Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 4Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түсінігі, түрлері және негізгі мақсаттары . . . 4Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мақсаттары . . . 16
  2. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ҚҰҚЫҚТЫҚ

ЖАҒДАЙ . . . 18

  1. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары . . . 18
  2. Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар әлемі.

Олардың экологиялық мәселелері. ҚР-ң Қызыл кітабы . . . 27

  1. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЗАҢДАРЫН

БҰЗҒАН ҮШІН ЗАҢДЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІ . . . 38

  1. Экология - құқықтық жауаптылығының жалпы сипаттамасы . . . 38
  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңды бұзғаны үшін
  3. заңды жауаптар түрлері. Заңдар . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Халық санын өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктердің бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгерілмеген бірлестіктер болмағанда ғана адамының жасаған, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кез- келген мемлекетің ерекше қорғалатын табиғи тереторияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  1. Оның тереториясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондардың барынша толық көрсетілуі.
  2. Жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізі отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара - қорықтар мен ұлттық парктердегі ұйымдастыру болып табылады.

Осы жағдайға байланысты дипломдық жұмысымның өзектілігі айқындалып отыр.

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі - мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтылық аумақтарда ұйымдастырылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты : Ерекше қорғауға алынған аймақтарда жүргізілетін қауіпсіздік іс шаралардың түрлері

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

  1. Ерекше қорғауға алынған аймақтарда жүргізілетін қауіпсіздік
  2. Қорықтар, жануарлар сая-бақтарын айтып сипаттау
  3. Ерекше қорғауға алынған аймақтар тулы заңдарын сипаттау

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ

СИПАТТАМАСЫ

  1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түсінігі, түрлері және

негізгі мақсаттары

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ - кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т. б. ) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи - қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік табиғи қорықтар;

2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;

3) мемлекеттік табиғи резерваттар;

4) мемлекеттік зоологиялық парктер;

5) мемлекеттік ботаникалық бақтар;

6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;

7) мемлекеттік табиғи ескерткіштер;

8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;

9) мемлекеттік қорық аймақтары.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу

мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;

2) мемлекеттік зоологиялық парктер;

3) мемлекеттік ботаникалық бақтар;

4) мемлекеттік дендрологиялық парктер;

5) мемлекеттік табиғи ескерткіштер;

6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше

қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін. [1]

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргізеді.

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі.

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді жаратылыстану - ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

бойынша - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

бойынша - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8, 5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау) ; 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар. Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 - 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31, 5%, АҚШ-та 15, 8%, Жапонияда14%, т. б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығымен Наурызым қорығы енгізілд. [2]

Биосфераны қорғау

Адам шаруашылық қызметi нәтижесiнде соңғы кездерi тұщы су қоры азайған, су қоймаларының борланып, ластануы, жерасты су қорының азаюы байқалады. Жыл сайын мұхиттар мен теңiздерге, көлдер мен өзендерге мұнайдың, майлағыш майлардың, бензиннiң, керосиннiң, әртүрлi өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтары, егiндер мен фермалардан ағын сулар түседi. Су қоймасының бетiндегi мұнайлы қабық күн жарығын өткiзбейдi, су және ауа қабатындағы газалмасуды бұзады, оттегiнiң суға өту процесiн әлсiретедi, оның барлығы су мекендеушiлерiнiң өмiрiне зиян келтiредi. Сондықтан ғалымдар суқоймаларын мұнайдан тазартудың әдiстерiн жасауда.

Мұнай iздерiн жою үшiн химиялық препараттар, арнайы “сорғыштарды” пайдаланады. Олар мұнаймен бiрге суды да сорады. Кейiн мұнайды судан бөлiп, резервуарға жинайды, ал тазарған суды қайтадан суқоймасына құяды. Арнайы құралдар мұнайдан тазартып қоймай, қатты қоқыстарды: бөтелке, банкi, пластмассалы торларды және тағы басқаларды жинайды.

Суқоймаларының ластануын алдын - алу өндiрiстерде тазартушы құралдарды салуды қажет етедi. Сөйтiп, өндiрiс шығаратын зиянды заттар мөлшерi азаяды, ағын сулар тазарады, өндiрiстiң зиянды қалдықтары өңделедi. Өндiрiсте қолданатын суды ерiген заттардан тазартады, суытып, өндiрiс қажетiне жiбередi.

Ағын суларды қоспалардан тазарту үшiн құрылыстар, фильтрлер пайдаланылады. Зиянды заттарды тұнбаға түсiретiн, ауру қоздырғышын өлтiретiн химиялық реактивтер қолданылады. Биологиялық тазартушы қондырғыларда бактериялар органикалық қалдықтарды, зиянды заттарды ыдыратып, сiңiредi.

Суды тазартуда кейбiр өсiмдiктер мен жануарлар маңызды роль атқарады, оларды су қоймаларының санитарлары, тiрi фильтраттар деп атайды. Оларға су гиацинтi жатады. Ол адамдардың жәндiктермен күресуге пайдаланатын улы заттарды және өндiрiстiң зиянды қалдықтарын сiңiредi. Қамыс суды ауру тудырушы бактериялардан, тұздың артық мөлшерiнен, қалдықтар, мұнайдан тазартады. Суды жөке, өлең шөп, батпақты қырықбуын тазартады.

Ал мынадай жануар - фильтраттар, айқұлақ ұлу өзi арқылы күнiне 30 л суды өткiзедi. Кiшкентай шаяндар да суды фильтрлейдi. Бiр шаян күнiне 1, 5л суды фильтрлейдi.

Кез келген табиғи су қоймасы өзiнiң өсiмдiктерi, саңырауқұлақтары, бактериялары, моллюскiлерi көмегiмен өзiн-өзi тазартады. Бұл организмдердiң барлығы - санитарлар, олар өздерiнiң суларын тазартады. Су қоймасына улы қалдықтар түссе, оның құрамындағы тыныс алуға қажеттi оттегi мөлшерi және қоректенуге қажеттi қорек мөлшерi азаяды, санитарлар өлiп, судың дәмi мен иiсi өзгередi.

Қазiргi кезде Дүниежүзiлiк мұхитты ластанудан қорғау мақсатымен теңiз ортасын қорғау бойынша мұхиттарды мұнаймен және тасымалданатын зиянды заттармен, қалдықтармен ластануды болдырмау, сиреп бара жатқан өсiмдiктер мен жануар түрлерiн сақтау, олардың санын арттыру бойынша халықаралық келiсiмдер жасалады. Суқоймаларының күйiн басқару мен бақылау жаңа құралдар арқылы жүргiзедi. [3]

Ерекше қорғалатын территориялар.

Ғылыми - техникалық прогреспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң күшеюiмен байланысты «жабайы» табиғаттың кейбiр бөлiктерiн, жойылу шегiнде тұрған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң мекен ету ортасын қорғау, тұтас табиғи комплекстер, су көздерi, табиғаттың ұлттық жетiстiгi болып бағаланатын ерекше ескерткiштерiн сақтау қажеттiгi артты.

Экологтар әрбiр Ресей тұрғыны жылына шамамен 58-65 сағатын табиғатта өткiзетiнiн есептедi. Халқы көп европалық мемлекетте орманның әрбiр гектарында адам жылына орта шамамен 44 сағат болады. Үлкен қала маңында орманда демалушылар концентрациясы жоғары. Бұл қоршаған ортаға жоғары антропогендi күшi туралы айтады, соның iшiнде табиғаттың «қолтигiзбеген» жерлерiне де, әрине Жер биосферасының қалыпты қызметi қатысуынсыз жүрмейтiн, ландшафтар, кейбiр табиғи территорияларды ерекше қорғаудың маңыздылығын да көрсетедi.

Толық немесе жекеленген, үздiктi немесе уақытша адамның қалыпты - қарқынды шаруашылық алмасуынан шектелген және экологиялық тепе - теңдiктi сақтауға адамзаттың тiршiлiк ортасы мен денсаулықты ұстап тұруға, табиғи ресурстарды тарихи, шаруашылық немесе эстетикалық мағынасы бар бағалы табиғи және жасанды объектiлер мен құбылыстарды қорғауға арналған биосфера аудандары - ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөнiнде айтып отырмыз.

Дүниежүзiнде мұндай территорияның үш мыңы белгiлi. Олардың көпшiлiгiнiң ауданы үлкен. Мысалы, дүниежүзiнде ең үлкен Гренландия ұлттық паркi, ол Гренландия аралының солтустiк - шығыс бөлiгiнде орналасқан. Ауданы 7 млн. га. Ол жерде арктикалық шөлдер ландшафты, кейбiр жануарлар - бұқалықой, ақ аю, морж, тюлень, поляр түлкiсi, ақ қоян және басқаларды қорғалады.

Одан кiшiрек Ботсвандағы (Африка) Орталық - Калахер резерваты - 5, 3 млн. га. Монголиядағы Үлкен Гобий қорығы - 4, 3 млн. га. және Канададағы Вуд - Баффало ұлттық паркi - 4, 5 млн. га.

Тек құрлық бөлiктерi емес, акваториялар да қорғалады - 200 ден астам акваториальдi (сулы) табиғи комплекстер. Мысал ретiнде ресей қорықтары - Астрахань (Волга дельтасында), Қиыр Шығыс теңiздi (Приморы аймағы), Кивач (Карелиядағы Суна өзенiндегi сарқырамамен бiрге) .

Дүниежүзiнде ұлттық парктер мен оларға тән территориялардан бес категорияны бөлiп қарастырамыз: 1) ұлттық парктер; 2) провинциальдi парктер; 3) толық резерваттар немесе бағытталған тәртiп резерваттары, 4) табиғи парктер және әртүрлi профилдегi заказниктер; 5) тарихи, мәдени - тарихи және археологиялық заказниктер.

Ұлттық парктер - негiзгi мiндеттерi - табиғи комплекстердi қорғаумен бiрге, рекреациялық мақсатқа арналған ерекше қорғалатын табиғи ландшафтар немесе олардың бөлiктерi кiретiн, үлкен территория. Ұлттық парктiң барлық территориясында және оның қорықтық аймағында жер қорын пайдалануды басқаратын әкiмшiлiк басқармасы бар. Дүниежүзiнде 4 млн. км алып жатқан, шамамен 2 мың осындай парктер бар.

Ұлттық парктер территориясы экологиялық, тарихи және эстетикалық жағынан бағалы, және табиғи мәдени ландшафтарды бiрiктiредi. Бұл территорияларда: кiруге болмайтын қорықтық аймақтар; туристердiң реттелген саяхатына ашылған, рекреакциялық аймақтар; шектелген шаруашылық қызметтер жүргiзiлетiн аймақтар. Ұлттық парктер өлi және тiрi табиғат объектiлерiмен бiрге ерекше бағалы табиғи комплекстердi қорғайды, және тарихи және мәдени ескерткiштердi де қорғайды. Олардың қорықтық аймақтарында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.

Дүниежүзiндегi тұңғыш ұлттық парк - 1872 жылы, АҚШ - да, Вайоминг, Монтана және Айдахо штаттарының территориясында құрылған Йеллоустан паркi. Оның ауданы - шамамен 900 мың. га. Ол жер шарындағы ең үлкен гейзерлi аудан: бұл жерде 3000 гейзерлер, көптеген ыстық көздерi бар. Ол жерде шыршалы ормандар, альпiлiк шалғындар, прериялар бар. Бизондар, вапиттер, аюлар (қара және қоңыр), құстардың 200 түрi және басқалар қорғалады.

Ресей федерациясында мұндай парктер аз. 1993 ж басында жалпы ауданы 3, 6 млн. га болатын, 17 парк бар. Олар тек 1980 жылдардан бастап құрала бастады. 1991 жылы 5 парк ұйымдастырылды. Олардың территориясы негiзiнен орман және су объектiлерден құралған. Жердi пайдалану белгiсi бойынша, провинциальдiге ұқсас, олар орталық емес, жергiлiктi әкiмшiлiк орындарға бағынады. Толық резерват және бағытты тәртiбiнiң резерваттарға келсек, Қазақстанда оларға қорықтар - бiздiң елiмiздегi ұйымдасу түрi сәйкес келедi. [4]

Қорықтар - табиғи комплекстердi бұзылмаған түрiнде сақтау үшiн, жануарлар мен өсiмдiктер түрiн қорғау және табиғи процестердi басқару үшiн кез келген шаруашылық қызметтен толық босатылған, заңмен ерекше қорғалатын кеңiстiк. Оның бiр түрi - биосфералы қорық, яғни әлемдiк масштабта биосферадағы болатын өзгерiстердi анықтауға көмектесетiн, ғасырлық процестер жүретiн, адам қайта құрған ландшафтар әсерiне түспейтiн, қатаң қорғалатын табиғи аймақ. Бұл түрдiң түзiлулерi биосфералы қорықтардың дүниежүзiлiк торына ЮНЕСКО құрамына бiрiктiрiлген.

1999 жылдың соңына қарай Қазақстанда 9, ал Ресейде 75 қорық қызмет жасады (оның iшiнде 16 биосфералы) жалпы ауданы 20 млн. га, олардың 4-нiң ауданы 500 мың. га, олар 1991 жылы ашылды. Сонымен бiрге халықаралық ресей-фин қорығы «Дружба - 2» қызмет жасай бастады; шекаралық аудандарда жаңа халықаралық қорықтар ұйымдастырылды: ресей - норвегия, ресей - монгол, ресей - қытай - монгол.

Бiздiң елдегi үлкен Қорғалжын қорығы (ауданы шамамен 240 мың. га. ), ол жерде қызғылт фламинго ұялары, тыпшақ - шөлдi далалар, батпақтанған Қорғалжын және Теңiз көлi және олардың ихтиофаунасы қорғалған. Қазақстандағы ауданы жағынан екiншi қорық - Үстiрт, ол жерде Тұран ойпатының ландшафты шөлi және Үстiрт платосы, муфлон, гепард, жайран және сайғақ қорғалады.

Қорғаудың қатаң тәртiбi бар территриялар резерваттар деп аталады. Оларға кең қорғалатын территориялардың орталық, бағалы бөлiгi - қорықтар мен ұлттық парктер кiредi. Резерваттарда кез келген шаруашылық қызметi толық тыйым салынады, және олар экскурсанттар мен туристер үшiн жабық.

Қазақстандағы ерекше қорғалатын территориялардың кең тараған түрi - бұл жекеленген немесе уақытша қорғау тәртiбi бар территориялар (немесе акваториялар) . Оның жеке табиғи ресурстары пайдаланылады. Олар шаруашылық қызметiнiң жеке түрлерiнiң және табиғи ресурстарды пайдалануымен шектелуi болатын табиғатты территориальдi қорғау қызметiн атқарады.

Ерекше әдемiлiгi және тарихи бағалылығы бар жеке табиғи объектiлер, қорғалатын табиғи объектiлер - табиғат ескерткiштерi деп аталады. Қазақстанда 24 табиғат ескерткiшi бар, Мысалы, Шарын шетен тоғайы, Пожарная Сопкасы, Синегорск пихталы тоғайы және т. б.

Республикада алғашқы мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер құрылған. Қазiр олар төртеу - Алтын - Эмель, Iле - Алатау, Баянауыл және Көкшетау. Болашақта тағы 12-сi ашылады. Ботаникалық саябақ, зоологиялық және дендрологиялық парктер географиясы кеңеюде. Олар Астана, Қызылорда және Атырау қаласында ұйымдастырылады

бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет. [5]

Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т. б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1, 6%-на тең.

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне - биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.

Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т. б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т. б. қорғауға алынған.

Мемлекеттік табиғи қорықтар. Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі - мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т. б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру кө

Ұлттық табиғи саябақтар. Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы
Ерекше қорғаныстан табиғи аумақтардың түсінігі жалпы сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі туралы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негіздерін айқын анықтау
Қарағанды облысының сипаттамасы
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz