Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау


М А 3 М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

1 . ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЛАСТАНУДАН ҚОРҒАУДЫҢ ТҮСШІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ . . . 17

1. 1. Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғаудың түсінігі . . . 17

1. 2 Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғайтын құқық нормаларының эколошялық құқық жүйесіндегі орны . . . 30

2. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЛАСТАНУДАН САҚТАУ ТУРАЛЫ ЗАНДАРДЫ БҮЗҒАНЫ ҮШШ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІПН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 70

2. 1 Радиоэколошялық құқық бүзушылықтың түсінігі және қүрамы . . . 71

2. 2 Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау туралы завдарды бұзғаны үшін қүқықтық жауапкершіліктің түсінігі және ерекшелігі . . . 74

3. 3 Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғауды қүқықгық реттеудің жай-күйі, оның тиімділігін арттыру мәселелері . . . 86

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 121

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 135

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдағы ғылымның ұлы жетістіктерінің бірі - атом энергиясын пайдалануға қол жеткізу болса, бұл бір жағынан адамзат баласының алдындағы көптеген күрделі мәселелердің шешілуіне, ғылым мен техниканың дамуы барысында үлкен бетбұрыс алуына мүмкіндік жасаса, екінші жағынан кейбір аймақтар үшін қасірет, ол әлем үшін қауіп қатер болып отыр.

Біздің еліміз ғылымның осы ұлы жетістігінің пайдасына қарағанда зардабын көп көрді.

Қазақстан - ұлы мемлекеттердің ядролық жанталасушылығынан, шаруашылықты дұрыс ұйымдастырмаудан ең көп қасірет шеккен ел. Елдегі радиациялық жағдай, халықтың қасіреті мен сырқаты, арамызда көбейіп келе жатқан кемтар, жарымжандар катарын көбейтіп, ұлттық гендік негізге қатер төндіріп, жас тәуелсіз мемлекеттің алдына үлкен саяси, әлеуметтік, экономикалық және радиоэкологиялық мәселелер туындатып отыр.

Бұл жағдайды екінші жағынан еліміздің аумағында орналаскан сынақ және жалға алынған аландар мен уран рудасы, басқа да құрамында радиоактивті заттар бар кен қазатын, өндейтін, байытатын кәсіпорындардың жұмыстары және радиоактивті қалдықтар қоры одан әрі ушықтыра түсуде. Осының салдарынан елімізде қолайсыз, ал бірқатар аймақтарда дағдарысты радиоэкологиялық ахуал қалыптасып отыр.

Радиациялық тұрғыдан алғанда Қазақстан территориясы аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас территория болып табылады. Демек, ел аумағының радиоактивтік ластануы адамзаттың өмір сүруін тоқтататындай жағдайға таяуда /1/.

Бүгінгі танда Қазақстан аумағында баршаға мәлім болған деректердің негізінің өзінде, радиоэкологиялық мәселенің ең күрделі, әрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз.

Дәлірек деректерге сүйенсек, Семей ядролық полигонында 470 ядролық жарылыс жасалған. Оның 90-ауада, 26-сы жер үстінде, ал 354-і жер астында сыналған. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, осы жарылыстар салдарынан елімізде 304-мың шаршы шақырымдай аймақ бүлінген /2/.

Батыс Қазақстанға әскери-сынақ аймағы орналасқаннан бергі мерзім ішінде Жаңақала мен Орда ауданына қарасты Нарын құмында 29-рет ядролық жарылыс сынағы болды. Оның 19-ы жер астында, 10-ы жер үстінде сыналған. Бұлардан басқа осы Нарында 24-мың ракета жарылысы болып, әскери техниканың 177-түрі сынақтан өткен. РСД-10, СС-20 үлгісіндегі орта және жақын қашықтықтың 619-ракетасы жойылған. Бұл ракеталардың әрқайсысының салмағы 50-тоннаға жуық. Зерттеу жүргізген ғалымдар тек осы ракеталарды жоюдың салдарынан Жаңақала, Орда ауданының ауа кеңістігіне 30-мың тоннадан астам аса улы күл-тозаңның жайылғанын дәлелдеді /3/.

Радиоактивті сәулеленудің көлемі жылдан-жылға көбейе түсуде. Әсіресе Қазақстанның радиоактивтік сәулелену жағдайы өте қиын. Қазақстанның қай облысын алсаңыз да радиоэкологиялық апатқа үшырамаған аймақты таба алмайсыз. Қайғы қасіретке толы аудандар көп кездеседі. Өйткені, қазақжерінде әскери-полигон болмаған жер аз.

Қазақстан Республикасының радиациялық жағдайын қиындатып түрғандардың бірі - уран өндірілетін орындар. Бүрынғы Кеңес Одағында өндірілген уранның 40-процентінен астамы қазақ жерінен қазып алынған. Оның қалдықтары күні бүгінге дейін тау-тау болып жер бетінде үйіліп жатыр. Оның үгінділерін, шаң-тозаңдарын Қазақстанның ерсілі-қарсылы соққан желі, нөсер жаңбыры жан-жаққа ағызып және айдап әкетіп жатыр /4/.

Қазақстанда радиоэкологиялық ахуалды ушықгырып түрған, әрі болмысынан өзінің нақты шешімін таппаған - радиациялық қалдық мәселесі. Бүл тек Қазақстанға ғана тән емес, жалпы барлық мемлекеттердің, ғылымның алдында түрған күрделі мәселе.

Мәселен, республикадағы радиациялық қалдықтардың белсенділігі 13, 2 миллион кюри, ал барлық салмағы 232, 7 миллион тоннадан асып отыр. Мүнымен қатар қосымша қордаланып жатқан қалдықтарды залалсыздандыру, есепке алу, және көму мәселелері мүлдем шешілмеген /5/. Яғни, қалыптасқан радиациялық ахуал одан орі ушыға түсуде.

Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың қүрбандығына шалынды. Біздің халқымызға келтірілген орасан зор материалдық және моральдық зиянды есептеп шығу мүмкін емес /6/.

Бабаларымыздан мұра болып қалған еліміздің тамаша табиғаты, халқымыздың эстетикалық талғамын қанағаттандыратын, оның әлеуетін көтеретін, табиғи сүранысын өтеуге қабілетті, қүрамы қазба байлыққа бай өлкеміздің радиоэкологиялық ахуалы бүгінде осыншалықты күрделі жағдайда қалып отыр.

Мұндай экологиялық ахуал тек кдна Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан жағдай.

Мұндай экологиялық тығырыққа келудің себебі не? Бұған берілетін түсініктер аз емес: ведомстволық бюрократизм, жетілдірілмеген зандылық, нашар ғылыми техникалық база. Бірақ мұның барлығы тығырықгың пайда болуының негізгі себебі емес, салдары болып табылады. Яғни басты себеп емес /7, 18/.

Еліміздің бұл жетістігі кешегі кеңес өкіметінің салиқалы саясатының нәтижесі. 80-ші жылдардың бас кезімен салыстырғанда уранның әлемдік рыноктағы бағасы бес есе азайып кетті. Алайда сарапшылардың болжамына қарағанда 2005 жылға қарай уранның бағасы қайта көтеріледі деп күтілуде. Өйткені, дәл қазір уран рудниктерінің саны он есеге азайған. Әлемдегі атом энергиясын пайдаланатын обьектілердің көпшілігінің отындық қоры қайта жаңартуды қажет етеді /8/.

Жаңа ғасыр - экологиялық ең тиімді атом ғасыры. Сондықтан да уран өндірісін дамыту әлемге, өз экономикасын көтеруде әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық мәселелерді шешуде Қазақстан үшін қажет.

Қазақстан Республикасы бүгінгі танда өзінің болашақ экономикалық даму бағытында уран өндірісін дамыту, атом энергиясын пайдалануды кеңейтуді жоспарлап отыр. Жетекші басқару органдары Қазақстан 2005 жылға кдрай уран өндіруден әлемдегі алдыңғы мемлекеттердің бірі болады деп жоспарлауда.

Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-кдрсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз.

Қоршаған ортаның радиациямен ластануы құқықтық түрғыдан өте аз, әрі толық зерттелмеген тың әрі өзекті мәселе.

Радиоэкологиялық қауіпсіздіктің құқықтық тұрғыдағы теориялық мәселелерін шешуде оның критерилерінің қалыптасуына заңгер-эколог ғалымдар Бектұрғанов Ә. Е., Байсалов С. Байделъдинов Д. Л Еренов А. Е., Мүхитдинов Н. Б., Сахипов М. С., Насырова Л. Р., Тукеев А. Ж., Мороз С. П., Стамқүлүлы Ә., Сүлейменов М. К., ., Хаджиев А. Қ. . Қосанов Ж. Х., Еркінбаева Л. Қ,, Қуандықов Қ. Ж., еңбектерінің маңызы зор.

Осы теориялық еңбектердің қорытындысының негізінде алғаш рет Қазақстанда нақты қоғамдық қатынастардың көрінісі бейнеленген, әрі сол қатынастарды өркениетті деңгейде реттеуге қабілетті заңдар қабылданды. Олар: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" (1997 ж. 15-шілде), "Қазақстан Республикасының Үлттық қауіпсіздігі туралы" (1998 ж. 26 маусым), "Атом энергиясын пайдалану туралы" (1997 ж. 14-сэуір), "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туральГ (1998 ж. 23 сәуір) . т. б.

Зерттеу пәні. Бүл ғылыми зерттеу еңбегінің мақсаты қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғаудың құқықтық негіздерінің теориялық мәселелеріне талдау жасап, оны қалыптастыру, бұл бағыттағы барлық нормативтік актілерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың тиімділігін арттырудың негіздерін ашу болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы занда қоршаған ортаның түсінігінде (1. б. ) және қоршаған ортаны қорғау объектілерінің түсінігінде (4. б. ) әлеуметтік, өндірістік ортаны ендірмегенімен, заңдағы келесі баптарында сол өндірістік, әлеуметтік ортадағы қатынастарға құқықгық түрғыдан шектеулер, талаптар, нүсқаулар және міндеттер қалыптастырады. Бүл дегеніміздің өзі сол орталардағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады, және қоршаған орта үғымының қоршаған табиш орта үғымынан кең екендігін қайталап көрсетеді.

Сондықтан да "қоршаған орта" атауы, яғни негізгі заңның "қоршаған ортаны қорғау туралы" деп аталуы дүрыс деп есептейміз. Мәселе радиацияға келгенде біз оның ластау аймағының немесе ортасының ешқандай шексіз екендігіне көз жеткіземіз. Радиациялық ластануға ешқандай шектің болмайтыны дәлелдеуді қажет етпейді. Сондықтан да қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау дегенімізде мұндағы қоршаған орта үғымын кең мағанада қабылдауымыз керек және үсыныс ретінде осы мәселе қоршаған орта немесе қоршаған ортадағы радиациядан қорғау объектілері нақты тиісті занда көрсетілуі керек. Ал бұл мәселе аталған зандарда қарастырылмаған.

2. Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан кұқықгық қорғау дегеніміз - адамның өмір сүруі үшін қолайлы қоршаған орта қалыптастыруға, табигат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылы мен тепе-тендігін сақтауға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалануға байланысты, белгіленген нормаға сәйкес қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектеуді реттеуге бағытталған құқықгық нормалар жиынтығынан түратын шаралар жүйесі болып табылады.

Радиациялық әсер немесе залал ешқандай нақты бір объектіні, болмаса шекараны тандамайды. Жоғарыда келтіргеніміздей, оған қарсы түратын ешнорсе жоқ. Ол табиғатта адаммен кдтар басқа да барлық объектілерге бірдей әсер етеді. Тек адамга ғана радиациялық әсерді шектеу мүмкін емес, адам табиғаттың бір бөлігі ретінде оның басқа құрамдармен тығыз байланыста, әрі радиацияның өзіндік ерекшелігі сонда, оның залалы табиғаттың барлық объектілеріне бірдей әсер етеді. Сондықган да занды "Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау туралы" деп, жоғарыда келтірілген нормалармен толықтыруымыз керек.

"Қоршаған ортаны қорғау туралы" завда (57 бап) Қазақстан республикасына басқа мемлекеттерден радиациялық қалдықтар мен материалдарды сақтау немесе көму мақсатында әкелуге тыйым салынатындығы көрсетілген. Бірақ, аталған заңцы радиациялық қалдықтар мен материалдардың басқа мақсаттарда Қазақстан Республикасына әкелуге болатындығы немесе болмайтындығы айтылмаған. Ал "Атом энергиясы туралы" заң бойынша, радиоактивті заттар мен қалдықтардың импорты мен экспорты арнайы заңмен реттелетіндігі айтылған. Мүндай жағдайда қалдықтарға байланысты күрделі қоғамдық қатынастар туындайды. Яғни, бір заң қалдықтардың окелуіне тыйым салса, екіншісі мүмкіндік береді. Қалдықтардың әкелуіне тыйым салынады, егер де ол заттар сақтау жөне көму мақсатында болса. Осыған байланысты Қазақстан Республикасына әкелінетін радиациялық заттар мен қалдықтарды импорт ретінде сақтау және көму мақсатында екендігі, олардың қүқықтық режимі заңдық түрғыдан жан-жақты зерттеліп айқындалуы қажет.

Яғни мұндағы басты қажеттіліктер, олар экономикалық және экологиялық мүдделіліктердің дұрыс шешілуі. Біздің заңгер

ғалымдарымыз бұл екі мүдделіліктерге қүқықтық түрғыдан талдау жасап, олардың теңестіріле шешілуінің қажеттілігіне тоқтаған. Бүл қорытындылар тиісті зандарда көрініс тапқан. Демек, шет мемлекеттердің ядролық кдлдықтарын елімізге алып келіп көму, экономикалық мүдделіліктен туындаса, біз екінші жағынан экологиялық мүдделілікті де ескере отырып, тиісті зандарға өзгеріс енгізу қажеттілігін шешуіміз керек.

1 ҚОРШАРАН ОРТАНЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ

ЛАСТАНУДАН ҚҮҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ

ТҮСІНІП ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Кез-келген ғылыми зерттеу барысында ондағы мәселеге қатысты негізгі үғымдардың мазмұнын ашып алу, зерттеудің нәтижесінде объективті маңызды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеу барысында объективті маңызды нәтюкеге қол жеткізу үшін, сол мәселеге қатысты негізгі үғымдардың мазмүнын ашып алу қажет. Сондықган бұл тарауда қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қүқықтық қорғауды, қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қүқықтық қорғау нормаларының экологиялық қүқық жүйесіндегі орнын сипаттаута қажетті негізгі үғымдардың мазмүнына талдау жасалып, қорытынды беріледі.

Қоршаған ортаның, оның радиациямен ластануы мен радиациялық ластанудан құқықтық қорғаудың анықтамалары айқындалады. Бүл анықтамалардың мазмүнының ашылуы, өз кезегінде қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қүқықтық қорғаудың ереіопелігін және оны жеке талдап зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.

Сонымен бірге зерттеу нәтижесі қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғау нормаларының экологиялық қүқық жүйесіндегі орнын анықтайтын маңызды теориялық мәселені шешуге мүмкіндік береді.

1. 1 Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық

қорғаудың түсінігі

Қоршаған орта мен адам арасындағы қатынасты зерттейтін экология ғылымы - бүгінде көп салалы, әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін жалпы ғылымның іргелі салаларының бірі болып отыр. Ал экологиялық ахуалды күқықгық түрғыдан зерттеу, оның негіздерін қалыптастыру және жетілдіру бүгінгі заман талабы, әрі көп аспектілі күрделі моселе.

Солардың бірі - радиоэкологиялық ахуал, яғни қоршаған ортаның радиациялық жай күйін қүқықтық түрғыдан зерттеу.

Құқықтық негізсіз қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау мүмкін емес. Қүқық бүл саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуші, әрі осыған байланысты мемлекет саясатының іске асырылуына ең қажстті тетік болып табылады.

Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау бір-біріне байланысты бірнеше тәсілдермен жүзеге асырылады. Мәселен; табиғи ғылыми, экономикалық, санитарлық-гигениялық, қүқықтық, ұйымдастырушылық - баскдру, мәдени - тәрбиелеу. Осы көрсетілген тәсілдердің ішінде басты орынға ие болатын, әрі негізгісі - қүқықтық тәсіл. Яғни қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қүқықтық қорғау. Мұның басқалардан ерекшелігі: а) табиғи ортаның қорғалатын объектілерін айқындайды, б) радиоэкологиялық қарым-кдтынасты реттеу барысында тыйым салатын, міндеттейтін, қүқық беретін, ерік беретін, өтеу міндетін жүктейтін және таіы басқа нормаларды қалыптастырады, в) мемлекеттік радиоэкологиялық бақылаудың шаралары мен тетіктерін анықтайды, г) радиоэкологиялық қүқық бұзушылық болған жағдайда, келтірілген залалды өтеу және құқықтық жауапкершілік мәселелерін шешеді. Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қүқықтық қорғау басқа тәсілдермен байланысты болады. Бүл байланыстылықтың екі жағы бар. Біріншісі -құқықтық қорғау, қорғаудың басқа тәсілдерінің шараларын жүзеге асырады немесе оған тетік болады. Яғни қүқық, табиғат қорғаудың санитарлық - гигениялық, экономикалық және тағы басқа түрлері үшін міндетті зандық күшке ие болады. Екінші жағынан қүқықтық қорғау радиоэкологиялық, соған байланысты баскд да талаптардың орындалуына кепіл болады. Бүл ғылыми еңбектерде қоршаған ортаны қүқықтық қорғаудың жалпы және өр түрлі аспектілері зерттелген. Көптеген еңбектер белгілі бір дәрежеде ескіргенімен, олардың теориялық негіздерінің олі де маңызы зор.

Ал қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қүқықтық қорғау -бүл ғылыми еңбектерде зерттелмеген, немесе жалпы негізде қарастырылып өткен. Дегенмен де, радиоэкология жалпы экологияның бір саласы болғандықтан бүлардың қүқықтық түрғыдағы теориялық критерилері үқсас әрі сабақтас болып келеді. Яғни қүқықтық экологияның негіздері күқықтық радиоэкологияның негіздерінен көрініс табады. Сонымен қоршаған орта дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 -Іді шілдеде қабылданған "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңының 1-ші бабында қоршаган орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарам-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ Іслиматты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы деп көрсетеді /11/.

Жалпы көптеген ғальшдар өздерінің еңбектерінде қоршаған ортаға ор түрлі анықтамалар бергенімен, олардың түпкілікті мазмүны, үғымы бір болып келеді. Сондықтан да завда берілген анықтама толыққанды деп есептейміз.

Жоғарыда келтірілгендей жасанды, әлеуметтік немесе өндірістік орталардың өзі табиғи ортада пайда болады, әрі онымен тығыз байланыста болады. Ондағы қоғамдық қатынастар пәнін жеке бөліп, қүқықтық режимін қалыптастыру мүмкін емес. Сонымен қатар "қоршаған орта" үгымы, "қоршаған табиғи орта" үғымынан әлдеқайда кең. Бүған қосымша бүгіндегі барлық табиғатты қорғауға байланысты үлттық және халықаралық заң актілерінде, тиісті жасанды, өлеуметтік немесе өндірістік ортада пайда болатын қатынастарды реттейтін нормалар бар. Барлық жасанды орта табиғи ортада болатындықтан, олар қоршаған ортаның кең түсінігіне енеді.

Қоршаған ортаны қорғау туралы занда, қоршаған ортаның түсінігінде (1. б. ) және қоршаған ортаны қорғау объектілерінің түсінігінде (4. б. ) әлеуметтік, өндірістік ортаны ендірмегенімен, заңдағы келесі баптарында сол өндірістік, әлеуметтік ортадағы қатынастарға құқықтық тұрғыдан шектеулер, талаптар, нұсқаулар және міндеттер қалыптастырады. Бұл дегеніміздің өзі сол орталардағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады, және қоршаган орта үғымының қоршаған табиғи орта үғымынан кең екендігін қайталап көрсетеді.

Сонымен "қоршаған ортаның" мәнін ашып алып, енді "қоршаған ортаны қорғау" деген үғымды қарастырайық.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бүл үғым да әр түрлі атау яғни "табиғатты қорғау", "қоршаған ортаны қорғау", "айналадағы ортаны қорғау" деп келтіре отырып, көптеген ғалымдар ол туралы өздерінің пікірлерін қалдырған.

Табиғатты қорғау - өмір сүріп отырған адамдардың, олардың үрпақтарының материалдық және рухани кджеттілігін өтеуге байланысты, Жер ресурстарын және оның айналасындағы космостық кеңістікті тиімді пайдалануға, сақтауга және қалпына келтіруге, өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған, құқьіқтық, экономикалық, өндірістік-техникалық, әкімшілік-шаруашылық, қоғамдық және мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады /17/.

Табиғатты қорғау - таигаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі - айналадағы табиғи ортаны қүқықтық қорғау /18/.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау - мемлекеттің экологиялық қызметінің бір түрі /19, 48/ және ол бірнеше жаратылыстану, экономикалық, санитарлық-гигениялық, үйымдық басқару, модени тәрбиелеу әдістері арқылы жүзеге асырылады деп көрсетеді /19, 46/.

Қоршаған ортаны қорғаудың көптеген анықтамалары бар. Кең мағанада заңгер емес галымдар қоршаған ортаны қорғауды адамилық бағыттағы, биосфера заңдылығының басымдығы, технологиялық даму, үнемшілдік, экологиялық мәдениет, жүйелілік сияқты әлеуметтік экологиялық принциптерге негізделген қоғамдық өрекеттер жүйесі деп түсіндіріледі /20/.

Ал қоршаған ортаны қорғаудың завдық анықтамасы мынандай. Қоршаған ортаны қорғау, бүл "табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына коршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі" /21/.

Қоршаған ортаны күқықтық қоргаудың мәселелері, оның ішінде ұғымы, объектісі, субъектісі мен мазмүнына байланысты осыдан 40 жылдан астам уақыттан бері заңгер ғалымдар тарабынан зерттеліп, оның көптеген теориялық түйіндері шешіліп, негізгі критерилері қалыптасты.

Әсіресе А. Е. Еренов көптеген ғалымдардың пікірлерін зерттей келе, оларды жүйелеп, таддап, қоршаған ортаны қүқықтық қорғаудың үғымын кеңінен ашып керсетеді.

Оның қорытындысы бойынша, қоршаған ортаны күқықтық қорғау деп адамға қалыпты крршаған ортаны қалыптастыруға, адамның материалдық жоне мәдени қажеттілігін қанағаттандыруға жоне халық шаруашылығын дамыту мақсатында табиғи ресурстарды қорғау және молайту, оларды оңтайлы орі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған үйымдық-қүқықтық шаралар және қүқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіндіреді /22, 20/.

Сонымен бірге табиғатты қорғау - бүл адам мен табиғат арасында қарым-қатьшас бар кезде болатын моңгілік қүбылыс. Ал қорғаудың түрі мен әдісі барлық уақытта ауысып отырады. Бүл жерде табиштты қорғаудың тиімді әрі жетілген одісін жасау адамның рухани келбетінің деңгейіне гана емес, ғылыми-техникалық өркендеуге де байланысты /22, 19/.

Алдымен "радиоэкология" және "радиация" деген қандай қүбылыс?

Радиация (лат. гасИаІіоп жарқырау, нүр шашу, жарқыл) -корпускулярлық (альфа-, бета-, гамма-сәуле, нейтрондарының тасқыны) және элоктромагниттік энергия /23/.

Радиоактивтік соулеленудің пайда болуы радиоэкологияны ғылымға әкелді: Радиоэкология дегеніміз - латынның гасііш сәуле деген бір сөзі, гректің оіісоз /үй, орын/ және іо§08 - ілім деген екі сөзінен алынған биология ғылымдарының көрнекті салаларының бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Жердің айрықша белгілер
Табиғат ты қорғау әр бір адамнын міндеті
Химиялық ластану
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Экологиялық талаптар
Радиоактивті сәулелену
Радиоактивті ластанудан қорғанудың шаралары
Жер ресурсы
Мұнайгаз кен орындарын игеру гидросфера
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz