Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3


І . ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

1.1 Географиялық орнының әлеуетіне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 Қазақстан табиғи қорлар әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.3 Қоғамдық әлеуметтік құрылымның әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11


ІІ . ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1 Ел экономикасының даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан экономикасының ТМД елдері арасындағы ерекшелігі ... .. 27


ІІІ . ТАРАУ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Білім беру дамыту бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.2 Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... . 43
3.3 Ғарыш қызмет саласын дамыту бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3.4 Мұнай өндіріс саласында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 70
Бітіру жұмысының өзектілігі қазіргі кезде әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда аймақтағы елдер арасындағы өзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады. Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сөзбен емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді.
Еліміз болашағының тіпті де баянды боларына, өркениетті елдер санатына, Ел басы айтқан дамыған елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу.
Жұмыстың міндеті. Көздеген мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының шаруашылығының дамуына қажетті мүмкіндіктеріне экономикалық географиялық тұрғыда сипаттама берілді, Қазақстанның нарықтық экономикасының даму барысы мен даму мәселелеріне талдау жасалды, болашақтағы даму мүмкіндіктері ең басты салалар болып табылатын ғылым білім саласы, денсаулық сақтау саласы, ғарыштық өнеркәсіп саласы және бүгінгі экономиканың тірегі саналған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша қарастырылды.
Жұмыстың теориялық негізі. Соңғы кезде жарық көрген әдебиеттер мен мерзімді баспа сөздерде жарияланған еңбектер және интернет беттері пайдаланылды. Жұмыстың мазмұнын аша түсу мақсатында салыстырып бағалау, баяндау, математикалық, тарихи және картаграфиялық әдістер пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың көлемі 70 бет. Жұмыс құрамында 9 кесте, 4 карта, 6 сурет бар.
1. Қожахмет М. «Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы»: Оқу Құралы. Қарағанды, 2006.
2. Қожахмет М. «Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе»: Оқу құралы. Қарағанды: Қарму баспасы, 1997. - 144 б.
3. Қожахмет М. Географические основы государственной политики РК: Тр. Междунар. Конф. «Наука и образование – ведущий фактор стратегии «Казахстан – 2030». – Караганда, 2002.
4. Даулет Б.С. Проблемы реализации транзитного потенциала в Казахстане // Транзитная экономика . 2002. - № 4-5
5. Предварительные итоги исследования конкурентноспособности отраслей Казахстана на мировом рынке: Материалы конф. – Алматы, 2004.
6. Президент поштасынан 2008-04 – 15
7. Бейсенова А.С. Физико – географические исследования Казахстана (1917 – 1941гг.). – Алматы: Казахстан, 1982. – 176 с.
8. Бейсенова А.С. Исторические основы географических исследований Казахстана. – Алматы: КазГосИ НТИ, 2001. – 279 с.
9. Регионы Казахстана. – 2004: Стат.сб. – Алматы , 2004. – 516 с.
10. Нүсіпова Г.Н., «Халықтар географиясы», Оқу құралы, Алматы, Қазақ Университеті, 2005.
11. Сейдінбекұлы А.Д., «Экономикадағы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің механизмдерін жетілдіру», Түркістан, 2006.
12. Мәкенұлы Б.Ж., Шанбайұлы Ә.С., «Нарықтық экономика», Алматы, 1995.
13. Жаңа кезең – жаңа экономика // Официальный сайт Президента Р.К.: Казахстан
14. Мұханбетова С.М., Нұрзақова А.Н., «Ұлттық шоттар жүйесі», Алматы, Экономика, 2007.
15. Баранский Н.Н. Становление советской экономической географии: Избр. тр.- М.: Мысль,1980.
16. Исмағұлқызы А.К., «Экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі тұтыну нарығы», Абай атындағы Қазақ Ұлттық пед. ун-ті, Алматы, 2007.
17. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире: Экономико – географический очерк. – Алматы, 1998.- 102 с.
18. Бакирова Б.А., «Нарықтық экономика жағдайындағы жұмыспен қамтамасыз ету шаралары және еңбек құқығы», ХХІ ғ-ң жаршысы, Алматы, 2002.
19. Аубакирова А.А. Геополитические и географические факторы в формировании внешнополитической стратегии Республики Казахстан. – Алматы: Экономика, 2003. – 272 с.
20. Бейішжанұлы Қ., «Ештен кеш жақсы», Жас қазақ үні, 2008, 1 қазан (№39), 11 б.
21. Интернет сайты: www.goverment.kz
22. Интернет сайты: www.google. kz.
23. Нурпейісова К. ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері // Саясат. – 2003. - № 10.
24. Арыстанбеков К. Экономический рост Казахстана в масштабе мировой экономики // Казахстанская правда. – 2004. – 20 февр
25. Интернет сайты: www.mail.ru.
26. Әлібай С. «Сауда Ұйымына кіруге әзірміз бе?»// Егеменді Қазақстан.
27. Қазақтан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егеменді Қазақстан.- 2004. – 10 қазан.
28. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалауға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Орталық Қазақстан. – 2004. – 14 қазан.
29. Интернет сайты: www.akorda.kz .
30. Егоров О., Чигаркин А.В. «К вопросу о стратегии развития общественной нефтяной промышленности»// Саясат. – 2003. - №1.
31. Гельманулы А.Б. «Каспийский узел противоречий: новый взгляд на проблему»// Саясат. – 2000.
32. Құланбай Ә. «Каспий теңізі: қазақстандық сектордың өндіріс әулеті»// Егеменді Қазақстан. - 2004. – 24 сәуір
33. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекттік бағдарламасы // Егеменді Қазақстан. - 2008 – 13 қырк. - № 6.
34. Нәбиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар». – Астана: Фолиант, 2001. – 164 б.
35. Каримова З. «Экономика Казахтана в XX веке: основные этапы и итоги развития» // Экономика и статистика. – 2000. - №4.
36. Шаяхмет Б. «Қазақ мұнайының қожасы кім?» // Егемен Қазақстан. - 2007 – 07 – 09.
37. Сағадиев К. «Алдымен экономика»//Егемен Қазақстан. - 2006 -12 -16
38. Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары // Қаржы – қаражат журналы. - Астана: 2006. - № 3-4
39. Жаямергенқызы Н. «Отандық экономика: күнгейі мен көлеңкесі» // Түркістан. - 2007 -12 -27
40. Қойшыманқызы Т.Ж., «Денсаулық сақтау саласын басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру», Шымкент, 2007.
41. Шарипович А.Б., «География Казахстана в таблицах и рисунках», Алматы, Таймас, 2006.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І – ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

1.1 Географиялық орнының әлеуетіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Қазақстан табиғи қорлар әлеуеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3 Қоғамдық әлеуметтік құрылымның әлеуеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11

ІІ – ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1 Ел экономикасының даму жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан экономикасының ТМД елдері арасындағы ерекшелігі ... .. 27

ІІІ - ТАРАУ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Білім беру дамыту бағдарламасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38
3.2 Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы
... ... ... ... ... ... ... ... . 43
3.3 Ғарыш қызмет саласын дамыту бағдарламасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3.4 Мұнай өндіріс саласында
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 53

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 68
ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 70

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының өзектілігі қазіргі кезде әлемдік экономикалық
интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда аймақтағы елдер арасындағы өзара
байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады. Еліміз ашық нарықтық
ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері
арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі
оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан
жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен
жетістіктеріне құр сөзбен емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер
негізінде талдау жасалып дәлелденеді.
Еліміз болашағының тіпті де баянды боларына, өркениетті елдер
санатына, Ел басы айтқан дамыған елу елдің қатарына қосылуға толық
мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта қолға алынуға
жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы
экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда
дәлелдеу.
Жұмыстың міндеті. Көздеген мақсатқа жету үшін Қазақстан
Республикасының шаруашылығының дамуына қажетті мүмкіндіктеріне экономикалық
географиялық тұрғыда сипаттама берілді, Қазақстанның нарықтық
экономикасының даму барысы мен даму мәселелеріне талдау жасалды,
болашақтағы даму мүмкіндіктері ең басты салалар болып табылатын ғылым білім
саласы, денсаулық сақтау саласы, ғарыштық өнеркәсіп саласы және бүгінгі
экономиканың тірегі саналған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша қарастырылды.
Жұмыстың теориялық негізі. Соңғы кезде жарық көрген әдебиеттер мен
мерзімді баспа сөздерде жарияланған еңбектер және интернет беттері
пайдаланылды. Жұмыстың мазмұнын аша түсу мақсатында салыстырып бағалау,
баяндау, математикалық, тарихи және картаграфиялық әдістер пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытындыдан және
қосымшалардан тұрады. Жұмыстың көлемі 70 бет. Жұмыс құрамында 9 кесте, 4
карта, 6 сурет бар.

І - ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

1.1 Географиялық орнының әлеуетіне талдау

Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық орыны физикалық-
географиялық орынының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Олар: Еуразия
материгінің ортасында, Атлант, Тынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта,Үнді
мұхитынан біршама алыста орналасуы, ішкі континенталдық орнына байланысты
табиғат жағдайлары тәуелді болуы: айқын қатты-континенталдық климат,
көпшілік ішкі өзендердің теңіздер мен мұхиттарға құймауы, территориясынан
батыс және солтүстік ауа массаларының кедергісіз ауысуы, Шығыс және
Оңтүстік Қазақстан шекарасындағы таулардың (Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар
Алатауы) барьерлік климаттық рөлі және беткейлерінде жауын-шашынның
(ылғалдылық) аккумуляциялануы.
Сонымен бірге Қазақстанның шаруашылығын тиімді орналастыру мен
территориялық ұйымдастыру үшін экологиялық-географиялық орынының
ерекшелігін де білген дұрыс болады. Олар мыналар: біріншіден, Жер планетасы
атмосфера қабатының оттегімен толықтырылып отыратын экожүйеге негізінде
орман мен шабындық жатады десек, жаһандық ауа айналымы үрдісінде Қазақстан
оттегін тұтынушы аймақ болып есептеледі. Себебі орман көлемі барлық
республика территориясының 2,8%-ын алып жатса, шабындықтың үлесі 2% ғана
жетеді. Екіншіден, Қазақстан халқының тығыздығы 1ш.ш. 5,5 адам болып
келеді, яғни сирек орналасқан елге жатады, оның ішінде 50% территориясында
халықтың тығыздығы 1 адамнан аспайды, мұнда 18 млн. га жыртылуға жарайтын
топырақты жер ресурстары бар (оның 35 млн. гектары жыртылған), яғни
Қазақстан стратегиялық жер ресурстары қорымен ерекшеленеді. Үшіншіден,
Қазақстан биосфералық экологиялық қауіпті аймаққа жатады. Мұнда биосфераға
жаһандық әсері бар Арал теңізі, Семей ядролық полигоны, әскери – ракеталық
сынау полигондары, "Байқоңыр" космодромы сияқты экологиялық нысаналар
орналасқан. Төртіншіден, Қазақстан геожүйесі (ландшафты) (45 % - шөл, 20 %-
ы – таулы аймақтар) антропогендік әсерлерге тұрақсыздығымен, берік
еместігімен сипатталады. Мысалы, пайдалануға жарайтын 80 млн. га жердің 61
% шөлейттенуге жылдам шалдығады.
Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы 13311 шақырым, солтүстігі
және шығысында Ресей мемлекетімен шектесіп жатыр, оның ұзындығы – 7591 км,
оңтүстік-батысында Түркменстан 380 км, оңтүстігінде Өзбекстан 2300 км,
Қырғызстан 980 км, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен 1460 км
шектеседі. Сонымен бірге Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан
мемлекеттерімен Каспий теңізі арқылы жалғасады. Оның қазақстандық бөлігінің
ұзындығы – 600 км. Батысында Волга жағалауына жақын жерден, шығысында Алтай
тауларына дейінгі ара қашықтық 3000 шақырым болса, солтүстік шекаралық
нүктеден оңтүстігіне дейін 1800 шақырым қашықтықты алып жатыр.
Территорияның үлкендігін республиканың екі сағат белдеуінде орналасуы
көрсетеді.

1 – Сурет. Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы

Біраз тарихшы-ғалымдар Қазақстанның шекарасының құрылуын XV-XVII
ғ.ғ. Қазақ хандығының құрылуымен байланыстырғанмен, негізінде ол Кеңес
үкіметі кезінде анықталды (1920 ж. Қырғыз (Қазақ) автономиялық
республикасының, одан кейін 1936 ж. Одақтық республикаға айналуына
байланысты). Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасы
көршілес елдермен (Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Қытай)
шекарасы өркениеті екі жолмен: делимитация және картаға түсіру екіжақты
келісім арқылы шекараның орыны мен бағытын анықтау және демаркация –
жергілікті (микродеңгейде) шекараның орынын нақтылы белгілеу арқылы жүзеге
асты [1].
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы
толығымен анықталып, екіжақты қазақстан – қытай, қазақстан – өзбекстан,
қазақстан – түркменстан, қазақстан – қырғызстан келісімдеріне қол қойылды.
Мемлекеттік шекара туралы соңғы нүкте 18 қаңтар 2005 ж. қазақстан-ресей
мемлекеттік шекарасын айқындайтын, әлемдегі ең ұзын шекара болып саналатын
қашықтығы 7591 шақырымдық шекара мәселесі рәсімделіп, халықаралық құжатқа
Ресейдің бұрынғы Президенті В.В.Путин мен Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойды. Алайда Каспиий теңізінің құқықтық
статусы бүгінге дейін анықталмай отыр. Оның себебі Каспий маңайында
орналасқан бес елдің (Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан, Қазақстан)
арасында ортақ келісімнің болмауында. Қазақстан мен Ресей Каспий теңізін
табаны арқылы бөлу және судың акваториялық бетін жалпы қолдануды ұсынса,
Иран бес елге 20%-дан бөліп тастауды, Әзірбайжан мен Түркменстан ұлттық
секторларға бөлуді ұсынады. Каспиий теңізі қайраңдары мен табаны мұнай –
газ ресурстарына бай болғандықтан, оларды пайдалануда даулы мәселелер
(мысалы, Түркменстан – Әзірбайжан, Иран – Әзірбайжан) шешілмей отыр. Каспий
теңізінің құқықтық статусы туралы конвенцияға бес елдің келісім шарты
қабылдануы үшін мына мәселелерді шешу керек: теңіз көлігі, минералдық және
биоресурстарды пайдалану, экология, делимитация және демаркация, қайраң
ресурстарын пайдалану құқығын анықтау, Волга – Дон, Волга – Балтық
каналдары арқылы дүние жүзі мұхитына шығу т.б. Бұл мәселелерді шешуде
екіжақты келісім шарттар жасалып, қол қойылғанмен (мысалы, 1998 ж. 6
маусымда Ресей мен Қазақстан арасында Каспий теңізінің солтүстік
бөлігіндегі түбін шектеу келісім шартына екіжақты қол қойылды), жақын арада
толығымен шешілетін түрі жоқ.
Шекаралас көрші елдерге баға беретін болсақ, Қазақстан екі Ұлы
мемлекеттері мен мұсылмандық шығыс елдері арасында орналасқаның көреміз.
Ресей мен Қытай мемлекеттері дүние жүзінде территориясы, халқы, табиғат
байлықтары, экономикалық пен ядролық потенциалы жағынан ірі державалардың
қатарына жатады. Сондықтан бұл елдермен экономикалық, саяси, мәдениет,
ғылыми – техникалық, әскери т. б. байланыстар жаңа көріністе, жаңа деңгейде
болу керек, Қазақстан бұл елдер арқылы Батыс және Шығыс Еуропа елдерімен,
Орта Азия мен азиялық Тынық мұхит аймақтарымен қатынастарды байланыстырушы
мемлекетке айналуға толық мүмкіндігі бар. Мысалы, Қазақстан территориясы
арқылы Трансеуразиялық темір жолы магистралын салу немесе транзиттік әуе
жолдарын ашу еліміздің экономикалық-географиялық орнын жақсартуға әсер
етеді. Тәуелсіздік алған Орта Азия елдерімен нарықтық экономикаға
байланысты қарым-қатынастар жасау республиканың экономикалық-географиялық
орнының өзгеруіне әкеп соғады. Мысалы, бұл елдердің (Өзбекстан, Қырғызстан,
Тәжікстан, Қазақстан) тарихи, мәдени-этникалық ортақтығы, табиғат
жағдайларының ұқсастығы және экономикалық-географиялық орнының ортақтығы,
мұсылман елдері: Иран, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб
Эмираты, Түркия т.б. елдердің көршілес таяу орналасуы Қазақстан
Республикасының экономикасына, мәдениетіне, ұлттық саясатына, Орталық Азия
экономикалық қауымдастығының құрылуына көп әсер еткені анық. Каспий теңізі
(ішкі континенталдық болса да) Қазақстанның дүние жүзі теңіздеріне шығатын
бірден-бір жолы. Екіншіден, бұл теңіз табиғи және биология ресурстарымен
(мұнай, газ, балық) ерекше көзге түседі. Сондықтан Каспий теңізі оның
маңындағы экономикалық, сауда, экологиялық т.б. қарым-қатынас жасау
аймағына айналып отыр [2].
Қазақстанның географиялық орны (Еуразия ортасында) ыңғайлы дей
отырып, оны жан-жақты тиімді пайдалана білуіміз керек. Ол үшін басқа
мемлекеттермен әр түрлі байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік шекараларды
белсенді түрде қолдана білу керек. Сонда ғана Қазақстан Республикасы дүние
жүзі қауымдастығында бейбітшілік сүйгіш, құқықтық, демократиялық, саяси-
экономикалық тұрақтылығы бар мемлекетке айналады. Бұл жайында Ел Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 1997 ж. қазан айындағы "Қазақстан-2030" деген Қазақстан
халқына жолдауында былай делінген: "Тоғыз жылдың торабында
орналасқандықтан, шекараларымыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса
ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан
сиымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың бірен-сарандары болмаса, қалған
кез-келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оның бәсекелестік қабілеттілігі
болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жұтып қоюға қабілетті.
Бұл көршілер – Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің бір
тобы. Таяу және Орта Шығыс елдері тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар
болып табылады. Күллі Еуразия құрлығында бейбітшілік пен тату көршілік және
өзара сенім қарым-қатынастарын табысты дамудың шарты". Еліміздің
географиялық орынын тиімді пайдалануды іске асыру мәселелеріне тоқтала
келіп, Елбасы былай деп тұжырымдайды: "... бірінші мүмкіндік біздің Еуразия
аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан жағдайымыздан
туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі
осы факторды түсіндіреді. Біздің бабаларымыз түркі халықтарының біртұтас
отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды тиімді пайдалана білді.
Атақты Ұлы Жібек жолы бойымен Еуропа мен Азия елдері арасында кең ауқымды
сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгін біз осы арнаны аймақтағы басқа
елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдестік қоғамдастықтың қолдауымен
қалпына келтіре бастадық" [3].
Қазақстанның экономикалық-географиялық орнының тиімділігін
пайдалану оның көліктік – транзиттік потенциалына байланысты. Дүние
жүзілік экономиканың дамуына, эксперттік баға берушілердің айтуы бойынша,
негізгі жүк тасымалдау ағымдары АҚШ – Еуропа – Оңтүстік Азия және Қытай
үшбұрышында шоғырланады. Сондықтан саудалық серіктестер мен трансұлттық
корпорациялар Қазақстанда қазіргі заманға сай көліктік – коммуникациялық
жүйелердің құрылғанына құштарлық білдіреді. Себебі Қазақстанға жақын
аймақтарда 2 млрд.-тан астам халық тұрғандықтан (Ресей, Қытай, Оңтүстік
Азия және Каспий өңіріндегі елдер), тауарлық рыноктың ауқымдылығымен көзге
түседі. Көршілес басқа елдерге қарағанда Қазақстандағы саяси және
экономикалық тұрақтылық, нарықтық экономикаға көшу, еуразиялық және
стратегиялық көліктік саясат, ішкі және сыртқы маңызы бар көлік жолдарын
дамыту т.б. шаралар әсер етеді. Еуропа Азия – Еуропа желісі бойынша
теміржол жүк айналымын қамтамасыз ететін Транс-Азиат магистралі (ТАТЖ,
ТАДЖ, солтүстік және оңтүстік коридорлар) – орталық коридор Еуропа – Кавказ
– Азия (ТРАСЕКА), Еуропа, Қара теңіз өңіріндегі елдер, Кавказ, Каспий
теңізі өңірі және Азия елдерін байланыстыратын трансконтинеталдық
магистраль. Сондықтан ол Қазақстанның транзиттік потенциалын пайдалануға
экономикалық тұрғыда өте тиімді болып келеді. Мысалы, Қазақстан арқылы
Қытай – Еуропа теміржол желісі бойынша жүк тасымалдау, теңіз арқылы
тасымалдаумен салыстырғанда (Ляньюннан (Қытай) – Берлин (Германия), екі
есеге қысқарады (теңізбен – 20-30 тәулік, Достық – Алашанкөл темір жолымен
11 тәулікке тең).
Қазақстан территориясының экономикалық-географиялық орнының
потенциалын күшейтуге аса жылдамдықпен ақпарат беретін Транс – Азиат –
Еуропа ақпараттық супержелісі жобасын салып бітіру, Ақтау сауда теңіз
портының іске қосылуы Қазақстанның батыс-шығыс көліктік жүйесін солтүстік
пен оңтүстік теміржол желістерімен байланыстыруға үлкен әсер етеді.
Қазақстан дүниежүзілік мұхитқа ашық шыға алмайтын дүние жүзіндегі
34 елдің қатарына жатады, халықаралық коммуникациялық жолдардың алыс болуы
сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды қиындатады. Мысалы, қазақстандық
тауарлар Ресей арқылы Балтық теңізі порттарына жеткенше 15-20 %-ға дейін
қымбаттайды. Сондықтан БҰҰ басшылығымен 2004 ж. Алматы қаласында теңізге
тікелей шыға алмайтын дүние жүзіндегі 34 елдің "Географиялық әділетсіздік"
туралы конференциясы өтіп, арнайы декларация қабылданды. Ресей және
Қытаймен тең құқылы және өзара тиімділік негізінде экономикалық, ғылыми-
мәдениеттік байланыстарды дамыту іргелі міндет болып есептеледі. Осы
арқылы еліміз дүние жүзі рыногына шыға алады. Жерорта және Қара теңіздеріне
шығу, Тынық мұхитына дейін транзиттік темір жол магистралін салу
Қазақстанның дүние жүзіндегі экономикалық-географиялық орынының тиімділігін
өзгертеді.
Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің, Қытайдың эконмикасының жедел
қарқынмен дамуы, Еуропа елдерінің отын-энергетика, минералдық-шикізат
ресурстарына тапшылығы, табиғат ресурстарына бай Орталық Азия елдерінің,
оның ішінде Қазақстанның, дүние жүзі рыногындағы ролін арттыра түсуі
ықтимал. Қазақстаннан Тынық мұхиты жағалауына (Қытайдың Сары теңіздегі
Ляньюньнан портына дейін), Батыс және Оңтустік-Батыс Азия елдері арқылы
Жерорта теңізі, Парсы шығанағы, Үнді мұхиты жағалауына дейін мұнай құбырын
салу идеялары осыған байланысты болса керек. Көршілес елдермен бірге, алыс
жатқан (АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттері, Жапония) елдермен экономикалық
интеграциялық процестерді дамыту Қазақстанның дүние жүзіндегі экономикалық,
географиялық және геосаясаттық орнын өзгертуге, сонымен бірге жақсартуға
мүмкіндік туғызады [4].

1.2 Қазақстан табиғи қорлар әлеуеті

Қазақстанда сан-алуан пайдалы қазбалар бар. Менделеев кестесінің
105 элементінің  99-ы  Қазақстанда табылған, оның 70-нің қоры анықталған,
қазір 60-тан астам элемент өндіріске енгізілген.
Қазақстан дүние жүзі бойынша мырыштың, вольфрамның және бариттің
зерттелген қорлары бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хром
қорлары бойынша – екінші орын, мыс пен флюорит қорлары бойынша – үшінші
орын, молибден қорлары бойынша – төртінші орын, алтын қорлары бойынша –
алтыншы орын алады. Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрі бар
 493 кен қазба орны белгілі болып отыр.
Ал ТМД мемлекеттерінің  ішінде Қазақстан хром рудалары және қорғасын
бойынша – бірінші орын; мұнай қорлары, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель
және фосфор шикізаты бойынша – екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайы
бойынша  үшінші орын алады.
Республика күміс, хромит, қорғасын және мырыш өндіруден ТМД елдерінің
арасында – бірінші орын, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізатын
өндіруден – екінші орын, алтын өндіруден үшінші орын алады. Қазақстанның
батыс өңірінде мұнай мен газдың  айтарлықтай мол  қоры жинақталған, бұл
елімізді әлемдегі мұнай өндіретін ірі мемлекеттер қатарына жатқызуға
мүмкіндік береді. Оңтүстік Торғай ойпаты маңынан  мұнай шығатын жаңа
ауданның ашылуы республиканың мұнай өндіру саласының болашағын одан әрі
кеңейтеді.
Қазақстанның пайдалы қазбалар қорын геологиялық-экономикалық бағалау
нәтижесі бойынша экономикалық маңызы жағынан көмір, мұнай, мыс, темір,
қорғасын, мырыш, хромит, алтын, марганец алдыңғы қатарда тұр.
  Қазақстан дүние жүзінде пайдалы қазбалар байлығымен көзге түседі.
Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы ашылған, оның жетпісі
зерттеліп , алпысы шаруашылыққа пайдаланады. Ғалымдардың эксперттік баға
беруі бойынша, табиғат ресурстарының қоры бойынша дүние жүзінде Қазақстан
алтыншы орында, ал мұнай мен табиғи газ қоры бойынша алғашқы он мемлекеттің
қатарында деп есептейді. Ғалымдардың айтуынша, зерттелген табиғат қоры АҚШ
долларымен 10 трлн.-ға бағаланып отыр. Мұнай, көмір, темір, хром және
марганец рудасы, көптеген түсті металл рудалары, фосфат қорлары бойынша жан
басына шаққанда Қазақстан дүние жүзілік орта көрсеткіштен әлде-қайда асып
түседі. Табиғат ресурстары мен энергетиканы пайдалану мәселелерімен ғылыми
айналысатын Массачусете технология институтының докторы Даниель Файнның
бағалауы бойынша, Кеңес Одағы ыдырау кезеңінде (1991) Қазақстанның үлесі:
хром рудасы - 90%, барит - 88, фосфорит - 65, вольфрам - 38, қорғасын - 33,
никель - 33, молибден - 29, мыс рудасы - 26, боксит - 22, асбест - 20,
темір рудасы - 15, марганец - 13, көмір 12 %-ға тең келді. Ал, мұнай мен
газ, титан, магний, қалайы, уран, алтын, германий, индий, теллур, селен,
цирконий, кадмий, галий сияқты пайдалы қазбалар ресурсынан дүние жүзінде
алдыңғы қатарда орын алды.

Қазіргі
уақытта дүние жүзінде (газ және қымбат металдар рудаларынан басқа) 9 млрд.
т. минералдық шикізат өндіріледі. Оның құрылымы 84,6 %, отын-энергетикалық
ресурстар, қара металл рудалары – 7,9; түсті металл – 1,9; қалған
ресурстарға 5,6 % тиесілі. Минералдық шикізат өндіруден дүние жүзілік
иерархияда Қазақстан жылына 100 мың т өндіріп, 13-ші позицияны алады, мұнай
мен газды қосып есептегенде 18 орында тұр. ТМД елдерінің ішінде бұл
көрсеткіштен Ресей – 5-ші , ал Украина 10-шы орында. Қазақстанның тау – кен
өнеркәсібі дамыған басқа елдерден айырмашылығы шикізаттың көптеген
түрлерінің өндірілуі және кейбіреуіне қорынан дүние жүзінде бірінші орын
алады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 9-шы орында, ТМД елдерінде
екінші орында иемденеді. Қоры жағынан әлемде бірінші орында: мырыш (13%),
вольфрам, барит және ваннадий, рений, висмут, фтор; екінші – уран (25),
күміс, қорғасын (20) және хромит (30); үшінші – асбест, мыс (10 %),
флюорит, марганец және волластонит; төртінші – молибден; алтыншы –
фосфорит және алтын; жетінші – темір рудасы; 13-ші мұнай, 16-шы орында –
табиғи газ; қазақстандық Каспий қайраңында геологиялық барлаулардың болжамы
бойынша, Қазақстан мұнай мен газ қорынан алғашқы алты елдің қатарына кіруі
мүмкін [5].

1.3 Қоғамдық – әлеуметтік құрылымның әлеуеті

Жылдың басында тәуелсіз Қазақстан тарихында екінші рет ұлттық халық
санағы өтті. Бұл шара өткен жылдарды саралаумен бірге болашаққа
экономикалық болжам жасауға да сенімді негіз болды. 2009 жылғы Санақтың
нақты қорытындысы алдағы күзде мәлім болады. Санақ қорытындысының
мәліметтеріне қарағанда республика халқының саны 16 мил. 402 мың 861 адамға
жеткен. Ал санақ баталмай тұрғандағы есеп бойынша халық саны 15 мил. 730
мың адам болған. Яғни, 672 мың адамның өсім көрсеткіші белгілі болды. Тек
Астана қаласының тұрғындары соңғы 10 жылда 2 еседен артық өсіп, 678 мың
адамды құраған. Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы 30 %-
ға, Маңғыстау облысының халқы 60 %-ға өскен. Республикадағы қазақтардың
саны 67 %-дан астам болды. 1999 жыл бұл көрсеткіш 53 %-ды ғана құраған.
Республикадағы халықтың орташа жасы 32 жас шамасын құрайды. Халықтың
тығыздығы 1 шаршы километрге 6 адамнан келеді. Әзірше Статистика агентігі
халықтың 50,4 %-ы қалада, 49,6 %-ы ауылда тұратын, сондай-ақ оның 47,9 %
ерлер, 52,1 %-ы әйелдер екенін анықтады.
Қазақстанда барлығы 131 ұлттың өкілдері тұрады.  Халықтың этникалық
құрамына қарай республикадағы ең ірі топтарға жеті ұлт өкілдері – қазақтар,
орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар жатады, олардың
үлесіне халықтың жалпы санының 95 %-ы келеді.
Республика халқының саны негізінен табиғи өсімнің есебінен артуда, оның
үлесіне жалпы өсімнің 75 %-ы келеді. Осы уақыт аралығында халықтың жалпы
санындағы өзбектердің үлес салмағы – 0,3 %,  ұйғырлардың үлес салмағы – 
0,1 %,  әзірбайжандардың үлес салмағы – 0,1 %-ға  артты.    Немістердің
үлес салмағы 0,9 %,  украиндардың  үлес салмағы – 0,7 %, орыстардың үлес
салмағы – 3,3 %,  татарлардың үлес салмағы – 0,2 % -ға кеміді. Өткен
жылдардағы сияқты, жекелеген ұлттар бойынша халықтың табиғи азаюы байқалып
отыр.
Қазақтар шет елдерде 55 мемлекетте, соның ішінде КСРО-ның  бұрынғы
барлық одақтас республикаларында және 41 алыс шет елде  тұрып жатыр.
Қазақтардың басым бөлігі – Өзбекстанда, онда – 967 мың адам, Ресей
Федерациясында – 687 мың адам, Түркіменстанда – 87 мың адам, Қырғызстанда –
42 мың адам, Украинада – 10 мың адам, Тәжікстанда – 10 мың адам,
Әзірбайжанда – 4 мың адам, Грузияда – 3 мың адам, Молдовада – 2 мың адам,
Латвияда  1 мың адам тұрады.  Алыс шет елдерде,  мысалы, Қытайда – 1 млн.
258 мың, Монғолияда – 83 мың, Ауғанстанда – 28 мың, Түркияда - 20 мың,
Иранда 3 мың қазақ тұрады.
Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Мемлекет
басшысы, жоғары лауазымды тұлға. Президент дауыс беру жолымен жеті жыл
мерзімге сайланады.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен  заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау
принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Республикада заң шығару қызметін жүзеге асыратын өкілді орган Қазақстан
Республикасының Парламенті болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс
істейтін екі палатадан – Сенаттан (Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі –
алты жыл) және Мәжілістен (Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес
жыл) тұрады.
Қазақстан Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың
қызметіне басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Заңмен
құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары
Республика соттары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Қазақстанның саяси
жүйесінде ерекше жағдайға ие.  Ол өкілеттігі алты жылға созылатын  жеті
мүшеден тұрады. Республиканың экс-президенттері құқығы бойынша
Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшелері болып табылады.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы (1997 жылғы 10 желтоқсаннан
бастап). Халқы – 529,3 мың адам. Республикада 14 облыс,  86 қала, оның
ішінде 2 республикалық бағыныстағы қала (Астана, Алматы қалалары), 168
аудан (қалаларда  - 8 аудан), 174 кент бар.
Қазақстанның мемлекеттік тілі түркі тілдерінің тобына жататын қазақ
тілі болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару
органдарында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми түрде пайдаланылады.
Парламенттің 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы партиялық құрылыстың
барысын регламенттеп, реттеуге арналған, оларды нығайтуға кең жол ашатын
Саяси партиялар туралы жаңа Заңды қабылдауына байланысты Қазақстан
Республикасындағы саяси партиялар өз дамуында айрықша серпінге ие болды.
Саяси партияны құру үшін оның міндетті түрде 50 мың мүшесінің болуы
белгіленді. Қазақстан Республикасында 9 саяси партия ресми тіркелген.
Қазіргі таңда елде барлық әлеуметтік маңызды салалардағы жұмысты жүзеге
асыратын 5000-нан астам үкіметтік емес ұйым қызмет істейді.
2006 жылғы бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша республикада 2243
мерзімді баспа басылымдары, оның ішінде 1593 газет және 650 журнал тұрақты
негізде шығарылады. Барлық басылымдардың жартысын ақпараттық БАҚ құрайды, 
қоғамдық-саяси басылымдардың үлесі 16 %, ғылыми басылымдар – 9 %,
жарнамалық – 10,5 %, балалар, жастар, әйелдер және діни бағыттағы
басылымдар жиынтығында төрт процентті құрайды. Мемлекеттік емес БАҚ-ның
үлесі 80 % жуық. Ақпараттық салада мемлекеттік сектор негізінен
ведомстволық БАҚ  (орталық және жергілікті билік оргнадары, оқу орындары)
арқылы көрініс тапқан. Өңірлер бойынша мерзімді баспа басылымдарының
таралымы 1000 – 3600 дана аралығында өзгеріп отырады.
2006 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 212
электрондық бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. 2005 жыл ішінде KZ
доменінде 8556 сайт тіркелді.
Қазтелерадио АҚ деректері бойынша қазіргі уақытта аумақтың
республикалық арналардың теледидар және радиобағдарламаларымен қамтылуы:
•              Хабар - 95, 7 %;
•              Қазақстан - 96,25 %;
•              Ел арна - 75,5 %;
•              Еуразия – бірінші каналы - 78,6 %;
•              Қазақ радиосы – 86,99 %.
CaspioNet ұлттық спутниктік арнасы Еуропа, Орталық Азия, Орта Шығыс
және Африканың солтүстік бөлігі елдерінің аумағына таралады. Арнаның
ықтимал аудиториясы  - 99 миллион телекөрермен. Арна тәулігіне 24 сағат
бойы үздіксіз хабар береді.
2006 жылғы бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша  Қазақстанның
ақпараттық нарығында шет мемлекеттердің 2392 бұқаралалық ақпарат құралдары,
оның ішінде 2309 газет пен журнал және 83 теле-радиобағдарлама таратылды.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары аталымдарының жалпы санының 90 % -
орыс тілінде, 5 % - ағылшын тілінде және 5 % басқа тілдерде (грек, неміс,
голланд, испан, португал, швед, грузин, армян, француз, корей және басқа
тілдерде) таралады.
Сонымен қатар Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар қарқынды түрде
дамуда. 2006 жылғы бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша  Қазақстанның
аумағында кабельді және эфирлі-кабельді теледидар желілерінің 80 астам
операторы қызмет етеді. Республиканың ақпараттық нарығында қазіргі заманғы
технологиялар кеңінен пайдаланылады [6].
Қазақстанның жаңа мемлекеттік статус алуы Ресейдегі Қазан төңкерісіне
және дүние жүзі картасында Кеңес Одағының пайда балуына байланысты. 1920
-шы ж. 26 тамызда РСФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Советтік
Социолистік Республикасы құрылды. 1925 ж. Қазақстан Кеңестерінің V-ші
съезінде елдің атын Қазақ АССР-і деп қайта өзгертті. 1936-шы ж. КСРО-ның
жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты Кеңес Одағы құрамында Қазақстан
Одақтық республика болып қайта құрылды. 1990-шы ж. 25 қазанда Тәуелсіз
мемлекет туралы декларация қабылданды, 1991 ж. 16 желтоқсанда "Мемлекттің
егемендігі туралы заң" Қазақстан Республикасының Ата Заңының
(Конституцияның) бірінші бабында қабылданды.
1920 – 1925 ж.ж. еліміздің астанасы Орынбор, 1925 – 1929 -
Қызылорда (Ақмешіт), 1929 – 1997 - Алматы, ал 1997 ж. 10 желтоқсаннан
бастап Ақмола қаласы болды. 1998 ж. 6 маусымда республикамыздың орталығына
Астана деген жаңа ат берілді [7].
Большевиктік тоталитарлық режимнің зардаптарына қарамастан
(ашаршылық, жаппай қудалау мен тұтқындау, ауыл шаруашылығын жаппай
ұжымдастыру, экологиялық апаттар, өнеркәсіптің құрылымының біржақты
қалыптасуы, миграциялық саясат т.б.), Кеңес үкіметі кезеңінде өнеркәсіптің,
ауыл шаруашылығының, көліктің дамуында үлкен өзгерістер болды. Табиғат
ресурстарын ашу және зерттеу арқасында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде мыс,
қорғасын, мырыш, ваннадий, хром, уран сияқты пайдалы қазбалар қорынан
бірінші орынға шықты. 1991 ж. 25 қазанда Қазақстанды тәуелсіз егеменді
мемлекет деп жариялағаннан кейін дүние жүзінің жүзден астам елдері ресми
түрде таныды. Еліміз қазір әр түрлі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып
қабылданды. Оның ішінде Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы кеңесі
(ОБСЕ), Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Шанхай одақтық қауымдастығы,
Халықаралық валюта қоры, Дүние жүзі қайта құру және даму банкісі, Еуропалық
қайта құру және даму банкісі, Азиялық даму банкісі, Экономикалық байланыс
ұйымы т.б. халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болды. Қазір Қазақстан
109-дан астам мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты, оның ішінде 55
мемлекет елшілік ашты.
Мемлекеттік құрылысы 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Конституция
бойынша Қазақстан - президенттік басқару формасындағы унитарлық мемлекет.
Заң шығарушы өкімет ҚР екі палатадан – Сенат және Мәжілістен тұрады; ҚР-ның
Парламенті атқарады. Билікті атқарушы өкімет – Қазақстан үкіметі. Оның
жұмысын ұйымдастырушы және басқарушы премьер – министр. Мемлекеттік тіл –
қазақ тілі, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып есептеледі. Ақша өлшемі
– теңге. Ұлттық мейрам – 25 қазан Республика күні.
Қазақстан әкімшілдік-территориялық тұрғыда 14 облысқа, бес
әлеуметтік-экономикалық ауданға бөлінеді. Сонымен бірге Алматы, Астана,
Приозерск, Байқоңыр қалалары өз алдында әкімшілік территория болып
есептеледі. (1-кесте) [8].
Табиғи өсім (1000 адамға шаққанда) 1990 ж. 14,3 адам болса, яғни
алдыңғы қатардағы 20 елдің құрамына кірсе (Конго – 31,0, Судан – 28,3,
Эфиопия – 27,5, Тәжікстан – 22,3, Корея Республикасы – 22,6, Ангола – 21,9,
Бангладеш – 21,5, Албания – 20,9, Филиппин – 20,9, Өзбекстан - 19,8,
Әзірбайжан – 19,5, Алжир – 17,8, Египет – 17,6, Армения – 16,3, Түркия -
15,8, Израиль - 15,1, Индонезия - 14,7), 2000 ж. бұл көрсеткіш 4.7 адамға
дейін төмендейді, 2003 ж. 6,3 адамға өсті. ТМД-ға кіретін мемлекеттердің
барлығына табиғи өсім 1990 ж. салыстырғанда төмендесе де, 2000 ж. әр түрлі
көрсеткіштерді байқауға болады. Кейбір елдерде табиғи өсім кері сальдоны
көрсетсе: Ресей (-6,5), Украина (-7,5), Грузия (-0,2), Молдова (-1,1),
Беларусь
(-4,1), оң сальдоны: Тәжікстан – 22,3 (1990 ж. -38,8), Өзбекстан – 15,8
(1990 ж. -33,7), Түркменстан – 13,1 (1990 ж. -33,7), Қырғызстан – 12,8
(1990 ж. -29,1), Армения – 2,7 (1990 ж. -22,5), Әзірбайжан – 8,9 (1990 ж.
-25,5) елдері көрсетті [9].
1 – кесте
Қазақстан Республикасының әкімшілдік-территориялық бөлінуі

ТерритоАуданда Қалалар КенттАуылдыЕлді –
рия, р ік-әкқ-әкіммакендер
мың імшілшілдіксаны
ш.ш. дік, тер,
барлыбарлығ
ғы ы
барлығы
Қазақстан 0,726 0,764 70
Республикасы
Ақмола 0,756 0,773 64
Ақтөбе 0,774 0,776 64
Алматы 0,727 0,751 78
Атырау 0,852 0,777 62
Шығыс Қазақстан 0,749 0,767 67
Жамбыл 0,703 0,734 92
Батыс Қазақстан 0,784 0,764 69
Қарағанды 0,766 0,770 66
Қостанай 0,745 0,739 90
Қызылорда 0,746 0,764 70
Маңғыстау 0,842 0,798 54
Павлодар 0,777 0,776 64
Солтүстік 0,738 0,765 68
Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан0,737 0,758 73

ТМД елдеріне кіретін бұрынғы Одақтың 12 республикасының экономикасы
1991-2000 жж. арасында өндірістің дамуының құлдырауы, халықтың тұрмыстық
тіршілігінің төмендеуі сияқты әлеуметтік-эконмикалық дағдарыстарды басынан
кешірді. Достастық елдер ішіндегі жиынтық жалпы өндіріс өнімінің көлемі
шамамен 1,7 есеге төмендеді. Ішкі жалпы өнім көлемі 1990 ж. көрсеткіштің 46
%-ын ғана құрап, екі еседен астам төмен деңгейге жетті. Оның себептері
қалыптасқан өндірістік байланыстардың ыдырауы, жекешелендіру, экономикалық
байланыс пен оны басқару жүйесінің өзгеруі т.б. Мұндай үрдістерді
сипаттайтын көрсеткішке ішкі жалпы өнімді жатқызуға болады. ТМД елдерінің
көбісінде 1999 ж. бастап (он елде), ал соңғы жылдарда барлық ТМД елдерінде
ішкі жалпы өнім өсе бастады, оның ішінде Қазақстан алғашқы орынды алады.
Өткен жылмен салыстырғанда 1995 ж. - 91,8%-ға, 1996 – 0,5, 1997 – 1,7,1998
– 98,1 (Ресейдегі қаржы дағдарысымен байланысты), 1999 – 2,7; 2000 – 9,8;
2001 – 13,5; 2002 – 9,8; 2003 - ,2 %-ға өсті [23].
Қазақстанның дүние жүзі қауымдастығындағы орнының тағы бір көрінісі
– дүние жүзі шаруашылығы және халықаралық еңбек бөлінісі жүйелеріне ену
мәселелері. Оған енудің басты формаларының бірі – Трансұлттық корпорациялар
(ТҰК).
Қазақстан экономикасының ТҰК-ын компаниялары мен фирмаларын дамыту
басқа елдердің экономикасына енгізетін формалардан көп айырмашылығы жоқ.
Дегенмен, Қазақстанда олар жаңа өндірісте объектілерін салудан гөрі,
бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындарды кеңінен пайдалануда. ЮНКТАД-тың мәліметі
бойынша, ТҰК-ың Қазақстандағы 180-дей филалдары мен өкілеттері бар. Олар:
"Теңіз-Шевройл" БК (Chevron), "Қазақстан-Каспий-Қайраң" АҚ және "ОКIОС"
(Agip, BQBP, Mobil, Shell, Total, INPFKS, Philips, Лукойл) АҚ, "Миттал
Стил Теміртау" (ZMQOUP), "Корпорация Қазақмыс" АҚ, АТАҚ (Samsung),
"Қазақмырыш" компаниясы, (Qleneore Internationale AQ), "Алматы темекі
фабрикасы" (Philips Moris) АҚ, "Coca-Cola Almati Botlers" АҚ, "Coca-Cola"
АҚ, "Альфа-Банк Қазақстан" (Альфа-группа) т.б. ТҰК-ның Қазақстан
экономикасындағы рөлі мен экономикалық потенциалдағы орнын 3-кестеден
көруге болады.
Кестеде мысалға алынған компаниялардың республиканың экономикалық
потенциалының салаларында қанша үлеске иемденіп отырғанын көруге болады.
Нарықтық экономикаға көшудің, ұлттық экономиканы қалыптастырудың барысында
шетелдік инвестиция мен компаниялардың қатысуында тиімді жақтары мен
тиімсіз, тіпті ұлттық экономиканың қауіпсіздігіне қатерлі жағдай жасауы
мүмкін екенін еске алу керек. Олар: шетелдік капиталдың мемлекеттік
саясатқа ықпал етуі, рынокты монополизация жасауға ұмтылуы, табиғат
ресурстарын бей-берекет "пайдалануға" және қоршаған ортаны қорғауға көңіл
бөлмеуі, белгілі бір топтардың мүддесін ғана қорғап, коррупциялық
жағдайларды туғызуы т.б. (3-кестеге қараңыз).
3 – кесте
Шетелдік компаниялардың Қазақстан өнеркәсібіндегі орны, маусым
2007 ж.

Компания атауы Атқаратын жұмыстары Республиканың
өндіретін өнімдегі
үлесі
Шикі мұнай өндіру 36
Табиғи газ өндіру 35,6
Газ
Шикі күкірт 27,3
Тазартылған күміс 99,5
Қазақмыс Тазартылған алтын 63,8
корпорациясы АҚ
Мыс 24,1
Мыс симп 100
Мырыш концентраты 98,8
Темір рудасын 27,1
агломерациялау
Миттал Стил ТеміртауШойын 100
АҚ (Испат - Кармет)
Болат 100
Қорғасын 100
Қорғасын - мырыш рудасы 100
Мырыш 100
Тазаланған күміс 100
Қазақмырыш Тазаланған алтын 36,2
компаниясы
Қорғасын 72,9
Қорғасын – мырыш рудасы 82,2
Мырыш 71,6
Тас көмір өндіру 99,9
АКСЕСС Индастрайз Электр энергиясын өндіру 49,2
компаниысы
АЕS компаниясы

Сондықтан, экономиканың дамуына отандық инвесторларды (мемлекеттік
және кәсіпкерлік) тартудың үлесін арттыру Қазақстан үкіметінің басты
мақсаттардың бірі деп есептеу керек. Соңғы кезеңдерде Қазақстанның ұлттық
компаниялары интеграциялық үрдістерге қатыса бастады. Мысалы, "Қазмұнайгаз"
компаниясы Украинаның Херсон мұнай өңдеу эауытының 60% акциясын тендермен
жеңіп алды. "ПетроҚазақстан", "Теңіз-Шевройл" сияқты мұнай-газ
компанияларда отандық кәсіпкерлердің үлесі ұлғайып келе жатыр. Отандық
компаниялар мен фирмалар Орта Азия елдерінің экономикалық жобаларын іске
қосуға қатыса бастады, яғни ұлттық капиталдың негізінде қазақстандық ТҰК-
лар құрыла бастады деуге болады.
Территорияның үлкендігі экономиканы шикізатпен қамтамасыз етуге
әсер етеді, яғни, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуы, минералдық шикізат
ресурстарының қорына байланысты болады. Сондықтан екінші индикатор
өнеркәсіптің даму негізі – минералдық шикізат ресурстары. Жоғарыда айтылып
кеткендей, Қазақстан пайдалы қазбалар қорынан дүние жүзінде алдыңғы қатарлы
орынды алады [24].
Қазіргі заманда дүние жүзі елдерінің экономиканың дамуында ерекше
роль атқарып отырған мұнай ресурстары болғандықтан, үшінші индикатор –
мұнай өндіру көлемі. Қазақстанда едәуір және біршама мұнай қоры бар
елдердің ІЖӨ-ін жан басына шаққандағы көлемін салыстырып қарасақ, 1995 ж.
72-ші орында болса, 2002 ж. 48-ші орынға көтерілді, яғни жан басына
шаққанда ІЖӨ – 7362 АҚШ долл. жетіп, 24 елден озып кетті (Иран – 7000,
Түркия – 7000, Болгария – 6600, Венесуэла – 5500, Алжир – 5300, Украина –
4500, Қытай – 4400 т.б.).
Болашақта ІЖӨ екі есеге ұлғайса, еліміз Ресейді – 9300 долл. (40-шы
орын), Польша – 9500 (38), Сауд Аравиясы 10500 (34), Чехия – 10530 (29)
сияқты елдерді артқа тастауы мүмкін. Қазіргі кезде алдыңғы қатарда: АҚШ –
37600 долл. (1-ші орын), Норвегия – 31800 (2), Жапония – 28000 (8),
Германия – 26000 (12), Италия – 25000 (17), Оңтүстік Корея – 19444 (23),
Кувейт – 15862 (28) сияқты елдерді көреміз. Мұнай өндіретін елдердің
мемлекеттік бюджетінде, оның ішінде Қазақстанда да, мұнайдан алатын
табыстың үлесі басым болады. Дүние жүзіндегі мұнай өндіруден алдыңғы
қатардағы елдер 4-кестеде көрсетілген.

4 – кесте
Мұнай өндіретін алдыңғы қатардағы елдер, 2002 ж.

№ Елдер Бір тәулікте ,
баррель есебімен
1 Сауд Аравиясы 8064
2 Ресей 6350
3 АҚШ 5823
4 Иран 3500
5 Норвегия 3216
6 Қытай 3200
7 Мексика 3100
8 Венесуэла 3035
9 Біріккен Араб Эмираты 2900
10 Ирак 2680
11 Ұлыбритания 2537
12 Канада 1998
13 Нигерия 1900
1 2 3
14 Ливия 1407
15 Кувейт 1170
16 Бразилия 1139
17 Оман 891
18 Египет 810
19 Алжир 800
20 Аргентина 749
21 Ангола 743
22 Австрия 720
23 Колумбия 688
24 Катар 680
25 Малайзия 670
26 Үндістан 639
27 Қазақстан 627

Елдің экономикалық потенцалы мөлшеріне жан-жақты баға беруде
халықтың саны төртінші индикатор болып есептеледі. Көптеген ғалымдардың
айтуынша, жоғары деңгейдегі 40-50 млн. халқы бар елдер экономикалық
жетістіктерге ие болады деген пікір бар. Дегенмен, халықтың санын қанша
болса да, Қазақстанның халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін жақсартуға
барлық мүмкіншілік бар. Барлық мәселе экономикалық саясатты жүргізудің
жауапкершілігі мен сипатына байланысты.
Қазақстан халқының демографиялық және интелектуалдық потенциалының
күрт төмендеу үрдістері (1723-1727, 1929-1936 және 1937-1938 жж.) әлемдік
масштабта оның үлес салмағын азайтып жіберді. Егер 1897 ж. халықтың саны 15
млн. адам ғана болды, яғни XX ғасырдың басындағы демографиялық дағдарыстар
(жаппай қудалау, азамат соғысы, ұжымдастыру, ашаршылық) салдарынан
Қазақстан халқының саны 49 %-ға азайды. Егер жоғарыдағы демографиялық
дағдарыстар болмаса, Қазақстан халқының саны XXI ғасырдың басында 30-35
млн. адамға жетер еді. Мұның арқасында абсолюттік ішкі жалпы өнімнің көлемі
3 есеге ұлғаюға тиіс болар еді. Халықтың саны бойынша Қазақстанмен шамалас
елдері (10 млн-нан 20 млн-ға дейін халқы бар – 30 мемлекет) салыстырып
қарасақ, Қазақстан екінші топтың ішіне кіреді (5 – кесте).

5 – кесте
Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім
(10 млн-нан 20 млн-ға дейін халқы бар елдер арасында)

№ Мемлекеттер Жан басына ІЖӨ-нің
шаққанда ІЖӨ-нің абсолюттік көлемі
көлемі, (САҚП ) (САҚП), млрд. АҚШ
бойынша мың АҚШ долл.
долл.
1 Бельгия 29000 297
2 Австралия 27460 528
3 Нидерланды 26900 434
4 Греция 19000 201,1
5 Чехия 15300 155,9
6 Венгрия 13300 134,7
7 Сауд Аравиясы 10500 242
8 Чили 10100 151
9 Беларусь 8200 85
10(15) Қазақстан 7362 109,6
11-12 Шри – Ланка 3700 73,7
11-12 Гватемала 3700 48
13 Сирия 3500 59,4
14 Эквадор 3100 41,7
15 Югославия 2710 25,3
16 Ирак 2400 58
17 Куба 2310 25,9
18 Зимбабве 2300 27
19 Гана 2100 42,5
20 Камерун 1705 27
21-22 Кот – д Ивуар 1600 24,5
21-22 Ангола 1600 16,9
23 Камбоджа 1510 19,7
24 Непал 1435 36
25 Буркина Фасо 1080 13,6
26 Мозамбик 1000 19,2
27 Мали 860 9,8
28 Йемен 840 15,7
29 Мадагаскар 760 12,6
30 Малави 670 7,2

Қазақстан Республикасының жан басына шаққандағы табысы бойынша
экономикасы дамыған елдерді қуып жету үшін экономиканың, оның ішінде өңдеу
өнеркәсібін, жылдам қарқынмен дамыту арқылы, халықтың тұрмыстық деңгейін
ұлғайтып отыру керек. Қазақстан экономистерінің есептеуі бойынша,
республиканың экономикасының жылдық өсу қарқыны орта есеппен 9% болғанда,
дамыған елдерді қуып жету үшін жарты ғасыр, ал 14% болса – 31 жыл керек
екен [25].
Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастарды тереңдете түсуге
байланысты еліміз Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болу әлеуметтік-
экономикалық дамуына белгілі елдерге кедергісіз өнім өткізу мүмкіндігіне ие
болған соң, шет елдердің тауарлары мен өнімдерге өз есігіңді айқара ашу
керек. Мұндай жағдайда еліміздің ішкі және сыртқы рыногына жұмыс істеп
жатқан отандық кәсіпорындар мен шаруашылықтарымыздың рыноктағы
бәсекелестікке төтеп бере алмай күйзеліске ұшырауы мүмкін. Сондықтан БСҰ-на
кірмес бұрын жаңа технологияларды игеру, өндіріс күштерін тиімді
орналастыру мен территориялық ұйымдастыру, білікті мамандар дайындау,
кадрларды оқыту т.б. шараларды өткізу керек.
БСҰ-на мүше болудың Қазақстан үшін тиімді жақтары:
- экспортқа шығаратын өнімдерді (мұнай, газ, металл, астық) өткізуі
жеңілдеп, табыс көлемі артады;
- табиғат байлықтарын әлемдік рынокта тиімді пайдалану арқылы
еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін алдыңғы қатарлы елдер деңгейіне
көтеру болады;
- материалдық байлықтарды тиімді пайдалану арқылы оны мүмкіндігінше
интеллекткалдық игілікке айналдыру индустриалдық-инновациялық, аграрлық,
азық-түлік салаларын, ауылдық аймақтарды дамыту, білім беру мен денсаулық
саласын әлемдік стандартқа сай көтеруге, еңбек саласындағы бәсекелестікте
қабілетін арттыруға ықпал етеді. Яғни өндірістің шикізат секторы арқылы оны
өңдейтін секторды дамытуға мүмкіндік ұлғаяды.
Қолайсыз жақтары:
- еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдейтін кәсіпорындардың
(тамақ және жеңіл өнеркәсіп) тауарларының сапасы мен бағасы жағынан әлемдік
бәсекелестікке төтеп бере алмауы.
Республикамызда қазіргі күні (2003 ж.) ет өңдейтін – 220, сүт –
265, тері – 32, жүнді бастапқы өңдеуден өткізетін – 15, астық өңдейтін –
192, қант шығаратын – 8, өсімдік майын өңдіретін – 621, жарма әзірлейтін –
57, көкініс пен жеміс қалбырлайтын – 13, мақта тазалайтын 19 кәсіпорын бар.
Алайда олардың көпшілігі толық қуатында жұмыс істеп отырған жоқ. Мәселен,
2003 ж. көлемінде өңдеу кәсіпорындарның қуаты ет өңдеу жөнінен - 15,8%,
шұжық өңдеуден - 31,9, ет қалбырлауда - 0,8, сүт өңдеуде - 25, тері мен жүн
өңдеуде тиісінше 44% ғана пайдаланылған.
Еліміз бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің басым көпшілігі (70-
80%) ешбір өңдеусіз, шикізат күйінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуі
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
Қазақстанның транзиттік жүйесі
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы - кредит уйымдарына қатысуы
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Қазастандағы көлік жолдары
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Пәндер