Буынның сипаты



Буын

Жоспар:

1.Буынның сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1,2
2.Буынның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
3.Сөздердің буын құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2,3
4.Буын құрамының өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3,4
5.Ашық буын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
6.Тұйық буын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4,5
7.Сөздің буын санының артуы мен кемуі ... ... ... ... ... ... ...5,6
8.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Буынның сипаты

Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене еденицалар - буындарға ажырайды. Такт буындарға жіктеліп бөлшектенеді. Буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Кез келген дыбыс буынқұрай бермейді. Көпшілік тілдерде буын жасайтын дыбыстар - әдетте дауыстылар. Жанып тұрған май шамға таяу отырып сөйлегенде , ол жалп- жалп етіп тұрады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстылардыайтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен тікелей байланысты болады. Дауыстылар жеке - дара күйінде де, дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты дыбыстар ғана емес, сонымен бірге кейбір тілдерде, мысалы, чех, серб тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады. Мысалы, серб тіліндегі прст (палец – саусақ) деген сөз бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанымен, әрқайсысы бір-бір буынды сөздер ретінде қаралады. Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес. Кейбір сөздердің жазылуындағы буын санынан айтылуындағы буын саны көп болса, керісінше, кейбір сөздердің айтылуындағы буын санынан жазылуындағы буын саны көп болады.
Буын –фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы.
1. Буын болу үшін оның құрамында біреуден артық дауысты дыбыс болмауы керек. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады. Мысалы, балаларға дегенде, дұрысы бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшкетерге тура келіп қалады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. С.Мырзабеков "Қазақ тілінің фонетикасы" А.... 1969ж
2) К.Аханов "Тіл білімінің негіздері" А....1993ж
3) С.мырзабеков "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі" А...1999ж
4) "Қазіргі қазақ тілі"

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Буын

Жоспар:
1.Буынның
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1,2
2.Буынның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
3.Сөздердің буын
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..2,3
4.Буын құрамының
өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3,4
5.Ашық
буын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 4
6.Тұйық
буын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 4,5
7.Сөздің буын санының артуы мен кемуі ... ... ... ... ... ... ...5,6
8.Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 7

Буынның сипаты

Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене еденицалар - буындарға
ажырайды. Такт буындарға жіктеліп бөлшектенеді. Буын бір дыбыстан
немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Кез келген дыбыс
буынқұрай бермейді. Көпшілік тілдерде буын жасайтын дыбыстар - әдетте
дауыстылар. Жанып тұрған май шамға таяу отырып сөйлегенде , ол жалп-
жалп етіп тұрады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы
дауыстылардыайтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге
ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен тікелей
байланысты болады. Дауыстылар жеке - дара күйінде де, дауыссыздармен
тіркесіп келіп те буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты
дыбыстар ғана емес, сонымен бірге кейбір тілдерде, мысалы, чех, серб
тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады. Мысалы, серб
тіліндегі прст (палец – саусақ) деген сөз бір өңкей дауыссыздардың
тіркесінен жасалғанымен, әрқайсысы бір-бір буынды сөздер ретінде
қаралады. Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын
саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес. Кейбір сөздердің
жазылуындағы буын санынан айтылуындағы буын саны көп болса,
керісінше, кейбір сөздердің айтылуындағы буын санынан жазылуындағы
буын саны көп болады.
Буын –фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге
ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы.

1. Буын болу үшін оның құрамында біреуден артық дауысты дыбыс
болмауы керек. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса,
сонша буын болады. Мысалы, балаларға дегенде, дұрысы бір-ақ дауысты
фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан тұрады. Бір фонема
бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық
немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшкетерге тура келіп қалады.
Мысалы, ат-ты-лар-ға, дейтін төрт буынды сөздің 1-буыны ( ат )-
түбір, 2-буыны ( ты )- сын есім тудыратын жұрнақ . 3-буыны ( -лар )-
көптік жалғау, 4-буыны ( -ғы )-септік жалғау.
3. Тіліміздегі байырғы сөздер біріңғай не жуан буынды Мысалы, а-на-
ла-ры-мыз-ды, не жіңішке буынды мысалы, кү-мі-сі-міз-ді болып келеді.
Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар
кірме сөз болғаны: қабілет, қажет, параллелипед т.б. Буынның жуан,
жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
4. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да екі
дауыссыздан басталмайды.Мысалы, бөрене, керует, үстел т.б.
5. Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін,
қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай
болып келеді:
1) Бір дыбысты. Бір дыбысты буындар ( а, ә, е, о ) тек дауысты болады
да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі.Мысалы, а-
та, і-ні, ә-же т.б.
2) Екі дыбысты: та-за-ла, жа-ға, ой-на;
3) Үш дыбысты: көз, өрт, бөл-шек-тер, акт;
4) Төрт дыбысты. Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы төрт
дыбыстан аспайды. Ал орыс тілінен енген сөздерде буын бес, тіпті
алты дыбысты бола алады. Мысалы, былқ, жылт, тракт,қант.
5) Бес дыбысты: спорт, трест, фланг, пункт.
6) Алты дыбысты: спекр, спринт.

Буынның түрлері

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға, Н. Сауранбаев
төртке, С.Кеңсебаев, К.Аханов үшке, С.Мырзабеков екіге бөлген.
1. Ашық буын – бір ғана дауыстыдан болған немесе дауыссыздан
басталып, дауыстыға біткен буын ашық буын деп аталады.Мысалы, а-
ла, қа-ра, да-ла, мә-се-ле.
2. Тұйық буын – дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буын тұйық
буын деп аталады. Мысалы, оқ, ас, ұрт, ант.
Бітеу буын – ортасы дауысты болып, екі жағы да дауыссыз дыбыспен
тұйықталған буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, қос, бұлт, тон,бұлт,
тарт.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, үш дыбысты тұйық
буын мен төрт дыбысты бітеу буынның соңындағы қатар келген екі
дауыссыздың ең соңғы дыбысы қатаң, оның алдындағы дыбыс үнді болып
келуі шарт.Мысалы, ант, өрт, бұлт, тарт, қант т.б.

Сөздердің буын құрамы
Тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай мынадай болып
келеді:
1. Біріңғай ашық буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-на, са-на-сы-на, о-
қы-са, ке-ле-ді.
2. Біріңғай тұйық буынды сөзформалар: жат-тық-тыр-ған-дар-дың, тас-
тай, үл-кен-дер-дің, сөй-лес.
3. Аралас буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-мыз-дың, көр-ге-ні-міз, ой-
лан-ба-ды, а-ла-мын.

Буын құрамының өзгеруі

Тілдегі әр түрлі морфемалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп,
сөйлеу үстінде көбіне бірнеше морфема бірігіп, түйдек құрап
айтылады. Әсіресе жеке буын, тіпті жекелеген дыбыс түрінде келетін
қосымшалар өз алдына қолданылмайтыны белгілі. Олар сөзге жалғанған
кезде өздерінің дыбыстық құрамын кенйде сақтап, көбіне өзгеріске
түсіп тұрады. Мұндайда көбіне дауыссыздан басталатын қосымшалар өз
алдына буын құрай алады.Мысалы: а-на-мыз-дың, үлкен-деу, боз-ғылт. Ал
дауыстыдан басталатын қосымша міндетті түрде өзінің алдында тұрған
буынның соңғы дауыссыз дыбысын өзіне қосып алады, яғни алдыңғы
буынның соңғы дыбысы кейінгі буынның құрамына өтеді, мұны дыбыстың
жылысуы деп қарайды. Мысалы: ал-а-а-ла, а-лып--а-лып, ат-ым—а-тым.
Дауыстыдан басталатын қосымшалар жеке дыбыс түрінде, дыбыстардың
қосындысытүрінде де болады.Жеке тұрып қосымша бола алатын
дауыстылар:
1. –а, -е
1) Септік жалғау: сөзім-е, кет-е, ойым-а.
2) Көсемшенің жұрнағы: жаз-а, кет-е.
3) Сөз тудыратын жұрнақ: сан-а, бұл-дыр-а, мін-е, жел-бір-е.
2. –ы, -і
1) Тәуелдік жалғау: ат-ы, ақыл-ы, ес-і, тер-і.
2) Сөз тудыратын жұрнақ : бай-ы, зақ-ы, желп-і,көлк-і.
3. -ө, -ү, -ұ
Бұлар жазуда ескерілмейді. Еріндік дауыстысы бар
бір буынды сөздерге жалғанатын –е, -ы, -і қосымшалары айтуда сөз жоқ
ө, ұ, ү түрде дыбысталады: өлө (өл-е), ұлұ ( ұл-ы), қолұ (қол-
ы).
Ұяңдардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі буынының сипаты
Буынның сипаты жөнінде
Кешігуі бар буыны
Кинематикалық жұптар
Тілімізге араб, парсы тілдерінен ертеректе енген сөздер бұған дәлел
Сахна тілі интонациясының дискурстық сипаты
Қазақ тіліндегі буын алмасу үдерісі
БУЫН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛЫМ БЕЛГІЛЕРІ
Буын алмасу үдерісін ерекшелеу - буын түрлерін ерекшелеудің басты сипаты
Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар
Пәндер