Жасуша, үлпа, мүше, жүйелі мүшелер және ағза туралы



ЖАСУША, ҮЛПА, МҮШЕ, ЖҮЙЕЛІ МҮШЕЛЕР ЖӘНЕ АҒЗА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
ЖАСУША ТУРАЛЫ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ҰЛПАЛАР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
СҮЙЕКТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ .ОСТЕОЛОГИЯ
БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ
САРЫСУ (ЛИМФА) ЖҮЙЕСІ ЖАЛПЫ ШОЛУ
Тәнтану пәнін, яғни адам денесінің құрылысын окып-үйренбес бұрын жасуша, ұлпа, мүше, жүйелі мүше және ағза ұғымдарын толық түсініп алған жөн. Адам біртұтас ағза болғанмен де ол көп нөрселерден құралады. Жасуша және ұлпаның көзге көрінбейтін өте майда бөліктерін және құрылысын цитология және гистология пәндері зерттейтіндіктен, біз бұл оқулықта олардын, тек кейбір ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз.

ЖАСУША ТУРАЛЫ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Жануарлар мен өсімдіктердің негізі жасушадан күралады. Ағзаның тіршілік белгілері де жасушадан басталады. Жасуша (немесе клетка— сепиіа) — өте күрделі және генетикалык жағынан жоғары дәрежеде түзілген материялык тірі қүрылым. Тіршіліктің негізгі ерекеттері: зат алмасу және энергия алмасу, бұлшықеттердің әрекеттері, бездердің сүйықтық бөлуі және басқалар жасушада іске асып жатады. Демек, жасуша дегеніміз — тіршілік жүйесі бар, цитоплазмадан және ядродан, органелладан және жасуша қабықшасынан құралатын, барлық жануарлар мен өсімдіктер құрлылысының дамуы мен емір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар өте ұсақ, саңылауланған заты бар денешік. Жасуша, қозғыштық, қозуды өткізгіштік және жиырылғыштық касиеттеріне. Жасушалардың әрқайсысы тіршілік етуге бейім келеді. Бұған бір жасушалы ағзалар (қарапайымдыларды) мысал бола алады.
Ағзаның жасушалық құрылысы көпке дейін құпия болып келді. Тірі ағзаның жасушасын жеке тексеру тек оптикалық микроскоптың жәрдемімен жөне зерттеудің жаңа әдістерінің табылуымен ғана жүзеге асырылды.
XIX ғасырда дүние жүзінің ғалым биологтары микроскопты қолданып
жасушаның қүрылысын, яғни цитологиялык зерттеулер жасау арқылы гистологиямен жаппай шұғылданды. К.М.Бэр, П.Ф.Горянин, Я.Э.Пуркинье, А.Дютроше. Тюрпен,М.Я.Шлейден және Т.Шванн және басқа ғалымдар бүкіл әмірін жасушаны зерттеуге жүмсады. Неміс ботанигі М.Я.Шлейден және неміс физиологы Т.Шванн жасуша туралы көп еңбектенді. М.Шлейден өсімдік біріне-бірі ұқсас қарапайым құрылысты түйіршіктерден түзілген
деген қорытындыға келді. Т. Шванн да жануарлар жасушасының құрылысын
тексеру нәтижесінде 1839 ж. жасуша теориясын ашты. Ол теорияға Шлейденнің тұжырымын пайдаланды.Шванн өз пікірін "Өсімдіктер мен жануарлардың дамуы және олардың құрылыстарының ұқсастығы туралы
микроскоптық зерттеулер" деген еңбегінде баяндады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖАСУША, ҮЛПА, МҮШЕ, ЖҮЙЕЛІ МҮШЕЛЕР ЖӘНЕ АҒЗА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Тәнтану пәнін, яғни адам денесінің құрылысын окып-үйренбес бұрын
жасуша, ұлпа, мүше, жүйелі мүше және ағза ұғымдарын толық түсініп алған
жөн. Адам біртұтас ағза болғанмен де ол көп нөрселерден құралады. Жасуша
және ұлпаның көзге көрінбейтін өте майда бөліктерін және құрылысын
цитология және гистология пәндері зерттейтіндіктен, біз бұл оқулықта
олардын, тек кейбір ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз.

ЖАСУША ТУРАЛЫ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Жануарлар мен өсімдіктердің негізі жасушадан күралады. Ағзаның тіршілік
белгілері де жасушадан басталады. Жасуша (немесе клетка— сепиіа) — өте
күрделі және генетикалык жағынан жоғары дәрежеде түзілген материялык тірі
қүрылым. Тіршіліктің негізгі ерекеттері: зат алмасу және энергия алмасу,
бұлшықеттердің әрекеттері, бездердің сүйықтық бөлуі және басқалар жасушада
іске асып жатады. Демек, жасуша дегеніміз — тіршілік жүйесі бар,
цитоплазмадан және ядродан, органелладан және жасуша қабықшасынан
құралатын, барлық жануарлар мен өсімдіктер құрлылысының дамуы мен емір
тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар өте ұсақ,
саңылауланған заты бар денешік. Жасуша, қозғыштық, қозуды өткізгіштік және
жиырылғыштық касиеттеріне. Жасушалардың әрқайсысы тіршілік етуге бейім
келеді. Бұған бір жасушалы ағзалар (қарапайымдыларды) мысал бола алады.
Ағзаның жасушалық құрылысы көпке дейін құпия болып келді. Тірі ағзаның
жасушасын жеке тексеру тек оптикалық микроскоптың жәрдемімен жөне
зерттеудің жаңа әдістерінің табылуымен ғана жүзеге асырылды.
XIX ғасырда дүние жүзінің ғалым биологтары микроскопты қолданып
жасушаның қүрылысын, яғни цитологиялык зерттеулер жасау арқылы
гистологиямен жаппай шұғылданды. К.М.Бэр, П.Ф.Горянин, Я.Э.Пуркинье,
А.Дютроше. Тюрпен,М.Я.Шлейден және Т.Шванн және басқа ғалымдар бүкіл
әмірін жасушаны зерттеуге жүмсады. Неміс ботанигі М.Я.Шлейден және неміс
физиологы Т.Шванн жасуша туралы көп еңбектенді. М.Шлейден өсімдік біріне-
бірі ұқсас қарапайым құрылысты түйіршіктерден түзілген
деген қорытындыға келді. Т. Шванн да жануарлар жасушасының құрылысын
тексеру нәтижесінде 1839 ж. жасуша теориясын ашты. Ол теорияға
Шлейденнің тұжырымын пайдаланды.Шванн өз пікірін "Өсімдіктер мен
жануарлардың дамуы және олардың құрылыстарының ұқсастығы туралы
микроскоптық зерттеулер" деген еңбегінде баяндады.
XX ғасырда жасушалардың құрылымын зерттеудің жаңа техникалық
әдістері жетілдіріле түсті. Осы кезеңде жарықтың көмегімен және ультра-
күлгін сәулемен көрсететін микроскоптар пайда болды. Жетілген құралдардың
көмегімен өте ұсақ заттарды суретке түсіріп, кино жасау арқылы жасушадағы
тіршіліктің өту қарқынын бақылауға мүмкіндік туды.
Электронды микроскоп 1933 ж. жасалды, ол 1 см шамасындағы нәрсені 1,5
км мөлшеріне дейін үлғайта алатын болды. Техникалық әдіс-тәсілдердің
жетілуі арқасында қазіргі гистология мен цитология жасуша жөніндегі тео-
рияны жан-жақты толықтыра түсуде.
Жасушаның атқаратын қызметіне қарай пішіні мен көлемі әр түрлі болып
келеді. Мысалы, аналық жыныс безі мен май жасушалары — шар, дөнекер
ұлпаларының жасушалары жұлдызша, ак жүйке жасушасы тармақтала созылып
жатқан жіп тәрізді, ішек эпителийінің жасушасы призмаға ұксас болады.
Кейбір жасушалар (ак түйіршік) пішінін түрліше өзгерте алады.
Әдетте жасушалар өте ұсақ (10—100 мк) болғанымен, олардың белгілі бір
ұзындық өлшемдері болады. Мысалы, ақ түйіршік — 3-4 мк, қызыл түйіршік — 8
мк, бауыр жасушалары — 20 мк, ал жүйке жасушаларының ұзындығы 1 метрге
дейін жетеді. Жасушалардың құрылысы соңғы кезде электрондық микроскоппен
егжей-тегжейлі зерттелуде, бұл туралы физиология пәні толық мағлұмат
береді.
ҰЛПАЛАР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Ұлпа (немесе тканъ) дегеніміз — тарихи қалыптасу барысында біріңғай
жасушалардан және туынды заттардан түзіліп, өзіне тән морфологиялық және
биохимиялық кызмет атқаратын дене бөліктері.
Адам ағзасындағы ұлпалар құрылысы және қызметіне қарай: әпите-лий
ұлпасы, ішкі орта ұлпалары, бұлшықет ұлпалары және жүйке ұлпалары деп терт
топқа бөлінеді. Бұлар ағзаның эмбриогендік дамуы кезінде ұрықтың үш
жапырақшаларынан (қатпаршактарынан) пайда болады.
Эпителий ұлпасы. Бұл ұлпа эпителийлі жасушалардан түзіліп, дененің
сыртқы және ішкі ортамен шектелетін беттерін қаптап жатады, сондықтан оны
шекаралық опа деп те атайды. Мысалы, денедегі іші қуыс мүшелерді (ішек,
карын, қан тамырлары жөне т.б.) астарлап, ағзаның сыртқы жағын қаптап,
корғаныш және өнім шығару қызметін атқарады. Терінің үстінгі түлейтін
қабаты тығыз болғандықтан, тереңірек орналасқан жасушаларды қорғайды. Ал
ішек түтігінің ішкі кілегейлі кабырғасын астарлайтын эпителий ұлпалары
тағамның қатты бөлшектерінің өсерінен ішектің жарақаттануынан, ауру
қоздырғыш бактериялардың ішкі ортаға енуінен сақтайды. Демек, ішек
эпителийі "тамақтандыру" қызметін атқарады, яғни қорытылған ас қанға
эпителий аркылы сорылады. Тіршілік әрекетіне қажетті заттарды бөліп
шығаратын да эпителий жасушалары бар. Олардың әсерінен бөлінген заттарды
өнім (секрет), ал өнім бөлетін жасушаларды без немесе өнім жасушалары
(секреторлы жасушалар) деп атайды. Сөйтіп эпителий үлпаларының маңызды
кызметтерінің бірі — өнім (секрет) бөлу.
Эпителий жасушалары белгілі бір бағытта жетілген жасуша, сондықтан да
олар бөліне алады. Олар бөліну арқылы жасушалар тобын немесе қабаттарын
түзеді. Сейтіп эпителий жасушалары үнемі осылай жаңарып отырады.
Жасушалардың, әсіресе ағза сыртында (теріде) орналасқан тобы үшін мүндай
қасиеттің маңызы өте зор. Осы қасиетке байланысты тері түлеп, жаракаттанған
кезде қалған жасушалар қайта өсіп жетіледі. Эпителий үлпасы дәнекер
үлпасымен кабаттасқан кезде олардың аралығын жарғақша (мембрана) бөледі,
сондай-ақ эпителий үлпасы мен дөнекер ұлпасын тығыз байланыстырып тұрады.
Дәнекер үлпасынан қан ішкі жарғақша аркылы әпителий үлпасына жетеді.
Эпителий жасушаларының карама-қарсы жақтары болады, сондықтан орналасуына
байланысты жасушаның сыртцы (апикалъды) жөне ішкі (базальды) бөліктері
айқын көзге түседі.
СҮЙЕКТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ -ОСТЕОЛОГИЯ
Сүйектер туралы жалпы мағлұмат. Салыстырмалы тәнтанудың деректеріне
қарағанда қаңқа сүйектері тарихи дамудың үш сатысынан (жарғақшалы,
шеміршекті және сүйекті) өткен. Жануарлардың судан құрылыкқа шығып дамуына
байланысты жетілген мүшелер — шеміршек және сүйек.
Омыртқалы жануарлардың және адамның сүйек бөліктерінде шеміршек бар.
Адам қаңқасының тарихи даму барысындағы үш сатыны (жарғакшалы, шеміршекті
және сүйекті) эмбриогендік кезеңде де қыска мерзімде қайталайтыны
дәлелдеңді.
Сүйектің құрылысы. Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады, Олардын, 85-і
жұптасқан және 80- так сүйектер. Сүйек (оз) — мүше, ол арнаулы қызмет
атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзіледі.
Сүйектердің барлығы сүйек қабығымен қапталады. Бұл — өте жұқа және
дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Буын беттерінде ғана сүйек қабығы
болмайды, шеміршекпен қапталады. Сүйек қабығын ең алғаш анықтап жазған —
Аристотель.
Сүйек қабығындағы арнаулы тесіктер арқылы кан тамырлары сүйекті
қөректендіреді. Бұл тесіктерден көктамыр да шығады. Сүйек қабығы сыртқы
және ішкі қабаттан құралады. Сыртқы талшықты қабатка бұлшықет пен сідір
берік жалғасады да ішкі қабаты сүйек түзетін остеобласт жасушаларынан
тұрады. Остеобласт жасушалары тез бөлініп, олардан сүйек жасушаларынын.
жаңа қабаты түзіліп, сүйек көлденеңінен өсіп, жуандайды .Сүйек сынса, оның
ұшындағы остеобластар сүйек сілемейін бөліп, сүйектің сынған жерін
"ерітеді" де сынықты бітістіреді. Сүйек екі қабаттан қүралады: сыртқы
қабаты тығыз заттан астыңғы қабат кемікті заттан түзіледі. Сүйектің тығыз
да қатты және қалың болуы сүйекке түсетін күшке байланысты мұндай қасиет
сүйектің ортаңғы (диафиз) белігінен байқалады. Кемікті зат көптеген жүка
сүйек такташаларынан құралады. Бір қарағанда ретсіз орналасқандай болып
көрінетін тақташалар да сүйекке түсетін күшке, сығу, созылу бағытына сәйкес
белгілі төртіпте орналасады. Сүйек құрылысының бұлай болуы оны берік те
жеңіл етеді. Кемік заттары ұзын сүйектердің екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасуша туралы теориянын қалыптасуы
ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Ағза және оны құрайтын құрылымдар: жасуша, ұлпа, мүшелер, мүшелер жүйелері туралы түсініктер
Балалардың қан мен қанайналым жүйелерінің жас ерекшеліктері
Биологиядан ҰБТ-ға арналған шпаргалка
Адам анатомиясы пәні және оның міндеттері
Анатомия ғылымының салалары
Адам қаңқасының құрылысы
Тәнтірлігінтану (физиология) атаулары және заңдылықтары, теңдіктері, тұрақтылықтары мен ерітінділердің түсіндірме анықтамалары
Заттар алмасуын зерттеу әдістері
Пәндер