Клетканың морфологиялық құрылысы
1. Кіріспе
2. Клетканың морфологиялық құрылысы.
3. Цитоплазма
4. Клетканың химиялық құрамы.
5. Клетканың тұрақсыз қосылыстары
6. Клетка қабықшасы. Плазмалық мембрана
7. Клеткааралық байланыстар
8. Эндоплазмалық тор
9.Лизосомалар
10. Рибосомалар
11. Митохондриялар
12. Пластидтер
13.Клетка орталығы
14.Интерфазалық ядро
15.Хромосомалар
16. Арнаулы органоидтар
17. Клетканың қозғалыс органоидтары
18. Митоз
19. Митоздың биологиялық мәні
20. Митоз поталогиясы
21. Амитоз
22. Мейоз
23. Микротүтікшелер мен микрофиламенттер

Цитология – клетканы зерттейтін ғылым. Цитология (гр. цитоз-клетка, логос-ғылым) деген мағынаны білдіреді.
Цитология жеке ғылым ретінде өткен ғасырдың соңғы ширегінде пайда болған. Клетка жөніндегі ілім ХҮІІ ғасырдан басталады. ХҮІІ ғасырдың орта кезінде «клетка» деген атауды алғаш рет Роберт Гук қолданған. Ол тоздың жұқа кесіндісін өзі жасаған микроскоп арқылы қарап, оның көптеген ұялардан – клеткалардан тұратынын көрген. Антон Левенгук 1680 ж көптеген жануарлар мен өсімдіктер ұлпаларының құрамында клеткалар болатынын ашты.
ХІХ ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуына байланысты құрылысы жағынан өсімдіктер клеткалары мен жануарлар организмінің клеткасына тән екенін көрсетті. Пуркиньенің шәкірттері Т.Шванн, Я.Генеленің, Р.Ремактың гистологияның негізін салушылардың бірі А.Келиккердің, Р.Вирховтың, Э.Геккельдің, И.М.Сеченовтың еңбектері бүкіл әлемге мәлім.
Орыс ғалымы академик Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа клеткасын зерттеп ашып, көпклеткалы организмдердің бәрі де өзінің дамуын бір клеткадан бастайтынын және ол клетканың зигота болатынын анықтады. К.Бэрдің бұл жаңалығы клетканың тек құрылыс өлшемі екенін көрсетті.
1838-1839ж немістің ғалымдары ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн клетка теориясын ашты.
Клетка теориясының негізгі қағидалары:
1.Клетка организмінің ең кіші бірлігі.
2.Клеткалар құрылысы жағынан ұқсас.
3.Клеткалар бөліну арқылы көбейеді.
4.Көпклеткалы организмдер клеткалары мен олардың туындыларының жиынтығы.
Ф.Энгельс ХІХ ғасырдың жаңа ашылған ғылымының үш бағытына ерекше баға берді. Ең әуелі Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, одан кейін энергияның тұрақтылық заңы және клетка теориясы деп:
Цитология пәні бір клеткалы және көпклеткалы организмдердің клеткалары мен құрылысы мен химиялық құрамына клетка ішіндегі құрылымының қызметін, клетканың көбеюі мен дамуын, клетканың қоршаған орта жағдайларына бейімделуін зерттейді.Клеткалар бөліну арқылы көбейеді және әрбір жаңа клетка бастапқы аналық клетканың бөліну нәтижесінде пайда болады. Көп клеткалы күрделі организмдер клеткалары өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай бағытталып ұлпа түзеді; ұлпалардан мүшелер құралады, олар өзара өте тығыз байланыста және нервтік сондай-ақ гуморальдық реттеу жүйелеріне бағынышты болады. Аурудың себебін анықтауда клетканы зерттеудің маңызы өте зор. Өйткені, аурудың басталуына себеп болатын патологиялық өзгерістер клеткадан басталады.

Кіріспе.
Цитология – клетканы зерттейтін ғылым. Цитология (гр. цитоз-клетка,
логос-ғылым) деген мағынаны білдіреді.
Цитология жеке ғылым ретінде өткен ғасырдың соңғы ширегінде пайда
болған. Клетка жөніндегі ілім ХҮІІ ғасырдан басталады. ХҮІІ ғасырдың орта
кезінде клетка деген атауды алғаш рет Роберт Гук қолданған. Ол тоздың
жұқа кесіндісін өзі жасаған микроскоп арқылы қарап, оның көптеген ұялардан
– клеткалардан тұратынын көрген. Антон Левенгук 1680 ж көптеген жануарлар
мен өсімдіктер ұлпаларының құрамында клеткалар болатынын ашты.
ХІХ ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуына
байланысты құрылысы жағынан өсімдіктер клеткалары мен жануарлар
организмінің клеткасына тән екенін көрсетті. Пуркиньенің шәкірттері
Т.Шванн, Я.Генеленің, Р.Ремактың гистологияның негізін салушылардың бірі
А.Келиккердің, Р.Вирховтың, Э.Геккельдің, И.М.Сеченовтың еңбектері бүкіл
әлемге мәлім.
Орыс ғалымы академик Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа клеткасын
зерттеп ашып, көпклеткалы организмдердің бәрі де өзінің дамуын бір
клеткадан бастайтынын және ол клетканың зигота болатынын анықтады. К.Бэрдің
бұл жаңалығы клетканың тек құрылыс өлшемі екенін көрсетті.
1838-1839ж немістің ғалымдары ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн
клетка теориясын ашты.

Ф.Энгельс ХІХ ғасырдың жаңа ашылған ғылымының үш бағытына ерекше баға
берді. Ең әуелі Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, одан кейін энергияның
тұрақтылық заңы және клетка теориясы деп:
Цитология пәні бір клеткалы және көпклеткалы организмдердің клеткалары
мен құрылысы мен химиялық құрамына клетка ішіндегі құрылымының қызметін,
клетканың көбеюі мен дамуын, клетканың қоршаған орта жағдайларына
бейімделуін зерттейді.Клеткалар бөліну арқылы көбейеді және әрбір жаңа
клетка бастапқы аналық клетканың бөліну нәтижесінде пайда болады. Көп
клеткалы күрделі организмдер клеткалары өздерінің атқаратын қызметтеріне
қарай бағытталып ұлпа түзеді; ұлпалардан мүшелер құралады, олар өзара өте
тығыз байланыста және нервтік сондай-ақ гуморальдық реттеу жүйелеріне
бағынышты болады. Аурудың себебін анықтауда клетканы зерттеудің маңызы өте
зор. Өйткені, аурудың басталуына себеп болатын патологиялық өзгерістер
клеткадан басталады.
3
Клетканың морфологиялық құрылысы.
Клетка тірі материяның ең кішкене бірлігі болып саналады. Адам денесі 50
квинтиллонды (1018) клеткадан тұрады. Тірі организмдер клеткаларын екі
топқа бөлуге болады-прокариоттар және эукариоттар. Прокариоттарға көк-жасыл
балдырлар мен бактериялар жатады. Прокариоттар клеткасының көлемі 0.5-3
мкм. Прокариоттарда ядро болмайды, оның орнында нуклеоид болады. Нуклеоидта
ядро мембранасы ядрошығы болмайды, оның орнында ДНК молекуласы болады.
Прокариоттарда лизосома түтікшесі болады; онда АТФ синтезіне қатысатын
ферменттер кездеседі, талшықтары арқылы қозғалады (1-сурет, 2-сурет).
Бактериялар мөлшері 1-ден 10мкм-ге дейін жетеді және пішіні алуан түрлі
болады. Бактериялар клетканың екіге бөлінуі арқылы көбейеді.
Көк-жасыл балдырлар алуан түрлі тұщы су қоймаларда, теңіздер мен
мұхиттарда, топырақта кең тараған. Бұлар құрамында хлорофил болатын өте
ертедегі организмдер, хлоропласттар болмайды. Көк-жасыл балдырлар клетканы
қақ жарылып екіге бөлінуі арқылы көбейеді.
Бактерия мен көк-жасыл балдырлардың ерекшеленген ядросы болмауына
байланысты, оларды клеткаға дейінгі тірі формалары деп есептеуге болады.
Бірақ, эволюциялық дамуында бактериялар вирустардан жоғары сатыда тұрады.
Вирусты 1892 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашты. Вирустар тірі
организмдердің клетка құрылысы болмайтын үлкен бір тобы тіршілік етеді.
(лат. вирус- у). Вирустар- адам мен жануарлардың, өсімдіктердің көптеген
жұқпалы ауруларын қоздырады. Вирустарды жануарларға да өсімдіктерге де
жатқызуға болмайды. Тек электронды микроскоп арқылы зерттеуге болады.
Вирустар басқа организмдердің клеткаларында ғана тіршілік етіп көбейе
алады. Вирустар тірі организмдер клеткасынан тысқары жерлерде тіршілік ете
алмайды және олардың көптеген түрлері сыртқы ортада кристалл пішінді
болады. Жануарлар мен өсімдіктер, бактериялардың клеткаларының ішіне енген
вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Вирустардың әрбір бөлшегі
ДНК–ның шағын мөлшерінен яғни белокты қабықшамен қоршалған генетикалық
материалдан тұрады. Бұл қабықша қорғаныш рөлін атқарады. Вирустарды
клеткасыз организм деп есептеуге болады.
Эукариоттарға жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар, қарапайымдар
клеткалары жатады. Эукариоттардың клеткалары прокариоттарға қарағанда
күрделі келеді. Эукариоттық клеткалардың органоидтары болады, олар
мембранамен қапталған, ядросында ядрошықтар мен хромосомалар болады.
Хромосомалар ДНК мен гистоннан тұрады.
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларын алып қарайтын болсақ, пішіні
жағынан және атқаратын қызметі жағынан әр түрлі болады (3-сурет).
4
1- сурет. Эукариот клеткаларының қиыстырылған үлгісі : а- жануар клеткасы;
б- өсімдік клеткасы; 1- хроматині және ядрошығы бар ядро; 2- плазматика
мембранасы; 3- клетка қабығы; 4- плазмодесма; 5- кедір- бұдырлы
эндоплазмалық тор; 6- тегіс эндоплазмалық тор; 7- пиноцитоз вакуолі; 8-
Гольджи аппараты; 9- лизосома; 10- тегіс эндоплазмалық тордағы май
тамшылары; 11- центроильдер, микротүтікшелер және цинтросфералар; 12-
митохондрия; 13- гиалоплазманың полирибосомдары; 14- орталық вакуоль; 15-
хлоропласт.
5
2- сурет. Прокариот клеткаларының қиыстырылған үлгісі:1- плазматикалық
мембрана; 2- клетка қабығы; 3- нуклеоид; 3- рибосомдар; 4- мезосома; 6-
тилакоидтар; 7- хроматофорлар; 8- полифосфат түйіршіктері; 9- талшықтар.
Жануарлар клеткасының пішіні мысалы, эпителий ұлпасының клеткалары
жалпақ, куб, призма, цилиндр тәрізді, қанның клеткалары (эритроциттер)
сопақша бұлшықет ұлпасының клеткалары ұршық тәрізді. Олардың әр түрлі болуы
атқаратын қызметіне байланысты (3-сурет)
Өсімдіктер клеткасы жануарлар клеткасына қарағанда ірілеу, себебі оның
протоплазмасында көптеген шырындар болады.
Өсімдіктер мен жануарлар клеткасының өзіне тән ерекшеліктері болады.
Жануарлар клеткасында: 1) пластидтер болмайды; 2) қатты клетка қабығы
болмайды; 3) клеткалар 2 ге бөлініп бір- бірімен ажырайды; 4) жануарлар
клеткасында клетка орталығы болады; 5) жануарлар клеткасының қозғалу
қабілеттілігі бар; 6) фагацитоз процесінің қабілеттілігі жоғары; 7)
жануарлар клеткасының пішіні әр түрлі болады.
Өсімдіктер клеткасында: 1) өсімдік клеткасының қабығы полисахаридтен
тұрады (целлюлоза); 2) іші шырынға толы ірі вакуольдер кездеседі; 3)
пластидтері болады; 4) клеткалары бөлінген кезде клеткааралық қабат пайда
болады; 5) жоғары сатыдағы өсімдіктерде центроильдер болмайды; 6)
өсімдіктер клеткасының пішіні біркелкі болады.
Клетканың морфологиялық құрылысын алып қарайтын болсақ, клетка
цитоплазмадан және ядродан тұрады да сырты плазмалық мембранамен қоршалған.
Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан) органоидтардан, кі –
6
рінділерден түзіледі. Кірінділерге алмасу өнімдерінің жиынтығы- майдың
тамшылары белоктардың кристалдары, гликогеннің түйіршіктері және пиг-
менттер жатады. Клеткалардың барлығында органоидтар кездеседі және олар
заттар алмасуында маңызды қызмет атқарады. Органоидтарға эндоплазмалық тор,
ядро метахондрий, Гольджи аппараты, лизосома, т.б. органоидтар жатады.
3- сурет. Жануарлар организмінің клеткалары: 1- аш ішектің цилиндр тәрізді
эпителийі; 2- куб тәрізді эпителийі; 3- жалпақ эпителийі; 4- бокал тәрізді
безді клетка; 5- қанның клеткалары а- эритроцит, б-моноцит, в- лейкоцит, г-
лимфоцит; 6- бұлшықет клеткасы; 7- талшықты клетка сперматозоид; 8- жүйке
клеткасы; 9- тарамыс клеткасы
7
Организмді құруға клеткалардан басқа ерекше клеткасыз құрылыстар қаты
-сады. Клеткасыз құрылыстарға симпласт,синцитий,клеткааралық зат жатады.
Симпласт дегеніміз көп ядролы, плазмалеммамен қапталған көп клеткалардың
қосылуынан пайда болған ірі құрылым.
Синцитий – клеткалар бөлінген кезде түгел ажырамай дәнекерліктермен
байланысып тұратын жағдайда пайда болады. Цитоплазмада мембраналы және
мембранасыз органоидтар кездеседі. Мембраналы органоидтарға эндоплазмалық
тор, Гольджи кешені пероксисома, митохондрий, лизосома, ядро жатады. Екі
мембраналы органоидтарға митохондрий мен пластидтер жатады.
Мембранасыз органоидтарға еркін рибосомалар және полисомалар,
микротүтікшілер, клетка орталығы (центросома), цитоплазманың фибрильді
құрылымдары жатады.
Сыртқы ортадан алынатын энергияның түріне байланысты тірі клеткаларды
екі түрге бөлуге болады:
1. Гетеротрофты
2. Автотрофты
Гетеротрофтыға адам организмі және жоғары сатыдағы жануарлардың
клеткалары жатады. Бұл клеткаларға дайын органикалық заттардың молекулалары
үнемі келіп тұруы қажет, яғни көмірсулар, белоктар мен майлар. Гетеротрофты
клеткалар бөлінген осы энергияны өзінің биологиялық функцияларына қажетіне
жұмсайды.
Автотрофтыға жасыл өсімдіктердің клеткалары жатады. Фотосинтез процесі
кезінде хлорофилл пигменті күн сәулесінің энергиясын химиялық энергияға
айналады және атмосфералық көміртегінің қос тотығынан көміртегін бөліп
алып, жабайы органикалық молекуланы (глюкозаның молекуласын) түзеді.
Қорыта айтқанда, барлық тірі организмдер энергияны күн сәулесінен алады.
Өсімдік клеткалары энергияны тікелей күннен алатын болса, ал жануарлар оны
жанама жолмен алады.
Цитоплазма
Цитоплазма (грек тілі цитос- ыдыс (клетка), плазма- жасалған,
қалыптасқан) деген ұғымды анықтайды. Клетканың ішін толтырып тұратын сұйық
қоймалжың затты цитоплазма дейді. Чех ғалымы Пуркинье 1840 жылы
Протоплазма деген терминді ұсынған. Цитоплазма сыртқы ортадан плазмалық
мембрана арқылы бөлінген. Цитоплазма клетканың метаболизм – дік жұмысшы
аппараты. Эукариотты клеткалардың цитоплазмасында ядро және әр түрлі
органоидтар болады. Цитоплазманың ішінде әр түрлі қосындылар клетка
әрекетінен шыққан өнімдер, вакуольдер, сондай-ақ клетка қаңқасын құрайтын
өте жіңішке түтікшелер мен жіпшелер жинақталады.
Цитоплазманың құрамы мынандай заттардан тұрады: су 75-85%,белок және
8
аминқышқылы -10-12%, көмірсутек -4-6%, майлар ,липидтер -2-3%. Осы аты
аталған заттар коллойдты ерітінді құрайды. Бұл заттар сұйық күйден қатты
күйге немесе керісінше ауысып отырады.
Зат алмасудың негізгі процестері цитоплазмада өтеді, ол ядро мен бүкіл
органоидтарды біртұтас етіп біріктіріп, олардың өзара әрекетін клетка
қызметін біртұтас тірі жүйе ретінде қамтамасыз етеді. Цитоплазманың
маманданған құрылымдарына миофибриллалар, нейрофибриллалар мен
тонофибриллалар жатады. Микроскоппен қарағанда байқалмайтын құрылы- мы жоқ
цитоплазманың жұқа, тұтқыр шеткі қабатын эктоплазма дейді, ал органоидтар
мен кірінділер орналасқан бөлігін эндоплазма дейді.
Цитоплазманың негізгі матриксін гиалоплазма (грекше hyaline – мөлдір)
деп атайды. Гиалоплазманың құрамында түрлі глобулалық белоктармен
цитоплазмалық матрикстің ферменттері болады. Матрикстің маңызды
ферменттеріне гликолиздің ферменттері, қанттардың азоттық негіздердің,
аминқышқылдардың, липидтердің және басқа маңызды қосылыстардың ферменттері
жатады. Гиалоплазмада АТФ молекулалары жинақталады. Гиалоплазма клеткадағы
барлық құрылымдарды біріктіріп тұрады және олардың химиялық әрекеттесуін
қамтамасыз етеді.
Клетканың химиялық құрамы.
Өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлілігін сипаттайтын қаншама
ерекшеліктері болса да олардың өмір сүруінің негізгі – зат алмасу процесі.
Онсыз тіршілік жоқ. Тіршілікті анықтай келіп, Ф.Энгельс былай деп жазған
болатын: Тіршілік дегеніміз белокты заттардың тіршілік ету тәсілі, оның
тіршілік етуінің ең маңызды кезеңі сыртқы табиғатпен үнемі зат алмасып
отыруы болып табылады, зат алмасуы тоқтаған кезде тіршілік те тоқтап, белок
бұзыла бастайды.
Клеткада химиялық реакцияларға қатысатын сан мыңдаған заттар болады.
Жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің клеткалары химиялық құрамы жағынан
өзара ұқсас келеді, мұның өзі органикалық дүниенің біртұтастығын көрсетеді.
Әсіресе клеткада төрт элемент – оттегі, көміртегі, азот және сутегі көп
мөлшерде болады. Сондай – ақ басқа да элементтер кездеседі, күкірт,
фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір.
Су. Клеткада су бірінші орын алады. Егер клеткада су жетіспесе
тіршілігін тоқтатады. Мұндай күйді анабиоз деп атайды. Клетканың 80 % -ке
жуығы судан тұрады. Су клетка тіршілігінде алуан түрлі қызмет атқарады.
Клетканың серпімділігі сияқты физикалық қасиеттері,көлемі суға байланыс-
ты. Сондай – ақ судың еріткіш ретінде де зор маңызы бар: сыртқы ортадан
көптеген заттар клеткаға ерітінді күйінде енеді және клеткадағы керек
емес заттар ерітінді күйінде сыртқа шығарылады. Суда жақсы еритін заттар
гидрофильді деп аталады (грекше: гидрос - су, филео - сүйемін). Суда
нашар еритін немесе мүлдем ерімейтін заттар болады, мысалы: клечатка, май.
Судың молекулаларымен гидрофильді заттардың молекулалары элек-
9
тростатикалық әрекеттесе алатын немесе олармен сутектік байланыс түзе
алатын атомдар тобы бар заттар болады, мұны біз гидрофильді дейміз.Гид-
рофильді заттарға:тұздар, белоктар, көмірсулар, органикалық қосылыстар жа-
тады. Клетка мембранасының құрамында гидрофобты заттардың жұқа қа - баты
болады. Мысалы, судың клеткаға сырттан ішіне өтуіне немесе керісін- ше
іштен сыртқа шығуына жол бермейді. Клетканың тіршілігі үшін тұздар -дың да
маңызы зор. К+, Na+, Са2+, Мg2+, Сl-, НРО42- , Н2 РО4-, НСО3- аниондар
клеткада еріген күйде болады.Клеткада калий ионының концентрациясы жо -
ғары болса, ал натрийдің ионының концентрациясы аз болады. Клеткада бей-
органикалық заттар еріген күйде емес, сондай – ақ қатты заттар түрінде де
кездеседі. Мысалы, сүйек тканіндегі кальций фосфаты.
Белок клеткада маңызды қызмет атқарады.Белок құрылыс материал
қызметін атқарады.Клетканың мембранасы органоидтары белоктардан құралған.
Белоктар клеткада катализаторлық сондай – ақ қозғалыс қызметін атқарады.
Мысалы, бұлшықеттердің жиырылуы, сондай – ақ қарапайымды -лардың қозғалысы,
кірпікшелер, талшықтылар осы белоктар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен
қатар белоктар клеткада тасымалдау қызметін атқарады. Мысалы, қан белогы
гемоглабин оттегіні дененің бүкіл ұлпалары мен мүшелеріне таратады.
Белоктар сондай – ақ қорғаныштық қызмет те атқарады.Белоктардың екі тобын
ажыратады: протейндер немесе жабайы белоктар және протейндер немесе
күрделі белоктар. Протейн деген термин гректің протос, алғашқы деген
ұғымды білдіретін сөзден шыққан. Протейндер аминқышқылдарынан тұрады, бұған
жататындар альбуминдер мен глобулиндер, гистондар, протаминдер,
склеропротейндер. Белоктардың қорын протейндер құрайды.
Липидтер өсімдіктер жануарлар клеткасында кездеседі. Липидтер суда
ерімейді., ал бензинде, ацетонда, эфирде ериді. Липидтердің ішіндегі көп
тарағаны майлар. Липидтер клеткада құрылыс материалы болып саналады.
Липидтер клетка мембранасының құрамына кіреді және гидрофобты болады. Май
ыдырағанда энергия босап шығады.
Клетканың тұрақсыз қосылыстары
Цитоплазмада органоидтардан басқа, зат алмасу процесінде бірде пайда
болып, бірде жойылып отыратын заттар кездеседі, оны клетканың тұрақсыз
қосылыстары дейміз. Клетка қосындылары құрылысы және химиялық құрамы
жағынан әр түрлі болып келеді.
Клетка қосындыларының жіктелуі:
10
ҚОСЫЛЫСТАР
қоректік секретті
пигментті
белок майлар
липофусцин
меланин гликоген
көмірсулар
Секретті қосындылар бездерде көп болады. Гликоген қара бауырда
бұлшықетте жиналады. Белоктар амфибияның сарыуызында жиналады. Май, май
ұлпасында кездеседі. Меланин қара – қоңыр теріде жиналады. Липофусцин сары
– қоңыр пигмент жүйке және бауыр клеткаларында жиналады. Цитоплазмада
болатын тұрақсыз қосылыстардың клетка тіршілігінде үлкен маңызы бар.
Клетка қабықшасы
Плазмалық мембрана
Клетка қоршаған ортадан клетка қабығы арқылы ажыратылып тұрады. Кез –
келген организмнің клеткасы біртұтас тірі жүйе болып табылады. Ол өзара
тығыз байланысқан үш бөліктен : клетка қабықшасы, цитоплазма және ядродан
тұрады.Клетка қабықшасы күрделі құрылысты болады. Клетка қабықшасы сыртқы
қабаттан және оның астыңғы жағында орналасқан плазма мембранасынан
тұрады. Өсімдіктер мен жануарлар клеткасының қабықшасында айырмашылығы
болады. Өсімдіктердің сондай–ақ бактериялардың, көк-жасыл балдырлар мен
саңырауқұлақтар клеткаларының сыртқы бетінде тығыз қабықшасы бар немесе
клетка қабырғасы болады. Өсімдіктердің көпшілігінде олар клетчаткадан
тұрады.
Жануарлар клеткасының сыртқы қабатының өсімдіктер клеткасының
қабырғасынан айырмашылығы- ол өте жұқа, созылғыш болады, полисахаридтер мен
белоктардан құралады. Жануарлар клеткасының үстінгі қабаты гликокаликс деп
аталады. Гликокаликс ең алдымен жануарлар клеткасы сыртқы орта мен және
төңірегіндегі барлық заттармен тікелей байланыстыру қызметін атқарады.
11
4-сурет. Үлгі; клетка мембранасының құрылысы:
1-липид; 2-билипидті қабатты гидрофобты зонасы; 3-мембрананың интегралды
белоктары; 4-гликокаликстың полисахаридтері.
Жануарлар клеткасының сыртқы қабаты өте жұқа (1мкм шамасында)
болғандықтан, өсімдік клеткасының қабырғасы сияқты гликокаликсте олардың өз
тіршілік әрекеті арқылы түзіледі. Вирустардың әрбір бөлшегі ДНК-ның немесе
РНК-ның шағын мөлшерінен, яғни белокты қабықшамен қоршалған генетикалық
материалдан құралады. Бұл қабықша қорғаныш рөлін атқарады. Вирустарды
клеткасыз организмдер деп есептеуге болады.
1935 жылы Давсон мен Даниелли клеткалы мембрана билипидтік қабаттан
тұрады деген болатын.
1959 жылы Робертсон сол кездегі жиналған мәліметтерді біріктіріп
элементарлық мембрананың құрылысы жөніндегі гипотезасын ұсынды. Бұл
гипотеза бойынша барлық мембраналардың қалыңдығы 7,5 нм шамасында;
электронды микроскоппен қарағанда үш қабатты болып байқалады; орталық
липидтік биқабат белоктың екі қабатының арасында орналасады. Бірақ бұл
гипотеза өзгеріске ұшырады. Мұздатып жару әдісі мембранада липидтік
биқабат батып тұратын, кейде оны тесіп өтетін белоктық бөлшектердің
болатынын анықтады. Мембрананың метоболизимдік белсенділігі неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым онда белоктық бөлшектер көп болады.
1972 жылы Сингер мен Николсон мембрананың сұйықтық – мозайкалық
моделін ұсынған. Бұл модель бойынша сұйық липидтік биқабатта белок
молекулалар мозайкалар құрайды. Бұл моделде липидтік биқабат элементарлық
мембрана ретінде қарастырылады, бірақта мұнда ол қозғалмалы құрылым болып
алынған; липидтік қабатта белоктар еркін қалқып жүреді, ал кейде
цитоплазмадағы микроэлементтер оларды қозғалтпай бір орында ұстап тұрады.
Липидтер өз орнын өзгертіп, жылжып қозғалып тұруы да мүмкін. Элементарлық
мембрана барлық оргаизмдердің клеткаларына тән универсалдық биологиялық
құрылым.
Плазмалық мембрананың қалыңдығы 10 нм шамасында, оның құрылысы мен
атқаратын қызметін электронды микроскоп арқылы ғана зерттеуге болады. Белок
пен липид молекулалары жылжымалы болғандықтан, плазмалық мембрананы
қозғалтады.
Плазмалық мембрана көптеген маңызды қызмет атқарады:
1. қорғаныштық
2. өткізгіштік
3. тасымалдаушы
Клетка мен сыртқы орта арасында үздіксіз зат алмасады. Сыртқы ортадан
клеткаға су, жекелеген ион түрінде әр түрлі тұздар, бейорганикалық және
органикалық молекулалар келіп тұрады. Олар клеткаға плазмалық мембрананың
өте жіңішке каналдары арқылы өтеді. Сыртқы ортаға клетка
12
ішінде түзілген өнімдер шығарылады. Плазмалық мембрана арқылы клеткадан
алмасу өнімдері, сондай-ақ клеткадан синтезделген заттар шығарылып отырады.
Олар белоктар, көмірсулар, түрлі бездер клеткасынан өндірілетін гормондар
және ұсақ тамшы ретінде клеткадан сыртқы ортаға шығарылады. Мысалы, көп
клеткалы жануарлардың әр түрлі ұлпаларында түзетін клеткалары (эпителий,
бұлшықет ұлпалары т.б.) плазмалық мембрана есебінен бірімен бірі
байланысады.
Заттардың клетка ішіне өтуі және сыртқа шығауының төрт механизмі
бар:
1. Диффузия
2. Осмос
3. Белсенді тасымалдау
4. Экзо және эндоцитоз
Диффузия дегеніміз – концентрацияның аз жағына қарай тасымалдануы.
Сыртқы ортадан клеткаға әр түрлі заттар еніп отырады. Клеткалық мембрананың
су мен иондарды өткізетін арнаулы тесіктер болады. Үлкен молекулалар жай
өтеді де, кіші молекулалар жылдам өтеді. Ең жылдам өтетін су және оның
құрамындағы ерітінділер. Түрлі иондардың өту жылдамдығы түрліше. Катиондар
аниондарға қарағанда тез өтеді. Иондардың тасымалдануы қамтамасыз ететін
белоктан тұратын ионофоролар деп аталатын тасымалдаушының ерекше тобы
болады. Концентрацияның градиентіне қарсы тасымалдау үшін энергия қажет
(АТФ) калий, натрий иондарының шоғырлануын реттеп тұратын калий, натрий
насосы плазмалеммада орналасады. Плазмалық мембранада клеткадан натрийді
айдап шығатын натрий насосы орналасады. Сол сияқты сыртқы ортадан клеткаға
калий иондарын жеткізетін калий насосы болады. Осы екі насосты біріктіріп
натрий – калий насосы дейді. Насос АТФ арқылы іске асады.
Калий концентрациясының жоғары болуы белоктың синтезіне, гликолизге,
фотосинтезге және кейбір басқа маңызды тіршілік процесіне қажет. Сіңген
калийдің әрбір екі ионының орнына клеткадан натрийдің үш ионы шығарылып
отырады. Клеткадан шыққан натрий өз бетімен қайтадан клеткаға сіңеді.
Фагацитоз (гр. фагео -жебір) деген мағынаны білдіреді. Клеткалардың
тығыз бөлшектерді сырттан ұстап алу процесін И.И.Мечников фагацитоз деп
атаған. Органикалық заттардың, мысалы белоктармен полисахаридтердің ірі
молекулалары, тағамның түйіршіктері бактериялары клеткаға фагацитоз жолымен
өтеді. Фагацитозға плазмалық мембрана тікелей қатысады. Клетканың қандай да
болсын бір тығыз зат бөлшегі жанасқан бетінде мембрана майысып,
шұңқырланады да бөлшекті қоршап алады, сөйтіп бөлшек ішіне сіңеді. Асқорыту
вакуолі түзіліп, клеткаға түскен органикалық заттар сонда қорытылады.
Мысалы, қарапайымдылар, амеба, инфузория фагацитоз жолымен қоректенеді, ал
омыртқалы жануарлар мен адамда лейкоцит клеткасы бактерияларды сондай-ақ
организмге кездейсоқ енген әр
13
ұсақ қатты бөлшектерді сіңіріп алады. Сөйтіп организмді ауру тудырушы
микроорганизмдер мен бөгде бөлшектерден қорғайды.
Американдық биолог Льюис клетканың сұйықтық тамшыларыны сіңіре алатынын
байқаған, бұл құбылысты ол пиноцитоз(гр.ріnеіm- ішу) деп атаған. Пиноцитоз
процесі арқылы клеткаға заттардың өтуін жануарлар клеткаларынан, жоғары
сатыдағы өсімдіктерден, төменгі саңырауқұлақтардан, қарапайымдардан, тіпті
бактериялардан да байқауға болады. Фагацитоз бен пиноцитоздың механизмі бір
болғандықтан эндоцитоз деп атаған. Эндоцитоз клетканың қоректену механизмі
мысалы бірклеткалы организмдер.
5-сурет. Эндоцитоз
а- макропиноцитоз; б- микропиноцитоз; 1-шеткі қатпары; 2- вакуоль; 3-
клетканың үстіңгі қабатымен байланысқан кавеола; 4- микропиноцитозды
көпірші.
Плазмалық мембрана заттарды клеткадан шығаруға эндоцитозға қарама-қарсы
процеске экзоцитозда маңызды рол атқарады. Мысалы, әр түрлі белок
молекулалар, ферменттер, мукополисахаридтер, май тамшылары экзоцитоз
арқылы клеткадан шығарылады. Клеткадан көп мөлшерде шыққан ферменттер
клетканың жоғарғы бетінде гликокаликс қабаттында жиналады. Ферменттер
биополимерлерді және органикалық қосылыстарды мембранадан тыс ыдыратуға
үлкен қызмет атқарады.
Клеткааралық байланыстар
Плазмалемманың маңызды қызметінің бірі клеткаларды бір-бірімен
байланыстыру. Клеткааралық байланыстың жеті түрі бар: жай клеткааралық
байланыс, құлып және саусақ тәрізді байланыстар, десмосомалық, саңылау
тәрізді байланыс, синапстық байланыс, плазмодесмалық байланыс.
14
Плазмадесмалық байланыс бұл өсімдіктерде кездесетін байланыс 1881 жылы
И.Н. Горожанкин ашқан болатын. Синапстық байланыс нерв ұлпасына тән. Жай
клеткааралық байланыс қабат құрайтын клеткалар құрылымдарсыз өзара
байланысады, екуінің арасында 15-20 нм клеткааралық кеңістік болады.Құлып
тәрізді байланыс эпителиялды ұлпаларда көп кездеседі. Бұл байланыста бір
клетканың плазмалеммалық мембранасы екінші клетканың мембранасының ойысына
сәйкес келетін өсінді құрайды.
Тығыз байланыста екі клетканың плазмалық мембранасы бір-біріне
жабысып, қалыңдығы 2-3 нм қабат құрайды.
Десмосомалық байланыс аумағы 0,5 мкм шамасындай.Саңылау тәрізді
байланыс немесе нексустар бір клеткадан екінші клеткаға химиялық заттарды
жеткізуге қатысатын құрылым.Синапстық байланыс бұл нерв ұлпасында
кездеседі. Бұл байланыс екі нейронның арасында немесе нейрон ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz