Қазақ-орыс қарым-қатнастары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КIРIСПЕ . . . 3

I-ТАРАУ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТНАСТАРЫНЫҢ

АЛҒЫ ШАРТТАРЫ. . . . . . 11

1. 1. Қазақ-орыс қарым-қатнасы …… . . . 11

1. 2. Екi ел арасындағы саяси және дипломатиялық

байланыстар . . . 14

II-ТАРАУ. ХУIIІ ғ. екiншi жартысындағы

РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН . . . 22

2. 1. Қазақстан жерiндегi ХУІII ғ. 30-60 жж. саяси ахуал

Кiшi Жүз қазақтарының Ресейге қосылуы. …… . . . 22

2. 2 Қазақ-орыс қатнастарының нығая түсуiнiң

алғы шарттары. …… . . . 30

III. Орыстардың Ұлы Жүз территориясына келiп қоңыстануы және олардың аймақтағы ұстаған саясаты. . …… . . . 39

3. 1 Аймақтағы саяси жағдай . . . 39

3. 2 Әкiмшiлiк -территориялық басқарудағы

өзгерiстер . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI…… . . . 55

КIРIСПЕ

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатнастардың қалыптасуы мен дамуы, екi ел тарихында да ерекше орын алады. Өйткенi ол екi қоғамның да- экономикалық, саяси-әлеуметтiк және мәдени өмiрiнде iз қалдырған тарихи оқиға.

Екi ел арасындағы байланыс сауда қарым-қатанстарымен басталып, Қазақстанның Ресейге қосылуымен аяқталды. Мұның өзi, сонымен қатар, патша үкiметiнiң еркiнен тыс, қазақ жұртшылығының орыс халқымен жақындасуын тездеттi. Бұл екi халықтың езiлген таптарының патша үкiметi мен бай-шоңжарларға қарсы тiзе қосып күресуiне бiрден-бiр қолайлы жағдай туғызады.

Қазақ-орыс қарым-қатнастары проблемасы секiлдi ауқымды мәселенi сөз еткенде қазақ халқының сол кездегi сыртқы, iшкi саяси жағдайын анықтаудың айтарлықтай маңызы бар. Осыған орай бұл жұмыста қазақ хандығының сыртқы саяси өмiрiне көбiрек көңiл бөлiндi. Жоңғар хандығының қазақ жерiн жаулап алу мақсатымен жүргiзген шапқыншылық саясаты, қазақ халқының өз бостандығы үшiн күресi осы тұрғыда қазақ хандарының орыс үкiметiмен бiрлiгi, Ресейдiң Сiбiр хандығын жаулап алуы оған Қазақстанның қатысы т. б. мәселелер осы еңбекте азды-көптi өз сипаттамаларын тапты.

Осы тарихи оқиғалардың себебi мен нәтижелерiн зерттеу, яғни қазақ хандығының сол саяси жағдайлар мен iшкi себептердiң нәтижесiне байланысты Ресей қарамағына өтуiн зерттеу жұмыстың басты мақсаты.

Еңбекте негiзiнен сол кездегi тарихи оқиғалар баяндалған. Оған тарихи деректерге байланытрыла отырып баға беруге ұмтылыс жасалынған.

Патша үкiметiнiң реакциялық саясатына қарамастан, Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрессивтiкте маңызы болды, ол

қазақ және орыс халықтарының арасындағы достықты нығайтуда белдi бiр кезең болып табылады. Осы достықтың жалғасы бүгiнгi күнi Қазақстан өзiнiң егемендiгiн алып отырған кезде де одан әрi жалғасын табуда. 2003 жыл Қазақстанның Ресейдегi жылы болып табылса, ал биыл 2004 жыл Ресейдiң Қазақстандағы жылы деп жарияланып отыр. Екi ел басшыларының арасындағы және екi ел халықтары арасындағы қарым-қатнастар саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени байланыстар жылдан жылға дами түсуде.

Тақырыптың зерттелу дәрежесi.

Республикадағы тарихи зерттеулердiң маңызды бағыттарының бiрi- қазақ халқының Ресей құрамына өтуiнiң алғы шарттары, барысы және қорытындысын зерделеуге бағытталады. Қазан төңкерiсiнен кейiн революцияға дейiнгi Қазақстанның саяси тарихына қалам салған авторлардың еңбектерiне сын көзбен қарау күшейiп, оларға тек мүлдем жансақ позициямен бағалана бастады.

Кеңес үкiметiнiң алғашқы он жылдығында шыққан кейбiр еңбектерде революцияға дейiнгi Қазақстан тарихы жөнiндегi дворяндық-буржуазиялық тарихнаманың отарлық концепциясы сынға алынды. Бiрақ, авторлар ұлттық- отарлық қанаудың ауыр салдарлары туралы жалпылама қорытындылармен ғана шектелдi. Мәселен, 1) А. Рязанов өз еңбегiнде Қазақстанның патриархалдық - феодалдық өткенiн идеяландырып, Ресейге қосылуының прогрессивтiк жақтарын мүлде жоққа шығарды. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына алып келген iшкi, сыртқы саяси және экономикалық жағдайларға тиянақты талдаулар болмады, түпнұсқа деректер пайдаланылмады. Мiне, осылардың барлығы осы мәселенi зерттеу барысында үлкен қателiктер жiберуге жол бергiздi. Мәселен, 1920-1930-шы жылдары тарихшылар Ресейге жақын орналасқан халықтардың Орыс патшалығына қосылуын, әдетте «абсолюттiк зло»(абсолюттi ыза) есебiнде қарастырды. Осы

жылдары өлкемiздiң Ресейге қосылуын орыстардың жаулап алуы тұрғысынан қарастырғандар қатарына А. Рязанов, Г. Тоқжанов, Т. Рысқұлов, Е. Федоров т. б. болды.

Тарихшы С. Асфандияровтың есiмiмен Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасын зерттеуге деген жаңаша көзқарас қалыптасты. Ол қазақ халқының дамуындағы 2 кезеңдi атап көрсеттi: патша үкiметiнiң жаулап алғанға дейiнгi және содан кейiнiгi, Ресей империясының отары ретiнде. Асфандияров С. қазақ өлкесiнiң қосылуын қазақ феодалдарының жоғарғы тобының халықтың еркiнен тыс, олардың мүддесiне қайшы, патша үкiметiмен келiсiмi ретiнде қарайды. Сондай-ақ ХУIII ғасырдың басындағы қалыптасқан халықаралық жағдайды талдай келе, ол қазақ халқының ортаазиялық феодалдар тарапынан қысым көргендiгiн әрi Қазақстан территориясына жоңғар әскерлерiнiң баса көктеп еңгенiн дұрыс атап көрсетедi. Еңбекте Ресейдiң Қазақстандағы позициясының берген тұсы және қазақ бұхарасының отарлық езгiге қарсы күрес кезеңдерi айтарлықтай тиянақты баяндалған.

Автор Қазақстанның Ресей құрамына өтуiнiң ертелi-кеш бәрi-бiр мүмкiн емес құбылыс болғандығын көрсете келiп, «патша үкiметiнiң қазақ бұхарасын жаулап алуы мейiрiмдiлiк, бейбiтшiлiк пен мәдениеттi әкелген жоқ, ол қайыршылану, тонаушылық және кiсi өлтiруге әкелдi»-деп көрсетедi. Осыған орай ХУIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Ресейдiң қол астына өту қазақ халқы үшiн тек қана терiс салдары болған күштеу актысы ретiнде қарастырылады. 40-жылдары тарихи зерттеулердегi негiзгi құжатты материалдар көлемi көбейе түстi. Мiне, дәл осы кезеңде бұрынғы кезеңде белең алған Ресейге қосылу нәтижесiнiң қазақ жұртшылығы тұрмысындағы тек қана терiс өзгерiстерге әкелгендiгi туралы пiкiрден арылу әрекетi байқалады. Ғалымдар қазақ және орыс халықтары жақындасу негiзiнде жатқан объективтi факторларға және оның прогрессивтi мәнiне көп көңiл аудара бастады.

Тиянақты-тарихи материалдарды жинақтау, тарихи зерттеулер көлемiнiң кенеюi процесi барысында Қазақстанның Ресейге қосылу тарихи туралы бұрынғы қалыптасқан көзқарас-пiкiрлер өзгере бастады.

М. Вяткиннiң «Қазақ ССР тарихының очерктерi» кiтабында осы проблемаға айтарлықтай жаңаша көзқарас байқалып, тақырыптың күрделi әлеуметтiк- экономикалық және саяси аспектiлерi қарастырылды. Автор, ХУIII ғасыр басындағы қазақ хандығының, әсiресе кiшi жүздiң iшкi құрылысы мен халықаралық дағдайын терең талдауға мүмкiндiк берген көлемдi әр түрлi материалдарды пайдаланды. Бұл оған сондай-ақ патша үкiметiнiң шығыстағы мақсатын қарастырып, оның басып алушылық болды дей келе, осының негiзiнде Қазақстанның Ресейге қосылуының объективтiк алғы шарттарының болғандығын да айтуға мүмкiндiк бердi. Ресейдiң қоластына өтудiң ерiктiлiк сипатын жоққа шығара отырып, Вяткин сонымен бiрге «жаулап алушылық» түсiнiгiнен бас тартты, бұл «ақ сүйек, қара сүйектердiң жоғарғы тобының «бұхара еркiнен тыс» жүргiзiлген одақ жасау жөнiндегi әрекетi деп түсiндiредi.

ХУIII ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы Қазақстанның iшкi және сыртқы жағдайларын талдай келе, Вяткин «Қазақстанның алдында мiндет тұрды: бiрi Ресейдiң, екiншiсi Жоңғарияның билiгiн мойындау, шаруашылық және саяси өмiрдiң бұрынғы түрлерiн сол күйiнде қалдыратын едi»- деген қорытынды жасады. Осыларды есептей келе, ол ХУIII ғасырдың 30- жылдарындағы Қазақстанның солтүстiк-батыс бөлiгiнiң Ресейге бағынуын, бiз абсолюттiк емес, мүмкiндiгiнше азғантай қиянат болды деп есептеуiмiз қажет»-дедi. Айтылғандарды қорытындылай келе, Вяткиннiң концепциясының басты теориялық тұжырымын былайша қортуға болады: ХУIII ғасыр басында қазақтың игi жақсыларына 2 мүмкiндiктi пайдалануға болатын едi, бұл қосылу Әбiлхайыр ханмен басқа да феодалдық топтардың саналы талдауының нәтижесi болды, қазақ халқы үшiн кейiнгi тарихи дамуында келеңсiз әрекетiмен көзге түсiп, елдiң саяси тәуелсiздiгiне, халықтың екi жақты езгiге түсуiне алып келдi. Қазақ халқының Ресей құрамына өтуiнiң тарихи маңызы жөнiндегi бiржақты пiкiрлердiң болуына қарамастан Вяткин концепциясы үшiн жалпы алғанда ХУII-ХУIII ғасырларда Қазақстанның күрделi саяси жағдайын объективтi талдау, тиянақты баяндау, жүйелiлiк, логикалық қисындылық тән болды.

Вяткин концепциясының негiзгi жемiсi 1943 жылы шыққан

Қазақстан тарихы жөнiндегi күрделi еңбекте көрiнiс тапты. Мұнда

Қазақстанның Ресейге қосылуының барлық кезеңдерiндегi оның халықаралық

жағдайына сипаттама берiлiп, барлық көңiл қазақтардың көршi елдермен сыртқы саяси қиыншылықтары мен қақтығыстарына аударылды, Әбiлхайыр Орынбор әкiмшiлiгiмен және өзiнiң қарсыластарымен қарым-қатнасы қарастырылды, патша үкiметiнiң қазақ жүздерiндегi өзiнiң экономикалық және саяси жағдайын нығайтуға бағытталған әрекеттерi т. б. мәселелер толық көлемде баяндалады. Кiшi жүз ханының Ресейдiң қол астына алуы туралы өтiнiш беруiнiң негiзгi себебiн анықтауда авторлар дұрыс тұжырым жасап, оны қазақ хандығының iшкi жағдайынан iздестiрiп, «ақтабан шұбырындыдан» кейiнгi хандық билiктi ң әлсiрегендiгiмен түснiдiредi. Дегенмен, авторлар коллективi Әбiлхайырдық сыртқы күштер арқылы Қазақстанда бiр орталыққа бiрiккен хандық құруға жасаған әрекетiнiң негiзсiз екендiгiн дұрыс атап көрсетедi. Сонда да болса, қазақ хандығының жоғары шен өкiлдерiнiң сыртқы бағытының қалыптасуына әсер еткен қазақ қоғамының саяси құрылысының дамуының iшкi және сыртқы факторларының арақатынасын баяндауда жүйелiлiк жетiспейдi. Жалпы алғанда, еңбекте Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасын баяндаудағы бiр жақты бағадан арылу болғанмен, қазақ- орыс қатынастары жетiкiлiктi толық әрi объективтi көрсетiлмедi. Қазақстанның Ресейге косылуы мұнда, бұрынғыдай, қазақ шонжарлары мен патша үкiметiнiң келiсiмi ретiнде, Ресейдiң Қазақстанды жаулап алуы тұрғысынан қарастырылды. Мiне, осындай жағыдайда бұрынғы кезеңге бөлу, яғни Қазақстан тәуелсiздiк жағдайында және отарлық режим кезеңiнде, сақталып қалды. Кейбiр тұжырымдар әлiде болса екi бағытта болды. Мәселен, кiтапта Әбiлхайырдың Ресейге қосылу әрекетi, оның кiшi жүздiң билер кеңесiн «қолдауы» арқылы болғандығы ретiнде көрсетiледi. Бұл жерде Вяткиннiң Әбiлхайырдың көптеген батырлармен жақсы қатнасы болғандығы, Ресейге бағыну мәселесi кезiнде олардың қолдауына сүйене алатындығы мүмкiн болды деген ескерiлмей қалды.

Сондай- ақ кiтапта халық бұхарасының Ресейдiң қол астына өтуге қалай қарағандығы туралы күрделi мәселеге тиянақты жауап берiлген жоқ. Елшi Тевкелевтiң күнделiгiнде жазылған « қарсы партия» өкiлдерiнiң оған шабуылы, елшiлiк адресiне бағытталған қорқытулар, т. б. қиыншылықтардың барлығын авторлар қазақ қоғамының көпшiлiк бөлiгiнiң бағынуға қарсы наразылығы ретiнде қарастырады. Бiрақ бұл еңбекте қандай-да бiр тиянақты-тарихи материалдармен дәлелденбейдi.

Авторлар Ресейдiң қол астына өту туралы мәселеде шешушi рөл атқарған қазақтардың әлеуметтiк-тарихи психологиясы мен саяси сапалылығы ерекшелiктерi ескерiлмедi, өйткенi қазақтардың бiреудiң қоластына өту туралы түсiнiгi Еуропалық ортада қалыптасқан түсiнiктен мүлдем басқаша едi. Қазақ қоғамының түсiнiгi бойынша Ресейдiң қол астына өту туралы ант беру, олардың кейбiр праволарының (құқықтарының) шектелiп, есесiне күштi әскери-саяси одақ оны өз қоластына алады дедi. Бұл жағдайда қол сұғуға мүмкiндiгi жоққа шығарылды. ХУIII ғасырдың басында көшпендiлердiң көпшiлiгi өздерiнiң ұлттық тәуелсiздiгiнен толықтай айырылатындығын және патша үкiметiнiң қазақ территориясындағы экспанциялық мүддесiнiң көлемiн байқай алмады. Мiне, осылардың өзi қазақтардың көпшiлiгiнiң Әбiлхайырмен басқа да беделдi адамдардың Ресейге қосылу әрекетiне қарсылық тудыра қоймауына жол бердi. Күрделi еңбектiң авторлары «қарсы партия» жақтаушыларының әрекетiнiң әлсiз әрi жүйесiз, жергiлiктi сипатта болғандығын мойындайды. Олар, сол сияқты осы кезеңдегi қазақ хандығының қал-жағдайымен аптаған жаудың да болғандығын, мұның өзi орысқа қарсы болған көңiл-күйдiң түсуiне және қазақ қоғамындағы әртүрлi топтардың арасындағы Ресеймен жақындасуға деген ұмтылыстың болғандығын да естен шығарады. Осы еңбек үлкен сынға да ұшырағаны белгiлi.

Соғыстан кейiнгi кезеңде Вяткин, Рожков, Бекмаханов, Шахматов, Толыбеков, Зиманов т. б. ғалымдар еңбектерi шығып, Қазақстанның Ресей құрамындағы саяси және әлеуметтiк- экономикалық жағдайының маңызды аспектiлерiн қарастырады. Бұл жұмыстардың авторлары тиянақты-тарихи тәсiлмен, жаңа проблемаларды қосумен, көптеген деректердi пайдаланумен, зерттеу бағаларын мықты дәлелдермен келтiрумен ерекшеленедi.

Проблеманы зерттеудегi алға қойылған зор қадам - Н. П. Аполованың еңбегiнiң шығуы болды. (Присоединение Казахстана к России в 30-40-х гг. ХУIII в. А., 1948) . Автор елiмiндiң архив қойнауынан алынған көптеген материалдар тобына тиянақты-тарихи талдау жасау арқылы қазақ жүздерiнiң Ресейдiң қол астына өтуiнiң iшкi және сыртқы факторлары негiзiнде қазақтардың орыс мемлекетiмен тарихи байланысын, Ресейдiң билiгiн мойындау кезiндегi жағдайды көрсеттi. Қазақ қоғамының әр түрлi әлеуметтiк топтарының Ресеймен жақындасуының себептерi анықталды.

Қосылу концепциясын талдаған кезде Аполлова патша үкiметiнiң қазақ даласын игеру кезiндегi экономикалық және саяси қызығушылығының болғандығын, ол кейiнгi он жылдықтарды оның «царизмнiң iрi агрессиясымен» ұштасқандығын айтады.

Кейінгi еңбегiнде Н. Г. Апполова ХУIII-ХIХ ғасырдың басындағы Россияның тiкелей әсерiмен болған қазақтардың экономикасы мен қоғамдық тiршiлiгiндегi өзгерiстердi қарастырады.

Көтерiлiп отырған проблема тарихнамасы 70-80-шi жылдары шыққан В. Я. Бас ин, Р. Б. Сүлейменов, Т. Ж. Шойынбаев, Ж. Қ. Қасымбаев еңбектерiмен тығыз толыға түстi. Авторлар көптеген архивтен алынған деректер негiзiнде қазақ-орыс қатынасының жаңа қырларын ашып, мұның әуел бастан-ақ бiртiндеп жаулап алу сипаты болғандығын көрсетедi. Әсiресе, Ж. Қ. Қасымбаев орыс үкiметiнiң Ертiс өзенiнiң жоғары ағысында бекiнiстер тiзбегiн салу арқылы өзiнiң отаршылдық саясатын жүргiзгендiгiн және қазақ жерiнiң Азияға «терезе мен дарбаза» екендiгiн ескерiп, қандай жолдармен болмасын өз ықпалын нығайтуды империяның шығыстағы саясатының күре тамыры ретiнде ұстағандығын ашық баяндайды.

Сонымен, бiз қалам салғалы отырған тақырып, жалпы Қазақстан тарихнамасында жан-жақты, терең зерттелгендiгiн атап өтуiмiз керек.

Дегенмен, қазiргi кезеңдегi жариялылық, елiмiздiң тәуелсiздiк алуы, тарих беттерiндегi «ақтандақтардың» орнын толтыруға зор мүмкiндiктер берiп отыр. Осы орайда қазақ-орыс қатнасы тарихын баяндауда бұған дейiн барлығы бiрдей тегiс болды десек, қателескен болар едiк. Өйткенi, кешегi кеңес заманында, тоталитарлық режим, партиялық идеология, жалпы интернационализм бұл проблеманы да объективтi, тарих таразысына салып баяндауға әрқашанда мүмкiндiктер бермеген едi. Олай болса, бүгiнгi зерттеушiлер өткеннiң қателiктерiн ескерiп, олардың үлесiне тимеген мүмкiндiктердi пайдаланып бұл проблемаға тағы бiр үңiлуi тиiс. Сондықтан да бiзде осыған талпыныс жасап отырмыз.

I-ТАРАУ. ОРЫС -ҚАЗАҚ ҚАРЫМ - ҚАТНАСТАРЫНЫҢ

АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.

  1. Қазақ-орыс қарым-қатнасы.

Кеңес тарихшысы В:В. Мавровиннiң келтiрген дәлелдерi бойынша

«Орыс саудагерлерi ХIУ-ХУ ғғ. -да Волга арқылы Каспийге одан Самарқандқа дейiн барды; 1404 жылдары осы жерде орыс саудагерлерiмен қатар, татар, индия, қытай саудагерлерi де болғандығы айтылады. 1 Волга және Каспий тенiздерi арқылы орыс саудагерлерi Азия елдерiне маталар, терi, бал т. б. тауарлар әкелiп тұрған ос жолдар арқылы керi қарай Ресейге шығыстан тұз, жiбек маталар, құнды металдардан жасалған бұйымдар, бағалы тастар, iнжу, болаттан соғылған қару-жарақтар алып қайтып отырған.

Кейбiр зерттеушiлердiң айтулары қарағанда IХ-ХI ғасырлардағы орыс жылнамаларында түрiк сөздерiнiң ұшырасуы сол кездегi Орта Азиядағы түрiк тайпалары мен Шығыс Европа славяндарының тарихи байланыстарының ұзақ та тұрақты болғандығын көрсетедi.

ХII ғасырда қыпшақтар шекарасы шығыста Қазақстанның орталық облыстарына, Ертiс өзенiне дейiн, ал батыста Днепрге дейiн созылды. Қыпшақтар оңтүстiктегi iрi князьдық- Тмутораканьдi жаулап алды. Орыс мемлекетiнiң селендерiне де олар жиi шабуыл жасап тұрған. Алайда, орыс князьдықтарымен арадағы қатнастар екi жақтың бiр-бiрiне жасаған шабуылдарымен ғана шектелiп қойған жоқ, қайта олардың қыпшақтармен, басқа да түрiк тайпаларымен ен алдымен, печенегтермен жақындасу процесi сол уақыттың өзiнде-ақ жүрiп жатты. «Повести временных лет» жылнамасының мәлiмдеуiне қарағанда, пепенегтер Русьте Х ғасырдың орта шеңiнде келедi. Орыс жылнамаларында печенегтермен половецтерден басқа берендейлер, түрiктердi кейде бiр атпен « Қарақалпақ» дегендер де кездеседi. Осы түрiк тайпаларымен жақындасудың тағы да бiр жолы - орыс шекарасын

қорғау шартымен оларды Виев мемлекетiнiң жерiне апарып

орналастыру әдiсi болатын-ды.

ХI- ғасырдың аяғында және ХII ғасырдың басында орыс князьдары мен половец князьдарының арасындағы кейбiр жақындасулар болған. Мысалы, ХIII ғасырдың басында моңғолдардың жаулап алу қаупi туған кезде, орыс әскерi шапқыншыларға тойтарыс бере отырып, половецтермен одақ құрып майданға шыққан. 1223 жылы Қалка түбiнде болған ұрыста орыс пен половец отрядтары бiрiгiп, қанды майданда моңғолдарға қарсы соғысқаны тарихтан мәлiм.

Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатнастар еш уақытта да үзiлген емес. 2

Отаршылдық кеңiнен қанат жайып, империяның әмiрi жүрiп жатқан кезде орыс өндiрiсшiлерi, басыбайлы езгiден қашқан шаруалар ұлан-байтақ Сiбiр жерiн игеруге кеңiнен қатысты. Осы орайда зерттеушi В. И. Шунковтың «Сiбiр Ресейге қосылуы тiкелей жаулап алудан бастап, өз еркiмен қосылуға дейiнгi әртүрлi құбылыстардан тұрады» -деуi әбден орынды деп бiлемiз. Алайда, кеңестiк тарих ғылымында осы шындық тек сыңар-жақ күйде, яғни «шет аймақтар Ресейдiң құрамына өз еркiмен қосылды» -дей түсiндiрiлiп, жартыкеш, жалған концепция үстем болып келдi.

Ресей Қазан, Астрахань хандықтарын жаулап алғаннан кейiн, қолды Сiбiр жерiне салғаны тарихтан белгiл. Сiбiр түркi сөзi, ал Сiбiр жерi ежелден ғұндардың, кейiннен түркiлердiң атамекенi болған. Тiптi Сiбiрдiң ең үлкен көлi Байкалдың атауы да белгiлi орыс ғалымдарының бiр ауызды пiкiрi бойынша түрiктiң « бай көл» деген сөзiнен шыққан.

Ал, ғұлама ғалым Левшин Көшiм ханның шыққан тегi қазақ екендiгiн дәлелдеген. Көшiмнiң әскерi құрамында татарлар, қазақ ордасының адамдары, вогуличтер мен остақтар болғандығын орыс жылнамалары да растайды. (Сибирские летописи, 323 бет. ) . Бұдан шығатын қорытынды: Сiбiр хандығының тарихы, оның жаулануы қазақ халқы тарихының құрамдас бөлiгi болып табылады. Ендеше, қазақ халқының шежiресiн, оның өз алдына дербес халық болып тарих аренасынан шығуын, қазақ хандығы мен мемлекетiнiң тарихын оқшау қарастырмай түбi бiр туыстар тарихымен - Сiбiр, Ноғай, Қазан, Астрахань, Түмен, Қырым хандығы тарихымен бiрегей бiрлiкте зерттейтiн уақыт жеттi.

Көшiм хан болса Сiбiрдi жаулап алған жоқ, ол академик В. В. Бартольдтың айтуы бойынша тек тақтан Едiгердi тайдырды. Кейiн қазақ халқының этногенезiн құраған арғын, найман, қыпшақ, қаңлы тайпалары ежелден сiбiр жерiн жайлаған, сол өлкенiң тұрғылықты халықтары болатын. Ал Сiбiр хандығын орыс мемлекетi жаулаған кезде олар ата жұрты-қазақтарға келiп қосылып, ханты, манси т. б. өз алдына жеке-жеке халықтар болып қалыптаса бастады. Осыдан болу керек патша үкiметi Ақмола-Семей облыстарының қазақтарын ХIХ ғасырда Батыс-Сiбiр генерал-губернаторлығына қаратты.

Көптеген тарихи еңбектер оның iшiнде жылнамаларында Ермактың азғана адаммен Сiбiрдi тез жаулап алғанын жазса, ал еркiн далада бетпе-бет шайқаста Көшiм қолы асқан ерлiкпен шайқасқандығын кейбiр зерттеушiлер мойындайды. Сiбiр ханы Көшiм туралы әлi де көп зерттеудi қажет ететiн мәселелер баршылық. Тек ғана бiз оның қазақтарға қатысы мәселесiне ғана соғып отырмыз.

Қазақ тарихында, халық зердесiнде өшпес өшпес iз қалдырған, елiнiң даңқын шалғайға шығарған iрi қайраткерлер, хандар мен сұлтандар, батырлар қатарына Сiбiр ханы Көшiмдi де жатқызғанымыз жөн. Қазақстан тарихындағы Көшiмнiң орны, оның және ұрпақтарының патшалық Ресейдiң шығыстағы агрессиялық саясатына алғашқы болып қарсы тұрған, орыс мемлекетiнiң Сiбiр мен қазақтың солтүстiк даласына енуiн жүз жылдан астам уақытқа кешеуiлдеткен күш ретiнде айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАҚНАЗАР ХАННЫҢ САЯСИ ӨМIРI
XVI ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақ хандығы мен Шайбанилер әулетi арасындағы экономикалық – мәдени қарым қатыныстар
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Әзірбайжан халқы туралы мәлімет
Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде
Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Хан жоғарғы билік иесі
Тарау «байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуы және ресейге жалға берілуі
Мемлекеттік басқару нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz