Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Соңғы жылдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси өзгеріс нәтижелері заңдардың өзгерілуі және жетілдірілу қажеттілігіне әкеп соқты. Сондықтан қазіргі кезге дейін заңдардың өзгерілуі және жетілдірілуі жүзеге асырылуда. 2007 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халықына Жолдауында былай деген: "Қазақстан халқы, әлемдік қауымдастықтын ажырамас бөлігі ретінде, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру жөніндегі шешімін Конституциялық түрде бекітті. Қоғамның құқықтық саласын терең реформалау қажеттілігі мынадан туындап отыр, қоғамның экономикалық және саяси жүйесіндегі жүргізіп жатқан құрылымдық өзгерістерге сай жаңаша оған құқықтық инфроқұрылымды талап етеді. . Сондықтан да, құқықтық реформа республикадағы саяси және экономикалық өзгерістермен бірге жүру керек, кейбір жағдайларда бұдан да алдыға қарай асуы, себебі оларды реттеп отыру үшін қажет. Соңғы жылдары қабылданған құқықтық мәселелерге байланысты заң актілері, республика азаматтарының бостандығы мен құқықтарын қорғауға және заңдылықты нығайтуға бағытталған. Бірақ та қоғамды демократиялық мемлекетке айналдыру, әділсоттылықты жүзеге асыруда ізгілікті сипатқа ие болады, қылмыстылықпен күресудегі ролі мен маңызы еш кемітпейді, сот тергеу органдарының жауапкершілігін күшейте отырып, олардың істерінде заңдылықды сақтау негізінде қабылданған шешімдерінің сапалылығы мен қажеттілігін арттырады". Жоғарыда аталған өзгеріс нәтижелері қылмыстық іс жүргізу заңын өзгерту қажеттілігіне әкеп сокты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қалыптасуы уақытқа созылып және белгілі бір жүйе талаптарына сай болуға тиіс.
Жұмыстың мақсаты. Қылмыстық іс жүргізу заңы әлі жетілдірілмегендіктен, оған қосымша өзгерістер еңгізу қажет екенін көрсету. Сондықтан алдында орын алған қателіктерді алдын алу үшін жиналған құқық қолдану тәжірибесін ескеруінің қажеттілігін көрсету.
ҚР Конституциясының 14 бабында былай делінген: "Бәрі заң мен сот алдында тең, кез-келген тұлға оған қатысты, оны кінәлі деп табатын соттың шешімі занды күшіне енбеңінше кінәлі деп табылмайды". Осыған сәйкес сотталушының кінәсі ор бір белгісі бойынша тек жан-жақты, толық және объективті істің мән-жайларының зерттелуінің нәтижесінде толық дәлелденген болса, ал дәлелдеу дәлелдемелердің негізінде жүзеге асырылады.
- қылмыстық іс жүргізу құқығының маңызды және өзекті "Дәлелдемелердің қайнар көзі" тақырыбына тоқталып ашу;
- дәлелдемелердің қайнар көздері теориялық және тәжірибелік маңызын көрсету. олардың түрлері теориялық маңызы зерттелетін объектілерге жүйелі түрде қарастыру негізін анықтау;
- дәлелдемелерге қатысты қайнар көздері дәлелдеу процессінің қиындығы және көп жоспарлылығы, процессуалдық дәлелдеуге талап етілетін объектілерді;
- дәлелдемелердің құрылымы мен мазмұнының алуан түрлілігінің маңыздылығын ашу;
- дәлелдемелер қайнар көздері тәжірибелік маңызы дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау ерекшеліктерін айқындау;
- дәлелдемелердің қайнар көздері тергеу мен сотқа дәлелдемелердің қайсысы "жақсы", "нашар" деген пікірдің қателігін көрсету;
- қылмыстық іс жүргізудің "бірде-бір дәлелдеме алдын ала бекітілген күші болмайды" деген ережені көрсету. Осыған орай дәлелдемелердің тәжірибелік маңызы сотпен іс бойынша анықталған дәлелдемелерді бағалау кезінде қорытындылық ережелерді сипатау.
Жұмыстың теориялық негізі болып М. С. Строгович, И. Б. Кузнецова, Б. Х. Төлеубекова, Л. Д. Кокорев, Л. М. Карнеева, Е. Е. Ерешев, Г. Ж. Сүлейменова және т. б. ғалымдардың ғылыми жұмыстары негіз болды.
Жұмыстың тәжірибелік қажеттілігі дәлелдемелердің алдын-ала тергеуде және сот тергеуінде өте маңызды, өйткені тұлғаның қылмыс істегені туралы кінәлі не кінәсіз екендігін бекітуге мүмкіндік береді.
1 Тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ.
- Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу теориясының ұғымы, мазмұны және маңызы.
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі болып табылады, Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы "дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардын теориялық негіздерін, заңдық регламенттін, даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т. б. қамтиды" 1 .
Қылмыстық іс жұргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп Г. М. Миньковский былай деп жазды: "Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымынын бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған, кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық процестен оқшау қала алмайтыны сияқты дәлелдеу теориясы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтыны түсінікті. Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланыскан"1.
Сонымен, заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу кұқығы кұрамдас элемент ретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу кұқығының ғылыми-теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:
- таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
- осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенін өзгеше нысандары туралы;
- қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің (дәлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;
- қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
- дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;
- соттык зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы. 2
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болыл табылады. П. С. Элькиндтің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудық, тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын кұкық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек. 3
Дәлелдеу кұқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан көрінеді:
- дәлелдеу құқығының тәсілдері мен кұкықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
- аталған кұқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға, тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының кұрамдас бөлігі болып табылады;
- дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құкығы мақсаттарыньщ бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
- қылмыстық іс жүргізу құкығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді;
- аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құкығындағыдай болып келеді;
- дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұнын өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды терендету процесіне дәлелдеу құқығының оң ықпал етуінін негізі болып табылады;
- дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын кұрудың ерекшелігін керсетеді.
Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдермен жұмыс істеу, әділ соттың ұзақ жылдық тәжірибесі құқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты, сәйкессіздікті анықтады. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардын теориялық және практикалық аспектілерін дербес турде жетілдіру қажеттігін өмірге әкелді. Әуел баста бөлек-бөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелілікке тән дәлелдеу кұкығына айналды.
Ғылыми әдебиетте дәлелдеу теориясының мәні түрінде тусіндіріліп келді. Атап айтқанда М. Л. Шифман дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығы бір нәрсе деп есептеді. Ол былай деп жазды: "Қаралатын сот iс үшін мәні болатын фактілерді дәлелдеу мен бағалаудың нормалар жүйесі, бірыңғай принциптері, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы дәлелдеме теориясы немесе дәлелдеу құқығы дел аталады". 4 Дәлелдеу құқығының немесе дәлелдеме теориясының мәнін осылайша түсіну негізіне біздің көзқарасымызша, КСРО-ның соғыстан кейінгі кезеңіндегі іргелі еңбектердің бірінің авторы, академик А. Я. Вышинскийдің көзқарасы алынған. Ол 1946 жылдың өзінде былай деп жазды: "Дәлелдеме туралы ғылым немесе дәлелдеу құқығының теориясы, жалпы көпшілік мақұлдағандай, бүкіл сот құқығының басты, орталық теориясы болып табылады.
Бірқатар процессуалистер процессуалдық ғылымның осы бөлігіне айрықша мән беретіндігі соншалық, бүкіл процесті дәлелдемелермен пайдалану өнеріне әкеліп тірейді". 5 Тұтас алғанда қылмыстық іс жургізу құқығы мен дәлелдеме теориясының арасында генетикалық байланыстың бар екендігін тани отырып, А. Я. Вышинский сонымен бірге дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығының арасындағы айырмашылықты кермеді, ол туралы оның "дәлелдеу құқығының теориясы" деген термині сөзімізді растайды.
"Дәлелдеу құқығының теориясы" термині осы заманғы ғылымда "дәлелдеме теориясы" мен "дәлелдеу құқығы" үғымдарының араласуына жол бермейтін біршама өзге мағынада қолданылады. Мәселе мынада, құқықтағы кез келген бағыт фундаменталдық-теориялық және нормативтік-қолданбалы екі аспектінің езара байланысын көздейді. Сонымен, дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі ретінде дәлелдеу құқығын бір мезгілде, бүрын айтылғанындай, екі аспект түрін де қарауға болады: 1) дәлелдеу құқығының теориясы; 2) дәлелдеме құқығының нормалар жиынтығы. Бірыңғай әдістемелік ерекшелігі бар мұндай бөлу нормативті регламент түрінде көрінетін міндетті бөлігінен құқықтық нұсқамалармен әрдайым сәйкес келе бермейтін қорытынды ережелердің жүйесінен тұратын факультативті бөлігін ажыратуға мүмкіндік береді. Мұндай қарым-қатынас фундаменталдық-теориялық бөлігінің анағұрлым кең ауқымды мазмұнына байланысты заңды да. Міне, осы мағынада П. С. Элькиндтің: "кеңестік қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының жалпы міндеттерінен дәлелдеу құқығы теориясының (тақырыбының ерекшеліктерін айқындайтын) өзгеше міндеттері белінуі мүмкін" 1 .
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататын-дығы туралы ережені тану шывдықка қол жеткізу процесінде таным орнын айқыңдауды объективті түрде талап етеді.
Танымның философиялык проб лемаларын жалпы көпшілік-тіңжетілдіруі, айналыпкелгенде"танымтеориясы" аталған философиялык дербес белікке айналды. Таным теориясының негізіңде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті мате-риалдық әлемді тану мен онытануға болатындығы туралы мәсе-лелергедиалектикалық-материалистік көзқарас жатыр. Бірден бір ғылыми әрі дұрыс маркстІк-лениндік таным теориясын 2 ай-кындаудағы партиялық көзқарастың талас тудыратыньша кара-мастан осы заманғы дәлелдеу теориясъшың іргетасын құрайтын біркатар қорытьшды ережелердің ұғымды сипатын шындьік үшін тану кажет.
Дәледдеме теориясының таным теориясымен байланысы мьшада: сонғысы ғылыми тандауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін кылмыстык іс жүргізу танымыньщ ал-ғашкы әдістемелік негізін білдіреді.
Гносеология - жеке ғылыми әдістер мен тәсілдер тұрғысында түсіндірілетін кезкелген саласында қолданылатын әмбебап корытынды ережелерді қамтиды. Мұның дәлелдеме теориясына да тікелей қатысы бар. Осындай әдістемелк кілт ретіңде осы заманш ғылым диалектикалык әдісті кодданады. А. Давлетов былайдепжазды: "Қылмыстык іс жүргізу танымывда диалектикалык әдісті колдану жалпы, философия-лык және әсіресе кылмыстык іс жүргізу зандылыктарды дұрыс ұйлестіре білуден тұрады. Таным қызметін реттейтін кылмыстық іс жүргізу заңыньщ нормалары философиялык категорияларды кылмыстык процессуалдык үғьімдарға айнаддыратын призма сипатында көрінеді. Кылмыстык процессуалдык танымның белгілі бір мәселесін шешу тетігі мынадан керінеді: ен әуелі оның философиялык алғы шарттары болады, сосын осы мәселеге катысты нормативтік ережелері альшады, содан кейін филосо-фиялықнегізге орнықкан, бірақ ерекше (кылмыстык іс жүргізу) мазмұнымен толыктырылған жауап беріледі 3 ' 2 .
Таным теориясы құкыкта объективті түрде пайда болған "терезені" толықтырды, ол әдістемелік аса манызды касиеттерініңбірі. Теория - кылмыстык іс жүргізу кұкығының нормативтік нұсқамаларын пайдаланады және соған негізделеді. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу қьізметінің ажырамас белігін кұрайтын таным процесі, ой қызметі, ішкі сенім және басқалары заңменен егжей-тегжейлі реттелуі мүмкін емес. Нормативтік реттеу саласъшан тыс кадатынның бәрі де "кұкыктык терезе" немесе "кұқықтық кеністік" деп аталатын-дарды құрайды. Олардың кұкықта болуы занды және сезсіз. Оларды толыктыру әмбебап әдістемелік кілттің негізінде жүзе-ге асырылады, дәлелдеме теориясына катысты кілт ретінде біз гносеологияны немесе таным теориясын қараймыз. Методоло-гияның осы аспектісін сипаттай келіп, А. П. Шептулин былай деп атап етті: "танымның диалектикалык әдісі тиісті ғылымда қолданылатын жеке әдістер аркылы өзгере отырып арнайы ғылымдарда және танымның диалектикалық әдісі талаптарьшда Дербес түрде пайдаланылуы мүмкін".
Гносеология- таным теориясының тап өзі. Философияда таным теориясың белгілеу үшін, сондай-ақ "эпистемология" (гр. epistemologia - таным теориясы) термині пайдаланылады.
Сонымен бірге методологиялық негіздің әмбебаптығьш сөзбе сез түсінбеу керек. Методологиянъщ негізгі ережелерін колдану міндетті түрде таным саласының ерекшелігін ескере отырып түсіндіруді көздейді. Қыдмыстық сот ісін жургізуде шындыкқа қолжеткізудің ерекшелігі мынаданкөрінеді: "бұл жерде таным объектісінің такырыбы бізді қоршаған әлем емес және тіпті же-келеген құбылыстар мен оқиғалар да емес. Ғылым тақырыбы-нан бір ерекшелігі сот ісі бойынша зерттеу тақырыбы барлық уақытта қылмыстық оқиғаны құрайтынжәне соған байланысты фактілердің азды-көпті белгіленген тобымен шектеледі . . . ФактІлерді зерттеудің ерекше әдістері, ерекше тәсілдері және осы қызмет жүзеге асыратын нысандар мен шарттардық ерекшелігі де осыдан . . . Алайда дәлелдеудің ерекшелігі қаншама елеулі болса да ол басқа ештеңе де емес, таным қызметінін бір тұрі болып табылады, өйткені оның мақсаты шындықты айқын-дау".
Таным теориясы дәлелдеу теориясын зандармен және ойлау нысандарьшен толыктырады. Кез келген саладағы ұйымцы та ну ұшін кажетлі ойлаудың жалпыға ортақ нысандары мен тәсілдерін формальды логика зерделейді 2 . Тап осы формальды логика "ұғым", "пайымдау", "ой корытындысы", "анықтама", ұғымы-ның қалыптасуыныя "ережесі не принциптері" және т. т. тура-лы түсінік береді. Сонымен, формальды логика танымның диалектикалық теориясынын құрамдас бөлігі бола отырып, бір мезгілде дәлелдеу теориясының элементін де қамтиды.
Таньм теориясының дәлелдеме теориясымен байланысының жанама түрдегі сипаты қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің және дәделдеу жөніндегі кызметтің ерекшелігін "сокырға таяқ ұстатқандай" етіп көрсетеді.
Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге кайта оралсақ, қылмыстық іс бойыншашындықты анықтау процесінде қалыптасатын әр түрлі жағдайларды қамту үшін формальды ло-гиканьщ шенбері әлдеқайда тар екенін айту қажет. Мәселе мы-нада, "формальды логика алынған корытындылардың ғана емес, олардың негізіне қаланған логикалық сілтемелердін дұрысты-гын, шындығын тексеру туралы мәселелермен айналыспайды. Формальды логика кандай жолмен танымнан білім туындайты-нын, толық емес жәнедәлемес білімнен толық және дәл білім алынатынын түсіндіруге мүлде дәрмені жок. ". Формальды ло-гиканың осы шектеуділігі: 1) тұтас алғанда танымның диалектикалық теориясынын, институттары мен категориялары есебінен; 2) іс жүргізу дәлелдемелерін жинау, бекіту, тексеру және бағалау жөніндегі өзгешелігі бар кызметін нормативтік регламенттеу есебінен толығады.
Соңғы онжылдықтарда дәлелдеу теориясының мәнісіне анықтық енгізуге, оны анағұрлым нақты белгілеуге жекелеген әрекеттер жасалуда. Мәселен, А. А. Давлетов "дәлелдемелер теориясы" деген қылмы-стық процестің ғылыми бөлімінің дәстүрлі атауы ғылымдағы соңғы жетістіктерді ескере отырып түзетілуі және "қылмыстық іс жүргізу таным теориясы" деп аталуы мүмкін деп есептейді.
Заңдық таным тәсіпдерінің гносеологиялық табиғатын және оның жүмыс істеуінің тетіктерін зерттеу А. С. Козловты мынадай ойға әкелді: қүқық қорғау қуқық қолдану қызметінің түрі ретінде юрисдикцияның білім беруде алатын маңызды орны юрисдикция пайдаланылатын дәлелдеме теориясын пайымдаудың орындылығына себепші болады 1 . А. С. Козловтың түжырымдамасын қабылдаған жағдайда төмендегідей қарым-қатынас қалыптасуы мүмкін "юрисдикцияда пайдаланылатын дәлелдеме теориясы" - тектік сипаттағы анағүрлым кең ұғым; "қылмыстық іс жүргізу дәлелдеме теориясы" -- түрлік сипат-тағы үғым және "юрисдикцияда пайдаланылатын дәлелдеме теория-сының" мазмүнына құрамдас элемент сипатында енеді.
Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы проблемаларын талдап жасау екі бағыт бойынша өрістеуде: 1) іс жүзінде методологиялык негізді жоққа шығаратын тар нормативті көзқарас; 2) қылмыстық сот ісін жургізудің практикалық танымдық қызметінен қол үзуге әкелетін, таным теориясының категорияларын дәлелдемелерге және дәлелдеуге тікелей жүктеуге жеткізетін басы артық теорияландыру. Екі бағыт та таза күйінде зияиды. Методологиялық иегіздеудің жеткіліксіздігі нормативтік базаны жасауға ықпал етеді және керісінше. Осыған байланысты Л. М. Карнеева былай деп атап өткен болатын дәлелдеме теориясында ең болмаса оның негізгі үғымдарын бейне-леуде қажетті жуйелілік пен анықтаудың болмауы өзімен бірге бірқатар зиянды салдарларға әкеліп соқтырады: оның әрі қарай дамуын тежейді, заңдарды жетілдіруге жәрдемдеспейтіні былай турсын, заңдарды қол-данудың практикасына теріс ықпалын тигізеді.
1. 2 Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқаттың сипаты мен мазмұны.
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудін мақсаты шындықты аныктау болып табылады. Философиялық көзқарас бойынша шындық дегеніміз - танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны тап сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жұргізуде шындыққа қолжеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бул мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырында үлкен қателікке ұрындырады. Шындыққа қол жеткізбеу салдарының көрнекі құралы ретінде "гомель ісі" мысал бола алады, осы іс бойынша 1981 жылы тергеуші мен инспекторды санады түрде "өлтіргені үшін" бес кінәсіз адам сотталды. Екі жылдан кейін тап сол жерде тағы да кісі өлімі болды. Бұл қарақшылыктың бәрін К. атты ағайынды үшеу және олардың екі баласы жасаған болатын. Бұл адамдар жоғарыда аталған кісі өлімдерінің арасында тағы да 11 кылмыс жасаған. 6
Сот қателіктері - әдетте шындықка көз жеткізбеудің салдары. Шындыққа қол жеткізу максатын ескермеу соттың сот әділдігін жүзеге асыру функциясын қандай да бір мағынадан айырады.
Дәлелдеудін мақсаты ретінде шындықты айқындаудың процессуалдық құқықтық табиғаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ҚІЖК-нің 8-бабында қылмысты тез және толық ашу деп көрсетіледі. Одан әрі ҚІЖК-нің 24-бабында істің мән-жайын жан-жакты, толық және объективті зерттеу үшін соттың, прокурордың, тергеушінін, анықтаушының заңда кезделген барлық шараларды кабылдауға міндетті екендігі ескертіледі. Шындық ұғымының өзі міндеттер мен принциптерге арналған тарауда да аталады. Атап айтканда ҚІЖК-нің 24-бабында былай делінген: "сот тараптардың пікірімен байланысты емес және өз бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқаты анықтау үшін кажетті шаралар қолдануға құқылы".
Сонымен, шындық ұғымын қылмыстық процестін принциптерімен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айрықша маныз береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz