйлеу қалыптасудың заңдылықтары ( А. Н. Гвоздев, В. А. Сохин, Д. Б. Слобин, А. М. Шахнарович, Б, Баймұратова, Т. Т. Аяпова) жалпы сөйлеу дамымаудың ерекшеліктері (Р. Е. Левина, Т. Б. Филичева, Г. В. Чиркина, Л. Ф. Спирова, М. С. Жукова, Р. И. Лалаева, В. Г. Петрова), танымдық әрекетінің дамуында сөйлеудің маңызын (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, В. И. Лубовский, А. Р. Лурия), қазақ тілінің грамматикалық жүйесінің ерекшеліктері (М. Б. Балақаев, Р. С. Амиров, А. Д. Данияров, А. Түлеов), қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері (С. Қазыбаев, С. Рахметова, Б. К. Бектаева) .
4.
Зерттеу объектісі ЖСТД балаларының ауызша сөйлеуі.
Арнайы(түзету) мектеп орындарындағы оқу -тәрбие үрдісі.
5.
3ерттеу пәні.
Оқушылардың грамматикалық құрылымының ерекшеліктерін анықтау.
6. Зерттеудің ғылыми болжамы: Зиятында ауытқуы бар балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми теориялық негізі және кәсіби тұрғыдағы қарым-қатынастың негізі айқындалды. Оқушылардың мәдениетін қалыптастырудағы тиімділігі арттырылды.
7. 3ерттеудің әдістері: (9 бет)
Зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып, эксперимент жасалынды.
- Зерттеудің базасы : Алматы қаласы №7 Арнайы (түзету) мектеп - интернаты. Зерттеуге қатысқандар - 7 сынып оқушылары (30 оқушы) : 7 «а» сынып- 8 бала, 7 «б» сынып - 8 бала, 7 «в» сынып - 14 бала.
- Зерттеудің жаңалығы:
Зиятында ауытқуы бар балаларға анықтама беріліп, оны қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды.
Қарым-қатынас мәдениетінің қажеттілігі негізделі әдістемесі жасалынды.
10. Практикалық мәнділігі :
1) . Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларының грамматикалық құрылымының дағдыларын тексерудің әдістемесі құрастырылды.
2) . ЖСТД балаларының сөз жасау және сөз өзгерту ерекшеліктері анықталды.
1 кесте Көптік жалғауларды қолдану ерекшеліктері:
Кестеде келтірілген сөз өзгерту дағдылары ЖСТД балаларының тек 23% ғана қалыптасқан, сөйлеуі қалыпты зияты сақталған балалардың 85% дұрыс айтады.
2 кесте Сөз жасау ерекшеліктері:
Кішірейтілген, рең мағына беретін жұрнақтар зияты сақталған ЖСТД дұрыс қолданғаны 81, 6%, қате 18, 4% ақыл-ойы кем ЖСТД дұрыс қолданғаны 14, 1%, қате жасалғаны 85, 9%, сөйледі қалыпты балалар дұрыс қолданғаны 56%, қате жасағаны 44%.
3 кесте Септік жалғауларды қолдану:
Септік жалғауларды қолдану барысында зияты сақталған ЖСТД дұрыс қолданғаны 21%, орын алмастырғаны 67%, сөйлеу.
Сонымен зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Зиятында ауытқуы бар балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
- Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар жасалынды. Сөйлеуі қалыпты балалар қолданғаны 100%.
ТАРАУ I. ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.
І. І. Қалыпты дамып келе жатқан балада сөйлеудің грамматикалық құрылымның қалыптасуы.
Сөйлеу индивидтің ең маңызды функциясы. Сөйлеудің даму мәселесі қазіргі уақытқа дейін түрлі саладағы зерттеушілерді қызықтырған, өйткені сөйлеу тілі меңгеру күрделі психофизиологиялық үрдіс.
Балаларда сөйлеудің пайда болуы мен қалыптасу қоршаған ортаға адамдармен қарым- қатынас барысында дамиды. Қарым- қатынас пен тәрбие үрдісінде ғана бала әлеуметтік қасиеттер мен функцияларды меңгереді. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей сөйлеудің грамматикалық жағының дамуы бала іс- әрекетемен байланысты болады (Д. Б. Эльконин, 1958; М. И. Лисина, А. Г. Рузская, А. Э. Гейнсштайн, 1995) .
Түсінікті сөйлей алу мүмкіндігі адам тұлғасының ең маңызды көрінісі. Л. М. Выготскийдің айтуынша бала байқағанын немесе сезгенін сөзбен бекітсе қабылдаған мәліметті соғұрлым жақсы түсінеді. (1984, 3656) .
Балада барлық психикалық үрдістер: қабылдау, зейін, ес, елес, ойлау, операциялары сөйлеу арқылы дамиды. (Л. С. Выготский, 1934; А. Р. Лурия, 1956, 1979; А. А. Леонтьев, 1964; А. В. Запорожец, 1965) .
Авторлардың көбі ең алғашқыда импрессивті сөйлеу, кейін экспрессивті сөйлеу дамитынын белгілеген.
А. А. Леонтьевтің анықтауы бойынша « . . . түсіну - айтуға қарағанда едәуір күрделі үрдіс . . . » (1967, 4516) .
Көптеген зерттеушілердің айтуынша (Л. С. Выготский, A. M. Шахнаровичт т. б. ), сонымен бірге Ф. А. Сохинның, баламен ана тілін меңгеру кезінде тек енжар еліктеу ғана емес, бала жағынан белсенділіктің де рөлі үлкен. (1951, 45)
Л. С. Выготский бойынша сөйлеудің белсенді дамуы өмірдің екінші жылында өтеді. Бүл уақытта психикада жаңа өзгерістер ретінде өзіндік сөйлеу дами бастайды.
Г. Л. Розенгарт - Пупко айтуы бойынша өмірдің екінші жылының екінші жартысында баланың өзіндік сөйлеуі қалыптасып белсенді дамиды. Сөйлеу қарым - қатынасына деген қажеттілік баланың сөйлеуге қабылдағыштығын арттырады.
А. Н. Гвоздев баламен грамматикалық құрылымын меңгеруінің келесі кезектілігін белгілеген:
1. Өзгермейтін, барлық жағдайларда қолданатын аморфты түбір сөздерден тұратын сөйлемдер кезеңі. Бұнда анық екі бөлім көрінеді: бір сөзден тұратын сөйлемдер уақыты (1, 3 бастап 1, 8 дейін) және екі сөзден тұратын кезең (1, 8 бастап 1, 10 дейін) . Тұрлаусыз мүшелер екі сөйлемнің грамматикалық бөліктер ретінде пайдаланады. Ең алғашқыда объект және оның әрекетке деген қатынасы қалыптасады. Оның негізінде сөз тіркестер пайда болады: 1) етістік + объектінің жатыс септігі және 2) етістік + объектінің атау септігі.
- Грамматикалық категориялардың қалыптасумен байланысты сөздердің грамматикалық түрлерін меңгеру кезеңі. Сөздердің морфологиялық дифференциациясы пайда болып, өз бетінше қалыптасқан түрлер кең пайдаланады. Бұл кезең 1, 10 бастап 3 жасқа дейін жүреді.
- Сөйлеудің морфологиялық жүрісін меңгеру кезеңі (3, 0 бастап 7, 0 дейін) . Қазіргі кезде мектепке дейінгі жастағы қазақ балаларының ана тілін меңгеру мәселелеріне арналған зерттеулер елде болса аз (Б. Б. Баймуратова, 1970; И. Т. Аяпова, 1988) .
Баймуратова төменгі мектеп жастағы балалармен сөйлеудің грамматикалық кұрылымын меңгеруін жалпылама түрде зерттеген. Оның мәліметі бойынша 4 жастағы балалар жекеше түрдегі зат есімдерді барлық септіктерде септей алады. Бұнымен қоса, балабақшада тәрбиеленетін 40% және үйде тәрбиеленетін 15% балалар зат есімнің көпше түріне ауыстыра алатынын көрсеткен.
Т. Т. Аяпованың зерттеулерінде (1988) 1 жастан 4 жасқа дейінгі қазақ балалары синтаксисінің даму ерекшеліктері жан - жақты ашылған. Оның
зерттеулері бойынша қазақ балалары «сөз-сөйлем» 0, 11 бастап 1, 10 дейін жас аралықта созылып, ана тілінің синтаксистік меңгеруге ең қажетті түйін болатынын айтқан «бала сөйлеуінің ең алғашқы даму кезеңі сөз - сөйлемнен басталады. Ол басты ерекшелік болып, келесі кезеңдердің дамуына негіз салады». (1988, 746) .
Бір сөзді сөйлем синтаксисті меңгеруге қажетті түйін болып табылатьшың көптеген авторлардан қолдау табады. (Аркин 1948; Гвоздев А. П., 1961; Эльконин Д. Б. 1964; ) . Мысалы А. Н. Гвоздев сөз - сөйлем « . . . өзінің мағынасы бойынша аяқталған ойды білдіреді» деп айтқан. (1961, 1626) .
Т. Т. Аяпованың байқауынша бала сөйлемнің грамматикалық жағынан дұрыс калыптасуы екі сөзді сөйлемдерден басталады. Мысалы: шай тәтті. Мына шай тәтті. Бір сөзді және екі сөзді сұраулы сөйлемде сингармонизм заңына бағынбайтыны белгілеген: Мама келе ма?
Осы авторлардың мәліметтерінде бала сөйлеуінде бірінші түрленетін жатыс септік, ал жалғаулардан барыс септік жалғаулары - қа/ға пайда болатынын көрсеткен.
Кейінірек зат есімі бар етістікті сөз тіркестер қолдана басталады (2, 0; 2, 3) . Бірақ олар басқа сөз тіркестерге қарағанда сирек қолданылады.
Етістікті сөз тіркестер барыс, жатыс және шығыс септіктердегі есімдермен қолданады. Мысалы: мамаға барамын; менде жоқ; апамен ұйықтаймын.
Сонымен Т. Т. Аяпова бірыңғай мүшелер, күрделі бастауыштары бар сөйлемдер және құрмалас сөйлемдер 4 жасқа дейінгі балаға қиын болатыны жайлы қорытындыға келді.
Автор бала сөйлеуінің алғашқы кезеңдерде сөздердің қате қатарын байқап, дұрысына ауысуына көрсеткен. Бұл уақытта олардың сөйлеуі грамматикалық жағынан дұрыс безендіріле бастайды. Мысалы, бала сөйлеуі грамматикалың дұрыс түрлендіре басталғаннан кейін, онда тұрақты сөз
катары пайда болады: S-0-P (субъект + объект немесе басқа тұрлаусыз мүше + предикат) . Бұл түрік тілдеріне тән қасиет.
Қалалық балабақшаларда орыс және қазақ балаларды қазақ тіліне окыту мәселесін ашатын зерттеулер бар. Оларға А. Б. Бакраденованың жұмысы жатады автордың айтуынша қазақ тілінің болашағын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тілге оқытуын дәл осы жастан бастау керек. Себебі: бұл уақытта балалар қоршаған құбылыстарға ерекше сезімтал болады.
Сонымен, бала сөйлеудің грамматикалық құрылымының жағдайы басқа психикалық үрдістерге әсерін тигізетіні жайлы қорытындыға келдік. Грамматиканы меңгергенде бала дайын түрлерді қолданбай, ашқан ережелер жүйесіне сүйеніп оларды өздігінше құрастырады. Бала сөйлеуінің толық дамуы көптеген факторларға тәуелді. Олардың қатарына сөйлеу ортасы, тәрбиелеу ортасы мен жеке дара ерекшеліктер жатады.
1. 2. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда грамматикалық
құрылымының дамуы.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған кезде грамматикалық құрылымның ерекшеліктері зерттеуіміздің пәні болғандықтан, бұл категориядағы балалардың сөйлеу жағдайын және басқа да психикалық үрдістердің ерекшеліктерін ашатын қазіргі теория мен тәжірбие мағлұматтарын қолдануымыз қажет.
«Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы» (ЖСТД) деген түсінік сөйлеудің фонетикалық, фонематикалық және лексико - грамматикалық жақтарының кемістіктерін белгілеп, барлық компонеттердің жүйелі бұзылуын атайды. (Р. Е. Левина, 1968) .
Логопедияда, сөйлеу тіл фонетикалық, лексикалық және грамматилық жақтардың қалыптасу деңгейіне сүйеніп Р. Е. Левина шығарған жалпы сөйлеу тілі дамымауының үш деңгейі қолданылады. Бүл топтастыру бойынша біз III деңгейге арнайы тоқталамыз. Әдебиеттердің
мағлұматтарына сүйенсек зияты сақталған ЖСТД 5-6 жастағы балаларда ең кен таралған сөйлеу жетіспеушіліктің III деңгейі. Бұнда балаларда байланыстырып сөйлеуі дамымағанымен фонетико - фонематикалық және лексико - грамматикалық кемістіктері байқалады. Яғни ызың ысқырық дыбыстарды нақты айтпау; ұяң, үнді дыбыстардың айтылуы жетілмеген; дыбыстарды үнемі ауыстырып, шатастырады, тастап кетеді; сөздерді қысқартады; заттардың бөліктерін тұтас атаумен ауыстырады; сыртқы белгілері мен қолдануы жақын сөздерді шатастырады; түстерді ажырата алмайды; жалғау жұрнақтардың пайдалануы бұзылған; олардың мәнін толық түсінбейді; сөз тіркестердің дүрыс байланысы сақталмайды. Дыбыс айтудың және фонематикалық естудің бұзылуынан болған сөз қорының шектелуі сөйлеудің грамматикалық құрылымның даму үрдісін тежейді. (Р. Е. Левина, Т. Б. Филичева, Т. В. Чиркина, 1985) .
Р. Е. Левинаның мәліметтері бойынша ЖСТД балалардың сөздің дыбыстық құрамында жеткіліксіз бағыттаушылық ана тілінің морфологиялық жүйесін меңгеруіне кері әсерін тигізеді.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың грамматикалық
құрылымының қалыптасуы әдебиеттерде тең ашылған. (Р. Левина 1961; Е. Ф.
Соботович, 1989; Л. Ф. Спирова, 1980; Ф. Б. Филичева, Г. Б. Чиркина 1985;
М. С. Грушевская, 1985) . Сөз бен сөйлем элементтерінің грамматикалық
түрлерін бөлу және меңгеру кезектілігін сөйлеу дамуы қалыпты және
бұзылған балаларда сәйкес болады.
Алайда жалпы сөйлеу тілі дамымағанда грамматикалық түрлерді
меңгеру әр түрлі жас кезеңінде өтіп, оларды меңгеру жылдамдылығы
созылады және тек берілген категориядағы балаларға тән ерекшеліктер
пайда болады.
Көптеген авторлардың айтуынша ең тұрақты ерекшеліктерге
аграмматизм жатады. Л. В. Мелехова белгілегендей аграмматизмдердің саны
сөз қорының көбеюіне қарай кеңейеді.
ЖСТД балалардың сөйлеуінде сөйлемдердің қалыптасу С. Н. Шаховская (1971), Л. Ф. Спирова (1980), Н. С. Жукованың (1943) т. б. мәліметтерінде көрініс тапқан.
Н. С. Жукованың анықтауы бойынша ерте сөйлеу дизонтогенезінің белгілеріне сөздерді морфологиялық жағынан дұрыс қолданбауы жатады. Сөйлемде пайдалатын сөздердің бір бірімен грамматикалық байланысы болмай, баламен тек бір түрде ғана қолданылады. Мысалы : мен мама
барады. Бұл тенденция көп жылдарға дейін созылуы мүмкін. Көпке дейін грамматикалық жағынан дұрыс та, дұрыс емес те сөйлемдер қолданылады.
Сөйлеу арқылы қарым - қатынасты орнату үшін ойды дұрыс жеткізу керектігі мәлім. Бұл үрдіс сөйлемдер арқылы жүзеге асады. Сөйлеу тілінің бұзылуы кезінде сөйлемдер құрастыру мен қолданудың қиындықтары сөйлеу тілінің аграмматизациясынан көрініс табады.
С. Н. Шаховскаяның айтуы бойынша (1971) сөздердің нөлдік түрінің ұзақ қолдануы балалардың жаттанды, үйреншікті сөзді ауыстыра алмауына байланысты болады. Сонымен бірге олар өз ойларын байланыстырып, кезекпен айта алмайды, синтаксистік құралымдары мен сөз қоры кедей болады, сөйлем мағынасын толық жеткізбей, жиі кідіріс үзіліс жасайды.
Л. Ф. Спированың (1980) мәліметтері жалпы сөйлеу тілі дамымаған кезде сөйлемдерді пайдалануда жиі тек бір сөзді қолданатынын дәлелдейді; бұл сөз олар үшін сөйлем. Негізінен ол өз грамматикалық түрі бойынша зат есім болады, бірақ етістік пен сын есім де қолданылады. Л. Ф. Спирова бойынша бұндай сөз - сөйлемдер 7-8 жасында да кең пайдаланылады;
«Сөйлемдегі әрбір сөзді нақты мағынада қолданып, нақты орынға қойып басқа сөздермен байланыстыру қажет, ал бұл ЖСТД балалар үшін 3-4 сыныптарда да қиын соғады». (СпироваЛ. Ф. 1980, 876) . Сондықтан сөйлем көлемінің, ондағы сөздер санының көбеюіне қарай соғұрлым грамматикалық қателер де көбейеді.
Сөздердің дыбыстық бейнелердің жоқ болуы және тұрақсыздығы сөйлемнің пайда болуын ұзаққа созады. Қарапайым сөздікті меңгеруіне қарай балаларда толымсыз сөйлемдер пайда бастайды. Кейін сөздіктің кеңеуіне қарамастан олар негізгі синтаксистік бірлік ретінде қолданылады. (Е. Ф. Соботович, 1981; Л. Ф. Спирова, 1980) .
Р. Е. Левина бойынша балаларда сөз өзгерту ерекше тежелген. Мысалы балалар жекеше түрде берілген зат есім мен тиістігі көп жағдайда көпше түрге және керісінше өзгерте алмайды. Сонымен қатар ЖСТД балалар түбірлес сөздерді жалғау- жұрнақ арқылы өзгертудің күрделі тәсілдерін өте сирек қолданады.
Сөйтіп, ЖСТД балаларда сөз өзгерту, сөз тудыруда қателер белгіленеді. Соның нәтижесінде сөйлемдерде сөздердің синтаксистік байланысы бұ-зылады.
ЖСТД балалардың грамматикалық құрылымын түсінуі бұзылған туралы мәліметтер бар (Н. Н. Трауготт, 1940; Орфинская, 1960; Г. Н. Жаренкова 1967. )
Н. Н. Трауготт айтуы бойынша естуі мен зияты қалыпты ЖСТД балаларда мөлшерден ауытқыған, кедей сөз қоры мен грамматикалық категориялардың өзгеше қолданылуы байқалады. Балалар меңгерген сөздерді әр түрлі сөйлеу қарым - қатынаста қолдана алмайды және бір жағдайларда дұрыс айтылса, басқа жағдайда жоғалтып алады.
В. К. Зимичева белгілегендей бірінші сыныпқа келетін балалардың бірқатарында сөйлеу жетіспеушілігінің үшінші деңгейі анықталады. Олардың лексико- грамматикалық дамымауына әрекетті білдіретін сөздерді ауыстыру, сөз қатарын бұзу тән болады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тексергенде М. С. Грушевская жалпы санның ішінен 7% ЖСТД балаларды анықтаған. Бәрінің зияты сақталған. Болашақ оқушылар, Грушевская айтуы бойынша, құрылымы жағынан мүлдем басқа және қарапайым сөйлемдерді пайдаланады.
Миронова С. А. (1989) айтуынша сөйлеуі дамымаған балаларда сөйлеу
киыншылықтармен қатар қарым- қатынаста вербальді коммуникациян төмен белсенділігі байқалады. 3-4 жастағы ЖСТД бар балалар сөйлеу қатынасының шектеулігінен көбінесе вербальді емес тәсілдерді жиі қолданады.
ЖСТД балаларда сөйлеу әрекеті ғана емес, психикалық функциялар да
толық қалыптаспайды. Бұзылған сөйлеудің дамуы мен сөзсіз функциялар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz