«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»



Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу әдісі, тілдік материалы, маңыздылығы
1.бөлім
Термин. Терминология. Термин жасаудың принциптері
1.1. Терминдік атаулар мен ұғымдар және терминология ғылымы
1.1.1. Қазақ тіл білімінің терминдері жайында
1.1.2. Қазақ тіл білміндегі терминологиялық сөздіктер жайында
1.2. Қазақ терминологиясын жасаудағы академик Ә.Қайдаров ұсынған принциптер
2.бөлім
Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері
2.1. Тіл біліміндегі терминдер жайында
2.2. Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық статистика ғылымы және ондағы терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері
2.3. Лигвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің сипаты
2.4. Лингвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін топтау, жіктеу, саралау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша. 1. Әліпбилік сөздік; 2. Қысқаша түсіндірме сөздік
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.
Жұмыстың маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың орындалуы – мектепте терминдік ұғымдағы сөздерді оқытуда не жоғары оқу орындарында «Қазіргі қазақ тілі» ғылыми курсының «Лексикология» тарауын өткенде, сондай-ақ осы тақырыпта арнайы курстар жүргізгенде маңызды.
Кіріспе.....................................................................................................1
1-бөлім. Термин. Терминология. Термин жасаудың принциптері
1.1.Терминдік атаулар мен ұғымдар және терминология ғылымы................3-4
1.1.1.Қазақ тіл білімінің терминдері жайында.....................................................5
1.1.2. Қазақ тіл білміндегі терминологиялық сөздіктер жайында....................6
1.2. Қазақ терминологиясын жасаудағы академик
Ә.Қайдаров ұсынған принциптер....................................................................7-12
2-бөлім
Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері
2.1. Тіл біліміндегі терминдер жайында.......................................................13-16
2.2. Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық статистика ғылымы
және ондағы терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін
сөздер мен сөз тіркестері................................................................................17-19
2.3. Лигвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды
білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің сипаты............................................20-21
2.4. Лингвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды
білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін топтау, жіктеу, саралау...................22-37
Қорытынды...................................................................................................38-39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................40-42
Қосымша. 1. Әліпбилік сөздік; 2. Қысқаша түсіндірме сөздік.................43-54

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу әдісі, тілдік материалы,
маңыздылығы
1-бөлім
Термин. Терминология. Термин жасаудың принциптері
1. Терминдік атаулар мен ұғымдар және терминология ғылымы
1. Қазақ тіл білімінің терминдері жайында
2. Қазақ тіл білміндегі терминологиялық сөздіктер жайында
2. Қазақ терминологиясын жасаудағы академик Ә.Қайдаров ұсынған принциптер
2-бөлім
Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін
лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері
2.1. Тіл біліміндегі терминдер жайында
2. Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық статистика ғылымы және ондағы
терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері
3. Лигвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер
мен сөз тіркестерінің сипаты
4. Лингвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер
мен сөз тіркестерін топтау, жіктеу, саралау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша. 1. Әліпбилік сөздік; 2. Қысқаша түсіндірме сөздік

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен
ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі
болып есептелетін Линвистикалық статистика (Лингвостатистика) пәніне
байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық
сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын
баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі
тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-
лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік
материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде
лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер,
мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен
ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді,
зерттелді.
Жұмыстың маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың орындалуы – мектепте
терминдік ұғымдағы сөздерді оқытуда не жоғары оқу орындарында Қазіргі
қазақ тілі ғылыми курсының Лексикология тарауын өткенде, сондай-ақ осы
тақырыпта арнайы курстар жүргізгенде маңызды.
1-бөлім
Термин. Терминология. Термин жасаудың принциптері
1. Терминдік атаулар мен ұғымдар және терминология ғылымы
Термин латын сөзі: terminus. Қазақша мағынасы –бірдеменің шегі,
шекара, шекаралық белгі. Терминдер – тілде ғылым мен техникада, мәдениеттің
әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздер, яғни,
терминдер – белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы
атаулар, ал олар жайындағы ғылым теринология деп аталады.
Терминдердің тіл лексикасындағы басқа сөздер түрлерінен басты
айырмашылығы: ол көп мағыналы емес, бір-ақ нақты мағыналы болып келеді.
Егер термин деп аталған сөзде әр түрлі мағыналық ұғымдар байқалған болса,
онда ол термин болмағаны. Сондай-ақ, терминдерде эмоционалды бояу,
экспрессивті-стилистикалық қызмет болмайды.
Бірақ бұл айтылғандардан қандай болмасын терминдердің бәрі де тек дара
мағынада қолданылады, көп мағына білдіретін термин жоқ деп тұжырым жасауға
да болмайды. Кейбір терминдер көп мағыналы да болып келеді. Ол –
терминдердің кемшілігі. Егер белгілі бір термин көп мағыналы болса, одан
кейде қате түсінік тууы да мүмкін. Сондықтан да екі ұштылық тудырмау үшін
әр уақытта да терминдердің дара мағыналы болуы көзделеді. Қысқасы, термин
болатын сөздердің мынадай сипаттары болады:
1. Терминдер көбінесе дара ұғымды, бір мағыналы болып келеді.
2. Терминдерде өз мәнінде стильдік эмоциялық мән болмайды.
3. Терминдердің мағынасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты
болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған
түкпілікті қызмет атқарады.
Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Мәселен, белгілі бір
ғылым мен техниканың бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің
мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет. Өйткені ол
салаға тән терминологияны жете білмей тұрып, ол ғылымды меңгеруде мүмкін
емес. Айталық, біздің дипломдық жұмысымызда қаралатын жай – тіл білімі,
оның бір саласы лингвистикалық статистикаға қатысты атаулар мен ұғымдардың
терминдік сипаты жайында.
Сондай-ақ, термин сөздердің ішінде тек бір саладағы терминологияға
қатысты терминдер де әр басқа терминологияға бірдей қатысты терминдер де
кездеседі. Мысалы, метатеза, флекция, аффикс, префикс, идиома деген
терминдер тек тіл білімінде – лингвистикада ғана қолданылады. Ал
морфология, операция, ассимиляция деген терминдер әр түрлі саладағы
терминологияда жұмсала береді.

1.1.1.Қазақ тіл білімінің терминдері жайында
Белгілі бір тілідң (мысалы, қазақ тіл білімі) өзіне ғана тән
терминдері мен терминологиясы болады. Мәселен, жұрнақ, сөз түбірі, үндестік
заңы, зат есім, сөз тіркесі, сөйлем мүшесі, құрмалас сөйлем, оңашалаған
айқындауыш т.б. - қазақ тіл білімінің терминдері.
Қазақ тіл білімінің терминологиясы бүгінде біршама қалыптасып,
орныққан. Оның қалыптасу тарихы, даму жолы да бар (Ә.Т.Қайдаров,
Ө.А.Айтбаев. Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы, қазіргі жайы және
міндеттері. –Қазақ терминологиясының мәселелері. Алматы, 1986).
Қазақ тіл білімінң терминологиясын қалыптастыруда көптеген тілші
ғалымдарымыз еңбек етті, тер төкті. Олардың қатарында: А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Ө.Айтбаев,
Ә.Әдірахманов, Ғ.Мұсабаев, Б.Қалиев т.б. аттарын атауға болады.

1.1.2.Қазақ тіл біліміндегі терминологиялық сөздіктер жайында
Терминдер – белгілі бір тілдегі ғылым мен білім, техника салаларындағы
арнаулы атаулар дейтін болсақ, олардың жинастырылып, бір ізге түсіріліп,
белгілі бір жүйеге келтіріліп берілуі – терминологиялық сөздікті жасайды.
Қазіріг кезге дейін қазақ тіл білімінде қырыққа жуық үлкенді-кішілі
терминологиялық сөздіктер жарық көрген. Бұған лингвистика, әдебиеттану,
музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі физикалық география,
математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика,
психлогия, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт-физкультура,
құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, темір жол
қатынасы, биология, химия, археология, механика мен машиналар, ЭВМ және
компьютерлік техника, мал дәрігерлік, әлеуметтік-экономикалық, анатомиялық,
өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы. Қоғамдық-саяси терминдер т.б.
енгізілген. Бұлардың қатарынан 1966 ж. шыққан І.Кеңесбаев пен
Т.Жанұзақовтардың Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігін,
А.Салқынбай мен Е.Абақандар шығарған (1998) Лингвистикалық түсіндірме
сөздігін т.б. жатқызуға болады.
Әр тілдің өзінің терминологиялық сөздіктерін жасауға өз ісіне жетік
деген маман иелері қатыстырылады. Алайда, жарық көріп жатқан ірілі-ұсақты
терминологиялық сөздіктерде ана тілінің өзіне тән сөзжасам тәсілдерін
әрдайым сарқа пайдаланып келе жатыр деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Оны
академик Ә.қайдаровтың Қазақ терминолоиясына жаңаша көзқарас (1993) деген
еңбегінен-ақ көруге болады.

1.2.Қазақ терминологиясын жасаудағы академик Ә.Қайдаров ұсынған
принциптер
Академик Ә.Қайдаров өзінің Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас
деп аталатын еңбегінде: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болған Қазақстан
Республикасы бүгінде өзінің жұлдызды сағатын бастан кешуде. Өркениетке
қадам басқан қазақ халқының қара басына жеткілікті қауырт та қарбалас
тіршіліктің қалың ортасында тағы да тіл тағдыры тұр. Өйткені толыққанды
ұлттың тілсіз дербестіктің күні қараң, тәуелсіздіктің мәні жоқ. Сондықтан
да егемендік алып, еңсесін көтере бастаған елдің ең алдымен әспеттейтін
қастерлісі де, түгендейтін асыл дүниесі де ана тілі болмақшы.
Мемлекеттік мәртебеге ие болып оотырған қаақ тілінің де төрт құбыласы
тең емес екені белгілі. Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны –
1) жазу сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алытн көпір)
2) ономастикасы (жер бетіндегі ескерткіші)
3) терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін
мойындаған жөн, - дей келіп, бұл мәселені сөз етудің себептеріне
тоқталып, түсіндіреді:
Осы үшеудің белгілі дәстүрге ие, алды-арты айқындалған, тілімзде бір
шама қалыптасқан делініп жүрген терминология мәселесіне бүгінде қайта
оралуға үш түрлі себеп бар:
Бірінші себеп: -әрбір өркениетті ел ғылыми-техникалық прогрестің
айнасы іспетті терминологияның тап-тйнақтай сындарлы болуына ерекше мән
беріп, заман талабына сай оқтын-оқтын оның бағыт-бағдарларын анықтап,
үрдісін байқап, ширатып-шынықтырып отыруға тиіс, біз де енді сондай ел
санатына жатамыз.
Екінші себеп: -қазақ әдеби жазба тіл – мемлекеттік тілдің негізі
болса, терминология мен ғылым тілі – оның жөн ауасы, бүкіл рухани-мәдени
өміріміздегі жаңалықтардың бәрін сергек сезініп, дәл сол ыңғайда өзгеріп
оотыруға бейімді құбылыс, сондықтан да мемлекеттік әдеби тіліміздің бүгінгі
күйі мен ертеңі терминолоияның ретілігімен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен
және қолданыс аясының кеңдігімен өлшенеді.
Үшінші себеп: - қазақ тілі терминологиясы әр түрлі жағдайларға
байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр, оның ғылыми принциптері жаңа
үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың рнына артта қалып, термин
практикасы аяқ аяты болып бара жатыр.
Осының нәтижесінде әркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны
ауыстыру, алмастыру тәрізді бейберекет буқаралық әрекетке (анархияға) жол
беріле бастады, оны ең алдымен Мемлекеттік терминология комиссисының
(Мемтерминкомның) өз міндетін жөнді атқара алмай отырғанына деп білген жөн.
Міне, осы себептерге байланысты бүкіл терминология жүйесінқайта
қарауға тура келеді. Оның бүгінгі мүмкін халін біле отыра, көре отыра зиялы
қауымның бұл мәселедей сырт қалуы мүмкін.
Ал оны бұрынғыдай Қазмемтерминкомның ғана құзырына тапсырып, бір топ
адамынң анда-санда бір басып қосып ат үсіт, жүрдім-бардым қарстыруымен
шешем деу - өзімізді-өзіміз алдағанмен пара-пар. Терминологияпроблемасын
тығырықтан шығарудың бір жолы – оның бүгінгі жаңа гүрдісінен бірден ат-
тонымызды ала қашпай, оған тереңірек байлап, ойланып-толғанып барып,
тұжырым айту. Бойкүйездікке салынып, барлық жаңалықтан безіне беруге
болмайды. Бірақ жаңалық екен деп кез келген жасампаздыққа жармаса берудің
де қажеті жоқ. Ең абзалы, осы кереғар екі құбылыстың қос тізгінін тең ұстай
отырып, қазақ терминологиясының бүгінгі жүдеу ахуалы мен жүз беріп оотырған
жаңа үрдісіне сындарлы көзбен қараған жөн. Пайдалысын аршып алайық,
зияндысынан арылайық. Сөйтіп, мәселені бір жағына шығарайық. Рас, біреулер
бүгінгі термин саласындағы бейберекет тіршілікке наразылық білдіріп,
кіжіне қараса, енді біреулер оны тіл дамуының заңдылығы деп түсінеді.
Қаткен күнде де, жел соқпаса, шөп басы қимылдамайды дегендей, бұл
тықырдың басталуы бекер емес. Себепсіз салдар болмайды. Егер реминология
шаруашылығымыз тіл табиғатына, заман талабына сай жүріп жатса, іштей
қобырап, қисыны кетіп, көрінгенге көз түрткі болмаған болар еді. Ол 70
жылдан кейін тығырыққа тіреліп отыр. Сондықтан біз көптің бірі ретінде осы
мәселеге өз көзқарасымызды білдіріп, пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік,-
дей келе, ғалым ағамыз бұдан әрі қазақ терминологиясын жасаудағы өзінің
принциптерін жаңаша көзқарас тұрғысынан атап, санамалап көрсетеді. Олар
мыналар:
1-принцип: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің
(атрибуттарының) бірі мелекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі
терминологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен
қолдануға сол ммелекеттің өзі қамқорлық жасауы керек.
2-принцип: Қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін жалғастыра,
өскелең өмірдің биік талап-талғамына сай жүз беріп отырған бұқаралық
үрдістің тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын саналы түрде пайдалану. Демек,
тілде бой көрсете бастаған бұл үрдіспен (тенденциямен) санасу – қоғам
өміріндегі өзгерістерге сәйкес ұлттың сананың даму заңдылығын мойындау
деген сөз.
3-принцип: Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде,
ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы
лексикалық байлығын сарқа пайдалану. Бұл – термин саласында бұрыннан келе
жатқан негізгі де дәстүрлі принцип. Бірақ терминология мәселесінің бүгінде
күн тәртібінде қайта қойылуына себеп болып отырған да осы негізгі
принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып келуі.
4-принцип (қазақ терминологиясы үшін жаңа бағыт): Термин
шығармашылығында бұдан кейін туысқан түркі тілдерінің (әсіресе терминология
дәстүріне бай жазба тілдердің) озық тәжірибелерінен, терминдік өрнек-
үлгілерінен,оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне
қарай пайдалану.
5-принцип (бұрынғы принциптің жаңаша баяндалуы) тіліміз: Тіліміз үшін
қажет, бірақ дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін интернатционалдық
терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.
6-принцип: Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин –
атауларды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану; аударуға
келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно-
морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.
7-принцип (қысқартылған терминдер мен атаулар жайында): Салалық
күрделі терминдер мен атауларды қазақ тілінің өөз негізінде алғашқы
әріптері мен буындары бойынша (сөз араластырып та кеңестік-интернационалдық
термин-атаулардың үлгісімен қысқартып қолданылуды заңдастыру.
8-принцип: Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік ұғымдарға
тілімізден дәл балама іздеуде де, термин-атауларды жаңадан жасауда да жалпы
терминдерге тән талаптарды сақтай отырып, дәстүр мен шарттылық заңдылығын
мойындау.
9-принцип: Тілімізге қабылданатын терминдер мен атаулардың мағыналық
тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, салыстыра отырып, лексикалық
байлығымызды салалықжүйе бойынша жіктеп, саралап пайдалану.
10-принцип: Тіліміздегі Ұлттық және интернационалдық термин-атаулардың
сандық және сапалық ара салмағын табиғи қалыпта сақтаудың жолдарын
іздестіру. Бұл принциптің стратегиялық мәні бар. Ол ана тіліміздің
тазалығын сақтауға қажет.
11-принцип: терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу
дәстүріне сәйкес реттеу. Бұл әдетте, алфавит пен емле қағидаларын өзгертуге
байланысты қаралатын күрделі мәселе, бірақ қандай болған жағдайда да оған
қоғам санасын қазірден-ақ дайындай, бейімдей беру қажеттігін ескерген жөн.
Академик Ә.Қайдаровтың қазақ тілінің терминологиясына бұл жаңаша
көзқарасы бұл саладағы күрделі өзгерістердіталап етеді. Ол енді тікелей
тәуелсіз мемлекетіміздің бұдан кейінгі жерде жүргізетін жалпы тіл
саясатына, мемлекеттік қазақ тілін қорғауға, оны қажетсінуді артыра отырып,
қолданыс аясын кеңейтуде, табиғи қалпын сақтай отырып, дамытуға бағышталған
Тіл заңы мен Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты. Сондықтан
ғалымның қалың көпшілік қауымға, ғылым әлеміне ұсынып отырған бұл
принциптері алдағы кезде қазақ терминологиясын мазмұнды да сапалы жасауда
бағыт-бағдар болдаы деп ойлаймыз.

2-бөлім
Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін
лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері
2.1. Тілі біліміндегі терминдер жайында
Ғылымда тіл біліміне қатысты терминдерді лингвистикалық терминология
қамтиды. Өйткені ол – тіл білімі саласындағы арнайы ұғымдар мен өзіне ғана
тән нысандарды білдіру үшін жұсалатын сөздер мен сөз тіркестерінің атауы.
Тіл білімі терминдері – лингвистикадан кейінгі екінші қатардағы тіл
басқаша айтқанда метатілдің құрамдас бір бөлігі.
Тіл білімі терминдері және кез келген басқа да ғылым салаларының
терминологиясы – терминдердің әншейін тізбегі ғана емес, сонымен бірге
белгілі бір ғылыми көзқарасты, дүниетанымды білдіретін ұғымдар жүйесі.
Жалпы, терминология ғылымынң қалыптасқан, дамудың жоғары деңгейіне
көтерілген тұсында пайда болды.
Терминдерді басқа лексикалық қабаттардан айырып тану оның нақты ғылыми
анықтамалық сипатына байланысты.
Тіл білімі терминдері терминология жүйесінің бір тармағы және соның
бір үйірімен түріне жатады.Терминдерге қойылатын негізіг талаптарды біз
жоғарыда айтқанбыз. Сондықтан термин реттеу проблемасы үнемі күн тәртібінен
түспейді. Зерттеушілердің бір тобы табиғи тілдерге тән таңбалау заңдылығын
бұзбау жайын қадағалап, тілді таза сақтауды қуаттаса, екінші бір тобы жаңа
терминологияны жасау тұрғысында ғылымның дамуын еш тоқтатуға
болмайтындықтан терминдерді реттеу тәртібін ұсынады:
1.Лингвистикалық сөз қолданыстың қазіргі күйін зерттеу;
2.Терминологяны іріктеп, оларды лингвистикалық терминдер сөздігінде
беру;
3.Екі және көп тілід терминологиялық, ұлттық терминолгиялық жүйені
салыстыра беру. Мұндай іріктеу, салыстыру барысында термин ретіндегі дәл
осы ұғым, құбылыс табиғатын барынша дәл бере алалтын сөздер мен сөз
тіркестерін іріктей білу керек.
Бұл аталған мәселеде қазақ тіл білімінде алғашқы тәжірибе бар. Бірақ
бұл бастамас ғана.
Қысқасы, кез келегн терминологиялық жүйенің өміршеңдігі оның ғылыми
тұрғыдан реттеліп, саралануына байланысты. Осы талапқа жауап бере алатын
терминологиялық жүйе өзін дүниеге келтірген ғылыми бағыттан да өміршең
болуы әбден мүмкін.
Қазақ тіл біліміндегі лигвостатистикалық терминдік атаулар мен
ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тірестерінің құрылымдық, құрамдық
сипаты да әрқалай: бұлардың ішінде дара сөді де, бірнеше компоненттісі де
бар; таза қазақ тілінің тілідк материалдары негізінде жасалғандары да,
қазақша баламасы болмай, аударуға келмеген орыс тілі не орыс тілі арқылы
сырттан келген интернационалдық тұлғалысы да бар; сондай-ақ көп жұрт танып
әдеби тілде қолданыс тауып жүргендері де, енді қолдана батағандары да бар.
Сөз болып отырған лингвостатистикалық терминдік атаулардың ішінде,
сондай-ақ, тіл білімінің өзінде қазірге дейін қолданылып келген, бірақ
лингвостатистика ғылымының тууы нәтижесінде басқа жаңа мазмұнда
қолданылатын – сөзформа, сөзқолданыс деген сиқты атаулар да бар. Айталық,
сөзформа термині қазіргі уақыттарға дейін дәстүрлік зерттеулерде,
оқулықтарда сөз болмай келді де, тек соңғы кезде ғана сөз болып ,
зерттеулерде, оқулықтарда қолдынла бастады.
Бұл терминді түсіндіруде де, мәнін ашып беру де әр түрлі пайымдаулар
бар. Бұл жерде біз С.Мырзабековтің сөзформа туралы айтқан пікіріне
толығынан қосыламыз. Ол өзінің жекелеген зерттеуінде орыс тіліндегі форма
слова, словаформа терминдерінің қазақ тіліндегі аудармаларын
(сөздің формасы, сөз форма) бір-бірінен ажырата тану үшін словаформа
терминінің қазақша баламасының ( сөзформа) арасына қадімгі қос сөздердің
арасына қойылатын сызықша (-) таңбасын қойып, қос сөз етіп жазуды ұсынады.
Ал біздің қолдануымызда, сөз формасы дегеніміз дербес немесе көмекші
мағыналы сөздің түбір тұлғасы мен оған жалғанған форма тудыруш
морфемалардың сан алуан көріністері. Яғни, түбір сөздің (негізгі форманың)
өзі де, оған сөз түрлендіруші грамматикалық форманттардың үстелуінен пайда
болған формалар да сол сөздің әр түрлі формалары блып саналады.
Лингвостатистикадағы сөз қолданыс термині тіл біліміндегі бастапқы
жағдайдағыдай-ақ – сөздердің тілімздегі қалай жазылуы, айтылуы, оқылуы
сияқтыстильдік қолданылуы деген ұғымды емес, керісінше, белгілі бір тілдің
мәтіндегі сөздің не сөз форманың қайталанып та, не қайталанбай да
қолданлуының жиынтық сипатын білдіреді. Бұл сөздердің сондай-ақ сөз
формаларының жиынтық сипаты – олардың қолданылу жиілігін көрсететін
сандардан (цифрлардан) көрінеді.
Бұл терминнің анықтамасын Текст единицалары және олардың
сипаттамалары деген зерттеу-мақалада авторлар былай деп берген:
Сөздің негізгі формасы мен туынды формасының және цифрлар мен әр
түрлі символикалардың, техникалық құрал-жабдықтар маркаларының,
белгілерінің т.б. тексте қайталанбай да, қайталанып та қолданылуы сөз
қолданыс деп ататлады.
Біздіңше, осындағы: тексте қайталанбай да, қайталанып та
қолданылуының жиынтық сипаты сөз қолданыс деп аталады,-деп, толықтыру
керек сияқты. Өйткені жиілік сөздіктерде сандық көрсеткіштер қай кезде де
көрсетіліп отырады емес пе? Ал жиілік сөздіктерде еш қатыссыз қолданылған
сөз қолданыс тіркесі лингвостатистикадан тыс қалады да жалпы
грамматикадағы сөздердің не сөз формаларының әр түрлі жағдайдағы қолданылуы
деген ұғымда жұмсалынады.

2.2. Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық статистика ғылымы және ондағы
терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері.
Кез келген ғылым салаларының дамуы немесе оның нәтижесінде ғылым
түрлерінің бір-бірімен тоғысуы (интеграциялануы) жаңа ғылым тармақтарының
(бағыттарның, салаларының) тууына, пайда болуына алып барары сөзсіз.Ал
әлемдегі қай тілде болмасын оның сөздік қры оны тұтынушы ұлттың не халықтың
тыныс-тіршілігінде болып жатқан күнделікті тұрмыстық, кәсіптік, кәсіптік-
ғылыми т.б. жаңалықтарына байланысты онда туып, пайда болып отырған жаңа
атаулар мен ұғымдардың-терминдердің негізінде толығып, байып отырады.
Мұндай жаңалықтарға, ғылым мен техника жетістіктеріне байланысты туып,
пайда болған, қолданысқа ене бастаған жаңа сөздердің (туындылардың)
мазмұндық сипаттары да әр түрлі екендігі белгілі.Айталық, заң, экономика,
тарих, әдебиет, тіл білімі т.б.
ХХ ғасырдың 60-жылдарында қазақ ғылымы әлемінде қоғамдық ғылымдар
қатарындағы тіл ғылымының да зерттеу нысандары өсті, дамыды. Онда әдеби
тіліміздің ішкі-сыртқы даум заңдылықтары мен баю жолдары анықталып, осыған
орай қазақ тіл білімінің негізгі мәселелерін қарастыруда қолданылатын әдіс-
тәсілдер де толықты, жетілді.
Мәселен, сондай тіл мәселелерін зертеуде қолданылатын дәл, нақты әдіс-
тәсілдердің бірі – статистикалық (санақтық) әдіс болды. Мұнда математиканың
математикалық статистика, ықтималдықтар теориясы мен информация теориясы
әдістері қолданылды. Осы математиканың статистикалық әдістері мен
принциптеріне сүйеніп, тілдің сандық өрсеткішіне саплы талдау жасау
негізінде тіл мәселелерін шешетін тіл білімінің бір саласы – лингвистикалық
стистика (лингвостатистика) пайда болды. Ол - әдіс-тәсілдер жиынтығы емес,
керіснше, өіндік қарастыратын мәселесі, өзіндік әдіс-тәсілі бар ғылыми пән
болып қалыптасты.
Лингвистикалық статистика- өзінің алдына белгілі бір тілдің дыбыстық,
лексикалық жүйесін, граматикалық құрылымын, оның заңдылықтарын, даму
процестерін статистикалық деректер негізінде статистикалық талдау жолымен
анықтады мақсат етіп қояды. Осылардың негізінде – олтілдің жалпы
жүйесіндегі көрінісін, қолданысын, функциялық сипатын анықтау арқылы
гипотезалық болжамдар белгілейді және шешеді.
Лингвистикалық статистиканы кейде статистикалық лингвистика
(статолингвистика) деп те атайды. Бұған қарағанда бұл терминдердің бір-
біріне жақын, тең ұғымда жұмсалатындығы көрінеді. Дегенмен, біз
лингвистикалық статистика деген нұсқасын дұрыс деп табамыз. Себебі, мұнда
статистикалық деректер, яғни, математикалық аппарат тіл ғылымына қызмет
еттеді.
Алдымен шет елдерде қолға алынып, кейінгі уақыттарда біздің елімзде
ереше өркендеп, дами бастаған тіл білімінің бұл саласы бүгінде қазақ тіл
білімінің барлық тарауларында – лексика мен лексикографияда, фонетика мен
грмматикада, тіптен, көне жазба мәтіндерді сипаттап хатқа түсіруде оның
тілін зерттеуде де қолданылып отыр.
Лингвистикалық статистика ғылымының қазақ тіл білімінде қолданыла
бастауына байланысты бұған дейін бұл салаға қатысты ғылыми зерттеулер,
монографиялар, мақалалар, жинақтар жарық көрді. Оларда лингвистикалық
статистика саласына байланысты жаңа атаулар мен ұғымдарды білдіретін
терминдік сөздер мен сөз тіркестері туып, қолданыла бастады. Көбі тілдік
қолдынста орнығып қалыптасты да. Айталық, лингвистикалық статистика,
лингвостатистика, статистикалық лингвистика, статолингвистика,
статистикалық тіл білімі, статолингвист, статис-тілші, лингвостатист,
жиілік сөздік, алфавитті-жиілік сөздік, сөзқолданыс, сөзжиілігі, сөз
ұзындығы, мәтін көлемі, статолингвистикалық әдіс т.б.
Лингвистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін бұндай
сөздер мен сөз тіркестері тіл білімінің арнаулы лексика тобына жатады. Ал
арнаулы лексика дегеніміз қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік
топтардың мамандығына, қызметіне шұғылданатын кәсібіне байланысты
қалыптасқан сөздер мен сөз қолданыстары (сөйлемшелер, сөз тіркестері).
Мұның ішінде ол кәсіби терминолгия болады. өйткені, Кәсіби терминолоия
дегеніміз ғылым, техника, өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат
атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінң
жиынтығы(9).
Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз
байланысты болады дейтін блсақ, лингвостатистикалық терминдер де тіл
білімінің дамуымен, оның математика, кибернетика сияқты ғылымдармен
жақындасуынан, яғни, ғылымдардың интеграциясының нәтижесінде туған
лингвистикалық статистика (лингвостатистика) пәнінің туып қалыптасуына
байланысты дүниеге келіп отыр.

3. Лингвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер
мен сөз тіркестерінің сипаты
Жоғарыда айтқанымыздай, лингвостатистикалық терминдердің біразы
бүгінде тұрмыста (ғылымда) қолданыс тауып та жүр: жиілік сөздік (10),
алфавитті жиілік сөздік, кері алфавитті-жиілік сөздік, лингвистикалық
статистика, лингвостатистика, сөзқолданыс (словоупотребление), сөз форма
т.б.
Сонымен бұл терминдік ұғымдағы сөздер мен сөз тіркестерінің ішінде
бүгінгі қазақ тіл білімінде қолданыс тауып орныққан: жиілік сөздік,
алфавитті-жиілік сөздік, кері алфавитті-жиілік сөздік, линвистикалық
статистика, лингвостатистика, тіл статистикасы, матлингвистика сияқты
атаулар да, автоматтандрылған картотекалық қор, автоматты талдау, сандық
сипаттама, сапалық сипаттама, статистикалық өзарар салмақ, статистикалық-
ықтималдық әдістер деген сияқты енді ғана қолданыс тауып, тілде орныға
бастаған ұғымдар да бар.
Бүгінде қазақ тіл білімінің бұл саласында қолданылып жүрген мұндай
терминдік ұғымдағы сөздер мен сөз тіркестерінің көлемі де біршама. Нақтылап
айтқанда, қазірге дейін біз жиыстырған тілдік материалдар бойынша – 170.
Олардың құрылымы мен құрамы да, тіліміздегі қолданылу дәрежесі де әр түрлі.
Сондықтан да біздің ойымызша, келешегі бар ғылымсаласы ретінде
лигвостатистикалық терминдер мен терминдік ұғымдағы сөздер мен сөз
тіркестерін жиыстырып, оның құрылымы мен құрамына, тіліміздегі қолданылу
сипатына жан-жақты тілдік талдау жасайтын, сөз ететін уақыт жеткен де
сияқты. Ол бүгінгі күннің осы салада атқарылған маңызды (актуальды)
міндеттерінің бірі.
Қазақ тіл біліміндегі лингвостатистикалық терминдер жайын, біздіңше,
мына төмендегідей мәселелер мазмұнында сөз етіп, бұларға қатысты жұмыстар
атқарған жөн:
1. Лингвостатистикалық терминдерді, яғни, терминдік ұғымдағы
атаулар мен сөз тіркестерін жинастыру; олардың алфавитті
сөзтізбесін жасау.
2. Лингвостатистикалық терминдердің сипатын талдап сөз ету. Бұл:
- жасалынуы принциптеріне қарай;
- морфологиялық құрамына қарай;
- тіркесті құрылымына қарай;
- грамматикалық тұлғаларды қабылдап қолдануларына қарай талданылуы
тиіс;
3. Лингвостатистикалық терминдердің қазақша, орысша-қазақша
аударма сөздігін жасау.
4. Лингвостатистикалық терминдердің түсіндірме сөздігін жасау
т.б.

4. Лингвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер
мен сөз тіркестерін топтау, жіктеу, саралау
Қазақ тіліндегі терминдік мәндегі сөздерді саралап, жіктеп көрсек,
оларды қолданудың аясы әрқалай екенін көреміз: көптген терминдер белгілі
бір тілдегі ғылым мен өндірістің немесе шаруашлық пен кәсіптің бір саласына
ғана меншіктеліп тар көлемде өмір сүреді. Ал кейбір терминдер жалғыз бір
тілдің аясында шектелмей, көптеген тілдерге ортақ кең шеңберде қолданылады.
Бұлар интернационалдық терминдер деп аталынады. Себебі бұлардың орыс
тілінен қабылданғанда қазақша баламалары жоқ, бірақ ғылым, техника т.б.
салаларында қолданылады. Сондай-ақ бұлардың бірқатары жиі қолданудың
нәтижесінде тек кәсіби-терминдік (бізде тіл білімінің лингвистикалық
статистика саласы) дәрежеде қалып қоймай, жалпыхалықтық дәрежеге
көтерілген. Мысалы: лингвистика, статитика, математика, кибернетика,
компьютер, грамматика, лексика, фонетика, синтаксис т.б.
Талдап отырған тіл білмінің лингвистикалық статистика саласы бойынша
қазірге дейін біз жинастырған терминдік ұғымдағы сөздер мен сөз
тіркестерінің саны 168 болды. Бұлардың сипаты жасалыну принциптеріне қарай
, морфологиялық құрамына қарай, тіркесіп қолдану сипатына қарай,
грамматикалық тұлғаларды (формаларды) қабылдап қолдануларына қарай, әр
түрлі. Мәселен, жиналған атаулардың ішінде тек жеке сөзден тұратын термин
сөз екеу-ақ екен. Олар: кибернетика, компьютер. Бұлар да болса, көпшілікке
ортақ – жалпыхалықтық интернационалдық терминдер.
Қазақ тілі лексикасының үлкен бір саласы терминология болса, осы
ғылыми терминдердің бір саласы (арнасы – тіл білмі терминдері).
Ғылыми зерттеулердің дәстүріне сүйенсек, кейінгі кезде туған қазақ тіл
білімі терминдерін тіл мамандары екі топқа бөліп қарстырып жүр.

1.Қазақ тілі негізінде жасалған терминдер.
2.Интернационалдық (жалпыхалықтық) тұлғадағы термин сөздер,-деп. Біз
де талдауымызда осы дәстүрге сүйендік (қараңыз: 1-кесте)

1-кесте
Лингвистикалық статистика термин сөздері мен сөз тіркестерінің
дәстүрлі екі принципі бойынша жіктеліну статистикасы

қс Терминдік топ түрлері Саны
1. Қазақ тілі негізінде жасалған 38
2. Интернационалдық тұлғада жасалған 131
А)таза құрамда 37
Б)аралас құрамда 94 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Заң терминдері. Олардың лексика - грамматикалық табиғаты
Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы
Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресіндегі» араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі
Қазақ тіліндегі атаулық тіркестердің қалыптасуы мен жасалу жүйесін, модельдерін, уәжділік негізі мен семантикалық құрылымының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу
Қазақ тіліндегі тіркесімдік терминдер, олардың құрылымы
Арабша - қазақша құқық терминдері
Бастауыш сынып оқулықтарының лексикалық қорын анықтау
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Пәндер