Болымсыздық мағынаның эмоционалды-экспрессивті реңкін көркем шығарма тіліндегі мысалдар арқылы дәлелдеу



Кіріспе
I. Қазақ тіліндегі болымсыз мағынаның зерттелуі
II. Болымсыз мағынаның эмоционалды.экспрессивті сипаты және оның берілу жолдары:
а) эмоция, экспрессия ұғымы
ә) болымсыз мағынаның эмоционалдық, экспрессивтік сипаты
б) болымсыз мағынаның реңкі және оның берілу жолдары.
Қорытынды
Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес.
Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет.
Жұмыстың мақсаты:
Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
– етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу;
– эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру;
– көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу.
1. Қазақ грамматикасы. – Алматы, 1967.
2. Аманжолов С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы.
3. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1966.
4. Жукенова М. Отрицательные предложение в русском и казахском языках. Дисс... канд. Филол. Наук. – Алма-ата, 1967
5. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищеге арналған. – Алматы. 1953.
6. Ибатов А. Қазақ тілінлдегі есімдіктер. – Алматы, 1961
7. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы. , 1954.
8. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі (етістік). – Алматы, 1966.
9. Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық категория. Докт. дисс. Автореферат. – Алматы. 1998.
10. Лукьянова Н. А. Экспрессивная лексика разговорного употребление. – М., 1984.
11. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966.
12. Нұрмұханов А. Сөз және шеберлік. Алматы.
13. Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1975
14. Мусабекова Ф Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. – Алматы, 1982.
15. Құрманалиева З. Реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық құрылымы. – Алматы, 2004.
16. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1966.
17. Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. – Алматы, 1977.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I. Қазақ тіліндегі болымсыз мағынаның зерттелуі

II. Болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивті сипаты және оның берілу
жолдары:
а) эмоция, экспрессия ұғымы
ә) болымсыз мағынаның эмоционалдық, экспрессивтік сипаты
б) болымсыз мағынаның реңкі және оның берілу жолдары.

Қорытынды
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын
болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория.
Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады,
яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар
деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір
грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ
көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ
– ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес.
Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші
бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те
сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс.
Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет.
Жұмыстың мақсаты:
Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің
қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
– етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу;
– эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру;
– көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін
білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне
жеке-жеке тоқталу.
I. Қазақ тіліндегі болымсыз мағынаның зерттелуі

Қазақ тіл білімінде сөздің болымсыздық мағынасы, оның берілу жолдары
ғылыми грамматикаларда, оқулықтарда сөз болған. Мысалы, Қазақ
грамматикасында етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні,
ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі),
етістіктің лексика-граматикалық категориялары тұлғаларына – ма, -ме, -ба,
-бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің
болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің
болымсыздық категориясын да жасайды - деп көрсетілген [1, 2].
Болымсыз ұғымның болымсыз сөйлем мағынасына сай келетіндігі және оның
берілу жолдары қазақ тілінде болымсыз сөйлемдерге қатысты еңбектерде де
айтылған. Профессор С.Аманжоловтың Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша ғылыми
курсы деген кітабында хабарлы сөйлемдердің бір түрі ретінде танылып, -ма (-
ме, -па, -пе, -ба, -бе) қосымшасы арқылы емес, жоқ сөздері арқылы
жасалатындығы аталып өткен [2, 30].
Болымды, болымсыз сөйлем туралы М.Балақаевтың Қазіргі қазақ
тіліоқулығында Болымды, болымсыз сөйлемдер хабарлы, сұраулы, бұйрықты,
лепті сөйлемдерге бірдей ортақ болатын сөйлемнің ерекше тағы бір түрі
-делінген [3].
Қазақ және орыс тілдеріндегі болымсыз сөйлем туралы М. Жукенованың
зерттеуі бар [4].
Есім сөздердегі болымсыздық туралы Н.Сауранбаев былай дейді: Есім
сөздердегі ұғымның болмыспен байланысы заттың не сапаның шын я жалған
екендігінен байқалады. Бұл қарағаш емес, долана, мына шыт әдемі емес, ана
шыт әдемі дегенде долана,қарағаштардың не шыт сапасының қандай екендігі
ұғынылады [5].
Сондай-ақ Қазіргі қазақ тілі атты бірінші ғылыми грамматикада
етістіктің болымды, болымсыз түрлерінің болуы,етістіктің басқа сөз
таптарынан үлкен айырмашылығының бірі ретінде алынып, оның лексикалық
сапасына жататындығы айтылған [6].
1967 жылғы Қазақ тілі грамматикасында есімдерге бұл қарама-қарсы екі
мағына емес сөзін тіркестіріп қолдану арқылы берілетіндігі айтылған [7].
Болымсыз есімдіктердің болымсыз мағына беруге қатысы олардың тарихы
жөнінде мәліметті А. Ибатовтың Қазақ тіліндегі есімдіктер атты еңбегінен
кездестіруге болады [8].
Етістіктің болымсыздық түрі туралы мәлімет И.Мамановтың еңбегінде
толығырақ берілген. Бұл еңбегінде автор бұрын көңіл бөлінбей келген күрделі
етістіктегі болымсыздық көрсеткіштердің қолданылуына тоқталады. Ол күрделі
етістіктің болымсыз түрі үш вариантта қолданылатынын көрсеткен:
1)Етістіктің болымсыздық қосымшасы күрделі етістіктің алдыңғы
сыңарының құрамында келу арқылы;
2)Көмекші етістікке болымсыздық қосымша жалғану арқылы немесе жоқ
сөзімен тіркесу арқылы жасалады;
3)Күрделі етістіктің құрамындағы екі сыңары да -маме қосымшасы арқылы
болып болымсыз формада қолданылады [9].
Ғалым сонымен қатар өз еңбегінде: Етістіктің болымсыздық түрін
білдіретін –ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосымшасы және емес,жоқ сөздері
барлық формада бірдей талғамсыз қолданыла бермейді. Олар белгілі бір жүйелі
тәртіпке әрқайсысы өзіне қатысты етістік формада жұмсалады,-деп көрсеткен.
Сөз таптарының ішінде сын есімде де болымсыз мағына бар, ол сын
есімнің сөзжасамдық –сыз, -сіз, -бей, -на жұрнақтары арқылы жасалады.
Мысалы, сусыз, үйсіз, көңілсіз, беймаза, наразы т.б.
Ғалымдардың көрсетуінше сын есімнің болымсыздық мағынасы емес көмекші
етістігі арқылы да жасалады.
Мысалы, биік емес, сары емес, терең емес т.б.
Емес көмекші етістігі өзі тіркесетін сөзге болымсыз мағына үстейді,
сондықтан ол етістік категориясында болымсыз мағына тудыратын көрсеткішке
жатады. Сонымен бірге бұл грамматикалық көрсеткіштің тағы бір ерекшелігі –
ол шығу тегі жағынан, қызметі жағынан етістікке тән болғанымен, етістік
аясынан асып, есім сөздермен де қолданылады. Мысалы, елу емес, мың емес,
сұлу емес, жаман емес т.б.
Осы мысалдарда емес грамматикалық көрсеткіші сан есім, сын есім
сөздермен тіркесіп, болымсыздық мағына тудырып тұр. Бұл көрсеткіш
есімдіктермен де тіркесіп келе береді. Мысалы, ол емес, біз емес, бұл емес,
кімнің емес т.б.
Бұл мысалдардан емес көмекші етістігінің негізгі сөз таптарының
бәрінде қолданылуы, яғни тіркесіп келіп, болымсыздық мағына тудыруы анық
көрінеді және бұдан болымсыз мағына барлық сөз таптарында болатындығын
байқауға болады.
Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық – болымсыздық категория проф. Т.
Әбдіғалиеваның еңбегінде жан-жақты талданды, яғни болымдылық-
болымсыздықтың бір-бірімен тең дәрежедегі мағыналық жұп сыңарлардан тұратын
біртұтас лексика-грамматикалық категория екені анықталып, оның ғылыми
сипаттамасы жасалып, оның тіл жүйесінің бар деңгейіне қатысты қызметі мен
берілу тәсілдері айқындалған, олардың ішкі мағыналық құрамы ажыратылған,
сондай-ақ болымды –болымсыз мағынаның құрмалас сөйлем жүйесіндегі
көрінісінің заңдылықтары мен ерекшеліктері сараланып, үнемі болымды және
болымсыз мағынада ғана қолданылатын сөйлем түрлері анықталған. Зерттеуші
зат есімде болымды-болымсыз мағына екі түрлі тәсіл арқылы жасалады дейді:
1) бар, жоқ сөздері болымды және болымсыз мағынада беріледі:
2) емес көмекші етістігі зат атауына тіркесіп, оған болымсыз мағына
қосады, мұнда мағына грамматикалық тәсіл арқылы жасалатындығын айта келіп,
бар, жоқ сөздерінің лексикалық мағынасы болымды және болымсыз мәннен
тұратындығын, ол нақтылы бір заттың болымды, болымсыз мәннен байлаулы емес
екендігін, сондықтан нақтылы затқа болымды, болымсыз мәнді қосу үшін олар
зат атауына тіркесіп, оған болымды, болымсыз мән үстейтіндігін айтқан [10].
Болымсыздықтың мағыналық құрамының әр алуан екендігі ғылымда
анықталған, яғни тілде болымсыз мағынаны білдіру үшін қалыптасқан амал-
тәсілдер жүйесі бар. Бірақ ол көрсеткіштер айқындалған тұлғасы, қызметі
жағынан бір-біріне ұқсамайды. Болымсыздық көрсеткіштерінің бір сөйлем
ішінде неше рет қолданылуы, сөз жоқ, сөйлемдегі болымсыз мағынаға әсерін
тигізеді. Бұны жалпы тіл білімінде, түркітануда да полинегативтілік (көп
болымсыздық), мононегативтік (бір болымсыздық) мәселесімен байланысты
қарастырады.
Ал проф. Т. Әбдіғалиева болымсыздықты жалпы болымсыздық және жеке
болымсыздық деп екіге бөледі де, жалпы болымсыздық қазіргі қазақ тіліндегі
лексика-грамматикалық болымдылық-болымсыздық категорияның түп негізі
етістіктің синтетикалық, аналитикалық (жоқ, емес) көрсеткіштерінен көрінеді
деп дәлелдеген Бұл қысқаша шолудан болымдылық-болымсыздық мәселесінің
ғалымдар еңбектерінде қамтылғанын көреміз...

ІІ Болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивті сипаты және оның берілу
жолдары

а) Эмоция, экспрессия ұғымы туралы
Болымсыздық мағынаның эмоционалды-экспрессивті сипатын түсіну үшін,
алдымен эмоция, экспрессия деген не, соның мәніне тоқталуымыз қажет.
Эмоция - толқыту (волновать) деген мағынаны білдіретін латын сөзінен
шыққан [10].
Эмоция туралы пікір ертеден-ақ қалыптаса бастаған. Ғалымдар эмоция
сөзінің табиғатына, сыр-сипатына, өзіндік ерекшелігіне тоқталған. Мысалы,
Ч.Дарвиннің Адамдар мен жануардағы эмоция көрінісі, П.В.Симоновтың
Эмоция дегеніміз не?, Я Рейковскийдің Эмоциялардың психологиясы тағы
басқа еңбектер бар.
Енді эмоция туралы беріліп жүрген анықтамалардың кейбіреулеріне
тоқталып көрелік.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде Эмоция-адамның ішкі жан
дүниесіндегі күйініш-сүйініш сезімі деген түсінік берілген, ал Үлкен
кеңес энциклопедиясында Эмоциялар-адамның қоршаған әлемге және өз-өзіне
деген қатынасын толғануы,ақиқат шындықты сәулелендіру формаларының бірі,-
деп көрсетілген [11].
Қарапайым түрде айтсақ, эмоция дегеніміз адам жанының шындық өмірге
қатысты қуануы,ұнатуы,мақтануы,ренжуі,яғни адамның көңіл-күйі деген сөз.
Адамда осындай қуанышқа қуана, қиыншылыққа қинала білу сезімі болмаса,онда
оның роботтан айырмашылығы болмаған болар еді. Демек, эмоциясыз тіпті
адамның адам болуы мүмкін емес.
А. Нұрмұқанов Сөз және шеберлік атты еңбегінде эмоционалды сөзіне
мынандай анықтама берген: Эмоционалды деп қабылдануында адам көңіліне
жағымды не жағымсыз реакция туғыза алатын сөздерді айтамыз [12]. Белгілі
ғалым Ә.Болғанбаев Эмоционалды сөздер адамның бір нәрсеге қатысын
көрсетеді. Эмоционалды сөздер білдіретін өздеріне тән ұғымның үстіне
адамның көңіл-күй, көзқарасын білдіреді.Қосымша реңктер жамайды. Бұларды
мынандай түрге жіктеуге болады:сүйіспеншілік, ұнатушылық, масаттанушылық,
есіркеушілік, еркелік, сенімділік т.б – деп көрсеткен [13].
Эмоциялық реңк интонация арқылы да беріледі, яғни интонация жазғанда
кейде қалам маңайлай алмайтын әсіресе эмоциялық және экспрессивтілік
сипаттағы реңкті беретіндігіне де ғалымдар көңіл бөлген.
Ал ағылшынның ұлы драматургы Бернард Шоу Ия деп айтудың елу, Жоқ
деудің бес жүз тәсілі бар, ал оларды жазу тәсіліміз біреу ғана - деп
көрсеткен [10]. Бұдан сөздің мән, ажарын түрлендіруде интонация қызметінің
өрісті де ерекше екенін байқауға болады.
Экспрессия-латын сөзі, орысшасы - выразительность (мәнерлілік). Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде экспрессия –сөздің сезім күйлерін
білдіретін нақышты мәнерлілігі деген сипаттама берілсе, О Ахманованың
Словарь лингвистических терминов атты сөздігінде Экспрессия сөздің
мәнерлілік, суреттілік қасиеті. Ол сөзді қарапайым лексикадан ерекшелеп,
оған бейнелілік пен эмоционалдылық реңк үстейтіндігі айтылған.
Ғалым Ф. Мусабекова Сөздердің стильдік реңктерімен қоса эмоционалдық-
экспрессивтік бояулары да әр түрлі болып келеді, ол ақын-жазушылардың
бейнелі сөз кестелерін жасау тәсілдерінің алуан түрлі қыры мен сырын
аңғартады - деп көрсетіп, стильдік реңкті эмоционалды, экспрессивті
реңктерден бөлек санаған, бірақ эмоционалды-экспрессивтік реңктердің бар
екенін таныған [14].
Ал Қазақ тілінің стилистикасы атты оқулықта экспрессивтік термині
қолданылған. 1962 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілі оқулығының лексика
бөлімін жазған Ғ. Мұсабаев эмоционалды лексиканы сөйлеушінің көзқарасын
білдіретін сөздер деп түсіндірген: Қазіргі қазақ тілінде, басқа тілдердегі
сияқты, сөйлеушінің бір затқа, немесе, құбылысқа эмоционалдық көзқарасын
білдіретін бір топ сөздер бар. Бұл категориядағы сөздерді тіл ғылымында
эмоционалдық лексика немесе эмоционалдық мәні бар сөздер дейді [13].
Сондай-ақ ғалымдар эмоционалды, экспрессивті мағынаның түрлілігін бір
ауыздан қостап, экспрессивті сөздердің мағынасы әр алуан болып келетіндігін
көрсеткен . Бүгінгі әдеби тіліміздің әзіл-оспақ, юмор түрінде де,
салтанаттылық-көтеріңкі стиль түрінде де адамның мінез-құлқына байланысты
мағынада да, сондай-ақ адамның реніш-күйінішіне байланысты көңіл күйінен
туған көңілсіздік сәтті білдіретін мағынада да қолданылатыны айтылған.
Н.А.Лукьянова Экспрессивная лексика разговорного употребления деген
еңбегінде экспрессивті сөздер туралы мынадай түсінік берген: Экспрессивной
лексической единицей будем называть слово, языковая значимость которого
обусловлена экспрессивной функцией языка. Свойство лексической единицы,
связанные с ее способностью актуализировать качественно-количественную
характеристику реального предмета, выделить особенность данного предмета на
фоне одноименных с ним предметов и выразить эмоциональную оценку,- это
свойство лексической единицы мы называем экспрессивностью [10]. Бұдан
зерттеушінің экспрессивті мағына деп заттың түрлі сапалық, сандық
(көлемдік) белгісін субъектінің бағалауын атағанын көруге болады. Ол
сонымен қатар экспрессивті сөздерді үшке бөледі:
1) названия чувств, эмоции, переживаний, чувств которые определяются
как слова с эмоциональным значением (любовь, радость, печаль, радоваться,
радостный, печальный, ненависть, ненавидеть, брезливость, весело,
веселиться и.т.п.)
2)слова, объективирующие оценку (хороший, хорошо, плохой, плохо,
добрый, злой, смелый,, бесстрашный и т. Д.)
3) слова интенсивны (усилители), обозначающие высокую (очень высокую,
наивысшую) степень признака предмета, явления, действия другого признака
(ливень, ярость, хохот, и т.п) [2].
Ал қазақ тіліндегі реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық құрамын
зерттеген З. Құрманалиева қазақ тілі сезімге (эмоцияға) қатысты реңк
мәндегі туынды сөздерге өте бай екендігін айта келіп, сезімге қатысты
эмоционалды реңк мәнді туынды сөздерді а) жағымды мағыналы эмоционалды
мәндегі туынды сөздер, ә) жағымсыз мағыналы эмоционалды мәндегі туынды
сөздер деп екіге бөлген [15].
Жағымды мағыналы эмоционалды мәндегі туынды сөздерді өз ішінен:
а) құрмет мәнді туынды сөздер;
ә) сый, ізет мәнді туынды сөздер;
б) жақсы көру мәндегі туынды сөздер;
в) еркелету мәндегі туынды сөздер деп төрт топқа бөлсе, жағымсыз
мағыналы эмоционалды мәндегі сөздерді де
а) менсінбеу мәндегі туынды сөздер;
ә) мазақтау, келемеж мәндегі туынды сөздер;
б) жинақтау мәндегі туынды сөдер;
в) кем санау, шенеу мәндегі туынды сөздер деп бөлген.
Сөйтіп, бұдан қоғамда бір-бірімен тығыз қарым қатынаста өмір сүретін
адамдар бірін-бірі жан-жақты танитындығы, тіл табысатындығын, содан оларда
түрлі сезім пайда болатындығын және оның түрліше тәсілмен берілетіндігін
байқауға болады.
Сөйлеушіге де, тыңдаушыға да бірдей түсінікті болғанда сөз қатынас
құралы болу қызметін атқара алады. Сөздің мән мағынасы, қасиеті, өзіндік
ерекшеліктері оның осы қызметіне тәуелді. Сондықтан сөздің ұғыммен,
ойлаумен, қоғам өмірімен қарым-қатынасында, өзіндік даму заңдылықтарын да
оның осы сипатынан іздеу керек. Қатынас құралы болу сөздің ең негізгі
қызметі болып табылады.
Әр ұрпақ өз дәуірінде болып жатқан қоғамдық табиғи құбылыстарды,
өзгерістерді өздерінше бағалап, кейінгі ұрпаққа беріп отырады. Өмірдің сан
алуан қырларын елеп, екшеп, ойының сапасының елегінен өткізеді. Сөздің
ойды қалыптастыру, жарыққа шығару адамның психикалық күйін, сезімін ішкі
толғанысын білдіру қызметі экспрессивті қызмет деп аталады.
Бұл айтылғандардан тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің
арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі бұл екі құбылыс бір-біріне
тәуелді емес, тек шартты түрде қатар өмір сүреді, қатар қолданылады.
Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет
ететіндігі белгілі. Ал тілдегі экспрессивтілік амалдар эмоцияны,ерікті
білдіруде де, ойды білдіруде де мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге
қызмет етеді. Демек, экспрессивтілік бар жерде бейнелілік пен
эмоционалдылық реңк үнемі бола бермейді. Олай болатын болса, жоғарыда
экспрессивтілікке берілген О.Ахманованың анықтамасы дәл деуге келмейді.
Сондықтан Галкина-Федоруктің пікіріне көңіл бөлмеске болмайды: Тілдегі
эмоция көрінісі әрқашан экспрессивті, ал тілдегі экспрессия эмоционалды
бола бермейді [11]. Ғалымның мұндай пікірге келу себебі-егер сөз әсерлі
болмаса, онда ол эмоция туғыза алмаған болар еді. Ал кейбір сөзде
экспрессив болғанымен, эмоция болмауы әбден мүмкін.

ә) Болымсыз мағынаның эмоционалды- экспрессивтілік сипаты
Жалпы тіл білімінде болымсыздық мағына эмоционалды- экспрессивті
сипатта қолданыла ма деген мәселе біршама даулы болып келді. Зерттеуші
ғалымдардың бір тобы болымсыз мағына болымды мағына сияқты экспрессивтік
сипатта қолданылады,деген пікірді айтса, ал кейбіреулері болымсыз мағынада
ондай сипат болуы мүмкін емес деген пікірді ұстайды.
Мұндай пікір талас болымсыздықтың лингвистикалық табиғатын түрліше
түсінуден, логикалық болымсыздық мән мен лингвистикалық болымсыздықтың ара
қатысының шегін дұрыс айқындамаудан туған. Сөз жоқ, тілде алдымен сөздің
таза болымсыздық мағынасы сөз етіледі,ендеше алдымен болымсыз мағынаның
берілу тәсілі туралы айтылады. Ал болымсыз мағынаның экспрессивтілігі тек
қана коммуникативтік қажеттіліктен туындайды
Болымсыздықтағы эмоционалды-экпрессивтілік мағына туралы ғалымдар
еңбектерінде азды-көпті айтылған пікірлер де бар. Мысалы, профессор
М.Балақаев баяндауыштың бірінші жақтық жіктік жалғауын-мен,-бен,-пен
түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті етуге болады,ондай
болымсыз сөйлемдер қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді,дей
келіп,мынадай мысалдармен дәлелдеген:.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысымды қашырман,
Бұлтқа жетпей шорт сынған,
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман.
(Махамбет)

Өлеңім-оқ, ол алдымда
Мен де жаудан шегінбен.
(Жамбыл)
Бұл экспрессивті білдірудің синтаксистік тәсілі,-дейді М.Балақаев.
Ал О.Толегенов өз еңбегінде болымсыздықтағы эмоционалды-экспрессивті
мағынаға тоқтала келіп,болымсыз сөйлемдер айрықша бір синтаксистік тәсілдер
арқылы да экспрессивтік мағынада жұмсалатындығын және бірнеше жолдары бар
екендігін көрсеткен:
1) Баяндауышы болымсыз тұлғалы сөйлемдерде бастауыш немесе белгілі бір
тұрлаусыз мүше болымсыздық есімдіктермен айтылады. Соған орай, сөйлем
мазмұны басым болып келеді.
2) Болымсыз сөйлемдерде қандай да болмасын екі мүше қарсылықты
салыстырмалы қатынаста бірыңғай болып жұмсалады. Ондайда алғашқы бірыңғай
мүшеге емес, болмаса, түгіл, орнына қойып, былай қойғанда, былай тұрсын
деген сөздер жалғаулық қызметінде тіркесіп тұрады.
3) Болымсыз тұлғалы баяндауыш не оның негізгі компоненті да (де, та,
те) жалғаулығының қайталанып қолданылуы арқылы ыңғайластық-салыстырмалық
қатынаста ұласып айтылады.
4) Баяндауышы болымсыз тұлғалы сөйлемдер кейде жоқ модальдік сөзінің
мүшеленбейтін сөйлем ретінде тікелей қабаттаса қолданылуы арқылы да басым
мағынада айқындалады [9].
Профессор А.Ысқақов түгіл демеулігін зат есім, сын есім, сан есім,
есімдіктер, қимыл атауларына тіркесіп, болымсыздық мағына жамайды. Сол
сияқты тұрсын, тұрмақ сөздері де түгіл демеулігімен әрі мағыналас, әрі
қызметі жағынан да пара-пар түсетін демеулік шылау деуге әбден болады [16]
- деген пікір айтқан.

б) Болымсыздық мағынаның эмоционалды- экспрессивті реңкі және оның берілу
тәсілдері

Болымсыз мағынаның экспрессивтілігінің даусыз мәселе екендігі
жоғарыдағы шолудан анық болды. Себебі тілдегі болымсыздық мағынаның
коммуникативті жағдайға байланысты түрліше реңк алатыны тілімізде жиі
кездеседі. Олай болса, тілдегі бар құбылыстың іске асу, көріну жүйесі де
болуы сөзсіз. Болымсыз мағынаның экспрессивті реңкі сол мағынаның қалыптағы
қолданысымен салыстырғанда көрінеді.
Қазақ тілі болымсыз мағынаның грамматикалық және лексикалық
көрсеткіштеріне қандай бай болса, экспрессивті реңкті білдіретін
көрсеткіштерге де сонша бай. Алайда ондай көрсеткіштер жеке-дара
қолданылмайды. Демек түрлі тәсілдердің қиюласуы, бір-біріне тигізетін әсері
болымсыздық мағына беретін негізгі грамматикалық көрсеткіштермен селбесіп
келіп, эмоционалды- экспрессивті мағына береді.
Қазақ тіліндегі болымсыздықтың экспрессивтілік реңкі мына тәсілдер
арқылы беріледі:
1) лексикалық,
2) аналитикалық,
3) интонация.
Енді осылардың әрқайсысына жеке -жеке тоқталайық.
а) Болымсыздықтың экспрессивті-эмоционалды мағынасының лексикалық тәсілмен
берілуі
.Болымсыздықтың экспрессивті-эмоционалды мағынасының лексикалық
тәсілмен де жасалатындығы жиі кездеседі. Қазақ тілінде болымсыз мағыналы
сөйлемге экспрессивті мән беру мақсатында болымсыз формасы баяндауыштың
алдына күшейткіш мән беретін лексикалық көрсеткіштер қойылады.
Оларға болымсыз есімдіктерді: түк, дәңеңе, еш, ешбір, ешкім, ештеңе,
ешқайсысы, ешқайда, ешқашан т.б. жатқызамыз. Сонымен қатар мүлде, атымен,
әсте, тіпті, тым сияқты үстеу сөдерін және түгіл, тұрсын, тұрмақ, да, де,
та, те демеуліктерін жатқызамыз.
Осы көмекшілер арқылы болымсыздықтың эмоционалды-экспрессивті
мағынасының жасалуына жеке-жеке тоқталайық.
Түк есімдігі арқылы болымсыздықтың эмоционалды-экспрессивті
мағыналарының берілуі. Мысалы: Есірік халде екі көзі түк көрмей сенделіп
жүріп жарыққа түсіп кетт. (Ә.Нұрпейісов) [17]. Сөйлем тұтасымен алғанда-
болымды. Бірақ оның белгілі бір бөлшегі болымсыздық мағына беріп тұр, яғни
оның көзінің көрмеуі. Осы сөйлемде түк есімдігі көрмей деген болымсыздық
етістігімен тіркесіп, эмоционалды мән беріп тұр. Егер түк сөзін сөйлемнен
алып тастаған болсақ,онда сөйлемнің ешқандай лексикалық мағынасы өзгермеген
болар еді. Демек, түк есімдігі бұл сөйлемде болымсыздық етістігіне тек
күшейтіп көрсету мағынасын үстеп тұр.
Тәңірберген болыс ағасының түк әрекет істемей қойғанына ыза болды.
Әсіресе, осы ағасы бір түрлі әшейінде, ауыл-үйдің әңгімесінен бойын аулақ
ұстап түк сезбейтін кісідей тұйық жүретін жуас қана жігіт.
Бұл сөйлем де негізінен тұтас алғанда болымды. Белгілі бір бөлшегі
ғана болымсыз. Бұл мысалда да Тәңірбергенге болыс ағасының ешқандай көмек
көрсетпегенін осы түк сөзі арқылы күшейтіп байқатып тұр.
Түк сөзінің эмоциялық реңк көрсетуде рөлі зор. Түк есімдігі сөйлемде
көбіне болымсыз етістігімен тіркеседі. Сонымен қатар жоқ, емес көмекші
сөздерімен тіркеседі. Мысалы: Бұның ойлап шығарған түгі жоқ. Түкті де
көргем жоқ. Түк бітіре алмасын білді де, Темірке тез ақылға келді.
Түк сөзінің өзіне тән ерекшелігі ол болымды етістіктермен тіркеспейді.
Түк сөзі өзінен кейінгі болымсыздық етістігіне кейде жалаң, яғни ешқандай
қосымшасыз тұрып жалғанады. Мысалы: Тәңірберген түк деместен суық томсарып
отыр.Тәңірберген осы әйелінің өзіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық
Қазақ тілінде шырай категориясының қалыптасуы, зерттелуі
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Ауызекі сөйлеу стилі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АНТОНИМДАР МЕН СИНОНИМ СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жағыпар Мұсаұлы Мусин тіл білімінің білікті ұстазы ретінде
Қазақ тіліндегі дисфемизмдер
Мағыналас фразеологизмдер
Пәндер