Орман шаруашылығы туралы


Мазмұны

1. Кіріспе . . . 2

2. Орман шаруашылығы тарихына шолу . . . . . . 6

3. Алматы облысы орман шаруашылығына сипаттама… . . . 11

3. 1 Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы … . . . 11

3. 1. 2. Климаты . . . 12

3. 1. 3. Су - ресурстары . . . 16

3. 1. 4 Фаунасы мен флорасы . . . 19

4. Алматы облысы орман шаруашылығының шаруашылық-экономикалық сипаттамасы . . . 22

4. 1. 2. Техникалық - қауіпсіздік ережелері . . . 47

4. 1. 3. Орман шаруашалығындағы қауіпсіздік талаптары . . . 51

4. 1. 4. Орманды қорғау . . . 55

4. 1. 5. Ормандағы өрт қауіпсіздігі . . . 58

5. Қорытынды . . . ……… . . . 70

6. Қолданылғын әдебиеттер тізімі . . . 72

1 Кіріспе

Қазіргі кезде орманды пайдалану көлемдері өсті, оның сапалы өзгеруі өтіп жатыр, бұл негізгінен жаңа машиналарды және технологияларды қолдануға байланысты. Ормандардың біршама аудандары шабылып жатыр . Алдын ала есептеулер бойынша, біздің ғаламшарда жыл сайын ауданы 10 млн га асатын орман шабылады.

Ал жыл сайынғы әлемнің маңызды аудандарындағы ормандардағы өрттер саны одан да көп, бірақ жалпы алғанда жану көлемі техникалық алға басуға байланысты төмендеу байқалады.

Осыдан орманы шабылған және жанған аудандарда орманды бұрынғы қалпына келтіру қажеттілігі туындайды. Бұл қазіргі заманның ғаламдық проблемасы .

Орман шаруашылықтарында орманды қалпына келтіру және ормандағы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау ерекше орын алады - себебі бұл мемлекетіміздің үлкен шаруашылық мақсаты және сонымен қоса оны орындау жұмыстардың масштабтылығына байланысты, ғаламдық проблеманы шешуге өз үлесімізді қосу, орман шаруашылығында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, табиғатты қорғау, қайта жаңарту өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Орманды қалпына келтіру мәселелерін дұрыс шешу, ағашпен және орманның басқа өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етумен, сонымен қоса орманның қорғағыштық, рекрециялық және басқа функцияларымен тікелей байланысты, бұл орманның биосфераның маңызды құрамдас бөлігі ұғымынан туындайды.

Орманды қайта жаңарту, оның басты компоненті -ағаш өсімдіктерінің қалпына келуін білдіреді. Ал ол болса, басқа компоненттердің -орманға тән топырақ жабындысы-ның, саңырауқұлақтар және бактериальды флораның және т. б пайда болуына әкеледі. Сондықтан «орманды қайта жаңарту» ұғымын кең мәнде биогеоценоздың немесе экожүйе тұрғысынан қарастыруға болады, яғни орман қоғамдастығының, орман биогеоценозының немесе орман экожүйесінің қайта жанаруы деп. Тәжірибе жүзінде орманның қайта жаңаруы ағаш өсімдіктерінің қалпына келуі және жас ағаш өсінділерінің болуы, оның сипаты (шығу, тап, өздігінен өскен, көшеттер, өсуі, олардың санын орналасуы, олардың тұқым бойынша таралуы, жағдайы) бойынша бағаланады.

Орманды қалпына келтіру-көп жақты проблема, оның ішінде әсіресе табиғи, техникалық, технологиялық, экономиялық және әлеуметтік жақтарды бөліп көрсетуге болады.

Орманды қалпына келтіру табиғи, жасанды және аралас деп бөлінеді. Орманды табиғи қалпына келтіруді екі мәнде түсінуге болады:

  1. өздігінен қалпына келтіру процессі ретінде, ол орманда сұрапыл (стихиялы) түрде, ағаш өсірушуінің әсерінсіз, бірақ ол белгілі заңдылықтарға бағынады, оларды білу арқылы қайта жаңарту мәселелерінің кез келген түрін шешуге болады;
  2. реттелетін процесс ретінде, ағаш өсіруші бағыттайтын, яғни былай айтқанда, табиғи жаңартудың бір әдісі ретінде қарастыруға болады, ағаш өсіруші табиғи жаңартудың бағытын анықтайды және оны әдіс ретінде қолданып, ағаш тұқымының өсуі үшін қолайлы күтімдік кесудің әдістерін және тұқым беретін ағаштарды таңдайды, топырақ үстін және топырақты дайындайды, орман кесу кезінде өсінділерді сақтау шараларын ойластырады.

Табиғи қайта жаңарту әдісінде ағаш тұқымдарының биологиясын және экологиясын, табиғи және экономикалық жағдайларды, кесу тәсілдерін ескеретін әдістерді қолдану қарастырылған. Сөйтіп, орманды табиғи қайта жаңарту басқарылатын процесс және әдіс ретінде қайта жаңартудың активті түріне жатады[11, 14 б. ] .

Ал жасанды қайта жаңарту кезінде қазіргі әлемдік ағаш өсіруде ортақ тенденция байқалады, бұл біртіндеп көшет отырғызуды көбейту. Бірақ егу және отырғызу қатынастары әр түрлі болуы мүмкін, бұл тұқымға, табиғи жағдайларға, тұқыммен және отырғызылатын материалмен қамтамасыз етілуіне, техниканың мүмкіндіктеріне байланысты.

Аралас қайта жаңарту бір учаскіде табиғи және жасанды қайта жаңарту-ды бірдей қолдану болып табылады және әр түрлі нұсқада берілуі мүмкін. Бұл әдістің бірталай жақсы жақтары бар, бірақ ол сұрапыл жағдайлардың болуын ескеру керек, яғни қанағаттырылмайтын нәтижелерді алуды (мысалға, қарағайдың өсуін табиғи қайта жаңарту нәтижесінде шыққан қайың басып тастау мүмкін) сондықтан бұл процеске ағаш өсірушінің уақытында кіріскені керек. [25, 36 б. ] .

Орманды қорғау және көбейту-жалпы халықтық іс. Орманды сақтау және көбейту тек қана халық шаруашылын ағаш және басқа бағалы өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қоса жануар әлемінің, табиғи су қоймаларында балықтың сақталуына және көбеюіне, климаттың жақсаруына әкеледі. Осы арқылы адамдардың өмір сүру жағдайлары жақсарады. осы орайда орманды қорғауға ертеден көп көңіл бөлінген. Петр І 1701 жылы өзендердің бассейндеріндегі орманды кесуге тиым салды. Сонымен қоса ол қорғауға алынған ағаш түрлерін, орман алаңдарын анықтады. Малды бақташысыз жаюға тиым салынды. Қазан және Нижнегородтағы орманды кескен үшін қатаң жаза тағайындады. 1722 жылы Петр І орман шаруашылығында маңызды реформаны жүргізді, бұл реформа орман шаруашылығын министр бастаған жеке бір сала ретінде арнайы басқарманың қалыптасуына негіз болды.

Орман шаруашылығының жұмысшылары орманды қалпына келтіру, орман қорын тиімді пайдалану, ағаш дайындау кезінде оның шығымын азайту, тасымалдауға және өңдеуге, орман өнеркәсіптерін орман қорына жақын етіп орналастыруға байланысты көптеген қиын мәселелердің сәтті шешімін тауып жатыр. [5, 3 б. ] .

Орман өсірудің негізгі проблемасы-біздің орман байлығымызды көбейту және оның өнімділігін арттыру-ғылыми негізде дайындалған арнайы шаралар арқылы шешіліп жатыр. Бұл проблеманы шешудегі жетістіктер орман шаруашылығын жүргізу ережелерін терең және мықты түсінуге тікелей байланысты.

Ормандағы шаруашылық әдістер мен тәсілдер орман биологиясы бойынша арнайы білімдерді-орман екпелерінің өмірі туралы білуді талап етеді.

Ағаш өсірушілердің оңды ісін бағалауға келмейді. Ағаш өсірушінің ұлылығы мынада жатыр, ол өзінің күнделікті жұмысында өзі көрмейтін және қолданыла алмайтын затты өсіп шығарады, бірақ оны ұрпақтары алғыс айта отыра бағалайды.

Ағаш өсірушінің қызметін чеховтың кейіпкері Астровтың сөздерімен сомдауға болады: « менің қолымен өсірілген жас орманның шуын естігенде, мен климаттың кішкене болса да менің қолымда екенін сезем және мың жыл өткен соң адамдар бақытты болса, оған мен кішкене кінәлі болуға бақытты болам. Мен қайыңды салып, одан куейін оның өсіп келе жатқанын көргенде, менің кеудем мақтанышқа толады ».

Иә, орман тек қана ағаш және басқа өнімдердің көзі емес, тек адам өмір сүретін ортаның компоненті ғана емес. Орман-бұл талай жазушыларды, ақындарды, суретшілерді және композитерлерді толғандырған сұлулықтың көзі. Алғашқы музыкалық әуендер құстардың әндеріне, жапырақтардың қозғалуына, шегірткелердің зуылдауына, бұлақтардың гүрілдеуіне еліктеуден пайда болған шығар. Әр қашан және әр жерде музыканың негізгі көзі табиғат, оның ішінде орман болып келеді. Орманға өздерінің тамаша суреттерін Васнецов, Саврасов, Попов және Левитан, т. б суретшілер арнаған. Шишкин да орыс орманының әншісі болған [15, 211 б. ] .

2. Орман шаруашылығы тарихына шолу

Ғалымдар мен философтардың айтуы бойынша б. д. д Ү ғ жер өндеушілер орманды өздерінің ағаш материалдарына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өсірген. Өркениеттің дамуына байланысты орманды пайдалану бағытталған түрде болды. Біздің дәуірімізге дейінгі ІҮғ. кітаптарында орманды пайдалану және орман босаған жерді қалпына келтіру туралы шаралар сипатталған.

Орманды өсіру туралы ережелер әр түрлі энциклопедияларда (ІХ-Х ғ. ғ) келтірілген. Мемлекет тарапынан орман ісіне деген қызығушылық ПетрІ кезінде басталады. Ресми бұйрықтарында ПетрІ орманның мемлекет үшін маңыздылығын көрсетіп кеткен.

Ормандар кеме флотын дамыту үшін керек болған. Бірақ ғылымдағы адамдардың ойлары тек орманды адамдар қажеттілігі үшін қолданумен шектеледі деген оймен тұрып қалған жоқ. Орманның суқорғауда, суреттеуде, топырақты қорғауда, климатты жақсартуда маңызы зор екені туралы ойлар пайда болды және олар дәлелденді .

Ағаш өсіру ғылымының негізін өздерінің еңбектерінде ұлы орыс ғалымдары М. В. Ломоносов, А. Л. Нартов, А. Т. Болотов және т. б салды.

Орманды өсіру ғылымы тез қарқынмен дамыды. 1804 жылы бірінші, орман өсірудің негіздері жазылған кітап шықты, авторы Е. Ф. Забловский.

Орман өсірушілер баспадан шыққан А. В. Теплухов, А. Варгал, П. Перелыгин, Д. И. Менделеев, В. В. Докучаевтың еңбектерімен танысты.

ХІХ ғ. ортасында және екінші жартысында орман ғылымында В. Шелгунов, М. К. Турский, Ф. К. Арнольд, Д. М. Кравчинский, А. Ф. Рудзкий және т. б. еңбектері белгілі болды. ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. басында оларға Н. С. Нестеров, Г. Н. Высоцкий, Л. И. Яшнов, М. Е. Ткаченко, В. Н. Сукачевтың және т. б еңбектері қосылды. [12, 81 б. ] .

Орыстың орман туралы ғылымының пайда болуына және дамуына үлкен үлес қосқан профессор Г. Ф. Морозов, оның жүзжылдық мерейтойын 1967 ж тойланылып кетті. Оның «Орман туралы ілімі» 1912 ж және 1949ж аралығында жеті рет басылып шығарылды. Г. Морозовтың «Орман туралы ілімі» атты кітабының бағалығы мынада жатыр, әлемде бірінші рет орман өмірінің теориясы берілді. Өзі бақылаған нақты материалдар және орыс, шетел зерттеушілерінің материалдары негізінде Г. Ф. Морозов орманның даму және оның пайдалану барысында қалпына келтіру заңдылықтарын анықтап, зерттеді . Ол орманды географиялық құбылыс ретінде қарастырды.

Орман өсіруде жиналған тәжірибе негізінде мынаны көруге болады, қарағайды қайта жаңарту кезінде негізгі орынды орман дақылдары алу керек. Бірақ оны өсіруге байланысты кейбір сұрақтар, мысалы құмды топырақтарды дайындау, басқа тұқымдармен араластыру, орманның қалыңдығы және егу орындарын орналастыру секілді, әлі күнге дейін орман өсірушілер арасында қызу талқылануда. [32, 14 б. ] .

Өміршенді және жоғары өнімді егінділерді салу кезінде маңызды рөлді әр түрлі жағдайларда өсетін орман тұқымдарының дәнінің шығу тегі алады.

(Вересин, 1946. Носков, 1959, Поджаров, 1971) . Дәндерді таңдау кезіндегі қателік дәл сол кезде емес, тек біраздан соң анықталады, сондықтан ағаш өсірушілер кез келген дәнді қолдануынан болатын эффекті білу және болжау керек. Орманды зонаның Орталық бөлігінде, Усман борында «оңтүстік бөлігі), жай қарағай дақылдарын сау технологиясы бойынша туындайтын сұрақтарға жауап беруге арналған бірегей объектілер орналасқан. Олар жоғарыда айтылған бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Орман өсіру тарихында бірінші рет организмдер мен ортаның бір тұтастығы туралы қағида айтылды.

Орман сыртқы ортамен үздіксіз байланыстағы тірі организмдердің күрделі тұрғылықты жері ретінде қарастырылды. Орман туралы түсінікке бір-бірімен және қоршаған ортамен әрекеттесетін және үздіксіз өзгерісте болатын жануарлар мен өсімдіктер қоғамдыстығы ретінде берілді. Г. Ф. Морозов бойынша орман географиялық құбылыс.

Ч. Дарвинның көзқарастарына негізделе отырып Г. Ф. Морозов орман өмірін тіршілік үшін күреспен байланыстырды, бұл табиғи сұрыпталуға әкеледі деп ойлады. Ағаш өсімдіктерінде индивидуальды өзгергіштік түрі қатты дамыған. Табиғи сұрыптау процессі ағаш тұқымдарына тән. Ортаның жағдайына бейімделе алған организмдер тірі қалады, бейімделе алмағандар өледі. Ағаш тұқымдарында аналық және аталық белгілер тұқым қуалайды, ал ағаштардың қасиеттерінің өзгергіштігіне шек жоқ.

Қазіргі орман өсіру үшін Г. Ф. Морозов тұжырымдаған ереженің маңызы зор, ағаш тұқымдарының орта жағдайларына сәйкестігі туралы ереже. Тек ағаш тұқымдарының өсетін орын жағдайларына сәйкес болғанда ғана оң нәтиже алуға болады, яғни жоғары өнімді орман.

Орманды қозғалмалы тепе-тең жүйе деп көрсете отырып, Г. Ф. Морозов орман өміріне белсенді қатысып, табиғи сұрыпталуды жасанды жолмен реттеу керек деп санаған. Ол орман өсіруде жаңа бір бөлім әдейі сұрыптаудың пайда болуына сетігін тигізді, бұл сұрыптау табиғи сұрыпталуды шарттарға сай және шаруашылыққа керек етіп реттеу туралы пән. Осыған орай орман табиғатын терең зерттеу және оған орман дақылдарының селекциясы, күту мақсатында кесу және басқа шаралар арқылы белсенді әсер ету, оның орман туралы ілімнің негізі болды.

Профессор Г. Ф. Морозов ағаш тұқымдарының ауысуы туралы ілімнің негізін қалаушы. Оның айтуы бойынша, табиғатта бәрі өзгереді, ауысады. Орманда, кейбір формаларда тұрақты болуына қарамастан, осы заңға бағынады. Орманның өмірге деген қабілеті ағаш бітімінің орта жағдайларына сәйкес болу дәрежесіне байланысты[49, 58б] .

Г. Ф. Морозовтың дарындылығы әсіресе ол жасап шығарған орман типтері туралы ілімде анық көрінді. Бұл ілімді жалпы біздің елде де және шетелде де мойындады. Ол В. Н. Сукачев, П. С. Погребняк, В. Г. Нестеров, И. С. Мелеховтар айналасқан типологиялық бағыттардың дамуына негіз болды.

Орыс орман өсірушілері ІҮ әлемдік орман конгрессінде орыстардың типологиялық мектебін жоғары бағалануы Г. Ф. Морозовқа міндетті. [51, 75 б. ] .

Отандық орман өсіруде ең таңымал, А. Ф. Правдинің (1964) жай қарағайдың түр ішілік классификациясы, ол қарағайдың 5 түртармағын(географиялық түр) бөліп көрсетті:жай ормандық, ілгекше түрдегі, солтүстік лапландық, сібірлік және құлынды(немесе оңтүстік далалық) . Әр түр тармақтар өз ішінде климаттық экотиптерге және топырақтық немесе эдафиялық экотиптерге бөлінеді. Мысалға, бордық қарағай (меловая) және батпақты қарағай (болотный) .

Климаттық тип (немесе географиялық бір түр) бұл ең үлкен популяция, оның ішінде географиялық ендік пен теңіз деңгейінің биіктігі арасында айырмашылықты анықтау мүмкін емес деп қарастыралады. (Дж. Райт, 1978) .

Қазіргі түрлер концепциясы оны популяциялар жүйесі ретінде көрсетеді

(Н. В. Тимофеев-Ресовский және т. б., 1973; Э. Майр, 1974) . Негізгі орман-түзушілерді зерттеу кезіндегі популяциялық көзқарас орман ғылымында жаңа кезең. Орман өсіруде популяция пайдаланудың, қорғаудың және түрлі жаңғыртудың негізгі бірлігі ретінде қарастырылады. Ағаш өсімдіктерінің популяциялық құрылымының ерекшеліктері, олардың биоэкологиялық өзгешіліктері-мен, өміршеңділігімен, ареал кеңдігімен анықталады. Ағаш өсімдіктерінің популяциясы, әсіресе жай қарағайдың, дарақтардың саны бойынша көп, ашық шекара жоқ, аралас зоналар бар. Ареал деңгейінде тұқымқуалаушылық қасиеттер мен белгілері физ-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзгереді. Жай қарағайдың географиялық өзгергіштігін ескере отырып, бұрынғы Кеңес Одақ территориясында 85 орман аудандары құрылған еді.

3 Алматы облысы орман шаруашылығына сипаттама

3. 1 Табиғи-климаттық жағдайы

Алматы облысы республикамыздың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Жетісу деп аталатын аймақта орналасқан, ауылшаруашылық аймақтардың бірі, жалпы ауданы 224, 0 мың га. Территориясы- Солтүстігінде ол Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр әрі бұл шекаралық аймақты ащы-тұщы сулы Балхаш көлі, суы ащы Алакөл, Жалаңаш көл және суы тұщы Сасықкөл мен Ұялы көлдері бөліп жатыр. Шығысында Жоңғар Алатауы арқылы Қытай мемлекетімен көршілес жатыр. Ал, оңтүстігінде Іле Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатау жоталары созылып жатыр. Бұл Солтүстік Және Орталық Тянь-Шань таулары. Батысында Жамбыл облысымен шектеседі.

Облысты Жетісудағы ең ірі су көзі Іле өзені кесіп өтеді. Оның қайнар көзі Алматы облысынан бастау алып, сосын Қытайға бет алады, ол жақтан қайтадан Қазақстанға ағып келіп жасанды Қапшағай су қоймасын түзген соң шөл арқылы өтеді де Балқаш өзеніне келіп құяды. Оның ұзындығы 1001 шақырым. Қапшағайдан Іле Алатауының аңғарына дейін 1000 шақырымға жуық, бірақ мұндай ара қашықтықта бір сағаттың ішінде қаңсыған шөл даладан бастап арктикалық мұзға дейінгі 4 климаттық белдеуді жүріп өтуге болады. Облыс аумағында 16 аудан және облыстық қалалары Қапшағай, Текелі бар. Әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы.

Алматы облысы - ғаламшарымыздағы тропикалық және экваторлық зоналардан басқа барлық ландштафты зоналарды бірнеше сағат ішінде жүріп өтуге болатын жерлердің бірі. Орналасуына, жер бедеріне қарай облыс әр түрлі екі бөлікке бөлінеді, олар: оңтүстік-таулы аймақ және солтүстік -жазық. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауының солтүстік сілемдері созылып жатыр. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-батысы Балхаш шөлімен ұштасып жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай қозғалып келе жатып жаттығып жүрген адам жол бойында шөлге, жартылай шөлді далаға (500-ден 1000 м-ге дейін), орманды дала мен жапырақты ормандарға ( 1000-1400 м), тянь-шань шыршаларының орманына (1400-2700), альпілік және субальпілік алқаптарға, қарлы шыңдар мен мәңгілік мұздықтара тап болады.

3. 1. 2. Климат

Табиғи ортаның екінші бір маңызды элементі климат болып табылады. Оның жалпы сипаттамасы жайлы сөз етсек сол аймақтың рекреациялық мақсаттарда жарамдылығын бағалауда топо-климаттық және микроклиматтық ерекшеліктері анықталады. Ауаның тазалығы, инсоляцияның жағымды жағдайлары, ауа температурасының аз мөлшерде ауытқуы және ауаның ылғалдылығы, тұманның сиректігі, желден қорғану барынша үлкен мәнге ие.

Алматы облысының климаты

Облыста барынша суық ай қаңтар, ал ең ыстық ай шілде болып табылады. Жазықтық жерде қаңтар айындағы ауа температурасы минус 12, 0-тан минус градустан 14, 1градусқа дейін ауытқиды. Балхаш маңайындағы суық маусымның ұзақтығы 5 айға жуық (қарашадан наурызға дейін) . Тау етектерінде қаңтардағы орташа температура минус 5, 6-дан минус 6, 6 градусқа дейін ауытқиды. Бұл жерде қыс салыстырмалы түрде алғанда қысқа болып келеді.

Облыстың жазық және таулы жерлерінде өте ыстық. Шілде айындағы орташа температура плюс 20 градустан плюс 25, 1 градусқа дейін ауытқып отырады. Алматы облысының климатына белсенді күн радияциясы тән. Мұнда вегетациялық кезең 4000 градусқа дейінгі температура мөлшерінде 205 күннен 225 күнге дейін созылады.

Биік таулы аудандардағы климат облыстың жазық жерлі аудандарындағы климаттан ерекшеленіп тұрады. Жаз мезгілінде тауда ауаның температурасы әрбір 1000 метр сайын орташа есеппен алғанда 0, 6 градусқа төмендеп отырады. 4500 метрден жоғары биіктіктерде орташа температура барынша жылы ай шілденің өзінде құбылып отырады.

Алматы облысының аймақтары бойынша жауын-шашынның түсуін бақылағанда оның әр жерде біркелкі түсе бермейтіні байқалды. Облыстың жазық жерлі аудандарына түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 125 мм-ден 300 мм-ге дейін ауытқиды, ал тау етегінде 400 мм-ден и500 мм-ге дейін өзгерсе, тауда 700 мм-ден 1000-ге дейін өзгеріп отырады. Облыстың ең құрғақ жері Балқаш маңы болып табылады. Мұндағы климатқа тән шөл іспеттес. Облыста көктемгі және жазғы кезеңдерде жауын-шашын көп мөлшерде түседі [9] .

Облыстың тау жақ бөлігі демалыс үйлері мен санаторийлер, курорттар салуға аса ыңғайлы болып келеді. Осылайша, Алматы облысы туризмнің қысқы түрлермен қатар жазғы түрлерін де дамытуға жайлы жағдай туғызатын климаттық ресурстарға ие. Қыс мезгілінде ауа-райы ыңғайлы және жауған қар шаңғышылар мен коньки тебушілердің ғана емес қыс қызықтарын ұнататындардың да әр түрлі қысқы ойындар ұйымдастыруына ықпал етеді. Ал, жаз кезінде шомылуға, күн көзіне қыздырынуға, қаланы аралап қыдыруға керемет жағдай туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ресурстарын бағалау
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Орман шаруашылығы
Орман шаруашылығы жұмыстары
Орман шаруашылығы мәселелерін шешудің жолдары
Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жүйесі
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті: құрылымы және қызметі
Орман шаруашылығы аумағын өртке қарсы орналастыру жобасы
Орман шаруашылығы экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz