Фирманың тауар саясаты


Тақырыбы: Фирманың тауар саясаты
Мамандығы: Маркетинг
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
I тарау: Ұйымның басқару құжаттамасының жүйесі теориалық негіздері . . . 6
1. 1. Басқаруды құжатпен қамтамасыз етудің мақсаты мен мәні . . 6
1. 2. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару құжаттардың мазмұны және ерекшеліктері . . . 12
II тарау: Үшарал әкімінің басқару жүйесіндегі қолданатын құжаттардың түрлері, мазмұны, сипаты . . . 31
2. 1. Үшарал әкімшілігінің жалпы мақсаттары мен
міндеттері және ұйымдық құрылымы . . . 31
2. 2. Үшарал әкімшілігінің басқару жүйесінің қолданатын құжаттарын талдау және баға беру . . . 43
III тарау: Үшарал әкімшілігінің басқару жүйесінің құжаттарды жетілдіру жолдары . . . 52
3. 1. Үшарал әкімшілігінің құжаттарды жетілдіру жолдары . . . 52
3. 2. Үшарал әкімшілігінің еңбек қатынастарын реттеу құжаттарды жетілдіру жолдары . . . 62
Қорытынды: . . . 69
Пайдаланған әдебиеттер . . . 70
Қосымшалар.
Кіріспе
Нарықтық экономика кез - келген кәсіпорын дербес түрде іс әрекетін жүргізеді. Тұтынушылардың қажетті тауарлар және қызметтермен қамтамасыз ету үшін әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар құрылады. Олардың іс - әрекетіне жедел көмек ету, реттеу жұмысын мемлекеттік кәсіпорын атқарады. Бұл мақсаттарды жүзеге асы үшін алуан түрлі құжаттар қолданылады. Барлық құжаттардың ішінде ерекше орын алатын басқару құжаттар, себебі нарықтық қатынаста кез - келген кәсіпорынның мақсаты тұтынушылардың сұранысын талаптарын сапалы түрде жүзеге асыру болып табылады.
Басқару құжаттарының түрлерін, мақсатын, мазмұнын, әзірлеу тәртібін, пайдалану жағдайын, жетістіктерімен кемшіліктерін зерттеу өте қажетті және актуалды. Сондықтан дипломдық жұмысының тақырыбы «Ұйымның басқару құжаттамасының жүйесі». Басқару құжаттардың жүйесі дегеніміз - бұл кәсіпорын іс әрекетінде қолданатын барлық құжаттардың түрлері, яғни құрылтай, ұйымдық, өкімгерлік, анықтамалық - ақпараттық, персонал туралы құжаттардың жиынтығы, оларды әзірлеу, қолдану тәртібі. Басқару құжаттартың ерекшеліктері дегеніміз - бұл әрқұжаттың пайдалану процесіндегі жетістіктері мен кемшіліктері, осы проблемаларды нақты Үшарал әкімшілігінің құжаттарына талдау жасап, әр құжаттың мазмұны мен қолдану тәртібіне баға беріп, олрдың ерекшеліктерін, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтадық.
Әкімшілік адамдарға кең мағнада әр түрлі қызмет көрсетеді.
Дипломдық жұмысының мақсатын үш бағытты анықтау болады, біріншіден, құжаттардың теориалық мәнін, мақсатын, мазмұны мен түрлерін сипаттау, пайдалану тәртібі мен қажеттілігіне байланысты топтастыру принциптерін анықтау; екіншідіен, нақты мемлекеттік кәсіпорыннның іс - әрекетінде пайдаланатын басқару құжаттарға баға беру, талдау, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындау, әрбір құжатты дайындау тәртібін, олардың құрылымын бағалау; үшіншіден, нақты кәсіпорынның құжаттарын жетілдіру жолдарын ұсыну немесе кейбір құжаттарды әзірлеп кәсіпорынға ұсыну. Осы бағыттан дипломдық жұмысының мазмұны үш тарауды қамтиды, яғни кіріспе, құжаттардың теориалық негіздері мен дайындау тәртібі; екінші тарауда үшарал әкімшілінде басқару құжаттарын топтастыру, әзірлеу, қолдану тәртібіне талдау жасап, баға беру және үшінші тарауда кемшіліктерін жою үшін құжаттарды әзірлеу және пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар мен жолдарын тағайындадық,
I тару: Басқару құжаттама жүйесінің теориалық негіздері.
1. 1. Басқаруды құжатпен қамтамасыз етудің мақсаты мен мәні.
Мемлекеттік кәсіпорындардың басқаруды құжаттармен қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бағынышты ұйымдарға «кәсіпорындар туралы» заңмен және басқа заңды құжаттармен берілген құқықтарды шектеуге тиісті емес.
Ұйымда басқаруды құжатпен қамтамасыз етуді тікелей ұйымның басшысына бағытталған арнайы қызмет жүзеге асырады.
Ұйымның лауазымды тұлғалары құжаттармен жұмыс істеген кезде басқаруды құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі негізгі ережелерінің және оның дамуы үшін қабылданған жалпыодақтық, салық және республикалық нормативтік және әдістемелік құжаттардың талаптарын басшылыққа алады. Құжаттарға және құжаттармен қамтамасыз ету қызметіне қойылған жалпы талаптар есептеу техникасы мен микрография құралдарымен жасалған құжаттарды қоса алғанда одақтық және прокуротураның, арбитаждардың, сондай-ақ мекемелердің ұйымдар мен кәсіпорындардың бүкіл құжаттама жүйесіне пайдаланады.
Құжаттарға және құжаттар мен қамтамасыз ету және қызметіне қойылатын жалпы талаптар басқаруды құжатпен қамтамасыз ету және оның тиімділігін құжаттардың құрамы мен нысандарын бірегейлендіру арқылы көтеру, олардың сапасын жоғарлату, жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру және жаңа техникалық құралдарды енгізу негізінде құжатпен қамтамасыз ету қызметінің жұмыстарын жақсартуды бірегей негізде жетілдіру үшін нормативтік - әдістемелік база болып табылады.
Жалпы талаптар одақтық республикалардың мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызметін жүргізу тәртібін белгілейтін заңдарына, мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызметін жүргізу тәртібін белгілейтін заңдарына, мемлекеттік басқарудың жоғарғы органдарының басқару шешімдерін қабылдау және ресімдеу, құжаттарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру, басқару әдістері мен ұйымдық құрылымдарды және олардың ақпаратпен қамсыздануын жетілдіру жөніндегі актілерінде, құжаттардың бірегейленген жүйесін және техникалық-экономикалық ақпараттың жалпыодақтық жіктеуіштерін пайдалану тәжірбиесін ескере отырып құжаттау және құжаттарды автоматты өңдеу саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес негізделген.
Құжаттаудың бүкіл жүйелеріне қойылған бірегей талаптар ерекшелігін ескеретін басқару қызметін басқару құжаттармен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі мемлекеттік, республикалық және салық стандарттар мен нұсқауларды, сондай - ақ құжаттардың салалық бірегейленген жүйелерін, істердің типтік номенклатураларын, сақтау мерзімі көрсетілген құжаттардың типтік тізбесін шығару жолымен енгізіледі.
Олардың негізінде бағынышты ұйымдар басқаруды құжатпен қамтамасыз етуді ұйымдастыратын нормативтік актілерді әзірлейді.
Қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі есептеу техникасының құралдарын қолдану жағдайларында да, сондай - ақ ақпараттарды өңдеудің әдеттегі әдістерін қолданған кезде пайдалануға арналған. Жалпы одақтық жіктеуіштер белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген, ақпараттарды өңдеу процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ету кезінде қолдануға міндетті жіктеу объектілері мен жіктелетін топтардың атаулары мен кодтарының жүйеленген тізбесін білдіреді.
Жалпы одақтық мақсаттағы құжатпен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, басқарудың басқа деңгейлеріндегі құжаттардың бірегейлігін нысандарын және техникалық - экономикалық ақпараттардың жалпыодақтық жіктеуіштерін бекіту, енгізу, жүргізу және тіркеу тәртібін мемлекеттік стандартты белгілейді.
Басқару құжаттары атаулары нысандары және деректемелердің құралы бойынша басқару құжаттамасының жүйесіне басқаруды құжатпен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі талаптарына, ұйым туралы ережелерге және құжаттандыру ережелерін қамтитын басқа нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
Басқару органдары қолданыстағы заңдарға және өздерінің құзіреттеріне сәйкес мынандай өкімдік құжаттарды шығарады.
Одақтық және автономдық республиканың Министрлер Кеңесі қаулылар, өкімдер және тапсырмалар береді; одақтың және бұйрықтар, нұсқаулар, нұсқаулықтар, мемлекеттік коммитеттер, коммитеттер мен комиссиялар қаулылар бұйрықтар т. б. Бас басқармалар және одақтық, автономдық республикалардың Министрлер Кеңесі жанындағы басқармалар т. б. Белгілі нысан бойынша бірегей нысаны құжаттарды шығаратын ұйымның бірлескен өкімдік құжаты. Жоғары тұрған органдардың құжаттарын немесе басқа ұйымдардың құжаттарына бағынышты ұйыдарға, хабарлау құжаттардың авторы белгіленген нысанда жүзеге асырылады. Комегиялық органдардың хаттамалық шешімдері орындаушыларға осы орган туралы белгіленген нысанда хабарланады.
Өкімдік құжат ұйымның өзінің немесе жоғарғы тұрған органдардың өкімдік құжаттармен жайылуы мүмкін.
Басқа ұйымдық мүддесіне қатысты бар құжаттардың жобалары олармен алдын - ала келісуге тиіс. Пікір қайшылығы туындаған жағдайда жобаға ескертулер қоса беріледі немесе қайшылықтардың мәні ілеспе хатта көрсетіледі.
Хаттамалар мәжіліс барысын жазу, стенограмалар дыбыстық жазбалар мен мәжәліске әзірленген материалдардың, мәтіндердің, сөйлеген сөздерінің, анықтамалардың, қаулылардың немесе шешімдердің жобалардың, күн тәртібінің шақырылғандардың тізімдердің және т. б. негізінде рәсімделеді. Егер мәжіліс барысында стенограмма жасалса, стенограммалардың мәтіні жіктеледі, басылады, расталады және хаттармен бірге сақталады. Айрықша жағдайда сөз сөйлеген адам өз сөзінің стенограммасына қол қоюға тиіс. Егер мәжіліс барысы магниттік лентаға жазылса, ол Мемлекеттік архивтердің кино - фота, фоноқұжаттармен жұмысының негізгі ережесіне сәйкес жалпы түрде сақталады.
Хаттар әдетте, ақпарат алмасу құжатсыз тәсілдері ауызша түсіндірулер нұсқаулар т. б.
Ұйымдар өздері туралы ережелердің және өздерінің құзіретін белгілейтін басқа актілердің негізінде басқа да құжаттарды шығарады.
Басқару құжатының мәтіні ағартушылармен мүдделі құрылымдық бөлімшелердің немесе ұйымдардың басшыларымен келісуге тиіс.
Құжат жобасымен ішкі келісу мынандай кезекпен жүргізілуі тиіс: салалық функционалдық, аумақтық, бөлімшелермен, т. б.
Сыртқы келісу құжатттардың мазмұнына байланысты былай болып келеді: бағынатын және бағынбайтын ұйымдармен, мұндайда соңғылары құқықтық ұйымдармен қатынастарда немесе құжаттың мазмұны олардың мүдделерін қозғайтын жағдайда міндетті талап ретінде болады. Құжат мазмұнының қатысы бар саладағы зерттеулер мен айналысатын ұйымдармен және ғылыми өндірістік белсенділіктармен: қоғамдық ұйымдармен қажеттілік жағдайында немесе осы органдардың құжаттарында көзделген жағдайда жалпы немесе салалық құзіреттегі жоғарғы құрған органдармен басқару әрекеттерін жасау тек осы органдардың рұқсаты бойынша мүмкін болуы заңдарда көрсетілген.
Басқару құжатына ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын лауазымды тұлға құқықтық актілермен бөлімше туралы жарғы немесе ереже лауазымды нұсқаулық, міндеттемелерді бөлу туралы бұйрық және тағы сол сияқты болып келеді.
Хаттама коллегиялық органның жиналыстық мәжілісінде төрағалық етуші тұлға мен хатшы қолын қояды. Баяндамаларға, баяндаушы, жазуларға анықтамаларға және ақпараттық, анықтамалық немесе талдамдық сипаттағы басқа құжаттарға анықтаушы қолын қояды.
Құжат - қосымшаларының түрі үшке бөлінеді:
- тиісті өкімдік құжатпен бекітілген немесе күшіне енгізілген, дербес мәні бар құқықтық актілерге қосымшалар;
- басқа құжаттың мазмұнын түсіндіруші немесе толықтырушы;
- хатпен басқа ұйымдарға жіберілген өкімдік құжаттарға қосымшалардың және басқа құжаттың мазмұнын толықтырушы немесе түсіндіруші қосымшалардың өз жақ жоғарғы бұрышы былай басталады. Бірнеше қосымшалар бар болса, олар нөмірленеді. Қосымшаларды өкімдік құжаттарсыз таратқан кезде қосымшаларға өкімдік құжаттардың атауы, оның жасалған күні мен нөмірі ( 2. 3. 2. 4 ) - тармақ, көрсетілген бекіту грифі қойылады. Деректемелердің құрамы мен құжат қосымшалары ресімдеудің тәртібі құжат қосымша жатқызылатын құжаттардың бірегейленген жүйелерінің талаптарына сай келуі тиіс. Құжаттардың қолданылатын нысандарының санын қысқарту мақсатында министрліктер мен ведомствалар ұйымның функциялары мен міндеттерін іске асыруға қажетті және жергілікті құжаттардың салық табельдерін әзірлейді.
Табельге әдеттегі, сондай - ақ есептеу техникасының құралдарымен жасалатын құжаттарды дайындайды. Табельге оның жасалуына жауапты тұлға қолын қояды және оны ведомствоның басшысы бекітіледі. Табельдегі жүргізуді, оған өзгерістер енгізуді құжатпен қамтамасыз ету қызметі жүзеге асырады. Табельде көрсетілген құжаттарды жасауға тиім салынады.
Әзірленген техникалық - экономикалық ақпараттардың жалпыодақтық жіктеушілерін енгізу.
Ақпараттың шынайлығын және олардың одан әрі дамуын қолдау мақсатында қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мен техникалық - экономикалық ақпараттың жалпы одақтық жіктеушілерін бір қатар ережелермен енгізу.
Саланың ерекшелігін көрсететін және қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі кірмеген, сондай - ақ олардың мемлекеттік тіркеуін көрсететін құжаттардың салалық бірегейлендірілген нысандарының кешенін әзірлеу болып табылады.
Саланың ерекшелігін көрсететін техникалық экономикалық ақпараттың салалық жіктеуіштерін әзірлеу.
Құжаттандыру бірегейленуі менен стандарттауына ұйымдық және әдістемелік басшылықты, жұмыспен бақылауды үйлестіруді республикада қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мен техникалық - экономикалық ақпараттық жалпыодақтық жіктеуіштерін енгізуді үйлестіру жөніндегі бас ұйым жүзеге асырады.
1. 2. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару құжаттардың, мазмұны және ерекшеліктері .
Нарықтық экономиканың ерекшелігі бұрынғы экономика мен салыстырғанда жаппай мемлекеттік меншік пен мемлекеттік кәсіпорындардың орнына бірнеше меншік түрлері мен коммерциялық кәсіпорындар қалыптасқан. Бұған жататындар ашық, жабық акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектелген және толық, командидтық серіктестер, жеке меншік кәсіпорыны, жеке тұлға кәсіпкерлер. Заңдылық жағынан кәсіпорындар мемлекеттік және коммерциялық түрлеріне бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар үкімет органдары және облыс аудандағы мекемелері, ұлттық банк, білім, денсаулық саласындағы мекемелер, әскери, құқықтық органдар т. б.
Кез - келген кәсіпорында, мемлекеттік пе әлде комерциалық, жеке меншік пе басқару әрекеттер құжатсыз мүмкін емес. Соны мен қатар, басқару процессінде қай деңгейде болсада, яғни мемлекеттік, аймақтық, облыстық, аудандық, кәсіпорын және ішкі құрылым деңгейінде, құжаттар қойған мақсаттарға жету жолындағы пайдаланатын құралболып табылады. Құжаттарды құрастыру, қолдану, сақтау, өңдеу, жетілдіру мемлекет заңдармен актілеріне сүйенет отыра, ұл әрбір ұйымның негізгі мақсаты, сондағана басқару нәтижесі тиімді болады. Соны мен қатар, кейбір құжаттар ұйымның құқығын қорғайды.
Басқару жүйеде құжаттардың пайдалануы, кәсіпорынның ерекшелігінен тығыз байланысты болады. Нарықтық экономикада коммерциялық кәсіпорындар міндетті түрде құрылтай құжаттарын әзірлейді және қолданады. Бұған жататындар кәсіпорынның жарғысы, және құрылтай келісім - шарт. Соны мен қаттар бұл топқа жататын құжаттар - басқа ұйымдармен қарым - қатынас жүргізетін келісім - шарт, еңбек келісім - шарт. Басқа көптеген ішкі ұйымдық құжаттардан қолданатын бұйрық, коммерциялық хат алмасу, хаттама, т. б. Ал бөлім ерекшелері, лауазымдық нұсқаулықтары, күн тәртібі, персонал туралы ереже көптеген коммерциялық кәсіпорындарда қолданбайды, оның себебі - басшыларға бұл құжаттар аса тиімсіз, сондықтан оларды қолданбайды.
Мемлекеттік кәсіпорында құжаттарды әзірлеу, құрастыру, қолдану ерекшеліктері келесі жағдайларды қамтиды.
Мемлекетікм кәсіпорындар міндетті түрде республиканың заңдарын, жарғылықтарын, нормативтік құжаттар мен актілері, қаулылары мен шешімдерін қолданады.
Мемлекеттік кәсіпорындар коммерциялық ұйымдарға жатпайды, оларды қаржыландыру мемлекет бюджетіне жүктеледі.
Мемлекеттік кәсіпорынды басқару тік жүйе әдісімен жүзеге асырылады. Мұның мәні Мемлекеттің жоғары органдарының, яғни үкімет, министрлігі шығарған, құрастырған құжаттар төмендегі мекемелер, яғни облыс, аймақ, аудан, кәсіпорындар барлығы міндетті түрде орындау тиіс. Мұндай құжаттар: ережелер, жарғылар, қаулылар, шешімдер, нормативтер, стандарт пен актілер, директивті, акімшілік құжаттарға жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындарда басымды түрде ұйымдық - құқықтық құжаттар, яғни ұйым мен бөлімдердің ережесі, лауазымдық нұсқаулықтар, басқару ақпараттың және жиналыстың регламенті, инструкциялар, күн тәртібі пайдалынады. Бұл құжаттар жоғары органдармен бекітіледі және төменгі ұйымдарға қолдануға жіберіледі.
Ұйымдық - құқықтық құжаттар мерзімсіз құжаттарға жатады, негіздеген заңдар мен актілер де өзгерістер болса сонда бұл құжаттарға да өзгерістер енгізіледі.
Басқарудың негізгі мақсаты басқарылатын объектінің барлық іс - әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және бақылау, яғни алдына қойған мақсаттарына жету үшін тиімді іс -әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады. Ал басқару іс - әрекеттері міндеттерін атқару үшін, басшылар мен мамандар әр түрлі құжаттар қолданады. Құжаттарды дайындау үшін және тиімді пайдалану үшін, оны әзірлеу, құрастыру тәртібі мен стилін білу қажет.
Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми іс - қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет (кітап стильдері) және ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
Бұлай бөлудің бірнеше негізі бар. Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясына құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Бірақ мұнда құқықтық қатынастар мемлекетаралық қатынастарда, мемлекеттің өз азаматтары мен және олардың бірлестіктерімен, сондай - ақ мекмелер мен кәсіпорын ішіндегі азаматтар арасындағы ресми қатынастарда және шаруашылық субъектілерінің арасындағы қатынастарда орын алады. Осыған байланысты іс - құжаттары стилінің үш түрі ажыратылады. Олар: дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу стильдері. Мұны кесте түрінде былай көрсетуге болады:
Дипломатиялық
стиль
Заң шығарушылық
стиль
Күнделікті іс жүргізу
стилі
Екіншіден, ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы - құқықтық санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы, мысалға отбасы қарым - қатынасындағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы және мемлекет алдындағы міндеттемелеріміз бен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай - ақ моральдық - этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен, басқарушы үшін құқықтық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады.
Іскерлік қатынастың өзіндік мәні, әсіресе, нақты түрде жазба мәтіні, құжаттарда көрінеді. Құжат жасаушы бұл жағдайда компания президенті мен жүргізушісі, вице - президенті мен кеңсе қызметкері, менеджер мен күзетшісі сияқты белгілі бір әлеуметтік рөлді орындаушы ретінде болады. Сондықтан қандай да бір қызметтің өзі белгілі бір құжаттарды толтыра білу міндеттерін және түрлі жанрдағы қызметтік қарым - қатынастарды кәсіби түрде игеру қажеттігін талап етеді.
Заң шығару, сот ісін жүргізу, әкімшілік шаруашылық салаларында сөйлеу тілінің табиғаты екі жақты: оның мазмұны нақты болғанмен, сол мазмұнды бейнелеудің құралдары дерексіз. Кезінде бұл туралы белгілі лингвист Шарль Балли былай деп жазды. «Әкімшілік тілінің мәні мынадан көрінеді: оның негізі ғылыми сипатта болады, сонымен бірге күнделікті өмірмен үйлесіп жатады». Өмірдің түрлі құбылыстары іс жүргізу стилінде белгілі бір қалыпқа түскен жағдайлардың, терминденген сөздердің ( сауалнама, анықтама, нұсқаулық, қаулы - қарар, хаттама, акт, бұйрық, заң т. б. ), сондай - ақ тұрақты тіркестердің шектеулі мөлшеріне сыйғызылып беріледі. Бейнелеу құралдарының жалпылылығы, дерексіздігі - басқару тілінің стильдік бір белгісі. Бұл белгі, әсіресе, мынадай термин сөдердің: жалдаушы, жұмыс беруші, франко - зауыт, фрахт
(жалдау кіресі ), кедендік тазалау, жалға алу шарты, таңбалау, наразылық шағым т. б. сипаттардан анық көрінеді.
Іс жүргізу тілінің терминденуі тіл әсерлілігінің маңызды белгісі болып табылады және дәлдігін көрсетеді. Бұл турасында француз ағартушысы Ш . Монтескье былай деп жазады:
«Заңда қолданылатын сөздер адамдардың санасына белгілі бір идеяларды ғана тудыруы керек».
«Құжат» - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: 1) қандай бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс қағазы;
2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат) ;
3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік.
Кез - келген кәсіпорынның іс - әрекетіне көптеген құжаттарды, яғни жаңа кәсіпорынды ашу үшін оның іс - әрекетін реттейтін және құқығын қорғайтын құрылтай құжаттары; кәсіпорынның ішкі іс - әрекетін реттейтін және басқарушылық шешімдерін жүзеге асыру үшін ұйымдық, бұйрық - жарлық, ақпараттық - анықтамалық, еңбек құжаттары, сыртқы басқа ұйымдармен қарым-қатынастарын реттейтін әртүрлі коммерциялық құжаттар.
Жалпы, құжаттар дегеніміз - кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер стратегиялық және жедел мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолданатын құралдардың жиынтығы.
Классикалық құжаттандыру теория мен тәжірибе бойынша, кәсіпорында пайдаланатын құжаттарды былай топтастыруға болады.
1. Құрылтай құжаттары, яғни кәсіпорынның жарғысы мен құрылтай шарты.
2. Ұйымдық құжаттар, яғни кәсіпорын бөлімшелерінің ережесі; лауазымдық нұсқаулықтар; жеке құрам бойынша ереже; штат кестесі т. б.
3. Бұйрық - жарлық құжаттары, яғни әртүрлі бұйрықтар, нұсқаулықтар мен жарлықтар, қаулылар.
4. Ақпараттық - анықтамалық құжаттар, яғни әртүрлі қызметтік баяндау, жеделхаттар,
көптеген анықтамалар мен мақсатты актілер т. б.
5. Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар, яғни еңбек келісім шарт, бұйрық, өтініш, түйін, мінездеме, өмірбаян т. б.
6. Коммерциялық іс - әрекеттерді реттейтін құжаттар, яғни әртүрлі келісім шарттар, хат алмасу т. б. Бұл құжаттардың бірсыпырасы барлық кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер
басқару іс - әрекеттерінде қолданылады.
Қысқаша әрбір құжаттардың мазмұны мен сипатына, пайдалану ерекшелігіне тоқталып кетейік.
Нарықтық экономикада барлық кәсіпорындардың іс - әрекеттері азаматтық кодекспен, нақты заңдарға негізделеді.
Фирманы ұйымдастырудың қандай да бір нысанын және оның құқықтық мәртебесін таңдау кәсіпкердің өз қарасы мен сырқы жағдайларға байланысты болады. Қай жағдайда да табысты қызмет жасау үшін барлық жағдайларды өлшеп - пішіп барып, іске кірісу қажет.
Жарғылық бірлестіктер жарғы негізінде құрылады, оның өзі тараптар арасындағы келісімді жоққа шығармайды.
Серіктестіктер мен акционерлерлік қоғамдардың, компаниялардың ұйымдық нысандарына ассоциациялар, корпорациялар, консорциумдар, өнеркәсіптік - делдалдық және басқа да шаруашылық, делдалдық компаниялар мен фирмалар, бірлескен кәсіпорындар, тауар, қор биржалары, коммерциялық банктер мен сақтандыру қоғамдары, шағын кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz