Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері
Жетекшісі: Үсембаева Р. Б
Орындаған: : ФК-08-3к2 топ студенті
Молдашева
Шымкент 2009 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I бөлім Қабылдаудың психологиялық сипаты мен ерекшелігі . . . 5
1. 1 Қабылдау және оған психофизиологиялық сипаттар . . . 5
1. 2 Балалар қабылдау түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер . . . 11
II. Қабылдау тұрлері мен қасиетінің балаларда даму көріністері . . . 19
2. 1 Балалар қабылдау түрлерінің даму көріністері . . . 19
2. 2 Қабылдау қасиеттерін балаларда дамыту . . . 36
Қорытынды . . . 42
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 44
Курстық жұмыс тақырыбы: «Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері»
Курстық жұмыстың мақсаты: Қабылдау ерекшелігі мен дамуын теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Адам қабылдау ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындап көрсету
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыс құрылымы : кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.
I бөлім Қабылдаудың психологиялық сипаты мен ерекшелігі
1. 1 Қабылдау және оның психофизиологиялық сипаттары
Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері, сапалары туралы (маған суық бір нәрсе жанасты, аяғымнан жылпылдақ бір нәрсе жорғалап өтті, алдымнан бір нәрсе жалт етті) білім алатын болса, қабылдау зат немесе құбылыстардың тұтас бейнесін (жарық, ойнап жүрген сәби) береді.
Түйсіктердін арқасында үлкен ми сыңарларынан заттардың жеке сапалары (түс, дыбыс, қаттылығы т. б. ) бейнеленеді. Бірақ адам айналасындағы дүниедегі әрбір затта немесе құбылыста әр түрлі сапалар мен қаситтердің тұтас комплексі болады. Оларды дұрыс бейнелеу үшін анализаторлар беретін жеке түйсіктер ми қыртысында бірігеді, сөйтіп адамда заттың немесе құбылыстың тұтас бір бейнесі жасалады.
Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірудің бұл екі түрі сезімдік танудың тұтас процесінің звенолары болып саналады. Олар өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгеше ерекшеліктері бар.
(түйсікке қарағанда Қабылдау - шындықты бейнелеудің неғүрлым жоғары формасы)
Қабылдауда заттар мен құбылыстар түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді . қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау- аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттардан көрінеді: Ең алдымен, ақпарат ағымы- бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу, дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп не күбірлей қайталау ) Сондықтан да психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарастырған жөн.
Сонымн бірге, қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъекті өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктермен салыстырады. Мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды, қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъектінің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп, қабылданатын объекті неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса, ондағы көрнекілік басымдау келеді.
Міне, сондықтан да, қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағынан шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады.
Қабылдау- ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі.
Қабылдаудың физиологиялық негізі - үлкен ми сыңарлары қыртысындағы күрделі шартты рефлекторлың байланыстар, мұнда сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың синтезі (бірігуі) жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше аналиаторлардың келісімді бағдары, организмнің тітіркендіргіштердің тұтас комплексіне жауап реакциясы жүзеге асады. Мысалы біз раушан гүлін қабылдағанда, сонымен қатар оның әдемі формасы, тамаша түсін көреміз, гүлдің сүйкімді иісін иіскеп кеудемізге жұтамыз, абайлап гүлге қол тигізіп, оның жапырақтарының т. б. нәзік жұмсақ екенін сипап сезінеміз. Міне осы жеке түйсіктердің бәрі мидың қыртысында қосылып, біртұтас комплекс болып бірігеді. Оның үстіне біз бұл заттың раушан гүлі екенін білеміз, яғни мұнда ес процестері де орын алады. Гүлдің иісі бізді рахаттандырады, сүйкімді сезім туғызады. Ақырында қабылдау процесіне ойлау да кіреді: біз мұның раушан гүлінің қай сортына жататынын ойланамыз, бастапқы қарапайым қорытынды жа-салады. Қабылдауда қай анализатордың басым болуына байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу және кинестетикалық қабылдаулар болып айырылады. .
Гештальт-психологтар қабылдау тұтастығын заттармен құбылыстардың объективті тұтастық қасиеттерінен емес, «рухтық» ішкі қасиеттерінен, оның ең бастапқы тұтастық құрылымынан» деп түсіндіреді. Олар қабылдау актінде өзіндік түр құрау атқарылады, бейнеленетін заттарға тұтастық және құрылымдық сипат беріледі дейді. Олар тұтастықты бейнелену әрекетінде пайда болатын субъективті сапа деп қана қарайды. Гештальт-психологиялық көзқарас бойынша қабылдау процесінде дүниедегі қым-қуыт ретсіздік белгілі бір құрылымға ауысып, белгілі түрге енеді, соның нәтижесінде заттар тұтастанып көрінеді. «Қабылдау дегеніміз дүниені қайта құру» дейді гештальт-психологтар . Бұл идеалистік теория қабылдауды спонтанды, яғни іштен пайда болатын процесс деп түсіндіреді де, бізді қоршаған объективтік дүние заттары және құбылыстарының жеке сапалары мен қасиеттерінің тікелей бейнесі болып саналатын түйсіктердің болуын іс жүзінде жоққа шығарады.
Сонымен Қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнелену.
Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады. Қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Осы арақатынас біздің мінез-құлқымыз бен іс-әрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі. Қабылдаудың толықтығы мен дәлдігін қоғамдық, практика мен адамдардың тәжірибесіне, заттардың белгілері мен қасиеттері жөніндегі жпнақталған білімдерге тәуелді. Танымдық әрекет барысында адам білім алып, оны тексереді, кеңейтеді, өз білімін қоғамға белгілі білімдермен салыс-тырады.
Практика адам білімдерінің қайнар көзі болуымен бірге, игерілетін білімдерге де өз өзгерістерін енгізеді. Қарапайым практикалық тексеру бұл иллюзияны жоққа шығарады. Пайда болған қабылдау бейнесі қабылдау заты қасиеттерімен сәйкестендіріледі.
Химия сабақтарында оқушы түрлі хпмиялық элементтердің қасиеттері туралы білімдер алып, олардың әрқайсысының сыбағалы салмағын, валенттілігін, түсін/қүрамын, иісін және басқа қасиеттерін танып біледі. Осындай жекеленген химиялық қасиеттерден белгілі бір тұтас білім құрастырылады. Өзіне тән қаспеттерді біріктірген химиялық элементтің тұтас қабылдануы қалыптасады. Демек, қабылдау тұтастығымен сппатталады.
Қабылдау бейнесіне әр кіретін бөлік тұтастықпен арақатыс арқылы ғана мәнге ие болады жәпе сонымен анықталады. Қабылдау бейнесінің өзі де оны құрастыратын бөлшектердің ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді. Мәселен, жаңа оқу материалын қабылдау үстінде оқушы мұғалім сөзінің мазмұнын қадағалайды. Материалды ой елегінен өткізіп, тұтас қабылдау үшін оқушыға сөздер, фразалар арақатысын аңғара білудің маңызы үлкен. Оқушы жауабының тұтас қабылдануы да, ол өз білімін сөз арқылы жеткізген соң туады.
Мұғалімнің түсіндіруі де, оқушының жауабы да бұлардың сөзін құрайтын жеке дыбыстар немесе сөздердің ешқайсысына тән емес белгілі бір мағыналы мәнге ие болады.
Затты қабылдағанда біз оны белгілі құрамға ие бір тұтас зат деп түсінеміз. Телефон арқылы сөйлескенде кей дыбыстарды шала естісек те әңгіменің мағынасын түсінеміз. Ауызекі сөйлесуде сөздің барлық дыбыстары түгел айтылмайды, олардың кейбіреулері «жұтылады». Сонда да айтылмай қалған фразалар қорытылады да, біз оны аяқталған ой ретінде қабылдаймыз.
Сөйтіп бар тәжірибе, білім негізінде адам қабылдау процесінде жеке элементтерді тұтас бейне етіп біріктіреді, оларға белгілі бір құрылымдық береді.
Қабылдау - адамнын бағдаріне тығыз байланысты активті процесс. Егер біз салынған суреттің қасында тыпыр етпестен тұрып, оны қарап сүйсінсек де, бәрібір қандай да бір оймен шұғылданамыз, әйтпесе ешнәрсе біле алмас едік, қарап тұрған затымызды айтарлықтай көре де алмаған болар едік.
Әдетте біздің саналы Қабылдауымыз пассивті сырттай қарау емес, нақты танымдық сипаты бар міндетті шешу болып табылады. Мұны ерекше перцептивтік бағдар деуге болады. Кез келген объектіні қабылдау әдетте оны қоршаған фонда жүзеге асады. Сабақ басталарда мұғалім бүкіл класқа, парталарда отырған көп балаларға қарайды делік. Біраз уақыттан кейін ол бұл ондаған балалардың ішінен бір баланы бөліп алып, соны қадағалап қарайды. Бұл оқушы мүғалім қабылдауының объектісі болады да, қалған бүкіл класс сол объектінің фоны болады.
Кейде объекті мен фон орын алмастырады. Бұл 4, а, б, в, г, суреттерінде ерекше байқалады. Егер Қабылдау объектісі 4, а, суретінің ортасына салынған болса, біз қара фондағы ақ вазаны көреміз. Егер суретте қара түспен сызықталғаннан бейнені табуға тырыссақ, онда ақ фонда екі адамның кескіні көрінеді.
4, б суретінен қоянды, не үйрек балапанын 4 в суретінен кемпірді немесе жас әйелді көруге болады.
4, г суретінен жоғарғы жағы көрерменге қаратылған екі жарылып алынған пирамиданы немесе екі жақ қабырғасы бар бөлменің ішкі жағын, еденін, төбесін және артқы қабырғасын көруге болады. Мұндай суреттерді кейде екі жақты сурет деп атайды.
Қабылдаудың таңдап алынуы міне осындай, мұнда біздің аналиизаторымызға келіп түсетін көптеген қоздырғыштардын ішінен бұл ретте біз өзіміз зейін аударғанымызды ғана қабылдаймыз. Зейін әдетте өзімізге қандайда болса бір маңызы барға, ықылас қойғанымызға ауады және адамның психикалық өмірінін жалпы мазмұнына, оның ішінде өткендегі тәжірибеге байланысты болады.
Қабылдаудың өткендегі тәжірибеге байланысты болуын апперцепция деп атайды. Әр түрлі мамандықтағы адамдар бір заттың өзін әр түрлі Қабылдайды. Мысалы, даладан жұлып алынған гүлге қарап, суретші ондағы бояулардың түрлеріне көңіл аударады; ботаник гүлге өсімдіктсрдің бір класының өкілі ретінде қарайды; агроном оған жем-шөпке қатысы түрғысынан қарайды.
Қабылдау процесінде біз әдетте заттың элементтерін біртұтастыққа біріктіреміз. Мұнда көбінесе олардың орналасуынан. Бір-біріне жақындығы маңыз алмайды, белгілі бір затқа қатысы маңыз алады. Біз қатар тұрған ағаштан жасаған екі аяқты көріп тұрмыз екен делік: ол екеуі де бір материалдан жасалған және бір бояумен сырланған. Бірақ та біз оларды біртұтастыққа біріктірмейміз, қайта оларды біреуі столдың аяғы, екіншісі оның қасында тұрған столдың аяғы деп ойша айырамыз.
Біздің бұлай ететін себебіміз - бұл заттарды білеміз және оларды қабылдауға ойланып қараймыз.
1. 2 Қабылдаудың психифофизиолгиялық сипаты
Қазіргі заманғы психофизиологиялық зерттеулер қабылдау актінде әрекетке басшылық басталатынын көрсетіп отыр. Сенсомоторлық процестер әсер етуші заттардың ерекшеліктері жөнінде хабарлар беріп отырады.
Қабылдаудың барлық түрінде қимылдың компонент объектіні айналасындағы фоннан ажыратуға көмектеседі. Мәселен, көріп қабылдау көру-қозғалыс үйлесімділігімен байланысты болса, естіп қабылдау есту талдағышын дыбыс кезіне бұру жолымен тітіркендіргіштерді іске қосудан басталады, ал сипай қабылдауға келсек ол қимыл талдағыштары жұмысының реттелуімен анықталады.
П. М. Сеченов сенсорлық. және қимылдық аппараттардың тәжірибе игеру үстінде біртұтас бейнелеу жүйесіне бірігетінін атап көрсетті.
Түйсік пеп Қабылдау өзара тығыз байланысңан жан ңүбылыс-тары. Бұлардын екеуі де біздің санамыздан тәуелсіз жасап, гүйсің мүпіелеріміздің әсерленуінен туындайтын объектив шындыңтың сезімдің бейнесі. Бұл тараптан түйсік пен Қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ қабылдау - нақты затты немссе құбылысты сезімдік тануға негізделеді. Қабылдауда біз көз алдымыға белгілі мағынаға толы адамдар:заттар, құбылыстар әлемін келтіреміз және олардын бәрінің де өзара күрделі әрқилы қатынастарға ітүсетінін байқап, білеміз. Осы қатынастар арқасында куәсі мсн қатысушысы өзіміз болған мәнді де маңызды жағдайлар түзіледі.
Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды.
Қабылдау түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардын, өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, ңасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді.
А. С. Пушкин Полтава соғысы жайында жазғанда орасан зор ұрыстың суретін береді:
От нөсер құйып үстен, жалдап жалын,
,
Жана күш жатты айқасып, найзаласып,Атты әскер ауыр бұлттай түскен жерге,
Айқасып, аласұрған сергелдеңде,
Шықылдап қылыш дауысы бір тынбастан,
Екі жақ кескілесе қырғын ашқан.
Шарқ ұрып шойын шарлар, қырып жойып .
Тепсіне түскен жерін түседі ойып
Соғыстың өзара байланыс, өзара қатынаста берілген жеке көріністерінің жиынтығы жойқын ұрыстың көрінісін қабылдауды туғызады.
Түйсіксіз қабылдаудың болуы мүмкін емес. Дегенмен қабылдау құрамына түйсіктен басқа адамның өткен тәжірибелері елес және білім түрінде енеді. Қабылданатын зат, мәселен, электрондық есеп машинасының жаңа варианты, түрлі сондай, бірақ бұрыннан таныс заттармен салыстырылады.
Қабылдау процесі жеке адамның басқа да психикалық процестері: ой (біз алдымызда не тұрғанын аңғарамыз), сөз (Қабылдайтын затты атаймыз), сезім (қабылдайтын затпен белгілі қатыста боламыз), ерікпен (қабылдау процесін белгілі дәрежеде ырықты ұйымдастырамыз) байланысты жүзеге асады.
Ал түйсік болса қоршаған орта әсерінен болатын, бірақ толық жетілмеген, нақты заттың кейіпіне келмеген жеке сезімдік қасиеттердің бейнеленуі. Бұл тұргыдан түйсік пен қабылдау сананың екі әртүрлі формалары немесе заттың дүниеге деген еңі бір-бірінс үқсамаған қатынастарын білдіреді. Осыдан, түйсік пен қабылдау өзара бірлікте де сондай-ақ өзіндік ерекшеліктеріне де. Олар психикалық бейнелеудің сенімдік қабылдау деңгейін құрайды. Бұл деңгейде әңгіме біздің сезім мүшелерімізге заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінен пайда болатын бейнелер жөнінде болуы мүмкін.
Адамдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді . кейбір адамдар қабылдау кезінде заттың өзіне, жеке тұрқына, сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім болады, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты түсіндіріп беруді қажетсінеді.
Қабылдау саласында адамдар объективтік және субъективтік типтер болып бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен құбылыстарды дәл, айқын, ешбір қоспасыз, сол қалпында қабылдайды, өз жағынан ештеңе қоспайды. Мұндайда қабылданатын заттан гөрі ерекше әсер ететін болады. Мұндайда қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері ( үміт, қорқыныш, алдану т. б) ерекше әсер ететін болады.
Қабылдау синтездік және анализдік болып та бөлінеді. Халық арасында осының біріншісі бойынша «көрмес түйені де көрмес» десе, екіншісін
« түймедейді түйедей » ететіндер дейді.
Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың өмір тәжірибесі аз. Сондықтан, олар заттарды көбінесе үстірт қабылдайды.
Уақытты дұрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді, жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанмен, бүгін ертеңді, кешегі мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық, бояуларға бай болып келеді. Мысалы, олардың қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні, қанық бояулы нәрселерге ерекше құмартатыны да сондықтан.
Мектепте жүретін барлық сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше рөлін ескере рөлін ескере келіп, әрбір мұғалім мына төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс
- Көрнекті құралдарды ( модельдер, суреттер, коллекциялар) пайдалануда балалардың жас ерекшелігін мұқият ескеру жөн.
- Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне қалай да түсінгені дұрыс.
- Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, әр түрлі объектілердің жеке жақтары мен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салуы керек.
- Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алынып бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуіне де байланысты.
- Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болғаны жөн. Қабылдау мен бақылаудың, дәлдігін тәрбиелегенде баланың ауызша сөзіндегі немесе жазғандағы қателерін өзіне түзеттіріп, оны қайтадан дұрыс қабылдап дұрыс қабылдап үйренуге әдеттендіру қажет.
... жалғасыҚабылдаудың физиологиялық негізі - талдағыштар жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Рецепторларда болатын алғашқы талдау талдағыштардың ми бөлімдерінің күрделі анализдік - синтездің қызметімен толықтырылады.
Лекцияны қабылдау үстінде студент оқытушыны көріп,
оның сөзін естиді, лекцияның негізгі мазмұнын жазып отырады.
Әсер етуші тітіркендіргіштер комплексі көру, есту, қозғалыс
рецепторларының қозуын туғызады. Пайда болған қозу ми қа-
бығы орталықтарына беріледі. Осының нәтижесінде қабылдау-
дың тұтастығын анықтайтын уақытша нервтік байланыстардың,
күрделі жүйесі жасалады.Кез-келген жаңа затты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процесінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстардың кейбіреулері жанданып отырады. Соның салдарынан шиеленісті де күрделі нервтік процестер пайда болады. Оның қүрамына әрекет үстіндегі комплексті тітіркендіргіштерден туған қозу мен адамның осыған сәйкес тәжірибесінің уақытша нервтік байланысының, жандануы енеді.
Кез келген зат немесе құбылысты адам белгілі бір бөлшектер қатысы арқылы қабылдайды. Кей жағдайларда құрамды бөлшектердің өздері емес, олардың арасындағы өзара қатынас маңызды болып шығады.
Мәселен, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері мысалдарын қабылдауда, қосылғыштардың сандық мөлшерінен гөрі әрекет компоненттерінің ара-сындағы белгілі тәуелділіктер маңыздырақ болып саналады.
Дыбыстар арасындағы үйлесімді қатынас дұрыс сақталса, орындаушының әншілік ерекшелігіне қарамастан ән, романс, ария таныс болып қабылданады.
Қаралған фактілердің физиологиялық негізі П. П. Павлов ашқан «қатынасқа деген рефлекс» болады, Павлов белгілі құбылыстарды қабылдау кезінде тітіркендіргіштердің сапаларынан гөрі олардың арасындағы қатынастар ерекшелігінің сигналдық маңызы болатынын және сондықтан рефлекс көбіне тітіркендіргіштер арасындағы жауап ретінде туатындығын тәжірибе жүзінде көрсетті.
Адамның қабылдау процесінде екінші сигнал жүйесі маңызды міндет атқарады. Ол адамға тән қабылдаудың мазмұнын анықтайды. Сөзбен ойлау арқасында адам қабылдауы жануарлар қабылдауынан өзгеше.
Ой қабылдау актісіне енеді, қабылданатын зат сөзбен аталады. Екінші сигнал жүйесі қабылданатын затты сөздік сигналға айналдырады, бірінші сигналдық ті-тіркендіргіштердің түсінікті болуына жол ашады, адамға тән қабылдауға ырықтылық сипат береді, қабылдауды жеңе адам белсенділігімен ұштастырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz