Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І. Тарау.Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Түйсік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
1.2 .Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.8
1.3.Түйсіктің физиологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Түйсіктің түрлері мен қасиеттері, жалпы заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ. Тарау. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігінің дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы сезгіштікпен түйсігінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.19
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сезгіштігінің дамуы ... ... ... ... ... ... .20.21
2.3. Мектепке дейінгі кезеңдегі түйсіктің дамуындағы іс . әрекеттің ықпалын алмастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.23
2.4. Бастауыш мектеп кезіндегі балалардың
сезгіштігінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26 Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Зерттеудің мақсаты: Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мсн қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейпеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу үрдісінің алғашқы баспалдағыекендігі, түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдісі, түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болуы, сол шындық пен болмыстың адам сезім мушелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсіктің тууы, яғни түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі екендігі, баланың дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік екендігі, нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де балаға осы баспалдақ арқылы жетуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Түйсік қарапайым психикалық үрдіс деп аталғанымен, ол – баланың шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі екендігі, физиологиялық жағынан сезімдік таным үрдісі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отыруы, сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жанурлар мен адамдарға ортақтығы, алайда, сезімдік бейнелеу түрлері - түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей еместігі, егер сезімдік үрдістер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным үрдістері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отыруы осы жұмыстың міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігінің дамуын зерттеуде психологияның зерттеу әдістері эксперимент әдісі, байқау әдісі және әңгіме әдістерін қолдану.
1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992 ж
2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
11. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
12. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
13. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
14. Эльхонин «Детская психология» М.1979г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І. Тарау.Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Түйсік туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..3-5
1.2 .Түйсіктер жөнінде ғылыми
көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-8
1.3.Түйсіктің физиологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
1.4. Түйсіктің түрлері мен қасиеттері, жалпы
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ. Тарау. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігінің
дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы сезгіштікпен түйсігінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-19
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сезгіштігінің
дамуы ... ... ... ... ... ... .20-21
2.3. Мектепке дейінгі кезеңдегі түйсіктің дамуындағы іс - әрекеттің
ықпалын
алмастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-23
2.4. Бастауыш мектеп кезіндегі балалардың
сезгіштігінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26 Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 27

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық
құрылымы, яғни түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке
сипаттары мсн қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда
бейпеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу үрдісінің
алғашқы баспалдағыекендігі, түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан
дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдісі,
түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болуы, сол шындық пен
болмыстың адам сезім мушелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсіктің
тууы, яғни түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік
дүниенің субъективтік бейнесі екендігі, баланың дүние тануының алғашқы
баспалдағы- осы түйсік екендігі, нақты пайымдау, шындықты бейнелеу
жайындағы мәліметтердің бәрі де балаға осы баспалдақ арқылы жетуі осы
жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Түйсік қарапайым психикалық үрдіс деп аталғанымен,
ол – баланың шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын
мидың бейнелеу қызметі екендігі, физиологиялық жағынан сезімдік таным
үрдісі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отыруы, сезімдік
бейнелеудің мұндай түрі жанурлар мен адамдарға ортақтығы, алайда, сезімдік
бейнелеу түрлері - түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен
адамдарда бірдей еместігі, егер сезімдік үрдістер жануарлар дүниесінде
олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал
адамдардың сезімдік таным үрдістері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып,
бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отыруы осы жұмыстың
міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік
сезгіштігінің дамуын зерттеуде психологияның зерттеу әдістері эксперимент
әдісі, байқау әдісі және әңгіме әдістерін қолдану.
І. Тарау.Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Түйсік туралы жалпы түсінік
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп
атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-
бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік
денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы
мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.
Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол-білім атаулының алғашқы
көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз
бір затты тигізсең, сосын одаң оның не екенін сұрасаң, ол: Қатты, жылтыр,
мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе деп жауап береді. Заттардың
нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері
түйсік болып табылады.
Түйсіктер-заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида
бейнелейді. Мәселен, адам секунттың 1100 бөлігінде жалт еткен жарықты
көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.
И. П.Шавловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің, пайда болуын
анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв
аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда
көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту,
қозғалыс т. б үш бөліктен құралады. Олар: бірінші сезім мүшесі (репептор).
Сезім мүшесі сырттан келген тітіркеидіргіштерді нервтік қозуға айналдырып
отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі — миға баратын нерв талшықтары.
Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың
түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті
(құрамы) — мидағы түрлі нерв орталықтары. Бұл тітіркендіргіштерді нәзік
айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализатордың үш бөлігінің біріне зақым келсе,
(мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсігіне нұқсан келеді. Анализаторлардың
мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз
байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да
қабілетті. Мұны ми қабығының компен-саторлық функциясы деп атайды. Сезім
мүшелерінің мимен байланыстылығы жәйлі Ш. Құдайбердиев: Тән сезіп, көзбен
кермек, мұрын-исі, тіл — дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мұндағы ой хабар
алып, жақсы жаман әр істі сол тексермек,— деп мидың жетекші, басқарушылық
ролін ерекше атап көрсетеді.
Кейбір философтар мен психологтар адам түйсіктері заттардың
объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен
сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді дейді. Олардың
айтуынша, түйсіктердің мазмұны сыртқы тітіркендіргіштер-дің, яғни
сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байла-нысты
емес, түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің қасиеттері-мен белгіленетін
болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың
бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгі-лер, символдар, иероглифтер
болып шығады. Бұл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені
бейнелейтінін, оларға не сәйкес келетінін де, заттарды қалайша танып-білуге
болатынын да түсіндіре алмаймыз. Мұндайда тіпті біз заттардың өзінің қандай
нәрсе екенін де біле алмайтын боламыз. Өйткені белгі дегеніміз
қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бірақ оның
өзі таңбалайтын затына ұқсас бола бермейді.
Түйсік жөніндегі осы теориялардың қай қайсысы да сезім
мүшелерінің көрсеткеніне сенбейді, заттар мен кұбылыстардың бізден тыс өмір
сүретіндігіне күдік туғызады, егер түйсіктер заттардың объективті
касиеттерін бейнелемейтін болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып
білудегі табыстары мен олардың белгілі бір мақсатқа сай еңбек етуі мүмкін
болмас еді.
Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи
- әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың
пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсік-
терінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына
байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлде қашан дәлелденген жәйт.
Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасында айқындайтын негізгі
факт- олардың әуелде ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін
құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш
құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал
иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтседе, құстар да, иттер де
заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам
түйсіктерінің ерекшелігі-олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз
байланыстылығында.

1.2. Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар.
Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын
қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік
береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным
көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады.
Бірақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия
тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар
түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы
әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп
топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған мұндай
көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес,
сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының
түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды
қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен
байланыстыратын жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды
қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген
қисынға келмейтің пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келеді.
Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (д. Беркли, Д.Юм, З.Мах)
ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер. Г.Гельмгольц) "сезім
–мүшелерінің ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның
астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлак тері, тіл) сыртқы дүние
әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді,
болғаны - сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды
деген -пікір жатыр. Бұған идеалистердің келтіретін дәлелі: көзге қандай да
әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлі әсерден
ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді
бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің
объектив әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін бейнелейтін өзінің
субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл
сезім көзі-түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олардың
арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл
қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс
барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек кезіне ие емес деген кертартпа
теорияға арқау болды.
Субъектив идеализм теориясы адамның сыртк,ы дүниені объектив
бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім
мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи
дамудың жемісі ретінде объектив болмыстағы материя қозғалысы-ның формаларын
қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбыстық тербелістерге жауап қатушы
тері рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электр магниттік
толқындарды бейнелеуші көру рецеп-торларының қалыптасқаны белгілі болып
отыр. Организм эвалюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім
органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқа
энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен
байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзде қандай да әсерден
ызың не жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы
мамандандырылғнын сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару сипаты-на тура
келмеген әсерлерге жауап қатпайтынын көрсетеді.
Әр түрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жетілуі олар
негізінде ерекше құрылым - рецепторлардың болуынан ғана емес, сондай –
ақ шеткі сезім органдары қабылдаған сигналдарды орталық жүйке аппаратына
жеткізуші жоғары дәрежеде маманданып, детілген нейрондарға да
байланысты.
Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыстары. Бұлардың
екеуі де біздің санамыздан тәуелсіз жасап, түйсік мүшелеріміздің
әсерленуінен туындайтын объектив шындықтың сезімдік бейнесі. Бұл тараптан
түйсік пен қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ қабылдау - нақты затты немесе
құбылысты сезімдік тануға негізделеді, қабылдауда біз көз алдымызға белгілі
мағынаға толы адамдар, заттар, құбылыстар әлемін келтіреміз және олардың
бәрінің де өзара күрделі, әрқилы қатынастарға түскенін байқап, білеміз. Осы
қатынастар арқасында куәсі мен қатысушысы өзіміз болған мәнді де маңызды
жағдайлар (ситуация) түзіледі. Ал түйсіктер болса - қоршаған орта әсерінен
болатын, бірақ толық жетілмеген, нақты заттық кейіпке келмеген жеке
сезімдік қасиеттердің бейнеленуі. Бұл тұрғыдан түйсік пен қабылдау сананың
екі әртүрлі формалары немесе заттық дүниеге деген екі бір-біріне ұқсамаған
қатынастарын білдіреді. Осыдан, "түйсік пен қабылдау өзара бірлікте де,
сондай-ақ өзіндік ерекшеліктеріне ие. Олар психикалық бейнелеудің сезімдік
- қабылдау (сенсорно-перцептивный) деңгейін құрайды. Бұл деңгейде әңгіме
біздің сезім мүшелерімізге заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінен
пайда болатын бейнелер жөнінде болуы мүмкін.
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі -
біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі
ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне
байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер
осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп
тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді.
Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам
мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу
қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты
шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына
шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен
зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт
тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай
халге душар болған субъектті арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың
жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикапық дамуы өрістей алмай, өз
бетінше кемелденуі біржола жойылады.

1.3. Түйсіктердің физиологиялық негізі.
Сонымен түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау
көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітір-
кендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туын-
дайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде,
жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да
тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психи-калық
құбылыс секілді рефлексторлық сипатқа ие.
Түйсіктердің физиологиялық механизмі – арнайы жүйке тетігі талдағыш
(анализаторлар) қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады:
1.Сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерін-де
жайласқан рецепторлар. 2. Қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші
афференттік немесе сезімтал жүйкелер. 3. Шеткі бөліктен жет-кен жүйке
импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері.
Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецепторлар жасуша-ларына
сай арнайы мекендері болады. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана
емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай икемді өз-геріске келе беретін
мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы
тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер
діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштер-ден тамыр тартылуы,
тері жиырылуы, ал кей кездері көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және
т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.
Сонымен, түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі
ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше
жауап әрекетке келу (рефлекторлық) қасиетінен туындап отыр.

1.4. Түйсіктің түрлері мен қасиеттері, жалпы
заңдылықтары.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, дәм түйсігі,
йіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық - вибрациялық және органикалық
болып бірнеше түрге бөлінеді. Ежелден-ақ адам өзінің сыртқы бес сезім
мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан.
Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам
түрлі талдағыштар бары белгілі. А.Р.Лурияның пайымдауынша, түйсіктер
негізгі екі принцип бойынша жіктеледі:
а) жүйелі-генетикалық қызметіне орай,
б) құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.
Түйсіктердің ең ірі және маңызды түрлерін үш топқа жіктеу
қабылданған: интероцептік, проприоцептік, экстероцептік.
Интероцептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты. яғни
ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы
- тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі
ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілерден әрі өте қарапайым түрі.
Интероцептік түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүрісін түсіндіріп білу
өте қиын, сонымен бірге нақты қозу нүктесіне -ие емес, яғни диффуздық
күйде болады, осыдан бұлар адамның көңіл-күй (эмоциональ) қалпына жақындау
келеді.
Проприоцептік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі
ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік (афференттік)
негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі
(перифериялық) рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері
формасында берілген. Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық
еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді
бейнелейді. Аталған топқа, сонымен бірге, ерекше қасиеттерге ие теңдестік
және тұрақтылық түйсіктері де кіреді. Олардың перифериялық рецепторлары
ішкі құлақтың (внутреннее ухо) шеңберлі сайларында жайласқан.
Экстероцептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл
түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және
қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстероцептік түйсіктер
тобы шартты түрде аралық (дистантные) және түйісу (контактные) түйсіктері
деп аталған екі бөлікке жіктеледі. Түйісү түйсіктері әсерлердің дене бетіне
немесе сезу мүшелеріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай
түйсіктердің мысалы ретінде тері сезуі мен дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама
қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту
және көру түйсіктері.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген:
1) протопатикалық - ете қарапайым, шарпулы (аффектті), толық жіктеліп,
мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б.); 2)
эпикритикалық - жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және
рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім
мүшелерінде пайда болатын түйсіктер.
Көру түйсіктері. Көру аппараты болып табылатын көз — анатомиялық құрылысы
күрделі сезім мүшесі. Заттарға шағылысқан сәуле толқындары көз бұршағынан
өткенде сынады да, тор қабықта кескін түрінде шоғырланады. Кез дистанттық
рецепторға жатады, өйткені ол сезім мүшелерінен біршама қашықтықта жатқан
заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан құбылыстар жөнінде білім береді.
Көру заттарға дейінгі қашыктыкты және олардың көлемділігін кескіндейді.
Бұл мүмкіндікті көру талдағышының жұптылығы, заттан алыстағанда немесе оған
жақындағанда тор қабықтағы бейне көлемінің өзгеруі, сондай-ақ көз осі
қозғалысы (қосылуы және ажырауы) қамтамасыз етеді.
Есту түйсіктері. Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады. Есту
нервісінің сезінгіш ұштары ішкі құлақта (есту мембранасы мен сезінгіш қылы
бар иірім) орналасқан. Сыртқы құлақ (кұлақ қалканы) дыбыс толқындарын
жинайды, ал ортаңғы құлак механизмі оларды иірімге бағыттайды. Құлақ іші
иірімінің сезгіш ұштарының қозу негізі — жаңғырық (резонанс) принципі: есту
нервісінің ұзындығы мен жуандығы әр түрлі ұштары бір секунд ішінде белгілі
бір мөлшерде тербелетін қозғалыска енеді. Бұл тербелістер серіппелі денеде
пайда болып, әуе кеңістігі арқылы беріліп отырады.
Діріл түйсіктері. Есту туйсігіне діріл сезгіштігі шектеседі. Олардың
бейнелендіретін физикалық құбылстардың табиғаты ортақ. Діріл түйсіктері
серіппелі ортадағы тербелістерді бейнелендіреді. Сезгіштіктің бұл түрін
контактылы есту деп атайды. Адамда арнаулы діріл рецепторлары болмайтыны
анықталды. Қазіргі кезде діріл сезімін сезгіштіктін көне түрлерінің бірі
деп санайды, сыртқы және ішкі ортаның дірілін организмнің барлық тканьдары
бейнелендіре алады.
Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыралып
қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы,
түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
Түйсік сапасы - нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден
ажырататын жәче сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі
ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс
формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді.
Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз
кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік
жағдайымен анықталады.
Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл
қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да,
негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына
байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік
пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет.
Әртүрлі түйсіктің латенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері
үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі
де жеткілікті.
Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер
түйсіктердің сандық өлшеміне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім
мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шакырымнан
11000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге
келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1
куб.см. суды 1 градусқа көтеру үшін 60000 жыл қажет екен.
Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы
үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік
пайда етуші тітіркендіргіш әсердін ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы
деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпегеи тітіркендіргіштер түйсік
табалдырығынан тыста қалады. Мұның мысалы ретінде біздің денемізге әр
мезетте түсіп, қонып жатқан көзге керінбес шаң, тозаң түйіршіктерін
келтіруге болады.
Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік
тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы
темен болса, сезім мүшелдігің бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары
болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейді, оған
түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп
әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін
айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі
көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді (шектен тыс дауыс құлақты
жарып жібереді, аса күшті жарқыл көзді тұндырып, кейін жарыққа қарай
алмаймыз. Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға
байланысты өзгеріп отырады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің
қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күші мен уақыт арасы және т.б.
Икемделу (адаптация) құбылысы. Ескеретін жәйт, біздің сезім
мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі
өзгермелі, сондықтан жоғарыда әңгіме еткен сезу табалдырықтары өте кең
шектерде ауысып отырады. Мысалы, қараңғылықта біздің көру сезіміміз
әсерлене түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Мұны
қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда не жарықтан күңгірт жайға енгенде
байқаймыз. Бірінші жағдайда көз қамасып, түк көрмей қалады, көздің күшті
жарыққа үйренісуі үшін біраз уақыт қажет болады, ал екінші жағдайда -
керісінше, аса жарық жерден жарығы солғын болмеге кірген адам алғашқыда
көруден қалып, енді осы жағдайға икемделуі үшін оған 20-30 м. уақыт керек.
Бұл келтірілген мысалдарымыз біздің көру сезіміміздің қоршаған орта
жағдайына орай өзгеріске енетінінің дәлелі. Мұндай құбылыс сезім
органдарымыздың бәріне де тән. Осыдан, сезім мүшелерінің тітіркен-
діргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атаймыз,
Түйсіктердің өзара ықпал жасау қасиеті. Түйсіктердің қарқынды-
лығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу деңгейіне
тәуелді болып қалмастан, бір уақытта сезім мүшелдігіне әсер етіп жатқан
басқа да тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан
әсерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі – түйсіктердің өзара
ықпалы деп аталады. Мысалы, күшті дыбыстық әсер (ысқырық) көру түйсігін
арттырады. Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не әлсіретуі
ғылымда дәлендеген (С.В. Кравцов). Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары
немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады. Өзара
ықпалды әрекетте әлсіз, тітіркендіргіштер талдағыштар сезімін жоғарылатады,
ал күшті тітіркен-діргіштер әлсіретеді - бұл жалпы заңдылық.
Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы –
сенсибилизация деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта
көрініс береді (А.Р.Лурия):
1) ұзаққа созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты;

2) уақытша, субъект кейіпіне, физиологиялық не психологиялық
себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық
мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын
арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дұрыс
ажыратуға жәрдемдеседі.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың
орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни
қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологияда синестезия деп
аталады. Мысалы, кейбір адамдар біреудің ас, тағам жөнінде әңгімесін есіте
отырып, бұған қоса түрлі дәмдер мен дастархан бетіндегі түрлі түстерді де
сезінуі мүмкін.
Синестезия құбылысы - ағза талдағыштарының өзара тұрақты
байланыстылығы мен объектив дүниені бейнелеудегі сезімдер тұтастығының және
бір дәлелі.
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп
атайды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі.
Абсолюттік сезгіштік дегеніміз - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркен-
діргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз
байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді.
Абсолюттік табалдырық - түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық
тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратыңдай ең аз шамасы. Түйсік
табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта
түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір мм квадрат аумаққа түсетін
салмақты 3 гр-нан бастап сезетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы мәлімет
Ойындардың балаларға сенсорлық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Сенсорлық тәрбие
Балалардың ақыл-ойын дамытуда сенсорлық тәрбиенің маңызы
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесі
Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары
Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер
Түйсіктің жалпы заңдылықтары
Сенсорлық тәрбиенің маңызы
Пәндер